Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кəмелетке толмағандардың жеке басының ерекшеліктері

Егеменді де өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастырар жас жеткіншектер екені белгілі. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың алдағы атқаратын іс-əрекеттерінің түп-тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты.

Жаңа Қылмыстық Кодексте кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы жеке дараланып, арнаулы бөлімде көрсетілген.

Мемлекеттің əділеттік жəне ізгілік принциптерін басшылыққа ала отырып, кəмелетке толмағандардың жас жағынан жəне ақыл-ойы жөнінен толық жетілмегендігін ескере отырып, оларды арнаулы қамқорлыққа алуының көрінісі болып табылады. Осыған орай қылмыстық заң кəмелетке толмағандарға ересектермен бірдей талап қоймайды. Кəмелетке толмағандардың психологиясын ескере отырып, оған қылмыстық жауаптылықтың ерекше жағдайларын белгілеу қылмыстық жазаның мақсаттарына жетудің бірден-бір оңтайлы жолы болып табылады. Қылмыс жасаған адамның жеке басының ерекшелігін анықтау қылмысты тергеу барысында кінəлінің жауаптылық дəрежесін белгілеу үшін өте қажет.Сондықтан да кəмелетке жасы толмағандарға қылмыстық заң жаза болып табылмайтын тəрбиелік сипаттағы мəжбүрлеу шараларын кеңінен қолдануды белгілеген.

Қылмыстық кодекстің 78-бабының 1-бөлігіне сəйкес Кəмелетке толмағандар деп қылмыс жасаған кезге қарай жасы он төртке толған, бірақ он сегізге толмаған адамдар танылады. Яғни, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын ең төменгі жас 14-ке толу.

Егер кəмелетке толмаған адам Қылмыстық Кодексте көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім  немесе  орташа  ауырлықтағы  қылмысты  жасау  кезіндегі  өзінің іс-əрекетінің /əрекетсіздігінің/ іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиісті емес /15-бап, 3-бөлігі/.

Егер кəмелетке толмаған адамның /14,16 жас/ есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуы оларды қылмыстық жауаптылықтан босатпайды, бірақ бұл мəн-жайды сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мəн-жай ретінде ескереді жəне ол Қылмыстық заңда көзделген медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шараларын тағайындау үшін негіз болады /ҚК-тің 17-бабы, 1,2-бөліктері/.

Қылмыс жасаған кезде 18-ге толған адам кəмелетке толмаған деген атаққа ие бола алмайды. Бірақ та Қылмыстық кодекстің 87-бабының талабына сəйкес он сегіз бен жиырма жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдарға жасаған əрекетінің сипатын жəне жеке басын ескере отырып, сот ерекше жағдайларда оларға кəмелетке толмағандарға арналған арнайы тəрбие немесе емдеу, тəрбиелеу мекемесіне орналастыруды қоспағанда, осы бөлімнің ережелерін қолдана алады. Мұндай ретте қоғамға қауіпті істелген іс-əрекеттің мəні 18 бен 20 жас аралығындағы адамның жас мөлшеріне байланысты жəне психикалық жете дамымауынан болуы қажет.

Қай қылмыстылықтың да алдын алуға əуелі жалпы тəрбие, оның ішінде құқықтық тəрбие құрал болып есептеледі. Сондықтан да, Қазақстан Республикасы Президентнің 1995 жылғы маусымның 24 жұлдызында шыққан “Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тəрбие беру туралы” қаулысының негізгі талаптарын іске асырып, жастарға өз дəрежесінде жеткілікті құқықтық тəрбие беруді дұрыс жолға қою үлкен жұмыс. Өйткені, құқықтық тəрбие жастар мен жасөспірімдердің бойында құқықтық талаптарды құрметтеу сезімін қалыптастырып, азаматтардың санасына құқық пен міндеттің бірлігін сезіндіреді, олардың қоғамда өзін-өзі дұрыс ұстап, əсіресе кəмелетке жасы толмағандар арасындағы қылмыстық əрекеттердің алдын алуға мүмкіндік туғызады.

Қылмыстылықтың алдын алу шаралары олардың негізгі-негізгі көрсеткіштеріне байланысты əртүрлі болуы мүмкін. Алайда, басты шара – Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев – атап көрсеткендей, өтпелі кезеңдерді бастан кешіп жатқан қоғамда, мемлекеттік экономика əлі сақталып қалып тұрған тұста, жеке меншік институттар əлі қалыптасып біте қоймаған кезде, мемлекеттің қызметінің орасан зор маңызға ие болатындығы”.

Мемлекет тарапынан қолданылатын шаралардың бəрінің мəні де, күш ықпалы да қоғамдағы тəртіп бұзушылық пен қылмыстылықтың əуелі алдын алуға бағытталған.

Қылмыс жасаған адамның жеке басының ерекшелігін анықтау қылмысты тергеу барысында кінəлінің жауаптылық дəрежесін белгілеу үшін өте қажет. Алайда, сот алдында адам тағдырын нақтылы шешетін қылмыстық жаза тағайындау кезінде тұлғаның жеке бас ерекшеліктерін ескерудің маңызы одан да жоғары.

Қылмыстық заңда кəмелетке толмағандардың қылмыс жолына түсуінің негізгі себептері мен жағдайларына ерекше мəн берілген.

Бұл ең алдымен кəмелетке толмағандардың жасына қатысты жəне олардың психологиялық дамуындағы ерекшелігіне байланысты. Əдетте кəмелетке толмаған жасөспірімдер жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажырата бермейді, кейде тентектік пен құқық бұзушылықты да шатастыратыны белгілі. Көптеген жағдайларда олар ауыр қылмыс жасай отырып, өз əрекетін жəне оның салдарын қоғамдық тұрғыдан сезінбеуі мүмкін. Əрине, жас тұлғаның мұндай қасиеттері есейе келе жойылады. Бірақ та кейбір ауыр қылмыс жасау барысындағы бұл қасиеттер жасы кəмелетке толмаған адамның қоғам үшін едəуір қауіпті екенін дəлелдейді.

Жас қылмыскердің жеке басы, кез келген адамдыкі тəрізді оның басынан өткізген жағдайлармен қоса сипатталады. Мысалы, адамның əлеуметтік байланыстары, /саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасылық жəне т.б., оның психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері /жынысы, жасы, денсаулық жағдайы/, сондай-ақ оның өмірбаяны, өмірлік тəжірибесі, білімі, сіңірген еңбегі мен қоғам алдындағы кінəраттары.

Бұл психолого-физикалық, физиологиялық қасиеттердің бірқатары əрбір қылмыс құрамының міндетті элементтері ретінде заң талаптарына енген жəне осының арқасында кінəлі адамды қылмыстың субъектісі ретінде сипаттайды.

Бұл белгілерді сот қылмыстық жауаптылықты анықтау кезінде жəне соған сəйкес жаза тағайындағанда ескереді. Мысалы, сот 14 жасар жасөспірімнің қылмыстық жауаптылығының дəрежесін шешкенде оны кəмелетке жасы толмағандар жөніндегі комиссияға өткізу арқылы қылмыстық жазадан босатуы не болмаса Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 82- бабында қарастырылған тəрбиелік əсері бар мəжбүрлеу шараларының бірін қолдануы мүмкін.

Ал қылмыс жасаған 17 жасқа толған азаматқа қылмыстық жаза тағайындау мəселесі басқаша шешілуі мүмкін.

Тұлғаның жеке басының ерекшеліктерін сараптағанда сот еш уақытта екі бірдей дəл ұқсас жасөспірімнің болуы мүмкін еместігін естен шығармауы керек. Өйткені  олардың əрқайсының өзіне тəн темпераменті, мінезі, рухани əлемі мен мінез-құлқының өзіндік ерекшеліктері бар.

Кəмелетке жасы толмағандардың қылмыстық жауапкершілігін реттеп отыратын заңдардың орындалуы тіптен келгенде жасөспірімдердің жасына, физикалық жəне психологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Қазіргі кезге дейін қоғам үшін қауіпті əрекет жасаған қылмыскерлердің психологиялық ерекшеліктеріне көптеген зерттеулер жүргізілгені белгілі. Алайда, олардың барлығы физиология мен психология ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді.

Атақты физиолог И.П. Павлов адамның жүйке жүйесінің 4 типін белгілеген еді. Онда негізінен адамның нерв жүйесі анықталған. Атап айтқанда, бірінші типке негізінен күшті, байсалды, ширақ; екінші типке күшті, байсалды, сабырлы; үшінші типке күшті, бірақ сабырсыз; ал төртінші типке əлсіз нерв жүйесі жатады. Осыған сəйкес физиология ғылымы адамның нерв жүйесіне аталған əрбір типіне белгілі бір темперамент сəйкес келеді деп үйретеді. «Темперамент – адам нерв жүйесінің негізгі сипаттамасы, ол əрбір индивидтің бүкіл қызметіне нақты кескін береді», - деп жазды И.П. Павлов.

Жасөспірімнің де мінез-құлқы көбіне оның темпераментіне байланысты. Кей жасөспірімнің шапшаң, жылдам, қызғаншақ болуы, қажетті тапсырмасын не жұмыс əркез сапалы болмаса да орындауы оның темпераментіне /холерик/ қатысты. Қайсыбір жас азамат қимылы сабырлы, өзі салмақты, бірақ тез қарым-қатынасқа ебі жоқ; ол əр іс-əрекеттің, қызметің бір түрінен екіншісіне зорға ауысады. Қандай да жұмысты, тапсырманы асықпай, бірақ тиянақты орындайды. Бұл флегматиктер қатарына жатады. Қайсыбір жастар əркез байсалды, айналасындағылармен тіл табысқыш, шапшаң іс-əрекетке даяр тұрады. Олардың сезімі тез пайда болып, бірақ ұзаққа бармай, тез арад белгілі бір өзгеріске ұшырайды. Олар сангвиниктер қатарын құрайды. Сангвиниктердің ерекшеліктері – олардың іс-əрекетін, қызметтің бір түрінен екіншісіне тез ауыса білу, бейтаныс адамдармен де шапшаң араласу қабілетінде. Төртінші типке меланхоликтер кіреді. Олар сангвиниктерге қарама-қарсы қандай да болса өзгерістерді ауырсынады, жаратпайды, бөтен кісілерге, өмірдің əртүрлі жаңа жағдайларына едəуір қиындықпен көндігеді. Олардың сезімі де тез пайда  болмайды,  ал  пайда  болған сезімдері  тұрақты жəне ұзақ  мерзімге  дейін  сақталады.

Темпераменті бойынша меланхоликке жататын адамдар шешімге баяу, өкпешіл, өзгеге сенбейді, білімі мен қабілетіне де сенімсіз болады. Олар сары уайымға салынады. Мінезіне қарап қандай жасөспірімнің қандай қылмыстық əрекетке бейім екендігін дəп дəлелдеу қиын. Бұл жерде көбіне тəрбие, қоршаған ықшам орта жəне өмірдегі нақты жағдайлар маңызды роль атқарады. Сондықтан да кейбір үлкен қылмыскерлер жасөспірімдерді қылмыстық əрекетке итергенде олардың мінез- құлқының осындай ерекшелігін пайдалана біледі.

Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі қылмыстылықтың алдын алған əлдеқайда жақсы» деген пікір ертеректе айтылған болатын. Алдын алу жұмысының нəтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамының дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге осы алдын алу ісінде кəмелетке толмағандардың тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты. Олай болса, қылмыстың алдын алу барысында кəмелетке толмағандардың биологиялық жəне əлеуметтік тұрғыдан əлі де болса қалыптаса қоймағандығын, оның жас жəне психологиялық əлеуметтік жəне өнегелік ерекшеліктерін тəрбиелік деңгейі мен білімін ескеру маңызды мəнге ие болып табылады.

Жасөспірімнің өнегелік санасы бұрмаланған жағдайда оның құнды бағыттылығы, қызығушылығы, қажеттілігі, дүниеге деген көзқарасы, өнегелік позициясы, адамгершілік бейнесі мен сана-сезімі өзгеріске ұшырап, теріс сипатқа ие болады. Ал құқықтық сананың төмендеуі кəмелетке толмағандардың қылмысты көптеп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарама- қарсы қоюына, сондай-ақ ондай талаптардың мəнін түсінбеуіне əкеп соқтырады. Бұл жағдайлардың барлығы кəмелетке толмағандардың дұрыс жолдан тайып, қылмыс жасауының бірден-бір себебі болып табылады. Осыған орай, олардың қылмыстылығының алдын алу үшін ең алдымен құқықтық жəне өнегелік тəрбие беру қажет. Ал жасөспірімдердің құқық бұзушылығын болдырмау, ескерту, алдын алу үшін оларға құқық жөнінде білім беріп, тəрбиелеу – кəмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия қызметінің бір қыры ретінде танылады [1, 8 б].

Оқушылар құқықтық білімнің жалпы көлемінің, тек 5,9 пайызын ғана мектеп қабырғасынан алады. Бұл жағдай олардың бойында патриотизм, заңды бұлжытпай орындау сияқты қасиеттерді, адамгершілік, өзгенің құқығын сыйлау сезімдерін қалыптастыру мақсатында белсенді азаматтық жəне құқықтық білім берудің қажеттігін тудырып отыр [2,23 б].

Кəмелетке толмағандардың психикасы жас балалардың да, ересектердің де психикасынан өзгеше. Олар үшін испульсивтік, жоғары əсерленгіштік, қызбалыққа тез түсу, қимыл көзінің тұрақсыздығы, өз-өзіне сенімсіздік, өз əрекетінің дұрыстығына жиі күмəндану тең. Олардың бойындағы психикалық қасиеттер, мəселен, мақсаттылық пен табандылық. Тұрақсыздыққа, өз- өзіне сенімділік пен жасымаушылық сенімсіздік пен жабырқаушылыққа жиі алмасып отырады.Біздің қоғамымызда жастардың адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне байланысты оларды жақсылыққа тəрбиелеу мəселесіне баса назар аударылуы шарт. Жасыратыны жоқ, ұзақ жылдар бойы бізде жастарымызды отаншылдық, заңдарды құрметтеу, қоғамдық тəртіп ережелерін бұзушылыққа төзбеушілік рухында баулу біраз орын алды. Ал қазіргі жаңа қоғамдық қатынастарды орнатудағы өткінші кезеңде құқықтық тəртіпке немқұрайлы қарайтын, ұрлық, зорлық, бұзақылық, т.б. қылмыстық əрекеттерімен қарапайым азаматтардың демалысы мен көңіл- күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кездеседі.

Сондықтан жастар арасында құқық бұзушылық көріністердің алдын алу бағытында жүзеге асырылып жатқан қомақты жұмыстар, бір жағынан, өскелең жаңа буынды дұрыс тəрбиелеудің, екінші жағынан, жалпы қылмыстылықты жоюдың қажетті алғы шарттарының бірі болып табылады [3,71б].

Əрбір кəмелетке жасы толмаған құқық бұзушының жеке басының ерекшеліктерін, оның құқыққа қайшы келетін мінез-құлықтарын, қоғамға жат əрекеттерін жан-жақты білуде белгілі бір нəтижеге жету ісі аталмыш проблеманың дұрыс бағытта зерттелуіне, сондай-ақ бірнеше түбірлес ғылым жетістіктерін пайдалануға байланысты. Бұл ретте жасөспірімдердің қоғамға жат іс- əрекеттерінің негізгі сəтін дөп басып, оның ішкі жəне сыртқы факторларын бір жерге шоғырландырып беретін нəрсе – мотивация болып табылады.

Мотивация проблемалары өте ерекше де күрделі құбылыс. Қылмыстық құқық теориясы жəне криминология ғылымы бұл құбылыс туралы психология ілімінің негізгі қағидаларына сүйенеді.

Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды- көпті тəжірибесі, білімі, өзіне тəн өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді. Мəселен, жаңа туған нəрестені адам деп атауға толық болады, бірақ əлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тəжірибе, білім, іс-əрекет, т.б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам – тарихи-əлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол əлеуметтік ортада /белгілі қоғамда, коллективте/ ғана қалыптасады. К. Маркстің айтуынша, жеке адам – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы».

Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың /экономикалық, идеологиялық т.т./ тікелей əсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адамның психикалық қасиеттері бір сыдырғы тұрақты жəне тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерекшеліктер өзгермейді деу де қате. Демек адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дəрежеде өсу, жетілу процесінде дамиды.

Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі əрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мəселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тəн ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуын салаларында көрсетеді. Əрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. «Əрекетіміз дұрыс болу үшін, - дейді Əл-Фараби, - біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін анықтап алуға тиіспіз» [4, 153 б]. Адам іс - əрекеті-күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың, əрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-əрекет ұғымынан əрекет ұғымын ажырату қажет. Өйткені, мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал əрекеттің сипаты шағын. Əрекет іс-əрекеттің шағын бөлігі, единицасы. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, əрекетті орындау тəсілдері операция деп аталады. Адам іс-əрекеттің белгілі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.

Адам іс-əрекетінің қашан да қоғамдық əлеуметтік мəні зор. Іс-əрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нəтиже шығару – оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның əрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-əрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп сана мен іс-əрекеттің бірлігі, психиканың іс- əрекет үстінде дамитындығы жайлы мəселе психологияның басты принциптері болып табылады. Адам əрекеті сан-алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек əр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады.

Əрбір жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер аз емес. Олардың ең бастыларын психология мына түрге бөледі: қажеттілік /потребность/, түрткі /мотив/, бейімділік пен қызығу, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам. Адамды əрбір қимыл əрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив /себеп/ деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын жəне оның мінез құлқының мəн-жайын толық түсіну қиын болады.

Түрлі жағдайлардың əсер етуіне қарай адам психологиясы əртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай оның түрткілері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-əрекеттің нəтижесіне əсер етеді. Мəселен, қоғамдық мəні күшті түрткі іс- əрекет нəтижесіне ерекше əсер етеді.

Жеке адамды қандай болмасын əрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нəрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық /тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т.б./ болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек əрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын – рухани   қажеттерді

/білім, көркемөнер т.б./ туғызады. Рухани қажеттердің дамуы – материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы – тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына əр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер.

Адамды əрекетке итермелейтін негізгі мотив – оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі əдіс-амалдар қарастырады. Өйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-əрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар /яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу,шашалу, түшкіру т.б./, екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мəселен, жерге түсіп кеткен нəрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. «Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екі талай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу» - деп көрсеткен белгілі қазақ зиялысы Ж. Аймауытов [5, 58 б.].

Қылмыстың мотивация жүйесі адам əрекетінің терең тамырларына еніп, сол əрекеттің себептерін анықтауға, сонымен қатар, оған адамгершілік жəне құқықтық өлшемдермен ықпал етуге мүмкіндік береді.

Алайда аталмыш проблеманың күрделілігі мен жетік зерттелмеуінен қылмыстық мінез-құлық мотивациясы ұғымы мен оның мəні төңірегінде əртүрлі, тіпті қарама-қарсы көзқарастар көбеюде. Мəселен, кейбір авторлардың пікірінше, «мотивация» келешекте мəнсіздіктен жойылып кетеді десе, психологтардың қайсыбірі оны психология ғылымының негізгі мəселесі деп қарап, оны адамның іс-əрекетін танудың басты кілті ретінде түсінеді. [6, 56 б.] Мен де осы соңғы көзқарасты қолдаймын.

Өйткені жоғарыда аталып кеткендей мотивация адам əрекетінің пайда болуына, оның дамып белгілі бір қалыпқа келуіне, соның арқасында қойылған мақсатқа жетуіне, оның динамикасының түпкі нəтижесінің жеке адам үшін маңыздылығына қатысы бар адам қызметіндегі детерминанттарды /детерминизм – себептілік, барлық құбылыстар бір-бірімен заңды түрде байланысты дейтін ілім/ кеңінен қамтиды.

«Мотивация» сөзін тар мағынада алып қарасақ, ол адам қызметінің нақты түрлері мен мінез- құлықтың сыртқы көрінісі ретіндегі субъективтік детерминация [7, 35 б.]. Сондықтан психологиялық зерттеулерде мотивацияның негізгі екі аспектісі, атап айтқанда,  оның динамикалық жəне мазмұндық жақтары қарастырылады. Іс-əрекет мотивациясын кең мағынада алып қарасақ, ол адамның жалпы мінез-құлқын анықтайтын психологиялық сəттердің жиынтығы [8, 46 б.].

Мотивацияны «іс-əрекеттерді қозғаушы күштердің жүйесі» ретінде ұғыну да осы анықтамаға мағынасы жағынан жақындайды.

Қылмыс - қылмыстық заңның бұзылуына сəйкес жауапкершілік шараларын алдын-ала қарастыратын, əртүрлі мотивтер негізінде туындайтын жеке адамның іс-əрекеті. Мотив ұғымы бұл жерде қылмыс құрамына енетін элемент ретінде өзінің заңды мағынасын білдіріп тұр. Заң нормаларында мотив барлық жағдайда көрсетіле бермейтіні мəлім. Қылмыстың қоғам үшін аса қауіптілігі көрініс бергенде, не болмаса жасалған əрекеттің мотивтік ерекшелігі белгілі бағытпен байланысты болған жағдайда ғана заң тікелей мотивке жүгінеді.

 

Әдебиеттер

  1. Бабаев М.М.ИндивидУəлизация наказания несовершеннолетних. – М. -1968. - С.3.
  2. Сперанский К.К. Проблемы уголовно-правовой борьбы с преступлениями несовершеннолетних и против несовершеннолетних.-Автореф.дис.д.ю.н. -М. -1992.
  3. Утанов М.А. Проблемы борьбы с хулиганством. – Алматы. -1998. С.71
  4. Əл-Фараби.ФилософиялыҚ трактаттар.Алматы. -1973. -153-б.
  5. Ж.Аймауытов.Психология Қызылдорда-Ташкент. -1926. -58-бет.
  6. 6.Джекебаев У.С. , Рахимов Т.Г., Судакова Р.Н. Мотивация преступленияи и уголовная ответственность. Изд-во Наука Каз.ССР.Алма-Ата, 1987. 56 б,
  7. Насиновская Е.Е. Методы изучения мотивации личности. Изд-во МГУ, 1988. с.
  8. Якобсон П.М. Психологические проблемы мотивации поведения человека -М-1986. - 46 б

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.