Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында агроөнеркəсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздері

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Ауыл шаруашылық саласының мемлекет дамуы үшін маңызын ҚР «Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңын қабылдаудан көруге болады. Осы заң актісінде бекітілген негізгі міндеттерді жүзеге асыру үшін агроөнеркəсіптік кешенді мемлекеттік қолдау мен дамуына мемлекеттің араласу əдістеріне назар аударып, осы саланы мемлекеттік реттеуді жетілдіру қажеттігін көрсетеді.

Аграрлық құқықтық қатынастарды зерттеуді жүргізу барысында заң ғылымы құқықтық реттеуде ауыл шаруашылығының ерекшеліктеріне, аграрлық нарықты қалыптастыру мен ауыл шаруашылықтық дағдарыстан шығаруға құқық пен заңнаманың əсер етуіне аса назар аударады. Аграрлық саланың даму деңгейі қоғамның экономикалық, əлеуметтік жəне саяси тұрақтылығының көрсеткіші деп айтуға болады.

Тəуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы біраз өзгеріске ұшырады. Колхоздық-совхоздық жүйеден аграрлық сектор жеке меншікке өтті. Агроөнеркəсіптік кешен саласындағы аграрлық реформалар 1991 жылдан басталды.

Олар, жерге жеке меншік енгізу, нарықтық қайта құрылымдар, ауыл деңгейін көтеру, мемлекеттік ауылшаруашылық ұйымдарын жекешелендіру, яғни ұжымдық меншік мүліктік пай мен шартты жер үлестеріне бөлініп, əрбір жер учаскесіне құқығы бар тұлға жеке өзі меншікке шаруашылық нысанын таңдау құқығына ие болуы жəне т.б.

Жер үлестерін алған меншік иелері жеке шаруа қожалықтарын құрып немесе ерікті түрде ауылшаруашылық кооперативтеріне, ауылшаруашылық акционерлік қоғамдарға жəне əртүрлі серіктестіктерге біріге бастады.

Колхоз, совхоздардың орнына жаңа ауылшаруашылық тауар өндірушілер, яғни жаңа шаруашылық субъектілері ауылшаруашылық қызметімен айналыса бастады. Ауылшаруашылық өндірістің мəселелерін өзі шешетін жерге меншік иесі пайда болды. Ауылшаруашылық тауар өндірушілер мен өңдеуші кəсіпорындардың арасындағы қарым-қатынастар жетілдірілу үстінде.

Демек, аграрлық реформаның ауылшаруашылық ұйымдарды қайта құру  жəне жекешелендіруге байланысты сияқты негізгі идеяларын жүзеге асырудан бөлек, мыналарды жатқызуға болады: ауылшаруашылық өндіріс субъектілерінің құқықтық жағдайының қалыптасуы; ауылшаруашылық тауар өндірушілердің қаржылық қатынастарға қатысуының, соның ішінде салық салу жəне ауылшаруашылық өндіріске қатысушы субъектілерді қаржылық қолдау шараларын анықтау; ауылшаруашылық қызметтің жекелеген түрлерін мемлекеттік реттеу; ауылшаруашылық өндірісте жер учаскелерін пайдалану ерекшеліктерін анықтау (яғни ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелеріне ерекше құқықтық жағдайы); аграрлық секторда нарықтық қатынастарды қалыптастыру жəне аграрлық нарыққа қатысушылардың шарттық қатынастарын дамыту, яғни ауылшаруашылық өнімін сатып алу-сату шарты, ауылшаруашылық өнімін тасымалдау шарты, ауылшаруашылық тауар өндірушілерге қызмет көрсету, ауылшаруашылық өндірісін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қолдау; ауылшаруашылық өндірістің қауіпсіздігі мен сапасына бақылау жасау; аграрлық саладағы ғылыми зерттеулерді, ауылшаруашылық білім беруді қолдау; ауылдық аумақтарды дамыту.

Аграрлық секторда көбіне аграрлық өндірістің қатысушыларының жеткілікті деңгейде азаматтық, жер жəне осы салаға қатысты өзге де заң актілерінің нормаларын жеткілікті деңгейде меңгермеуі нəтижесінде заңды тұлғалардың мəртебесі туралы құқықтық талаптарды сақтамау немесе білмеу, шарт тəртібі, жəне жалпы құқықтық сауатсыздық орын алады.

Қалыптасқан жағдайда агроөнеркəсіптік кешенді құқықтық реттеу келесі бағыттағы міндеттерді шешу керек:

  • Біріншіден, осы саланы мемлекеттік реттеуді жетілдіру, соның ішінде мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздері мен əдістерін талдап, кемшіліктерінің орнын толтыру;
  • Екіншіден, ауылшаруашылық тауар өндірушілердің құқықтық қорғалуын күшейту, яғни ауылшаруашылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды жетілдіру; аграрлық құқықтық қатынастардың ерекшеліктерін анықтау үшін ауылшаруашылық тауар өндірушілердің құқықтық қатынастарға қатысуына тұрақты түрде талдау жүргізу;
  • Үшіншіден, құқықтық тəртіп пен құқықтық сауаттылық деңгейін көтеру.

Демек, аграрлық қатынастарды құқықтық реттеу маңызды əлеуметтік жəне экономикалық мəселелерді шешуге бағытталуы үшін осы саладағы мемлекеттік реттеу бағыттары мен əдістерін анықтау қажет. Нарықтық қатынастар жағдайында аграрлық қатынастардың дамуына байланысты əр кезеңдердегі реттеу əдістері осы саладағы мемлекеттік саясат негіздерін бекітетін нормативтік құқықтық актілердің мазмұнында көрініс табады.

Агроөнеркəсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттік саясатты жүргізу аграрлық заңнаманың тұтастай жүйесін қалыптастыру жəне осы саладағы қолданыстағы заңдардың ақтаңдақтарын жоюды қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды талап етеді. Агроөнеркəсіптік кешенді дамытуға арналған негізгі заң актісі ҚР «Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заңы болып табылады.

Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының заңының 3-бабында агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеудiң мынадай мақсаттары бекітілген:

  • ауылдық аумақтардың əлеуметтiк жəне инженерлiк инфрақұрылымын дамыту жəне ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз ету;
  • мемлекеттiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
  • агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық аумақтарды тұрақты экономикалық жəне əлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету;
  • бəсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн жəне оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау болып табылады [1].

Ал 9-бабы агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеуге арналған.

«Агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу азық- түлік қауiпсіздiгін, агроөнеркəсіптік кешен өнiмi нарықтарының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, кəсіпкерлiктің тиiмдi жүйесiн құруға, отандық өнiмнiң бəсекелестiк артықшылығын қолдауға, сондай-ақ, өсiмдiк шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi жəне тамақ өнеркəсiбін дамыту үшiн жағдай жасау арқылы ауыл халқының тұрмыс деңгейiн көтеруге, ветеринариялық-санитариялық жəне фитосанитариялық қауіпсiздiктi, техникалық жарақтандыру мен басқа да iлеспе қызмет салаларын қамтамасыз етуге, ауылдық аумақтардың əлеуметтiк жəне инженерлiк инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу:

  • агроөнеркəсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту;
  • агроөнеркəсiптiк кешендi субсидиялау;
  • сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүргiзу;
  • мамандандырылған ұйымдар құру;
  • агроөнеркəсiптік кешен тауарларының экспорты мен импортын реттеу;
  • агроөнеркəсіптiк кешендi техникалық жарақтандыру;
  • агроөнеркəсіптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету;
  • агроөнеркəсіптiк кешенді ғылыми, нормативтік-əдістемелік қамтамасыз ету жəне ол үшін кадрлар даярлау;
  • ауылдық аумақтардың əлеуметтiк жəне инженерлiк инфрақұрылымының дамуын инвестициялауды жүзеге асыру;
  • ауылды оңтайлы қоныстандыруды ұйымдастыру;
  • ветеринариялық-санитариялық жəне фитосанитариялық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету;
  • салықтық, бюджеттiк, кедендiк-тарифтiк, техникалық реттеу шаралары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сəйкес өзге де шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық аумақтарды мемлекеттiк реттеудiң осы баптың 2-тармағында белгiленген iс-шаралары:

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiне;
  • Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар (əкімдiктер) бекiтетiн мемлекеттік, салалық (секторлық), өңiрлік бағдарламаларға жəне оларды iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарларына сəйкес көзделген бағыттар бойынша қаржыландырылады.

Осы ic-шараларды қаржыландырудың жыл сайынғы көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен жəне мəслихаттардың жергiлiктi бюджет туралы шешiмдерiмен белгiленедi».

Бірақ, біздің ойымызша, аграрлық қатынастарды мемлекеттік реттеудің барлық мақсаттары қолданыстағы заңнамада көрініс таппаған.

Мысалы, агроөнеркəсіптік өндірісті экологизациялау, яғни экологиялық таза өнімді өндіру мақсатында ауылшаруашылық өндірісте экологиялық-құқықтық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету сияқты мақсатты міндетті түрде бекіту қажет.

Əрқашанда халықтың тамақтануының негізгі қайнар көзі ауылшаруашылық өнімдері болып табылады, сондықтан олар қауіпсіз болулары керек.

Ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын жақсарту ұлттық мəселе. Қазіргі жағдайда бұл мəселе шиеленісте, өйткені экологиялық таза өндіріс пен ауылшаруашылық өнімін өндіру заң жүзінде жеткілікті деңгейде реттелмеген.

Сонымен қатар, мемлекеттік реттеуде бəсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімін өндіру үшін экономикалық жағдайды қамтамасыз ету де жеке орын алады. Өйткені, ауылшаруашылық өнімнің отандық жəне халықаралық нарықта бəсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыру қажет. Қоғамдық қатынастардың дамуы жəне əр кезеңде қойылатын мақсаттарға байланысты мемлекет пен қоғамның алдына қойылған міндеттер де ауысады. Бірақ, стратегиялық міндеттер тұрақты, оларға:

  • Агроөнеркəсіптік өндірісті дамыту;
  • Елдің азық-түлік қауіпсзідігін қамтамасыз ету;
  • Ауылшаруашылық өнім, шикізат жəне өндіріс нарықтарын реттеу;
  • Халықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін жақсарту;
  • Ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа салаларымен экономикалық тепе-теңдікті сақтау;
  • Ауыл шаруашылығы мен өзге де салалардың жұмысшыларының кірістерінің деңгейлерін жақындастыру;
  • Отандық тауар өндірушілерді қорғау [2, с. 255-256.].

«Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңында мемлекеттік реттеудің міндеттері көрсетілмегенімен, «агроөнеркəсiптiк кешендi жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу: агроөнеркəсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит берудi дамыту; агроөнеркəсiптiк кешендi субсидиялау; сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүргiзу; мамандандырылған ұйымдар құру; агроөнеркəсiптік кешен тауарларының экспорты мен импортын реттеу; агроөнеркəсіптiк кешендi техникалық жарақтандыру; агроөнеркəсіптiк кешендi ақпараттық-маркетингтiк қамтамасыз ету; агроөнеркəсіптiк кешенді ғылыми, нормативтік-əдістемелік қамтамасыз ету жəне ол үшін кадрлар даярлау; ауылдық аумақтардың əлеуметтiк жəне инженерлiк инфрақұрылымының дамуын инвестициялауды жүзеге асыру; ауылды оңтайлы қоныстандыруды ұйымдастыру; ветеринариялық-санитариялық жəне фитосанитариялық қауіпсiздiктi қамтамасыз ету; салықтық, бюджеттiк, кедендiк-тарифтiк, техникалық реттеу шаралары мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сəйкес өзге де шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады», - делінген.

Демек, агроөнеркəсіптік кешендегі жүргізіліп жатқан қайта құрулар барысында, осы саладағы жаңа шаруашылық нысандарының құқықтық негіздерін жетілдіру, мемлекетті реттеу əдістерін жетілдіру, сонымен қатар осы саладағы мемлекетпен берілетін мүмкіндіктерді тиімді қолдану қажет.

 

Әдебиеттер

  1. ҚР Заңы Агроөнеркəсіптік кешенді жəне ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы 08.07.2005 ж. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 12, 52-құжат;
  2. Попов Н.А. Экономика сельского хозяйства. – М.: ЭКМОС, 1999. - 352 с.

***

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.