Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан республикасының жер ресурсы – құқықтық қорғаудың объектісі ретінде

Адам қоғамының барлық өмірінде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды роль атқарған. Жер адам баласының барлық мұқтаждықтары үшін керек бірден-бір арсенал. Жер – табиғаттың берген сыйы ретінде, адам қоғамының пайда болуына дейін болған. Жер өзінің еңбектің жалпы заты қызметін атқару үшін міндетті түрде оны біреу иемденуі жəне өндірістік процесін жүзеге асыруы қажет. Жер ең негізгі табиғат байлығы – ол барлық тіршілік көзі жəне өмір сүру ортасы. Оны адамдар өздеріне керек қоректі заттардың 88%-ын егістік жерлерден, 10% ормандар мен жайылымдардан, 2% теңіз бен мұхит суларынан алады. Дүниежүзіндегі жер ресурсының жалпы көлемі 149 млн. км. шаршы кв. немесе құрлықтың 86,5% қамтиды. Соның ішінде Қазақстан жер қорының үлесі 272,5 млн. га құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз əлемде жер көлемі бойынша 9 орынды иеленеді. Мемлекеттік шекараның ұзындығы - 13392,6 км-ді құрайды, соның ішінде Ресеймен - 7591,0 км, Өзбекістанмен - 2351,4 км, Қырғызстанмен - 1241,6 км, Қытай Халық Республикасымен - 1782,8 км, Түркменістанмен - 425,8 км-ді қамтиды.

Республиканың əкімшілік аумақтық құрылымына 14 облыс, 2 республикалық маңызы бар қалалар, 160 əкімшілік аудандар, 86 қала, 174 поселкі, 7660 ауылдық жерлер кіреді. Қазіргі жаһандану кезінде, адамзат табиғатқа араласу белсенділігін арттырған жағдайда, табиғи объектілерді қорғау ерекше маңызға ие, ұзақ уақыт бойы қалпына келетін жер ресурстарын ұтымды пайдалану саласында жалпы глобалдық жəне ішкі мемлекеттік өзара келісілген шараларды  қалыптастыру  қажет.  Көптеген  зерттеушілер  осыған  байланысты  жердің ерекше маңыздылығын атап өткен. Б.Ж. Əбдірайымов, жер дегеніміз – мемлекет пен халықтың өмір сүру қызметінің негізі болып табылатын табиғаттың басты объектісі. Жерге меншік нысаны, иелену мен пайдалануға кімге берілгендігі жəне жердің сандық, сапалық жағдайына біздің болашағымыз тəуелді деп жазған болатын [1].

А.Х. Хаджиевтың пікірі бойынша, жердің табиғи қасиеті өзге қоршаған табиғи орта объектілерімен өзара байланыс жүйесінде басым орнын белгілейді. Орман, су, жануарлар дүниесі табиғат объектілері ретінде жермен байланыссыз өмір сүре алмайды. Тек қана жермен тығыз байланыста бола отырып, олар өздерінің өсіп өну мүмкіндіктері мен ерекше қасиеттерін сақтайды жəне барлық табиғи кешендермен бірге экологиялық қызметін жүзеге асырады [2].

Жер – барлық адамзат баласының өмір сүруінің негізі болып табылатын негізгі табиғи объект. 2003 жылы 20 маусымда қабылданған Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 12-бабы 7- тармағына сəйкес, жер – Қазақстан Республикасының егемендігі белгіленетін шектегі аумақтық кеңістік, табиғи ресурс, жалпыға ортақ өндіріс құралы жəне кез келген еңбек процесінің аумақтық негізі [3]. Жер ерекше белгілерге ие. Н.А. Сыроедовтың пікірі бойынша, жердің қайта қалыптасушылық, орны толмастық жəне шектеушілік сияқты белгілермен сипатталады [4].

А.Х. Хаджиев, жердің айрықша белгілері ретінде келесі белгілерді айтады:

  • жердің құнарлы қабатының болуы;
  • жердің өндірістік қабілеті мен тұтынушылық бағалығын қалпына келтіру жəне сақтап қалу мүмкіндігі;
  • кеңістіктік шектеулік;
  • орнынан қозғалта алмайтындық, орналасқан жерінің тұрақтылығы.

Осы белгілер жердің функционалдық сипаты мен əлеуметтік құндылығын анықтайды.

Материалдық өмірдің өзге объектілерінен жер өзінің табиғи түрде пайда болуымен ерекшеленеді. Өйткені жер адам еңбегінің жемісі болып табылмайды. Жер бұл-экологиялық функцияны жүзеге асыратын қоршаған ортаның ең басты компонентінің бірі болып есептеледі. Сондықтан адам өмірі жəне мекен етуі үшін жердің маңызы зор. Сонымен, жердің келесі белгілерін бөліп көрсетуге болады.

Біріншіден, жер құнарлыққа ие. Құнарлық табиғи жəне жасанды (экономикалық) болуы мүмкін. Табиғи құнарлық – ұзақ мерзім ішінде құнарлану процесінің нəтижесі. Бұл топырақта құнарлы заттардың болуымен жəне өсімдіктер əлемі үшін қол жетімдікпен анықталады.

Табиғи құнарлық мелиорация жəне агротехника арқылы адамның топырақтың химиялық, биологиялық жəне физикалық қасиетіне əсер етуі арқылы жасандыға ауысады.

Екіншіден, жер – табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған.

Үшіншіден, жер айырбасталмайды. Өндіріс құралдарынан айырмашылығы оның еш нəрсемен айырбасталмайтындығы.

Төртіншіден, жерді пайдалану жердің тұрақтылығымен ерекшеленеді. Жерді өзге өндіріс құралдары сияқты басқа бір жерге ауыстырып, қолдануға болмайды.

Бесіншіден, жер беті шектеулі. Жерді өзге өндіріс құралы сияқты сандық жағынан ұлғайтуға болмайды.

Аталған белгілер мен себептерге байланысты жер сату-сатып алу объектісі болғанымен жəне мүлік ретінде танылғанымен, өндірістік қызмет нəтижесінде пайда болатын мүлікпен, өніммен немесе өзге затпен теңеспейді. Сол себептен, жерді азаматтық айналымның еркін объектісі ретінде тануға болмайды жəне табиғи ресурс ретінде сақталуын, ұтымды жəне мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуіміз қажет.

Қазақстан Республикасының жер қоры 2003 жылы 20 маусымда қабылданған Жер кодексінің 1-бабына сай, нысаналы мақсатына сəйкес:

  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
  • елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
  • өнеркəсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері жəне өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық жəне тарихи-мəдени мақсаттағ жерлер;
  • орман қорының жерлері;
  • су қорының жерлері;
  • босалқы жер санаттарына бөлінеді.

ҚР Жер қорын осындай санаттарға бөлу өзінің заңдық мақсаты мен мағынасы бар.

Жердің жеке меншік институтының енгізілуі оны қорғау мəселесіне де ерекше көңіл бөлуді талап  етеді.  Өйткені  жерді  өз  меншігіне  немесе  уақытша  пайдалануға  алған  тұлға  оны заң талаптарына сай пайдалануы тиіс. Ал кей-кезде бұл талаптар орындалмай, оның салдары жердің қасиетінің бұзылып, ластануына жəне оны одан əрі мақсатты пайдаланылуына мүмкіндік бермей отыр. Бүгінде Қазақстан Республикасының жер учаскелері əртүрлі ластанудан зардап  шегіп жатыр. 2007 жылы қабылданған ҚР Экологиялық кодексінде «қоршаған ортаның авариялық ластануы», «химиялық ластану», «радиоактивті ластану» сияқты терминдер кездеседі. 2004-2015 жылға арналған ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясында химиялық, радиоактивті жəне бактериологиялық ластану терминдері қолданылған. Бұдан қорытындылай келе, қоршаған ортаны ластау – адамның шаруашылық жəне өзге де қызметін жүргізу арқылы қоршаған орта нормативтерін сақтамау барысында адамның денсаулығы мен өміріне, табиғи ресурстарға зиян келтіру салдарынан қоршаған ортаның физикалық, биологиялық, химиялық қасиетінің өзгеруі. Əсер ету типіне байланысты жердің ластануы: 1) физикалық ластану; 2) химиялық ластану; 3) биологиялық ластану деп бөлінеді. Физикалық ластану қоршаған ортаның физикалық параметрлерінің өзгеруімен байланысты: температура-энергетикалық (жылулық ластану), толқындық (күннің, желдің, судың, электромагниттің əсері), радиациялық (радиациялық ластану). Қазіргі таңда жер қойнауының өзгеріске ұшырауының бірі болып шөлейттену  танылады. Қазақстан территориясының 60 процентке жуық аумағына шөлейттену қаупі төнуде. 215,9 млн. га ауылшаруашылық алқаптардың 42,3 млн. га (20%) тасты жерлер, 58,9 млн. га (27,3%) құрамында тұзы бар жерлер, 4,99 млн. га. (2,3%) шайылған жерлер, 25,6 млн. га (11,9%) дефлирленген жерлер қатарына жатады. 182,6 млн. га жайылымдық жерлердің 24,1 млн. га көлемі шөлейттену процессіне ұшыраған. Дефлирленген жерлердің ең көп бөлігі: Алматы облысы (4988,7 мың га.), Атырау облысы (3185,8 мың га.), Оңтүстік Қазақстан облысы (3112,9 мың га.), Қызылорда облысы (2914,1 мың га.) жəне Жамбыл облысын (2849 мың га.) қамтиды. Су жəне жел эрозиясынан Оңтүстік Қазақстан (178,6 мың га.) жəне Маңғыстау облыстарының (8,3 мың га.) жерлері зардап шегеді. Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін бұл қоршаған орта мен жердің радиациялық ластануға ұшырауы болып есептеледі. Радиациялық ластанудың мынадай 4 қайнар көзі бар:

  • уранбайыту мен қайтаөндіруді жүзеге асыратын істен шыққан кəсіпорындардың қалдықтары;
  • атом қаруын сынау салдарынан ластанған аумақтар;
  • мұнай құрылысы мен мұнайөндіру өндірісінің қалдықтары;
  • атом рекакторымен байланысты жұмыстарды жүргізу салдарынан пайда болған қалдықтар.

Қазақстан уран өндіруге жəне оны тасымалдауға басты көңіл бөледі. Казатомпромның мəліметіне сүйенсек, əр жыл сайын 2.5 мың тонна (дүниежүзілік уран өндірудің 5%-ын қамтиды) уран өндірілсе, бұл көрсеткіш 2009 жылы 10%-ға артты. Қазақстан Республикасында əлі күнге дейін экологиялық талаптарға сай жауап беретін радиоактивті көму орындарының жəне радиоактивті қалдықтарды жоятын техниканың болмауы салдарынан қоршаған ортаға, соның ішінде жерге өте үлкен мөлшерде зиян келуде [5].

Ал Семей полигонында атом қаруларын сынау əсерінен радиоактивті зиянды заттар 304 мың шаршы км аумаққа жайылды.

Жердің химиялық ластануы химиялық заттардың жерге жайылуымен (сіңуімен) сипатталады. Б.Ж. Абдраимов жəне Е.Ж. Жарылқасын көрсеткендей, жердің химиялық ластануы – улы заттың ену салдарынан жердің бастапқы қасиетін жоғалту процессі.

Қазақстанда бүгінгі күндері экономиканың дамуының негізі минералды-шикізат комплексін қамтитын тау-кен байыту, энергетикалық, металлургиялық, химиялық өндіріс болып табылады. Мұның өзі қоршаған ортаның басты ластауыш көзі болып есептеледі.

Тау-кен байыту жəне металлургия өндірісінің салдарынан Шығыс Қазақстан облысының 976 га. жер бетінде 1,3 млрд. тоннадан астам зиянды қалдықтар орналасқан. Əр жыл сайын 30 млн. тонна қалдықтар қосылып жатады. Облыстың жерлері мыс, мырыш, кадмий, қорғасын, мышьяк сынды химиялық элементтермен əрекетке түсіп өз бастапқы қасиетін жоғалтады [6]. Ал Балқаш аумағының ластануы Балқаш тау-металлургия комбинатының жерді улы жəне ауыр металды заттармен ластауының себебінен болуда. Бұған қоса, бұның салдарынан жердің тұздалуы мен шөлейттену процесі болып жатыр.

Кейбір жер санаттарының көлемдерінің азаюы жер заңнамасының талаптарын сақталмауының бір айғағы деп санауға болады.

2007 жылы Жер ресурстарын басқару Агенттігінің шаруашылық жүргізуші субъектілердің жер заңнамасын сақтауға байланысты 8200 тексеру іс-шаралары жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 3500 заң бұзушылық анықталды. 879 азаматқа 9,2 млн. теңге көлемінде, 751 заңды тұлғаға  - 42 млн. теңге  көлемінде, 1403 лауазымды  тұлғалар  мен кəсіпкерлерге  - 25 млн.  теңге көлемінде əкімшілік жауапкершілікке тартылып айыппұл салынды. Статистика  көрсеткендей сотқа берілген 762 істің 46%-ы жерге қатысты мемлекеттік мешік құқығын бұзуға байланысты, 20%-ы жерді ұтымды жəне ауылшаруашылық жерлерін пайдаланбау,17%-ы жерді мақсатты пайдаланбауға қатысты қаралды.

Ал 2008 жылғы мəліметке сəйкес, жерге қатысты нормативтік актілерді сақтамау салдарынан республика көлемінде 600-ге жуық заң бұзушылық анықталды. Жерді ұтымды жəне мақсатты пайдаланбағаны үшін 562 заң бұзушыға айыппұл салынды.

Жер қорларын басқаруға байланысты Шығыс Қазақстан облыстық аймақтық басқармасының тарапынан ауылшаруашылығы бағытындағы жерлерді ұтымды пайдалануға ерекше көңіл бөлінеді. Жерді ұтымды пайдалануға байланысты 2008 жылы 253 тексеріс жүргізілді. Соның нəтижесінде 1596,2 гектар жерде 216 заң бұзушылық анықталды, əкімшілік істерді қарау барысында 53 субъект ескерту алды, 38 субъектке 73,294 теңге айыппұл салынды. 2009 жылы жерді қорғау мен пайдалану іске асыру мақсатында 1201 тексеру жүргізілді. Соның нəтижесінде 101027,0 гектар жерде 976 заң бұзушылық анықталды. Əкімшілік істерді қарастыру  барысында 295 субъект ескерту алды, 237 субъектке жалпы сомасы 3323,271 мың теңге айыппұл салынды [7].

 Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы үшін мұндай проблемелардың болуы үлкен жəне қажырлы іс-əрекеттерді талап етеді. Ең алдымен, бұл мəселер заңдық тұрғыда реттелуі тиіс. Қоршаған ортаны, табиғи ресурстарды, соның ішінде жерді ластанудан, бүлінуден, шөлейттенуден, өзге де зиянды салдардан қорғау мақсатында 1993 жылы Орман, Су кодекстері, 1995 жылы ҚР Президентінің «Жер туралы» Жарлығы, 1996 жылы «Жер қойнау жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Жарлық, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Экологиялық сараптама туралы» жəне т.б. нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

Уақыт өте келе бұл актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, кейбіреулері күшін жойып   олардың   орнына   заман   талабына   сай   жауап   беретін   2003   жылы  «Жер  кодексі», «Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы», «Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу жəне оның деректерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Үкімет қаулылары, 2007 жылы «Экологиялық кодексі» т.б. қабылданды.

 

 

Әдебиеттер

  1. Абдраимов Б.Ж. Актуальные вопросы правоприменения при разрешении земельных споров. Алматы: Борки, 1998.-С. 17.
  2. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан (Общая часть). - Алматы: «Данекер». —298 с.
  3. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. 2003 жылғы 20 маусымда қабылданған, №442-II – Алматы, 2007. -100б. 123с.
  4. Аксененок Г.А., Иконицкая И.А., Краснов Н.И. Общая теория советского земельного права. М.: «Наука», 1983.-
  5.  Джабаилдаева Г.Т. Правовые аспекты охраны почв в Республике Казахстан. //Материалы международной практической конференции. -Алматы, 2009.-С. 337-343.
  6. Кожахметова А.А. Правовые проблемы борьбы с опустыниванием земель в Республики Казахстан. Материалы международной практической конференции-Алматы, 2009.-С 344-347.
  7. Самархан К. Нарушители земельного законодательства. http://www.nomad.su

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.