Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Арал аумағының экологиялық жағдайын жақсартуды халықаралық құқықтық реттеу мəселелері

Бірнеше жылдар бұрын Арал теңізі əлемдегі көлемі жағынан төртінші орындағы жəне өзінің мол табиғи байлықтарымен көпке танымал теңіз болатын, ал Арал бойының аймағы гүлденген жəне биологиялық бай табиғи орта деп есептелетін. Ал бүгінде Арал апатының салдары аймақтың шегінен асып кетті. Теңіз акваториясының құрғауы себебінен жыл сайын 100 мың тоннадан артық тұз бен əртүрлі химикаттар мен улар араласқан шаң көтеріліп барлық тірі организмге зиянын тигізуде.

Аталған аймақтағы экологиялық жағдайдың нашарлауының басты мəселесі Арал теңізінің жоғары бөлігінде орналасқан елдердің (Өзбекстан, Қазақстан, Түркіменстан) ирригациялық жəне төмендегі елдердің (Тəжікстан, Қырғызстан) энергетикалық су пайдалану режимдерінің арасындағы қарама-қайшылық болып табылады.

Халықаралық құқықтың негізгі құжаттары, соның ішінде трансшекаралық суларды пайдаланудың қағидаларын анықтайтын халықаралық өзендер мен трансшекаралық суларды пайдалануды қорғау туралы конвенция (1992 ж.) бойынша судың бойында орналасқан мемлекеттердің барлығы «суды өз территориясындағы шегіне сəйкес жəне адал жəне ақылға сиымды түрде қолдануы тиістігі» көрсетілген. Осы құжаттармен, сонымен қатар, халықаралық сулардың бойындағы мемлекеттердің суды өз территорияларында пайдалану барысында «басқа мемлекеттерге зиян келтірудің барынша алдын алу» жəне зиян келтірілген жағдайда «осы зиянды жою немесе азайту, қажет болған жағдайда өтемақы төлеттіру мəселесін талқылау» туралы шаралар қолдану міндеттемелері қамтылған.

Трансшекаралық сулардың су ресурстарын пайдалану туралы халықаралық құқық нормалары аймақтың барлық мемлекеттері үшін халықаралық суды тиімді пайдалану мен тиісінше қорғау мақсаттарына жету үшін ынтымақтастық саласындағы жалпы міндеттерін де  қарастырады. Мұндай ынтымақтастықтың маңызды бастамасы 1993 жылы наурыз айындағы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тəжікстан жəне Түркіменстан мемлекеттерінің Елбасыларының кездесуі болып табылады. Осы кездесуде Қызылорда қаласында «Арал теңізі мен Арал аймағының мəселелерін бірлесіп шешу, Арал аймағын экологиялық сауықтыру мен əлеуметтік-экономикалық дамыту туралы Келісімге» қол қойылды. Бұл проблемаларды барынша түсіну кеңестік кезеңнен кейін бес Орта Азия мемлекеттерінің Халықаралық Координациялық су шаруашылығы Комиссиясын (1992 ж), ал одан кейін (1993 ж.) құрылтайшылары аталған бес мемлекет болып табылатын Аралды құтқарудың Халықаралық Қоры құрылды. Қордың басты мақсаты аймақты экологиялық сауықтыруға жəне аймақты əлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру болып табылады [1].

Орта Азияда су қатынастары бойынша ынтымақтастықты құқықтық реттеу жүйесінің негізі олардың ішінде 1992 ж. Халықаралық су ресурстарының көздерін бірлесіп басқару, қорғау жəне пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы бесжақты Келісім ең басты орынды иеленетін аймақтық жəне субаймақтық (қатысушылардың саны шектелген) келісімдер болып табылады. Аймақтық деңгейде реттеу құралдарының қатарына 1993 жылғы Арал теңізі мен Арал аймағының мəселесін шешу, Арал аймағын экологиялық сауықтыру мен əлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде бірлесіп əрекет ету туралы 1993 жылғы Келісім мен 1998 жылғы Сырдария өзені бассейнінің су-энергетикалық ресурстарын пайдалану туралы үкіметаралық Келісім (төрт мемлекеттің қатысуымен – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан жəне Тəжікстан) кіреді [2].

Су ресурстарын пайдалану мен қорғаумен байланысты халықаралық-құқықтық реттеуде 2006 жылғы Орта Азияның орнықты дамуы үшін қоршаған ортаны қорғау туралы Конвенция маңызды рөл атқарады. Бұл құжаттың көптеген қағидалары мен ережелері су ресурстарына қатысты болып келеді. Қазіргі кезде бұл Конвенция үш мемлекетпен - Қырғызстан, Тəжікстан жəне Түркіменстанмен қол қойылған жəне əлі күшіне енбеген. Бүгінде Орта Азия аймағында жоғары деңгейде жетілдірілмеген болса да, орнықты трансшекаралық су ресурстарын басқару мен пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық қоры құрылған жəне қолданылып келеді.

Осы жылдар ішінде АҚХҚ жəне оның ұйымдары мемлекеттер арасындағы екі немесе көпжақты құжаттардың қабылдануының аралық көпірі болды. АҚХҚ осы күрделі де өзекті экологиялық мəселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Су ресурстарын жүйелі басқару мəселесінде европалық тəжірибелерді барынша жоғары дəрежеде қолдану қажет. Жекелей айтқанда, су ресурстарын басқарудың интеграциялық қағидасын енгізу, бұл өз кезегінде су, жер, энергетика жəне басқа да ресурстарды басқаруды қамтамасыз етер еді. 2008 жылы желтоқсанда АҚХҚ БҰҰ-да бақылаушы статусын алды [3].

БҰҰ-ның   Бас   Ассамблеясының  шешімімен  2005-2015ж.ж. «Өмірге арналған су» қозғалысының Халықаралық онжылдығы болып жарияланды. Арал мəселесін барынша терең түсіну 2005 жылы БҰҰ-ның Орта Азиядағы адамзат дамуы туралы Баяндамасында қолдау тапты, мұнда Арал теңізінің тартылуы тек аймақтық қана емес, жаһандық маңызға ие екендігі атап өтілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі АҚХҚ қызметін қолдау жəне нығайту үшін көптеген шаралар жасауды, бұл өз кезегінде аталған қорды Орта Азия мемлекеттерінің расында диалог орнататын жəне Арал теңізінің суын тиімді пайдалануға жəне осы аймақтың экологиялық мəселесін шешудің басты кілтіне айналдырып отыр [4]. Қазақстан – бұрынғы КСРО жəне Орта Азия мемлекеттерінің ішінде ЕҚЫҰ секілді беделді халықаралық ұйымның төрағасы қызметін атқарған жалғыз мемлекет. Төрағалық еткен жылдары да мемлекетіміз Орта Азия мемлекеттерінің мəселелерін, əсіресе, Арал аймағының  экологиялық  мəселесін  көтеруді басты  күн тəртібіне  қоя білді.

Арал теңізін құтқару мүмкін емес деген пікірлерді жоққа шығаратын іс-шаралар жасау əлі де қажет екенін атап өтуіміз керек. Бүгінде Орта Азия мемлекеттері Аралды апаттан құтқару үшін арнайы Бағдарлама жасап, онда мынадай бағыттарды дамыту қажет деп отыр:

  1. Су ресурстарын барлық мемлекеттердің мүдделерін ескере отырып кешенді пайдалану бағыты;
  2. Экологиялық бағыт;
  3. Əлеуметтік-экономикалық бағыт;
  4. Құқықтық механизмді дамыту бағыты [5].

Жүргізіліп отырған іс-шаралардың барлығы өз жемісін беретініне сеніміміз мол. Алайда апатты аймаққа айналып отырған Арал мəселесін шешу жолдары біздің ойымызша мұнымен шектеліп қалмауы тиіс. Құқықтық құжаттарда (мысалы, «2004-2015 ж.ж. арналған ҚР экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы») экологиялық мəселелер жаһандық, ұлттық жəне жергілікті деп жіктелген. Адамзатқа тигізер залалының қауіптілігі жағынан орасан зор зардапқа əкеп соқтыратын жəне  жер  бетіндегі  адамзаттың  барлығына  ортақ  мəселелер  жаһандық  болып  табылатынын айтпаса да түсінікті (мысалы, озон қабатының бұзылуы, климаттың өзгеруі, жердің шөлейттенуі т.б.). Арал апаты аталған жіктемелердің ішінде ұлттық сипаттағы экологиялық мəселеге жатқызылған.

Арал теңізінің трансшекаралық су болып табылатынын, теңіздің тартылуына барлық трансшекаралық мемлекеттер «үлес қосып» отырғандықтарын, шөлейттенген аймақтан ауаға көтерілген тұз бен химикаттар Еуразия құрлығында ғана емес мұхиттың ар жағынан, Солтүстік Мұзды мұхитынан табылып жатқандығын, соңғы жылдары аймақ тұрғындарының арасында кеміс немесе «құбыжық» балалардың көптеп туылып жатқандығын жəне əр түрлі инфекциялық аурулардың кең таралып жатқандығын, Арал əлем ғалымдарының алаңдатушылығын тудырып отырғандығын, экологиялық жағдайдың нашарлауы себебінен аймақтағы биоəртүрліліктің да бұзылуын ескерсек, Арал теңізінің экологиялық ахуалы тек біздің ұлт үшін ғана емес, адамзат үшін аса қауіпті мəселеге айналып бара жатқанын мойындамасқа шара жоқ.

Сол себепті, біздің ойымызша, Арал теңізінің мəселесі жаһандық экологиялық мəселе ретінде жіктелуі қажет. Жіктеліп қана қоймай, бұл арнайы құқықтық құжатта бекітіліп, сонымен қатар, əлем халықтарын Арал мəселесі туралы мəліметтермен қамтамасыз ету үшін арнайы ақпараттық база құрылып, онда аймаққа қатысты барлық экологиялық, құқықтық, əлеуметтік, экономикалық мəліметтер орналастырылса, бұл теңізді құтқару үшін жасалған тамшыдай болса да көмегіміз болар еді.

 

Әдебиеттер

  1. Соглашение о совместных действиях по решению проблемы Аральского моря и Приаралья, экологическому оздоровлению и обеспечению социально-экономического развития Аральского региона. Кзыл-Орда,
  2. Ибатуллин С. Проблемы Бассейна Аральского моря и значение регионального сотрудничества. - 2010 г.
  3. Аральское море - введение в проблему. Наука и жизнь, -2002. -№
  4. А.Власов: Проблема Аральского моря - есть ли пути решения? - 2010 г.
  5. Аральское море. http://ecoproblems.blogspot.com/2009/01/blog-posthtml

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.