Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сақтандыру нарығында мемлекеттік құқықтық реттеуді жүзеге асыру мəселелері

Сақтандыру - бұл шаруашылық субъектілердің жəне азаматтардың төлеген сақтандыру сыйақылары есебінен қалыптасқан ақша қорларынан белгілі бір оқиғалар туған кезде, солардың мүдделерін қорғауға байланысты пайда болатын қатынастар болып табылады.

Сақтандыру қатынастары сақтандыру ісін ұйымдастыру жəне жүзеге асыру барысында пайда болатын қатынастар. Осыған байланысты сақтандыру қатынастары ұйымдастырушылық қатынастар жəне материалдық қатынастар деп екіге бөлінеді. Сақтандыру операцияларын жүзеге асыруға байланысты қатынастар – материалдық қатынастар болып табылады, ал сақтандыру ұйымының ашылуына рұқсат беру, сақтандыру операциясын жүзеге асыруға лицензия беру, сақтандыру ұйымының Əділет органында тіркелуі, мемлекетпен сақтандыру қызметінің пруденциялдық нормативтер белгіленіп, реттелуі, сақтандыру ұйымдарына жаза шараларын қолдану мəселеріне байланысты пайда болатын қатынастар болып  табылады. Ұйымдастырушылық қатынастар императивті, яғни бір жақты – өктем тəсілдермен реттеледі, ал материалдық қатынастар диспозитивті тəсілдің көмегімен реттеледі.

Сақтандыру – бұл қоғам өмірінің маңызды саласы болып табылады. Социализм кезінде бұл түгелімен мемлекеттік қызмет болып табылды, ал қазіргі уақытта болса мемлекет тек сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеп отырумен шектеледі. Бірінші кезекте сақтандыру қатынастарына қатысушылардың жүріс-тұрыс ережелерін белгілеп отыратын нормативтік құқықтық актілер шығару жолымен жүзеге асырылады. Сақтандыруға арналған құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету үшін мемлекет сақтандыру саласындағы заңдылыққа қадағалау жүргізеді, ол үшін арнайы мемлекеттік органдар құрады.

Сақтандыру қатынастарына қатысушы міндетті субъектілер сақтанушы мен сақтандырушы болып табылады. Сақтанушы дегеніміз – өзін сақтандырумен қорғаумен қамтамасыз ете отырып, сақтандырушымен сақтандыру шартын жасайтын тұлға. Сақтанушы ретінде жеке тұлғалар жəне заңды тұлғалар болады. Заңды тұлғалар коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымдар болады, ал жеке тұлғалар ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары жəне азаматтығы жоқ тұлғалар түседі.

Жеке тұлғалар сақтандыру қатынастарында сақтанушы ретінде 18 жастан бастап қана бола алады, ал жасы толмағандар үшін олардың атынан сақтандыру шарттарын ата-аналары, қамқоршылары, қорғаншылары жасайды. 14 жасқа толмағандар үшін олардың келісімі қажет емес, ал 14 жас пен 18 жас арасындағылар үшін олардың келісімдері керек. Мұндай қатынастарда жасы толмағандар сақтандырылған тұлғалар болып табылады да, ата-аналары, қамқоршылары – сақтанушылар болады.

Сақтанушы сақтандыру шартының бір тарабы болып табылады, сондықтан шарт жасау үшін оның ерікті түрде көңіл білдіруі қажет. Сақтанушы қайтыс болған кезде немесе жойылған кезде (егер заңды тұлға болса) негізінен сақтандыру шарты тоқтайды да оның құқықтары мен міндеттері оның мұрагерлеріне көшеді. Егер, сақтандыру шарты сақтандырылған тұлғаның пайдасы есебінен жасалған болса, онда сақтанушының құқықтары мен міндеттері соған көшеді.

Сақтанушылар сақтандыру ұйымдарындағы сақтандыру резервтерінде белгілі бір сақтандыру сыйақыларын төлеп отырады да, шартта көрсетілген белгілі бір сақтандыру оқиғалары болған кезде сəйкес төлем ақыларды алуға құқылы.

Тағы бір сақтандыру ісіне қатысушы міндетті субъект бұл – сақтандыру  қызметін жүзеге асыру үшін құрылған сақтандыру ұйымы. Ол сақтандыру қатынастарында ерекше орын алады, себебі  сақтандыру  қатынасының  пайда  болуына  негіз  болған  мақсатқа  жету  –  сақтандыру ұйымының əрекеттеріне байланысты. Сақтандырушы ретінде тек қана заңды тұлға ғана бола алады. Олар Қазақстан Республикасының заңдарымен көрсетілген нысанда құрылады.

Сақтандыру ұйымының құқықтық статусы олардың ашылуына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген рұқсатпен жəне Қазақстан Республикасының Əділет Министрлігінде тіркелуімен жəне сақтандыру операцияларын жүргізуге лицензиялармен анықталады.

Нарықтық экономикада əрбір тұлға өз қаражаттарын қалай жұмсайтындығын, қандай бөлігін тұтыну қажеттілігіне жұмсап, қандай бөлігін жинақтайтынын өзі анықтайды. Адамға басқа адамдармен мəмілелер жасау мүмкіндігі беріледі. Сақтандыру рыногы осы ерекшеліктердің барлығын есепке ала отырып жұмыс істейді. Нарық экономика тұсында ұсыныс пен сұраныс еркін анықталып, нақты сақтанушыға қажет деген сақтандыру қызметі жүзеге асырылады. Осының барлығын реттеп отыратын, қажетті нормативтік актілерді шығарып, сақтандыру рыногына қатысушы субъектілердің іс əрекеттерін бірыңғай реттеп отыратын өкілетті органдар - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жəне жақында ғана құрылған Қазақстан Республикасының Қаржылық рынокты жəне қаржылық ұйымдарды реттеу жəне қадағалау агенттілігі болып табылады.

Сақтанушы сияқты сақтандырушы да сақтандыру қатынастарының міндетті субъектісі болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес сақтандыру үнемі шартты нысанда болғандықтан, сақтандырушы үнемі сақтандыру шартының тарабы ретінде танылады.

Сақтандырушы – сақтандыру оқиғасы нəтижесінде сақтандыру өтемақыларын төлеу арқылы сақтанушының мүддесін қорғауды қамтамасыз ететін тұлға болып табылады. Нақтырақ болу үшін, сақтандырушы заңды тұлға ретінде Əділет органдарында тіркелген, яғни сақтандыру ұйымы ретінде ашылуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген рұқсаты бар ұйым болуы керек екенін айтып кетейік.

Соныменен, сақтандыру ұйымының белгілері ретінде келесілерді айтуға болады:

  • Сақтандырушы тек заңды тұлға болып табылады;
  • Сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылады;
  • Сақтандыру ұйымы ретінде тіркеледі;
  • Олар мемлекет белгілеген талаптарға жауап беруі керек.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес, біздің мемлекетімізде келесідей сақтандыру ұйымдары жұмыс істей алады:

Мемлекеттік сақтандыру ұйымы. Олар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорын нысанында, Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен құрылып, таратылады. Олар түгелімен, 100% Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы мемлекеттің меншігінде болады. Ал егер, Қазақстан Республикасының Үкіметі үлесінің бөлігін сатып бастаса, яғни жекешелендіріп бастаса, онда ондай сақтандыру ұйымын мемлекеттік қатысуы бар сақтандыру ұйымы дейміз.

Жеке меншіктегі сақтандыру ұйымы – бұл жеке тұлғалардың немесе жеке меншіктегі заңды тұлғалардың меншігіне негізделген, жабық акционерлік қоғам нысанында құрылатын сақтандыру ұйымы. Олар бір жыл үздіксіз, шығынсыз қызмет еткен жағдайда ғана ашық акционерлік қоғамға айналады.

Шетелдік қатысу бар сақтандыру ұйымы – ол акцияларының 3/1 көбі:

  1. Қазақстан Республикасының резидент еместерінің меншігінде, иелігінде, басқаруында болатын;
  2. Қазақстан Республикасының резидент еместерінің меншігінде, иелігінде, ал басқаруы резидент еместер берген сенімхат негізінде, Қазақстан Республикасының резиденттерінде болатын;
  3. Акцияларының 3/1 көбі Қазақстан Республикасының резидент еместерінің меншігінде, иелігінде, басқаруында болатын заңды тұлға – резиденттің, яғни аралас шетелдік қатысу бар заңды тұлғалардың меншігінде, иелігінде, басқаруында болатын сақтандыру ұйымы.

Шетелдік қатысуы бар сақтандыру ұйымдары мен қайтасақтандыру ұйымдарының тіркелген жарғылық капиталының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары мен қайтасақтандыру ұйымдарының жалпы сомасының 25%-інен аспауы керек.

Сақтандыру ұйымдарының қызметтерінде бір айта кетерлік жəйт, олар өз қызметтерінде басқа кəсіпкерлік қызмет түрлерімен айналыспайды. Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес рұқсат етілген жағдайлар мыналар:

  • Олар инвестициялық қызметті жүзеге асыра алады.
  • Жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына қарыз бере алады;
  • Бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын, арнайы əдебиеттерді сатуды жүзеге асырады;
  • Сақтандыру саласында мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында білім беруді ұйымдастырып, жүзеге асырады;
  • Өз меншігіндегі мүліктерін арендаға бере алады;
  • Сақтандыру агенті бола алады;
  • Өзара бірігіп, сақтандыру бірлестіктерін құра алады.

Сақтандыру ұйымдарының құрылтайшылары жəне акционерлері заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да бола алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттері де резидент еместері де бола алады.

Сақтандыру (қайтасақтандыру) ұйымы коммерциялық ұйым болып табылады, яғни оның негізгі мақсаты – пайда табу, негізгі қызметі – шаруашылық кəсіпкерлік қызмет болып табылады.

Сақтандыру ұйымдары жабық нысандағы акционерлік қоғам ретінде құрылады да, бір жыл үздіксіз, шығынсыз қызмет еткеннен кейін ашық нысандағы акционерлік қоғамға айналады. Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары мемлекеттік кəсіпорын формасында құрылады. Сақтандыру ұйымдары ашылу үшін құрылтай жиналысы өткізіліп, құрылтай құжаттары қабылданады. Сосын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ашылуға рұқсат беру туралы өтініш жазады. Өтінішке келесідей құжаттар қосылып табылады:

  1. Құрылтай құжаттары: Құрылтай шарты жəне Жарғы. Сақтандыру ұйымының жарғысында келесідей мəліметтер міндетті түрде көрсетілуі керек:
  • Оның орналасатын жері жəне атауы;
  • Олар жүзеге асырғалы отырған сақтандыру операцияларының түрлері;
  • Сақтандыру ұйымының құрылымы, ондағы құрылатын бөлімдер мен бөлімшелер;
  • Басқару органдары жəне олардың əрқайсысының құзіретіне жатқызылған мəселелер;
  • Құрылтайшылары туралы мағлұматтар;
  • Ұйымның құқықтары мен міндеттері жəне жауаптылығы;
  • Ұйымда құрылатын қорлардың түрлері, қалыптасу негіздері, жəне олардың мөлшері;
  • Ұйымның қызметің тоқтату тəртібі, т.б.

Құрылтай шартында құрылтайшылар туралы мəліметтер, олардың орналасқан жерлері (заңды тұлға болса), əрбір құрылтайшының үлесі, пайданы – дивиденттерді бөлісу, жауаптылықты бөлісу тəртібі, сақтандыру ұйымынан шығу тəртібі көрсетіледі.

  1. Іскерлік жоспар (маркетинг жоспары, қызметтерінің бағыты, кірістер мен шығыстардың есептері). Іскерлік жоспар алдағы үш қаржы жылында сақтандыру ұйымының тек қана пайда келтіретіндігін көрсетуі керек.
  2. Егер құрылтайшылары заңды тұлға болса аудиторлық ұйымның оң қорытындысы, яғни қаржылық жағдайының тұрақты екенін көрсететін қорытындысы, ал құрылтайшылары жеке тұлғалар болса – салық органдарынан уақытылы салық декларациясын тапсырып отырғаны жөнінде анықтама қажет. Олар Қазақстан Республикасының заңдарына байланысты заңдарменен көрсетілген мөлшерде салық төлеп отырғандарын, сақтандыру ұйымдарын құруға қажетті қаражаттарының заңды жолмен келгендігін дəлелдеуі керек.
  3. Ұйымның жарғылық капиталы туралы мəлімет. Жарғылық капитал тек қана ақшамен төленуі керек (100%). Қазіргі кезде жаңадан ашылғалы отырған сақтандыру ұйымы үшін (жалпы сақтандыру түріне байланысты) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері 100 млн. теңге, жеке сақтандыру түрін жүзеге асыратын ұйым үшін 150 млн. теңге, қайта сақтандыру ұйымы үшін 200 млн. теңге.
  4. Ұйымның басшы қызметкерлері туралы мəліметтер. Акционерлердің жалпы жиналысы сақтандыру ұйымының басшы қызметкерлеріне кандидаттарды таңдаған соң, олардың тағайындалуына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен рұқсат алуы керек. Себебі, оларға заң актілерімен белгілі бір талаптар қойылады.

Оларға жататындар:

  1. Сақтандыру ұйымының басқармасының төрағасы;
  2. Басқарма мүшелері;
  3. Ұйымының құрылымдық бөлімдерінің қызметіне бақылау жүргізетін жəне қызметін үйлестіріп отыратын, сақтандыру операцияларын жүзеге асыратын құжаттарға қол қоя алатын басшы;
  4. Сақтандыру ұйымының бас бухгалтері;
  5. Ұйымның филиалының бірінші басшысы жəне бас бухгалтері.

Сақтандыру ұйымын ашуға рұқсат беру туралы өтініш Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісімен  2  ай  мерзім  ішінде  қаралады.  Егер  құрылтай  құжаттары  заңға  сəйкес  келмесе,құрылтайшылардың қаражаттары жеткіліксіз болса, онда Ұлттық Банк ұйымының ашылуына қарсылық білдіреді. Ал рұқсатты алған сақтандыру ұйымын құрмақшы құрылтайшылар 2 ай ішінде Əділет органдарында тіркелуге тиісті. Тіркелгеннен кейін құрылтайшылар 6 ай ішінде Ұлттық Банкке сақтандыру операцияларын жүзеге асыруға лицензия беру туралы өтініш жасайды. Ол кезге дейін құрылтайшылар толығымен жарияланған жарғылық капиталды төлеп, ғимараттарын, құрал жабдықтарын түгелімен дайындауға жəне сəйкес маман иелерін жұмысқа алуға міндетті. Əрбір сақтандыру операциясының түріне бөлек лицензия қажет. Лицензия шексіз мерзімге беріледі, ол бəсірелік болып табылады, яғни ешкімге беруге, сатуға, сыйлауға болмайды жəне ол залог құралы бола алмайды.

Сақтандыру ұйымының құқыққабілеттілігі сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия алған кезден бастап пайда болады да, лицензиясының күші жойылған кезден бастап тоқтайды.

Сақтандыру ұйымдары лицензия алған кезден бастап сақтандыру операцияларын жүзеге асыра бастайды.

Сақтандыру ұйымдары əрекет ету барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жəне Қазақстан Республикасының Қаржылық рынокты жəне қаржылық ұйымдарды реттеу жəне қадағалау, агенттігі қадағалау жəне бақылауында болады. Қазақстан Республикасының Қаржылық рынокты жəне қаржылық ұйымдарды реттеу жəне қадағалау агенттігі оларға пруденциалды нормативтер белгілей отырып, қажет жағдайларда шектеулі əсер ету шараларын, жаза шараларын қолдана отырып, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеп отырады.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.