Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасындағы бюджет атқарылуының кейбір кемшіліктері

Қазіргі таңда қаржы саласындағы көкейкесті мəселелердің бірі болып бюджетті жоспарлау жəне оның атқарылуы табылады. Осыған байланысты, қаржы жүйесі органдары, оның ішінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттің атқарылуын бақылау жəне талдау іс-шараларын жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру, əдіснамалық құжаттарды əзірлеу, қаржылық бұзушылықтардың себептерін зерделеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сəйкес, бюджетке  түсімдердің түсуі, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.

Бюджет түсімдер жəне шығыстар бойынша атқарылуы мүмкін. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы бюджеттi атқару жөнiндегi уəкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес бюджетке түсетiн түсiмдердiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергіліктi бюджет туралы мəслихаттың шешiмiнде белгiленгеннен төмен болмайтындай мөлшерде толық жəне уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенiн жүргiзу болып табылады. Бюджеттiң түсiмдер бойынша атқарылуы:

  • түсiмдердi бiрыңғай қазынашылық шотқа төлеудi жəне есепке алуды;
  • бюджет кодексіне сəйкес түсiмдердi республикалық, жергiлiктi бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры арасында бөлудi;
  • Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сəйкес бюджеттен түсiмдер сомасын қайтаруды не оларды салық берешегiн өтеу есебiне есепке алуды қамтиды.

Бюджеттiң шығыстар бойынша атқарылуы бюджеттi атқару жөнiндегi уəкiлеттi органның, бюджеттiк бағдарламалар əкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламалар мақсатына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда жəне тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мəслихаттың шешiмiнде не түзетiлген бюджетте бекiтiлген сомалар шегiнде уақтылы қол жеткiзуге бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруы болып табылады. Мыналар:

  • мiндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын, бюджеттiк бағдарламаларды (iшкi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасау жəне бекiту;
  • түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау жəне бекiту;
  • мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттемелер қабылдауына рұқсаттар беру;
  • мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мəмiлелерiн тiркеу;
  • төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру бюджет шығыстарын атқарудың негiзгi кезеңдерi болып табылады [1].

Бюджеттің атқарылуы бюджетке барлық бюджет түсімдерінің түрлерін толық жəне уақтылы төлеумен, оларды Бірыңғай қазынашылық шотына (бұдан əрі - БҚШ) есепке алумен жəне бюджеттік бағдарламалардың мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шараларды іске асыру мақсатында БҚШ-дан төлемдер мен аударымдарды уақтылы жүзеге асырумен қамтамасыз етіледі [2].

Бюджет атқарылуы барысында ең жиі кездесетін мəселе – бюджет құқығындағы бюджет атқарылуының принциптерін сақтамау. Оларды нақты атап өтсек: Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану принципi – бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттiк мекемелердiң азаматтық-құқықтық мəмiлелерiмен, нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалып, бюджеттiк бағдарламалар соларға сəйкес жүзеге асырылатын iс-шаралардың өткiзiлуiне, күтiлетiн нəтижелер мен индикаторларға қол жеткiзуге бюджет қаражатын пайдалану; Бюджеттiң  бiрқалыпты атқарылу принципi – қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемiнiң жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы iшiнде бiрқалыпты бөлу; Кассаның бiрыңғайлық принципi – барлық бюджет түсiмдерiн бiрыңғай қазынашылық шот есебiне жатқызу жəне барлық көзделген шығыстарды бiрыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру; Уақтылылық принципi – түсiмдердi республикалық жəне жергiлiктi бюджеттердiң есебiне жатқызу жəне бюджет қаражатын жеке қаржыландыру жоспарларына, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сəйкес пайдалану жəне бюджетке түсiмдердi, сондай-ақ бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған мерзiмде жəне тəртiппен оларды алушылар шоттарының есебiне жатқызу [3].

Төменде көрсетілген 2011 жылғы 1 сəуірге республикалық бюджет шығыстарының атқарылуы туралы ақпаратқа назар аударсақ, игерілмеген сома 64,4 млрд теңгені құрады, ол 2010 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 74,5 млрд теңгеге азайды.

Республикалық бюджетте 64,4 млрд теңге игерілмей қалды, одан 0,7 млрд теңге – мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу, 8,4 млрд теңге, оның ішінде 5,4 млрд теңге Астана мен Алматы қалаларының əкімдіктері азаматтық-құқықтық мəмілелер мен келісімдерді тіркеу туралы хабарламаларды ұсынбауынан, сондай-ақ 1,2 млрд теңге шетелдік валюталардың кросс бағамдарының өзгеруі, 42,2 млрд теңге – конкурстық рəсімдердің дер кезінде өткізілмеуі; 9,9 млрд теңге – нормативтік құқықтық актілердің дер кезінде қабылданбауы; 1,5 млрд теңге – өтпей қалған конкурстар, 1,7 млрд теңге – бюджет қаражатының талап етілмеуі, көтеріңкі құндық көрсеткіштер [4].

Жалпы осы мəліметтерге жүгінсек, қаншама іс-шаралар өткізілуіне қарамастан, əлі де болса бюджет атқарылуының шын мəнінде жоспарланған сомасы мен факт негізінде жүзеге асырылуы сəйкес келе бермейтіндігіне көзіміз жетеді.

Сондықтан, қазіргі таңда бюджеттік жоспарлау, бюджеттің атқарылуы жəне оны игеру мемлекет үшін, қоғам үшін өте маңызды болып отыр. Осыған орай, бүгінгі күнде біз мынадай кемшіліктермен күресіп, оны тиісті дəрежеге жеткізуіміз керек:

  • Бюджеттік жоспарлаудың нақтылай негізделіп жүзеге асырылмауы;
  • Бюджет шығыстарының тиісті дəрежеде орындалмауы;
  • Жергілікті бюджеттердің тікелей республикалық бюджеттерге тəуелділігінің сақталуы, əр түрлі деңгейлердегі бюджеттің дербес болмауы;
  • Мемлекеттік органдардың бюджет бағдарламаларының іске асырылуын тиісті субъектілермен тығыз қарым-қатынаста орындамауы.

Осы аталған мəселелерді шешіп, жалпы бюджет жүйесін тиісті дəрежеге қою тек қана мемлекеттік заңнаманы дұрыстау нəтижесінде ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың, құқықтың жəне экономиканың бөлек-бөлек субъектілерінің құзыреттерін дұрыс атқару негізінде жатыр.

  

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 24.04.2005 №548-ІІ
  2. Бюджеттің атқарылуы жəне оған кассалық қызмет көрсету ережесін
  3. бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 Қаулысы
  4. Сартаев С.С., Найманбаев С.М. Бюджеттік құқық. -Алматы Жеті жарғы 2006.
  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2011 жылғы 1-тоқсандағы мемлекеттік бюджеттің атқарылу қорытындылары туралы» мəселесі жөніндегі отырысында Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б.Б. Жəмішевтің есебі.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.