Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əлеуметтік сақтандыру қызметіне жалпы түсінік жəне түрлері

Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы даму кезеңіндегі көрсеткіштердің өсіп келе жатқандығы қуантады. Мемлекетіміз өсіп-өркендеп келе жатқанда оның бəсекелі ел болуына атсалысуымыз керек. Осы магистрлік жұмысытың да басты мақсаты жеке - мүлікті сақтандыруды жаңа деңгейге көтеріп, сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу міндетін қарастырудамын.

Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті  əдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа əдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Əр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық жəне ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық əдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тəсілі қолданылып жатады.

Сақтандыру қызметінің мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық жəне ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру қызмет категориясы үшін мына белгілер оған тəн болып келеді:

  • Қатынастардың ықтималды сипаты;
  •  Қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кəсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

Сақтық қатынастардың бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен (кең аралымдығы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар мен қорлар байланысқан жəне жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды ескертуге жəне жоюға бағытталған.

Қатынастардың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қорларды – əлеуметтік қорлар мен əлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана отырып, азаматтардың əлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл қатынастардың іс-əрекеті халықты əлеуметтік қорғаудың қажеттілігімен байланысты.

Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып жəне олардың осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып, адамдардың денсаулығы мен əл- ауқатын, олардың мүлік, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі қатынастар болып табылады. Бұл – жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандыру жəне шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.

Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық сақтандыру болып табылады.

Сақтық жүйесі республика экономикасының сенімді əрі орнықты дамуына,  халықты əлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мүлкін сақтандыруға ықпал етуге тиіс.

Сақтандыру мəселесі, медициналық сақтандыруды қоса алғанда, əлеуметтік қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты.

Сақтандыру, табыс (пайда) тусіру мақсатымен коммерцияның шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді.

Міндетті əлеуметтік сақтандыру – азаматтарды еңбек ету қабілетін жоғалтуына жəне жұмысынан айырылуына, сондай-ақ асыраушысынан айырылуына байланысты кірістің бір бөлігін өтеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын жəне кепілдік беретін шаралардың жиынтығы, азаматтарды əлеуметтік қорғаудың мемлекет жүзеге асыратын нысандарының бірі.

Əлеуметтік қамсыздандыру жəне əлеуметтік сақтандыру категорияларының іс-əрекетінің объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процестерінің, атап айтқанда, оның құрамдастарының бірінің – жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуының талаптарынан туындайды. Ұдайы өндірістің бұл түрі үшін қаражаттардың негізгі көзімен – еңбекақы, басқа жекеше табыстардың қорымен қатар əлеуметтік қамсыздандыру жəне əлеуметтік сақтандыру қорлары жұмыс істейді.

Мыналар міндетті əлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидаттары болып табылады:

а) Қазақстан Республикасының міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын сақтау мен орындаудың жалпыға бірдейлігі;

б) Əлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын  шараларға  мемлекеттің кепілдік беруі;

в)   Міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндеттілігі;

г) Заңға сəйкес əлеуметтік аударымдарды əлеуметтік төлемдерге пайдалану; д)   Əлеуметтік төлемнің көзделген шарттар бойынша міндеттілігі;

е)   Əлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау;

ж) Міндетті əлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметіндегі жариялылық.

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда əлеуметтік төлем өзі үшін əлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті əлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, əлеуметтік төлем алуға өтініш берген уақытта жұмысы тоқтатқанына немесе істеп жатқанына қарамастан тағайындалады.

Ұлттық сақтандыру нарығы аумағындағы сақтандыру қызметін, сақтандыру салалары бойынша сақтандыру қызметтерін көрсету аясындағы сақтандыру құқықтық қатынастарын, сондай-ақ сақтандыру рыногы кəсіби қатысушыларының қызметін мемлекеттік реттеу жəне қадағалау «қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу жəне қадағалау» Қазақстан  Республкасының  2003  жылы  4  шілдедегі  №  474-2  Заңының  3,4,5,7,8,11 баптарында көрсетілген, Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсанындағы 1270 жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы ережеге» сəйкес жүзеге асырылады.

Заң шығарушы осы сақтандыру қызметінің ұғымын сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуға жəне орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің талаптарына сəйкес уəкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі деп айқындаған. Сақтандыру қызметі сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын кəсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады.

Қазақстан Республикасының аумағындағы қайта сақтандыру жөніндегі қызмет «сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен міндетті түрде лицензиялауға жатады. Қандай болмасын сақтандыру ұйымы қайта сақтандыру жөніндегі лицензиясы болғанда ғана сақтандыру тəуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдауға құқылы болды. Қайта сақтандыруды сақтандыру қызметінің ерекше түрі ретінде қайта сақтандыру  ұйымы «өмірді сақтандыру» жəне « жалпы сақтандыру» салаларындағы сақтандырудың барлық түрлері бойынша қайта сақтандыру жүргізе алады. Сақтандыру салалары бойынша сақтандыру өнімдерін өткізу қосарлы сақтандыру, тотық сақтандыру, ортақ сақтандыру, қайта сақтандыру, жинақтаушы сақтандыру арқылы жүргізілуі ықтимал. Сақтандыру ұйымының басқа мемлекеттің аумағында тиісті сақтандыру шарттарын жасасу жəне орындау жөніндегі қызметі трансшекаралық сақтандыру қызметін білдіреді. Сақтандыру брокерінің сақтандыру агенті қызметін жүзеге асыруына тыйым салынады. Сақтандыру ұйымының штатына актуарийі болмаса, ол сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы емес. Уəкілетті орган берген лицензиясы бар жеке адам – актуарийлік қызметі сақтандыру заңнамасына сəйкес, сондай-ақ актуарийлік қызметтің халықаралық стандарттары ескеріле отырып, жүзеге асырылуға тиіс.

Мемлекеттік саясатты іске асыратын, сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметіне мемлекеттік бақылау, қадағалау, лицензиялау, пруденциялдық реттеу жүргізетін уəкілетті орган «Сақтандыру қызметі  туралы»  жəне  «Қаржы  рыногы  мен  қаржылық  ұйымдарды  мемлекеттік  реттеу   жəне қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес сақтандыру нарығын реттеу жəне сақтандыру қызметін қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік орган – Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу жəне қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының агенттігі болып табылады.

 

Әдебиеттер

  1. 1.Сақтандыру құқығы. -ЮНИТИ. -1997.- Москва. В.В.Шахов.
  2. Қазақстан. Энциклопедия. Сақтандыру, жеке мүлік, мүлікті сақтандыру. Журнал

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.