Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еліміздегі екінші деңгейлі банктердің жүргізетін депозиттік операцияларының құқықтық реттелуі

Қазақстанда банктерге деген сенімнің артуы еліміздегі депозит рыногының қарқынды дамуынан көрініс тауып отыр. Республикамыздағы жалпы жинақтар мен депозиттік нарық жайында тек 1994 жылдың ортасынан бастап қана айта аламыз. Осы кезеңде теңге бағамы айтарлықтай тұрақталды, инфляция деңгейі біршама төмендеді. Осы кезден бастап қаражат жинақтауға жағдай туындай бастады.

Қазіргі кезеңде депозиттік операциялар екінші деңгейлі банктердің пассивтерінің негізі болып табылады. Коммерциялық банктерге халық сенімі артып отыр, соның нəтижесінде салымдардың мөлшері де артуда. Банктер депозиттерді əр түрлі шарттармен беруде. Бұлар балаларға арналған жинақ депозиттері, зейнеткерлерге арналған депозиттер жəне т.б. Қазіргі банктік тəжірибеде салымдардың жəне депозиттік шоттардың көптеген түрлері кездеседі. Бұл  банктердің бəсекелестігі жоғары нарықта банктік шоттарға жинақтау жəне уақытша бос қаражаттарды тартып осы банктік ресурстарға деген əр түрлі клиенттер тобының сұраныстарын мейілінше қанағаттандыруға ұмтылумен байланысты.

Қазақстан Республикасының 31.08.95 ж. «Банктер жəне банк қызметі туралы» заңында депозит анықтамасы келесідей берілген: Депозит дегеніміз – бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші тұлға – Банкке (соның ішінде Ұлттық банкке) олардың талап етуі бойынша, немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала келісілген сыйақы немесе сыйақысыз тікелей салымшаға (депозиторға) қайтарылуы тиіс ақша сомасы.

Банктік депозит – салымшыны банкке алдын ала келісілген сыйақы қосылып қайтарылу шарты негізінде берілген ақша қаражаттары [1]. Депозиттер банк үшін бірден - бір арзан ресурс көзі болып табылады. Cонымен депозит – бұл клиенттердің банктегі бір шотқа салған жəне өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кəсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кəсіпорындар, жергілікті билік органдары қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс əкеледі. Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін табыс əкелетін капитал рөлін атқарады.

Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың барлығы да, соның ішінде коммерциялық банктер де депозиттік операциялармен немесе депозиттік қызмет көрсетулермен тек қана Ұлттық банк берген лицензия негізінде айналыса алады [2,162 б].

Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі 4 факторға тəуелді болып келеді: халықтың ақшалай табыстарының көлемі; олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі; салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі; елдегі банктік жүйенің даму деңгейі жəне ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.

Əрбір салымшы ақша қаражатын орналастыру кезінде көптеген шарттарды ескере отырып банкті  өз қалауынша таңдайды. Банк менеджері  депозит мерзіміне, мөлшеріне, оған  есептелетін пайыз жəне тағы да басқа шарттармен салымшыны таныстырып, толық жəне ақысыз кеңес беруі тиіс.

Ағымды операцияларды жүргізу барысында барлық операциялар депозиторға берілген жинақ кітапшасында есепке алынады. Кезекті операцияларда шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек.

Негізінен депозиттер мынандай топтарға бөлінеді:

  • талап етуге дейінгі депозиттер;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдар;
  • бағалы қағаздар.

Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты əр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын əр түрлі шоттардағы қаражаттар. Отандық банктік тəжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік, акционерлік кəсіпорындардың, сондай-ақ əр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар;
  • əр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары жəне олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық жəне басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі жəне пайдаланылады.

Мерзімдік салым депозиті – белгілі мерзімі бар жəне тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым. Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айыппұл ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.

Тағы бір кеңінен таралған салымның түрі – жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу жəне алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кəдімгі жинақ салымдарын кеңінен қолданылады. АҚШ-та корпорациялар, фирмалар жəне басқа да коммерциялық ұйымдар үшін шоттың шекті сомасы 150 мың долларға белгіленген [3].

Отандық банктік тəжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне жəне мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  • мерзімді жинақ салымдары;
  • қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
  • ұтыс салымдары;
  • ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
  • мақсатты жəне ағындық салымдар;
  • алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
  • валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін жəне сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғары мөлшерде пайыз төленеді.

Депозиттік жəне жинақ сертификаттары – бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты жəне оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін жəне оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куəландыратын эмитент банктің жазбаша куəлігі.

Депозиттік жəне жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:

  1. Атаулы сертификаттар;
  2. Мəлімдеуші сертификаттар.

Атаулы депозиттік жəне жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мəлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Республикамызда банктік жүйедегі салымдардың көбеюінің бірден-бір себебі депозиттерді сақтандыру қорының құрылуы болып табылады. Ал депозиттерді сақтандыру дегеніміз — банк жүзеге асыратын мүліктік сақтандыру түрі, бұл сақтандыру бойынша коммерциялық банк жұтаған (банкрот болған) жағдайда салымшыларға өз салымдарының қайтарылуына кепілдік беріледі[4]. Депозиттерді сақтандыру іс жүзінде экономикасы нарықтық қатынастарға негізделген барлық елдерде бар [5].

2006 жылғы 7 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне орналыстырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы депозиттерге кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негізі болып табылады.

1999 жылдың қарашасынан бастап Қазақстанда депозиттерді міндетті ұжымдық сақтандыру қоры жұмыс істей бастады.

Қор мынадай негізгі өкілеттіліктерге ие:

  • жүйенің қатысушы банкі мəжбүрлеп таратуға ұшыраған жағдайда кепілдік берілген өтемақысын төлеу;
  • кепілдік берілген өтемақыны төлеуге арналған арнайы резервті қалыптастыру;
  • Қор қаражаттарын тиімді инвестициялау;
  • Қосылу шартымен ережелерді анықтау арқылы қатысушы банктерге қойылатын талаптарды белгілеу;
  • қатысушы банктердің жарналарды төлеу тəртібін анықтау;
  • қатысушы банктердің кепілдік берілген депозиттерді есепке алудың автоматтандырылған деректер қорының Қор талаптарына сəйкестігін анықтау;
  • қатысушы банктің консервациясы кезеңінде тағайындалатын уақытша əкімшіліктің құрамына кіру;
  • қатысушы банктің барлық банкілік операцияларды жүргізуге арналған лицензияларынан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша əкімшіліктің құрамына кіру;
  • тарату комиссиясының жəне мəжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің кредиторлар комитетінің құрамына кіру.

23.10.2008 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы мəселесі бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданғанын, оның 24.10.2008 жылы өз күшіне енгендігі белгілі. Заң Қазақстан банктері салымшыларының құқықтарын қорғауға бағытталған, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесі қызметінің құқықтық негіздерін, сонымен қатар Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қызметінің тəртібін жəне депозиттерге міндетті кепілдік жүйесінде коммерциялық банктердің қатысуын белгілейді. Осы Заңды қабылдау қажеттілігі қазақстандық депозиттерге кепілдік беру жүйесін озық халықаралық тəжірибеге жақындатуға, жүйенің қызмет ету айқындылығын қамтамасыз етуге, сонымен қатар оған тиісті тəуекелдерді азайтуға деген талпыныспен түсіндіріледі. Заң əлемдік тəжірибені зерделеу жəне талдау жəне депозиттерді сақтандыру саласындағы халықаралық ұйымдардың ұсыныстары мен олардың отандық шарттарға бейімделуі негізінде əзірленген. Осы Заңға сəйкес, қатысушы банк мəжбүрлі жойылған жағдайда, кепілдікті орнын толтырудың минималды сомасы артқан (осы Заң қолданысқа енгенге дейін ол 700 мың теңгені құрады)[6].

Сондықтан:

  • міндетті кепілдік беру жүйесінің банк-қатысушысы мəжбүрлі жойылған  жағдайда депозиттерге 2008 жылғы 24 қазаннан бастап 2010 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым депозитор-жеке тұлғаларға кепілдік беретін депозиттер бойынша кепілдікті орнын толтыру бойынша депозит бойынша қалдық  сомада, депозит бойынша есептелмеген сыйақысыз, бірақ 5 (бес) миллион теңгеден аспайтын сыйақы төлейді.
  • міндетті кепілдік беру жүйесінің банк-қатысушысы мəжбүрлі жойылған  жағдайда депозиттерге 2010 жылғы 1 қаңтарға басталатын кезеңде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым депозитор-жеке тұлғаларға кепілдік беретін депозиттер  бойынша кепілдікті орнын толтыру бойынша депозит бойынша қалдық сомада, депозит бойынша есептелмеген сыйақысыз, бірақ бір миллион теңгеден аспайтын сыйақы төлейді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлік банктерінде орналасқан депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңының 19-бабы, 4-тармағына сəйкес (жоғарыда аталған өзгерістерге байланысты өзгермеген) шетел валютасындағы депозит бойынша кепілдікті орнын толтыру бойынша есеп айырысу үшін қатысушы банкті мəжбүрлі жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні белгіленген валютаны айырбастаудың нарықтық курсы пайдаланылады[7].

Қорыта келгенде елімізде ақша қатынастарын реттеудегі құқықтың рөлі мемлекет ішінде де ,халықаралық аренада да маңызы өте зор. Болашақта адам мен азаматтардың құқықтарының дамуын қорғайтын негізгі кепілдік депозиттік қатынастарға да байланысты. Елдің даму бағыты депозиттік базаның өсу қарқынына, ол өз кезегінде бұл бағыттың дамуы мен жетілуі қажеттігін айқындайды. Ал даму мен жетілу өмір бойы жалғасатын процесс.

 

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының «Банктер жəне банк қызметі туралы» заңы 31.08.95 ж.
  2. Давыдова Л., Райманов Д. Қазақстан Республикасының Банк құқығы. –Алматы,
  3. ''Мəліметтер'' сайты
  4. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6
  5. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер"ЖШС, 2007.
  6. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы мəселесі бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы 10.2008
  7. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының екінші деңгейлік банктерінде орналасқан депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Заңы 2006, 7 шілде.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.