Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықаралық құқық пен Қазақстан заңнамасы бойынша геноцид қылмысы үшін жауапкершілік түрлері

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы бүкілхалықтық референдум бойынша қабылданған Конституциясының 1 бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - атап көрсетеді. [1]

Яғни, заң адамзатқа, қоғамға, мемлекетке қарсы іс-əрекеттерді жасауға тікелей тиым салады. ҚР Президенті Н. Ə. Назарбаев 2005 жылы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында, «Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық: біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бəрінен де бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық» - деп атап көрсетті. [2]

Аталған сөз еліміздің тəуелсіз мемлекет болып жарияланғанына он тоғыз жылдан астам уақыт мөлшері жəне осы жылдардың ішінде еліміз əлем сахнасы төрінде беделді орынға ие болып, көптеген жетістіктерге қол жеткізгеннен туындағанына көзіміз жетеді.

Елімізде орын алып жатқан осындай оңды жетістіктерімізбен бірге қоғамның одан əрі қалыпты дамуына кедергі келтіріп жатқан жағымсыз құбылыстардың бірі – халықаралық қылмыстылық.

Əлем тарихы адамдық мораль мен адамгершіліктің барлық негіздеріне геноцидтен басқа қайшылық туғызатын барынша қасіретті де зұлымдық туғызатын əрекеттерді білмейді. Бұл түсініктің астарында бəрінен бұрын барынша көп пайда табуға, өз өктемдігін нығайтуға, басқа да халықтар мен ұлттарға шексіз билік жүргізуге ұмтылған езуші таптың қылмыстық саясаты жатыр.

Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі қазіргі заманауи өркениеттің маңызды əлеуметтік құндылығы, тұтас алғанда түгел қоғамның, ал жекелей алғанда əрбір адамның жан-жақты дамуының міндетті де қажетті шарты болып табылады.

Геноцид – ұлттық, нəсілдік, діни немесе этникалық топтарды ойластырылған түрде зұлымдықпен жою деген сөз. Геноцид – бұрыннан мəлім қылмыстың жаңа атауы. 1948 жылы 9 желтоқсанда БҰҰ сессиясында геноцидке қатыстылығы бар қылмыстардың алдын алу жəне тиісті жазалар белгілеу туралы Конвенция қабылданып, оған 40 мемлекет қол қойды. Конвенция 1951жылғы 12 қаңтардан күшіне енді. Егер денонсация нəтижесінде Конвенцияға қатысушылар саны 16-ға жетпесе, онда ол күшін тоқтатады. Алайда, қазіргі кезде оған 100-ден астам мемлекет қатысуда, бұлардың ішінде КСРО-ның құқықтық мирасқоры ретінде Қазақстан Республикасы да бар. Конвенцияға қосыла отырып, Қазақстан Республикасы 29.06. 1998 жылы №244 «Қазақстан Республикасы геноцид қылмыстарының алдын алу жəне ол үшін жазалау туралы Конвенцияға қосылуы туралы» заң қабылданды. Бүгінде орын алып жатқан өзекті мəселелердің бірі халықаралық геноцид қылмысы. [3]

Халықаралық геноцид қылмысымен күресуде жəне қылмыстық жауапкершілік мəселесіне көптеген ұйымдастырушылық шараларын іске қосуда, бұған қатысты ҚР «Геноцид қылмысының алдын алу жəне ол үшін жазалау туралы конвенцияға қосылуы туралы» 29.06. 1998 жылғы заңы, ҚР «Азаматтық жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы» 28.11. 2005ж. заңы, ҚР «Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы Халықаралық Қылмыстық Соттың  билігіне  адамдарды  тапсыру  туралы  келісімді  бекіту  туралы»  4.10.  2004ж.  заңы,   ҚР

«Халықаралық шарттар туралы» 7.06. 2005ж. заңдары мен ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік 10 шілде 2008 жылғы «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» қаулысы бар.

Геноцид халықаралық қылмыс ретінде танылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс ретінде геноцид үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. (ҚР ҚК 160-бабы). [4]

Солай дей тұрсақ та, халықаралық деңгейде геноцид фактісін мойындаудың өзі бірқатар өзекті мəселелерді тудыруда. Геноцид жағдайына қатысты билік көп жағдайда оны мойындаудан жалтарады. Ал геноцид актісін тану сирек жағдайда, мұның өзінде геноцидке тікелей кінəлі биліктен кейінгі билік тарапынан ғана мойындалады. Тіпті, кейде геноцид жекелеген үшінші мемлекеттер тарапынан мойындалып жататын кездер де болады.

Геноцид тек қылмыстық тұрғыдан жазаланатын акт емес, ол сондай-ақ  халықаралық құқықтың бұзылуы болып табылады.

Империалистік мемлекеттердің саяси топтар жүргізіп отырған геноцид саясаты қазіргі халықаралық құқықты өрескел түрде бұзу болып табылады. Геноцид мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүру қағидасына, ұлттардың өзін-өзі басқару жəне басқа да халықаралық құқық қағидасына еш сыйыспайды. Геноцид қылмыстары, сондай-ақ, БҰҰ Жарғысының, адам құқығының Жалпыға бірдей Декларациясының, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1960 жылы  қабылдаған  ХV сессиясында отар елдер мен халықтарға тəуелсіздік беру туралы Декларациясының, 1965 жылғы нəсілдік кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы Конвенцияның жəне басқа бірқатар халықаралық құқықтық актілердің талаптарына қайшы келеді.

Адамзатқа қарсы жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзі заманауи халықаралық құқықтың жалпылай мойындалған нормасы болып табылады.

Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ халықаралық құқық соғысушы жақтарға бейбіт халыққа қатысты зорлық зомбылық көрсетуге тыйым салған болатын. Мəселен, 1907 жылы болған ІV- Гаага конференциясының 22-ші бабында ''соғысушылар қарсыластарына зиян келтіретін құрал- жарақтар таңдауда шексіз құқықты пайдалана бермейді'' делінген. Осы Конвенцияның 25-бабы былай дейді: ''Қорғанышсыз қаланы, елді мекенді, үйлер мен құрылыстарды қалай болса солай тəсілмен шабуылдауға немесе бомбалауға тиым салынады'' . Мұндай ережелер басқа халықаралық келісімдерде де бар. Геноцид қылмыстары үшін жауапкершілік мəселесі неміс фашистері мен жапон милитаристері адамға жат нəсілдік теорияларды жүзеге асыра отырып, жаулап алған елдерінде халықты нəсілдік жəне ұлттық белгілері бойынша жаппай қырып жойған екінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды.

Қазіргі халықаралық құқықтың барынша тəн сипаттарының бірі халықаралық құқық жауапкершілігін жеке сала ретінде қалыптастыру болып табылады. Бұл үдерістегі шешуші маңыз ретінде 12 желтоқсан 2001 жылы Халықаралық құқық комиссиясы қабылдаған «Мемлекеттердің халықаралық құқыққа қарсы əрекеттері үшін жауапкершілігі» бабтарының рөлі ерекше. Комиссия жоба жөніндегі жұмысын аяқтағанға дейін-ақ оның бірқатар ережелерін Халықаралық сот қарапайым нормаларды кодификациялау ретінде таныды. Бұл акт мемлекеттердің жауапкершілігіне арналған жəне халықаралық ұйымдардың жауапкершілігі мен мемлекеттердің ұйымдар əрекеттері үшін жауапкершілігін қозғамайды. Жоба, сондай-ақ, халықаралық құқық бойынша мемлекет атынан əрекет жасайтын адамдардың жеке жауапкершілігіне қатысы жоқ. [5]

Халықаралық жауапкершілік құқығының негізгі қағидасы жəне тұтастай алғанда халықаралық құқық қағидаларының бірі ретінде кез-келген халықаралық құқыққа қарсы əрекет өзіне халықаралық құқық жауапкершілігін жүктейтін халықаралық құқық жауапкершілігі болып табылады ( мемлекеттердің жауапкершілігі туралы баптар жобасының 1-бабы). Жауапкершілікті арқалау үшін тек құқыққа қарсы əрекет жасаса жеткілікті.

Мемлекеттің геноцид үшін ( сол сияқты басқа да халықаралық жауапкершіліктері үшін) жауапкершілік мəселесі көптеген келіспеушіліктер туғызады. Мұндай келіспеушіліктер  өзінің мəні жөнінен мемлекеттің геноцид үшін жауапкершілігін, сондай-ақ нақты шаралар тізілімін көрсетеді. Халықаралық құқық доктринасы мемлекеттің геноцид үшін жауапкершілігінің мынадай 4 түрін бөліп көрсетеді:

  1. Қылмыстық
  2. Материалдық
  3. Саяси
  4. Моральдық

Бұларды дəлірек топтағанда былай деп атауға болады: заңдық (қылмыстық жəне материалдық), саяси жəне моральдық.

Халықаралық қылмыстық құқық бойынша жеке жауапкершілік  қағидасы Нюрнберг процесінің Бриан – Келлог доктринасын алмастырған маңызды тезистерінің бірі болып табылды. Бұл    доктринада    халықаралық    қылмыс    ретінде агрессия  жасағаны  үшін  мемлекеттің жауапкершілігі туралы ғана сөз болады. Бұл қағиданың талабына сəйкес, халықаралық құқық жөніндегі жауапкершілікке (ұлттық бойынша да) тек жеке тұлғалар ғана жатады. Бұл туралы Халықаралық Қылмыстық соттың 1998 жылғы 17 шілдедегі Рим статутының 25 бабының 2 бөлімінде былай делінген: «Қылмыс жасап, Соттың юрисдикциясына жатқызылған адам жеке жауапкершілік алып, аталған статут бойынша жазаға тартылады». [6]

Солай дей тұрсақ та, халықаралық құқық доктринасында халықаралық қылмыс үшін мемлекет жауапкершілігінің қылмыстық сипатын танитын барынша ықпалды бағыт бар. Оның негізін салушы деп əдетте 1925 жылы «Мемлекеттердің ұжымдық жауапкершілігі мен болашақтағы қылмыстық құқық» атты кітап жазып шығарған румындық заңгер Веспасиан Пеллді атайды. Мемлекетті «құқықтың əрекет етуші субъектісі» деп атай отырып, Пелл осындай сапасында ол жекелеген адамдарға қойылатын заң талаптарын бұрмалай алмайды, адамдарға кінə тағатын қылмыстарды жасай алмайды деп есептеді. Бұл институтты тану арқылы В. Пелл жеңімпаздың, күштінің құқығын əділеттілік құқыққа алмастыру мүмкіндігін атап көрсетеді. В. Пеллдің көзқарасынша, нағыз жеңіс басқа мемлекеттің жеңілуін мойындатуда емес, керісінше өзін жеңілісі үшін емес, халықаралық құқық нормасын бұза отырып, қылмыс жасағаны үшін кінəлі екендігін мойнына алдыру. Осылай болғанда жеңімпазды да кінəлі деп тануға мүмкіндік туады. В.Пелл, сондай-ақ, мемлекеттің құқық субъектісінің ерекше сипатын бөліп көрсетті. Егер заңды тұлғалар адамның еркі бойынша құрылған құрылымдар болып есептелсе, мемлекет ұлттың атынан сөйлейді. Ал ұлттың өмір сүруі жеке адамның ерік-жігеріне тəуелді емес. Мемлекет топтың ерік жігерін жүзеге асырады, деп есептейді В. Пелл. Егер дəл осындай ерік-жігердің  құрамында қылмыс болса, онда жауапкершілік мемлекетке, яғни ұлтқа жүктеледі.

Халықаралық қылмыстық кодекс тұрғысында В. Пелл қылмыстық санкциялар қатарына мыналарды жатқызады: дипломатиялық санкциялар (ескерту, дипломатиялық жəне консулдық қарым-қатынастарды үзу; заңдық санкциялар (мемлекет азаматтарының мүліктеріне секвестр салу); экономикалық санкциялар (блокада, эмбарго); басқа да санкциялар (бетіне басу, айып, өкілдікті халықаралық ұйымдағы құқығынан белгілі бір уақытқа айыру, құзырындағы аумақты басқару мандатынан айыру, мемлекет аумағын толық немесе ішінара  оккупациялау, тəуелсіздігінен айыру). Мемлекеттердің қылмыстық жауапкершілік тұжырымдамасын жақтаушылар арасында Г.Доннедье да Вабраны бөліп айтуға болады. Ғалым мемлекеттің қылмыстық жауапкершілігі белгіленетін мақсаттарды есепке алады, ол мемлекеттер тарапынан құқық бұзған мемлекетке елеулі жазалар қолдану айбатын көрсету арқылы халықаралық құқық бұзушылыққа ескерту жасауды осындай мақсат ретінде атайды. Мемлекеттің қылмыстық жауапкершілігін жүзеге асырудағы негізгі шарт халықаралық ұйымдардың (Ұлттар Лигасы) қарамағында нақты күштің болуы.

Геноцид жүргізгені үшін мемлекеттердің қылмыстық жауапкершілігі тұжырымдамасының қазіргі заманғы жақтаушыларының бірі – Ю.Г. Барсегов. [7] Ғалым геноцидті аумақтық экспансия саясатының  міндетті  салдары  əрі  бөлігі  ретінде  қарастырады.  Оның  тұжырымы        бойынша,

«Геноцид мақсаттары бойынша ғана емес, орындалуы бойынша да мемлекеттік қылмыс болып табылады. Тұтас халықты тек мемлекет қана өзінің мемлекеттік аппараты – үкіметтің, жергілікті əкімшіліктің, əскердің, полицияның, бұқаралық ақпарат құралдарындағы насихат қызметінің көмегімен жоя алады».

А.Н. Трайнин ''Бейбітшілікті қорғау жəне қылмыстық заң'' атты кітабында ұлттық құқықтағы заңды тұлғаны халықаралық құқық субъектісі ретінде мемлекетпен теңестіру арқылы қарастырады. Societas delinquere non potest (заңды тұлғалар қылмыс жасай алмайды) деген қағидасына қарсылық ретінде ол профессор Ру тұжырымдамасын келтіреді: “Құқықтың бірде-бір қағидасы заңды тұлғаларға қылмыстық заңмен қарастырылған қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттігін жоққа шығармайды”. А.Н. Трайнин ең алдымен мемлекеттердің геноцид үшін түрлі халықаралық құжаттарда айтылатын қылмыстық жауапкершілігінің мүмкіндіктеріне негізделеді. [8]

Мəселен, В. Пелл ''Халықаралық қылмыс кодексінің негізгі ережелерінде'' былай деп жазады: (3 баб) ''Мемлекет жауапкершілігінен басқа жеке тұлғалардың халықаралық жалпы тəртіпті бұзатын іс-əрекеттері үшін жауапкершілігі немесе əмбебап халықаралық құқықтың орын алу фактісі бар''. Халықаралық қылмыстық кодекс жобасында бір жағынан қылмыскер – мемлекет (petat delinquant), екінші жағынан қылмыскер – жеке тұлға (individu delinquant). Трайниннің жазуынша, шындығында да, заңды тұлға қылмыстық қана емес, оңды іс-əрекеттерді де тікелей жасай алмайды. Солай десек те, заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершілігі бар. Демек, автордың пікірі бойынша, заңды тұлғалардың өкілі – жеке адамдар жасаған қылмыстық құқық бұзушылықты да заңды тұлғаларға мүмкіндігі сақталған.

Жоғарыда келтірілген позицияларды сараптай отырып, геноцид үшін мемлекеттің қылмыстық жауапкершілік идеясы басқа да халықаралық қылмыстар үшін де қылмыстың алдын алу құралы ретінде тек бір авторда – В. Пеллде бар екенін айтуымыз керек. Ал қалған авторлар мемлекетті жазасыз қалдырмау міндетін алға қояды.

Бүгінде орын алып отырған, əрі осы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған жоспарланған шараларды қарастырсақ. Геноцидті жасаған мемлекет халықаралық құқықтың халықаралық құқық нормаларын бұзған субъектісі болып қала алмайды, ол «Societas delinquere non potest» рим қағидасына орай геноцидтің тікелей орындаушысы ғана емес, оның қолдаушысы əрі демеушісі болып табылатын саяси ұйыс ретінде қарастырылуы тиіс. Геноцидті халықаралық қылмыс ретінде жасаған жағдайда жан-жақты құқықтық жауапкершілік қатынастары пайда болмақ. Ол – тек жəбірленушілердің ғана емес, тұтас алғанда халықаралық қауымдастық алдындағы жауапкершілік қатынастары. Мəселе бұл жерде əмбебап міндеттемелердің, «erga omnes» міндеттемелердің бұзылуы туралы болып отыр. Мұндай жағдайда əрбір халықаралық құқық субъектісі құқық бұзушыдан қылмыстық əрекеттерді тоқтатуды жəне оның салдарын жоюды талап етуге құқылы. Мемлекеттердің жауапкершілігі туралы баптар жобасының «Мемлекеттердің халықаралық жауапкершілігінің мазмұны» деп аталған екінші бөлігінде бұзылған құқықты қалпына келтірудің'' орнын толтыру'' (өндіру) деген түрі туралы айтылады.

31 – бап:

  • Жауапты мемлекет халықаралық құқық үрдісіне келтірген зияны үшін оның орнын толық өтеуі тиіс.
  • мемлекеттің халықаралық құқыққа қарсы іс-əрекетінің нəтижесінде келтірілген кез-келген зиян, материалдық немесе моральдық болсын, залал болып табылады.

35 – бабқа сəйкес: «халықаралық құқыққа қарсы əрекет нəтижесінде келтірілген зиянның орнын толық өтеу реституция, конфискация (тəркілеу) жəне сатисфакция формасында, немесе осы аталған формалардың бірінде, немесе олардың жиынтық түрінде болады». Көрсетілген формалардың екеуі – реституция жəне тəркілеу геноцид үшін материалдық жауапкершілікке жатады. Геноцид үшін материалдық жауапкершіліктің мəні өмір сүру құралдарынан (еңбек құралдары, жылжымалы жəне жылжымайтын мүліктер, жер мен үйді қоса есептегенде) зорлықпен айыру арқылы адамдардың белгілі бір қауымын талқандауға арналған жағдайлар  жасалады. Мұның өзі геноцид қылмысының объективті жағының бір бөлігі болып табылады. (Геноцид қылмысының алдын алу жəне ол үшін жазалау туралы 1948 жылғы Конвенцияның 2-бабының ''c'' тармақшасы).

Мемлекет жауапкершілігі туралы баптар Жобасының 36 – бабына сəйкес реституцияны қамтамасыз ету халықаралық құқыққа қарсы əрекет еткен жауапты мемлекеттің міндеті болып табылады. Реституция ең алдымен құқыққа қарсы əрекет жасалғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру. Реституция: а) материалдық жағынан мүмкін емес болып табылмайды; b) өтемақы орнына реституциядан алынған пайдамен салыстыру жөнінен тең уақыт тудыра алмайды.

38 – бап. Сатисфакция: 1) халықаралық құқыққа қарсы əрекеті үшін жауапты мемлекет келтірілген зиянның орнын реституция немесе өтемақы жолымен толтырылмаса, мұндай əрекеті арқылы келген зиян үшін сатисфакция беруге міндетті. 2) Сатисфакцияның құрамында құқық бұзуды мойындау, өкініш білдіру, ресми түрде кешірім сұрау немесе осыдан басқа да əрекеттер болуы керек. 3) Сатисфакция зиянға бара-бар тең дəрежеде болуы тиіс жəне жауапты мемлекетті төмендететін формада қабылдай алмайды. Халықаралық құқық комиссиясы халықаралық қылмысты халықаралық қоғамдастықтың ең маңызды мүдделерін қамтамасыз етудегі өзекті халықаралық міндеттемелерді белгілі бір мемлекеттің бұзуы нəтижесінде пайда болатын халықаралық құқыққа қарсы əрекет ретінде анықтады. Ал оны бұзу тұтас алғанда халықаралық қоғамдастық алдындағы қылмыс ретінде қарастырылады. Халықаралық қылмыс тұжырымдамасы халықаралық құқық Комиссиясының баяндамасын талқылаған кезде БҰҰ тарапынан қолдауға ие болды. Тұжырымдамаға АҚШ пен Ұлыбритания батыл қарсылық білдірді. Тұжырымдама қарсыластарының негізгі дəлелі мынаған саяды: олар тұжырымдама мемлекет тəртібін қылмысқа жетелейді, сондай-ақ жоба мемлекеттер жауапкершілігінің айрықша тəртібін қарастырмайды дейді. Егер екінші ескерту негізді десек, ал біріншісінің, жалпы айтқанда, еш негізі жоқ. Комиссия

«қылмыс» терминін пайдалану аса ауыр құқық бұзушылық категориясын бөліп қарауды мақсат тұтқанын жəне ол ешқандай да мемлекет тəртібін қылмыстандыру емес екенін мəлімдеді. Ортақ келісімге ұмтылған халықаралық құқық комиссиясы “Жалпы халықаралық құқықтың императивті нормаларынан туындайтын міндеттемелердің елеулі түрде бұзылуы” деген мəмілелік нұсқа қабылдады. Ол күрделі əрі зор атауы бола тұра да, түптеп келгенде «халықаралық қылмыс» сыңайқындығы идеяны білдіреді. Комиссия бұған мемлекеттердің қылмыстық жауапкершілігін жоққа шығару тұрғысынан келді. Солай бола тұрса да, императивті сипаты бар айрықша маңызды нормаларды бұзғаны үшін айрықша жауапкершілік саласын бөліп көрсету қажет болды. Халықаралық құқық комиссиясы 1976 жылы мұндай бұзушылықтың шамамен мынадай тізілімін ұсынды. Негізді маңызға ие халықаралық міндеттемелерді ауыр жағдайда бұзғаны үшін: а) халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету; б) халықтардың өзін-өзі анықтау құқығын қамтамасыз ету (отарлық билік етуге тиым салу); в) адамның жеке басын қорғау (құлдыққа, геноцидке, апартеидке тиым салу); г) қоршаған ортаны қорғау (атмосфера мен теңіздердің кең аумақта ластанудан қорғау). Сонымен, құқық бұзушы мемлекет келтірген зиянды өндіру формасы геноцид үшін жауапты мемлекеттің заңдық (материалдық) жауапкершілігіне жатқызылуы тиіс. Бұларға жатқызылатындар: реституция, өтемақы (компенсация), пайыз.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Юрист, 2001ж.
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан. –19.02. 2005ж.
  1. Қазақстан Республикасының «Геноцид қылмысының алдын алу жəне ол үшін жазалау туралы конвенцияға қосылуы туралы» 29. 06. 1998ж. заңы
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16. 07. 1997ж.
  3. Халықаралық құқық комиссиясы қабылдаған «Мемлекеттердің халықаралық құқыққа қарсы əрекеттері үшін жауапкершілігі» атты жоба 12. 2001ж.
  4. Халықаралық Қылмыстық Соттың 17. 07. 1998ж. Рим статуты.
  5. Барсегов Ю. Г. Геноцид армян – преступление по международному праву. – М., 2000 г.
  6. Трайнин А. Н. Защита мира и борьбы с преступлениеями против человечества // В кн.: Защита мира и уголовный закон. – М., 1969г.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.