Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Туған жеріне қайырымды мол қайраткер.Академик С.Сартаев туралы ой

Журналист-жазушы əр уақытта - жоқшы. Жоқшының əдеті бір жоғын іздеп жүріп, екінші жоғын тауып жатады. Жаңақорғандық жерлесім Сұлтан Сартаев туралы осы эссені жазу бұдан бес-алты жыл бұрын ойға келген. Кəдімгі салғырттық... Ол кезде Сұлтекеңнің Алматының қақ ортасында М. Мəметова мен Д. Қонаев көшесінің қиылысына орналасқан, Қазақстанда алғашқы құрылған мемлекеттік емес заңгерлер дайындайтын Қазақ кұқықтану жəне халықаралақ қатынастар институты болатын. Қазақстан тарихында бірінші рет Қазақстан заңгерлер одағының президенті, сонымен қатар КСРО заңгерлер одағы төрағасының орынбасары болған,  жасы да, жолы да үлкен зиялы ағамыз болған соң, сол жұмыс орнына арнайы іздеп барып амандастым. Алпамсадай алып тұлғалы ағамыз буырқаныңқырап отыр екен. Ол кезде Алматыда жылжымайтын мүлік, жер дауы деген қызып тұрған. Бір жер, не бір мүлікке əкімшілік тарапынан бірнеше каулы шыққанын, тіпті қала əкімінің өзі қол қойған шешімді, соңынан орынбасары қол қойған шешіммен бұзылып жатқанын да көргенбіз. Оның үстіне жекешелендіру туралы алғаш қабылданған заңдар дəрменсіздеу болды. Бұл мəселелерді өз өндірістерінде қарайтын судьялар дербестігі де көңілді көншіте бермейтін... Ағамыздың бір бауыры қала орталығынан базар салуға алған заңды жерінен айырылып қалыптгы. Қарап отырмай;

  • Қалалық сотқа бергізбедіңіз бе? - дедім.
  • Бергіздім, көк соққырлар əділ шешім шығармапты.
  • Істі қараған судьяны білмеуші ме едіңіз?
  • Судья түгілі бастығы да шəкіртім болған.

Онда ренжитін ретіңіз жоқ екен ғой... - деп əңгіменің аяғын əзілге айналдырғам... Содан Сұлтекең иығы бүлкілдей біраз күліп отырып, əлігі ашуынан арылып, жайдарыланып, еркін көсілгені бар. Арада заң да, саясат та, ел болашағы да терең əңгіме болған. Бұрын байқамаған екенмін, еркін ой қозғап көсілгенде қара сөздің дүлдүлі екен. Білмейтіні аз, қай салаға салсаң да сырғытып сұңғыла пікірлер айтады. Ел тарихы туралы айтқанда əрісі Шыңғысханнан, берісі Елбасымыз Н. Назарбаевқа дейінгі аралықтағы деректердің жанды шешіресі дерсің. Жасы келгендіктен бе, əлде өзі ыждағат тұтып зерделенгендіктен бе, зиялы қоғам құқығымен сабақтастыра Құран сүрелеріне талдаулар жасағанда, қазіргі көп имамдарымыз ғалым ағамыздың шаңын қауып қалатын сияқты. Маған туған ел, аяулы туған алтын бесігі Жаңақорған туралы тебіренісі мен сағынышы туралы əңгімесі ала бөтен əсер қалдырған. Азаматтардың айтқан сөзі мен ісі қатар астасып жатса қандай жарасымды. Мемлекет қайраткері ағамыз сол кездесуде туған топырағында өзі жасаған қаншама қайырымды жұмыстары туралы жұмған аузын ашқан жоқ болатын. Есімде қалғаны қайтар кезде қазақ жəне орыс тілінде соңғы жылдары жазған өзінің жеті- сегіз кітабына колтаңбасын қалдырып, қолыма ұстатқаны ...

Өткен жылы жазушы ретінде менің 60 жылдығым туған жерім Жаңақорғанда бір жыл кешігіп барып өтті. Байқағаным, бұл кездесуді кеш те болса ұмыттырмай, əрі оның жоғары дəрежеде өтуіне дəнекер болған, елде жүргенде өзімді осы творчество жолына баулыған ұстазым, Қазақстан Жазушылар   Одағының   мүшесі,   Қазақстанның   Құрметті  журналисі, сол кездегі аудандық «Коммунизм  жолы»  газетін  редакторы, 1900 жылдан аудандық  мəдениет бөлімі жанындағы «Қазақстан Халық ақыны Манап Көкенов шығармашылық өнер мектебінің» директоры, қазіргі қазақ балалар əдебиетінің көзі тірі классигі, жасы 74 келіп отырса да ширақ қимылынан танбаған Адырбек Сопыбеков ағамыз сияқты көрінді. Жоқтаушы жанашыр ағаңның болғаны да қандай жақсы. Аудандық əкімшілік күтіп алып, жақсылап шығарып салуды осы ақын ағамызға міндеттепті. Бұл жұмыс - мен білемін, Адырбек ағамыз үшін қырық жыл бойы қалыптасқан дəстүр. Ауданға Алматыдан арнайы келген, тіпті сондағы «Жаңақорған» санаториясына ем алуға келген ақын  жазушыларға  дейін жандарына  Қазақстан  Жазушылары  одағының  жалғыз  мүшесі Адекеңді ертеді. Ақын ағамыздың өзі де шығарма талдаудың майталман шебері, оған қосымша баяндама жасағанда арқаланып, əдемі ырғақты үнімен оқырмандарды соңына үйіріп ертіп əкетеді:

«...Не барын айта жүріп өлкемізде,

Сіздермен аралаймыз бірге біз де.

Еркіңіз қанша жатып демалсаңыз,

Курорт бар жанга шипа іргемізде...» - деп ақынның «Жаңақорған - жазушылар Одағы» деген өлеңінде шалқитыны да содан. Ақынның «Фолиант» баспасынан өткен жылы жарық көрген бір томдық «Дөңгеленген дүние» жинағындағы «Портреттер» бөлімінде елуден астам ақын-жазушыға өз өлеңін арнағанын оқыдым. Менімше осы өлеңнің бəрінің осындай кездесу кезінде туылғанына менің күмəнім жоқ. Зерттесең əрбір жазылған өлең бір-бір естелік, тіпті тарихи ерекше уақиға болуы да мүмкін. Осыдан он шақты жыл бұрын белгілі ақын Жүсіп Қыдыровтың 60 жылдығын өткізгелі Алматыдан бір топ жазушылар ақының туған ауылы «Талап» кеңшарына барғанда Мемлекеттік сыйлықтың иегері, сол кезде Жазушылар Одағының екінші секретары Темірхан Медетбековтың Адырбек жасаған баяндамадан соң, «Жүсіп туралы біз де бірдеңе айтамыз ба деп келіп едік, Адырбек ағамыз мына баяндамасымен комбайын сияқты алдымызды əдемілеп түгел орып кетті, енді бізге масақ теруден басқа шаруа қалмаған сияқты...» - деген жүрегінен шыққан əдемі де нақтылы бағасына бəріміз де қосылып едік...

Жаңақорғанға поезбен жеткен күні Адекең бастаған аудан əкімінің орынбасары Болат Ибрагимов, КазГУ-де бірге оқыған курстас досым, бүгінде аудандық маслихаттың жауапты қызметкері Файзулла Сахиев жəне бір топ аудан зиялылары қарсы алды. Кешкілік «Ардагерлер үйі» клубында болатын кездесуге дейін біраз уақыт бар болған соң, түскі үзілістен кейін, аудан орталығының біраз көрікті жерлерін жаяу жүріп аралағанды мақұл көрдік. Мен Алматыға көшкелі ə дегенше ауыртпалығы мен қиыншылығы бір басқа молынан жетіп артылар, көзді ашып жұмғандай  сəтте  отыз  жыл  да  өте  шығыпты.  Сол  кездері  орталықтың  сəнін кетіріп тұратын «Нəкəлайдың көзін көрген» біраз мекеме кеңсесі орындарына, жаңа үлгіде салынған ғимараттар бой көтеріпті. Алдымен шағын ғана болғанымен алыстан көркімен көздің жауын алар екі қабатты мешіт үйіне зиярат жасадық. Мешіт «Болса тағдар екінші өмір қойғандай, Сығанақта көз жұмар ем қиналмай» деп жырлайтын ғұлама ақын һəм дін қайраткері Һисамеддин Сығанақи бабамыздың атымен аталған екен. Қатты қуандым, «көшеге көкесінің, ауылға əкесінің» есімін қоюға дағдыланған келте ойлы чиновник жанның салдырмағаны бірден байқалды. Ұзамай мешіт кіреберісіндегі «Салдырған академик С. Сартаев. 25 қыркүйек 2006 жыл.» деген жазуға көзім түскенде еріксіз аялдадым. Есіме, кезінде Адырбек ағамыз:

«...Басын қосқан қазақтың,

Баспанасы, Сығанақ.

Ақ Орданың ежелгі -

Астанасы, Сығанақ!..»-деп жырға қосқан ежелгі Сығанақ қаласының жанындағы, күмбезі көкпен таласқан көрікті «Сунақата» мешітінің салынуына да осы Сұлтекеңнің бас-көз болғаны түсті. Алматыда жасы ағамыз қарайлас бір-жар ғалымдарды білеміз ғой, солардың  өз бабаларының атын адами махаббатпен ұлықтап, өнегелі тірлік жасап, осындай иман-шаһар салып жүргендерін байқамаппын. Салмақ түгілі кешегі кеңестік тəрбиемен мешіт маңына жолаудан əлі күнге үркектеп жүргендері қаншама. Менің Сұлтекеңе деген мына ықыласымды сезіп қалған Адекең ауданның орталық демалыс саяжайына орналасқан Һисамеддин Сығанақидің алып мүсініне алып барды. Келісті салынған бұл ескерткіш те алыстан көзіме ыстық көрінді. Ойлы ғұламаға арналған ескерткіштің макетін осы ағамызбен болған соңғы кездесуде өз кеңсесінде көргенмін. Маған сол кезде-ақ терең толғауда тұрған тұлғамыздың көрінісі ұнаған болатын. Мешіт ашылған жылы осы ескерткішті де бітіріп əкеліп, қос қуанышты бірге өткізіп, лентасын қидырған екен. Жерлестерінің көзінше мүсінді жасаушы Алматыдағы Өнер жəне  көркемсурет институтының профессоры Болат Досжановтың қолына мүсін салдыру шығынынан тыс, темір тұлпардың кілтін ұстатып, иығына шапан жауыпты.

Сұлтекеңнің өз туған жері Жаңақорғанға жасаған сыйы мұнымен бітпепті. Келесі 2007 жылы, арманда кеткен аналардың анасы, Жаңақорған ауданындағы «Батыр Ана» орденінің тұңғыш иегері (ҚСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1946 жылы 8 желтоқсандағы Указы) Тоқтарова Үміт Мұратбайқызына арнаған «Үміт Ана» ескерткішін де орталық алаңға келістіріп тұрып қойдырыпты. Бұл кісінің 17 құрсақ көтеріп, 7 ұл, 3 қызды өсіріп жеткізгенін, Ұлы Отан соғысына аттандырған алты ұлының біреуі ғана жеңіспен елге оралғанынан осы ауданның перзенті есебінде мен де хабардар болатынмын. Бірақ осы ескерткішті өз қаржысына салдырған академик Сұлтан Сартаев ағамыз бала кезінде қатты науқастанып, сол кездегі дəрігерлерден дəрмен болмай, ақыр соңында  осы  Үміт  анадан  ем  алып  жазылғанын,  Сұлтекең  де  өзін  осы  ананың  бір ұрпағы санайтынын білмейді екенмін. Мына ескерткіш ғұлама ғалымның сол ана рухына жасаған перзенттік тағызымы екен. Бір қолымен бесікті, бір қолымен əлемді тербеткен Үміт сияқты аналарға қандай құрмет көрсетсең де жарасады ғой. Бірақ сол аналардың абройын азаматтық дəрежеде мойындап, осындай ұлық тірлік жасау екі адамның бірінің еншісіне жазылмаған абырой ғой. Осы жылғы Сұлтекеңнің Жаңақорғанға тартқан тағы бір тартуы, кезінде:

«...Екі жолдас ғашық болдық саған біз,

Екеуміз де саған ғана алаңбыз.

Сені көрсек қипақтап-ақ қалармыз,

Білермісің, сезермісің Жанар қыз.

Қозы, Қодар емеспіз,

Бірақ бізге керексіз. Бан сұлу боларсыз,

Қайсымызга демек - Сіз...», - деп біріміз сөзін, біріміз əнін шығарып сал дəурен жастығымызды бірғе өткізген, 44 кыршын жасында өмірден мезгілсіз өткен, тұңғыш əні «Ак Баянымен-ақ» ел есінде мəңгілік қалған əнші-сазгер Бексұлтан Бəйкенжеевтің мүсіні  болды. Біткен іске сыншы болу оңай шаруа ғой, ел алдына баянымен бірге құшағын жая күлімсіреп шыға келетін Бексұлтанды сол баянымен қоса көрсетпегені болмаса, дүниеге ғашық көзімен қарап кеткен менің құрдасымның тас бейнесі, тіршілігіндегі бүтін болмысымен əдемі жымдасыпты. Білемін, жас кезімізде Сұлтекең ауылға келсе Бексұлтанды «күйеу балам» деп таптырып шақыртып алып, өзі кеткенше əнін тыңдап, қасынан ұзатпайтын. Бексұлтан Алматыға келген кезінде де, өзін құрметтеген ағасын өзі де құрметтеп, аман-саулығын білмей қайтпайтын. Тіршілігінде сыйласқан сол сүйікті інісінің туған жер төрінде, ел есінде жүрсін деп, өз каржысына ескерткіш мүсінін Сұлтекең сиякты ғұлама ағалардың салдыруы қандай жарасымды көрініс. Мұны айтып отырғаным, қазір ел мақтанышына айналған Бексұлтан сияқты өнер шеберлеріне арнап осындай ескеркіштер орнату жұмыстары барынша қиындап кеткен заман болып тұр. Ескерткіш салу үшін алдымен жергілікті ономастикалық комиссияның жəне тиісті министрліктің ұрықсатын алу керек, одан соң ескерткішке конкурс жарияланады, одан соң жеңімпаздың  анықталуын күтесің, осының бəрін өткізу үшін қаншама каржы керек, үкімет тарапынан алынатын қаншама қаулы карарларды күтесің. Осынша тіршілікті соңына түсіп жасамақ түгілі ойлаудың өзі шашыңды ағартатын шаруа емес пе. Мына жағдайда Сұлтекеңнің беделі мен абыройы, ел алдындағы салмағы көп мəселені белден баса отырып, жедел шешуге негіз болған сияқты...

Кешкі аудан орталығы оқырмандармен болған жоспарлы кездесуімізден соң, Адекеңнің үйінде дастархан басына жиналғанда, менің Сұлтекеңнің Жаңақорған жеріне жасаған өз көзім көрген жақсылықтарына байланысты ризашылық əңгімелерімнен соң, ақын ағамыз өзінің  жазу бөлмесінен алып шығып, менің қолыма 2007 жылы жарық көрген «Өнерім Сіздерге» деген қомақты жинағын ұстатты. Менің көзіме Алматыдағы «Дəуір» баспасынан жарық көрген 26 баспа табақтық кітаптың алғашы бетіне алғы сөз орнына жазылған;

«Құрметті інім Адырбек!

Сіздің ел азаматтарына арналган өлеңдеріңізді түгелдеп осы жинаққа үлкен ілтипатпен енгізіп отырмын. Барлығының бірдей фотосуреттерін таба алмадым, ал табылғандарын өлеңдердің арасына кіргіздім.

Фотосуреттері болмай қалған азаматтардан жəне өзіңізден кешірім сұраймын. Менің бар ой-мақсатым осы жинақпен Сіздің ел азаматтарына арнаған қисапсыз мол еңбегіңізді айқара көрсету болды.

Ағаң - академик Сұлтан Сартаев» - деп ерекше қаріппен жазып, соңына өзінің төл қолын қойғаны болды. Таразылап көріңіз, қазір жасы 85-ке таянған қазақтың қай ғұлама азаматы, өзінің күнделікті тіршілігінен артылып, түкпірдегі ауылда тұрып жатқан өкшелес ақын інісінің, өзі көзін көрген бауырларына арнаған өлеңдерін жинастырып, оны мынадай жоғары сапалы қағазбен мұқабалы  жеке  жинақ  етіп  бастырып  жатыр.  Тіпті  қолымдағы  ұстап  тұрған  осы  кітап жайлы «ақсақал ағамыз осылай ерлік жасапты» деген əңгіме айтсам мына заманда сенетін жан бар ма өзі. Бірақ нақтылы шындық, расы осы екенін көзім көріп тұрған жоқ па. Адырбектің бұл өлеңдер жинағына бүкіл қазақ білетін өнер қайраткерлері Манап Көкенов, Құтбай Дүрманов, Төлепберген Əбдірашов, Тынымбай Нұрмағанбетов, Дүкенбай Досжанов, Бексұлтан Бəйкенжеев пен қоғам қайраткерлері Бегайдар Аралбаев, Исатай Əбдікəрімов, Мұхтар Əлиев, Сұлтан Сартаев, Ғафур Мұхамеджанов сияқты асыл ағаларға арналған арнаулары мен сыр өңірінің белгілі азаматтарына арналған өлеңдері, түрлі - түсті суреттерімен енгізіліпті. Бұл жұмыс Сұлтекеңнің қаншалықты уақытын алғандығын ойланып көрудің өзі қандай қиын. Кітап үш бөлімнен тұрады екен. Алғашқы негізгі  бөлігі  арнаулардан  тұрса,  «Тарихи  ізденулер»  деген  бөлімінде  Адекеңнің  Жаңақорған ауданы тарихына байланысты мұрағатқаналарда отырып тарихи тақырыптарға барған, республикалық басылым беттерінде жарық көрген мақалаларын топтастырыпты, үшінші бөлімге «Хаттар» деген айдар тағылыпты. Бұл бөлімде Адырбектің архивінде сақталып, кейінгі   жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде жарық көрген жазушы Қалмахан Əбдіқадыровтың 1964  жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясына жолдаған қоштасу хатының  қалай жазылғандығы туралы естелігі мен Адекеңнің Сұлтекеңнің өзіне жазған тоғыз хаты еніпті. Қандай ыждағаттылық. Осындай жасқа келіп отырып біреудің жазғандарын жинамақ түгілі, бізге өз жазған-сызғанымызды жинастыру əлі күнге ойға келмепті ғой. Ыждағаттылық деген осы болса керек.

Əңгімеге өзек болып отырған бұл жайттар менің Жаңақорғанға барған бір  сапарда Сұлтекеңнің жасаған, өзім көріп куə болған, қайырымдылық тірлігі екен. Мұншама игілікті тірлікті дəл қазір байлығы елден артып, шет ел асып кеткен бизнесмен бауырларымыз да жасай қоймас, тек Сұлтан Сартаев сияқты азаматтың азаматы ғана жасайды.

Содан кешкі астан соң, жұрт соңында қалып Сұлтекең жəне туған жер туралы жата қалып ойға берілейін. Туған жерді сүйсең Сұлтекең сияқты есепсіз сүю керек қой деген қорытындыға келдім. Əрине, саналы əрбір азаматтың туған жері өзіне ыстық. Сол жердің топырағынан жаралған соң, қайда жүрсе де, шамасы келсе, тіршілігінде сол жердің көгеріп, көркеюіне өзінің қолынан келген үлесін косуға тырысады. Бірақ оның да шегі, мөлшері бар ғой. Əйтпесе, бүкіл қазақ халқы сыйлап жатқан осы ағамыздың «Жаңақорғанның XX ғасыр адамы» деген құрметті атағы болмаса, жерлестерінен көрген қолдауы да шамалы. Қайбір жылы «туған жерім ғой» деп енші алыспаған екі аудан Шиелі мен Жаңақорған сайлау округінен депутаттыққа түсіп, өтпей де қалғаны бар. Сонда көзі ашық жерлестері Сұлтекеңнің көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, «Парасат»,«Барыс», «Құрмет» ордендерінің иегері, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, заң гылымының докторы, қазақ қана емес əлем мойындаған заңгер екенін білмей қалған жоқ. Белгілі ғұлама ғалымның есімі ел егемендігінің тарихымен астасып кеткенін бəрі де білді. Еліміз өз егемендігін алған жылдары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларациясы мен «ҚР Президенті лауазымын тағайындау туралы» Заңын осы кісінің   жазғанын, «ҚР азаматтығы туралы», «Тіл туралы» заңдарды талдап жасауға жəне оның  қабылдануына тікелей қатысқанын, Қазақстанның мемлекеттігін қалыптастыруда, егемендігімізді тұғырлы етуде, тəуелсіздігіміздің құқықтық кешенін жасауда атқарған ролін бəрі де білді. Шаппай бəйге беретін Сұлтекеңе солай бола тұра сенім көрсетпеді. Сонда ұлы Абайдың «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінуге жарар олы» қайда қалды. Баяғы бақай тартпа қазақтың рушылдығы. Бірақ оған сылт еткен Сұлтекең болған жоқ. Қайта туған жерін бұрынғыдан да қатты сүйе түскен сияқты.

Мен еліміз егемендігін алған жылдары республикалық «Қазақстан» телебағдарламасының саяси хабарлар бас редакциясына басшылық жасаған журналистпін. Сол жылдары құрыш денелі, бұйра шашты, көзінен нұр төгілген, Сократ маңдайлы қоңыр дауысты Сұлтекеңнің Парламент мінбесінен (1991 жылы 16 желтоқсанда) өзі дайындаған «Тəуелсіздік туралы» заңның жобасын депутаттар мен үкімет мүшелері алдында жариялап, «Біз бүгіннен бастап тəуелсіз мемлекеттердің қатарына қосылуымыз қажет!» деген пікірді қазақ азаматына тəн асқақтықпен ашық білдіргені, екінші тағы бір көрініс, сол кездегі депутаттар арасында мемлекеттің құрылымынан асып, тілге ауыз салушыларын белден басып былай деп айтқан сөзі күні бүгінгідей құлағымда тұр:

- Жоқ, мырзалар, біз жаңағы жолдастардың айтқандарын қабылдасақ - адасамыз. Ол елдіктің жолын ойластырған пікір емес. Бұра тарту деп бағалаймын. Қазақ халқын азшылық деу қиянат. Өз жеріне жетерліктей болған жəне болатын еді. Кешегі кеңестік зобалаң түбімізге жетті. Сонау көшпелі кездің өзінде-ақ қазақ өз жерін ешкімге таптатпаған. Бүгін де таптатпайды. Азшылық болғанына халық кінəлі емес. Ол қолдан жасалған зорлық. Елде салынған зауыт-фабрикаларға жұмысшылар мен мамандар сырттан əкелінді. Игерілген тың жəне тыңайған жерлерге басқа жерден адамдар ағылды. Міне, бұл тілімізге, ғұрпымызға əсер етті. Менің ұсынысым - қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын. Басқа жерде емес, казақтардың жері де, елі де осы Қазақстан Республикасы - дегенде депутаттар ду қол шапалақтаған болатын. Сонда депутаттармен бірге бүкіл қазақ елі, қазақ жері қол соққандай еді біздің Сұлтекеңе...

Депутат дегеннен шығады, ҚР Парламентінің екі дүркін шақырымының депутаты Сұлтан Сартайұлының маған берген «Ой түйіндері» атты кітабынан Парламентте жəне парламент төңірегінен туған мынадай ой түйіндерін оқыдым; «Парламент - елдің ары болмаса, оны жок деп санаңыз. Əлсіз парламент-өлі арыстан. Парламент қалғып кетсе заңды күші бар жарлық көбейеді. Парламент сүрінді дегенше Президенттің заңды күші бар жарлықтары тіріледі. Парламент заң шығаратын орган, кейде дау да шығаратын орын. Парламент сүрінді дегенше, қуылды де. Кімнің кім екенін білгің келсе - Парламентке бар. Парламент — заңды күлге аунап туа беретін тауық емес. Депутат заң шығарушы емес - заңды тұжырымдаушы. Жалғыз депутат - парламент емес, парламент - депутат емес. Арлы, ойшыл депутат - зарлы халықтың ойынан шығар, арсыз, ойсыз депутат - бір есіктен кіріп екінші есіктен шығар. Депутаттың ролі жоқ емес, оның ролін жоқ ететін бары мен жоғы бірдей депутат. Президент нашар болса - көз жасыңды кептірмес. Ақылды адам таққа отырса - күншілдердің күні батады. Тышқан таққа отырса, арыстан келіп басын иеді. Тұлғаны тұлға ететін - адам. Таққа міну оңай емес, тақтан түсу мінуден де қиын. Байыдым деп тасыма, кедеймін деп жасыма. Бастықтың бəрі ақылды емес, ақылдының бəрі бірдей бастық емес. Зорлықты жақтау - ардан безумен тең. Шындықтың құны — кейде қаның, кейде жаның, кейде арың.

Адамды адамға ұқсататын оның еңбегі мен парасаттылығы. Арың таза болса - түнің тыныш, ұйқың тынық. Біреуді күндеу - өз арыңа дақ салу. Толғағы жетпеген заңның - өмірі қысқа. Өлген арыстанға – шыбын да батыр. Өтірік - көп, шындық - жалғыз. Шындықты айту - кейде тозаққа түскенмен бірдей. Шындық тіліп түсер, тіліп түспесе іліп түсер. Заңның абыройын көтеруші де, төгуші де оны орындаушылар. Жарқырап жанған шамның майы - тез таусылады. Əкім болуға жарамағандар депутат болуға жарайтын көрінеді... Шыдамдылық созыла беретін көк жиек емес, оның да таусылатын кезі бар. Сүрінген жерден аттап өт, аттап өтпесең айналып өт. Тілді арқанмен байламайсың, ақылмен байлайсың. Тұлпар шабытына жетсе-жер тарпиды. Дарындының бəрі ақылды болғанымен, ақылдының бəрі дарынды емес. Жан жəннеті-қайырылымдылықта...» осылай деп кете береді. Осы ойлар күні бүгін де санда бар, санатта жоқ депутаттарға сабақ есебінде түсіндірілер уағыз емес пе? Халық сенім артқан депутаттардың бəрі Сұлтекең сияқты осылай ойланса, соларға сенім артқан еліміздің келешегі, əлем таңдай қағарлықтай дəрежеде өркендер еді- ау...

Қоғам жəне мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым Сұлтан Сартайұлын өз туған жеріне жасаған бұл қайырымдылығынан басқа да қырларынан мақтап əңгіме айтуға болады. Мен мақтағаннан гөрі абыз ағамыздың осы жасаған қайырымдылығын айта отырып, мақтанғым келіп отыр. Қайран қазағым, мұндай бір тума ұлымен сен де мақтан!

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.