Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасы мен дүние жүзі мемлекеттерінде делдалдықтық шарттарды құқықтық реттеу

Нарықтық қатынастардың жаңа талаптарына сәйкес, шаруашылық қатынастарының субъектілері кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге  асыру  барысында  көптеген  күрделі  мәселелерге  (мысалы: құқықтық қамтамасыз ету, коммерциялық операцияларды жүргізу сияқты) тап болды. Бұл мәселелерді шешуде коммерциялық делдалдың орны ерекше. Коммерциялық делдалдың қызметі: біріншіден делдалдың қызметімен жасалатын қызмет болса; екіншіден тауарды өндіруші мен оны тұтынушыға жеткізу арасындағы операция; үшіншіден тауарды жеткізуші мен тұтынушы тараптарды байланыстыратын шарттың пайда болуына жәрдемдесуші қызмет; төртіншіден белгілі бір ақы үшін сатушы мен сатып алушы арасында сауда шартын жасауға жәрдемдесуші қызмет [1, 41 б.]. Біздің пікірімізше, бұл делдалдықтың аталған белгілердің барлығына тән және бір тоқтамға келуге мүмкіндік беретін белгісін атап көрсетуге болады. Ол белгі тұтынушы мен өнім өндірушінің арасындағы негізгі шарттың жасалуына жәрдемдесуші қызмет, байланыс тәсілі.

Шаруашылық қатынастар делдалдықпен немесе тікелей болуы мүмкін. Тікелей қатынас өндіруші мен тұтынушының арасында пайда болатын қатынас, ал делдалдық қатынасқа  делдал  қатыса отырып, шаруашылық қатынасты бұрынғыдан да күрделендіре түсетіндігі жөнінде ғалым М.К. Сүлейменов айтып өткен [2, 35 б.]. Делдалдық қызмет көрсету шарттарына және кез келген үшінші тұлға қатысатын қатынастарға тән ерекшелік бұндағы қатынастардың күрделлене түсетіндігі, оның үстіне бұнда ішкі және сыртқы қатынастар қалыптасады. Бұндағы ішкі қатынастар қызмет көрсетуші мен қызметті тұтынушылар арасында нақты жасалған шартқа немесе сол шарт бойынша жүзеге асатын операцияға қатысты туындаса, сыртқы қатынас қызмет көрсетуші мен үшінші тұлға арасында туындайды [2, 301б.]. Бұндағы үшінші тұлға қатысатын шарттық қатынасты үш түрлі кезеңге бөліп көрсетуге болады: шартты жасау кезеңі, шартты орындау мәмілесі, аяқталған мәміле. Делдалдық қызмет көрсету шарттарындағы маңызды мәселелердің бірі, осы қатынасқа қатысушы тараптарды нақтылау керек. Ол үшін алдымен «қызметті көрсетуші» мен «қызметті тұтынушы» тараптарға қатысты «клиент» және «делдал» ұғымдарын қолданған дұрыс, ал делдал ұғымын қолданғанда қатынасқа үшінші тұлғаның қатысатындығы бірден байқалады [2, 301б.]. Осындай үшінші тұлға қатысатын делдалдық қызмет көрсету шарттары әдетте, комиссионер мен комитент, тапсырысшы мен сенім білдірілген өкіл, клиент пен экспедитор арасында туындайды. Клиент үшінші үшінші тұлғаның жеке басы маңызды емес, ол үшін маңызды нәрсе, делдалмен жасаған мәміленің тиісінше орындалғаны [2, 302б.].

Тәжірбие жүзінде делдалдық тапсырма шарты, комиссия шарты, көлік экспедициясы және жай делдалдық, өтемелі қызмет көрсету шарты, агенттік сияқты шарттармен жүзеге асады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте тапсырма, комиссия, көлік экспедиция шарттары көрініс тапқан, ал агенттік шарт пен жай делдалдық шарттары көрініс таппаған. Алайда тәжірибе жүзінде заң ұқсастығын пайдалана отырып, бұл шарттарды жасауға тиым салынбаған.

Жалпы тәжірибе жүзінде делдалдықтың түсінігі үш түрлі мағынада түсіндіріледі :

  • Сөзбе-сөз мағынада делдалдық- іскерлік бірлестігінің әртүрлі қатысушыларының аралық буыны;
  • Экономикалық мағынада делдалдық-үшінші тұлғаның қатысуымен экономикалық қызмет субъектілері арасында байланыс орнату механизмі [3, 23 б.];
  • Заңды мағынада делдалдық-делдалдың өз атынан және өз есебінен немесе өз атынан және тараптардың біреуінің есебінен жасалатын, тараптардың арасында азаматтық құқықтық қатынастарды тудыруға бағытталған шаруашылық мәмілелері [3, 22 б.].

Жоғарыда берілген делдалдық қызметке қатысты анықтамаларға қарай отырып, делдалдың анықтамасын беруге және делдалдыққа тән белгілерді атап көрсетуге болады:

а) делдалдық міндеттемелік, тұрақты қатынастардың жиынтығы;  басқа  тұлғаларға қызмет көрсету ретінде көрініс табады;

ә) ол азаматтық мүліктік айналымда пайда болады;

б) делдалдың әмбебаптық қызметі кәсіпкерлік саладағы тұтынушыларға шарт жасасуға көмек көрсетуге бағытталған;

в) коммерциялық делдалдық кәсіпкерлік қызмет болып табылады, коммерциялық делдал кәсіпкер ретінде толық тәуелсіздікке ие болады:

г) делдал заңға сәйкес әрекеттерді (мәмілелерді) жүзеге асырады; д) делдалдық қызмет барлық уақытта ақылы сипатқа ие.

Экономикалық теория коммерциялық делдалдықтың үш түрлі артықшылығын атап көрсетеді: жағдайлық артықшылық, яғни тауарлардың өндірістік жиынтылығын тұтынуға мүмкіндік туғызу; кеңістіктік артықшылық, яғни өндіріс пен тұтынудың кеңістіктік алшақтығынан келетін шығындардың төмендеуі; уақыттық артықшылық, яғни өндіріс пен тұтынудың уақыттық алшақтығынануақыттты үнемдеу [4, 286 б.]. Бұл артықшылықтың барлығы экономикалық тұрғыдан беріліп отыр.

Енді бір зерттеуші ғаламдардың пікірінше заңды мағынада делдал делдалдық шартының негізінде өз атынан өз есебінен клиент пен үшінші тұлға арасында шаруашылық байланыс орнату үшін тек нақты әрекеттер жасайды. Оған қоса ол мәміле жасауға құқылы емес, тек сол мәмілені жасату үшін екі тарапты табыстырып көмекші рол ғана атқаратындығын айтады [3, 22 б.].

Ал ғалымдардың бірі керісінше, делдал екі тараптың арасында байланыс орнату үшін кез келген әрекетті өз атынан клиент есебінен жүзеге асырады және ол әрекет тараптар үшін белгілі бір құқықтық салдар туғызуы да, туғызбауы да мүмкін. Бұл ұғым бойынша делдалдықта делдал тек нақты әркеттермен қоса, мәміле, клиент мүддесі үшін басқада заңды әрекеттер жасайтындығын көрсетіп, делдалдыққа заңды мағынада кең түсінік береді   [4, 22 б.].

1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған Азаматтық кодекстің 163 бабында «коммерциялық делдал» термині алғаш қолданылды. Бірақ кодексте делдалдар, делдалдық, делдалдық мәмілелердің анықтамасы нақты берілмеген .

Сақтандыру  қызметі  туралы  Қазақстан  Республикасының  2000  ж.18 желтоқсандағы Заңы «сақтандыру агенті», «сақтандыру брокерлері» ұғымдарын ашып, олардың қызметтерін құқықтық реттеді. Бұл заң бойынша сақтандыру агенті деп- өзіне берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымдарының атынан және соның тапсырумен сақтандыру шартын жасау үшін делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға, ал сақтандыру брокері- сақтанушылардың мүдделерін қамтамасыз ету үшін сақтандыру қатынастарында өз атынан сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасауға байланысты делдалдық қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғаны айтады.

Заң бойынша сақтандыру агенті болу үшін оған мынандай талаптар қойылады: біріншіден, жеке тұлғаның заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса, ол сақтандыру агенті бола алмайды. Екіншіден, сақтандыру агенті өз қызметінде сақтандыру шартын жасасуға құқығын куәландыратын өзге де құжатты көрсетуге; сақтандыру ұйымының лицензиясының көшірмесі мен сақтандыру ұйымы немесе барлық сақтандыру ұйымдары туралы ақпарат беруге;алған сақтандыру шарты бойынша сақтандыру талаптарымен таныстыруға міндетті. «Сақтандыру агенті- тапсырма шарты немесе сенімхаттың негізінде әрекет етсе, ал сақтандыру брокері- комиссия шартының негізінде комиссионер ретінде әрекет етеді». Бұдан, сақтандыру брокері сақтандыруға қатысты делдалдық қызметі жүзеге асырады. Сондықтан сақтандыру агентіне қарағанда, сақтандыру брокерлерінің қызмет ауқымы кең, себебі олар өз атынан әрекет етеді.

1995 жылғы 7 сәуірде қабылданған «Қазақстан Республикасы тауар биржасы» туралы заңда қолданылған «биржалық делдалдық», «биржалық делдалдар» ұғымдарына тоқталар  болсақ, биржалық делдалдар дегеніміз- биржада клиент есебінен, өз атынан әрекет ететін брокерлік фирмалар, брокерлік конторлар, тәуелсіз брокерлер.

Жоғарыда аталған сақтандыру қызметі мен биржалық сауда қызметтерін реттеуші заңнаманы салыстыра отырып, делдалдық қызметтің екі салада да кеңінен қолданылғанын көреміз. Делдалдық қызмет көрсету шарттары, делдалдық шарттар немесе оларды кәсіби ортада делдалдық мәмілелер деп те атайды. Кейбір ғалымдар клиенттің мүддесін қамтамасыз ету үшін делдалдардың қатысуымен жүзеге асатын барлық шарттарды шаруашылық делдалдық қызмет көрсету шарттары деп атайды [5, 51 б.]. Бұл шарттарда делдал нақты қызметтермен қоса, заңи қызметтерді көрсетеді, өз атынан клиент есебінен, не клиент атынан клиент есебінен, өз атынан өз есебінен барлық уақытта клиент мүддесі үшін әрекет етеді. Ондай шарттарға: тапсырма, комиссия, жай серіктестік шарты, банктік қызмет көрсету шарттары, көлік экспедициясы сияқты шарттар жатады. Егер тұлға  клиенттің тапсырмасымен контрагентті тауып ғана қоймай, мысалы өз атынан бірақ клиент мүддесі үшін онымен мәміле жасайды сондықтан экономикалық немесе құқықтық мағынада болсын делдалдық қатынастары орнайтындығы сөзсіз. Шаруашылық делдалдық шарттарда әр уақытта да екі қатынас орнайды. Клиент пен делдал арасындағы ішкі қатынас және үшінші тұлғалармен сыртқы қатынас.

Дедалдық делдалдық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пайда болады. Тәжірибе жүзінде делдалдық қызметтің пайда болу негізін құрайтын шарттар комиссия шартымен қатар бірнеше түрі кездеседі. Олар: тапсырма, басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет жасау, ақылы қызмет көрсету, көлік экспедициясы, ақшалай талапты беріп қаржыландыру, агенттік шарт, коммерциялық концессия сияқты шарттармен жүзеге асады. Десекте, жалпы делдалдық шарттарының нақты тізімі жоқ. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарында аталғандардың ішінде агенттік шарттан  басқасы орын алған. Ал, басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет жасау шартының делдалдық шарттарға жататындығы немесе оның делдалдыққа жатпайтындығы жөнінде даулы мәселе  бар. Кейбір ғалымдар бұл шартты делдалдық шартқа жатқызбайды және оған үш түрлі негізді атап көрсетеді.

«Біріншіден, делдал деп аталатын тұлға бастапқыда біреудің мүддесі үшін әрекет етіп отырғандығын және делдалдық қызмет көрсетіп отырғандығын білмейді, екіншіден сыйақы алу міндетті емес, үшіншіден басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет етуші тараптардың арасында азаматтық  қатынас орнатуға тырыспайды және ол оның өзіне немесе мүлкіне келетін зияннын алдын алады. Сондықтан заңнама бойынша да басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет ету міндеттемесіне кәсіпкерлік сипат бермейді, делдалдық шарт ретінде қарастырмайды» [6, 18 б.]. Алайда, бұл шарттың  делдалдық шартқа жатпайтындығы жөнінде заңнаманың өзінде ешнәрсе атап көрсетілмеген. Сондықтан Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде көрсетілген тапсырма шарты мен басқаның мүддесі үшін әрекет етуді салыстырмалы қарастырудың өзі жеткілікті. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 846-бабына сәйкес, «тапсырма шарты дегеніміз - тапсырма шарты бойынша бiр тарап (сенiм бiлдiрiлген өкiл) екiншi тараптың (сенiм бiлдiрушiнiң) атынан және соның есебiнен белгiлi бiр заңды iс-әрекет жасауға мiндеттенедi. Сенім білдіруші жасалатын әрекеттерді алдын- ала анықтап, оған сенімхат береді. АК-тің 850-бабына сәйкес, егер заң актiлерiнде немесе шартта көзделген болса, сенiм бiлдiрушi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi. Егер тапсырма шарты тараптардың екеуiнiң немесе олардың бiрiнiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенiм бiлдiргiшi сенiм бiлдiрiлген өкiлге сыйақы төлеуге мiндеттi. Егер шартта немесе заң актiлерiнде шартты орындаудың өтелуi көрсетiлсе, бiрақ сыйақының мөлшерi көрсетiлмесе, онда ол осыған ұқсас қызметтер үшін әдетте қабылданған баға ескеріле отырып айқындалады. Ал, ҚР АК-ның 855-бабына сәйкес, басқаның мүддесiне iс-әрекет жасау талаптары: мүдделi тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берiлген келiсiмiнсiз оның жеке басына немесе мүлкiне зиян келтiрiлуiн болдырмау, оның мiндеттемесiн орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделерi (басқаның мүддесi үшiн iс-әрекет жасау) мақсатындағы iс- әрекеттер iстiң мән-жайлары бойынша қажеттi қамқорлықпен және сақтықпен, мүдделi тұлғаның айқын олжасына немесе пайдасына және iс жүзiндегi немесе ықтимал ниеттерiне сүйенiп жасалуы тиiс». Бұл жерде айқын көрсетіліп отырғандай, басқаның мүддесі үшін әрекет жасау алдын –ала белгіленген әрекет емес, сондықтан зиянын алдын алу болғандықтан, алдын-ала кімнің мүддесі үшін әрекет етуде белгісіз болады.

Делдалдық шарттарға дилерлік шарт та жатады. Дилерлік шарт еліміздің негізгі азаматтық заңнамасында көрсетілмеген. Алайда дилер ұғымы тәжірибе жүзінде барлығымызға таныс ұғым. Әсіресе дилер ұғымы еліміздегі бағалы қағаздар рыногын реттейтін заңдарда жиі кездеседі [7; 94 б]. Дилер де, комиссионер де шартта өз атынан түседі, сондықтан мәміле бойынша құқықтық салдар клиентте емес, комиссионер мен дилерде туындайды. Бұл екеуі де жасаған мәмілелері жөнінде клиентке есеп беруге міндетті [8, 119 б.]. Алайда дилер сатушыдан алған мүлікке  комиссионер сияқты иелену құқығын ғана емес меншік құқығын алады. Комиссионер барлық уақытта клиент есебінен әрекет етеді, ал диллер өз қаражаты және тәуекелімен әрекет етеді [9, 9 б.]. Дилерлік қатынастарға комиссия шартына қатысты ережелерді қолдануға мүмкіндік бермейді. Дилерлік шартпен сатушының дилерге тауарды жай сатуы ғана қарастырылып қоймайды, сонымен қатар дилердің бұл тауарларды түпкілікті тұтынушыларға белгілі-бір анықталған жағдайда (белгілі-бір бағада, кепілдік мерзімімен, кеңес беру және басқада қызмет көрсету) таратуға міндеттенеді. Дилер тауарды алушы туралы мәліметті хабарлауға міндеттенеді, өйткені сатушы өз өнімінің тарауын бақылауға мүмкіндік алып осы мәліметтерге сәйкес өз қызметін ұйымдастырады. Сонымен сатушы үшін соңғы экономикалық нәтиже дилердің осы таратуынан кейін пайда болады. Комиссия шарты бойынша комитенттің экономикалық мүддесі өз атынан жеке шаруашылық субъектісі ретінде комитенттің мүддесі үшін мәміле жасайтын комиссионердің әрекеті арқылы қанағаттандырылады. Бұл шарттардың ерекшелігі мынада болып табылады, Мұнда түпкілікті сатып алушы тұтынушымен және сатушы арасында тікелей заңи және шаруашылық байланыс бекітілмейді (дилер жеке экономикалық субъект болып табылады және тұтынушымен жасалатын мәмілелер  бойынша құқықтар мен міндеттерді жеке иеленеді), ал комитент және үшінші тұлға арасындағы комиссия шартын орындау қатынасына комиссионер қатысады (комиссионерде осы мәмілелер бойынша өзі құқықтар мен міндеттерді иеленеді). Бірақ сатушы мен комитент ұмтылатын нәтиже өз өнімін сату немесе тауарды белгілі бір жағдайда, аталған тұлғалар үшін белгілі бір құқықтық  және экономикалық салдармен иеленуі дилер және комиссионердің қызметінің нәтижесінде пайда болады. Басқаша айтқанда дилер де, комиссионер де делдал деп саналады. Комиссионермен немесе дилермен табылған комиссионердің клиенті немесе дилердің контрагентпен тікелей байланысының жоқтығы комиссия шарты немесе дилерлік шарттан пайда болатын қатынасты делдалдық шартқа жатқызбауға негіз бола алмайды.

1995 жылы 7 сәуірде қабылданған «Тауар биржалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығында «делдал», «делдалдық қызмет» термині қолданылған, бірақ оның түсінігі берілмеген. Ал керісінше, 11 маусым 1991 жылғы Қазақ Советтік Социалистік Республиксының «ҚазақСРО тауар биржалары мен бағалы қағаздары туралы» заңында биржалық делдалдардың ұғымын береді.

Мысалы: дилер дегеніміз - бағалы қағаздар нарығында өз есебінен әрекет ететін делдалдық қызметті жүзеге асырушы жеке және заңды тұлға; брокер- бағалы қағаздар нарығында клиент есебінен әрекет ететін жеке және заңды тұлға; маклер дегеніміз - клиент есебінен, биржада делдалдық қызмет атқарушы биржаның лауазымды тұлғасы.

Делдалдық қызмет теңіз тасымалдау шартында да қолданылады. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 ж. 17 қаңтардағы N 284-ІІ Қазақстан Республикасының Заңында теңіз делдалдығында орын алатын «теңіз агентігі шарты», «теңіз делдалдық шарты», «көлік экспедициясы» ұғымдары қолданылып, ұғымдары ашылған. Бұл заңның 150-бабына сәйкес, «Теңiз агенттiгiн жүргiзу шарты теңiз агентi мен кеме иесi арасында жасалған көлiк экспедициясының шарты болып табылады. Теңiз агенттiгiн жүргiзу шарты бойынша теңiз агентi сыйақы алып және кеме иесiнiң есебiнен жүк тасымалдауға байланысты, шартта белгiленген қызмет көрсетудi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға мiндеттенедi». Осы Заңның 149-бабына сәйкес, көлiк экспедициясының шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн көлiктегi экспедиторлық қызметтi жүзеге асыру Ережелерiне сәйкес жасалады. Көлiк экспедициясының шарты бойынша бiр тарап (экспедитор) сыйақы алып және екiншi тараптың (клиенттiң, жүктi жөнелтушiнiң немесе алушының) есебiнен экспедиция шартында белгiленген, жүк тасымалдауға байланысты қызметтердi орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, соның iшiнде клиенттiң атынан немесе өз атынан жүк тасымалдау шартын жасасуға мiндеттенедi. Экспедитордың жүк жөнелтудегі көрсеттетін қызметі маңызды болып табылады. Себебі, экспедиторлар суда, әуеде, құрлықта жүк жөнелту, олардың тарифтары мен жеңілдіктіктері, тасымалдаушылардың жұмыс тәртібі, тауарды буып-түю жөніндегі арнайы қызметтерді жетік меңгерген маман болып саналады. Бұрын экспедиторлар өз атынан немесе тапсырысшы атынан әрекет ететін агент сияқты қызмет көрсетсе, ал қазір тәжірибеде орын алып отырғандай, ол басқа да жүк тасымалдау, жүк жөнелту, жүкті буып-түю, жүкті сақтандыру, жүкті тиеу, жүкті түсіру сияқты міндеттерді атқарады. Экспедитор барлық жағдайда делдал ретінде әрекет етпеуі де мүмкін. Оның делдалдық қызметі тек жүкті тасымалдау кезінде көрсетілетін бірқатар экспедиторлық қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру кезінде орын алады. Ал егер де экспедитордың өзі жүк тасымалдаушы болса, онда ол клиентпен қатынасқа түсуші жалғыз тұлға. Сондықтан клиентті де қызықтыратын негізгі мәселе жүктің жүкті қабылдап алушыға дер кезінде жетуі. Ол үшін экспедитор қандай қызмет жасайды, қалай міндетті орындайды, ол өзінің мәселесі [10,б.157].

Ал заңның 151-бабы бойынша Теңiз делдалдығының шарты бойынша, делдал  (теңiз брокерi) сенiм бiлдiрушiнiң тапсыруы бойынша оның атынан және соның есебiнен кемелердi сатып алу-сату, кемелердi жалдап алу, сүйретіп жүзу шарттарын, сондай-ақ теңiздегi сақтандыру  шарттарын жасасқан кезде теңiз делдалдығының шартында белгiленген сыйақы үшiн делдалдық қызметтер көрсетуге мiндеттенедi. Теңiз брокерi, егер тараптар оған уәкiлеттiк берсе, шарттар жасасқан кезде екi тараптың өкiлi болуға құқылы. Бұл орайда теңiз брокерi тараптардың әрқайсысына өзiнiң екiншi тарапқа да өкiлдiк жасайтынын хабарлауға және делдалдық қызметтердi көрсеткен кезде  екi тараптың да мүдделерiн көздеп әрекет жасауға мiндеттi». Көріп отырғанымыздай, теңіз тасмалдау қызметіндегі делдалдық шарттарда теңіз агентігі шарты бұл- көлік экспедиция шартымен жүзеге асса, ал теңіз делдалдық шарты- тапсырма шарты негізінде жүзеге асатын теңіз брокерімен жасалатын шарт.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, делдалдық қызмет көрсету ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шартынан да туындайды [11, 143 б.]. Бұл шарт біздің елімізде жаңадан даму үстінде, сондықтан да әлі экономикалық тұрақтылық сипатын ала қойған жоқ. Ғалым К.И. Скловскийдің пікірінше: «Комиссия шарты пен факторинг шартының ұқсастығы комиссия шартының делькредере жағдайларына байланысты факторинг туындап отыр және клиентті болашақта несиелендіруге уәде беріпғ қаржылық қызмет көрсетіп отыр» [12, 464 б.].

Көптеген дамыған батыс елдерінде фактор-компаниялар клиенттерге есеп айырысуға қатысты көптеген факторингтік қызметтер көрсетеді. Олардың қызметтері 1988 жылғы Оттава конференциясында қабылданған «Халықаралық факторинг туралы конвенциямен» реттеледі.

Қазақстан заңнамасында бұл қатынастар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 37- тарауымен реттеледі. Мұнда «ақшалай талапты берiп қаржыландыру (факторинг) шарты  деп- ақшалай талапты берiп қаржыландыру шарты бойынша бiр тарап (қаржы агентi) ақшаны басқа тараптың (клиенттiң) билiгiне бередi немесе беруге мiндеттенедi, ал клиент қаржы агентiне клиенттiң (кредит берушiнiң) осы үшiншi тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан  туындайтын өзiнiң ақшалай талабын қаржы агентiне бередi немесе беруге мiндеттенедi». Борышқорға ақшалай талабын клиент қаржы агентіне сонымен бірге клиенттің қаржы агенті алдындағы міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз  ету  мақсатында  да  беруi  мүмкiн.  Оған  қоса,  ақшалай  талапты  беріп  қаржыландыру шарты бойынша қаржы агентінің мiндеттемелерi клиент үшiн бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және берудiң нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды, сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетуді қамтуы мүмкiн. Бұл шарттағы қызмет көрсетуші тарап-қаржы агенті деп аталады. Әрине, бұл қатынастар Қазақстанда енді дамып келе жатқандықтан, тәжірибе жүзінде  жиі қолданыста орын ала қоймағандықтан, несиелік, валюталық тәуекелге жүз пайыз кепілдік бере отырып, өз тауарына уақтылы төлем алған сатушы, тауар жеткізушілермен дер кезінде есеп айырысып, соған тиісінше жеңілдіктер алуы мүмкін, бұл өз кезегінде сатушылардың бәсекелестігін нығайтады деген сөз.

Делдалдық қызметтердің түрлеріне қатысты даулы мәселелердің бірі - дистрибьюторлық (коммерциялық концессионерлердің) қызметі делдалдыққа жата ма, жатпай ма деген орынды сұрақ туындайды. Алдымен экономикалық жағынан дистрибьюторлық қызметті сауда делдалдығына жатқызады. Шындығында дистрибьюторлық қызмет қандай да бір тапсырманың негізінде әрекет етпейді, керісіше өз тәуекелімен дербес әрекет жасайды десекте, тауар өндірушілер дистрибьюторлардың көмегімен өндірген тауарларын үнемі тұтынушығыға жеткізуге көмектесе отырып, аталған байланыс түйінінде коммерциялық делдал ролін атқаратыны сөзсіз. Дистрибьюторлар қызметі тауар айналымындағы тауар өндірушілермен үнемі тығыз байланысты. Тәжірибеде дистрибьюторлық қызметі комиссиялық саудамен көп шатастырады.  Алайда дистрибутор, дистрибьютор - distributor - дистрибьюторлық қызметті жүзеге асырушы кәсіпкер немесе фирма. Бұл делдалдықтың бір түрі. Дайын тауарды көптеп(оптом) тауар өндірушіден алып, одан әрі кәсіпкерлік мақсатта сататын жеке немесе заңды тұлға. Көп жағдайда дистрибьюторлар өзі сататын тауарға ерекше құқықтарды иеленеді. Өз атынан, өз есебінен әркет етеді, бірақ үнемі тауар өндірушінің шаруашылық мүддесін ескере отырып әрекет етеді. Жай делдал немесе комиссионерден дистрибьютордың айырмашылығы ол тауардың иесі болып саналғандықтан, келетін зияндарға өз тәуекелімен әрекет етеді, өздігінен бағаны тағайындайды, сату жағдайын өзі дербес  анықтайды, сатып алынған тауардың сату бағасы арасындағы түскен айырма арқылы пайда түсіреді (комиссионер комиссиондық сыйақы алады). Сонымен дистрибьюторлық қызмет- құралдарды және «нау-хау» (соның ішінде бағдарламамен қамтамасыз ету) сатып алу, оларды орнату, жөндеу, үйрету, қолдану туралы кеңес беру барысында көрсетілетін делдалдық және маркетингтік қызметтердің жиынтығы. Көбінде дистрибьюторлар тауар өндірушілермен белгілі бір тауарды үнемі саудада сатып отыру туралы ұзақ мерзімді шарт жасайды. Шындығында дистрибьтор мен тауар өндірушінің арасында жасалатын шарт бойынша, дистрибьтор белгілі бір тауар белгісі бар тауарды үнемі өзінің тауар сату орындары арқылы сатып отыру жөнінде жасалатын шарт.

Шарт бойынша дистрибьютерге бірқатар міндеттер жүктеледі. Мысалы: тауар өндірушіден үнемі тауарды алып тұру, тауардың белгілі бір аумақтағы айналым қозғалысын сақтау немесе кеңейту, тауарды жарнамалау т.с.с.. Бұнда атап өтер бір жағдай, заң тұрғысынан алғанда дистрибьютор тәуелсіз болып саналғанымен, кей жағдайларда тауар өндірушілер өздерінің талаптарын қоя отырып, белгілі бір нұсқаулар береді. Әсіресе халықаралық деңгейде дистрибьютор тауар өндірушінің тауардың белгісі белгілі бір аумақта қолданады. Ал шарт бойынша тауар өндірушінің мынандай міндеттері бар: дистрибьютордың тауарды сату үшін мүмкіндік жасайтын жүйелі орындарын құру, тиісті жиынтық бойынша дистрибьютларды тауармен қамтамасыз ету, тиісті ақпарат пен жарнама материалдарымен қамтамасыз ету, барлық дистрибьюторларға бірдей жағдай мен талап қою. Оған қоса, егер де тауар өндіруші тауарды жеткізіп беруге мүмкіндігі болмаса, дистрибьюторлар тауар өндірушілерге сату-сатып алу шарттарын жасауға міндеттей алмайды, алайда оған қатысты келтірілген зиянды өтеттіре алады. Сауда делдалдарына қарағанда дистрибьюторлар тауарды сату барысында дербес шығынды өздері көтереді (ерекше жағдайда тауар өндірушінің нұсқауымен шығын шекпесе). Дистрибьюторлық шарттағы ерекше ереже болып саналатын жағдай мынау: біріншіден тауар өндіруші дистрибьютор сататын тауарды бұл аумақта өзі сатпауға міндеттенеді, ал екіншіден дистрибьютор тауар өндірушінің басқа бәсекелестерінің тауарын сатпауға  міндеттенеді. Сондықтанда дистрибьюторлық шарт күрделі шарттардың бірі болып саналады. Себебі онда сатып алу-сату шартының, жарнамалау, сервистік қызмет көрсету, тауар белгісін қолдануға қатысты интеллектуалдық меншік (лицензиялық шарт) қатынастарының ережелері қолданылады. Оған қоса дистрибьютор тауарды сатқан, сатпағанына қарамастан, тауар өндірушімен есеп айырысуға міндетті. Шарт ұзақ мерзімді сипаттағы шарт болып саналады.

Ал Агенттік шарт Ресей, АҚШ, Франция, Италия,Ұлыбритания т.с.с. көптеген дамыған мемлекеттердің заңдарында көрініс тапқан.

Агенттік шарт Ресейдің азаматтық кодексінде тек 1996 жылы ғана енгізілген. Ресей АК-нің   1005 бабына сәйкес, «Агенттік шарты бойынша агент екінші тараптың тапсырмасымен сыйақы үшін өз атынан немесе тапсырысшы атынан және соның есебінен бірнеше заңды әрекеттер жасауға міндеттенеді». Агенттік шарт негізінен англо-американдық және континентальдық құқық жүйесінен белгілі болғандай, тапсырма шарты мен комиссия шартының ережелерін қамтиды Бұл туралы ғалымдар былай дейді: «Ағылшын- американ құқығындағы агенттік шарт жалпы құқықта қолданылып жүрген агенттік шарт үлгісін қолданады, ол бойынша комиссия шарты мен тапсырма шарты агенттік шартқа бағынысты институт ретінде танылады» [14, 330 б.].

Ал біздің елдің заңнамасында бұл шарт көрсетілмегендіктен, ол үшін не тапсырма шарты немесе комиссия шарты жасалады. Ресейдің жаңа азаматтық кодексі қабылданғанға дейін де ол тапсырма немесе комиссия шартымен реттелді. Алайда жаңа кодекстері қабылданған соң, агенттік шарты жеке шарт ретінде атап көрсетті. Оған мынандай ережелер себеп болса керек: біріншіден тапсырма шартының пәні-нақты заңды әрекеттер жасау, комиссия шартының пәні-мәміле жасау қызметі, ал агенттік шартының пәні- заңды және нақты қызметтер көрсетеді( жарнама компанияларының маркетингтік зертеу жүргізуі, серіктестер табу т.б.) [15, 65 б.]. Әлі күнге дейін заңды әрекеттер мен нақты әрекеттердің арақатынасы ажыратылған жоқ. Заңды әрекетер сипатына байланысты мәміле жасау, сотта өкілдік жасау сияқты т.б. әрекеттерді қамтиды.

Дүние жүзінде агенттік шартың екі үлгісі қалыптасқан. Ол агенттік шарттың Ресейлік және Ұлыбритания мен АҚШ қалыптасқан агенттік шарттың үлгілері. Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінің 1005 бабына сәйкес, агенттік шарт дегеніміз- бір тарап (агент) сыйақы үшін екінші тараптың (принципал) атынан немесе өз атынан бір немесе бірнеше заңды және нақты әрекеттер жасауға міндеттенеді [15, 65 б.]. Кеңес дәуірінде агенттік келісім тек сырқы сауда мәмілесі ретінде ғана танылып, пәні ретінде тек заңды әрекеттер жасау ғана танылған [15, 32 б.]. Қазіргі Ресей заңнамалары бойынша агенттік шарт тек заңды әрекеттер ғана емес нақты әрекеттер де жасай алады. Оған қоса, шарт екі тарапты ақылы, консенсуальды, жеке сенімділік сипаты жоқ, мерзімі көрсетіліп те, көрсетілмей де жасалатын шарт. Оған қоса, агенттік шарт комиссия шартының да, тапсырма шартының да модельін қолданыла алады. Агент өз атынан клиент есебінен әрекет етсе, комиссия шартын, клиент атынан клиент есебінен әрекет еткенде тапсырма шартының моделін пайдаланады.

Ұлыбритания және АҚШ заңдары бойынша агенттік шартты қарастырған кезде алдымен бұл мемлекеттердің осы қатынастарды реттейтін заңнамаларына тоқталған жөн. Ұлыбританияда 1889 жылы қабылданған «Факторлар туралы», 1925 ж.«Меншік туралы», 1967 ж. «Жалған өкілдік», 1971ж. «Сенімхат туралы» заңдары қабылданды. Алайда әлі күнге дейін прецеденттік құқық  бұлардан бұрын аңызды орынға ие болып отыр [16, 3 б.]. АҚШ-да агенттік шарт федералдық деңгейде («Автокөлік агенттері туралы», «Бөлшектік дилерлік келісім туралы» 1982ж. заңдары) ғана емес жекелеген шататтардың (Аризона Джоржи шататтарының мұнайөнімдері, ликерлер, автокөлік, ауылшаруашылығы және құрлыс құрылғылары туралы нормативтік құқықтық актілері) деңгейінде реттейді [17, 66 б.]. Бұл мемлекеттерде агенттік шартты реттеудің жекелеген ерекшелігі бола тұра, агенттік шартты реттеуде «жалпы құқықта» қолданылатын агенттік шарт ұғымын қолданады. Агент мәміле жасауды жүзеге асыратын делдал, ал оның жасаған мәмілесі принципал үшін жасалған мәміле болып табылады. Бұл бойынша агенттік шарт( «the contract of agency») дегеніміз- бір тараптан агент екніші тараптың тапсырмасы және соның есебінен әрекеттер жасау үшін жасалат  келісім. Агент болып жеке және заңды тұлға танылады [18, 280 б.]. Бұл жерде айта кететін тағы бір мәселе, жеке тұлға агент болғанда оның толық әрекет қабілетттігі («active capacity») болуы міндетті  емес, кәмілетке толмаған агентке қойылатын жалғыз талап өзі жасаған әрекеттердің салдарын түсінуі керек [18, 280 б.]. Бұнада агенттің толық әрекет қабілеттілігінің болмауы, оны принципал  алдындағы кейбір жауаптылықтардан босатады [18, 280 б.]. Ал заңды тұлға агент болуы үшін оның құрылтай жарғысы бойынша оған өкілдікке рұқсат берілген және арнайы құқық қабілететттікке ие тек мәмілелер ғана жасай алады. Ғалым Ансон Вильем агенттік қатынастар бес түрлі жағдайда қалыптасуы мүмкіндігін былай көрсетеді: екі жағдайда принципал үшінші тұлғаларға қатысты жауапкер де, талапкерде бола алады, жеке талап қояда да алады, ал соңғы үш жағдайда талап қоюға болады, алайда оны жеке өзі қоя алмайды [19, 373 б.]. Екінші жағдайға қатысты мынандай талаптар орындалуы керек:

1) өз әрекеттерін жасаған кезде агент болашақта болатын принципал үшін агент ретінде әрекет етіп жатқан болу керек;

2)принципал нақты бар тұлға болуы керек;

3)принципал шартты жеке өзі жасай алатын қабілетті тұлға болуы керек;

4)қабылдау нысаны ондағы принципалдың агенттің әрекеттін қабылдағаны не қабылдамағаны айқын көрініп тұруы тиіс [19, 373 б.]. Ал үшінші презюмерлік өкілеттілік кезінде мынандай үш түрлі маңызды мәселе ескерілуі тиіс: біріншіден бұндай өкілеттілік принципалдың өзінде болуы керек немесе ондай өкілеттілікті агентке принципал өзі хабарлап беруі тиіс, екіншіден үшінші тұлға агентте бұндай өкілеттіліктің бар екендігін білуі тиіс, үшіншіден бұндай өкілеттіліктің жоқтығы жөнінде үшінші тұлға білмеуі тиіс [19, 373 б.]. Бұндай жағдайлар көбіне қолданылмайды, тек агент өкілеттігінен шығып әрекет еткенде қолданылуы мүмкін. Қажетті жағдайларда бір тұлға екінші тұлға қатысты агент ретінде әрекет етуі мүмкін. Алайда оған принципалдың келісімі керек емес. Бұны «қажетті өкілдік» деп атайды. Қажетті өкілдік кезінде үш түрлі жағдай сақталуы тиіс: дәл осы жағдайдан шығу осы әрекетті жасау арқылы ғана мүмкін болса, агент өз принципалымен байланысуға мүмкіндігі болмаса, агент өз принципалының мүддесі үшін адал әрекет етуі керек.

Жалпы алғанда, сауда қатынастары әсіресе көрші мемлекттер арасында қарқынды дамитындықтан, олардың азаматттық құқықтық заңнамасын зерттеу мемлекет қажеттілігі. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының азаматтық заңнамаларында онша алшақтық болмағандықтан, сыртқы делдалдық қатынастарда аса көп қайшылық туындамайды. Ал керісінше, қазіргі экономикалық дамуда тауардың импорты мен экспорты беделге ие болып отырғанда, алпауыт көршіміз қытай мемлекетінің азаматтық заңнамасын зерттеу аса қажеттілікті талап етіп отыр.

Жалпы қорыта келе, коммерциялық делдалдық қызмет тауарлар мен қызметтерді өндірудің деңгейіне үлкен әсерін тигізеді және ұлттық экономиканың дамуына және әлемдік нарықта оның бәсекелестік қабілеттігін арттыруға көп үлесін қосатындығына тағы бір рет көңіл аударғымыз келеді. Сондықтан, тәжірбие жүзінде «комиссионер делдал» сақтандыру брокері, сақтандыру  брокері, бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушысы брокер, көлік экспедитор,дилер, маклер,кеден брокері, агент және т.б. түрлерде көрінеді. Комиссия шартының негізінде ғана емес басқа да азаматтық шарттардың негізінде туындайтын делдалдық қызметтерге ғылыми зерттеу жүргізу өз құндылығын ешқашан жоймайды.

 

Әдебиеттер

  1. Корельский В.Ф., Гаврилов Р.В. Биржевой словарь: В 2-х т. - М., 2000. – 2 том- 41 с.
  2. Сулейменов М.К. Структура договорно-хозяйственных связей. - Алматы, 1980. – 35 с.
  3. Скороходов С.И. Договор комиссии по законодательству РФ и практика его применения в предпринимательской деятельности. Дисс.. канд. юрид. наук: 12.00.03. – Томск, 2003. – 250 с.
  4. Егоров А.В. Понятие и признаки посредничества в гражданском праве // ИГ Юрист. - 2002. - № 1. – С.248.
  5. Сулейменов М.К. Хозяйственно-посреднические договоры услуг // Советское государство и право. – 1973г. - №3. –С.51.
  6. Секерин А. Посреднические договоры. - М.,2000. – 170 с.
  7. Шмитгофф К.М. Экспорт: право и практика международной торговли . - М.: Юрид. Лит., 1993. – 387 с.
  8. Скороходов С.В. Правовая природа посредничества // ЭЖ-Юрист. - № 18. – С.2-3.
  9. Сидорова А.И. Посредническая деятельность на рынке ценных бумаг. Автореф. канд. юрид. наук: 00.03.- М.,1999.– 29 с.
  10. Шмитгофф К.М. Экспорт: право и практика международной торговли . - М.: Юрид. Лит., 1993. – 387 с.
  11. Скловский К.И. Договоры об уступке требования факторинга в судебной практике /В кн.. Собственность в гражданском праве. Учебно-практическое пособие. - М.:Дело,1999. – 520 с.
  12. Тынель А.,Функ Я., Хвалей В. Курс международного торгого права. - Минск, 1999. – 407 с.
  13. Германское право / Пер. с нем. - М.: Международный центр финансово-экономического развития, 1996. - 413 б.
  14. Эннекцерус Л.Т. Курс германского гражданского права. Т.1 Полутом 2, - М.,1950. – 520 с.
  15. Витрянский В.В. Гражданский кодекс о договоре // Вестник ВАС РФ. 1995. - №10. – С.65-68.
  16. Рябиков С.Ю. Законодательство Великобритании, ФРГ и Франции о торговом представительстве(об агентских договорах). - М.,1984. – 210 с.
  17. Горе Аннга Г. Агентский договор.- М.,1978. –184 с.
  18. Ласк Г. Гражданское право США. - М.,1961. – 280 с.
  19. Ансон Вильем Рейнел. Договорное право. - М.: Юридическая литература, 1984. – 373 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.