Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны радиациалық ластанудан құқықтық қорғау мәселелері

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Әсіресе, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты.

Осыдан отыз-қырық жылдай бұрын «экология» сөзін негізінен мамандар, ғалымдар ғана қолданатын. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарында экология мәселелері бүкіл жаһан көлемінде күн тәртібіне қойыла бастады. Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің өмірінде экологияға қатысты көкейкесті мынадай мәселелерді ашып көрсету қажет. Адамзат қажетіне шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізетін әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жедел су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті. Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық өрлеумен тікелей байланысты.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі өз өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған ел қатары оннан аспайтын болса, соғыс  аяқталысымен индустрияландыру науқаны жаппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті. Екіншіден, бұл жылдарда дүние жүзіндегі демографиялық жағдай да үлкен өзгеріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халықтың жылдам өсуі табиғатқа деген «тұтыну қысымын» өсіреді [1].

Табиғат компоненттері өзара үйлесіммен құралған. Оның даму жолының өзіндік заңдылығы бар. Қазіргі экологиялық дағдарыстың түпкі себебі осы заңдылықты білмеуде, оған жөнсіз араласуда жатыр. Осыдан табиғаттың зат және энергия алмасу жүйесі бұзылады. Сондықтан әрбір  қоғам мүшесі табиғат құбылыстары негізімен аздап болса да таныс болуы керек.

Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриалды дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерінің көлемін өсіре түсуде.

Қоршаған орта - атмосфералық ауаны, Жердiң озон қабатын, жер бетiндегi және жер астындағы суларды, жердi, жер қойнауын, жануарлар мен өсiмдiктер дүниесiн, сондай-ақ осылардың өзара әрекетiнен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектiлердiң жиынтығы.

Қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ластағыш заттардың, радиоактивтi материалдардың, өндiрiс және тұтыну қалдықтарының түсуi, сондай-ақ шудың, тербелiстердiң,  магнит өрiстерiнiң және өзге де зиянды физикалық әсерлердiң қоршаған ортаға ықпалы [2].

Қоршаған ортаны ластанудан қорғау – ең алдымен, адамның өмірі мен денсаулығын, болашақ ұрпақтың мүдделерін қамтамасыз ету, табиғи ортаға қарсы зиянды іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау және қоршаған ортаны тиімді пайдалану мақсатын көздейді. Экология  саласындағы  құқықтық  нигилизм  мемлекетіміздің  бірыңғай  құқықтық  кеңістігін бұзады және ұлттық қауіпсіздігімізге нұқсан келтіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003    жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының  2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында экологиялық қауіпсіздік проблемаларын жаһандық, ұлттық және жергілікті ретінде шешудің маңыздылығы мен деңгейіне байланысты қаралады делінген [3].

Экологиялық сауатсыздықты жою - Үкіметіміздің халық арасында жүргізетін негізгі бір жұмысына айналуға тиіс. Бұл салада таза ештеңе істемей отыр деу әділетсіздік болар еді. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында халыққа экологиялық білім беру мәселесіне айрықша назар аударылған. Экологиялық білім жүйесінің үлкен бір саласы- жалпы халыққа білім мен тәрбие беру. Біздің халқымыз табиғатты күтуге оның байлықтарын тиімді пайдалануға үйренбеген.

Кез-келген жерде орман ағашын шауып ала береді, тіпті ағаш шапқан жерді де тазаламай орнын қоқысқа айналдырып кетеді. От жақса оны сөндірмейді. Осының бәрі табиғатты аяламаушылықтың әсері. Сондықтан табиғатты аялап, таза ұстауымыз керек [4].

Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі радиациялық ластану болып қалып отыр. Қазақстан аумағында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің аумағының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан аумағында радиациялық ластану көздеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғаламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.

1949-1996 жылдар аралығында Қазақстан жерінде 500-ге жуық ядролық сынақ жарылыстары жасалды. Ол 20 млн. га жердің тоз-тозын шығарып, тіршіліксіз экожүйеге айналдырды. Одан мил- лиондаған адам тұратын елді мекендер әлі зардап шегіп отыр. Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн.т. қатты радиоактивті қалдықтар жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,6 млн. адам мутагенез ауруына шалдыққаны анықталған [5].

Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны радиациялық ластанудан қорғаудың құқықтық реттелу мәселесін жан-жақты зерттеп, қазіргі кездегі еліміздегі қоршаған ортаның жалпы жағдайына талдау жасау және экологиялық қауіпсіздіктің мәселелерін қарастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны радиациялықлық ластануды мемлекеттiк  реттеу- ядролық және радиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi нормалар мен ережелердi әзiрлеу, бекiту және күшiне енгiзу, атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерiн лицензиялау, қадағалауды жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi органның қызметi. Радиациялық қауiпсiздiк - қызметкерлерге, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсердi белгiлеген нормаларға сәйкес шектейтiн шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген радиациялық жағдайдың жай-күйi [6].

Экологиялық жағдайлардың бәріне талдау жасау, оның зардабынан сақтандыру, шаралар қолдану, қоғамдық пікір туғызу үшін көпшіліктің экологиялық білімі мен тәрбиесін, мәдениетін көтеру керек. Ол үшін Елбасы қолдап отырған экологиялық білім беру ісін жүйелі түрде іске асыру қажет. Барлық оқу орындары жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беруді жоғары деңгейге көтеру парыз. Қазіргі уақытта Қазақстанда экология жағынан «таза» облыс жоқ. Экологиялық картаны алып қарасақ, кең- байтақ Қазақстанның барлық облыстары, барлық өңірлері түрлі зиянды, залалды  заттармен былғанған. Яғни, республика бойынша экологиялық «таза» облыс жоқтың қасы. Мәселен, орталық өңірді қарайық - Арқа жерінде - сынап, Теміртауда – карбид, Павлодарда - химия зауыты, Ақмола, Павлодар облыстарында уран өндірісінің үйінділері сақтаулы. Республиканың батыс аймағындағы Атырау облысында күкірт үйінділері мөлшерден тым артық. Өңірде аумағы 5 мың гектар алапта жатқан қарамайлы жерлер батыстың барлық облысын қамтыған. Маңғыстау облысында радияциялық қалдықтар болса, Ақтөбе облысындағы ең қауіпті мәселе - хром. Қазақстанның оңтүстігінде 1   млрд. 1 млн. тоннадан астам өте қауіпті болып табылатын фосфор қалдықтары жинақталған. Шығыста ластанған шахта суларының өзендерге құйылуы үлкен экологиялық проблема тудырып отыр. Бұдан басқа, аймақта өнеркәсіп ошақтарының күлге айналған үйінділері алаңдатарлық мәселе болып табылады. Бұрыннан келе жатқан әскери полигондар, оның ішінде бірінші кезекте Семей полигоны, Азғыр полигоны мен Байқоңырдың қоршаған ортаға жағымсыз әсері зор екендігі белгілі.

Республика бойынша 6 мың 325 елді мекенде коммуналдық қалдықтардың 4 мың 525 полигоны бар болса, бұның тек 7 пайызы ғана заңдастырылған. Ал жиналған қалдықтардың тек 2 пайызы ғана кәдеге жаратылса, басқалары ашық-шашық күйінде жатыр, ауаға таралуда. Елімізде коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару қызметімен елді мекендердің тек 25 пайызы қамтамасыз етілген [3].

Радиоактивтi ластану Қазақстанның экологиялық қауiпсiздiгiне елеулi нақтылы қатер төндiредi, олардың көздерi мынадай негiзгi төрт топқа бөлiнедi: 1) жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелген жабдығы); 2) ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар; 3) мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары; 4) ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi).

Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын кен орындары мен уран байқалатын кенiштер, уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық жарылыстар жасалған жерлерде шоғырланған қалдықтар бар. Қазақстан аумағының 30%- iнде адам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшiн пайдалану қауiптi болып табылады[7]. Қазақстанның кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздерi бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшiн аса қауiптi болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды. Сонымен қорыта келе, халықтың радиоактивтi улануын және қоршаған ортаның ластану қаупiнiң алдын алу үшiн:

  • радиоактивтi ластану көздерiн түгендеу жөнiндегi жұмысты аяқтау және 2015 жылға дейiн табиғи радиактивтiлiктiң халықтың денсаулығына терiс әсерiн зерттеудi қамтитын  бағдарлама әзiрлеу, сондай-ақ құрылысқа арналған алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезiнде шектеу шараларын қабылдау;
  • ауыз судың табиғи көздерiнiң радиоактивтi ластануына бақылау жүргiзу және Мұнай ұңғымалары мен өздiгiнен төгiлетiн және өздiгiнен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау бағдарламасының шеңберiнде радионуклидтердiң жоғары құрамы бар гидрогеологиялық ұңғымаларды жою;
  • жоғары радиациялық сәуле алу қаупi туралы халықты уақытылы хабардар ету жөнiнде шаралар әзiрлеу;

2015 жылға қарай Уран өндiру өнеркәсiбiнiң радиоактивтi үйiндiлерiн түгендеу және олардың қоршаған орта мен халықтың денсаулығына әсерiн айқындау жөнiндегi жұмысты аяқтау қажет.

Қорытындылай отырып, қоршаған ортаны радиациялық ластанудан құқықтық қорғау дегеніміз – адамға қолайлы қоршаған ортаның болуын қамтамасыз етуге, және оны сақтауға, табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылы мен тепе-теңдігін сақтауға, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға байланысты қоршаған ортадағы радиациялық әсерді халықаралық деңгейдегі нормаларға сәйкес сақтауға бағытталған құқықтық нормалар жиынтығынан тұратын шаралар жүйесі болып табылады.

Аталған мәселенің кешендi шешiлуi радиоактивтi қалдықтарды ұқсату мен көму жөнiнде мамандандырылған ұйым құруды көзделуi тиiс. Аталған iс-шараларды жүргiзудiң нәтижесi халықтың сәуле алуы мен қоршаған ортаның радиоактивтiк ластануын төмендету болмақ.

 

 

Әдебиеттер

  1. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология оқулығы. – Алматы: - Экономика.- – 87 б.
  2. Қазақстан Республикасы. 9 қаңтар 2007 жылғы Экологиялық кодексі // ҚР Парламентінің жаршысы. – 2007. - №1.
  3. Қазақстан Республикасының №1241 3 желтоқсан, 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы // ПҮАЖ. -2003. - № 47.
  4. Назарбаев Н. Қазақстанның ядролық тарихындағы соңғы нүкте // Егеменді Қазақстан. - 2007. - 27 мамыр.
  5. Бейсенова А. География-Экология-Қоршаған орта // Егеменді Қазақстан. - 2009. - 19 қазан.
  6. Қазақстан Республикасы. Атом энергиясын пайдалану туралы 14 сәуір 1997жылғы заң // ҚР Парламентінің жаршысы. – 1997. - №7.
  7. Шемшученко Ю.С. Охрана окружающей среды в городах. – Киев., 1981. - 132 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.