Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тұрар Рысқұловтың мемлекет жəне құқық туралы идеялары

XX ғасырдың басындағы сұрапыл жəне ұлт пен мемлекет үшін шешуші кезеңде көптеген зиялы азаматтар арасында Тұрар Рысқұлов та тарих сахнасына шықты. Қазақстанның қазіргі оңтүстік облыстарының аумақтары кіретін Түркістан өлкесінде Кеңес үкіметін орнатуға, Түркістан АССР-нің мемлекеттік-құқықтық тұрғыдан қалыптасуына, өңірдің саяси-əлеуметтік жағдайының жақсаруына атсалысқан, кейіннен Түркістан Республикасында түркі тілдес халықтарының ортақ мемлекеттілігін, олардың саяси дербес болуы үшін көп еңбек еткен азаматтың бірі – осы Тұрар Рысқұлов болатын. Оның текетіреске толы, өмірінің соңына дейін елі мен жұртының қамы үшін күрескенін халық жадынан шығармайды.Қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов өзі өмір сүрген кезеңде туған елінің болашағы үшін көп нəрсе жасады. Рысқұловтың артына қалдырған өшпес мұрасы – саясат, экономика жəне рухани құндылықтар тақырыбына жазған публицистикалық, терең зерттеу еңбектері мен мақалалары бүгінде өз ұрпағына қызмет етуде. Əсіресе, солардың ішінде экономика жəне қаржы-қаражат мəселелеріне арналған еңбектерін ойшылдар мен жас ғалымдар əлі күнге дейін іздеп оқиды.

Т. Рысқұловтың басшылығымен Түрікаткомның түбірлі жаңа саясат ұстана бастағанынан қауіптенген Түріккомиссия оған астыртын тосқауыл қоюға көшеді. 1920 жылы 18 ақпанда Өлкелік партия комитеті, Түрікатком, Түрікомиссия жəне республиканың бірнеше комиссариатының басшылары қатынасқан мəжілісте Түріккомиссияның Түркістан майданы жанындағы Ерекше бөлім мен Түркістан Республикасының Төтенше Комиссиясының (Турчека) біріктіру туралы ұсынысы талқыланады. Ерекше бөлім Түркістан майданы басқармасы арқылы тікелей Мəскеуге, ал Төтенше Комиссия сынды репрессиялық органды Ерекше бөліммен біріктіру арқылы оны Түрікатком құзырынан шығарып алуға əрекеттенді. Т. Рысқұлов мұндай айлалы əрекетке қатты қарсылық білдірді. «Ерекше бөлім мен Төтенше Комиссияның бірігуіне жол беруге болмайды, - дейді Т. Рысқұлов, - өйткені Ерекше бөлім Түркістан майданы Революциялық-əскери Кеңесіне бағынады, ал Төтенше Комиссия Түрікаткомға бағынуға міндетті. Түрікаткомның Ерекше бөлімге жалынышты болуы ақылға сыйымсыз іс. Ерекше бөлім жергілікті жердің нағыз қожасына айналады жəне Түрікатком Ерекше бөлімнің өкілдері мен жансыздары (тыңшылары) тарапынан жіберілуі мүмкін түрліше өрескелдіктермен күресе алмайтын қалге ұшырайды. Сондықтан Түрікаткомды жоққа шығаруға болмайды. Орталық өкілін Ерекше бөлімнің бастығы етіп тағайындағанда Түрікаткоммен санасқан жоқ» [1, 115 б.].

Негізгі ойлары мен айла іс-əрекеттерінің сыры ашылып қалғанына наразы болған орыс коммунистері Т. Рысқұловқа бірігуден келер қауіп жоқ деп түсіндіре бастады. Мысалы, өз сөзінде Кактынь былай деді: «Ерекше бөлім мен Төтенше Комиссияның Революциялық-əскери Кеңеске бағынғаннан Түрікаткомға келер қауіп жоқ, себебі Түрікатком Өлкелік партия комитеті арқылы Ерекше бөлім мен Төтенше Комиссияның ұнамсыз жəне лайықсыз қызметкерлерін кез-келген уақытта алып тастай алады». Өзінің жауап сөзінде Т. Рысқұлов: «Ерекше бөлім өз қызметін халық бұл мекемеден шошынбайтындай етіп ұйымдастыруы керек. Бұл мақсатқа Ерекше бөлім Революциялық-əскери Кеңестің емес, Түрікаткомның басшылық нұсқаулары арқылы ғана  жете алады, өйткені Түрікатком таза əскери мекеме - Революциялық-əскери Кеңеспен салыстырғанда халыққа анағұрлым жақынырақ. Мейлі, Төтенше Комиссия Ерекше бөліммен бірге-ақ қойсын, бірақ екеуі де Түрікаткомға бағынатын болсын.» Ал Түріккоомиссияның дөрекі іс-əрекетіне ыза болған Н. Ходжаев: «егер Түріккомиссия Түрікаткоммен санасқысы келмесе, онда бұл туралы ашық айтсын. Түрікаткоммен санаспау дегеніміз республикада өмір сүріп отырған өкіметті күлкі ету деген сөз», – деп ашына сұрақ қояды. Бірақ, мəжіліс орыс коммунистерінің дауыс басымдылығымен бұл екі органды да Мəскеуге тікелей бағынатын етіп қаулы қабылдады.

Мəжілісте Ф.И. Голощекин Т. Рысқұловқа жаңа саясат ұстана бастағаны үшін кінəлай келе, былай деді: «жүргізілер саясаттың барлық бағытын жоғарғы партиялық орган ретінде Өлкелік партия комитеті белгілеп отырады, ал Түрікаткомның міндеті, өлкелік партия комитетінің пікірін басшылыққа алып, мемлекеттік машинаны белгілі бір бағытта жұмыс істеуге мəжбүр ету болып табылады». Саяси сорақылығы жөнінен Ш. Элиаваның сөзі Ф.И. Голщекиннің сөзінен де асып  түсті.

«Жолдас Рысқұлов, - дейді Ш. Элиава, - Өлкелік партия комитетінің Түрікаткомнан тыс жүргізер саясатын сынайды. Мен Өлкелік партия комитетінің Түрікаткомға басшылық нұсқаулар беріп отыруын талап етем».

Ең жоғары заң шығарушы жəне атқарушы орган ретінде Түрікаткомның қызметін жергілікті халықтардың өмір жағдайына жақындату – кезек күттірмейтін аса маңызды шара болатын. Түркістан Республикасы тұрғындарының ұлттық құрамы да осы принциптің қатаң сақталуын талап етті. 1920 жылғы деректер Түркістанның жергілікті халықтары оның барлық тұрғындарының 84 пайызы болғанын көрсетеді. 1917 жылы Түркістан өлкесін барлығы 7.668.000 адам мекендеген болса, бұл көрсеткіш 1920 жылы 5.221.963 адамға дейін құлдырады, яғни 3 жылға созылған «социалистік құрылыс» кезінде 2.447.037 адамға кеміді. Əлеуметтік революция тудырған қатыгез азамат соғысы мен сұрапыл аштықтың ауыр зардабын, ең алдымен, көшпелі қазақ жəне қырғыз халықтары тартты. 1917 жылы Түркістан өлкесін мекендеген қазақ пен қырғыздардың үлес салмағы тұрғындардың 44,36 пайызын құраса, ал 1920 жылы 30,8 пайызына əзер жетті. Түркістан өлкесінің тарихи-объективті жағдайынан мүлдем бейхабар орыс коммунистері басқарған кеңес өкіметі – жергілікті халықтардың қырғынға ұшырауына басты себепші болды.

Алда тұрған зор мақсаттарды орындау үшін Т. Рысқұлов ең алдымен қатаң мемлекеттік тəртіп орнатып, үйлесімді əкімшілік аппаратқа ие болуға ұмтылды. Республика облыстары мен уездеріндегі нақты жағдайды қатаң бақылауға алып, жергілікті ревкомдар мен атқару комитеттеріндегі шовинистік элементтерді басшылық қызметтерден ығыстырып шығару үшін Т. Рысқұлов 1920  жылы

5 ақпанда «Облыстық Революциялық Комитеттер туралы» уақытша ережелер жариялады. Ереже бойынша Сырдария, Ферғана, Самарқант, Закаспий жəне Жетісу облыстарында уақытша революциялық комитеттер тағайындалып, олардың қолына облаткомдардың басқару құқықтары берілді. 19 ақпанда бұл ревкомдардың басшылығына жергілікті халықтардың өкілдері тағайындалған № 215 арнайы бұйрық жарияланды [2, 185 б.].

Берекесіздік пен бюрократиялық қойыртпаққа дағдыланып қалған республика комиссариаттары Түрікаткомның жаңа саясатымен санасқысы келмеді де, бұл жағдай Т. Рысқұловты пəрменді шаралар қолдануға мəжбүр етті. 1920 жылы 25 ақпанда Т. Рысқұлов Түрікаткомның арнайы мəжілісін шақырып, онда Түрікаткомға бағынудан бас тартқан Денсаулық сақтау халық комиссары Т.Г.Геллерді орнынан алды.

1920 жылы 1 наурызда Өлкелік партия комитеті, Түріккомиссия мен Түрікаткомның бірлескен мəжілісінде Т. Рысқұловтың І айлық жұмысының есебі тыңдалды. Мен төраға қызметіне кіріскеннен кейін, дейді Т. Рысқұлов, республикадағы барлық комиссариаттардың, мекемелердің жəне ұйымдардың жұмыстарын жіті тексеріп, істің барысымен нақты танысып шықтым. Бұл комиссариаттардың қызметі Түркістан тұрмысына икемделмеген, басында отырған Орталық өкілдері жергілікті жердің жағдайымен таныс емес. Тексеру кезінде бірде-бір комиссариат өз қызметін анқты баяндап, есеп бере алмады. Барлық комиссариаттарда жергілікті халықтардың өкілдерін мемлекеттік басқару орындарына қасақана тартпау əдеті қалыптасқан, ал «мұсылмандар өздерін өздері басқара білуі қажет, олардың үстінен келімсектер басқаруы тиіс емес». Түріккомиссия Орталықтың өкілі ретінде қиын істе Түрікаткомға қолғабыс жасап, көмектесуші орган болуы тиіс.

Пікірталасты жалғастырған Ш. Элиава былай дейді: «Мұнда кеңес өкіметін құратын ешкім жоқ, мұсылмандар Түркістанда Кеңес өкіметінің еуропалықтардың көмегінсіз құра алмайды. Автономия дегеніміз – бізде əлеуметтік революция мен коммунизм идеясын жүзеге асыру құралы ғана, бірақ ол өзіндік мақсат емес. Егер біз автономияға мақсат ретінде қарар болсақ, онда Түріккомиссияға бұл жерде бітіретін ештеңе қалмайды»

Т. Рысқұлов Түрікаткомның беделін көтеріп, оны республикадағы ең жоғары саяси мекеме дəрежесіне жеткізу үшін бар мүмкіндікті сарқа пайдалана əрекет етті. Осы мақсатта шақырылған Түрікатком пленумы ірі саяси оқиға болды. 1920 жылы 11 наурызда Түрікатком пленумын аша отырып, Т. Рысқұлов былай дейді: «... жергіліктің халықтың өміріне қатысты белгілі бір декретті жүзеге асыру кезінде олардың жалпы тұрмысының ерекшеліктерін ескеру қажет, ... сондай-ақ біздің коммунистік принциптеріміз шариғат принциптеріне қайшы келмейтін тұста оны тап шариғатқа негіздей отырып халыққа неғұрлым түсінікті, неғұрлым үйреншікті түрде қабылдау керек». Негізгі тұрғындары ислам дінін тұтынып, шариғат заңы бойынша өмір сүріп жатқан республикада діни ерекшеліктерді ескеріп, коммунизм принциптерін шариғат заңымен ымыраластыру туралы пікірі дұрыс емес еді.

Қорытынды баяндамасында Т. Рысқұлов мемлекеттік жəне экономикалық басқару құрылымында іске асырылып жатқан өзгерістердің мəнін талдап түсіндіреді. Соңғы кезде мемлекеттік басқару құрылымында үлкен өзгерістер басталды, түрліше комиссариаттар жоспарлы жұмыс жүргізе бастады, бірақ «...əлі күнге дейін отарлау саясатын ұстанып отырған комиссариаттар аз емес, олар өздерін коммунистерміз деп жариялағандарымен де, отарлау саясатын жүргізуді жалғастыруда. «Бізге, - дейді Т. Рысқұлов, - бұдан былай отаршылықтың қажеті жоқ, біздің болашақтағы атқарар  жұмысымыздың басты мақсаты осы отаршылдық рухты жоюға бағытталуы тиіс, бұл біздің кезек күттірмес міндетіміз болуы қажет жəне мен біз бұл отаршыларды ауыздықтай аламыз деп сенемін» [3, 214 б.].

Түрікатком пленумының 1920 жылы 12 наурыздағы пленарлы мəжілісінің қаулысына сəкес əкімшілік-ұйымдастырушылық жəне бюджеттік сипаттағы практикалық мəселелерді шешу, конституциялық жəне жалпы мəселелерді даярлау, заңдық актілер мен ұсыныстарды əзірлеу, үкімет мекемелері мен түрліше комиссариаттардың қызметін біріктіріп, бірізділікке салу үшін жаңадан Халық Комиссарлар Кеңесі ұйымдастырылды. ХКК құрылуына байланысты Түрікатком жанында əрекет еткен: Қорғаныс, Мəдениет, Ағарту жəне Экономика кеңестері таратылды.

 

 

Әдебиеттер

  1. Ульмасбаев Ш., Слива С. Индустриальное развитие Узбекистана за годы Советской власти.- Т.: Узбекистан, -270
  1. Нурпейсов К.Н. Становление Советов в Казахстане (март 1917 г. – июнь 1918 г.).- Алматы:., Наука, 1987.- 240
  2. Турсунов Х. Национальная политика Коммунистической партии в Туркестане (1919-1924гг.).- Т.: Узбекистан,1971,366

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.