Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халықты жұмыспен қамту мемлекеттің əлеуметтік–экономикалық саясатының негізгі бағыты

Қай салада болмасын еліміздің өркендеуінің негізі болып адами фактордың танылатындығы баршаға мəлім. Əлеуметтік мəселелерді айқындау жəне осы бағыттағы бағдарламалық іс-шараларға əркімнің тікелей қатысу мүмкіндігі заңнамамен айқындалады. Өндірістің өрбуінің бірден бір бөлігі болып қызметкер танылса, екінші бөлігін өндіріс құралдары, технологиялық үдеріс құрайды. ҚР ЕК- нің 3-бабының 2-тармағына сəйкес еңбек заңнамасының міндеттері – жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүдделерінің теңгеріміне, экономикалық өсімге қол  жеткізуге,  өндіріс тиімділігі мен адамдардың əл-ауқатын арттыруға қажетті құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. Жұмыс берушіге қатысты қызметкерлердің еңбекті ұйымдастыру, жоспарлау үдерісіне тікелей қатысу мүмкіндігі ҚР ЕК-нің 33-бабы 3-тармағының екінші бөлігімен реттеледі. Осы мəселеге қатысты халықтың, қызметкерлердің жəне олардың өкілді органдарының əлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеуге тікелей қатысуының кепілдігі болып əлеуметтік əріптес ретінде, республикалық, өңірлік, салалық жəне ұйым деңгейіндегі еңбектік, əлеуметтік–экономикалық мəселелер жөнінде мемлекеттік уəкілетті органдармен, жұмыс берушілермен тең тарапты еңбек құқығы субъектілері болып танылатындығында [1, 82 б.]. Заңнамаға сəйкес əлеуметтік əріптестермен қабылданатын республикалық, салалық жəне өңірлік келісімдер барлық жеке жəне заңды тұлғаларға міндетті болып табылады. Əлеуметтік əріптестіктің тараптары болып, ҚР ЕК-нің 262-бабына сəйкес, мемлекет атынан қатысатын тиісті атқарушы органдар, қызметкерлер мен жұмыс берушілер атынан қатысатын олардың өкілді органдары танылады. Экономиканың дамуы еңбектік қатынастардың қаншалықты реттелгендігі, жұмыс адамның өндірістік үдеріске тікелей қатысуы жəне жұмыс берушімен қабылданатын актілерге қойылатын талаптардың заңнамалық түрде бекітілгендігімен айқындалады [1, 83 б.]. Азаматтық жəне еңбек заңнамасына сəйкес кəсіпкер-жеке тұлғалар, заңды тұлғалармен қатар, өндірістік-шаруашылық қызметін атқаруда жалданбалы еңбек күшін уақытша не тұрақты пайдалану құқығымен иемденеді. Сонымен қатар əрбір азамат азаматтық қоғамның мүшесі бола тұрып мемлекеттік əлеуметті–экономикалық саясаттың айқындалу үдерісіне тікелей қатысуға құқылы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 шілдедегі № 154 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған Тұжырымдамасымен əркімнің, мемлекеттік емес ұйымдардың басқа да қоғамдық институттардың мемлекеттік бағдарламалық іс-шараларға тікелей қатысу құқығы айқындалады [2].

Əр жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған  Жолдаулары елдің экономикасын, халықтың əл-ауқатының жақсартылуы жəне осы бағыттағы саяси, əлеуметтік- экономикалық міндеттердің іске асырылып жатқандығы баршамызға мəлім. Сонымен қатар əр жылғы Жолдаулар мемлекеттік басқару жүйесін одан əрі жетілдіруге бағытталған құқықтық маңызы бар бағдарламалық құжаттар болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентімен қабылданған Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясында [3] белгіленгендей халықтың өркендеуі экономикалық тұрақтылықпен, ертеңгі күнге деген қамқорлықпен жəне адами факторлармен қатар өсуі тиіс. Елдің экономикасын өрбіту жəне əртараптандыру бағытында, 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ə. Назарбаев келесідей тұжырым жасады: «еңбек өнімділігінің кешенді артуы аса маңызды міндет болып табылады. Қазақстанда, егер тұтастай экономика бойынша қарайтын болсақ, бір қызметкер жылына 17 мың доллардың өнімін өндіреді екен.

Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллардан асып түседі, қорытынды өте түсінікті – бізге жағдайды түзету, өнімділікті арттырып, инновацияларды ендіру керек. Инновациялар ғана еңбек өнімділігінің неғұрлым шұғыл артуына жеткізеді» [4]. 2011 жылға арналған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықты жұмыспен қамту, республикалық жəне өңірлік инновациялық бағдарламаларды іске асыру жолындағы міндеттердің уəкілетті мемлекеттік органдармен бақылауға алыну қажеттілігі айқындалды. Осы  бағдарламалық құжаттардың құндылығы – бүгінгі экономикалық, əлеуметтік саясатымыздың  бағытына, болашақтағы мүмкіндіктерімізге нақты баға берілуінде жəне осы бағыттардағы міндеттердің нақты айқындалғандығында. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының 2007–2024 жылдарға дейінгі тұрақты дамуға өту туралы» Тұжырымдамасы қабылданды. Осы Тұжырымдамаға сəйкес мемлекетіміздің дамуы бағытындағы еліміздің бəсекелестігін қамтамасыз ету мақсаты, сəйкесінше, экономикаға жоғарғы деңгейлі технологияларды енгізу арқылы экономикалық дамуға қол жеткізу, халықтың денсаулығын жақсарту, халықтың əлеуметтік қауіпсізділік деңгейін көтеру міндеттері айқындалды. Қазақстан ТМД-дағы жəне басқа да дүние жүзілік қауымдастықтар деңгейінде іске асырылып жатқан интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылады. 2010 жылдың 1 қаңтарында күшіне еңген Ресей, Беларусь жəне Қазақстан Республикасының Кеден одағының құрылуы – қазақстандық барлық интеграциялық бастамалардың жаңа белеске көтерілуіне негіз болды.

Осы жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында білім жəне ғылым саласына қатысты жаңа міндеттердің айқындалғаны баршамызға мəлім. Осы бағдарламалық құжаттарға сəйкес халықты жұмыспен қамту, əрбір ұйым деңгейінде еңбектік қатынастарды жаңа талаптарға сай реттеуді қолға алу, өндірістік үдеріске ұжымның тікелей қатысу механизмін айқындау – алға қойған мақсаттарға жетудің механизмдерінің бірі болып саналады. Жоғарыда аталған бағдарламалық құжаттарға сəйкес еңбек өнімділігінің кешенді артуы аса маңызды міндет болып айқындалып өңірлік əрбір индустриялық жобаның халықтың айрықша бақылануына  алыну қажеттілігі айқындалды.

 

 

Әдебиеттер

  1. Рыскалиев Д.У. Совершенствование правового пространства РК как условие реализации стратегического плана – 2020. //«Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Новое десятилетие – новый экономический подъем – новые возможности Казахстана»: материалы научно-практической конференции (г. Алматы, 10 февраля 2010 г.) / Отв. ред. Б.К. Султанов. – Алматы, КИСИ при Президенте РК, 2010.-164 с.
  2. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 «Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу Тұжырымдамасы туралы» Жарлығы // Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 44, 478-құжат.
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сəуірдегі № 310 «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан əрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы (2009 жылғы 19 мамырға дейінгі өзгерістер жəне толықтырулармен) // «Егемен Қазақстан» 2007 жыл 11 сəуір № 90 (24667).
  4. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Егеменді Қазақстан 30 қаңтар 2010 жыл.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.