Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау институтының ұғымы жəне жалпы сипаты

Еңбек қауіпсіздігі институты еңбек құқығының негізгі институты болып танылады жəне оның субъектілері ретінде қызметкерлермен қатар өндіріс ортасымен байланыста болатын басқа да жеке тұлғалар танылады. Əркімнің Конституцияда көрсетілген еңбек саласындағы құқықтары əлеуметтік- еңбек қатынастары саласындағы конституциялық құқықтары болып танылады. Конституцияда айқындалған əркімнің еңбек жəне əлеуметтік саладағы құқықтары мен міндеттерін анықтай келе, еңбек құқығы субъектілерінің құқықтары мен міндеттердің бірлігі мен өз-ара байланыстылығын талдауымыз қажет. Жалпы құқықтар мен міндеттердің бірлігі құқықтық қатынастардың мазмұнын құрайды [1, 83-б]. Конституцияның баптарында бекітілген нормаларды талдай келе дəстүрлі түрде

«Адам жəне азамат» бөлімінде қалыптасқан құқықтар мен міндеттерді саяси, экономикалық, əлеуметтік, мəдени түрінде бөлу көзқарасымен келісуге болады, Конституцияның негізгі құндылықтарының бастамасы – «адам жəне азаматтың өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп басымдылығы атап көрсетілген (1-бабы). Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бір тұтастығын зерттей келе, Конституцияның 12-бабына сүйене отырып, адам құқықтары мен бостандықтарының абсолютті түрде танылатындығын байқаймыз. Азаматтардың əлеуметтік саладағы құқықтарын қарастыра келе, Конституцияға сəйкес, еңбек саласындағы адамның жəне азаматтың құқықтары мен бостандықтарының 24-28-баптарымен бекітілетіндігін ескеріп еңбек заңнамасының негіздемесінің  осы  баптарға  негізделетіндігін  айқындаймыз.

Əркімнің  еңбек  саласындағы басты  құқығы – еңбек ету бостандығы, жұмыс пен кəсіп түрін еркін таңдау, қауіпсіздік талаптарына сай еңбек жағдайымен қамтамасыз етілу жəне өмірін, денсаулығын сақтау болып танылып ҚР ЕК-нің 6- бабымен белгіленген. Азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерінің бірлігі мен өз-ара байланыстылығына қатысты, Конституцияның 12-бабының 1-тармағына сəйкес «Қазақстан Республикасында Конституцияға сəйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады жəне оларға кепілдік беріледі» - делінген. Еңбек қатынастары саласында, еңбек қауіпсіздігін жəне қорғауды қамтамасыз ету бағытындағы құқықтар мен міндеттердің бірлігі ҚР ЕК-нің 5-бөлімінде көрініс тапқан. Осы саладағы əркімнің құқықтары мен міндеттері мемлекеттік саясаттың еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы негізгі саясаттардың бағыттары, қызметкерлер құқықтарының кепілдіктері, қызметкерлердің жəне жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері, еңбек қауіпсіздігін жəне еңбекті қорғауды ұйымдастыру, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды жəне қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тергеп-тексеру мен есепке алу туралы тараулар мен баптардың бірі-бірімен байланыстылығын көреміз. Мəселен, əйелдер мен ерлердің еңбек үрдісін талдау барысында сырт жағынан оларды бірдей жағдайда қабылдай отырып, физиологиялық ерекшеліктерінің бар екендігі баршаға мəлім. Ғалымдар əйелдердің еңбегі ерлердің еңбегінен тек қана физикалық жəне физиологиялық қатынасы бойынша ажыратылатындығы ғылыми түрде негізделген [2; 39 б]. Яғни, əйелдердің еңбегі ретінде олардың өздерінің физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, шамасы келетін кез келген қоғамға қажетті еңбек танылады. ҚР ЕК-де берілген ұғымдар мен терминдерді талдай келе, біз еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау институтын, еңбек құқығында кешенді институт болып табылатындығын байқаймыз. Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау  институты еңбек құқығының өз алдына дербес институты бола тұрып, бірінші кезекте  аталған салада мемлекеттік басқаруды, бақылауды жəне қадағалауды айқындайтындығын ажыратамыз. Осы институтқа біріктірілген нормаларға сəйкес айқындалатын негізгі мақсат – əркімнің субъективтік құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Субъективті құқық – тұлғаның қоғамда нақты бір игіліктерді иемдену мүмкіндігі мен заңдық шарасы [3, 28 б.].

ҚР ЕК-нің 307-бабының талабына жүгінетін болсақ: «Еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган жəне өзге де уəкілетті мемлекеттік органдар, өз құзыретіне сəйкес жүзеге асырады» - делінген. Жоғарыда көрсетілген баптың нормасын талдай отырып еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың үш топқа бөлінетіндігін көреміз: Қазақстан Республикасының Үкіметі; еңбек жөніндегі уəкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі жəне оның ведомствалары; өзге де салалық бағыттағы уəкілетті мемлекеттік органдар.

Еңбек саласында, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басты міндеттерінің бірі болып, ЕК-нің 306-бабының 2-тармағына сəйкес, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы республикалық, салалық (секторлық) жəне өңірлік бағдарламаларды əзірлейтіндігі айқындалған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы міндеті ҚР ЕК-нің 15-бабында көрсетілген. ҚР ЕК-нің 15-бабында көрсетілген талаптарды қарастыра келе Қазақстан Республикасы Үкіметінің ең басты мақсаттарының бірі, ол: «еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын əзірлейді жəне іске асырылуын қамтамасыз етеді». Жоғарыда көрсетілген баптың тағы бір ерекшелігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды, ұйымдастыру мен жүргізу тəртібін белгілейтіндігі, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы ақпарат беру жəне мемлекеттік статистика жүргізу тəртібін айқындайтындығы белгіленген. ҚР ЕК-нің 15-бабына сүйене отырып, Үкіметтің, тікелей бағыныштылығына байланысты, мемлекеттік органдармен біргелікті еңбек қатынастарын реттеуге деген уəкілеттігінің бекітілгенін көреміз. ҚР ЕК-нің 15-бабының 12 жəне 13-тармақтарына сəйкес жұмыс берушілердің жəне қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады, тиісті уəкілетті органдармен еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тəртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасында еңбек қатынастарын, еңбек қатынастарымен тікелей байланысты қатынастарды, əлеуметтік əріптестік, еңбек қауіпсіздігі жəне еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін жəне басқаратын орган – Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады. Осы министрліктің еңбек қатынастары саласындағы құзыреті ҚР ЕК-нің 16-бабында анықталған жəне өзінің жалғасын ҚР ЕК-нің 37-бабында тапқан. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі еңбек қатынастарын басқарады, ұйымдастырады жəне қадағалайды.

 

 

 Әдебиеттер

  1. Рысқалиев   Д.О.   Қазақстан   Республикасында   еңбек   қауіпсіздігін   қамтамасыз   етудің   конституциялық құқықтық негіздемелері. //Қазақстан Республикасы Преиздентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты: – Analytic. Информационно-аналитический журнал, 2010/2. – 120 бет.
  2. Виноградов М.И. Физиология трудовых процессов. 2-е изд.- М., Наука, 1967. – С.39,
  3. Нуртдижжа А.Ф. Субъекты трудового права. В кн: Трудовое право России.- М., 2001. – 512 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.