Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстан Республикасында жер салығын төлеудің құқықтық негіздері

Жер салық салудың алғашқы объектілерінің бірі болып табылады. Жер салығы – ежелгі салықтардың бірі. Бастапқыда жер салықтары негізінен заттай нысанда төленген жəне ежелгі дүние жəне орта ғасыр мемлекеттерінің салық жүйесінде орталық орын алған. Мысалы: өте ерте кездегі Хаммурапи заңдары бойынша алым міндетті төлемдердің қатарына жатқызылған. Алымды төлеуші ретінде еркін жер иелері мен шаруалар болған жəне бұл алым түрі заттай, бидаймен, малмен, шаруалардың бұйымдарымен төленіп отырған [1].

Салық салудың эволюциясы таза табысқа салық салу жəне жер табысына қатысушы тұлғаларды – меншік иесі мен жер пайдаланушыларды шектеу бағытында жүрді. Жер салығы тек жердің меншік иесіне ғана емес, жер пайдаланушылардан да алынды. Сонымен қатар, жерге салық салудың тарихи даму барысында оның негіздері жер алаңы, жалпы өнім жəне таза жер рентасы болған [2].

Егеменді Қазақстанда жер салығы 17 желтоқсан 1991 жылғы «Жер салығы туралы» арнайы заңмен енгізілген [3]. Аталған заңға сəйкес, жер салығының мақсаты жердің ұтымды пайдаланылуын экономикалық əдістермен қамтамасыз ету жəне жерге орналастыру, жердің құнарлығын арттыру, оны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ аймақты əлеуметтік-мəдени дамыту үшін бюджет кірісін қалыптастыру болып табылды. Жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасуына, сумен қамтамасыз етілуіне қарай айқындалды жəне жер иеленуші мен жер пайдаланушының шаруашылық жəне өзге қызметінің нəтижесіне байланысты болмады.

Ал салық салу объектісі болып, ауылшаруашылығы мақсатындағы, елді-мекендердің, өнеркəсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жəне өзге мақсаттағы, сауықтыру жəне тынығу мақсатындағы, орман қорының, су қорының жерлері танылды. Жер салығын иелігінде немесе пайдалануында жер учаскелері бар Қазақстан Республикасының азаматтары, кəсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, ұйымдар, сондай-ақ бірлескен кəсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар, шетелдік заңды ұйымдар мен азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар төлеп отырды. Сонымен қатар, жер негізгі өндіріс құралы болып табылатын колхоздар, созхоздар жəне басқа ауылшаруашылық кəсіпорындары бірыңғай жер салығын төлейді жəне пайдаға салынатын транспорт құралдарына, өздігінен жүретін машиналар мен механизмдерге салынатын салықтан босатылған.

Жалпы, жер салығының анықтамасы заңды түрде белгіленбеген. Отандық ғалым  И.Г. Архиповтың пікірі бойынша, жер салығы жер иесiмен немесе алғашқы жер пайдаланушымен жылына бiр рет мемлекетпен белгiленген ставка көлемiнде төленетiн жер учаскесiнiң бiрлiгiне төленетiн мiндеттi қайтарымсыз ақысыз төлем түрi болып табылады, - деген болатын [4]. Қазақстан Республикасының салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодексінің (əрі қарай салық кодексі) 10-бап 17-тармағына сəйкес, салық дегеніміз - заңды түрде мемлекетпен біржақты өктем бекітілген, белгіленген мөлшерде анықталатын, қайтарымсыз жəне ақысыз сипаттағы бюджетке төленетін міндетті төлем болып табылады [5]. Сəйкесінше, жер салығы дегеніміз - жеке меншік құқығындағы, тұрақты жер пайдалану құқығындағы, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке жəне заңды тұлғалар төлейтін заңды түрде мемлекетпен біржақты өктем бекітілген, белгіленген мөлшерде анықталатын, қайтарымсыз жəне ақысыз сипаттағы бюджетке төленетін міндетті төлем болып табылады.

Жоғарыда берілген анықтамадан, құқықтық категория ретінде құқықтық белгілерін бөліп алуға болады.

Жер салығының құқықтық белгілері болып:

  • жер салығының мемлекетпен белгіленетіні. Қазақстан Республикасында тек қана азаматтарға салық салу режимін белгілей отырып, белгіленген соманы беруге міндеттейді. Мемлекетімізде салық төлеу конституцияда бекітілген конституциялық міндет болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 35-бабына сəйкес, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды жəне өзге де міндетті төлемдерді төлеу əркімнің борышы əрі міндеті болып табылады, - делінген [8]. Ғалым П.М. Годме: «салық - мемлекет егемендігінің белгісі. Салық алу ақша шығару немесе сот əділдігін жүзеге асыру сияқты егеменді құқықтардың бір бөлігі болып табылады» деген болатын [9]. Яғни жер салығының мемлекетпен белгілену белгісі, мемлекеттік емес органдардың белгілейтін өзге де міндетті төлемдерден ажыратуға болады. Мысалы: ауылшаруашылық тұтыну кооперативінің жарғысына енгізетін салымды айтуға болады. Сонымен бірге, салық салу режимі бойынша мемлекет біржақты өктемдік білдіреді. Тіпті кейбір мемлекеттерде халықтың еркін білдіріп, заңдарды референдумда қабылдайтын жағдайдың өзінде салық заңдары бойынша референдум өткізілмейді деп нақты айтылған.
  • жер салығының тек құқықтық нысанда болуы. Қазақстан Республикасында жер салығын төлеу қатынастары, яғни жер салықтарының ставкаларын орнату, белгiлеу, алу, пайдалану сияқты қатынастар 20 маусым 2003 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Жер кодексімен жəне 12 маусым 2008 жылы қабылданған ²Салық жəне бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдер туралы² заңымен реттелiп отырады [6]. Мемлекеттiң жер салығына байланысты салық төлеушiлерге қойып отырған талабы келiсiм шарттан емес, нақты заңның талабынан туындап отыр.

Салық кодексіне сəйкес, жер салығы:

  1. меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығын куəландыратын құжаттар негізінде;
  2. жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiлiктiң əр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттiк сандық жəне сапалық есебiнiң деректерi негiзiнде есептеледi. Сонымен қатар, жоғарыда айтқанымыздай, салық төлеу міндеті Конституциядан бастау алады. Сол себептен жер салығы қатынастары заңдылықпен қамтамасыз етіледі.
  • жер салығының мəжбүрлі сипатта болуы. Жерге салық салу жəне жалпы салық ертедегi уақыттан бастап адамның еркiнен тыс мəжбүрлi сипатта болған. Дегенмен, жер салығын мəжбүрлі түрде алуды мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын айыппұл немесе тəркілеу сияқты мəжбүрлі əрекеттерден ажыратып алу қажет. Біздің жағдайымызда жер салығын төлетуге мəжбүрлеу заңды негіздерден туындап отыр. Жер салығының мəжбүрлігі екі жағдаймен көрініс табады. Алғашқысы, жер салығын төлеу салық төлеушінің ырқынсыз, еркіне қарсы енгізіледі. Екіншіден, егер салық төлеуші өз міндеттерінен жалтарып немесе бас тартқан жағдайда мемлекет жер салығын төлеуші тұлғаға қатысты мəжбүрлеу шараларын қолдана алады. Салық төлеушiлердiң жауапкершiлiгiне тоқталатын болсақ, салық төлеушiлер салық кодексiнде көзделген мерзiмдерде жер салығын тиiстi салық органдарына төлемеген немесе осы көрсетiлген мерзiмнен кешiктiрген болса, əр өткен күн үшiн төленетiн салық сомасынан 1,5 есе айып төлеп отырады.

Ал, егер салық төлеушiнiң қаражаты болмаған жағдайда, олардың қолда бар мүлiктерiнен мемлекет кiрiсiне алып алады. Ал, егер тек жер учаскесi болған жағдайда одан басқа мүлкi болмаса, заңда көзделген тəртiп пен ережеге сəйкес жер учаскесiнiң өзiн қайтып алады.

Сонымен бiрге, салық төлеушiлер заңда көрсетiлген жағдайларда қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады. Қылмыстық кодекстiң 221, 222-баптарында азаматтар мен ұйымдардың салық төлеуден əдейi жалтаруына байланысты жауаптылық көзделген [10].

  • жер салығының міндетті төлем болатындығы. Жер салығын белгілеумен төлеушінің мемлекет алдында нақты қаржылық міндеттемесі туындайды. Осы қаржылық міндеттемеге сəйкес, заңмен белгіленген соманы бюджет кірісіне төлеуге міндетті. Жер салығының бұл белгісі салықтың мəжбүрлігімен тығыз байланысты, міндеттілік - салық төлеушіге қатысы болса, ал мəжбүрлік - салық қызметі органдарына қатысты болып табылады [9].
  • жер салығын төлеу жер меншік иелері мен жер пайдаланушылардың заңды міндеті болып табылады; Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабына сəйкес, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды жəне өзге де міндетті төлемдерді төлеу əркімнің борышы əрі міндеті болып табылады, - делінген. [8]. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 65-бап 4-тармағына сəйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар жер салығын, жер учаскелерін пайдалану төлемқысын жəне Қазақстан Республикасының заңдары мен шарттарында көзделген басқа да төлемдерді уақтылы  төлеуге міндетті деп нақты белгіленген болатын. Ғалым Е. Пороховтың «Салық - салық төлеушінің мемлекеттің шығындарында қатысу конституциялық міндетінің бар екенін білдіретін төлем» деп айтқаны өте орынды [11].
  • жер салығын төлеуді мемлекеттік жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілетіндігі. Жер салығын төлеу процессінде соманы төлету мəжбүрлі түрде болғанымен, салық төлеуші үшін жаза- шара ретінде танылмайды. Бірақ жер салығын төлеуші өз міндеттемесін орындамаған немесе сəйкесінше орындамаған жағдайда, яғни, жер салығын төлемеген, жер салығын төлеуден жалтарған, төлеу мерзімінен кеш уақытта төлеген жағдайда, мемлекет тарапынан заңмен көзделген жауапкершілік шаралары қолданылады. Құқық бұзушылықтың сипаттамасына жəне жауапкершіліктің негізіне байланысты қаржылық-құқықтық, əкімшілік-құқықтық, қылмыстық- құқықтық сипаттағы жауапкершілік қолданылады.
  • жер салығын төлеуге мемлекеттік бақылаудың бар екендігі. Салықтық құқықтық міндеттемелердің өзге азаматтық құқықтық міндеттемелерден басты айырмашылығы, егер азаматтық құқықтық міндеттемелерде міндеттеменің орындалуын бақылау шарт тараптары жүзеге асыратын болса, салықтық құқықтық міндеттемелер бойынша бақылау жасау тек мемлекет тарапынан жүзеге асырылады. Мемлекеттік салықтық бақылауды жүзеге асыру мақсатында салық қызметі органдары өте үлкен құзіреттерге ие. Осыған сəйкес, салық төлеушілер салықтық тексеру өндірісіне қажет барлық мəліметтерді дер кезінде толықтай салық қызметкерлерінің талабы бойынша ұсынуы тиіс. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сəйкес, жер салығын төлеуге мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында құжаттамалық салықтық тексеру, кешенді тексеру, салық төлеушілердің мониторингісін т.б. шараларды жүзеге асырады.

 

 

Әдебиеттер

  1. Гуреев В.И. Российское налоговое право.- Москва:Экономика, 1997. С. 8-9.
  2. Ялбулганов А.А. Развитие законодательства о налогообложении в дореволюционной России // Государство и право. -№12С. 95.
  3. Қазақстан Республикасының Жер салығы туралы заңы 17 желтоқсан 1991 жыл // Сборник законодательных материалов по земельному налогу.- Алматы 1992
  4. . Архипов И.Г Земельное право Республики Казахстан. Алматы, 1997 жыл. С92-97.
  5. Қазақстан Республикасының Салық жəне бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер туралы заңы. 12 маусым2008 жыл.
  1. Қазақстан Республикасының Жер кодексі 20 маусым 2003 жыл. Жеке басылым.
  2. Қазақстан Республикасының Шаруа (фермер) қожалығы туралы заңы 31 наурыз 1998 жыл. Жеке басылым.
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл. Жеке басылым.
  4. . Годме П.М Финансовое право.- Москва 1978 С.371
  5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 1998 жыл. Жеке басылым.
  6. Порохов Е. Финансово-правовое понятие налога \\ Вестник Министерства Юстиции.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.