Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жемқорлыққа қарсы заңдарға сараптама жүргізу

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық біздің қоғамымыздың ең басты қауіп - қатерлерінің бірі болып табылады. Мемлекетімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде айқындалған. Осыған байланысты елімізде көптеген іс- шаралар өткізілуде.Сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономикаға көшу, инвестициялар тарту процестерін тежейді, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс ықпалын тигізеді, мемлекеттің келешек дамуына елеулі қауіп төндіреді деп көрсетілген [1].

2008 жылдың 6 қарашасында Астана қаласында «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумы өтті. Бұл форумда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сөз сөйледі. Елбасы өз сөзінде жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет екенін атап кетті [2,1-2-бет].

«Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай -ақ соларға теңістірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке өзі немесе соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алу. Заңдарда көзделген, заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлыс жемқорлық жымдасқан немесе сыбайлыс жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлыс жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар» болып табылады [3].

БҰҰ-ның Анықтамалық құжатында «сыбайлас жемқорлық-өз пайдасы үшін мемлекеттік билікті теріс пайдалану» делінген [4].

Қазіргі отандық криминология да сыбайлас жемқорлыққа «мемлекеттік немесе өзгедей қызметкерлердің сатқындығымен сипатталатын әлеуметтік құбылыс» деп анықтама берген [5].

Г. А. Сатаров, М.И. Левин және М.Л. Цирик сыбайлас жемқорлыққа «қызмет бабын пайдақорлық мақсатында теріс пайдалану» деген сипаттама береді [6].

Б. В. Волженкин сыбайлас жемқорлық ұғымына кеңірек түсінік береді: «сыбайлас жемқорлық - әлеуметтік құбылыс, ол мемлекеттік қызметкердің немесе мемлекеттік функция атқаратын өзге адамдардың өз қызмет жағдайын, лауазымдық беделді және мәртебені өзінің баюы немесе топтың мүддесі үшін пайдалануы нәтижесінде биліктің әлсіреуіне алып келеді» [7].

Сыбайлыс жемқорлық – лауазымды адамды сатып алумен және ресми қызметтік өкілеттікті онымен байланысты беделді, мүмкіндікті, байланысты бас пайда үшін пайдалануды сипаттайтын әлеуметтік құбылыс. Сыбайлас жемқорлық тек ақша алумен ғана шектелмейді. Ол қандай да бір қызмет көрсету, мәртебе көтеру саяси ықпал жасау және т.б. формаларда болуы мүмкін [8].

«Коррупция» термині латынша «бұзу, сатып алу» деген мағына береді. Заң энциклопедиясында бұл терминге «лауазымды адамның өзіне сеніп тапсырылған құқықтар мен мүмкіндіктерді бас пайдасына жұмсайтындығын көрсететін саясат немесе мемлекеттік басқару саласындағы қылмыстық әрекет» - деп анықтама берілген [9].

Қазақстан Республикасының 2002 жылы қабылданған Құқықтық саясат тұжырымдамасының бағыттары бойынша бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды. Тұжырымдаманы іске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі салаларының (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салық, қаржы, кеден, экологиялық, қылмыстық, қылмыстық– іс жүргізу, қылмыстық атқарушылық заңнама) айтарлықтай жаңаруы болды.

Жаңа кодификациялық актілер: 2003 жылы-Орман, Жер, Кеден, Су кодекстері; 2007 жылы- Еңбек, Экологиялық кодекстер; 2008 жылы-Бюджет, Салық кодекстері әзірленіп, қабылданды.

2009 жылғы 24 тамыздағы қабылданған Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы жалғасын тапты. Көптеген іс-шаралар жасалып, соның ішінде мемлекет норма түзушілік процесін жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін, олардың қатарында: заң жобалары қызметін перспективті жоспарлау, нормативтік құқықтық актілер жобаларына ғылыми (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, криминологиялық және басқалар) сараптамалар енгізу, қабылданатын заңдарды толық қаржылық қамтамасыз ету процестері бар, шаралар қабылдады.

Акт жобаларының ғылыми сараптамаларының барлық түрлерін олардың өлшемдерін, міндеттерін, сондай-ақ оларды жүргізу сатыларын анықтау арқылы нормативтік бекітудің  маңызы зор. Сараптама нақ осындай көзқарас құқық шығармашылығы процесі барысында нормативтік құқықтық актілер қабылдаудың қаржы-экономикалық, әлеуметтік-саяси салдарларын толықтай есепке алуға мүмкіндік береді.

Нормативтік құқықтық актілердің сапасын және тұтастай алғанда мемлекеттік аппаратта құжаттармен жұмыс мәдениетінің деңгейін айқындайтын заң техникасының деңгейін тұрақты жетілдіру және арттыру қажет. Қаржы полициясы органдары экономикалық  қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өздеріне жүктелген міндеттерді орындай отырып, өз мақсатын толық көлемде орындауда.

Сонымен қатар нарықтық экономика жағдайында қаржы полициясы органдарының қазіргі жағдайларда үнемі орын алып отырған экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа пәрменді қарсы тұру мүмкіндігі болуы үшін әрқашан жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіріп отыруы қажет. Қаржы полициясы экономикалық және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жүйелі негізде қарсы тұру қажет, сыбайлас жемқорлықтың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларын анықтап, жоюы керек [10].

Қандай да бір заңға сараптама жүргізу нормативтік құқықтық актілер туралы заңға сәйкес негізгі мәселе болып табылады. Осы заңда сараптамаға мынадай түсінік берілген: «Нормативтік құқықтық актілердің реттейтін құқықтық қатынастарына қарай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экологиялық,қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының ғылыми сараптамасын тиiстi бейiмдi ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар жүргiзедi. Сараптама жүргiзу бiр немесе бiрнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкiн.Жоба бойынша мамандықтары әр түрлi сарапшылардың кешендi сараптамасы немесе әр түрлi сараптаманың дербес түрлерi, ал қажет болған жағдайда - қайталама сараптама жүргiзiлуi мүмкiн. Сарапшылар ретiнде жобаны дайындауға тiкелей қатыспаған ұйымдар мен адамдар тартылады. Сарапшылар ретiнде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкiн. Жоба ғылыми сараптамадан өткiзу үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн.Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына сараптама жүргiзу туралы шешiмдi: жобаны заң шығару бастамасы тәртiбiмен Мәжiлiске енгiзетiн Қазақстан Республикасының Президентi немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Басшысы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкiметi, уәкiлеттi орган, уәкiлеттi органның лауазымды адамдары немесе құрылымдық бөлiмшелер, егер уәкiлеттi органның регламентiмен немесе басқа заңдармен осы адамдарға және құрылымдық бөлiмшелерге мұндай құқық берiлген болса, қабылдауы мүмкiн» [11].

Сраптама қабылданатын нормативтік құқықтық актінің ықтимал тиімділігін анықтау және нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың ықтимал келеңсіз зардаптарын анықтау үшін жүргізіледі.

Заңның өзінде сараптама туралы ұғым көрсетілмеген. Заң сөздігінде сараптамаға былай түсінік берген сараптама-(экспертиза лат expertus-тәжірибелі)-арнаулы білімді талап ететін қандай да бір мәселені зерттеу [12].

Қазақстан Республикасының Президенттінің 2009 жылғы 14 қазандағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс енгізу туралы жарлығында:

Ғылыми сараптаманың міндеттері

  1. Нормативтік құқықтық актілердің реттейтін құқық қатынастарына қарай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олармен реттелетін құқықтық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілуге міндетті, бұған заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, онда ғылыми сараптама жүргізілмеуі мүмкін болатын жағдайлар қосылмайды.

  1. Сондай-ақ, мына нормативтік құқықтық актілердің:
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының;
  • Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссия- сының нормативтік қаулыларының;
  • мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама міндетті түрде жүргізілуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілмейді.

  1. Қабылдау салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіретін заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
  2. сараптама:
  • жобаның сапасын, негізділігін, уақтылығын, құқыққа сыйымдылығын, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам және азамат құқықтарының жобада сақталуын бағалау;
  • нормативтік құқықтық актінің ықтимал тиімділігін айқындау;
  • жобаның нормативтік құқықтық акт ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарын анықтау үшін жүргізіледі.
  1. Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың негізгі міндеттері:
  • құқықтық реттеудің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормалары мен олқылықтарын анықтау;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың ықтимал жасалуы бөлігінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың салдарын бағалау;
  • сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға тосқауыл қоятын нормативтік құқықтық актілер жобаларының нормаларын ұсынымдар түрінде әзірлеу болып табылады [13].

Қорыта айтқанда, қазіргі заңдарды жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізу қажет. Заңдардың сапасын көтеру үшін, мемлекеттік қызметкерлерге заңдарды бұрмалауға мүмкіндік бермеу үшін осы аталған сараптаманы жүргізілуі тиіс. Жемқорлыққа жол бермеу мақсатында алдын алу болып табылады. Халыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімділік жетіспейді. Көптеген адамдар мемлекеттік қызметкерлерді пара алуға өздері арандатады. Жемқорлық сияқты ауыр кеселді тек мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күш-жігерімен жеңе алмаймыз. Сондықтан азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынасты нығайту қажет.Онымен бүкіл халық болып күресуіміз керек.

 

Әдебиеттер

  1. ҚР Президенті Н.А.Назарбаевтың «сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 22.12.2005 жылғы Жарлығы // Егемен Қазақстан. 12.2005.
  2. Президенттің «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» жасаған баяндамасы // Егемен Қазақстан. 7 қараша 2008 жыл 1-2 бет.
  3. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы 3-бет.
  4. Международная защита прав и свобод человека.-М.,1990.-с.45.
  5. Криминология : Учебник.-М.,1997.-с.501.
  6. Сатаров Г.А.Россия и коррупция:кто кого? //Российская газета.19.02.1998.
  7. Волженкин Б.В. Коррупция как социальное явление // Чистые руки.№1,1990.с.30.
  8. Е.Алауханов Криминология (қылмыстану) Алматы
  9. Заң энциклопедиясы.
  10. ҚР Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы №858 Жарлығымен бекітілген. Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы.
  11. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңы.13-бет.
  12. Сөздік Заңтану Алматы «Мектеп» 250-бет.
  13. ҚР Президентінің «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы Жарлығы «Егемен Қазақстан» 2009 жыл, 20 қазан, № 341-342 (25739).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.