Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мүлікті талан-таражға салу ұғымы

Меншікке қарсы қылмыс ретінде мүлікті талан-таражға салу бұрыннан белгілі. Талан-таражға салудың қазіргі заманға сай түсінігі Қылмыстық құқықтың 6 тарауында берілген. Белоруссия заң шығарушылары талан- таражға салуды «пайдақорлық мақсатымен ұрлау, тонау, қарақшылық, күштеп алу, алаяқтық, иелену, ысырап қылу немесе компьютерлік техниканы пайдалану арқылы бөтен мүлікке немесе мүлікті иелену  құқығына заңсыз қасақана өтеусіз қожалық ету» деп түсіндіреді.

Талан-таражға салу ұғымы ұзақ уақыт бойы қалыптасқанына қарамастан заң әдебиеттерінде талан-таражға салудың міндетті белгілері туралы даулар әлі де басылмай жүр.

Жоғарыда талан-таражға салуға заңды түрде келтірілген анықтамадан талан-таражға салудың белгілеріне бөтен мүлікті қасақана, пайдақорлық мақсатпен, заңға қайшы, өтеусіз алу және оны айыпты немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру арқылы меншіктенушіге зиян келтіру екендігі белгілі.

Осы белгілердің әрқайсысын толығырақ қарастырайық.

Мүлікті алудың қасақана сипаты кез-келген талан-таражға салудың тек тікелей ниетпен ғана жасалуы мүмкін екендігін білдіреді. Бұл жағдайда айыпты мүлікті заңсыз алып отырғанын түсінеду, онымен меншіктенушіге немесе мүліктің иесіне мүліктік зиян келтірілетінін біледі және мақсаты пайдақорлық болғандықтан сол зиянды келтіргісі келеді.

Пайдакүнемдік мақсат деп мүлікті заңсыз өтеусіз алуға мүдделі болуды айтады. Пайдакүнемдіктің өзі пайданы, олжаны білдіреді. Дальдің сөздігіне пайдакүнемдікке: «тегін табысқа, олжаға құмарлық; ақшаға, байлыққа ашкөздік, тойымсыздық, алыпсатарлыққа үйірлік; пайда, олжа, түсім» деген анықтама берілген [1, 429].

Заң әдебиеттерінде пайдакүнемдік міндетті түрде мүліктік пайданы келтіруі тиіс емес деген пайымдаулар кездеседі. Пайдакүнемдік мақсат жымқырып отырған тұлғаға пайда әкелуі тиіс. Мұндай пайда мүліктік  те, басқа    да    мүддеде    болуы    мүмкін.    Осының    негізінде    талан-таражға    салудың    міндетті белгілерінен

«пайдакүнемдікті»шегеріп тастау туралы ұсыныстар енгізіледі [2, 417]. Алайда бүгінде мұндай пайымдаулар қажетсіз болып қалды. Олар заңға сәйкес емес. ҚК 24 тарауының аталған ескертпесінде талан-таражға салуды – бұл бөтен мүлікті пайдакүнемдік мақсатпен иелену деп анық айтылған.

Дәл осы тұста тағы бір сауал туындайды: пайдакүнемдік мақсат деген не? Доцент И.О.Грунтов көрсеткендей, сот тәжірибесінде мына жағдайлар бар болған жағдайда мақсат пайдакүнемдік болып табылады: тұлға материалдық пайда алуға ұмтылады; бұл мақсат алынған мүлік есебінен қанағаттандырылылады; тұлға жымқырылған мүлікті өз пайдасына немесе айыптының материалдық тәуелділігі бар тұлғалардың пайдасына айналдыру [3, 257]. Осындай пікірлер әректтегі қылмыстық заңға қайшы келеді. Қылмыстық құқыққа сәйкес пайдакүнемдік ниет дегеніміз «бұл жасалған қылмыстан өзі немесе жақын адамдары үшін мүліктік сипатта пайда алуға ұмтылыспен немесе өзін я жақын адамдарын материалдық шығындардан сақтап қалу ниетімен сипатталатын уәждер». Демек, заң мүдделері шеңберінде бөтен мүлікті алып отырған тұлға әрекет етуі мүмкін тұлғалар шеңберін шектейді деген сөз. Бұл шеңбер айыптының және оның жақын адамдарының материалдық мүдделерімен шектеледі.

Айыптының заңмен тыйым салынған әрекеттерді жасауы, ешқандай құқығы жоқ болса да бөтен иеліктен мүлік алуы құқыққа қайшылық деп аталады.

Қылмыстық құқық доктринасында талан-таражға салуға мүлікті өтеусіз алу, яғни оның құнын ақшамен немесе басқа жолмен тепе-тең қайтару деген анықтама берілген. Алайда мағынасы күмәнсіз болғанымен де, өтеусіздік белгісі тегіс қамти алатын белгі болып табылмайтындығын бас айту керек, себебі іс жүзінде меншіктенушіге оның еркіне қайшы баға эквивалентін беру арқылы бөтен мүлікті иелену жағдайларын қарастырмайды. Сол себептен өтеусіздікпен қатар меншіктенушінің немесе мүліктің басқа да иеленушісінің субъективті құқығының бұзылу белгісін де ескеру қажет.

Талан-таражға салудың - мүлікті өз қарамағына немесе өзгенің қарамағына алу және айналдыру – белгілері өзара тығыз байланысты және бір-бірін толықтырып отырады. «Мүлікті алу» және «айналдыру» түсініктерінің ұғым ретінде бір-бірінен мазмұны айырмашылықтары бар. Олар айыптының қалыптасқан әлеуметтік байланысты – меншік қатынастарын бұза отырып, басқа тұлғаның мүліктік аясынан материалдық құндылықтарды заңсыз алатынын және бөтен мүлікті өз иелігіне айналдыратының көрсетеді.

Талан-таражға салу заты ретінде бөтен мүлік ұрланған мүліктің өзге адамға тиесілі екенлігін білдіреді. Ол ұрлаушы үшін бөте болып табылады. Ұрлаушының ол мүлікті иеленуге шамаланған да, нақты  да меншік құқығы немесе заңды иелену құқығы жоқ [4, 203]. Басқаша айтқанда, талан-таражға салу заты болу үшін мүлік қастандық жасаған сәтте ұрлаушыдан басқа тұлғаның меншігінде немесе заңды иелігінде болуы тиіс. Әрекет жасалған сәтте ұрлық жасап отырған тұлғаның меншігінде немесе заңды иелігінде болған мүлік талан-таражға салу заты болуы мүмкін емес. Оның үстіне, аталған тұлға ұрланған мүліктің меншік құқығы немесе заңды иелену құқығы негізінде өзінікі болуы мүмкін екендігі туралы ойламауы да тиіс.

Талан-таражға салудың соңғы белгісі – мүліктің меншіктенушісіне материалдық зиян келтіру. Мүліктің өтеусіз алынып отыруының өзі меншіктенушіге немесе басқа тұлғаға (мысалы, мүліктің иеленушісіне) мүліктік зиян келтіріліп отырғанын білдіреді. Қылмыстық-құқықтық ғылымда талан-таражға салу кезінде «қылмыскер алған мүліктің құны», яғни нақты (оң) зиян материалдық зиян болып табылады деген пікір басым болып отыр.

Талан-таражға салу кезіндегі зиянның мазмұнына аңғарылмай қалған пайда кірмейді. Оның себебі, талан- таражға салу кезінде мүлік меншіктенушінің немесе заңды иеленушінің қолма-қол қорларынан алынатынында. Меншіктенуші өзінің қолма-қол мүлкінің белгілі-бір үлесінен (сомасынан) айырылады, ал ұрлаушы сондай сомаға бөтен мүлікті заңсыз иеленеді.

Егер тұлға мүліктің бір бөлігін ғана заңсыз алып өз пайдасына айналдырса, онда ұрланған мүліктің мөлшерін анықтау кезінде сол бөлікті ғана ескеру қажет. Егер мүліктің заңсыз алынуы меншіктенушіге ішінара мүліктік эквивалент берумен байланысты болса, онда ұрланған мүлікті мөлшері алынған мүліктің құны мен оның орнына берілген мүліктің айырмасы ретінде анықталады.

Қылмыстық қастандық пәніне айналған мүліктің құнын анықтау кезінде қылмыс жасалған сәттегі мемлекеттік, бөлшек, нарықтық немесе комиссиялық бағаларға негізделу керек. Ұрланған мүліктің құнын анықтау кезінде ол мүліктің қылмыс жасалған кездегі бағасы ескеріледі.

Жоғарыда аталған талан-таражға салу белгілерінің негізінде талан-таражға салу құрамдарына әрқайсысының ҚК нақты баптарында қарастырылған өзіндік белгілері бар болғанымен де, жалпы сипаттама беруге болады.

Талан-таражға салудың кез-келген формасының объектісі ұлттық құқық жүйесімен қорғалатын меншік қатынастары болып табылады. Талан-таражға салудың кейбір формаларына байланысты қосымша объектілер ретінде адамның өмірі, оның жеке басының бостандығы қарастырылуы мүмкін.

Барлық талан-таражға салу түрлерінің қастандық пәні мүлік болып табылады. Талан-таражға салудың кейбір түрлері бойынша заң шығарушы қастандықтың пәнін кеңетілген түрде енгізген, оған мүлікті иелену құқығы жатқызылған. Мүлікті қорқытып алу кезінде қылмыстық қастандықтың пәні мүліктік сипаттағы әрекеттер болып табылады.

Талан-таражға салудың объективті жағы нәтижесінде меншіктенушіге немесе заңды иеленушіге материалдық зиян келтірілген бөтен мүлікті алудан және иеленуден құралады. Талан-таражға салу кезінде тұлғаның бөтен мүлікті өзінің немесе өзге тұлғалардың пайдасына айналдыруы қылмыстық нәтиже болып саналады. Мүлік меншіктенушіден немесе өзге заңды иеленушіден айыптының заңсыз иелігіне көшеді. Сондықтан меншіктенуші жоғалтқан мүлікті немесе меншіктену құқығынан бас тартқан мүлікті өзінің немесе өзге тұлғалардың пайдасына айналдыру талан-таражға салу болып табылмайды. [5, 36].

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы 2001 ж. 21 желтоқсанындағы № 15 қаулысының 3 тармағында көрсеткендей, жалпы ереже бойынша «қарақшылық пен күштеп алуды қоспағанда, талан-таражға салуды мүлік алынған болса және айыптының оны өз еркі бойынша жұмсау немесе пайдалану мүмкіндігі бар болса, яғни меншіктенушіге немесе заңды иесіне нақты материалдық зиянның келтірілуінен бастап аяқталған деп санауға болады» [6, 389]. Тұлғаның ұрланған мүлікті өз еркімен жұмсау немесе пайдалану мүмкіндігінің жоқтығы аяқталған қылмыстың нышандар құрамы жоқ дегенді білдіреді. Субъектінің мұндай мүмкіндігінің бар-жоғы туралы мәселенің шешуі жасалған талан-таражға салудың нақты жағдайлары мен шарттарына байланысты. Мысалы, күзетіліп жатқан аумақтан мүлікті талан-таражға салу мүлік осы аумақтан тыс шығарылған және айыпты оны жұмсау мүмкіндігін алған жағдайда аяқталған болып табылады. Азық- түліктерді, спиртті ішімдіктерді, ақшаны немесе басқа да осыған ұқсас мүліктерді ұрлаудың аяқталу сәті осы қылмысты жасаған тұлғаның ниетіне қарай анықталады: егер айыпты мүлікті күзетіліп жатқан аумақ шегінде жұмсауға ниеттенген және оны жасаған болса – бұл әрекетті аяқталған ұрлық деп бағалау қажет; егер айыпты мүлікті күзетіліп отырған аумақтан тыс жерде пайдалану ниетін көздеген болса, жасалған әрекет ұрлық жасау қастығы деп анықталады.

Осылайша, талан-таражға салу материалдық нышандар құрамдарымен сипатталады. Осы жалпы ережелерге заң шығарушы формалы (ықшамдалған) ереже ретінде құрастырған қарақшылық (ҚК 179 б.) пен күштеп  алу (ҚК 181 б.) жатпайды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы көрсеткендей,  қарақшылық мүлікті тікелей иелену мақсатымен күштеу қолданған сәттен немесе оны қолдануға қорқыту сәтінен бастап, ал күштеп алу – ҚК 181 б. аталған әрекеттерді жасауға қорқыту арқылы мүлікті тапсыру туралы талап етілген сәттен бастап аяқталған болып табылады.

Жоғарыда айтылғандай, талан-таражға салудың субъективті жағы тікелей ниетпен және пайдакүнемдік мақсатпен сипатталады.

Талан-таражға салудың субъектісі заң белгілеген жасқа жеткен, жауап беруге қабілетті тұлға болып табылады. Талан-таражға салудың кейбір түрлерінде бұл жас шамасы дифференциацияланады. ҚК 27 бабына сәйкес ұрлау, тонау, қарақшылық және күштеп алу үшін 14 жасқа толған жасөспірімдер, ал талан-таражға салудың басқа түрлері үшін 16 жасқа толған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

Әдебиеттер

  1. 1.Жижиленко А.А. Имущественные преступления.- Л., 1925.-С.12
  2. 2.Уголовное право. Особенная часть. М., 1939.-С.2573
  3. 3.Матышевский П.С. Ответственность за преступления против социалистической собственности.-Киев,1983.-С.20.
  4. 4.Пинаев А.А. Уголовно-правовая борьба с хищениями.-Харьков,1975.-С.13
  5. Курс уголовного права Под редакцией Г.Н. Борзенкова и В.С. Комиссарова.-М.,2002.-Т.3.-С.388-389
  6. .Скляров С.В.Понятие хищения в уголовном законодательства России: теоретический анализ//Государство и право.-1997

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.