Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаһандану жағдайында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен және жемқорлықпен күресу проблемалары

11 сәуір 2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жаһандану жағдайында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылықпен және жемқорлықпен күресу проблемалары» атты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 75 жылдығына арналған халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция өтті. Біздің мақсатымыз қазақстандықтарға және әлемдік қауымдастыққа Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев елдегі білім беру жүйесін реформалаудағы стратегиялық бағытын іске асырудағы жетістіктерімізді көрсету, еліміздің ең ірі университетінің білім мен ғылымның дамуындағы алатын жетекші орнын, оның әлемдік білім және ғылыми кеңістікке бірігуін таныту болып табылады. Елбасының қойған мақсатына сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасыда өз үлесін қосты.

Конференцияда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстылық және жемқорлықпен күрестің кейбір мәселелеріне қатысты ұйымдастырушылық, құқықтық, криминологиялық, жедел-іздестіру, ақпаратты-сараптамалық салада туындаған сұрақтар тұрғысында пікір алмасты. Қазақстан Республикасы құқық қолдану тәжірибесіндегі заңнаманы жетілдіру шаралары жөнінде, сондай-ақ шетел мемлекеттеріндегі трансұлттық қылмыстылықпен күресу мәселелерін қозғады.

Конференцияда терроризммен және діни экстремизммен, әйелдер мен балаларды шет мемлекетке заңсыз тасымалдаумен (құл саудасы), заңсыз миграциямен күресу мәселелері, сондай-ақ есірткі мен уытқұмарлық заттарының заңсыз, қару-жарақтың, әскери техниканың, көлік құралдарының, радиоактивті заттардың және ядролық материалдардың, заңсыз айналымымен күресу проблемалары, сонымен қатар ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алумен, сыбайлас жемқорлықпен , жалған ақша жасаумен, заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастырумен, компьютерлік алаяқтықпен күресу туралы өзекті мәселелер талқыланып, жоғары деңгейде ғылыми пікір таластар туындады.

Конференцияға Қазақстан Республикасы және шетел мемлекеттерінің басты маман-сарапшылары, көрнекті ғалымдар, тиісті министрліктер мен ведомстволардың басшылары және өкілдері қатысып, өз ойларын білдірді. Конференцияның белгіленген жұмыс тәртібі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ректоратының конференц залы 15-қабат 10:00-де пленарлық мәжіліспен басталды.

Конференцияның пленарлық мәжілісіне: алғашқы кіріспе сөз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан Республикасының білім, ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Б.Т. Жұмағұловқа берілді, содан соң құттықтау сөз Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, з.ғ.д., профессор И.И. Рогов, ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, генерал-майор, з.ғ.к.., А.Ж. Шпекбаев, ЦАРИКЦ-тегі Қазақстан Республикасының уәкілетті  өкілі  Б.А.  Бұлғақбаев,  ЦАРИКЦ-тегі   Тәжікстан   Республикасының   уәкілетті   өкілі Ш.О. Мирзоавлиёев, ЦАРИКЦ-тегі Қырғызстан Республикасының уәкілетті өкілі Б.И. Суйкумбаев, ЦАРИКЦ-тегі Түрікменстан Республикасының уәкілетті өкілі А.О. Оразов, ЦАРИКЦ-тегі Әзірбайжан Республикасының уәкілетті өкілі Р.А. Мухаррамов, Қырғызстан Президентінің қасындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі Ұлттық Кеңесінің мүшесі, з.ғ.д., профессор Г.А.Мукамбаева, Алтай экономика және құқық академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының меңгерушісі, з.ғ.д., профессор Р.М.Абызов, Ресей Федерациясының Конституциялық соты төрағасының кеңесшісі, милиция генерал-майоры, з.ғ.д., профессор В.С. Овчинский қатысты.

Конференция аясында заң факультетінің басшылығы және Алматы қаласының ішкі істер департаментінің қызметкерлері «Есірткіге жол жоқ» деген ұранмен Ө.А.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайының алдында 200 кг көлемдегі есірткіні өртеп, акция өткізді. Бұл шараға университет ұжымы, конференцияны ұйымдастырушылар мен қатысушылар, сондай-ақ студент жастар қатысты.

Конференция аясында заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Ғ. Жәкішев атындағы аудиторияның  ашылу  рәсімі  өтті.  Ашылу  рәсімінің  алдында  заң  факультетінде  аталған шараға арналған миттинг болып өтті. Аудиторияның ашылу рәсіміне Е.Ғ. Жәкішевтің жақын туысқандары, сыныптастары, курстастары, әріптестері, студенттер қауымы еске алып қатысты.

Сонымен қатар конференция аясында «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының базасы негізінде қылмыстылықпен күрес мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығының ашылу рәсімі өтті.

Орталықтың мақсаты – қылмыстылықпен және онымен күресу проблемаларының Қазақстан Республикасында қылмыстылықтың құрылымын, жағдайын және динамикасы мәселелерін зерттеу, қылмыстылықтан сақтандыру, салыстырмалы құқықтанудың ғылыми негіздерін әзірлеу және тәжірибелік тұрғыдан шешу үшін заң факультетінің білікті ғылыми педагогикалық мамандарын, магистранттарды және студенттерді, мүдделі ведомстволар, ұйымдар мен құқық  қорғау органдарының қызметкерлерін жұмылдыру.

Орталықтың міндеті – қылмыстылықтың жағдайына іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу, сондай-ақ, қазіргі кездегі қолданылып жүрген алдын алу шараларының тиімділігін арттыру, мамандандырылған семинарларда және конференцияларда ғылыми мақалаларды және баяндама- ларды дайындау, магистерлік, кандидаттық докторлық диссертацияарды, PhD докторларын дайындау, заң жобаларына қатысу, шығармашылық қызметті әдістемелік қамтамасыз ету,  заң факультеті студенттері мен магистранттарын оқыту нысандары мен әдістерін жетілдіру және олардың ғылыми зерттеу тәжірибелік құқықтық құзыреттілігін дамыту.

Ғылыми зерттеу орталығының басты бағыттары мыналар:

  • Ғылыми және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, симпозиумдар, форумдар ұйымдастыру;
  • диссертациялық зерттеулер жүргізу;
  • монографияларды ғылыми мақалар мен баяндамаларды талқылау және жариялау;
  • студенттер мен магистранттардың ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • отандық және шетелдік ғылым орталықтары мен жоғары оқу орындарымен ғылыми байланыстарды жүзеге асыру;
  • ғылымның білім беру үдерісімен байланысын жүзеге асыру.

Жалпы университеттік ғылымның ерекшелігі – білімнің тереңдігі, икемділігі және университет бітірушілерінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы, ғылыми жетістіктердің іргелі бағытталуы болып табылады.

Гуманитарлық ғылымдар бойынша іргелі зерттеулер гуманитарлық факультеттердің негізінде 12 ғылыми орталық жұмыс істеуде.

Университет ғылымдарының ғылыми зерттеу жұмыстары ғылыми жобалардың іргелі зерттеу бағдарламалары, қолданбалы, тәуекелдік, инновациялық, салалық, халықаралық кешенді ғылыми- техникалық жетістіктер бағдарламалары, ұйымдар мен кәсіпорындардың шаруашылық-келісімдік жұмыстар шеңберінде жүзеге асырылады.

Ғылыми зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемі екі есе ұлғайды. Қаржыландыру көлемінің өсуі ғылымдардың әр түрлі деңгейдегі гранттарды ұтып алу үшін байқауларға қатысуларының нәтижесінде мүмкін болды. Атап айтсақ, қылмыстық құқық және криминоголгия кафедрасы 2 грант ұтып алды. Оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлердің жүргізіп жатқан ғылыми зерттеу жұмыстарымен құрылған орталықтардың деңгейімен анықталады.

Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы тек қана ғылыми зерттеу орталығын ашып қана қоймай, студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарын дамыту бағытында жұмыстарды атқаруда. Олар келесі бағыттар бойынша жүргізілуде:

  • студенттердің ғылыми үйірмелердегі, клубтардағы, бірлестіктердегі, семинарлардағы жұмыстарын ұйымдастыру;
  • студенттердің конференцияларға, олимпиадаларға, сайыстарға қатысуы;
  • іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарының бағдарламалары мен шаруашылық келісім – шарттық жұмыстарды орындауға қатысуы;

Кафедрада ,сонымен қатар, заң клиникасы жұмыс істеуде.

Заң клиникасы жетекшісі - Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы з.ғ.к., А.Ж. Байсалов.

Клиниканың ғылыми кеңес берушілері - Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының меңгерушісі з.ғ.д., профессор Джансараева Р.Е. және з. ғ. к. , профессор Баймурзин Г.И.

Заң клиникасының негізгі мақсаттары:

  • Қаз ҰУ заң факультетінің студенттерінің теориялық және тәжірибелік білімдерін ұштастыру;
  • жоғары курс студенттерін бітірушілерге нәтижелі, терең, кәсіби және құқықтық тәжірибелік тәсілдерді үйретуді ұйымдастыру;
  • тәжірибелік тәсілдерді иеленетін заңгерлер жоғары дәрежеде құқықтық сана мен құқықтық мәдениетке тәрбиелеу.
  • заңгерлерді оқытудың инновациялық мазмұны мен нысанын және тәсілдерін тарату. Заң клиникасының міндеттері:
  • әлеуметтік деңгейі төмен, заңгерлердің ақылы көмегін ала алмайтын тұлғаларға, сот әділдігіне ақысыз қылмыстық-құқықтық және қылмыстық атқарушылық кеңес беріп, көмек көрсету;
  • жоғары курс студенттерін терең, кәсіби түрде дайындау, ҚазҰУ заң факультетінің бітіру- шілеріне жаңашыл, заңи қылмыстық- құқықтық және қылмыстық атқарушылық тәжірибеге үйрету;
  • халықты құқықтық сауаттандыру.

Кафедра құрамы ғылыми зерттеу орталығын ашумен ғана шектелмей, ҚР Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын негізгі, іргелі ғылыми зерттеулер бойынша, ғылыми жобалар конкурсына қатысты. «ҚР жаңашыл қылмыстық саясаты және жаһандану жағдайындағы» деген ғылыми жобамен конкурстан грант жеңіп алды. Осыған байланысты қылмыстық құқық және криминология кафедрасына 2009 ж. 5 млн теңге бөлінген. Сонымен қоса Қаз ҰУ мемлекеттік тапсырыс бойынша ҚР Әділет министрлігінің ұйымдастыруымен жемқорлыққа қарсы және криминологиялық, ғылыми құқықтық конкурсқа қатысты. Кафедра « Қылмыстық құқықтық блоктың заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу жөніндегі қызметтер» атты №2 лот бойынша конкурсқа қатысты. Бұған 23 млн теңге бөлінді. Іргелі зерттеулермен, ғылыми құқықтық сараптамаларға байланысты барлық жұмыстар кафедраның ғылыми зерттеу орталығы базасында жүзеге асырылады.

Құрамы:

  1. Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және криминологияның іргелі және қолданбалы мәселелер жөніндегі лабаротория.
  2. Студенттердің криминологиялық лабароториясы.
  3. Клиникалық оқу әдістерінің лабароториясы.

Конференция жұмысының нәтижелері бойынша қорытынды ережелер қабылданды.

Сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің қылмыстық құқық және криминология кафедрасы Алтай Экономика және құқық институты қылмыстық құқық және криминология кафедрасымен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы келісім шартқа қол қойды.

 

Әдебиеттер

  1. Хусаинов О.Б. Организационно-тактические особенности расследования коррупционных преступлений. Дис.канд.юрид.наук - Челябинск, 2005. - 211с.
  2. Государственная программа борьбы с коррупцией на 2006-2010 гг.
  3. Стратегия развития Казахского национального университета им. аль-Фараби на 2009-2011 годы. В свете поручений Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева.
  4. Уголовное право на современном этапе: Проблемы преступления и наказания. – СПб,

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.