Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ресей Федерациясының мәдени дипломатиясы

Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі мәселелерін зерттеу үрдісінде халықтар және мемлекеттер арасындағы мәдениетаралық байланыс мәселелеріне және оның қазіргі таңдағы әлемдік тәртіптің қалыптасуындағы рөліне ерекше назар аударылуда. Мәдениет және коммуникация адамзат тарихының барлық сатыларында елеулі орын алып келе жатқан құбылыс. Жетекші державалар мәдени байланысты өз мүдделерін жүзеге асыру мақсатында, Ұлы географиялық ашылулар уақытынан бастап, сауда, коммерциялық қызметтерді жандандыру, саяси ықпалын арттыру, жергілікті тұрғындар қатарынан еуропалық озық ойларды меңгерген саяси элитаны қалыптастырудың маңызды қаруы ретінде пайдаланып келеді.

Мәдени дипломатия – бұл мемлекеттердің саяси, дипломатиялық, үгіт-насихат мақсатында жетістіктерге жету бағытында жүргізілетін арнайы мәдени, қоғамдық және ғылыми байланыстарды дамытып, мемлекет мүддесінде осы шараларды пайдалануы. Мәдени дипломатия – мемлекеттің сыртқы саясатының маңызды мақсаттарына қол жеткізу құралы ретінде пайдаланылатын дипломатиялық қызметтің саласы, жария дипломатияның құрамдас бөлігі болып табылады. Мәдени дипломатияны сыртқы мәдени саясаттың, мемлекеттердің дипломатиялық қызметінің жалғасы ретінде де қарастыруға болады. Мәдени дипломатия сонымен қатар, мемлекеттің сыртқы саясатының өміршең мақсаттарын жүзеге асырудағы нысан және құралдары рөлін атқарады. Мәдени дипломатия, жария дипломатия, «жұмсақ күш», сыртқы саясаттың мәдени бағыты, мәдени экспансия түсініктері арасындағы айырмашылықтар әлі күнге дейін өткір пікірталастар тудырып отырған ұғымдар.

Англо-американдық зерттеушілер мемлекеттің сыртқы мәдени саясатын айқындауда мәдени дипломатия немесе жария дипломатия терминдеріне ерекше назар аударады. Жапония зерттеушілерінің ғылыми бағыттарында  да  аталған  терминді қолдану басымырақ. Қытай сыртқы саяси бағытында мәдени дипломатияны халық дипломатиясы аясында қарастырады. Неміс ғалымдары, сыртқы саясаттың мәдени бағытында ғана саяси міндеттер мен үгіт-насихат шаралары жүзеге асырылады деп есептейді. Францияда: сыртқы мәдени саясат, халықаралық мәдени саясат, мәдени дипломатия тұрғысындағы бірнеше терминдер қосарлана пайдаланылады.

Мәдени дипломатияны, идея, ақпарат, мәдени құндылықтармен, дәстүрлермен, діни-сенімдермен алмасу түрі ретінде қарастыра отыра, жария дипломатияның құрамдас бөлігі ретінде, мемлекеттер, халықаралық ұйымдар және басқа да халықаралық қатынастар жүйесіндегі институттар арасындағы мәдени байланыс саласындағы стратегиялық және тактикалық мақсаттарға негізделген іс-әрекеттердің кешені деп тұжырым жасауға болады.

Жария дипломатия саласындағы жетекші британ маманы Николас Калл пікірінше, мәдени дипломатия – мемлекеттер және шетелдің аудитория арасындағы мәдениет саласындағы қарым қатынастар орнатуға бағытталған жария дипломатияның бір бағыты [1,17].

Н. Калл жария дипломатияның бес негізгі және бір қосымша элементін айрықшалайды:

  1. Қабылдау. Релевантты ақпаратты іздестіру және жинақтау жария дипломатияның стратегиясының негізі.
  2. Енгізу. Өзіндік құндылықтарды дәріптеу, саяси қадамдарға түсініктер беру және басқа да ақпараттық жұмыстар арқылы қоғамдық пікірді қалыптастыру.
  3. Мәдени дипломатия. Қандай да бір мемлекеттің тіліне, әдебиетіне, өнеріне деген ынталандыру өзара түсіністікті ары қарай дамыту.
  4. Алмасу. Шетел студенттерін немесе мамандарын тарту арқылы ғылыми байланыстарды дамытып, елдің өмірімен кеңінен танысуға қолайлы жағдай тудыру.
  5. Бұқаралық ақпарат құралдары. Теледидар және радио бағдарламалары арқылы елдің жаңалықтарын дұрыс қабылдауға жағдай тудыру.
  6. Психологиялық соғыс – дағдарыс жағдайларында қолдануға болатын қосымша элемент.

Біздің пікірімізше, жария дипломатия – бұл қазіргі таңдағы мемлекеттердің сыртқы саясатын жүзеге асырушы құрал. Мұнда билік өкілдері мемлекеттік емес акторлардың мүмкіндіктерін пайдалана отыра, басқа да елдердің саяси элиталарына ықпал жасау арқылы, осы элита топтарын басқарушылық шешім қабылдауға жетелеуі. Оның ішіне: арнайы қалыптастырылған қоғамдық пікір, гуманитарлық ынтымақтастық, мәдени алмасу кіреді. Жария дипломатияның субъектісі болып табылатын аталған акторлар байланыстарды өз беттерінше орнатып, кейбір жағдайларда шетелдердің үкіметтік құрылымдарына ықпал ету күшіне де ие болады. Акторлардың осы үрдістегі іс шараларын мемлекет түр-  лі бағыттар арқылы бақылау жасауға мүдделі. Сонымен қатар, экономикалық, идеологиялық рухани құндылықтар жүйесі арқылы үрдістерді ынталандыруға ұмтылады.

Халықаралық қатынастарды зерттеушілердің барлығы мәдени дипломатияны «жұмсақ күшті» жүзеге асырудың ең маңызды құралы ретінде қарастырады. Егер де, «жұмсақ күш» ұғымын әлФараби атындағы Қазақ Ұлттық универитетінің профессоры К.Н. Макашеваның: «жұмсақ  күш» қалағаныңа мәжбүрлеу арқылы емес, тартымдылықпен, қызықтыра отырып қол жеткізу қабілеті, яғни материалдық, күштік ресурстарға емес, идеялардың тартымдылығына, мәдениет, идеология, үкіметтік емес институттарға халықаралық қатынастарда барынша назар аударылуы», – деп пайымдауын [2,5] ескере отыра қарастырсақ, екі түсініктің әр мағынада қолдану ерекшеліктеріне қарамастан мәдени дипломатияны да «жұмсақ күш» ұғымы аясында қарастыруға болатындығын пайымдаймыз.

«Жұмсақ күшті» жүзеге асырудың ресми механизмі ретінде, сыртқы саясат және жария дипломатиялар саласын мемлекеттік реттеуді, ал бейресми механизміне гуманитарлық саладағы сыртқы саяси міндеттерді шешудің мемлекеттік емес желілерін қарастыруға болады. Осылайша, ХХ ғасырда батыс зерттеушілерінің зерттеу объектісіне айналған жария дипломатия, «жұмсақ күш» ұғымдарына жанама ретіндегі және жария дипломатияның құрамдас бөлігі ретіндегі мәдени дипломатия термині алғаш рет ХХ ғасырдың 30 жылдарынан қолданыла бастаған. Аталмыш терминін ғылыми айналымға алғаш рет американдық зерттеуші Ф. Баргхорн енгізген болатын. Ол ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы Кеңес Одағының сыртқы мәдени қызметіндегі жетістіктеріне талдау жасай отыра, мәдени дипломатия – бұл мәдени материалдарды және адамдарды үгіт-насихат мақсатында пайдалана отыра, айла-шарғы жасау деп тұжырымдаған болатын. Социалистік даму жолына өткен Кеңес үкіметі үшін, сол кезеңде халықаралық аренада елдің озық үлгісін көрсетіп, қол жеткен табыстарын дәріптеу сыртқы саясаттың басым бағытына айналған кезең еді.

Мәдени дипломатияның көрінісі, «Қырғиқабақ соғысы» жылдарында Кеңес үкіметі мен Америка Құрама Штаттары арасындағы теке-тірес түрінде орын алды. Екі идеологиялық жүйе де өзінің мәдениеті арқылы, саяси режимінің бағыттарын ең озық үлгі ретінде дәріптеді. Жетекші державалар,  әскери-саяси  теке  тірес барысында,қару-жарақты қолданбай ақ, мәдени бағыт арқылы, жеке тұлғаның сана-сезіміне ықпал ете отыра, өз идеологиялық қондырғыларын дәріптеуге болатындығын түсінді. Осы «қырғи-қабақ соғысы жылдарында» дипломатиялық қызмет  қатарында

«мәдени дипломатия» түсінігі етене еніп, елшіліктерде арнайы атташелер және мәдениет мәселелері бойынша консулдар пайда болды. «Қырғиқабақ соғысы» аяқталғаннан кейін әлемнің саяси картасында түбегейлі бетбұрыстар жүріп өтіп, нәтижесінде халықаралық қатынастардың парадигмалары да өзгеріске түсті. Ғаламдану жағдайындағы мемлекеттер арасындағы бәсекелестікте мәдени-рухани құндылықтар және осы бағыттағы даму үлгілері алдыңғы шепке шықты.

Мәдени дипломатияны кейіннен батыс елдері, мәдени байланыстарды жақсарту және мемлекеттер арасындағы өзара түсіністікті арттыру мақсатында халықаралық қатынастарда кеңінен қолдана бастады. Мемлекеттер саяси бағытындағы мәдени аспектілерге ерекше көңіл аударып, сыртқы мәдени саясаттарын, мемлекеттің әлемдік аренада ұлттық мүдделерінің стратегияларын жүзеге асыру бағытындағы идеологиялық қару ретінде қолданып келеді.

Мемлекеттердің мәдени дипломатиясына ықпал етуші бірқатар факторларды ерекше­ леуге болады. Атап айтқанда:

  1. Сыртқы саясатының басым бағыттары.
  2. Елдің халықаралық аренада жағымды имидж қалыптастыруға деген ұмтылысы.
  3. Елдің тарихы.
  4. Мәдени саясаттың қорлары және олардың қаржыландырылуы.
  5. Елдің мемлекеттік тілінің әлемде таралуына жағдай жасау.
  6. Мемлекеттің коммерциялық мүдделері.

Мәдени дипломатия бастамалары шеңбе­ рінде төмендегідей шаралар пайдаланылады:

  1. Өнер туындылары, оның ішінде кинематография, музыка, би, бейнелеу, мүсіндеу.
  2. Көрмелер, халықаралық көрмелер, ЭКСПО.
  3. Білім беру бағдарламалары, академиялық ғылыми алмасу бағдарламалары, шетелдердегі тілдік тәжірибеден өту бағдарламалары.
  4. Әдебиет туындылары, шетелдерге ұлттық әдеби туындыларын аударып тарату.
  5. Басқа елдерге жаңалықтарды және мәдени бағдарламаларды тарату.
  6. Діни дипломатия, оның ішінде дін аралық үнқату шаралары.

Соңғы жылдардағы мәдени дипломатия шеңберінде жүргізіліп отырған мемлекеттердің сыртқы  саяси  бағытының  талдауы   арқылы,  мемлекеттің өзегін құрайтын жетекші идеяны, мәдени дипломатия арқылы таратудың кеңінен тарағанын байқаймыз. Атап айтқанда, Америка Құрама Штаттары еркіндік, демократия, азаматтық қоғам идеяларын дәріптесе, Батыс Еуропа мәдени дипломатияның бағыттарын адам құқығы идеясы шеңберінде жүргізіп келеді. Ал Қытай елі конфуциандық идеология арқылы өз мәдени құндылықтарын дәріптеуді дәстүрге айналдырған.

Осы орайда ерекшелейтін мәселе, Ресей саясаттанушылары, тарихшылары, мәдениеттанушылары, саясаткерлер тарапынан әлі күнге дейін Ресейлік «мәдени дипломатияның» немесе халықаралық қауымдастыққа ұсынатын өзіндік бір идеяның өзегі әлі күнге дейін ашылмай келеді. Ресей Федерациясының сыртқы саяси бағытында «мәдени дипломатия» мәселелеріне ХХІ ғасырдың басынан бастап ерекше назар аударылып, халықаралық қауымдастықта жағымды имиджін қалыптастыру маңызды мәселеге айналды. 2012 жылы елшілердің Кеңесінде Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин: «Ресейдің шетелдегі бейнесін қалыптастырумен біз айналыспағандықтан, көп жағдайларда әлемдік өркениетке, мәдениетке Ресейдің қосқан үлесі шынайы түрде көрсетілмей, теріс арнада беріліп жүр. Ресейдің халықаралық қатынастардағы ұстанымы да бір жақты түрде қабылданады. Бұл мәселеде өз ұстанымдарымызды дұрыс түсіндіре алмаған біз ғана кінәліміз», деп тоғытқан [3]. 2013 жылы жарияланған Ресей Федерациясы сыртқы саясатының тұжырымдамасында «жұмсақ күш» түсінігі енгізіліп, «дәстүрлі дипломатияға балама түріндегі, азаматтардың бірлестігі, ақпараттық-коммуникациялық,     гуманитарлық және т.б. мүмкіндіктерге сүйене отыра, сыртқы саяси міндеттерді шешудің кешенді құралы» ретінде анықталған [4]. «Жұмсақ күш» түсінігінің Ресейлік сыртқы саясаттағы ерекшелігін 2012 жылы В.В. Путиннің «жұмсақ күш – бұл қару қолданудан бас тарта отыра, ақпараттық және басқа да ықпал ету тетіктері арқылы сыртқы саяси шешімдерге қол жеткізу құралдарының кешені» деп, берген анықтама шеңберінде қарастыруға болады [5].

Ресей мәдени дипломатиясын жүзеге асыру­ ға қатысатын төмендегідей институттарды айқындауға болады:

  1. Мемлекеттік билік органдары, РФ СІМ және оның құрылымдары – Ақпарат және баспасөз Департаменті, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері бойынша Федералды агенттік, Халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық бойынша агенттік.
  2. Үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық қоғам институттары – бұл бағыт бойынша 2007 жылдың жиырма бірінші маусымында «Орыс әлемі» қоры құрылған. «Орыс әлемі» қорының шетелдерде 100 ден астам ресми өкілдіктері құрылып, олар шетелдерде орыс тілін және орыс мәдениетін дәріптеумен айналысады. Қазіргі таңда Орталық Азия елдерінде Ресейлік үкіметтік емес ұйымдар өз қызметін жүргізуде. Олардың қызметінің бағыттары да Ресейдің мәдени дипломатия бойынша жүргізіп отырған саясатымен жанасады. Атап айтқанда: «Орыс әлемі» қоры, Горчаков атындағы қор, студенттік «Жас Еуразия» үкіметтік емес ұйымы, Қырғызстандағы Л. Гумилев атындағы Орталық, Қазақстандағы Шығыс және Батыс орталығын ерекше атауға болады.

Орыс орталықтары Еуразиялық Одақ жобасын жүзеге асырудағы, Ресейдің сыртқы саяси құралдарының маңызды бөлігі ретінде саналады. 2010 жылы Ресей Президенті Д.А. Медведевтің Жарлығымен құрылған А.М. Горчаков атындағы  қордың  шеңберінде  жас  мамандар үшін,«Орталық Азия бойынша жас сарапшылардың мектебі», «Болашақ үшін диалог», «ҰҚШҰ Академиясы» сияқты ғылыми-білім беру бағдарламалары қызмет атқарады.

  1. Ғаламдық БАҚ:   «RT»,   «Россия-РТР», «РТР-Планета», «НТВ -Мир», Еуропа елдеріне бағытталған «1 TBRUSEurope», Балтық жағалауы елдеріне арналған «Первый Балтийский канал», 2004 жылдан бастап АҚШ және Канада елдерінде таратылатын «1TBRUS – USA & Canada» телеарналары. Бұл телеарналар кеңінен және жедел түрде, негізгі әлемдік саяси оқиғаларға қатысты Ресей мемлекетінің көзқарасын, ұстанымдарын таратумен айналысады.
  1. Ресей Федерациясының, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті, Ресей Халықтар Достығы университеті, Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институты сияқты жетекші жоғарғы оқу орындары. Қазіргі таңда аталған ЖОО қабырғаларында Қазақстандық студенттер білім алуда. Мәселен, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің студенттері академиялық ұтқырлық шеңберінде аталған университеттерден тағылымдамадан өтуде. М. Әуезов атындағы ОҚМУ және Ресей Халықтар Достығы университеті, Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институты арасында «Халықаралық қатынастар» және «Халықаралық құқық» мамандығының студенттеріне білім алу үшін қос дипломды бірлескен білім беру бағдарламалары ашылған.   Техникалық   мамандықтар үшін Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетімен қос дипломды білім беру бағдарламалары бойынша түлектер білім алуда.Аталған білім саласындағы саясат та Ресейдің мәдени дипломатиясын Орталық Азия аймағында кеңінен таратуға қомақты үлесін қосатын іс-шаралар кешеніне кіреді. Өйткені, шетелдер үшін мамандарды дайындау саласындағы Ресейдің мемлекеттік саясатының негізгі мақсаты, шетелдердің болашақ саяси элитасын дайындау арқылы геосаяси және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін жүзеге асыру болып табылады.

Ресей Жоғарғы оқу орындарының филиалдары шетелдерде кеңінен тараған. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті, Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясы сияқты оқу орындарының 42 филиалы білім беру жұмыстарын атқаруда [6].

Ресей Жоғарғы Оқу орындарының қызметі шетелдік филиалдары төмендегідей міндеттерді шешуге бағытталған:

  • шетелдерде орыс тілін және Ресей мәдениетін үйрену ісін кеңінен тарату;
  • таяу шетелдерде орыс мәдениетінің, орыс тілінің сақталуына жағдай жасау;
  • отандастарының құқықтарын, оның ішінде орыс тілінде білім алуға деген құқықтарын жүзеге асыруға қолқабыс жасау;
  • барлық посткеңестік кеңістікте бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістікті қалыптастыру.

Ресей Ұлттық (Славян) университеті жүйелерінің шеңберінде, Арменияда, Белорусияда, Қырғызстанда, Тәжікстанда университеттер ашылған [6].

  1. Орыс Православиелік Шіркеуі және басқа да діни институттар. Ресей мәдени дипломатиясының басым бағыты православие дінін ұстанушы славян халықтарын біріктіруге деген ұмтылыс. Орыс православиелік шіркеуіне мемлекет саясатында ерекше орын беріледі. Шетелдерде Орыс шіркеулерінің 600 ден астам өкілдіктері құрылған. Шіркеулер, діни әдебиеттерді, діни бағыттағы материалдарды шығару, халықаралық діни байланыстарды дамыту, халықаралық діни жиналыстарды, конференцияларды өткізу арқылы орыс мәдениетін, дінін дәріптеумен айналысады.
  2. Ресей Федерациясының «мәдени дипломатия» бағытындағы ең маңызды қадамы – бұл алыс және шетелдердегі орыс тілді бауырластарына сүйене отыра, олармен өзара байланысты арттыру. Ресей Федерациясының «Сыртқы саясатының тұжырымдамасында» шетелдерде өмір сүретін Ресей азаматтары мен отандастардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мәселесі Ресей сыртқы саясатының негізгі мақсаттарының аясында қарастырылады [4].

«Мәдени дипломатия» шеңберінде мемлекеттің имидждік стратегиясын да  қарастыру-  ға болады. Имидждік стратегия – барлық бұқаралық коммуникация арналары және жария дипломатия арқылы әлемдік қауымдастықтағы қоғамдық пікірде елдің жағымды бейнесін қалыптастыру бойынша ұзақ мерзімге бағытталған мемлекеттің стратегиясы. Осы тұрғыдан алғанда, М. Ломоносв атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің профессоры И.А. Василенко, Пушкин, Лермонтов, Достоевский, Толстой ұрпақтары болып табылатын орыстардың жоғарғы мәдениет иелері екендігін айқындай отыра, Имидждік стратегия үшін «Ұлы мәдениет – ұлы халық – ұлы мемлекет» тізбегін жасауда, өз ұлтына деген құрмет арқылы, басқа да ұлттардың құрметіне ие болуға болады деп санайды [7,26].

Қазіргі таңда Ресей Федерациясы тарапынан жүргізіліп отырған, Ресейдің жағымды имиджін қалыптастыру бойынша мемлекеттік жобаларды жеті негізгі бағыттарға бөліп қарастыруға болады:

  • экономикалық жобалар: экономикалық форумдар (Петербург экономикалық форумы). Мақсаты: қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру, экономикалық ынтымақтастықтың интенсификациясы, Ресейді тұрақты және сенімді экономикалық әріптес ретінде дәріптеу;
  • мәдени, ғылыми және білім беру жоба­ лары: ЮНЕСКО, халықаралық мәдени ынтымақтастық, конференциялар, дөңгелек үстелдер шеңберінде Ресейдің жетістіктерін дәріптеу;
  • әлеуметтік жобалар: түрлі әлеуметтік халықаралық жобаларға Ресейдің қатысуы (індет ауруларға, есірткіге қарсы, табиғи апаттардан зардап шеккен елдерге гуманитарлық көмек көрсету);
  • спорттық жобалар: Сочи-2014 Олимпиадасы, Казань-2013 жастардың универсиадасы;
  • «Шіркеулік дипломатия» жобасы: – патриарх Кириллдың қоғамдық дипломат ретінде халықаралық сапарлары, 2006 жылдан бастап Мәскеуден бастау алған діни саммиттер;
  • мерекелік жобалар: тарихи оқиғаларға ерекше мән беру арқылы, Ресейдің үлесін дәріптеу (Ұлы жеңістің 70 жылдығы, Санкт-Петербург қаласының 300 жылдығы);
  • медиялық жобалар: аса маңызды медиялық жобалардың бастамасы ретінде «Валдай клубы», «Russia Profile», «Russia Today», РФ СІМ және РИА «Новости» бірлескен жобасы «Ашық Ресей».

Имидждік стратегияның маңызды бөлігі ретіндегі халықтың сана сезімін білдіретін қоғамның құндылықтар жүйесіндегі – ұлттық идея мәселесіне де қазіргі таңда ерекше ден қойылуда. Ресей зерттеушілерінің мәдени дипломатияны алға тартуда, ең алдымен еуразияшылдық тұжырымдамасына жүгінуі ерекше байқалады. Еуразияшылдық идеясының басты мәні – РесейЕуразия – ерекше әлеуметтік-мәдени әлем. Өзінің географиялық орналасуына қарай Ресей шығыс-және батыс әлемін жалғастырушы ретінде тарихи және геосаяси көзқарастар тұрғысынан мәдени синтез рөлін атқарып, екі бастауды біріктіруші күш. Осы тұжырымдаманы алға тарта отыра Ресей зерттеушілері ерекше еуразиялықресей мәдениетін дәріптеуі де осы мәдени дипломатияның көрінісі болып табылады. Ресей геосаясатшылары елді, Ұлы Лимитроф буындары арқылы (Шығыс Еуропа, Кавказ, Қазақстан, Монғолия) маңызды дүниежүзілік өркениеттермен (Еуропалық, Кіші азиялық, Ирандық, Орталық Азия, Қытай, Жапон, Солтүстік Америка, Таяу Шығыс және Балкан халықтары) шекаралас өзіндік ерекшелігі бар өркениет ретінде қарастыруда. Еуразияшылдық идеясы арқылы Ресей мәдениетінің өркениеттік миссиясын мемлекеттің сыртқы саяси имиджін қалыптастырудағы маңызды қадам ретінде есептейді.

Еуразиялық интеграцияның дамуында Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің «Еуразия үшін жаңа интеграциялық жоба – бүгінгі күннен туындайтын болашақ» атты бағдарламалық сөзінде, Еуразия Одағының тұжырымдамасын дамыта отыра, Ресейдің қатысуы айқындалған [8]. В.Путин қазіргі кездегі халықаралық қатынастар жүйесінің бірден бір өзегіне айналуға қабілетті, Еуропа және қарқынды дамып отырған Азия-тынық мұхит аймағы арасын тиімді байланыстыратын қуатты ұлттық бірлестіктің қажеттілігін дәлелдеді. Нәтижесінде, 2014 жылдың 29 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті идеясынан туындаған, Ресейдің мемлекеттік имидждік саясатының негізгі бағытына айналған, Қазақстан, Ресей, Белорусь мемлекет басшылары арасында қол қойылған келісім негізінде Еуразиялық экономикалық одақ құрылды.

Жоғарыда баяндалған мәселелерді қорытындылай келе, 2000 жылдардан бастап ерекше сипатқа ие болған Ресей Федерациясының «мәдени дипломатия», «жұмсақ күш» саясаттары шеңберінде жүргізіліп отырған саяси бағыттары бірқатар жемістерін көрсетіп отырғанымен, әлсіз тұстары да орын алатындығын байқауға болады:

  1. «Мәдени дипломатияның» посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттерінің жастарына бағытталған білім беру және ғылыми жобаларын алға тартуда қаржыландыру жүйесінің әлсіз тұстары. Мысалы, еуропалық «Erasmus Mundus» бағдарламасы, Лэйн Киркланд атындағы стипендиялық бағдарлама, Фулбрайт бағдарламасы сияқты Батыс әлемінің білім беру бағдарламалары, Қытайдың білім беру бағдарламаларының жанында Ресейлік бағдарламалар белсенді түрде дамып отырған жоқ.
  2. Украианадағы жағдайға, Қырым мәселесіне, қазіргі таңда қолданылып отырған экономикалық санкция, мұнайдың бағасының әлемдік нарықта құнының төмендеуіне байланысты туындаған мәселелерде, халықаралық қауымдастықта Ресейге қатысты агрессиялық бағыттағы, экономикасы дағдарысқа ұшырап отырған ел ретінде стереотиптер қалыптасуда. Ал бұл Ресейдің халықаралық қауымдастықтағы жағымды бейнесіне нұқсан келтіріп, имидждік стратегиясына кедергі келтіруде.
  3. 2014 жылғы Украинадағы мемлекеттік төңкеріс, Ресейдің «жұмсақ күшті» қолдану үрдісінде ЕО және АҚШ мемлекеттерінен әлсіз екендігін көрсетті.  Украина  мәселесінде Ресей дипломатиясының бағыттары негізінен халыққа емес, украиналық элиталық топқа ғана бағытталды. Егер де Ресей Еуромайданның «жұмсақ күшіне» сол бағыттағы бара-бар жауап іздестіргенінде жағдай басқаша қалыптасуы да мүмкін еді. Бұл мәселе қазіргі таңда «түрлі-түсті революцияларға», «араб көктемі» сияқты толқуларға қарсы келу барысында Ресейде «жұмсақ күш» қолдану қаруы әлі күнге дейін толыққанды шешілмеген мәселе екендігін көрсетеді.
  1. Керісінше, Сириядағы Ресейдің әскери қатысуы, Оңтүстік Осетия дағдарысындағы Ресейдің әскери қатысуы, қазіргі таңда да Ресей Федерациясы «қатаң күш» саясатына жүгінуі көбірек екендігін байқатады.
  2. Ресей зерттеушісі И.В. Лябухов атап өткеніндей, Ресей Федерациясының қазіргі таңдағы имидждік саясаты, қысқа мерзімдік ірі акциялармен ғана шектелуде, олардың тиімділігі ұзақ мерзімге бағытталмаған және жекелеген акторлардың үйлеспеген іс шаралары оң нәтижелердің тиімділігін төмендетеді [9, 19]. Сондықтан да, қазіргі жағдайдағы Ресей үшін рухани құндылықтар, діни төзімділіктің орталығы, көп ұлтты мемлекет, рухы күшті халық ретінде жағымды бейнесін сомдау барысында ғалымдар, сарапшылар, саясаткерлер алдында орасан зор жұмыстарды және халықтың осы идея бойынша жұмылуын қажет етеді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Nicholas J. Public Diplomacy: Lessons from the Past. – Los Angeles:Figueroa Press, 2009. – 62 р.
  2. Макашева К.Н., Хайрулдаева А.М. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Қазақстан Республикасының жария дипломатиясын жүзеге асыру мехнизмі ретінде// ҚазҰУ Хабаршысы. –2013. – №1(61). – 3–8 бб.
  3. Путин В.В. Выступление на совещании послов и постоянных представителей России «Россия в меняющемся мире: преемственность приоритетов и новые возможности» [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http//www. кremlin.ru/ news/15902
  4. Концепция внешней политики Российской Федерации. [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://archive.mid. ru/brp_4.nsf/0/6D84DDEDEDBF7DA644257B160051BF7F
  5. Путин В.В. «Россия и меняющийся мир». // «Московские новости». 27 февраля 2012 г.
  6. О подготовке иностранных специалистов для зарубежных стран в российских образовательных учреждениях [Электронный ресурс]. – Режим доступа:http://img. edu.ru//novosti/ o podgotovke_inostr_spec-v.pdf
  7. Василенко И.А. Имиджевая стратегия России в контексте мирового опыта// Власть. – 2013. – №7. – С. 24–28.
  8. Путин В.В. Новый интеграционный проект для Евразии – будущее, которое рождается сегодня. [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://izvestia.ru/news/502761
  9. Лябухов И.В. Формирование позитивного имиджа Российской Федерации на международной арене: возможности и потенциал МИД России // Вестник Томского Государственного университета. – 2012. – №3 (19). – С.18-19.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.