Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еуропалық Одақ және Орталық Азия: «Оңтүстік дәліз» мысалындағы тиімді энергетикалық ынтымақтастық

Энергетикалық мәселелер Еуропалық Одақтың құрылуында маңызды рөл атқарды. Германия, Франция, Италия және Бенилюкс елдері бастапқыда Еуропалық көмір және болат балқыту бірлестігін (ЕКББ) және 1957 жылы Еуроатом, Еуропалық экономикалық қауымдастық құру туралы келіскені белгілі.

Энергетикалық саясат анықтаушы сипатқа ие, себебі оның көмегімен кез-келген өнеркәсіп өндірісінің іске асуы үшін алғышарттар жасап шығарылады. Соңғы жылдар ішінде, Еуропалық Одақ шеңберіндегі интеграцияның өсуімен Одақ ішінде де, осы ассоциацияға кірмейтін мемлекеттерде де, сонымен қатар халықаралық ұйымдар шеңберінде ортақ энергетикалық саясатты құрастыру мен жүзеге асыру бойынша атқарылатын жұмыстың айтарлықтай күшеюі байқалады.

Мұнай және газ кен орындарын ұлғайту әлемдік нарықтарға тасымалдаудың жақсаруына ықпал етіп, диверсификацияға ұласады. Орталық Азия аймағынан газдың жеткізілуі ЕО үшін үлкен маңызға ие. Сондықтан кейінгі жылдарда ортақ қызығушылықтар мен әрекет етуге негізделген ұзақ мерзімді серіктестіктің негізгі элементтері бекітілуі мүмкін: Орталық Азия энергетикалық ресурстарын пайдалану ірі көлемді және тұрақты инвестицияларды, сонымен қатар, энергетикалық сектордың барлық компоненттеріне бағытталған және көптеген дамыған нарықтарға шығуды жеңілдететін кешенді саясатты талап етеді [1].

Еуропалық Комиссия «Еуропа-2020» атты саяси құжат қабылдаған болатын, ол «қуатты әрі шамданушылық» энергетикалық саясаттың негізін қалауға арналған. Осы саясаттың халықаралық аспектісі алдыңғы орындағы мәнге ие және айтарлықтай көмірсу көлемі бар ірі өндіруші және транзитті мемлекеттермен серіктестік сипатындағы қатынастардың қатарын құрудың маңыздылығын атап көрсетеді. 2011 жылы қыркүйекте Еуропалық Комиссияның жаңа бағдарламалық құжаты шығады – энергетика бойынша ЕО саясаты: біздің  шекарамыздан  тыс жерлерде-  гі серіктестермен ықпалдасу. Бұл энергетика саласындағы ЕО сыртқы қатынастары үшін барлық жағынан мәселелерді жалпылай қамтитын стратегияны қамтамасыз етеді [2].

«Оңтүстік газ дәлізінің» іргетасын салу салтанатты рәсімі Бакуда 2014 жылы 20 қыркүйекте өтті. Әзербайжан астанасына сол кезде келген жоғары шенді қонақтары «Оңтүстік  дәліз» жобасының стратегиялық маңызын ерекше атап көрсетіп, аймақтық және халықаралық ынтымақтастыққа бұл жобаның жағымды әсеріне мән берді. Сонымен бірге, бұл жоба ең алдымен, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінің қалыптасу үдерісіне де өзіндік үлесін қосады.

Қазіргі күні Каспий аймағының барлық мемлекеттері энергетика саласындағы өз тұтынушыларының шеңберін әркелкі деңгейде әртараптандырды. Жоспар бойынша «Оңтүстік дәліз» келесі құбыр желілерін қамтиды: біріктіруші «Түркия – Греция – Италия», Трансадриатикалық және «Набукко» [3]. Еуропалық Одақ энергожеткізілімдерді әртараптандыруға байланысты шараларды қолға ала отырып, «Оңтүстік дәліз» (1-сурет) сияқты құбыр желісінің салынуын қолдайды. Сонымен қатар, Еуропалық Одақ аймақта энерготасымалдаушылардың жеткізілімдеріне арналған тораптарды орналастыруда негізгі өлшемдер ретінде коммерциялық және экологиялық бағыттарды таңдап, содан кейін ғана саяси өлшемді алға қояды, ал Қазақстанның тарабы бұл амалды толықтай қолдайды [4].

1-сурет – ақпарат көзі: http://carnegieendowment.org/files/Petersen_CER_Eng.pdf

  Түркияның энергетика мәселелеріндегі белгілі сарапшысы Мерт Бильгиннің ойынша, «Оңтүстік дәліз» деп аталатын (Каспийден Батыс-  қа Түркия арқылы мұнай мен газ тасымалдау) жобасының толыққанды жұмыс істеуі үшін келешекте Таяу Шығыстың да табиғи байлығын аталмыш энергетикалық дәліз арқылы тасымал-

дау қажет. Себебі, Каспий теңізі Батысты толығымен мұнай мен газ экспортымен қамтамасыз ете алмайды. Құбырлар толық толтырылмаған жағдайда, қосымша түрде, Таяу Шығыстан да мұнай мен газ жеткізу қажет болады [5].

2050 жылға қарай Еуропалық Одақ көміртегінің  таралуын  80%-ға  төмендетуді жоспарлап отыр. Энергетикалық тиімділікті арттыруға және қайта қалпына келетін энергия көздерін кеңінен пайдалануға назар аударылып отыр. Сонымен бірге табиғи газ көміртексіз электрэнергетикасына өтудегі резервтік отын ретінде қарастырылады. Еуропалық Комиссия Еуропалық Одақтың жалпы тұтынуында Каспий аймағының және Таяу Шығыстың газ жағынан үлесін 10 %-ға дейін жеткізуді көздеп отыр. Оңтүстік газ дәлізінің (Southern Gas Corridor (SGC)) жобасын жүзеге асыру үшін Еурокомиссияның тізімінде 21 жоба белгіленген.

2018 жылы Трансадриатикалық (TAP (Trans Adriatic Pipeline)) және Трансанатолиялық (TANAP (Trans Anatolian Natural Gas Pipeline Project)) газ құбырларының желілеріне бастама беру маңызды рөлге ие. Жоғарыда аталған TAP газ құбырының маршруты бойынша Әзербайжаннан (Шах-Дениз 2 кен орны) 870 км қашықтықты құрайтын газ құбыры арқылы газды Түркия, Греция, Албания, Адриатикалық теңіз арқылы Италияның оңтүстігіне, содан соң Солтүстік Еуропаға жеткізеді. TANAP атты маршрут желісі болса, Әзербайжан (SOCAR компаниясы 80%) және Түркияның (BOTAS 15% және TPAO 5% компаниялары) ортақ жобасы, жоспары бойынша Әзербайжаннан Еуропаға Түркия арқылы табиғи газдың экспорты ескерілген [6]. Оңтүстік газ дәлізі бұл – Каспий аймағынан Грузия және Түркия арқылы Еуропаға жылына 10 млрд м3 жуық жеткізілімдер үшін арналған газтранспорттық инфрақұрылымының кешені [7].

Еурокомиссияның төрағасы Жозе Мануэл Баррозу өзінің Бакуға жасаған сапарының аясында: «Оңтүстік газ дәлізі тек қана саяси көзқарас тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, энергетикалық қауіпсіздік тұрғысынан да маңызды» екендігін атап көрсетті [8]. Сонымен қатар, Жозе Мануэл Баррозу бұл дәліз кейіннен Кавказ және Түркиядан, содан соң Греция және Албанияның территориясынан өтіп, 2000 километрден тұратын қашықтықты игеріп, Каспий теңізін Еуроодақтың орталығымен қосатынын атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар, бұл жоба тек қана құбыр желісі ғана емес, ол XXI ғасырдың маңызды стратегиялық, энергетикалық дәлізі, толыққанды мағынадағы геостратегиялық жобасы болады. Ал ЕО кеңесінің энергетика мәселелері жөніндегі комиссары Марош Шевчович «Оңтүстік дәліз» бойымен Еуропа мемлекеттеріне табиғи газдың алғаш рет жөнелтілуі 2019 жылға қарай күтілуде екендігін атап көрсеткен [9].

ЕО-ның «Оңтүстік газ дәлізі» бойынша серіктестерінің  ішінде  Әзербайжан, Түрікменстан, Грузия, Қазақстан, Түркия, Ирак, Египет, сонымен қатар келешекте Иран және Өзбекстан аталады. Орталық Азия мемлекеттері және ЕО арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік жөніндегі Меморандумдарға келетін болсақ, Түрікментанмен – 2008 ж. 26 мамырда; Өзбекстанмен 2011 ж. 24 қаңтарда; Қазақстанмен – 2006 ж.жасалды [10].

Соңғы жиырма жылдың ішінде Қара теңіз аймағының геосаяси және транзиттік маңызы айтарлықтай артты. Өйткені, аталмыш аймақ Каспий, Орталық Азия және Таяу Шығыстың көмірсутек шикізатын Еуропалық Одақ елдеріне жеткізудің негізгі дәлізіне айналып отыр. Оның үстіне, бұл географиялық аймақ Ресей мен Түркияны, Еуропа мен Ресейді, Каспий теңізі мен Еуропаны, Кавказ бен Еуропаны жалғап жатыр. Қара теңіз аймағы елдерінің әрқайсысы өз ұлттық мүдделеріне сай әртүрлі энергетикалық саясат жүргізуде. Десек те, Еуропалық Одаққа мүше елдердің энергетикалық саясаты «Еуропа көршілік саясаты» мен «Шығыс серіктестігі бастамасы» бағдарламаларына сай жүзеге асырылады [5].

Оңтүстік дәліз жобасы аясында әртүрлі маңызды құрауыштар бөлініп шығады. Орталық Азия және Еуропалық Одақ арасындағы газ жеткізілімдерінің мәселесі әрқашанда өзекті болды. Энергетикалық ресурстардың, энерготасымалдаушылардың үздіксіз жеткізілімдерін қамтамасыз ету Еуропалық Одақ нарықтарында жиі күн тәртібіндегі мәселе болды. Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде, атап айтқанда, Түрікменстан газын экспортқа шығарылады және маңызды энергетикалық жобалар аясында ескеріледі. Сонымен қатар, 2008 жылы сәуір айында Еуропалық Комиссия және Түрікменстан үкіметі арасында Стратегиялық энергетикалық серіктестік жөніндегі Меморандумға қол қойылды [11].

Түркиядағы Эрзурум мен Австриядағы Баумгартен-ан-дер-Мах дейінгі қашықтықты алатын Nabucco құбыр желісі «Оңтүстік дәліз» концепциясына енген екі жоба ретіндегі құбырдың бірі. Орталық Еуропа нарығына 2014 жылдан 2016 жылға дейін оның қуаты жылына 31 млрд. м3 көлемінде өлшенеді. Еуропада газға қатысты сұранысты келешекте бұл көрсеткіш 5%-ға жуық қамтамасыз етеді деп болжамдануда. Ал екінші элемент – Грецияға жылына 0,5 млрд. м3 ресурсты қамтамасыз ететін түрік-грек-итальян құбыры (TGII), бірақ оның қуаты 2014 жылға қарай Италияға 8 млрд. м3 дейін ұлғаяды деп кезінде жоспарда болды [12].

Географиялық орналасуды ескерсек, Орталық Азияның мұнайы ЕО энерготасымалдаушыларды жеткізуде әртараптандырудың шынайы нұсқасына айналып отыр. Аймақтағы табиғи газы бар үш мемлекет – Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан. Олардың әрқайсысы өндіру мен тұтынудың әртүрлі деңгейіне және Еуропаға газды экспорттаудың әртүрлі әлеуетіне ие. Көмір саласының дамуына да көп көңіл бөлінуде. Көмір өндірісінің тиімділігін арттыру және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу үшін саланы қайта ұйымдастыру бойынша шаралардың кешені жүзеге асырылуда.

Қазақстанның энергетикалық саясатының негізгі халықаралық аспектілерін ескере отырып, Қазақстанның Энергетикалық хартия келісімшартына қол қойып, ратификацияла-  уын атап көрсету қажет. Қазақстан  Еуропа-  лық Одақтың «ИНОГЕЙТ» бағдарламасына қатысады, сонымен қатар, Каспий аймағынан мұнай   мен   газды тасымалдау жобаларының құбыр инфрақұрылымын дамытуға байланысты қызығушылық танытады. Сонымен қатар, 2011 ж. 4 қазанда ЕО тарапынан Қазақстанға Транскаспий газ құбырының жобасына  қаты-  су туралы шақырту түсті. Еуропалық Одақтың энергетика мәселелері жөніндегі Комиссары Г.Оттингер атап көрсеткендей: «ЕО үшін мұндай құбыр Оңтүстік дәліздің дамуына маңызды үлес ретінде болады. Бұл ЕО-ның инфрақұрылымдық жобаға қолдау ретінде халықаралық келісімшарт жасауға қатысты ұсынысы. Келешекте біз Оңтүстік дәлізде Қазақстанның сәйкес қатысуын қолдаймыз» [13].

Қазақстаннан экспортқа шығарылатын мұнайдың 70%-ы ЕО мемлекеттеріне бағытталады (Италия, Нидерланды, Франция, Австрия). Энергоресуртарды экспорттаушы ретінде Орталық Азияның қатысуы ең алдымен, Транскаспий құбырының шеңберіндегі газ (Түрікменстанның қатысуы көзделеді) және мұнай (Қазақстанның қатысуымен) тасымалымен байланысты.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. The EU and Central Asia: Strategy for a new partnership// eurodialogue.eu
  2. Richard Rousseau The EU looks to Central Asia for energy security // Diplomatic courier a global affairs magazine – january 2012.
  3. Alexandros Petersen with Katinka Barysch Russia, China and the geopolitics of energy in Central Asia// Published by the Centre for European Reform (CER), 14 Great College Street, London © CER NOVEMBER 2011/ http://carnegieendowment.org/ files/Petersen_CER_Eng.pdf
  4. Султанов Булат, Музапарова Лейла Политика и интересы великих держав в Казахстане/ Стратегические перспективы: ведущие державы, Казахстан и центральноазиатский узел Под ред. Роберта Легволда/ Кембридж, штат Массачусетс
  5. Момынқұлов Ж. Түркияның энергетикалық саясаты //Еуразия ғылыми-зерттеу институтының баяндамалары. Алматы 2014 – 52 б.
  6. Акматалиева А.М. Центральная Азия в энергетической политике ЕС// Вестник КРСУ. – 2014. – Том 14. – №
  7. Евросоюз ставит на Южный коридор//http://gbru/?p=5941 [04.11.2013]
  8. ЕС и Азербайджан ускоряют и расширяют проект Южного газового коридора//http://www.ntv.ru/novosti/1040176/ [14.06.2014]
  9. «Южный коридор» из Каспия заменит Европе «Южный поток» из России//http://www.profi-forex.org/novosti-mira/ entryhtml [10.12.2014]
  10. Тексты Меморандумов о взаимопонимании ЕС и отдельными государствами в области энергетики// http://ec.europa. eu/energy/international/caucasus_central_asia_en.htm [04.12.2006; 26.05.2008; 24.01.2011]
  11. Jos Boonstra The EU’s interests in Central Asia: Integrating energy, security and values into coherent policy // EDC 2020 seventh framework programme – №9, january 2011 – 22 p.
  12. Денисон М. ЕС и Центральная Азия: Выгодное энергетическое сотрудничество // Рабочий доклад EUCAM. – №2. – август 2009. – 16 с.
  13. Серик Р.С. Новые тенденции в Центральноазиатской политике Европейского Союза// http://kisi.kz/ru/categories/ geopolitika-i-mezhdunarodnye-otnosheniya/posts/novye-tendencii-v-central-noaziatskoy-politike-evropeys [21.10.2011]

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.