Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әлемдегі төмен дамыған елдер тобы: артта қалу себептері мен мәселелерін шешу жолдары

Қазіргі таңда әлемдегі кедей елдердің көбеюі әлемдік эко- номиканың дамуының маңызды мәселелеріне жатады. Бұл ел- дердің экономикалық көрсеткіштерінің мардымсыз көлемі, денсаулық сақтау, білім алу және тағы басқа әлеуметтік-эко- номикалық мәселелері, олардың өз күшімен жоқшылықтан шыға алмауы, кедейшілікті жаһандық жалпыадамзаттық мә- селеге айналдырды. Казіргі әлемдік экономикадағы елдердің өзара тығыз тәуелділігі салдарынан осы елдердегі кедейшілік жаһандық қаіуптер мен тәуекелдердің көзі болып келеді. Ке- дейшілік әлемдегі азаматтық соғыстардың, халықаралық лаң- кестіктің, трансұлттық қылмыстылықтың, халықтың заңсыз миграцияның, жұқпалы және эпидемиялық аурулардың пайда болу мен таратылуына мүмкіндіктерді көбейтеді. Ал экономи- калық тұрғыдан өте кедей елдердің болуы әлемдік экономика- ның дамуына, оның ресурстарын тиімді пайдалануына кері әсе- рін тигізеді.

Кедей елдер категориясының бар болуы көптеген фактор- лармен түсіндіріледі. Оның ішінде, қолайсыз географиялық орналасуы, елдегі азаматтық соғыс, табиғи апаттарға үнемі шалдығуы, олардың көпшілігіндегі тарихи колониалды аграр- лы экономиканың қалыптасуы, халықтың өте тез өсу қарқыны және т.б. себептері бар.

Бірқатар халықаралық ұйымдар кедей елдер мәселесін ше- шу мақсатында оларға әртүрлі бағдармалар арқылы көмек жа- сайды. Брақ бұл мәселені шешудің тиімді жолдары мен әдістері табылып, әлемде кедей елдердің саны едәуір азайды деп айтуға болмайды. Жаһандану дәуірінде адамзаттың әлеуметтік-эконо- микалық поляризациясы күшейеді. ХХІ ғасырдың басында жо- ғары дамыған елдер үлесіне халықтың 12% мен әлемдік ЖІӨ-нің шамамен 60% сәйкес келетін болса, өте төмен дамыған елдердің әлем халқында үлесі – 12%, ал әлемдік ЖІӨ-де үлесі – 1% [1].

Әлемнің кедей немесе «ең төмен дамыған елдерінің» негізгі белгілері

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) кедей елдер категориясы бар екендігін алғашқы рет 1971 жылы мойындады [2]. Бұл ел- дерді БҰҰ «ең төмен дамыған елдер» деп жіктеді.

БҰҰ ең кедей елдер категориясын алғашқы рет анықтаған кезде олардың санына әлемнің 25 елі кірген. Қазіргі таңда бұл елдер саны көбейіп 48 елге дейін жетті. Олардың басым көбісі Афри- када орналасқан – 34 ел, Азияда – 13 ел және бір ел Латын Америкасында. Өткен қырық жыл уа- қытта тек әлемнің 3 елі бұл категориядан шыққан (Ботсвана, Мальдив аралдары мен Кабо-Верде).

Бұл топқа жататын елдер халықаралық қауымдастықта ең кедей мен әлсіз елдер қата- рын көрсетеді, оларды БҰҰ дамушы елдер қата- рынан бөледі және тұрғын халықтың кедейшілі- гімен және жағымсыз географиялық жағдайлары нашарлығы, институционалдық, экономикалық және адам ресурстарының құрылымдық әлсізді- гімен ерекшелейді [3].

Қазіргі уақытта БҰҰ ең төмен дамыған ел- дерді үш индикатор (критерий) негізінде сәй- кестендіреді: жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыстың көлемі; адами капитал; сырт- қы есеңгіруге экономикалық әлсіздік. Олардың көрсеткіштеріне жататындар:

  • табыс критерийі (Income criterion): жан ба- сына шаққандағы жалпы ұлттық табысқа (ЖҰТ, ағылш. GNI) негізделеді. Оның көлемі ретінде Бүкіләлемдік банктің Атлас әдісімен есептелген 2011-2013 жж. аралығындағы үш жыл бойынша орташа көрсеткіші алынады. Үш жылдық шо- луда 2015 ж. қолданатын көрсеткіш: ЖҰТ 1035 АҚШ долл. аз болса ел ең төмен дамыған елдер қатарына кіреді, ал 1242 долл. артық болса бұл тізімнен шығады;
  • адами капиталдың индексі (Human Assets Index – HAI). Бұл индекс келесі көрсеткіштерге негізделеді: а) тамақтану: тамаққа жарымаған азапқа шегуші халықтың пайызы; ә) денсаулық: жасы 5-те немесе одан төмен балалардың өлім көрсеткіші; б) білім: орта мектептің оқушылары- ның жалпы коэффициенті; в) ересек тұрғын ха- лықтың сауаттылығының деңгейі;
  • экономикалық әлсіздік индексі (Economic Vulnerability Index – EVI). Ол келесі көрсеткіш- терге негізделеді: а) халықтың саны; ә) қашық- тық; б) тауарлар экспортының  шоғырлануы;  в) ауыл шаруашылығының, орман өсірушіліктің және балық аулаудың үлесі; г) төмен жағалық аймақта орналасқан халықтың үлесі; д) тауарлар мен қызметтердің экспортының тұрақсыздығы; е) стихиялық апаттардың құрбандары; ж) ауыл- шаруашылық өндірістің тұрақсыздығы [4].

Мұның бәрі БҰҰ-мен тіркелген критерий- лер. Кедей елдер тізіміне кіру үшін ел жоғары- дағы 3 критерийге сәйкес болуы тиіс. Әр үш жыл сайын бұл елдер тізімі Экономикалық және Әлеуметтік Кеңеспен (UN ECOSOC) қайта қа- растырылып отырады.

Ең төмен дамыған елдерде кедейшілік мә- селесін шешудің жолдарын білу үшін осы ел- дердегі кедейшіліктің негізгі себептері мен си- паттарын және олардың бір-біріне тәуелділігін анықтау қажет.

Төмен дамыған елдердің кедейшілігінің не- гізгі себебі – халық санының өсу қарқынының экономикалық өсу қарқынын басып озуы. Мыса- лы, Африкада әлемдегі халық өсімінің ең жоға- ры қарқыны байқалуда. Халық санының орташа жылдық өсім қарқыны 3% болғанда мұнда азық- түлік өндірісі жылына бар болғаны 2%-ға өседі. Бұл елдерге теріс экономикалық өсу қарқыны  да тән болады. Олардың шаруашылық құрылы- мында аграрлық сектор (80-90%) басым, бірақ ол ішкі сұранысты қанағаттандырар емес. Ауыл шаруашылықтың төмен өнімділігінің халық са- нына қатынасы ашаршылыққа және азық-түлік- тің тапшылығына алып келеді. Экономиканың негізгі секторының төмен тиімділігі өндірістің дамуына, маманданған жұмыс күшіне, техноло- гиялардың жақсартуына, ішкі көздерге қажетті инвестицияларға сүйенуге мүмкіндік бермейді.

Өте кедей елдерге нарықтық механизмнің осал дамуы да тән. Бұл ауыл шаруашылығының ескішілдікке негізделу жағдайына байланысты (халықтың төмен сатып алу деңгейі, өндірістің дамымауы). Соған қарамастан ұлттық капитал- дың басым бөлігі коммерциялық салада шоғыр- ланған. Бірақ ол ұлттық өндіріске тәуекелдің үлкен деңгейіне байланысты инвестиция сал- ғаннан бұрын импорттық тауарлармен сауда жа- сауды жөн көреді [5].

Ең төмен дамыған елдер тобының эконо- микасына өндірістік және қосалқы инфрақұры- лымның, банк ісінің, байланыс жүйесінің, элек- троэнергетиканың, транспорттық желілердің дамымағандығы шетел инвестицияларын тарту- ға мүмкіндік бермейді және өте аз ішкі жинақтар негізінде экономика дамуын тежеп тұрады.

Сыртқы сауданың құрылымы да экономика- ның дамуына жағымды әсер етпейді. Осы топ- тағы барлық елдер бір мезгілде сыртқы нарықта бағалары қалқымалы ауыл шаруашылық өнімде- рінің экспорттаушылар және өнеркәсіп өнімде- рінің ірі импорттаушылары болып табылады.

Ең төмен дамыған елдердегі демографиялық жағдай, осы топтағы елдердің экономикасының дамуына кері әсерін тигізеді. Тұрғын халықтың жоғарғы өсу қарқыны, табыстың төмен деңге- йіне және сатып алу қабілеттілігін азаюына әсер етеді. ЖҰӨ-нің тұрғын халық санына қатынасы (жан басына шаққандағы ЖҰӨ) өсу қарқыны жыл сайын 0,9%-ға кемуде. Бұған себеп болатын әлемдегі орташа туу деңгейі кедей елдерде екі есеге дейін жетеді.

Осы елдердегі кедейшіліктің тағы бір маңыз- ды факторы – саяси тұрақсыздық. Мысалға 1990 мен 1998 жылдар аралығында табыстары азай- ған 22 елдің 11-інде қаруланған жанжалдар мен ішкісаяси сипаттағы мәселелер көбейді.

Бұл елдердің әлеуметтік көрсеткіштері әлі күнге дейін қауіп тудыруда. Кедей елдердегі ор- таша өмір сүру ұзақтығы 51 жас, ал ЭЫДҰ-ға мүше елдерде бұл көрсеткіш 78 жасты құрайды. Төмен дамыған елдерде 100 баланың 51-і 5 жас- қа толмай қайтыс болады. Сауаттылық деңгейі, мектепке баруы мен сабаққа қатысуы тым аз, ал білімдері бойынша ерлер мен әйелдер арасында үлкен тепе-теңсіздік байқалады. Төмен дамыған елдерде емделуге кеткен шығын 90 ж. жан ба- сына шаққанда жылына 11 долларды құраған, ал қазір бұл көрсеткіш әлі өзгерген емес, тіпті Аф- рикада бұл көрсеткіш 11 доллардан да кеміген.

Осы елдердің көрсеткіштерін зерттей келе, олардың сонымен қатар табиғи апаттар: шөлге айналу, құрғақшылық, су тасқыны, жер сілкінісі мен қатты дауылдар аймақтарында орналасқа- нын ұмытпау керек.

Ең төмен дамыған елдерге көмек көрсету мәселесі

Ең төмен дамыған елдердегі мәселелерді шешуді БҰҰ, Бүкіләлемдік Банк (ББ), Халық- аралық валюталық қор (ХВҚ), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жә- не сол сияқты ірі халықаралық ұйымдар мен қайырылымдық қорлар қолға алуда. Дамыған елдер қатарынан кедей елдер қатарына экономи- калық көмектер көрсетілуде.

Экономикалық көмек дегеніміз – дамушы ел- дерге экономикалық дамуына жәрдемдесу неме- се ашаршылық жағдайындағы аймақтарға азық- түліктік көмек көрсету мақсатымен ақшалай немесе табиғи түрде бөлінетін қаражат. Дамушы елдерге экономикалық көмек көрсету екінші дү- ниежүзілік соғыстан кейін отарлық жүйе құла- ғаннан кейін және екі әлеуметтік-экономикалық жүйелердің үшінші әлем елдерінің даму жолда- рына әсер ету мақсатында пайда бола бастаған.

Экономикалық көмек көрсетудің негізгі құ- ралдарының бірі – даму мақсатына арналған ресми көмек (ДРК, ағылш. Official Development Assistance). Оған қаржылық көмекпен қатар кө- мекті натуралды түрде көрсету (тауарлар мен қызмет көрсету, соның ішінде дамуға техника- лық жәрдем) кіреді.

ЭЫДҰ-ның анықтамасына сәйкес, ДРК ЭЫДҰ Комитетінің тізіміне кіретін аймақтар мен елдерге дамыған елдер қатарынан беріле- тін гранттар мен несиелерді біріктіреді. Грант- тар мен несиелер экономикалық дамуды ынта- ландыру үшін бағытталуы және концессиондық негізде (егер несие грант бірліктерін біріктірсе) берілуі тиіс. Қаржылық көмектерден басқа ДРК техникалық көмекті де қосады. Әскери мақсат- тарда берілген несиелер мен гранттар және же- ке тұлғаларға берілген трансферттік төлемдер (зейнетақы, өтемақы мен сақтандыру төлемдері) ДРК ретінде саналмайды.

Төмендегі 1-ші суретте 2014 жылғы ЭДЫҰ Комитетіне мүше елдердің жалпы ұлттық табыс- тан (ЖҰТ) пайыздық көлемде берілген қаржы- лық көмектері көрсетілген. Жалпы ДРК БҰҰ- ның көрсеткіші бойынша ЖҰТ 0,7% алу керек, 2013 жылға ол тек 0,3% көрсетіліп тұр. Алайда өткен жылмен салыстырғанда даму мақсатын- дағы көмек мөлшері 6,1% өсті, донор-елдер 135 миллиард АҚШ долларын бөлген. 2013 жылғы және 2014 жылғы мәліметтерді салыстырсақ ЖҰТ-тың 0,7%-нан артық тек 5 ел орындап келе- ді. Олар: Норвегия, Швеция, Люксембург, Дания және Ұлыбритания елдері. Қалған ЭЫДҰ мүше елдер бұл талапты орындамауда, сонымен қатар көмек көлемін азайтуда. Көмек үлесінің Сахара- ның оңтүстігіндегі африкалық елдерге мөлшері- нің азаю тенденциясы байқалуда.

Шетелден экономикалық көмек алудың жа- ғымды жағынан бөлек, жағымсыз салдарлары бар. Біріншіден, шетелдік көмек, ішкі әлеумет- тік бағдарламалар сияқты өзіндік өсу емес, жа- ңа тәуелділік түрлерін ашады. Сарапшылардың айтуы бойынша, 50 жылдық үздіксіз шетелдік көмегінен кейін кедей елдердің шетел көмегі-  не сұранысы артты. Егер бағдарламалар  өзін- дік өсуді қамтамасыз ететін болса, онда соңғы жылдары шетел көмегіне деген сұраныс азаюы керек еді. Екіншіден, бюрократия мен орталық- танған экономикалық бақылаудың болуы. Яғни, дамыған елдерден көмек тікелей тұрғын халық- тар мен кәсіпорындарға емес, олардың үкіметіне беріледі. Мұның басты салдары өнімсіз мемле- кеттік бюрократия мен орталықтанған экономи- калық бақылауға алып келеді. Үшіншіден, са- рапшылардың айтуынша шетел көмегі тиімсіз жұмсалады. Көптеген төмен дамыған елдерде сыбайлас жемқорлық қатты дамыған, кейбір ба- ғалаулар бойынша шетел көмегінің 10-20% мем- лекеттік шенеуніктердің қалтасына түсуде. Сон- дықтан да кедей елдерде экономикалық өсу баяу жүруде.

 Сурет – ЭЫДҰ мүше елдердің ЖҰТ көлемінен ДРК-ға қосқан үлесі [6]

 Сонымен қатар, америкалық экономист ға- лымы Джеффри Сакстың айтуы бойынша кедей елдерге көмекті қазіргі таңда дамыған елдер қа- тарынан аз мөлшерде беруде. БҰҰ 2015 жылға арналған даму бағдарламасының алғашқы үш мақсатына, яғни балалар мен аналарды құтқару және ауруларға қарсы тұру үшін дамыған елдер қатарынан жылына 40 млрд. АҚШ долларын бө- ліп отырса жеткілікті. Ал «Үлкен сегіздік» ел- дердің біржылдық табысы 40 трлн. долл. құра- ды, яғни бұл көмекке қажетті сома осы елдердің табысының бір пайызының тек қана 1/10 ғана алады. Осыған қоса Дж. Сакс мынадай идея айт- қан: «Мысалы Американың ЖІӨ-ң 5%-ы соғыс- қа, ал 0,2% бейбітшілікке арналған. Яғни соғыс- қа арналған шығыны бейбітшілікке  қарағанда 25 есе көп. Бұл кедей елдеріндегі мәселені түк шешпейді» [7].

Сонымен қатар, кедей елдерге дамыған елдер тарапынан қазіргі кезде көмек толық берілмесе де, оны жарты жолда қарапайым адамдарға жет- кізбей, көмек алушы елдердің үкімет басшыла- ры мен шенеуніктер өздеріне иеленеді. Сондық- тан бұл елдерге берілетін экономикалық көмекті жеткізудің механизімін жетілдіру қажет. Мысал- ға, біздің ойымызша дамыған елдер өз мемле- кеттеріндегі жергілікті құрылыс компаниялары- на кедей елдерге баспана, мектеп, аурухана, су құбырларын, канализация, электр станцияларын және басқа да қажетті ғимараттар салуға көмек- тесуге қаражатты тендер арқылы тікелей бөлсе берілетін көмек өз мақсатына жетер еді. Бұл құ- рылыс арқылы ең кедей елдер кейбір экономикалық мәселелерін де шеше алады. Мысалы, 30-70 қағидасын ұстансақ, яғни жұмысшылар тобы- ның 30% тұрғын халықтан, ал қалған 70% ком- пания қызметшілерінен болады. Бұл арқылы ең кедей елдерде біліммен алмасу, кадр даярлау жә- не жұмыссыздық деңгейін азайту үдерісі қамта- масыз етіледі. Салынған мектеп, ауруханаларға БҰҰ мыңжылдық даму бағдарламасы бойынша қызметкерлер, мұғалімдер мен дәрігерлер келіп, бөлінетін дәрілік көмек арқылы ай сайын вакци- на егу арқылы көп аурулардың алдын алуға, ал мектептер арқылы тұрғын халықтың сауатты- лығын жоғарылатып, болашаққа жаңа кадрлар даярлауға мүмкіндік береді. Осы жоба ең кедей елдердің әлеуметтік және экономикалық мәселе- лерін азайтуға орасан көмек болады.

 Қазіргі заманда әлемнің кедей немесе ең тө- мен дамыған елдердің маңызды белгілеріне өн- дірістің төмен немесе мүлдем дамымағандығы, төмен немесе теріс экономикалық өсу қарқыны тән, ішкі сұранысты қанағаттандырмайтын ша- руашылық құрылымында аграрлық сектор ба- сымдылығы, жаңа технологияларды енгізуіне кедергі болатын білікті тіпті сауатты еңбек ре- сурстарының жоқтығы, жемқорлықтың басым- дылығы, инвестициялық аштық, көмектің азаюы және т.б. жатады. Бұл елдерге дамыған елдер жа- ғынан тікелей немесе халықаралық ұйымдар ар- қылы көмекті көбейтіп, оны жеткізу механизімін жетілдіру маңызды болып тұр.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Всемирный банк. Доклад о мировом развитии 2009. Новый взгляд на экономическую географию. Обзор. Всемир- ный банк. Вашингтон, 2008. С. 5 <http://www.un.org/ru/development/surveys/docs/worlddevpdf. >
  2. About LDCs // <http://unohrlls.org/about-ldcs/>
  3. Наименее развитые страны: доклад, подготовленный генеральным секретарем ЮНКТАД: материалы конференции ООН по торговле и развитию, Нью-Йорк и Женева, 2014 г. – С.
  4. Criteria for Identification and Graduation of LDCs //<http://unohrlls.org/about-ldcs/criteria-for-ldcs/>
  5. Иванов Н., Гоффе Н., Монусова Г. Глобализация и бедность// Мировая экономика и международные отношения. – 2010, №9. – C. 29-42.
  6. Official Development Assistance 2013. – 2013 //<https://data.oecd.org/oda/net-oda.htm#indicator-chart>
  7. Economist Jeffrey Sachs warns og high price og ignoring poverty//<http://www.euronews.com/2010/10/11/economist-jef- frey-sachs-warns-of-high-price-of-ignoring-poverty/>

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.