Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еуразиялық экономикалық одақта Еуропалық одақ тәжірибесін қолдану мүмкіндіктері

Әлемдік экономикада маңызды рөл атқаратын басқа да негізгі үдерістермен қатар, үдемелі жаһандану да маңызды орын иеленеді, ол мемлекетаралық және ұлтаралық қатынастардың интерұлттануын қарастырады. Жаһанданудың белгілері арасында әлемдік экономиканың және халықаралық қатынастардың ажырамас бөлігіне айналған интеграциялық үдерістер ерекшеленеді. Ауқымды интеграциялық үдерістер XX ғасырдың екінші жартысында басталған.

Әлемдік алаңда (арена) қазіргі таңда әлдеқайда маңызды болып келесі топтар қалыптасқан: ЕО, НАФТА (North American Free Trade Agreement) және Азиялық – Тынық мұхиттық экономикалық ынтымақтастық (АТЭЫ). Кеңес Одағының бұрыңғы мемлекеттері территориясында жуырда ғана Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) пайда болды. Көшбасшылары әзірге Беларусь, Қазақстан, Ресей және Армения мен Қырғызстан болып табылатын бұл жоба көп маңызы бар басымдылықтарға ие. Соған қарамастан, басқа интеграциялық топтардың жіберген қателіктерін қайталамау үшін, ЕО жағымды тәжірибесінен үлгі алудың мәні бар.

Негізгі бөлім. Бұл зерттеудің мақсаты ЕЭО және ЕО салыстырмалы талдаудың базасындағы теориялық және тәжірибелік ерекшеліктерде, ары қарай қорытынды мен ұсыныс жасаумен зерттеу болып табылады. ЕО қазіргі таңда басқа интеграциялық топтарға қарағанда интеграцияның ең жоғары деңгейіне қол жеткізді. ЕО қалыптасу үдерісі ұзақ және күрделі үдеріс болды. ЕО құру идеясы сонау 1950 жылы-ақ айтылған. ЕО интеграциялық үдеріс барысында Маастрихт келісімінің үш бірлестіктің ішінен 1993 жылы өз күшіне енуінен соң қалыптасты, ол бірлестіктер: Еуропалық көмір мен болат бірлестіктері (ЕКББ), Еуропалық экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) және Еуропалық тәуелсіз сауда ассоциациясы (ЕТСА). 1999 жылы ЕО экономикалық және валюталық одаққа айналды [1], ол уақытта осы интеграциялық топтың құрамында 28 мемлекет болды [2]. Қазіргі таңда Еуро аймақтағы жағдай ауырлау. Бір жағынан, одақтық қатынастар Еуропаға үлкен пайда әкелді: тәуелсіз нарық,  тәуелсіз  кооперация  және  жаһандануды жылдамдату.

Басқа жағынан, – таразының бір жағына экономиканы орнату қателік болды, мысалы, Грекия мен Германия экономикасы. Орын алған жағдайдан шығудың жолы мен ЕО мемлекеттерінің арасындағы тепе-теңдікті қалыпқа келтіру тәсілі ретінде интеграцияның жаңа деңгейге көшуін айтуға болады: ЕО конфедеративті одаққа айналдыру [3].

ЕЭО ЕО қарағанда жас бірлестік болып табылады. Еуразиялық интеграцияны қалыптастыру туралы пікір Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен 1994 жылы айтылған болатын. ЕурАзЭО бекіту туралы келісімге 2000 жылдың 10 қазанында қол қойылды және 2001 жылдың 30 мамырында ғана ол өз күшіне енді. 2010 жылы ЕураАзЭО Кедендік Одақ қалыптасты, оған Беларусия, Қазақстан және Ресей кірді. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) – Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді [4]. ЕЭО КО қалыптасуының басым принциптерінің біріне, мысалы, ЕО болғандай кеңейту емес, тереңдету жатады. Ол ЕО бастан кешіріп жатқан мәселелердің алдын алуға көмектеседі. Басқа мемлекеттер КО өздері дайын болған кезде қосылады. Одақтың басты Органы ЕЭО мемлекет аралық кеңесі жатады, оған мемлекеттердің басшылары мен үкіметтері кіреді [5].

Қазіргі таңда Одақ ЕО сияқты валюталық одақ болып табылмайды, себебі мүше-мемлекеттердің экономикалық дамуы деңгейі тең емес. Рубльді бірыңғай валюта ету идеялары болды, бірақ Ресейдің экспорты Қазақстан мен Беларусь экспортынан бірнеше есе жоғары, сол себепті бұл қадам КО мүшелері экономикасының әлсіреуіне алып келуі мүмкін. Сонымен қатар, БАҚ ЕЭО бірыңғай валютасы болашақта «алтын» деп аталатыны туралы ақпарат кездесті.

Бірыңғай валюта туралы идея Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Ресей Президенті Владимир Путин және Беларусь Президенті Александр Лукашенко осы идеяны қолдайды, бірақ беларусия көшбасшысының кейбір қарсылықтары бар, сол себепті бұл жоба келістіру деңгейінде жатыр. Сонымен ЕЭО және ЕО құрылуының көптеген тарихи ерекшеліктерімен қоса, олардың экономикалық көрсеткіштері де ерекшеленеді [6]. Одақ толық қалыптаспай ортақ валюта туралы ой қозғаудың ерте екендігін көруге болады, яғни бұл болашақтың еншісінде.

Түрлі экономикалық көрсеткіштердің үлкен тізімі бар, олар ел экономикасының жағдайын сипаттайды. Осы көрсеткіштерге баға беру көзі ретінде  Халықаралық  валюта  қорының  (ХВҚ)

[7] статистикалық мағлұматтары рөл атқарды, сыртқы сауда туралы мағлұматтар РФ Федералды кедендік қызметінің (ФКҚ) сыртқы саудасының кедендік статистикасынан алынды [8]. Салыстырудың ыңғайлы болуы үшін талдауда Еуро аймақтың үш мемлекеті ғана пайдаланылды: Германия, Франция және Ұлыбритания.

ЕЭО болып өзгермес бұрын ЕурАзЭС және ЕО экономикалық көрсеткіштерін салыстыру үшін назар аударуды қажет ететін бірінші нәрсе ол сандардағы айрықша айырмашылықтар. КО мемлекеттерінің ортақ ЖІӨ 2 млрд. долл. деңгейінде тербелгенде, ал Германия, Франция және Ұлыбританияда да – 2 млрд. долл. құрауы мүмкін емес. Осы айғаққа дәлелдеме ретінде Германия, Франция және Ұлыбританияның дамыған мемлекеттер тобына жататындығын, ал Ресей, Қазақстан және Беларусь – өтпелі экономикасы бар елдерге жататынын айтуға болады.

Жалпы еуразиялық интеграция мемлекеттердің мүдделері арқасында ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың да мүдделі болуынан жағымды сипатқа ие, себебі олардың алдында бизнес жүргізу мен ортақ территорияда өзара тиімді қатынастар құру мүмкіндігі ашылады.

Алайда, ЕО-да ЕЭО-қа жетіспейтін бір басымдылық бар: еуропалық интеграция өз құрамына үлкен және кіші мемлекеттерді де кіргізеді, ал ЕЭО қатысудағы үлестер тең екендігіне қарамастан, басым үлесі Ресейге тиеселі. Осының салдарынан ауыр стратегиялық міндеттерді шешу мен келістіруге қатысты мәселелер туындайды: Ресей тең құқықтық серіктес бола алмайды [9]. Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуынан соң, одақ шеңберінде бірыңғай валюталық жүйе құру мәселесі өзекті болып қала береді.

Бірыңғай валюталық қатынастардың дамуына ықпал ете алатын бірқатар басымдылықтарға қарамастан, Одақта, сонымен қатар жалпы ТМД осыған тосқауыл жасайтын мәселелер бар. Еуро аймағы жалғасушылық мерзімде қалыптасты, соның өзінде де мәселелер туындады, олар қаржылық экономикалық дағдарыс барысында нақты көрініс тапты. Басым экономикалық көрсеткіштерге баға беру барысында, ЕЭО аймағының, ТМД сияқты валюталық одақ деңгейіне көшуге дайын емес екені анықталды.

Алдымен заңнамалық базаны өңдеу, мүшемемлекеттердің  экономикалық  дамуы деңгейін теңестіру, сонымен қатар ішкі потенциалды пайдалану және дамудың постиндустриалды кезеңіне өту үшін экономиканы жаңарту қажет етіледі [10].

Шүбәсіз ЕЭО посткеңестік кеңістік мемлекеттеріне жағымдық ықпал етуі мүмкін. ЕЭО, және оның көшбасшысы – Ресейде бірқатар басымдылықтар бар – жаңа мүмкіндіктердің қатары ашылады. ЕЭО ЕО бәсекелестік құрғысы келеді немесе Одақ Ресейдің империялық жобасы деп айтуға болмайды. Керісінше, ЕЭО Азия мен Еуропа арасындағы байланыстырушы одақ ретінде қызмет етеді, ол халықаралық қаржылық институттарға шектеулі түрде енеді. Ресейдің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) сәтті кіруінен соң, Қазақстан мен Беларусь өздерінің экономикалық жағдайлары дайын болған кезде өз серіктесінен үлгі алуы керек. Кез келген жағдайда да, Одақтың барлық жетістіктеріне қарамастан, ЕЭО тізімінен Украинаның түсуі мүмкіндігі жоғары еді, ол әрқашан да Ресейдің басты серіктестерінің бірі болған. Украинасыз толық сәтті интеграция болмайды [11].

Осылайша, ЕО қарағанда ЕЭО үшін бірінші орында интеграцияның сапасын жақсарту жатыр. Оған КСРО заманының тарихи қалыптасқан байланыстары ықпал етеді. Ортақ менталитет, сонымен қатар көп жылдық тәжірибе осы жобаның сәтті болуына ықпал етпек.

Сонымен, ЕЭО басты мақсаттары төрт еркіндікті қамтамасыз ету болып табылатындығын атап өтті: тауарларды, қызметтерді, капитал мен жұмыс күшінің алуларсыз және шектеулерсіз айналымы, оған қоса экономиканың түрлі салаларында мүше мемлекеттер үйлестірілген, келісілген және бірыңғай саясатты жүргізу арқылы Одақ елдерінің экономикасын жаңарту, сондайақ бірыңғай инфрақұрылымды құру болып табылады [12].

 Қорытынды

 Қазіргі уақытта ЕЭО жиналған бүкіл тікелей шетел инвестицияларының 70%-ын Еуропадан келген инвестициялар құрайды және Еуразиялық экономикалық одағы елдерінің  65% инвестициясы – Еуропалық одақ елдеріне құйылатын инвестициялар. ЕЭО барлық тауар айналымының 50% көбі ЕО тиесілі. Сондықтан, екі одақтың артықшылықтары мен кемшіліктеріне қарамастан, жас ЕЭО-тың ЕО-тан алар тәжірибесі көп және де Еуропалық және Еуразиялық экономикалық одақтары ынтымақтастығының қажеттілігі зор.

 

 

 

Әдебиеттер

  1.  Истoрия мирoвoй экoнoмики: Учeбник для вузoв. – 3-e изд., пeрeрaб. и дoп. / Пoд рeд. Г.Б. Пoлякa, A.Н. Мaркoвoй.– М.: ЮНИТИ, 2011. – 671 с.
  2. Eврoпeйский сoюз // oфициaльный сaйт. – URL: http://europa.eu.
  3. Henrik Müller. Währungskrise: Warum Europa zur Super-Nation werden muss // Spiegel online, – URL: http://www. spiegel.de/wirtschaft/warum-die-euro-krise-zumeuropaeischen-bundesstaat-fuehrt-a-856381.html.
  4. Eурaзиялық экoнoмикaлық oдaқ турaлы шaртқa қoл қoйылды – 29.05.2014 // http://www.akorda.kz/kz/events/astana_ kazakhstan/participation_in_events/page_216906_
  5. Евразийский экономический союз. Хронология развития // http://www.eaeunion.org/#about-history
  6. У Eврaзийскoгo сoюзa пoявится eдинaя вaлютa и Цeнтрoбaнк, 2014 // Институт Русскoгo зaрубeжья. – URL: http:// www.russkie.org/index.php?module=fullitem&id=32228.
  7. Бaзa стaтистичeских дaнных Мeждунaрoднoгo вaлютнoгo фoндa // IMF, World Economic Outlook Database, October – URL: http://www.imf.org/external/data.htm.
  8. Тaмoжeннaя стaтистикa внeшнeй тoргoвли Фeдeрaльнoй тaмoжeннoй службы РФ. – URL: http://www.customs.ru/ index.php?option=com_content&view=article&id=13858&Itemid=2095.
  9. Гринбeрг Р.С. Eврaзийский сoюз: хрупкиe нaдeжды. // Мeждунaрoднaя экoнoмикa. – 2013. – № 1. – С. 87-89.
  10. Aлeксeeв П.В. Пeрспeктивы вaлютнo-экoнoмичeскoй интeгрaции в рeгиoнe СНГ. // Мeждунaрoднaя экoнoмикa. – 2013. – № 10. – С. 47-54.
  11. Auf dem Weg zur Eurasischen Union, 2012 // DGAP. – URL: https://dgap.org/de/node/22927.
  12. EЭК Министрі Кaринe Минaсян: «EO жәнe EЭO aрaсындa диaлoг oрнaту oлaрдың экoнoмикaлық дaмуынa қoсымшa күш бeрeді» – 03.11.2015 // http://www.eurasiancommission.org/kk/nae/news/Pages/03-11-2015-1.aspx

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.