Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Студенттік­ орталықтандырылған білім алу жағдайындағы магистранттардың білімін бағалау әдістері

Гуманитарлық пәндерді оқытудың формалары мен әдістерін жетілдіру мәселелері, олардың үнемі жаңаруы, өмірдің жаңа жағдайларына бейімделуі соңғы кездері жоғары білім берудің өзекті мәселелері қатарында қарастырылмайды. Қазіргі кездегі ақпараттандыру, интерактивті өзара әрекеттесу сынды аумақтық үрдістер контекстінде жаңа білім беру ортасын қалыптастыру жағдайында бұл мәселе теория мен практиканың өзара байланысы тұрғысынан шешуді талап етеді.

Бұл мақалада кредиттік-модульдік оқыту жүйесі жағдайындағы аймақтану және халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистранттардың білімін бағалау модельдері және бақылау жүргізуде қолданылатын әдістерді жүйелеуге және жіктеуге талпыныс жасалды, дәстүрлі формалар мен пәнді оқыту әдістерінің өзара әрекеттесуі қарастырылды.

Магистранттарды оқыту барысында білім беру саласында ғылыми зерттеу және педагогикалық қызметтің кеңейтілген өрісін болжайтын кәсіби біліктілікті бағалау, дағды мен икемділікті дамыту деңгейі айқындалды. Магистратурада оқытуда магистранттар қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды кешенді, жүйелі қарастыруды, қазіргі халықаралық және аймақтық қарым-қатынастардағы мәселелер мен үрдістердің мән маңызын түсіндіру, ұлттық мемлекеттің сыртқы саясатын және аймақтық бірлестіктерді қазіргі халықаралық қатынастар контекстінде талдауды қалыптастыруға бағытталған.

Кредиттік-модульдік оқыту жүйесі жағдайында басты назар магистранттардың өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыруға аударылуы тиіс.

Білім беруге қазіргі көзқарастан шыға отырып, Л.К. Наумова, О.В. Акулованың ізімен, өзіндік жұмысты біз оны жоспарлауда оқытушының серіктес қатысуында және нақты нәтижеге қол жеткізуді бағалаудағы нақты жүйеде жүзеге асырылатын, кәсіби білім беру бағдарламаны меңгеру бойынша студенттің оқу-танымдық қызметінің түрі деп есептейміз [1].

Ұтымды ұйымдастырылған бақылау оқытушыға өзінің қызметін талдауға, дер кезінде кемшілікті байқап, оны жоюдың жолдарын іздеуге, жеке жұмысты жоспарлауға мүмкіндік береді. МӨЖ мынадай міндеттерді шешуге негізделуі тиіс:

  • шығармашылық ойлауды дамыту;
  • аудиториялық сабақтар оқу уақытын тиімді пайдалану;
  • зерттеу жұмысында негізгі әдістерді игеру;
  • магистранттар өзіндік жұмыс арқылы, өзіне тәжірибе алу және кәсіби дағдыларды меңгеру.

Магистранттардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда дәстүрлі де, инновациялық оқыту әдістемесі белсенді түрде қолданылады. Оқыту барысында пәннің мақсаттары, міндеттері мен мазмұнына байланысты өзіндік жұмыстың келесі түрлерін қолдануға болады:

  • өзіндік дәрістік материалдарды талқылау;
  • портфолио дайындау;
  • стендтік сессия дайындау;
  • аудиториялық сабақ кезінде қарастырылмаған бірақ силлабуста көрсетілген (өзіндік жұмыс) жекелеген тақырыптар мен мәселелерді өз бетінше зерделеу;
  • іс тәжірибелік және семинарлық сабақтарға дайындалу;
  • бақылау жұмыстары, тест және басқа да формадағы ағымдағы бақылауға дайындалу,;
  • мақала материалдары негізінде немесе өзге де мәселелер бойынша аналитикалық шолулар, зерттеулер, рефераттар жазу;
  • презентацияларды дайындау;
  • конвенциялар, шарттар және т. б. талдау;
  • семинарлық сабақтарда, коллоквиумдарда, конференцияларға, конкурстарға және т.б. сөз сөйлеуге ауызша дайындалу;
  • пікірталас жүргізу, пресс-конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және т. б.

Бағалау шкаласын анықтау үшін, курста ерекше назарды арнайы әдебиеттермен жасалған жұмыстың сапасына, білімнің деңгейіне, ғылыми-әдіснамалық, тұжырымдамалық және тілдік даярлық деңгейіне, сонымен қатар шығармашылық және магистранттардың өзін-өзі тиімді дамытуға бөлінуі тиіс. Оларға мыналар жатады:

  • магистрант ұсынған әдебиеттердің зерттелу дәрежесі (өзіндік баяндау, сыни рефлексия және т. б.)
  • Пікір айту қисынының, дәлелдердің келісушілігін, өзінің ұстанымын қорғау мен негіздеуді бағалау және т.б.
  • Магистранттардың басты әдіснамалық тәсілдерді, теорияның әртүрлілігін, тұжырымдамаларды және т.б. білуі.
  • Мазмұндаудың айқындығы, ғылыми-категориальды аппаратты еркін меңгеру және т. б.

Магистранттардың білімін адекватты түрде сапалы бағалауға мүмкіндік беретін, МӨЖ-дің екі анықтаушы түрлеріне тоқталып кетейік.

Портфолио жеке оқыту үдерісі барысында құжаттама және презентация үшін ақпараттық құрал болып табылады. Ол тұрақты консультациялар мен оқытушы және басқа магистранттармен пікір алысу мәнмәтінінде ақпараттың ұқыпты жиынтығын қамтамасыз етеді (мысалы, зерттелген әдебиетті, семинарға, МӨЖ-ге дайындық).

Портфолио семинар барысында тәжірибелік және өзін-өзі ойландыратын талқылауларға назар аударады. Оның мақсаты өзінің жетістіктерінің сапасын адекватты бағалау, қабілеттілікті дамыту, оқыту барысында өзін-өзі бақылау және дербестікті жоғарылату үшін алдын ала тараптардың өзін-өзі ойландыруын арттыруға жағдай жасау болып табылады.

Портфолио келесідей элементтерді құрауы мүмкін:

  • мақсаттар
  • жұмыс жоспары және тайм-менеджмент
  • дәйектелген дереккөздер
  • әдебиетті мазмұндау
  • әдебиеттер тізімі
  • эссе
  • презентацияның жобалары
  • тезистер
  • мазмұндамалар
  • курстың білім беру философиясына жеке көзқарастар
  • уәждеме сұрақтары
  • баға беру

Портфолионың үлгісі төрт деңгейде  жүзеге асырылады: қойылған өлшемдерге ең  жақсы жолмен жауап беретін жүмыстарды іріктеу портфель үшін оның потенциалды пайдалылығы тұрғысынан ақпаратты саралау және жинау; әр ұсынылған жұмыстың сын пікірі, мазмұндамасы; портфолионың әрбір сыңарын өңдеу; кейінгі мақсаттарды тұжырымдау және қол жеткізген немесе қол жеткізбеген мақсаттар тұрғысынан портфолионың жеке бағасы.

Бұл жағдайда бағалаудың басты критериялары келесідей негізгі сұрақтар болып табылады:

  • Мақсат тұжырымдалды ма және сол мақсатқа жетті ме?
  • Оқу объектісі нақты анықталды ма?
  • Оқу үдерісі қаншалықты тиімді көрсетілген?
  • Оқу жетістігі қадағаланады ма?
  • Өзін-өзі бағалау қабілеттілігі және өзін-өзі үйымдастырудағы қабілеттілігі анық па?
  • Қаншалықта жұмысты іріктеу қабілеттілігі анық?
  • Оқудың үдерісі мен нәтижесі қаншалықты баламалы?

Стендтік сессия: стенд ақпаратты визуализация жасауға көмектесетін, презентация жасаудағы басты творчествалық құрал (әдетте ғылыми зерттеулердің тақырыбының негізгі қорытындылары көрсетіледі) Стендік сессия – стендтің басты мазмұны негізінде шағын ғана баяндамалардан құралып, шара мүшелердің кейінгі талқылауларынан тұрады.

Стендте ғылыми зерттеулердің нақты факторлары мен басты информацияның қысқа да нұсқа түрде мәтіндік, графикалық сызбалармен және суреттермен құралу керек.

Стенд әдетте келесідей элементтермен құралады:

  • Титул (тақырып стендтің басты мазмұнына сәйкес болу керек және 10 сөзден аспай, оңай оқылуы шарт)
  • Кем дегенде бір кесте (таблицаны да қосуға болады, бірақ 4 қатар және 4 тармақтан аспауы шарт)
  • Мәтіндік бағандар (басы мен анықтаушы мәтіннен тұру шарт)

Стендтің құрылымдауы мүмкіндігінше келесідей сұрақтарға бағытталуы шарт:

Мәселелерді шешудегі істің мәні неде? (Кіріспе)

Мәселені шешу жолдары неде болды? (әдіс) Қандай нәтижелерге келді? (нәтиже)

Мәселеде қандай жаңа, инновациялық және қоздырушы факторлар бар (талқылау)

Стендтің баяндамалардың сапасын бағалау үшін келесідей сұрақтар қарастырылады:

  • Мәселені қоюшылары анықталды ма және тиісті мақсатқа жетті ме?
  • Презентация тиісті логикалық құрылымға ие болды ма?
  • Стендтің графикасы, құрылымы және рәсімдеуі тиісті үлгіге сәйкес келе ме?
  • Алдыңғы сессиямен тиісті логикалық қатынасы қадағаланды ма?
  • Егерде презентация топтық жоба болған жағдайда магистранттардың ынтымақтастығы және координациясы қаншалықты сәтті болды?

Осылайша, магистранттарға белгілі бір шарт қойылу арқылы, керекті білімді өз бетімен шығармашылық жұмыстар жасау арқылы, өз бетімен оқулыққа керек ақпараттарды тауып, оны шығармашылық түрде өндіру арқылы керекті ой тұжырымдамасын жасап және қорытынды алу мақсатында магистрант оқу процесінен, өз бетімен білім алуға қабілетті болады дегенді меңзейді. Ол магистранттардың күрделі сипаттағы оқулық тапсырмалардың бірге жасалған жұмыстарында да негізделеді, яғни  магистранттардың кооперациясы арқылы тапсырманы ұжымдық түрде бірге жасалған күштері арқылы мәселе-  ні шешуі. Кооперативті оқу магистранттардың өзара оқудың барлық шарттарын жасау арқылы студенттердің білімдері мен икемдерін біріктіруге септігін тигізеді. Кооперативті оқуда магистранттар жұптасып немесе кішкентай топтар құру арқылы, жұмыс жасай отырып олар мұғалімдерге немесе өздерінің академиялық топтарына өзінің коллективтік жұмысының қорытындысы жайлы толық есеп беріп отырады.

Оқытушылардан магистранттар үшін алынған білімді қайта жасауды қамтамасыз ететін қарапайым орындау ғана емес, оларды жаңа, ерекше жағдайларда пайдалана алатын шығармашыл тапсырмалардың қойылуы талап етіледі. Осы кезде, тапсырмаларды орындай отырып, магистранттар өз бетінше болашақ кәсіби қызметтеріне өте тиімді болатын жаңа білім, қабілет және шеберліктерге (әсіресе, қалыпты емес жағдайда шешім қабылдау және сараптау шеберліктері) ие болады.

Өндіріске тез бейімделуге дайын ғана емес, сонымен қатар жаңа кәсіби міндеттер аясында өзіндік өзгеріске қабілетті маманды жұмыс берушілер күтетіні сөзсіз. Өмір жаңа білім беру шынайылығын тудырады. Басқаша айтқанда, мәдени-әлеуметтік макро және мезофакторлар заманауи білім берудегі оқу-танымдық қызметті түсінудің өзгерісін анықтайды [2].

Сонымен бірге, оқу үдерісіне студенттермен жеке және топтық, қысқа және ұзақ мерзімді орындалатын міндетті құрамдас бөлік ретінде мамандық бойынша тәжірибелік жұмысты қамтитын оқу жобаларын қосу пайдаланылады.

Нәтижесі келесідей:

  • Сараптамалық ойлау және сыни синтездеу қабілетін жасау, зерттеудің басты салаларының бірінде қолданылатын білім мен біліктілікті дамыту;
  • Зерттеудің ақпарат пен мәліметтерді табу, бағалау және синтездеу қабілетін қосатын негізгі әдістерін түсіну; жаңа мәліметті игеру барысында оның өзектілік және жаңашылдық талабын құру;
  • Нақты жағдайға жақын болып табылатын қандай да мәселені шешуге қатысты магистранттардың жұмысын ұйымдастыру;
  • Шағын топтарда жұмыс жасау кезінде алынған тәжірибелік қызмет қорытындылары мен білімді зерделеу;
  • Оқытуды ситуациялық модельдеу негізінде ұйымдастыру талпынысы;
  • Халықаралық мәселелерді түсіну және олардың жаһандық көрінісін иелену;
  • Кәсіби мүмкіндіктер деңгейін және кәсіби этика мен жауапкершілікті ұғынуды көтеру;
  • Табысты, жауапкершілікті және өз бетінше қызмет етуге қажетті тәлім мен қабілеттерді дамыту;

Одан өзге формалары да қолданылады. Мысалы, магистранттарға келесідей тапсырмалар ұсынылады: халықаралық қауіпсіздікті анықтауға қатысты негізгі теоретикалық тәсілдерді салыстырмалы кесте құрастыру арқылы көрсету: әлдеқайда пікірталас тудыратын сұрақтарды алға тарту, таңдап алынған мәселе бойынша «Қазіргі халықаралық қатынастардағы әлемдік елдер мен аймақтар» 3 мақалаға ивент-сараптама жасау, «Жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру және аймақтар рөлі» тақырыбына әссе жазу және т.б.

Бұл магистранттар үшін қосымша әдебиетті өз бетінше өңдеуге дағдыланатын, мәліметті жүйелеуге және жалпылауға, сонымен бірге өз бетінше түсіндіру және жаһандық, аймақаралық, ұлттық тұжырымдамаларға, аймақтық көріністер мен оқиғаларға ғылыми негізделген баға беруге үйренетін; халықаралық қатынастар, салыстырмалы саясаттану, елдік және аймақтық мәселелерді зерттеуге байланысты экономикалық теориялар аясында дайындалған ғылыми тәсіл, тұжырымдама мен әдістерді қолдануға икемдейтін; халықаралық-саяси ақпарат ағымы арасынан мазмұндық маңызды фактілерді бөліп көрсетуді және оларды қойылған міндеттері бойынша топтай алуды қалыптастыратын; нақты халықаралық жағдайға баға беру қабілетін дамытатын және тапсырманы орындауға бастапқы мәліметті анықтайтын; әлемдік экономикалық, экологиялық, демографиялық, миграциялық үдерістерге бейімделе алатын, ғаламшарлық ортаның, әлемдік экономика және әлемдік саясаттың өзара ықпалдастық механизмін түсіне алатын және ең соңында, зерттеудің жаңа әдістерін өз бетінше оқып білу, өз кәсіби қызметінің ғылыми және ғылыми-өндірістік сипатының өзгеруіне қабілетін дамытуға маңызды жұмыс түрі болып табылады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Наумова Л.К. Организация самостоятельной работы магистрантов: (направление «Педагогика»): автореф. дис. ... канд. пед. наук. – СПб., 2006. – 24 с.
  2. Косолапова Л.А. Организация самостоятельной работы студентов в системе гарантий качества профессиональной подготовки специалиста в образовательных организациях высшего и среднего профессионального образования // Вестник Пермского государственного Гуманитарно-педагогического университета. – Серия №1. Психологические и педагогические науки. – 2014. – №1.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.