Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шет тілін үйретудегі инновациялық технология түрлері: кейс cтади технологиясы

Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу мемлекеттік маңызды іс. Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементіне айналды да дүниежүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты екені айқын. Сондықтан еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңін оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық әдістерге ауыстырып жатырмыз. «Білім беру» мемлекеттік бағдарламасында білім беруді жетілдіру мен оқыту процесіне жаңа технологияларын енгізу мәселесі қарастырылған [1, 104 б.].

XX ғасырдың басында Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – жәй ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деп атап өткен. Сондықтан оқыту әдістерін жетілдіру арқылы тіл үйренушілердің белсенділігін, қызығушылығын, ұғуын, ойлауын, іскерлігін арттыратын жұмыстарды көптеп іздестіріп, жүргізу қажет.

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде қазіргі кезде көптеген реформалар жүруде және Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» делінген [2]. Қазіргі жаһанданған өмірдің талабына, еліміздің әлеуметтік даму жағдайына сәйкес жеке тұлғаны бейімдеу мақсатында білім беруде инновациялық технологиялар кеңінен пайдалану қажет етеді.

Осыған сәйкес қазіргі қоғамдағы ақпараттандыру мен компьютерлеу, оқу процесінде техникалық құралдардың дами түсуі және жаңа білім беру жолдарын қолдану бүгінгі күнде өте маңызды болып отыр. Осы инновациялық технологияларды білім беруде қолдану, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алып, нарық саясатына жол ашылып, дүниежүзі мемлекеттерімен саяси, мәдени және экономика салаларында жан-жақты байланысқа түсуіне байланысты шетел тілінде қарым-қатынас жасау қазіргі заман талабының біріне айналып отыр.

Сонымен бірге, студенттер шетел тілін жетік білетін, өзінің тіл біліктілігін жоғары деңгейде көрсете алатын, болатын қиындықтарды сыни тұрғыдан шеше алатын, коммуникативті қабілеті дамыған болу керек. Ал сол талаптарды жүзеге асыруға инновациялық технологияларды тіл үйретуде қолдану мүмкіндік береді [3, 45 б].

Инновациялық технологиялар білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі жолы болып саналады. Шетел тілін үйретуде инновациялық технологияларды пайдаланатын болсақ студенттерді қазіргі заман талаптарына дайындауға болар еді. Өмірде болып жатқан өзгерістер, айта кетер болсақ, соңғы жылдардағы ғылым мен техниканың өзара тығыз байланысты дамуының нәтижесі және жаһандану әр азаматтың осындай қарқынды өзгерістерге дайын болуын және тез бейімделе алауын талап етеді. Қазіргі заман талабы тұрғысында студенттер жаңаша білім алуға құмар. Ендеше, студенттерге инновациялық технологияларын қолдана отырып білім алуға бейімділігін көрсетеді.

Қазіргі кездегі шет тілін  үйрету  мақсаты-  на жаңаша түсінікпен қарасақ, оны дамытудың басты стратегиялық бағдары – өмірге жауапкершілікпен қарайтын, дүниетанымдық мәдениеті жетілген, шығармашылық ойлауға дағдыланған, іскерлік қабілеттілігі биік, гуманистік ойлауы басым, инновациялық ілімімен қаруланған адамгершілік қасиеттері мол білікті мамандардың жаңа ұрпағын қалыптастыру болып табылады [4, 11 б].

Еліміздің білім беру мен ғылымдағы ең, алуан түрлі және болашағы зор қазіргі заманғы білім беру технологиялары ендірілуде. Шетел тілін оқыту әдістемесінде қолданылатын инновациялық технологияның түрлерін анықтап өтетін болсақ шетел тілін оқыту әдістемесінің маманы А.Н. Щукиннің еңбегін атап өтеміз. А.Н. Щукин өзінің «Современные интенсивные методы и технологии обучения иностранным языкам» атты еңбегінде шетел тілін үйретуде келесі инновациялық технология түрлерін атап көрсетеді: бірлестікте  оқыту,  жоба  технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технология, қашықтан оқыту, тілдік портфолио, тандем әдісі, кейс стади технологиясы және компьютерлік технология [5, 130 б]. Кейс стади технологиясына және оның маңыздылығына тоқталып кетсек.

Кейс стади технологиясы – арнайы модельденген немесе нақты өндірістегі жағдайларды талдау, мәселелерін анықтау, альтернативті шешімдер  іздеу,  мәселенің  оптимальды  шешімін қабылдау барысында қолдануға негізделген технология.

Кейс әдісі алғаш рет АҚШ-тың Гарвард университетінің құқық мектебінің оқу үрдісінде 1870 жылы қолданылған болатын, ал сол жердегі бизнес мектебінде 1920 жылдан бастап қолданыла бастаған. Оқытудың нақты жағдаяттар жинағын шығарып, кейс стади амал тәсілін қолдану жолдарын көрсеткен ғалым  Копленд  ең алғашқылардың бірі болып өз еңбектерінде осы термин атауын пайдаланған екен (1921 ж.). Кейс әдісінің, осы термин атауының алғаш рет жан-жақты талқылануы да Гарвард университетінің бизнес жайлы жасаған еңбегінде көрініс тапқан (1925 ж.). Кейс стади әдісімен айналысатын Гарвард және Манчестер деп  аталатын екі классикалық мектеп кейс стади әдісін терең зерттеумен айналысуда. Бірінші мектептегі кейс әдісінің басты мақсаты ретінде әділ шешімді табуға үйрету қарастырылса, екінші мектепте мәселелерді шешудің көптүрлілігі қарастырылады. Америкалық кейстердің көлемдері үлкен, мәтіндері 20-25 беттен тұрады, оған қосымша иллюстрацияланған 8-10 бет беріледі. Еуропалық кейстердің көлемі оларға қарағанда 1,5-2 есе кішірек болып келеді [6].

Гарвард бизнес мектебі оқу үрдісін ұйымдастыру барысында кейс әдісінің нақты мазмұнын сақтай отырып талдап-талқылаумен айналысады. Видеоматериалдарды, компьютерлік және бағдарламалық құрылғыларды пайдалана отырып оқушылардың қызығушылықтарын арттыру Гарвард мектебінің ең басты талабы. Статикалық мәліметтерге қарағанда Гарвард мектебінің немесе кез-келген бизнес мектебінің студенті білім алу барысында жүздеген кейс жасап шығарады екен, сонда жыл сайын бұл мектепте кейс жинағына еніп отыратын жүздеген жаңа кейстер мен оларды толықтырып отыратын әдістемелік құралдардың шығып отыратынына көз жеткізуімізге болады.

Манчестер мектебі ХХ ғасырдың басындағы Гарвард бизнес мектебінің идеяларын ары қарай дамытушы мектеп болып табылады, олар Гарвард мектебі негізін қалаған кейс әдісінің теориялық негіздеріне сүйенеді, бірақ басқа қырынан дамытуды қарастырады. Бұл мектеп өкілдері осы әдіс туралы теориялық білімдердің аясында қалып қоймай, оны практика жүзінде қолдана білу дағдысын дамытуды басты талап етіп қойған. Манчестер мектебі Гарвард мектебіне қарағанда жағдаяттарды қысқаша сипаттауды, олардың шешімдерін тез әрі ашық түрде табуды және талқылауды топпен жүргізуді ұсынады.

Қазіргі заманғы оқу әдістемесінде кейс стади амал-тәсілдерін жан-жақты зерттеп,  оларды қолданысқа енгізуді қарастырып жатқан көптеген ғалымдар бар. Солардың қатарында С.Д.Смирнов, М.В. Антипина, Л. Барис, В.А. Ясвин, К. Кристенсен, М.В. Кларин, А.И. Наумова, Б.Н. Кисилева, Г.А. Полонский, И.Уилсондардың есімін атап өтуге болады.

Кейс амал-тәсілінде басты назар студенттердің реальды немесе қиялдық, яғни алдын-ала құрастырылған жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі және т.б шәкірттің жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады. Сонымен қатар студенттердің бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыруға, әртүрлі проблемаларды талдауға және оларды шеше білу қабілетін дамытуға және ақпаратпен жұмыс жасауды үйретуге үлкен көңіл бөлінеді. С.Д. Смирновтың пікіріне сүйенетін болсақ, «в кейсе (буквально-частный случай, конкретное дело) описывается конкретная ситуация, которая могла иметь место или реально происходила. Рассматриваются факты, решения,принятые в течение определенного времени, которые описываются не как абсолютно исчерпыващие, а скорее как система ориентиров. Недостающую информацию участники обсуждения и принятия решения (включая студентов) могут домысливать и строить на основе этого прогноза» [7, 201].

Кейс – бірегей ақпараттық кешен, ережеге сәйкес ол үш бөліктен тұрады: кейсті талдауда қолдануға болатын қосымша ақпараттар, нақты жағдаяттар сипаттамасы және кейске арналған тапсырмалар.

Кейс әдісі – талдау әдістерін қамтитын жалпы білімнің технологиялық ұғымы. Кейс әдісі арқылы нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын оятып, оны терең меңгеруге, білім алу барысында алған ақпараттарын өңдеп, талдауға ынталандырады.

Оларды құрудың негізгі сатылары төменде көрсетілгендей:

  • Білім жүйесінде кейстің алатын орнын, мақсатын анықтау;
  • Тақырып моделін құру немесе таңдау;
  • Әртүрлі жағдайларға критерийлерді тағайындау;
  • Қажет ақпарат көздерін белгілеу;
  • Қосымша ақпаратты жинау барысындағы орындалатын іс-әрекеттер жоспарын құру;
  • Сараптама жасау, оны қолдану барысында әдістемелік материалдар дайындау [8, 166].

Кейс әдісін қолдану барысындағы оқытушының іс-әрекеті екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңге кейс таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған шығармашылық жұмыс, жағдайларды тақырыпқа сәйкес таңдап алу, мақсат пен міндеттерді анықтау, жағдайды құрастыру және суреттеу жатады. Ал екінші кезеңді оқытушының аудиториядағы іс-әрекеті құрайды. Аудиториядағы кейс әдісін қолдану кезеңі төмендегідей кезеңдерді қамтиды:

  • кейске кіріспе;
  • жағдайдың талдануы;
  • пікірталас;
  • қорытынды шығару.

Кейс амал-тәсілдерін пайдалануда мына мәселелерге басты назар аударылады:

  • студенттердің ауызша сөйлеу дағдысын жетілдіруге алдын-ала дайындалған мәтіндер немесе тапсырмалар беру;
  • шағын топтардың басшыларымен өздерінің ойларын бөлісу, бірге талдау, студенттер түсінбегенде микросабақтар өту;
  • топтың бірнеше шағын топтарға бөлінуі
  • әрбір топтың өзінің басшысы болуы;
  • оқытушы бағыт-бағдар беруші, бақылаушы рөлінде ойнауы [9, 7].

Кейс әдісі арқылы келесі дағдыларды дамытуға болады:

  1. Аналитикалық дағдылар. Бұл дағдыларға деректерді мәліметтерден айыра білу шеберлігі, ақпараттардың маңызды және маңызды емес екенін, оларды дұрыс талдай білу, оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпараттарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі, нақты және логикалық ойлау қабілеті және т.б. жатады. Бұл дағдыларды меңгеру ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.
  2. Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайлармен салыстырғанда мәселе күрделілігінің төмен деңгейі экономикалық теорияларда, онда қолданылатын әдістер мен принциптерде тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.
  3. Шығармашылық дағдылар. Кейс әдісінің өзін ғана қолдану арқылы мәселені шешу мүмкін емес, сондықтан альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.
  4. Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен атап өтетініміз: дискуссияны жүргізу шеберлігі, пікірталас кезінде өзінің айтқан ойына, пікіріне қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалдарды, құралдарды және басқа медиа заттарды қолдану, топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.
  1. Әлеуметтік дағдылар. Нақты әлеуметтік дағдыларға адамдардың өзін-өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама-қарсы көзқарас білдіріп, оны дәлелдеу, өзінөзі ұстау және т.б. дағдылар жатады. Олар кейсте талқылау барысында қалыптасады.
  2. Өзіндік саралау дағдысы. Пікірталас кезінде келіспеушілік   басқалардың   және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді, осылардың нәтижесінде өзіндік саралау дағдысы қалыптасады [10].

Қорыта айтқанда, кейс әдісі студенттердің бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тілді оқыту барысында студенттердің әртүрлі проблемаларды талдау және оларды шеше білу қабілетін дамытуға, ақпаратпен жұмыс жасауды үйретуге де үлкен мүмкіндік туғызады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан – 2030. – Алматы: Юрист, 2001. – 104 б.
  2. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 28.02.2007 ж.
  3. Жолдасова Б.Б. «Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану» // Білім, № 5, 2007. – 45 б.
  4. Искакова П.К. «Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру». Автореферат. – Түркістан, 2008. – 11 б.
  5. Щукин А.Н. «Современные интенсивные методы и технологии обучения иностранным языкам». – Москва: Филоматис. – 2010, 130 б.
  6. gov.kz/loader/load/12761
  7. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования. От деятельности к личности. – М., 2005. – 200 с.
  8. Freeman S.Y., Freeman E.D. «ESL/EFL Teaching: Principles for Success». – Portsmouth, NH: Heinemann.1999, 166 б.
  9. Аринова Г.К. Жаңа мазмұнды білім беру жүйесіндегі педагогикалық технологиялардың алатын орны // 12 жылдық білім беру, 2009, №4, 76 б.
  10. Смолянинова О.Г. Образовательный сайт по кейс-методу обучения и методика его использования в учебном процессе КГУ.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.