Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кәсіби тілді оқытуда ұлттық сөз саптау ерекшелігін меңгерту жолдары

Қазір жоғары оқу орындарының орыс бөлімдерінде қазақ тілін кәсіби бағытта оқыту біршама жөнге келіп қалды. Дегенмен, өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі әлі де болса көңіл көншітетіндей деңгейде емес. Оған мемлекет тарапынан мемлекеттік тілді білуге қатаң талаптың болмауы, сондай-ақ өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген көзқарастарының әлі де дұрыс жолға қойылмауы басты себеп екенін жасырудың қажеті жоқ. Басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді меңгере алмауының тағы бір себебі біздің мамандарымыздың тіл үйретуде көп жағдайда дұрыс бағытты ұстай алмауынан десе де болады. «Қазіргі кездегі оқулықтар да, әдістеме де, мұғалім де қазақ тілін ана тілі ретінде үйретуге икемделіп дайындалған. Себебі, мұғалімдер дайындайтын оқу орындары қазақ тілін тек ана тілі ретінде оқытатын мұғалімдер дайындап келеді. Сондықтан олар оқу сыныбына (аудиториясына) келеді де грамматиканы жаттатудан бастайды. Айналып келгенде бала ережені біліп-ақ тұр, бірақ сөйлеуге дәрмен жоқ. Оқытушының да, оқушының да қыруар еңбегі тіл үйрету мен тіл үйренуге емес, грамматиканы жаттату мен жаттауға бос-  қа сарп болуда. Ал бізге қазақ тілін «екінші» (ана тілі емес)   тіл ретінде үйрететін оқу-құралдары, әдістеме мен мұғалімдер керек. Ендеше, әрекеттің басы қазақ тілін грамматикасыз оқытатын оқулықтар, әдістемелер мен мұғалімдер дайындау болу керек» [1].

Бір қарағанда, қазақ тілін үйрену, оның ұшан-теңіз сөздік қорын меңгеру өте қиын сияқты. Шындығында, ауызекі сөйлеу тілінде күнделікті қолданылатын сөздеріміз өте көп емес. Адам күнделікті тұрмыста шектеулі сөздерді ғана қолданады. Профессор Ә.Жүнісбек қазақ тілін игерудің төрт деңгейін ұсынады:

«Біріншіден, ауызекі-тұрмыс тілі (разговорно-бытовая речь). Яғни өзге ұлт өкілі отбасында, ауыл арасында достарымен, көрші-қолаңмен күнделікті тұрмыс мұқтажын өтей алатындай дәрежеде еркін сөйлей алады. Күрделі және ойтекті (абстракт) мәтіндер болмауға тиіс.

Екіншіден, оқушылар үшін ауызекі-пән тілі (разговорнопредметная речь). Яғни балалар мектепте өздері өтетін пәндер (математика, сурет, тарих, т.б.) төңірегінде еркін сөйлей алады. Ересектер үшін – өзінің негізгі мамандығына (ауызекі кәсіби тіл – разговорно-профессиональная речь) байланысты мәлімет алмаса білу.

Үшіншіден, ауызекі-іскери тіл (разговорно-деловая речь). Яғни басқару-ұйымдастыру істерін қазақша жүргізе алады. Іс-қағаздарының қарапайым үлгісін дайындап, пайдалана алады. Іс-қағаздар тілінің күрделі сатысына барып жалғасады.

Төртіншіден, ауызекі-әдеби тіл (разговорно-художественная речь). Яғни көркем шығармаларды түсініп, жалпы мазмұн-мағынасын аңғарып, әдеби сөйлей алатын болады» [1].

Жоғары оқу орынына түскен студент осы төрт деңгейдің кем дегенде екеуін меңгеріп келуі тиіс. Алдымызға 11 жыл бойы қазақ тілін оқып келген студенттермен жұмыс істеу барысында байқағанымыз: олар жазбаша жұмысты біршама тиянақты орындайды, сөз түбірі мен қосымшаларды ажырата алады, бірақ бөгелмей сөйлей алмайды. Бұл мектептерде жазбаша жұмыстарға, грамматиканы үйретуге көп көңіл бөлінетінін білдіреді. Одан қалса ереже жаттатқызамыз, екі оқушыны тақтаға шығарып ойымызға бірінші оралған сөзді септетіп қоямыз. «Мысалы, өзге ұлт өкілдеріне «барыс септік дегеніміз..» деп он шақты сөзден тұратын ереже жаттатамыз, сонан соң барып оның қосымшаларының іргелес үйлесім кестесін көрсетеміз, жиі сирек кездесетінін сараптамай-ақ кез келген қазақ сөзіне қосымша түрлерін жалғатып әлек боламыз. Бар күш-қуат пен уақыт тек ереже жаттауға кетеді. Ал, шын мәнінде, сараптап қарайтын болсақ, бала (ересек) күнде қайда баруы мүмкін: мектепке (жұмысқа), үйге, дүкенге, көшеге (қораға), сыныпқа, бөлмеге, асханаға сонымен болды. Қарап отырсақ, бес-алты сөзден аспайды екен. Ендеше, бір-екі бетке созылған он шақты сөзден тұратын ереже, оның кестесі мен зәру емес сөздерді жаттатып баланы (ересекті) ер қашты қылғанша, сол бес-алты сөздің жалаң және қосымшалы үлгісін берген жөн» [2].

Кәсіби бағдарлы тіл дегеніміз де айналып келгенде осы ауызекі сөйлеу тілінің бір саласы. Мәселен, дәрігер мен науқас арасындағы диалогта да күнделікті тұрмыста қолданылатын сөздер айтылады. Айырмашылығы медицинаға қатысты терминдер, сөз тіркестері, синтаксистік оралымдар болуы мүмкін. Медициналық терминдер, дене мүшелерінің атауына келетін болсақ, науқас та, дәрігер де сөйлесу барысында көзге көрінетін немесе кез келген қарапайым адам білетін мүшелер мен ағзалар туралы ғана айтуы мүмкін. Ішкі мүшелері ауыратын адамның «өтім ауырады»,   «бауырым   ауырады»  немесе «тоқ ішегім ауырады» деп айтуы мүмкін емес. Науқас «мына жерім ауырады» деп қолымен көрсетуі мүмкін. Дәрігер «қалай ауырады?», «қайтіп ауырады?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы оған нақтама (диагноз) қояды. Әрине, ары қарай науқастың қанын, зәрін зертханалық тексеруден өткізу арқылы, сондай-ақ әртүрлі медициналық құрал-жабдықтардың көмегімен дәрігер өзі қойған нақтамасының дұрыс немесе дұрыс еместігіне көз жеткізеді. Науқасты қай бағытта тексеру керек екендігін анықтау үшін, алдымен, онымен сөйлесудің маңыздылығы осында. Кез келген адам өзінің жай-күйін ана тілінде оңай әрі нақты жеткізеді, сондықтан медициналық білімді орыс тілінде алған студент қазақ тіліндегі ауру атауларын, олардың белгілерінің қазақ тілінде айтылу ерекшеліктерін білуі тиіс.

Кәсіби бағдарлы тілді оқыту барысында кәсіпке қатысты мәтіндерді пайдалануға тура келеді. Мысалы, медициналық оқу  орындарын-  да «Жүрек-қан тамырлар жүйесі» немесе «Ас қорыту ағзаларының аурулары» деген сияқты тақырыптар болуы мүмкін. Осындай тақырыптарға қарап «тіл мамандарының медициналық тақырыптарды өтуге қандай құқығы бар» деген сияқты сындарды естіп қалып жүрміз. Әрине, тіл мамандары медицина ғылымының ерекшелігін білмейді және оны білудің қажеті де жоқ. Тіл мамандары осы сала мамандарының еңбектерін пайдаланып мәтін құрастыру арқылы тіл үйренушіге қазақ тіліне тән сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды үйретеді. Мысалы, жүрегі ауыратын қазақтілді науқас «жүрегім шаншиды», «жүрегім қағып кетеді» дейді. Ал тіл үйренуші «жүректің қағуы мен шаншуының» айырмашылығын түсінуі керек.

Аурудың белгілері адамзат баласына ортақ болғанымен, оны сипаттап беру әр тілде әрқилы болуы мүмкін. Мысалы, қазақ тіліндегі «жүрегі айну», «жүрегі сазу» сөз тіркестері жүректің ауруын білдірмейді, ас қорыту ағзасының ауруын, дәлірек айтқанда, асқазанның ауруын білдіреді. Қазақ тілінің осындай ерекшелігін тіл үйренушіні қойып, тіл мамандары да кейде ескермейді. Мысалы, «Алматы ақшамы» газетінен «науқастың асқазаны айниды» («Алматы ақшамы», №135 (4226), 2010 ж.) деген сөз тіркесін кездестірдік.

Медициналық терминдер туралы болған дөңгелек үстелдердің бірінде бір профессор ағамыз термин жасаудың мынандай қағидасын ұсынды. Оның айтуынша, термин орыс тілінен қазақ тіліне, ал қазақ тілінен орыс тіліне аударғанда біркелкі  шығуы  керек,  яғни  голова­бас­голова түрінде болуы тиіс. Тіл – математика емес. «Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді» деген ереже тілге жарамайды. Ал го­ лова­бас­голова кестесі кейде сәйкес келмейтін себебі: дене мүшелерінің атаулары әр халықтың таным-түсінігіне, дүниетанымына байланысты болады. Мысалы, орыс тіліндегі «крестец» деген дене  мүшесі  қазақ  тілінде  «сегізкөз»  (дұрысы«сегізгөз») деп аталады. Мұндай терминді жоғарыдағы кестеге салып аударуға бола ма?!

Осы орайда орыстың көрнекті ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор Л.А.Новиковтың зат пен құбылысқа атау берудегі ұлттық ерекшеліктер туралы айтқан мына бір пікірін келтіре кеткенді жөн көріп отырмыз. Ол: «Зат пен таңбаның арасында тікелей байланыс жоқ. Олар өзара мағына (ұғым) арқылы байланысады. Қандай да болсын бір затқа атау беру үшін, оны әуелде белгілі бір мөлшерде пайымдап алу керек. Міне, сол себептен бәрімізге ортақ зат немесе нәрсе түрлі тілде түрліше аталады. Мысалы: орыстың «подснежник» (қар астында өсетін гүл) деген сөзі ағылшынша «snowdop» (қарға тамған тамшы), французша «perse-nege» (қар тесетін гүл), немісше «schneeglocken» (қар қоңырауы) деп аталады»,– деп жазады [3]. Бұл гүлдің қазақша атауы «бәйшешек» екенін бәріміз білеміз, бірақ оның қандай мағына беретінін барша халық біледі деп айта алмаймыз. Себебі, қазір қолданып жүрген «гүл» сөзінің парсы тілінен енген «гул» екені, ал «шешек» осы «гүл» сөзінің көне түркі тіліндегі атауы екені ұмытылған. Дегенмен, көнерген сөздер қолданыстан мүлде шығып қалмайды. Олар белгілі бір сөз тіркестерінде немесе тұрақты сөз тіркестерінің құрамында қолданылып жүруі мүмкін. Қазақ тіліндегі «шешек ату» сөзі «гүлдеу» деген мағына берсе, «шешек» деген ауру аты (оспа) науқастың денесін гүл тәрізді қотыр басып кетуіне байланысты пайда болған. Ал «бәй» сөзіне келетін болсақ, бұл «шешек» деген жіңішке сөзбен бірігу нәтижесінде жіңішкеріп кеткен «бай» сөзі.

«Бай» сөзі көне түркі тілінде «дәулетті», «алғашқы» («бірінші»), «мықты», «үлкен», «басты» деген сияқты мағыналарды берген. «Бай» сөзінің жоғарыда айтылған мағыналарды беретінін «бәйтерек», «бәйтөбет», «бәйбіше», «бәйге» сияқты сөздер дәлелдеп тұр.

Кәсіби бағыттағы тілді меңгерту барысында тілдің осындай ерекшеліктерін де назардан тыс қалдырмаған жөн. «Кәсіби мамандығын меңгеруге қажетті лексикалық қорды тілдік қатынаста қатысымдық тұрғыдан жаңа технология арқылы іске   асырудың   амал-тәсілдерін   іздестіру; кәсіби қазақ тілін өзгетілдік дәрісханада оқытудың ғылыми-теориялық  негіздерін  айқындау;  кәсіби қазақ тілін өзгетілдік дәрісханада оқытудың әлеуметтік маңызын анықтау; кәсіби қазақ тілін өзгетілдік дәрісханада оқытудың лингводидактикалық моделін жасау; білім беру жүйесіндегі кәсіби қазақ тілін өзгетілдік дәрісханада оқытудың негізгі заңдылықтарын белгілеу; Қазақстан Республикасындағы тіл саясатына байланысты қазіргі концепцияның маңызын ашу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады» [4].

Тіл үйретуде грамматиканы жөнді-жөнсіз оқыта беру, сөздің түбірін, қосымшасын табу сияқты әдістердің дұрыс емес екендігін уақыт дәлелдеп отыр. Қазір оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылуда. Бұл туралы ф.ғ.к. С.Жұманова былай дейді: «Дидактика ілімінде оқытудың интерактивті әдістеріне мыналарды жатқызып жүр:

  • пікірсайыс (дискуссия, дебат) әдісі;
  • ми шабуылы («мозговой штурм»);
  • «дөңгелек үстел» әдісі;
  • іскерлік, рөлдік ойындар;
  • драматизациялау (драмалау);
  • ТОҚ (дыбыстық бейнежазбалар), мультимедия жүйесі» [5, 24].

Көріп отырғанымыздай бұл әдіс-тәсілдердің барлығы да грамматиканы жаттауға емес, ауызша сөйлеуге бағытталған.

«Қазақ тілін оқытудың алғашқы кезеңінен бастап мәтінмен жұмыс жүргізу тіл дамытуда ерекше орын алатындығы белгілі. Сондықтан бұл жұмысқа жеткілікті мән берілуі қажет. Мәтін оқуға үйретудің құралы, ол оқушының ойын, тілін дамытады, тәрбиелейді, қазақша сөйлеуге үйретеді. Оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрі, яғни оқылым, тыңдалым, жазылым-айтылым бір-бірімен тығыз байланыста болатыны, сонымен қатар әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар екені белгілі. Басқа тілде сөйлеуді меңгеру дегеніміз – адамның тек қана өз ойын, пікірін жеткізе білу қабілеті емес, сонымен қатар басқа адамның сөзін көзбе-көз әңгіме барысында немесе радио, телефон, магнит таспадағы сөзді де тыңдап түсіну қабілеті» [6].

Кәсіби бағытта құрылған мәтінде  студенттің болашақ мамандығына қатысты сөздер, сөз тіркестері, синтаксистік оралымдар, терминдер болатынын жоғарыда айттық. Мәтінмен жұмыс істеу деген сол мәтінді жаттап келіп мүдірмей айтып беру емес, осы мәтіндегі сөздерді, сөз тіркестерін, синтакситік оралымдарды, терминдерді қажетіне қарай қолдана білу. Оқытушы мәтін арқылы сұрақ қою арқылы студентті мәтіндегі тақырыпқа қатысты сөйлетуге, пікір алысуға таруы тиіс. Профессор Ә. Жүнісбек грамматикалық ереже орнына сұрақ-жауап үлгілерін ұсынады. Ол сұрақ  үлгілерін  «таным  сұрақ»,  «әрекет сұрақ»,«сапа сұрақ», «сан сұрақ», «мекен сұрақ»,«мезгіл сұрақ», «бағыт сұрақ», «бастау сұрақ», «дерек сұрақ», «амал  сұрақ», «ие  сұрақ», «рет сұрақ»,«әуес сұрақ», «ұсыным (ықылас) сұрақ», «бағдар сұрақ» [2, 59-60] деп 15 түрге бөледі.

Қорыта айтқанда, тіл үйретуде ең бірінші кезекте зәру сөздерді, яғни күнделікті өмірде өте жиі қолданылатын сөздерді үйретуден бас тау керек. Бұл деңгейді тіл үйренуші мектепте меңгеріп келуі тиіс. Ал кәсіби деңгейге келетін болсақ, кәсіпке қатысты мәтінді пайдалану, сол бойынша сұрақтар қою, сұрақ-жауап әдісі, яғни дайын үлгілерді қолдану грамматиканы жаттатудан әлдеқайда тиімді екені дәлелденіп отыр. Өзгетілдік топтарда қазақ тілін оқытуда ұлттық сөз саптау ерекшелігін меңгерту басты орында тұруы тиіс. Әр ұлттың ұлттық сөз саптау ерекшелігін меңгерген маман ғана науқаспен дұрыс сұхбат құра алады және оның науқасы туралы ойын түсінікті етіп жеткізе алады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Жүнісбек Ә. «Қазақ-орыс» әліпбиі ме әлде «орыс-қазақ» әліпбиі ме? MTDI сайты.
  2. Жүнісбек Ә. Қазақ тілі сұрақтарының құрамы мен жүйесі. Кітапта: Әдістеме әлемінде (Ғылыми-әдістемелік жинақ). – Алматы; Сардар, 2008. – 368 б.
  3. Новиков Л.А. Искусство слова. – М.: Наука, – 217 с.
  4. Қасым Б. Студенттердің кәсіби бағдарлы лексикалық құзыретін қалыптастырудың бағыттары. Кітапта: Мемлекеттік тіл және аударматанудың өзекті мәселелері. – Астана: Санат, – 488 б.
  5. Жұманова С.С. Тіл үйрету барысында жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру жолдары. Кітапта: «Қазақ тілін қазіргі заманға сай жаңа әдіс-тәсілдермен оқыту» семинары бойынша материалдар. – Ақтөбе: С. Бәйішев университетіндегі «Оқулық» баспа орталығы, 2002. –76 б.
  6. Жетпісбаева О. Тілді оқыту мен үйрету барысында мәтінмен жұмыс. Кітапта: «Қазақ тілін қазіргі заманға сай жаңа әдіс-тәсілдермен оқыту» семинары бойынша материалдар. – Ақтөбе: С. Бәйішев университетіндегі «Оқулық» баспа орталығы, 2002. – 76 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.