Қазіргі таңда әлемде тілдесудің түрлі формалары мен әдістері қолданылады. Олардың бәрі заманауи техниканың дамуына байланысты түрлі көрініс алып жатыр. Әсіресе ғаламторда тілдесудің жаңа формалары кеңінен таралып келеді. Атап айтатын болсақ, аббревиациялар, графикалық қысқартулар, сандық абрревиациалар сияқты әдістер қолданылады. Технологияның дамуына байланысты қытай тілінде соңғы он жылда көптеген жаңа сөздер пайда болды. Олар шет тілдерінен, әсіресе, ағылшын тілінен кірме сөздер ретінде еніп жатыр. Осындай жаңа сөздер қытай тілінде түрлі әдіспен жасалынады, яғни фонетикалық дыбысталуына байланысты, мағынасына байланысты және аббревиацалау арқылы жүзеге асады [1].
Компьютер әлемі дамып, қытай тілінде жаңа терминдер толығуда. Сөйтіп ғаламтор неологизмдердің дамуына жаңа және қолайлы орта қалыптастырды. Компьютерлік терминологияның көбеюімен қатар, ғаламтор желісін қоданатын жастар арасында тілдесудің жаңа формасы – сленг пайда болды. Егер бұрын ғаламтор тек іскери қатынастағы бірнеше адамдардың тілдесу құралы болса, қазіргі таңда ғаламтор тұлғааралық қарым-қатынастардың қалыптасуына ықпал ететін, қызығушылықтары ортақ топтарды біріктіретін құрал ретінде бұқаралық сипат алды.
Жедел ақпарат алмасу үшін көптеген тілдесудің қолжетімді және арзан түрлері бар: чат, блогтар, форумдар, мессенджерлер, әлеуметтік желілер, қонақ кітаптары, телеконференциялар, электрондық пошта.
MM ( 美 美 [meimei] – әдемі, сымбатты). Сонымен қатар ғаламторда қытай тілінде тілдесудің төмендегідей формалары жиі қолданылады. Мысалы, тілдесуші Q әріпін жазу арқылы сүйкімді деген мағынаны береді. Бұл ағылшын тілінің cute сөзінің дыбысына еліктеу арқылы берілген формасы. Сол сияқты дыбыстық еліктеу арқылы жасалған thank you сөзі ғаламторда 3Q қысқартуы арқылы қолданылады.
Қытай тілінде жаңа сөздерді жасауда тек фонетикалық дыбысталуы ғана емес, сонымен қатар семантикасына аса назар аударады. Ондай сөздер адам санасына белгілі бір ассоциация беруі мүмкін. Мысалы, 黑 客 heikè хакер – компьютерлік вирусты ойлап табу арқылы сайтты бұзатын адам. Бұл сөз hacker ағылшын сөзінің дыбысталуын ғана бермей, сонымен қатар оның семантикасын әрбір иероглиф арқылы көрсеткен 黑 (қара түсті) + 客 (қонақ). Сол сияқты келесі сөздер де осындай тәртіппен жасалған: 可口可 乐 kekou kelè кока-кола (Coca – Cola) – дәмді және қуаныш беретін нәрсе, 漫 游 mànyóu роу минг (roam).
Сонымен қатар ағылшын тілінен енген сөздер қытай тілінде фонетикалық дыбысталуына қарай жасалынады. Мысалы, ағылшын тілінен енген ballet сөзі baleiwu 芭 蕾 舞 ( 舞 би, билеу), bowling сөзі baolíngqiú 保 龄 球 ( 球 доп), pizza сөзі bisàbing 比 萨 饼 ( 饼 кекс, шелпек, торт, бәліш), golf сөзі gaoerfuqiú 高尔夫球, hula hoop сөзі hulajuan 呼拉圈, Jeep сөзі jípuche 吉普车 (车 көлік).
Соңғы кезде ғаламторда аббревиация кеңінен қолданылып, қытай тілінде көптеген жаңа сөздер туындауда. Қытай тілінің инициальдарын қысқарту нәтижесінде 拼音– [pinyin] пиньин арқылы берілетін сөздердің графикалық қысқаруы пайда болды.
Мысалы: HSK ([Hanyu Shuiping Kaoshi] – қытай тілінің білім деңгейін анықтаудың емтиханы);
T (踢 – [ti] – тебу, чаттан шығарып тастау);
Осындай қысқартулар тілдесушілердің уақытының үнемдеуіне және жазу ыңғайлылығына байланысты туындаған. Сонымен қатар ағылшынша – қытайша қысқартулар жиі қолданы лады. Мысалы, AAzhi (AA 支 ) – төлемнің түрі, әркім өзі үшін төлеу деген мағынаны білдіреді; BP ji (BP机 – пейджер);
Dpan (D盘 – диск);
IPdianhua (IP电话 – интернет телефоны); ICka (IC卡 – электрондық карта);
Simka (Sim 卡 – Сим-карта – ұялы телефонға арналған карта).
Аббревиатураның негізінде белгілі бір семантикалық қатар беретін көптеген аралас қысқартулар кездеседі [2].
Мысалы, E-renlei (E-人类) – ғаламторда жұмыс істейтін адамдар;
E-shidai (E-时代) – ғаламтор дәуірі;
Ehua (E-化) – электронизация, ғаламтордың кеңінен қолданылуы;
ITshidai (IT时代) – информациялық техноло гия дәуірі.
Қытай тілінің сөзжасалымының тағы бір жаңа үрдісіне айналған иероглиф пен сандардың қосындысынан жасалған аббревиатуралар. Осындай сандық кодтар қытай тіліне тән омонимияны қолданады. Тілдесудегі сандар тілі қытай жастары арасында тек ғаламторда ғана емес, сонымен қатар SMSхаттарын жазуда кеңінен қолданады.
Қорытындылай келе, қытай тілінде қысқартудың бірнеше түрін атауға болады:
- Аббревиатуралар – саяси, экономикалық және әскери салаларда түрлі халықаралық ұйымдарға қатысты қолданылатын әріптік қысқартулар. Әдетте, бұл белгілер бүкіл әлемде қолданысқа ие болған, түпнұсқасы бастапқыда ағылшын тіліндегі лексикалық бірліктер.
- Сөздің соңғы бөлігінің буынға дейін қысқарту процесінен туындаған лексикалық қысқарту.
- Буындық қысқартулар (әр буынның инициальдарының қысқаруы) немесе әріптік қысқартулар.
- Пиньин арқылы берілетін сөздердің қысқарулары. (HSK – Hanyu Shuiping Kaoshi – қытай тілінің білім деңгейін анықтаудың емтиханы ).
- Аралас қысқартулар, ағылшын тілінің аббревиатурасы мен қытай тілдерінің иероглифының тіркесінен тұратын қысқарту (IP 电 话 IPdianhua – интернет телефония).
- Фонетика мен лексикалық қысқартулар.
- Иероглиф пен сандардың қосындысынан жасалған аббревиатуралар.
Қытай Халық Республикасының өкімет басшыларының қытай тілінің «тазалығын» сақтауға бағытталған «Мемлекеттік жалпыға ортақ тіл туралы Заңы» қабылданды. Бірақ сарапшылардың пікірінше, Қытай өкіметінің ұлттық тілдің «тазалығын» сақтап қалуына және ағылшын аббревиацияларының таралуына қарсы бағытталаған шараларына қарамастан, аббревиация мен қытай тіліне шетел тілдерінен жаңа сөздерінің ену процессі болашақта қарқынды дамитыны туралы айтады.
Лингвистика саласында сарапшылар жа- ңа сөздердің қарқынды енуі қытай тіліне теріс әсер етуі, тіпті оның сақталып қалынуына қатер төндіруі мүмкін деп есептейді. Сондықтан олар ағылшын аббревиатураларының баспада қолданылуына қарсылығын білдіреді.
Қытай заңына сәйкес кез келген шетел- дік сөздердің қытай тілінде түсіндірмесі болуы шарт, сонда ғана баспада жариялануына рұқсат беріледі. Алайда, қытай қоғамының кірме терминдерді жаппай пайдалануына байланысты, бұл ереже үнемі бұзылады.
Қытай ғалымдар қоғамының осы мәселеге байланысты қысымының нәтижесінде Қытай үкіметі қытай тілі «тазалығын» сақтауға бағытталған шараларды іске асыра бастады. Мемлекеттік радио және телевидение басқармасы қытай тілінде өтетін жетекші бағдарламаларда шетел сөздерін қолдануға тыйым салатын жаңа ережелерді орнатты. ҚХР үкімет басшылығы Пекин баспаларынан кірме сөздердің қытай тілінде түсіндірмесінің болуын қадағалауды талап етеді.
Дегенмен жаһандану үдерісімен дамып жатқан қоғамда шет тілінен енген кірме сөздерден бас тарту мүмкін емес. Сондықтан бұл мәселе жалпы тіл білімінде жаңа бағыт алған, жаңа ізденісті талап ететін тың тақырып.
Жоғарыда көрсетілген материал негізінде біз қытай тілінің аббревиациясы өте күрделі процесс және бұл тақырып терең ізденісті қажет ететін, қытайтанудың жаңа салаларының бірі деген қорытындыға келдік. Осыған орай қытай тілінде аббревиациямен жұмыс жасауда көптеген қиындық туғызатыны анық. Демек, аббревиатураларды аудару жұмыстарында келесі мәселелерге көңіл бөлу қажет.
- Материалды мұқият және терең зерттеуден өткізу, өйткені аббревиатуралар олардың түпнұсқалық аудармасын табуды талап етеді.
- Аббревиатура сөздіктерін қолдану. Жаңа аббревиатуралардың қарқынды көбеюіне байланысты, көптеген лексикалық бірліктердің осы сөздіктерге енбей қалатынын ескеру қажет.
Сонымен қатар, аббревиациялардың қазақ тілінде берілу мәселесі қытайтануда тың тақырып. Сондықтан қазіргі таңда бұл өзекті тақырып көптеген ізденісті талап етеді.
Әдебиеттер
- Васильева С.Г. Китайско-русский словарь иностранных заимствований в современном китайском языке [Текст]/С. Г. Васильева, Лю Гуаньчжун. – М.: Восточная книга, 2009. – 158 с.
- Семенас А.Л. Лексика китайского языка. – М.: Восток-Запад 2007. – 288 с.
- Семенас А.Л. Новые тенденции в развитии китайской лексики. – М.: Общее и восточное языкознание, – 312 с.
- Чжоу Вэйлян. Цзыму цзыдянь [Текст]/ Чжоу Вэйлян. – Шанхай: Буква-Пресс, 2001. – 300 с.
- Виноградова Т. Ю. Специфика общения в Интернете [Электронный ресурс] / Т. Ю. Виноградова // Русская и сопоставительная филология: Лингвокультурологический аспект. – – http: // www.ksu.ru/ (27.07.2011)