Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Дипломатиядағы шешендік сөйлеу өнері

Әлеуметтік құбылыс ретіндегі шешендік өнер туылуының объективті негізі – көпшілікпен талқылаудың қажеттілігі және қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешу болып саналды. Шешендіктің көне түрі – дипломатиялық шешендік деп аталады. Неліктен «солай аталады» десек, олай болу себебі, дипломаттардың сөзіне қатысты стереотип қалыптасқан, оны француз дипломаты Талейранның көпке кеңінен мәлім сөзімен түсіндіруге болады: «Дипломатқа тіл өзінің ойларын жасыру үшін берілген». Өкінішке орай, бұл дипломатиялық сөзбен тілдесу туралы ойлау стереотипінің белгілі бір астары бар, оны келмеске кетті деп сенуге болмайды. Біздің заманымызда, табиғатты, жер шарындағы біздің тіршілік етуіміздің шарттарын тек қана жалпы адамзаттық күштермен бірлесе отырып сақтауға болатынын адамзат енді ғана түсінген кезде, біртұтас экологиялық саясат, дипломатиялық байланыстар мен өзара әрекеттер қажет. Алайда, дипломат сөзінің ерекшелігі бар екендігі күмән тудырмайды. Олардың негізінен анықталатыны – дипломат өз елінің атынан әрекет етеді, соның мүдделерін қорғайды. Оның айтқан әрбір сөзіне үлкен  мән беріледі. Осы жерде сөз қолданысына (сөздік құрамына), сөзінің жалпы эмоциялық реңкіне, оның мазмұндық жағына, қисынын құрауына, сөзінің стиліне және оның өзге сипаттамаларына, техникалық жағын (дикция, сөздің қарқыны, ырғағы және т.б.) қоса алғанда қатаң талаптар қойылады. Егер де дипломаттың дикциясы нашар болса, онда бұл келіссөздерді қиындатады, оның сөзі дұрыс түсінілмеуі мүмкін, одан қажетсіз, дұрыс емес шешімдер жасалуы мүмкін, бұл жағдай күтпеген салдарға әкеп соқтыруы ықтимал. Шешендіктің (риториканың) әлеуметтік маңыздылығы антика дәуірінің өзінде де жоғары бағаланған. Платон риторика туралы «жан-дүниені сөзбен жаулап алу» деп айтқан. Аристотель сөйлей білу өнері – табиғаттың сыйы, дарыны деп көрсетті. Оның пікірі бойыша, шешен сөзінің табысы «этосқа», яғни сөйлеушінің адалдығы мен ізгілік  ниеттеріне, «логосқа», яғни сөйлеу қисынына және «пафосқа» яғни шешеннің азаматтылығына, көңіл-күйіне, берілгендігіне байланысты болады. Көріп тұрғанымыздай, мақсаттың ізгілігі, адамгершілігі көне уақыттан бері сөзбен ықпал етуді бағалаудың критерийі болып саналған. Қазіргі заманғы іскерлік шешендікті қарастыруға көшуден бұрын, риторика туралы жекелеген жалпы түсініктер берейік. Платон, Аристотель, Демосфен заманындағы шешендік өнерге қойылған талаптар мәңгілік емес, оларды догма ретінде қарастыруға болмайды. Мысал келтіретін болсақ, бұрынғының ұлы шешендері үшін өз сөздерінде қолдарын қатты сермеу, қатты ышқыну, айғайлау,  ыңырсу, орнында тұрып секіру, үстіндегі киімін жырту және төбесіндегі шашын жұлу секілді әдеттер қалыпты жағдай болып есептелген. Қазіргі таңда осындай мәнерді басшылыққа алған менеджерді, оның жиналыста немесе іскерлік кеңесте өзінің айтып отырған ойларының дұрыстығына қатысушылардың көз жеткізуіне осылайша ұмтылуын көз алдымызға күлкісіз елестету мүмкін емес. Риторика, сөйлей білу өнері, шешендік – тарихи құбылыс болып саналады, оған қойылатын талаптар дәуірдің ерекшеліктерімен тығыз байланысты болған [1, 48 б.].

«Риторика» сөзі грек тілінен енді. Оның синонимдері латынның «шешендік өнері» мен қазақтың «шешендік» сөздері.

«Шешен» сөзі қазақ тілінің этимологиялық сөздігінде: «Шечан, сәсен сөзі қырғыз, қарақалпақ, өзбек, башқұрт тілдерінде де қазақ тіліндегідей мағынада қолданылады. Түркі тілдерінің бұл тобында шешен сөзінен туған шешенсу, шешенсіну сөздері кездеседі. Өзбек тілінде чечан сөзінің «неге болса да ұста, шебер» деген мағынада [2, 215 б.].

«Шешен сөзі қазақ тілінде өте ертеден қолданылып келеді. Бұл сөздің мағынасы алдында шешіліп сөйлейтін түйінді мәселелерді шешіп сөйлейтін данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. Шешен сөзі қазақ тілінде сөзшең, айтқыш, тапқыр, суырып салма, ділмар, қызыл тілге жүйрік дейтін сөздермен қатар қолданыла береді. Шешен сөзін халықаралық терминмен атасақ, «оратор» деген сөз. «Оратор» латынның «очаче» – «айту», «сөйлеу» деген сөзінен шыққан. Дальдің түсіндірмелі сөздігінде «оратор» вития (ділмар), краснослов (қызыл сөз), речистый человек (сөзшең адам), мастер говорить (сөйлеудің шебері). Осының бәрінде де шешен (оратор) әсерлі, әдемі, бейнелі, көркем, ойлы сөйлей алатын адам деген мағынаны білдіреді» [3, 915 б.].

Шешендік өнердің тағайындалуына екі түрлі көзқарас, оны қабылдау үшін екі амал өмір сүрді. Платон мен Аристотель шешендік өнердегі ең  бастысы –  бұл идея, мазмұн,  яғни риторика – бұл сендіру өнері деп санады. «Риторика – бұл сөзбен сендіру қабілеті...» – деді Платон. Осыған орай, ол қисындық дәлелдерді есептемей, сөйлеудің эмоциямен сендіруін алға тартты.

Өзгелері риториканы сөзді көркемдеу өне-  рі ретінде қарастырды, негізгі беделі деп оның түрі мен стилін есептеді. Мысалы, рим шеше-  ні Квинтилиан шешеннің тілі таза, ашық, әдемі және орынды болу керек деп санады. Оның «ars bene disendi» – «жақсы сөйлеу өнері» деген формуласы кеңінен танымал болды, ол қазіргі күнге дейін сақталды.

Қазіргі риторика – бұл тілдесудің әртүрлі жағдайындағы сенімді және нақты сөйлеу туралы ғылым.

Шешендік сөз деп ықпал ететін, сендіретін сөзді атайды, ол кең аудиторияға арналған және аудиторияның мінез-құлқын, оның көзқарастарын, сенімдерін өзгертуге бағытталған. Кәсіби шешендік сөз саясатта, бизнесте, ғылыми іздену жұмыстарында үлкен рөл ойнайды.

Сол себепті, шешендік өнер – бұл аудиторияға қалаған ықпал ету мақсатында сөз жасау және көпшілікке жеткізу өнері.

Шешендік өнер кімге және қалай қызмет етеді – бұл сұраққа ғасырлар бойы жауап табуға талпынуда. Оның үнемі және мейлінше кең қолданылатын саласы саяси қызмет.

Шешен тұлғасының сипаттамасы. Көпшіліктің алдында сөйлейтін адам аудиторияның назарында болады. Тыңдаушылар сөзбен бірге, тұлғаның сыртқы келбетін, мінез-құлығын, жеке қасиеттерін де қабылдайды және бағалайды. Сондықтан да шешенге жай ғана мынадай қасиеттер керек: әсерлілік, әртістік, сенімділік, объективтілік, қызығушылық. Әрбір адам жақсы шешен бола ала ма? Біреулері, адамға шешен­ дікті табиғат береді, дейді, екіншілері, жоға­ рыда көрсетілген қасиеттерді адамдар ала­  ды, сосын өздерін тәрбиелеу арқылы жетеді, дейді. Көне Римнің мыңдаған жылдар бұрынғы әйгілі шешені және теоретигі Марк Туллий Цицерон  айтқан:  «Poetae  nascuntur,  oratores flunt» «Ақын болып туады, шешен болып шығады («поэтами рождаются, ораторами становятся») Шешендік өнерде шешеннің адамгершілік көзқарасы маңызды, сөзінің мазмұнына оның моральдік жауапкершілігі бар. Трибунада сөйлеп тұрған адамның адамгершілігі болуы өте маңызды, оның сөзі адамдардың тағдырына, олардың ақыл-ойына әсер етуі мүмкін. Рим шешені Квинтилиан шешеннің тұлғасына қойылатын талабын мына афоризмінде көрсеткен: «егер жақсы шешен болғың келсе, онда жақсы адам бол».

Ал көне грек шешені Горгий адамдардың тағдырына шешендік сөздің ықпал етуі туралы айтқан: «Сөз дегенің ұлы билеуші, ол... керемет істер жасайды, өйткені ол қорқынышты қуады,қайғыны жояды, қуаныш ұялатады және қоса уайымдауды оятады». Тарихшылар, еркін пікір алмасудың ең маңызды шарты басқарудың демократиялық түрі екенін айтады, сондықтан да шешендік өнерді «демократияның рухани ұлы» деп атайды. Тарихи мысал ретінде әрқилы мемлекеттік құрылымы бар Спарта мен Афинаны салыстырады. Казармалық спарта мемлекеті соңындағы ұрпақтарына лайықты ешнәрсе қалдырмады, ал Афинадағы басқарудың демократиялық түрі даңқты шешендерін, ойшылдарын, ақындарын қалдырды.

Шешендік өнер бұл тарихи құбылыс деп сипатталады және өз заманының қоғамдық мүдделерін ескеруі тиіс. Әрбір тарихи дәуір өз шешеніне өз міндеттері мен өз талаптарын ұсынады.

«Шешендік өнердің тағы бір ерекшелігі, ол философиямен, психологиямен, педагогикамен, логикамен, тіл білімімен, этикамен және эстетикамен тығыз байланысты. Лингвистер мысал үшін, ауызша сөйлеу мәдениетінің теориясын әзірлейді және шешендік өнерді қалай меңгеру керек, ана тілінің байлығын және алуан түрлігін қалай пайдалану керектігі жайлы кеңестер береді. Психологтар сөзбен ықпал етудің және қабылдаудың мәселелерін қарастырады, адамдардың әлеуметтік-психологиялық қауымы ретінде шешен тұлғасының және аудитория назарының психологиясын зерттейді. Логика ғылымы ойдың тізбектей және қалыпты берілуін, дәлелдер қабылдау мен әрқилы пікірлерді теріске шығаруды оқытады [4, 47 б.].

Шешендік өнер тарихы тарихтың керемет бір парағын жасайды, ал өткеннің даңқты шешендерінің тәжірибесімен танысу қазіргі шешендік мәдениетті жетілдіруге мүмкіндік береді.

Шешендік өнер бір мезгілде әртүрлі елдерде: Ежелгі Грецияда, Римде, Ассирияда, Египетте, Вавилонда, Индияда пайда  болды.  Көне Грецияда ол Платон, Демосфен, Демокрит, Аристотель секілді есімдермен байланысты болды. Бұл философтар – ағартушылар, шешендік өнердің барлық түрін керемет меңгергендер, ал риторика «барлық өнердің патшасы» деп саналды. Аристотель өзінің «Риторика» деген ғылыми трактатында сендіретін сөздің әрекеті сөйлеушінің адамгершілік сипатына, сол сөздің сапасына және тыңдаушылардың көңіл-күйіне байланысты болатынын алғаш анықтаған.

Б.з.д. V ғасырдың екінші  жартысында  көне Грецияда эллинистік шешендік билік құрды. Оның өкілдері – аттицист деп аталатын Дионисий, Деметрий болды, олар сөз тазалығының жақтастары болды, олар сөздің нәзік бейнелілігі мен интеллектін уағыздады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, шешендік өнер өркендеуінің шарты – мемлекетті басқарудың демократиялық түрі болып саналды. Атап айтқанда, осы жылдары Греция өркендеді. Бұл Периклдың мысалынан көрініп тұр, ол Афинаны 15 жыл бойы басқарды және керемет шешен болды; замандастары ол туралы «оның аузында сендіру құдайы ұйықтаған» деп айтқан.

Өз заманының керемет шешендері, Шығыстың прогрессивті ойшылдары мен ақындары болды: Әлішер Науаи, Шерози, Абу Али Ибн Сина.

Әсіресе, құрметті және табысты шешендік өнер Көне Римде болды. Аудиторияны сендіре білуді саяси мансапқа дайындалған адамдар жоғары бағалаған.

Рим шешендерінің алғашқыларының бірі Үлкен Марк Катон болды. Өзінің шешендік дарындылығы арқасында ол Сенаттағы құрметті лауазымға ие болды.

Сол заманның аса ірі саяси қайраткері Марк Туллий Цицерон (б.з.д. 106-43 жж.) болды. Оның трактаттары антикалық риториканың бай тәжірибесін және оның өзіндік тәжірибесін бейнелейді. Атап айтқанда, мына фразаны: «Адамды құрметтің ең жоғары сатысына шығаратын екі өнер бар: бірі – бұл жақсы әскери басшы болу өнері, екіншісі – жақсы шешен болу өнері» сол айтқан. Ол, шешендік өнердің негізі – сөйлеу тақырыбын терең білу, табиғи дарындылық, ой мен сезімнің тірілігі деп санаған.

Атақты рим шешені Марк Фабий Квинтилиан (б.з.д. 35-100 жж.) он екі кітаптан тұратын «Риторикалық өсиет» жақсы жинақталған шығарманың авторы, шешендік ғылымға толық теориялық талдау береді.

Көне Греция мен Көне Римнің шешендері мен шешендік теоретиктері сөздің құпиясына үңіле білді, оның таным шекарасын кеңейтті, шешендік сөздің теориялық және тәжірибелік қағидаттарын жасай білді. Олардың жұмысында сендіру өнерінің соншалықты қызық және терең талданғаны сондай, қазіргі күні де, арада жүздеген жылдар өтсе де көкейтесті [1, 52 б.].

Көпшіліктің алдына шығып сөйлеуге қалай дайындалу керек.

Дайындық кезеңдері, материал көздері. Бі­ліктілік пен дағдылар

Шешендік өнерді меңгеру – өзімен көп жұмыс істеуді және сөйлеудің үлкен тәжірибесін қажет ететін ұзақ үдеріс. Сөйлеуге күнделікті дайындалу, өзінің сөз шеберлігін күнделікті жетілдірудің маңызы зор. Күнделікті дайындық – бұл ғылымның, техниканың, өнердің әртүрлі салаларынан жаңа білім алу және бір мезгілде сөйлеу техникасын меңгеру, сөйлеу мәдениетін арттыру.

Қазіргі риторикада сөйлеуге дайындалудың мынадай кезеңдері қарастырылады:

  • Тақырыпты таңдау және мақсатты бағдарды анықтау.
  • Материалды іріктеу, оны зерделеу және талдау.
  • Сөйлеу жоспарын әзірлеу.
  • Композицияға жұмыс істеу.
  • Сөйлеу мәтінін жазу.

Көпшілікке сөйлейтін сөздің әмбебап ережесі жоқ: әрбір шешен өзінше қайталанбас бірегей шешен. Тыңдаушылардың құрамына қарай, шешеннің алдында тұрған тақырыпқа, міндет пен мақсатқа қарай сөйлеу композициялары өзгеріп отырады. Алайда, сөйлеу композицияларын жасау кезінде ұстанатын жалпы қағидаттар бар:

Сабақтастық қағидаты – әрбір айтылған ой алдыңғысынан туындауы керек немесе онымен ара қатынасы болуы тиіс.

Күшейту қағидаты – аргументтердің маңыздылығы және сенімділігі бірте-бірте өсуі тиіс, ең күшті дәлелдері сөздің соңында пайдаланылады. Органикалық бірлік қағидаты – материалды бөлу және оны сөзде ұйымдастыру шешеннің материалының өзінен және ниетінен туындауы қажет.

Үнемдеу қағидаты – алға қойылған мақсатқа мейлінше қарапайым, рационалды тәсілдермен, әрекет пен уақыттың аз жұмсалуы арқылы қол жеткізуге болады.

Сөйлеудің дәстүрлі құрылымы үш элементтен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды.

Кіріспе. Кіріспеде тақырыптың көкейтестілігі, оның осы аудитория үшін маңыздылығы айтылады, сөйлеудің мақсаты жасақталады, мәселенің тарихы қысқаша айтылады.

Сөйлеудің табысы шешеннің қалай сөйлеуді бастағанына, оның қаншалықты аудиторияны қызықтырғанына байланысты болады. Хабарламаның басында немесе аяғында айтылғаны көбінесе есте қалатыны дәлелденген, сондықтан да шешен кіріспе бөліміне жақсы тер төгуі керек. Белгілі шешен А.Ф. Кони студенттерге алғашқы сөздердің ұғынықты, қызықты болуы, олар тыңдаушылардың назарын «аударуы» тиіс екендігін үйретеді.

Ортаға шығып сөйлеу – ерекше бастаманы талап етеді. Осыған орай, тақырып, сөйлеу түрі, аудиторияның құрамы, оның дайындық дәрежесі ескеріледі.

Басты бөлімі. Басты бөлімінде композицияның негізгі ережесін ұстану қажет – логикалық сабақтастық және материал берілуінің жинақылығы. Сөйлеу құрылымы материалды бере білу тәсіліне байланысты. Бұл индуктивті немесе дедуктивті әдіс, аналогиялық әдіс немесе сатылық әдіс болуы мүмкін, алайда олардың кез келгені (немесе олардың жиынтығы) сөзді дәлелді, ал пікірді сенімді етіп жасауы қажет. Ерекше рөл дәйектеуге беріледі. Ойды растау үшін тексерілген фактілер, статистика (қажет болған жағдайда), беделділерге апелляция пайдаланылады.

Сөйлеу композициясындағы ықтимал кемшіліктер туралы түсінік болуы тиіс. Ол кемшіліктер мыналар:

  • логикалық сабақтастықтың бұзылуы;
  • теориялық пайымдаулармен мәтіннің толып кетуі;
  • дәлелді негізгі ережелердің жоқтығы;
  • қарастырылатын сұрақтар мен проблемалардың (олар 3-4-тен аспауы тиіс) көптігі [1, 6768 бб.].

Қорытынды. Кез келген сөз сөйлеудің маңызды композициялық бөлігі қорытынды болып саналады, ол айтылғандардың тиімділігін күшейтуге жұмылдырылған. Сенімді әрі анық қорытынды тыңдаушылардың есінде қалады, сөзі туралы жақсы әсер қалдырады, ал сәтсіз болғаны керісінше, жақсы сөзді құртуы мүмкін.

Қорытынды сөз оптимистік тұрғыда дыбысталуы тиіс, бұл көбінесе шақыру немесе резюме: айтылғанның қорытындысы шығарылады, шешімдер жасалады, алға міндеттер қойылады.

Шешеннің білімі, біліктілігі және дағдылары. Көпшіліктің алдында сөйлеу үшін шешен арнайы біліктіліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс. Шешеннің дағдыларына мыналар жатады:

  • қажетті әдебиетті іріктеу және зерделеу дағдысы;
  • жоспар жасау дағдысы;
  • сөйлеу мәтінін жазу дағдысы;
  • аудитория алдында өзін-өзі ұстау дағдысы;
  • уақытқа бейімделу дағдысы.

Алынған дағдылардан біліктілік қалыптасады. Шешен білуі тиіс:

  1. сөз сөйлеуді дербес дайындауды;
  2. материалды анық және сенімді беруді;
  3. тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беруді;
  4. аудиториямен байланыс орнату және ұстап тұру;
  5. техникалық, аудиобейне құралдарын, көрнекілікті және т.б. қолдануды.

Егер де сөйлеушінің қандай да бір дағдылары мен біліктілігі болмаса, онда оның сөзі тиімсіз болуы мүмкін.

Көпшіліктің алдында сөйлеу табысы – сөйлеушінің сөйлеу тақырыбын білуіне байланысты болады. Егер де шешен өз сөзінің тақырыбын жақсы білсе, онда ол көп қызық нәрсені айта алады және тыңдаушылардың ынта-ықыласына бөленеді.

Шешен адамның эрудициясы мол, көп оқығандығы, ғылым мен техниканың, әдебиет пен өнердің, саясат пен юрисдикцияның әртүрлі салаларынан хабардар болуы тиіс.

Көпшілік алдына сөз дайындаған кезде шешеннің алдында өз сөзін сөзбен қалай жақсы ресімдеу, оның жазбаша мәтінін міндетті түрде жасау керек пе деген сұрақ тұрады. Шешендік шеберліктің антикалық теоретиктері сөйлейтін сөзді жазуды оны дайындаудың жалғыз лайықты тәсілі деп санаған: «кімде­кім жазба жұмыста­ рына әдетімен шешендік өнерге кірсе, сол адам тіпті, жазылуы бойынша ешбір дайындықсыз сөйлеу қабілетін әкеледі» – деп Цицерон айтқан болатын.

Біздің заманымыздың көптеген  тәжірибе-  лі шешендері, белгілі саяси қайраткерлері сөйлейтін сөздің мәтіні алдын ала жазылуы тиіс деп санайды. Алдын ала дайындалған сөздің мәтіні шешенге сенімділік ұялатады, оған сөйлеу алдындағы толқуды жеңуге көмектеседі.

Мәтінді жасау үдерісі шешеннің ой  еңбегін белсендіреді, оның мәселенің мәніне терең үңілуіне және өз ойын нақты көрсетуге мүмкіндік береді. Сосын, сөйлеу мәтіні дайын болған соң, оны әріптестеріне, таныстарына немесе туыстарына оқыған жөн, мамандармен келіскені, айтылған ескертпелерге сәйкес түзетулер енгізгені абзал.

Сөйленетін сөз мәтіні дайын. Жай ғана шығып, оны оқып өтуіне болады, алайда олай сөйлеу шешенге табыс әкелмейді. Тыңдаушылар қағазға қарап оқығанды қабылдамайды, өйткені аудиториямен жанды байланыс орнамай отыр.

Кейбіреулер сөздің мәтінін жаттап алғысы келеді. Жекелеген жағдайларда, егер мәтін кішкентай болса, онда болады. Алайда, егер айқара бет материалмен шығып сөйлеу керек болса: баяндама, лекция, хабарлама, онда ең жақсы тәсіл мәтінге сүйеніп сөйлеу. Бұл нені білдіреді? Алдымен жазылғанды ой елегінен өткізу керек. Содан кейін тиісті деңгейде сөздің мәтінін дайындау қажет: шешен мысалға келтіретін және т.б. белгілеп, негізгілерінің астын сызып, атауларды, терминдерді, цитаталарды бөліп көрсету керек. Ондай мәтінді жеңіл пайдалануға болады: ойдың берілуін қалпына келтіру үшін бетіне қарау және керекті материалды табу қажет. Мәтінге сүйеніп сөйлеп шығу шешенге тыңдаушылармен тілдескенде сенімділік береді.

Көпшіліктің алдында сөйлеудің ең  жоғары шеберлігі – бұл ешқандай жазусыз, мәтінге сүйенбей сөйлей білу. Сөйлеудің осындай тәсілі импровизация деп аталады және ол тек өте тәжірибелі кәсіби мамандар үшін жарамды. Импровизация алдын ала алынған білімдердің базасында ғана мүмкін. Кейде алдын ала дайындықсыз экспромтпен сөйлеуге тура келеді. Ондай жағдайда сөйлеудің жоспарын жылдам жасауға тура келеді. Француздар жақсы дайындалған экспромт – ең жақсы экспромт деп бекер айтпайды.

Сәтті экспромт – бұл тұрақты жұмыстың нәтижесі, ұзақ ойланудың қорытындысы, аянбай төккен тердің жемісі. Көпшіліктің алдына шығып сөйлеуден қорқуды қалай болдырмауға болады. Аудиторияның алдына шығып сөйлеуден қорқатындар үшін, мынадай кеңестер көмектесуі мүмкін:

Қорқыныштың себебі туралы өзіңе есеп беру. Ешкім сізді ренжітпейді. Сіздің тыңдаушыларыңыздың көңіл-күйі жақсы және олар сізге табыс тілейді.

Толық ақпараттық қамтамасыз етілуімен, жақсы дайындалған және ойластырылған мәтінге ие болып, толық дайындықпен сөйлеп шығу.

Сенімді түрді сақтау. Асықпау. Өзіңіз қажет деп тапқан жағдайда кідіріс жасау. Кездейсоқ жаңылысулардан қорықпау.

Қорқынышты әрекетпен игеру: бірден іске көшу. Егер сіз бойыңызды сергек ұстамасаңыз, онда ауырлықты тек ұлғайта бересіз. Қарқынмен айтылған сөздер тыңдаушыларға әсер береді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Матюшкина Т.П. Культура и деловое общение: учебное пособие. – Белгород, 2012. – 68 стр.
  2. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. – Алматы: «Білім», 2004. – 260 б.
  3. Жанұзақов Т. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 б.
  4. Легочкина Е.Н. Культура и деловое общение: учебное пособие. – Белгород, 2012. – 68 б.
  5. Бөрібаева С.Б. «Дипломаттың іскери сөйлеу мәдениеті». – Алматы: «Қазақ университеті», – 180 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.