Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еуразиялық экономикалық одақ соты құқықтық мәртебесінің нормативтік негіздері

Еуразиялық экономикалық одақ Соты Одақтың тұрақты әрекет ететін сот органы ретінде 29 мамыр 2014 жылғы Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы Шартқа (бұдан әрі – ЕАЭО Шарты) сәйкес құрылды [1].

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың айтуынша, бұл Шартқа қол қою еуразиялық кеңістіктегі интеграцияның дамуындағы жаңа сатының белгісі. Елбасының бағалауынша, Шарт салмақты, сауатты, барлық қатысушы мемлекеттердің мүдделерін ескеретін құжат болып шықты, кейбір даулы мәселелердің болуына қарамастан қол жеткізілген ымыра барлық тараптарды қанағаттандарды [2].

Соттың мәртебесі, құрамы, қызмет ету және қалыптасу тәртібі Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Статутымен анықталады [3]. Соттың орналасқан жері Минск қаласы деп белгіленді.

Мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 23 желтоқсан 2014 жылғы №103 шешімімен Беларусь және Қазақстан Республикалары мен Ресей Федерациясынан Одақ Сотының судьялары қызметіне: Баишев Жолымбет Нурахметович; Колос Денис Георгиевич; Нешатаева Татьяна николаевна; Сейтимова Венера Хамитовна; Федорцов Александр Адамович; Чайка Константин Леонтьевич тағайындалды [4].

Мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 23 желтоқсан 2014 жылғы №104 Одақ Соттың төрағасы болып Федорцов Александр Адамович, ал оның орынбасары болып – Баишев Жолымбет Нурахметович бекітілді [4].

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылы 10 қазанда қол қойылған Шарт 2015 жылы 2 қаңтарда күшіне енді. Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 2 қаңтардағы №3 шешімімен Армения Республикасы атынан Одақ Соты судьялары қызметіне Айриян Эрна Владимировна және Туманян Армен Эдуардович тағайындалды [4].

Негізгі бөлім

 2014 жылдың 29 мамырындағы Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы Шарт 2015 жылы 1 қаңтарда күшіне енді. Осы Шарттың III бөлімі Одақ органдарына арналған, осы органдар қатарына жататындар (8 баптың 1 тармағы):

  • Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес (бұдан әрі – Жоғары кеңес);
  • Еуразиялық үкіметаралық кеңес (бұдан әрі
  • Үкіметаралық кеңес);
  • Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия, ЕЭК);
  • Еуразиялық экономикалық одақ соты (бұдан әрі – Одақ Соты).

Одақ органдары ЕАЭО туралы Шартпен және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен берілген өкілеттіктер шегінде ғана әрекет етеді (8 баптың 2 тармағы).

Одақ органдары, олардың ішінде Одақ Соты да, ЕАЭО туралы Шарттың 3 бабында көрсетілген қағидалар негізінде қызмет етеді. Шарттың 3 бабында Одақ өз қызметін ЕАЭО туралы Шартқа сәйкес мүше-мемлекеттермен берілген құзырет шегінде келесі қағидалар негізінде атқарады делінген, ол қағидалар:

  • мүше-мемлекеттердің егеменді теңдігі мен олардың аумақтық тұтастығы қағидаларын қоса алғанда халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаларын құрметтеу;
  • мүше-мемлекеттердің саяси құрылысындағы ерекшеліктерді құрметтеу;
  • өзара пайдалы ынтымақтастықты, Тараптардың тең құқықтығы мен ұлттық мүдделерінің ескерілуін қамтамасыз ету;
  • нарықтық экономика мен оң пиғылды бәсекелестік қағидаларын сақтау;
  • өтпелі кезеңдердің аяқталғанынан кейін кеден одағының шектеулерсіз және айрықша ережелерсіз қызмет етуі.

Шарттың 3 бабының 2 тармағында белгіленген «мүше-мемлекеттер Одақтың өз қызметтерін атқаруға жағымды жағдай туғызады және Одақтың өз мақсаттарына жетуіне қатер туғыза алатын шаралардан тартынады» деген норманы, біздің ойымызша, Одақтың қызмет етуінің қағидасы ретінде қарастыруға болады.

Мұндай жағдайда Одақтың қызмет етуінің негізгі қағидаларының саны алтауға дейін жетеді.

«Одақ Соты» деп аталатын ЕАЭО туралы Шарттың 19 бабы Одақ Соты Одақтың тұрақты әрекет ететін сот органы болып табылады, ал оның мәртебесі, құрамы, құзыреті, қызмет ету және қалыптастыру тәртібі ЕАЭО туралы Шарттың №2 Қосымшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Статутымен анықталады деп белгілейді (1-2 тармақтар).

19 баптың 3 тармағында Одақ Сотының орналасатын жері Минск қаласы (Беларусь Республикасы) деп көрсетілген.

Одақ Сотының қызметі үшін «Одақ құқығы» деп аталатын 6 баптың маңызы зор. «Одақ құқығының» құрамына келесі актілер кіргізілген (1 тармақ):

  • ЕАЭО туралы Шарт;
  • Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар;
  • Одақтың үшінші тараптармен жасалған халықаралық шарттары;
  • Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің және Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО туралы Шарт пен Одақ шеңберінде көзделген өкілеттіктер шегіндегі шешімдері мен ұйғарымдары.

Атап өтілген халықаралық-құқықтық актілер Одақ Сотының өз қызметінде қолдануға тиіс құқықтық базасы болып табылады.

6 баптың 1 тармағында «Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес пен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімдері мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларымен көзделген тәртіпте орындалуы тиіс» деп белгіленген.

Аталған норма Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдеріне қатысты мәселені үндеместен айналып өтетіндігі назар аудартады. 6 баптың 1 тармағына сүйенсек Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері мүше-мемлекеттер тарапынан өзге тәртіппен орындалуы тиіс болып шығады, яғни олардың жүзеге асырылу тәртібі ұлттық заңнамалармен көзделмейтін болғаны.

Бұл мәселені айқындап алу үшін Еуразиялық экономикалық комиссия туралы Ереженің 13 тармағына сүйенгеніміз жөн. Бұл тармақ аталған органмен қабылданатын актілердің үш түрін анықтайды [5]:

  • нормативті-құқықтық сипаты бар және мүше-мемлекеттер үшін міндетті болып табылатын шешімдер;
  • ұйымдық-ұйғарымдық сипатқа ие ұйғарымдар;
  • міндетті сипаты жоқ ұсыныстар. Ереженің 13  тармағының  мазмұнында  Комиссия шешімдері (Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері) Одақ құқығының құрамына кіретіндігі және мүше-мемлекеттер аумағында тікелей қолданылатындығы басып көрсетілген.

Сонымен, Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдері Одаққа мүше-мемлекеттердің аумағында тікелей қолданылуға жататын, ЕАЭОның жалғыз жоғары органы болып табылады.

Сонымен қатар, ЕАЭО туралы Шарттың 6 бабы қайнар көздер тізімін берумен ғана шектелмейді, бұл бап құқықтық күшіне сәйкес Одақ құқығын құрайтын актілердің иерархиясын белгілейді. Бұл иерархияны былайша көрсетуге болады (6 баптың 3-4 тармақтары):

  • ЕАЭО туралы Шарт;
  • Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттар;
  • Одақтың үшінші тараптармен жасалған халықаралық шарттары;
  • Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімдері мен ұйғарымдары;
  • Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шешімдері мен ұйғарымдары;
  • Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдері мен ұйғарымдары.

Әртүрлі деңгейдегі актілер арасында қақтығыс пайда болған жағдайларда, жоғарырақ деңгейдегі акті төменірек деңгейдегі акті алдында басымдыққа ие болады.

Еуразиялық экономикалық одақ Сотының құқықтық мәртебесі негіздерін анықтайтын бірқатар нормативтік ережелер Сот Статутында мазмұндалған, бұл Статуттың бірінші тарауы аталған органның жалпы ережелері мен құқықтық мәртебесіне арналған.

Мәселен, ЕАЭО туралы Шарт пен Статутқа сәйкес қалыптастырылатын әрі тұрақты әрекет ететін Еуразиялық экономикалық одақтың сот органы ретінде Одақ Сотының мақсаты: Статут ережелеріне сәйкес мүше-мемлекеттермен және Одақ органдарымен ЕАЭО туралы Шарттың, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың, Одақтың үшінші тараптармен жасалған халықаралық шарттарының және Одақ органдары шешімдерінің біркелкі орындалуын қамтамасыз ету. Статут мақсатында Одақ органдары ретінде Сотты есептемегенде Одақтың басқа органдары түсініледі (Статуттың 1-2 тармақтары).

Сот заңды тұлғаға тән  барлық  құқықтарға ие болады, өз құжаттамасын жүргізеді, өз атауы көрсетілген мөр мен бланкілерге ие болады, өзінің ресми интернет-сайты мен ресми бюллетенін құрады, Одақ бюджеті туралы Ережеге Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеспен белгіленеді (Статуттың 6 бабы).

ЕАЭО Соты құқықтық мәртебесінің мазмұнын «Сот құзыреті» деп аталатын Статуттың IV тарауын қараусыз түсіну қиын болады деп есептейміз (Статуттың 39-51 тармақтары).

Статуттың 39 тармағына сәйкес Сот ЕАЭО туралы Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) Одақ органдарының шешімдерін жүзеге асыру мәселелері бойынша пайда болатын дауларды қарастырады:

  • мүше-мемлекеттің келесі мәселелер төңірегіндегі өтініші бойынша:
  • Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттың немесе оның жекелеген ережелерінің ЕАЭО туралы Шартқа сәйкестігі туралы;
  • басқа мүше-мемлекеттің (мүше-мемлекеттердің) ЕАЭО туралы Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) Одақ органдарының шешімдерін, сондай-ақ аталған халықаралық шарттардың және (немесе) шешімдердің жекелеген ережелерін сақтау туралы;
  • ЕАЭО туралы Шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және (немесе) Одақ органдарының шешімдеріне Комиссия шешімінің немесе оның жекелеген ережелерінің сәйкестігі туралы;
  • Комиссияның әрекетін (әрекетсіздігін) даулау туралы;
  • шаруашылық субъектісінің келесі мәселелер төңірегіндегі өтініші бойынша1:
  • кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызмет аясындағы шаруашылық субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғайтын Комиссия шешімінің әлде оның жекелеген ережелерінің ЕАЭО туралы Шартқа және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкестігі туралы, егер мұндай шешім не оның жекелеген ережелері ЕАЭО туралы Шартпен және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен берілген шаруашылық субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға алып келсе;
  • кәсіпкерлік немесе өзге де экономикалық қызмет аясындағы шаруашылық субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделерін тікелей қозғайтын Комиссия әрекетін (әрекетсіздігін) даулау туралы,  егер  мұндай  әрекет (әрекетсіздік) сәйкес Сот қызметін қаржыландыруға қатысты  ұсыныстар дайындайды және Сот қызметін қамтамасыз етуге бөлінген қаржы-қаражатты жұмсайды (Статуттың 3-5 тармақтары).

Судьялардың, Сот қызметкерлері мен лауазымды  адамдарының  еңбекақы  алу   шарттары 1 Статуттың 39 бабында Статут мақсатында шаруашылық субъектісі ретінде мүше-мемлекеттің не үшінші мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға немесе мүше-мемлекеттің не үшінші мемлекеттің заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға түсінілетіні арнайы түсіндірілген.

ЕАЭО туралы Шартпен және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен берілген шаруашылық субъектісінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға алып келсе.

Соттың қарауына берілуі ЕАЭО туралы Шартпен, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен, Одақтың үшінші тараппен әлде мүше-мемлекеттер арасындағы өзге де шарттармен қарастырылған өзге де дауларды мүше-мемлекеттер Соттың құзыретіне жатқыза алады.

Дауды шешу бойынша Соттың құзыретінің болуы жөніндегі мәселе Соттың өзімен шешіледі. Дауды қарастыру құзыретінің болуын анықтау кезінде Сот ЕАЭО туралы Шартты, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарды және (немесе) Одақтың үшінші тараппен жасалған халықаралық шарттарын басшылыққа алады (Статуттың 40-41 тармақтары).

Сонымен, көрсетілген нормалар Сотта өтініш беруші (талапкер) ретінде ЕАЭО мүше-мемлекеттері де, осы мемлекеттердің немесе кез келген үшінші мемлекеттердің шаруашылық субъектілері де болуы мүмкін екендігін байқатады.

Осымен бірге, Статут бойынша Соттағы талап-арыздар бойынша жауапкер ретінде тек ЕАЭО мүше-мемлекеттері мен Еуразиялық экономикалық комиссия арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың өзі ғана қарастырылуы мүмкін.

Статуттың 49 тармағына сәйкес мүше-мемлекеттің атынан дауды шешу жөніндегі арызбен немесе түсіндіру жөніндегі арызбен мүше-мемлекеттің уәкілетті органдары мен ұйымдары Сотқа жүгіне алады, ал мұндай уәкілетті органдар мен ұйымдардың тізімін әрбір мүше-мемлекет өзі айқындап, Сотқа дипломатиялық жолмен жолдайды.

Статут өзінің 42 бабында Одақ органдарына ЕАЭО туралы Шартпен және (немесе) Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен тікелей қарастырылған құзыреттіліктен бөлек қосымша құзырет беру Сот құзырына кірмейді деп нақты белгілеген.

Бұл ереже өз өкілеттіктері шегінен жиі шығып отырған және соның салдарынан қызметінің саясаттануына дейін барған Еуропалық Одақ Соты қызметінің тәжірибесін ескереді.

Статутта даулы мәселені міндетті түрде сотқа дейін реттеу тәртібі туралы ережелер белгіленген (Статуттың 43-44 тармақтары).

Мәселен, өтініш білдіруші мүше-мемлекетке немесе Комиссияға кеңесу, келіссөздер не ЕАЭО туралы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттармен көзделген өзге де тәсілдер арқылы сотқа дейінгі тәртіпте мәселені реттеу үшін алдын-ала жүгінбесе, дау Соттың қарауына қабылданбайды. Бұл ереже ЕАЭО туралы Шартта басқа тәртіп тікелей көзделмеген жағдайларда қолданылады.

Егер мүше-мемлекет немесе Комиссия өтініш білдірушінің өтініші түскен күннен бастап 3 ай ішінде мәселені сотқа дейінгі тәртіпте реттеу үшін шара қолданбаса дауды қарастыру туралы өтініш Сотқа жолдана алады. Дау тараптарының өзара келісуі бойынша көрсетілген үш айлық мерзімнің аяқталуына дейін де Соттың қарауына беріле алады.

Сонымен, дауды қарастырудың сотқа дейінгі сатысынан міндетті түрде өту Еуразиялық экономикалық одақ Сотының ерекшеліктерінің бірі деп есептеуге болады. Бұл ереже бірқатар халықаралық сот органдарының тәжірибесін ескеріп енгізілген. Дауды міндетті түрде сотқа дейінгі тәртіпте қарастыру соттың болашақ қызметін дауға қатысушы тараптардың өзара келісуі бойынша реттеуге мүмкін болатын даулардан босатуға, уақытты, күш пен қаражатты үнемдеуге, сондай-ақ келіссөздер, ымыра және өзара түсіністік жолымен шиеленістерді қақтығыссыз шешу мәдениетіне баулуға бағытталған деп есептейміз.

 

Қорытынды

 Еуразиялық экономикалық одақ Сотының құқықтық мәртебесінің нормативтік негіздерін талдау нәтижелерін қорытындылай келе, келесі түйіндер мен ұсыныстарды тұжырымдауға болады:

  1. ЕАЭО туралы Шарттың 3 бабының 2 тармағында белгіленген «мүше-мемлекеттер Одақтың өз қызметтерін атқаруға жағымды жағдай туғызады және Одақтың өз мақсаттарына жетуіне қатер туғыза алатын шаралардан тартынады» деген норманы, біздің ойымызша, Одақтың қызмет етуінің маңызды қағидаларының бірі ретінде қарастыруға болады.

Мұндай жағдайда ЕАЭО туралы Шарттың 3 бабының 1 тармағында белгіленген Одақтың қызмет етуінің бес негізгі қағидасын ескеретін болсақ, мұндай қағидалар саны алтауға дейін жетеді.

  1. Еуразиялық экономикалық комиссия шешімі Одаққа мүше-мемлекеттердің аумағында тікелей қолданылуға тиіс болатын ЕАЭО-ң жалғыз жоғары органы болып табылады.
  2. Талдау жүргізу барысында ЕАЭО туралы Шарттың 6 бабы қайнар көздер тізімін берумен ғана шектелмейтіндігіне, бұл бап құқықтық күшіне сәйкес Одақ құқығын құрайтын актілердің иерархиясын белгілейтіндігіне назар аудардық. Әртүрлі деңгейдегі актілердің арасында қақтығыстар пайда болған жағдайларда, жоғарырақ деңгейдегі акті төменірек деңгейдегі акті алдында басымдыққа ие болады.
  1. Статут нормаларын талдау арқылы Сотта өтініш беруші (талапкер) ретінде ЕАЭО мүшемемлекеттері де, осы мемлекеттердің немесе кез келген үшінші мемлекеттердің шаруашылық субъектілері де болуы мүмкін екендігін байқадық.

Сонымен қатар,  Статут  бойынша  Соттағы талап-арыздар бойынша жауапкер ретінде тек ЕАЭО мүше-мемлекеттері мен Еуразиялық экономикалық комиссия арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың өзі ғана қарастырылуы мүмкін.

  1. Дауды қарастырудың сотқа дейінгі сатысынан міндетті түрде өту Еуразиялық экономикалық одақ Сотының басты ерекшеліктерінің бірі деп есептеуге болады.

 

  

Әдебиеттер

 

  1. Договор о Евразийском экономическом союзе (Астана, 29 мая 2014 года) // http://www.consultant.ru/document/cons_ doc_LAW_170264/
  2. В Астане главы Казахстана, Беларуси и России подписали Договор о создании ЕАЭС // http://www.zakon.kz/dogovor-astsna-29-may-2014
  3. Статут Суда Евразийского экономического союза. Приложение №2 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года // http://courteurasian.org/
  4. История Суда Евразийского экономического союза //www.courteurasian.org /main.aspx?guid=22551
  5. Положение о Евразийской экономической комиссии. Приложение 1 к Договору о Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года // http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31565795

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.