Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қылмыстық жолмен табылған ақша қаражатын тәркілеудің халықаралық және ұлттық құқықтық қырлары

Қазіргі таңда әлемнің барлық дерлік мемлекеттерін қамтып, халықаралық сипат алып бара жатқан қылмыстардың түрі күн санап артуда. Осындай қылмыстардың көпшілігі қылмыскерлердің қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарымен тікелей байланысты екендігін айтып өткен жөн. Мемлекет активтерін жымқырумен күресу – қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі. Мемлекеттерден ұрланып жатқан активтерінің нақты мөлшерін анықтау мүмкін емес. Жыл сайын заңсыз ісәрекет нәтижесінде мемлекеттер 1 трлн. доллардан 1,6 трлн. долларға дейін ақша қаражаттарын жоғалтады екен. Дамушы елдер мен өтпелі экономикалы елдердегі сыбайлас шенеуніктер жыл сайын 40 млрд. доллар шамасындағы ақша қаражаттарын жымқырып, оны шет елдерге аударады. Аталған қаржы көлемі Конго, Либерия, Зимбабве, Бурунди, Эритрея, Оңтүстік Африка Республикасы, нигерия, Сьерра-Леоне, Малави, Того, Мадагаскар, Ауғанстан секілді 240 млн. адам тұратын әлемнің 12 кедей елдерінің ЖІӨ-не тең. Ал жемқорлықтың шынайы мөлшері ұрланған активтердің мөлшерінен де көп. Жымқыру мемлекеттік мекемелердің құлдырауына және оған деген сенімнің жойылуына, елдің инвестициялық климатының нашарлауына, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің күйреуіне және тағы осы сияқты мәселелердің туындауына әкеледі. Қазіргі таңда бұл қаражат халықаралық қаржы жүйесіне түсіп, бір елден екін-  ші елге үлкен жылдамдықпен орын ауыстырып, олардың ізін жасыру мақсатында оны бір шоттан екінші шотқа жіберілуде. Мемлекеттен жымқырылған қаржының бір бөлігінің өзі-ақ елдің әлеуметтік бағдарламалары мен маңызды инфрақұрылымды жобаларын қаржыландыруда үлкен көмек болар еді. Осы себепке байланысты, әлемдік Банктің Президенті мен БҰҰ Бас Хатшысы өз ұйымдарының қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде ақша қаражаттары ұрланған елдерге жымқырылған активтерді табуда өз көмектерін көрсетуді ұсынады. 2007 жылы 17 қыркүйекте олар БҰҰ есірткі және қылмыс Басқармасының директорымен жымқырылған ақша қаражаттарын қайтару бойынша Бастаманың (StAR Бастамалары) жүзеге асатындығын жариялады [1, 27 б.].

Осындай жаһандық сипат алып келе жатқан күрделі мәселемен күресуде �ransparency International ұйымының да  маңызы зор. Ұйымның 2014 жылы жариялаған мәліметтеріне сүйенсек, сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша Азия өңіріндегі ең төмен ел Жаңа Зеландия мен Сингапур болып табылады екен. Аталған ұйым есебі бойынша сыбайлас жемқорлықтың ең төменгі деңгейі 100 балл деп есептелінсе, Қазақстан 29 балмен 126-ші орынға табан тіреген [2]. Сыбайлас жемқорлықпен, қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарымен күресуде халықаралық аренадағы мемлекеттер жазаның бір түрі ретінде тәркілеу жүйесін қолданатындығы баршамызға мәлім.

Тәркілеу немесе конфискация (лат. confіscatіo – мүлікті қазынаға тәркілеу) – сотталушының меншігіндегі мүлікті мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде өтеусіз алу.

Заң ғылымында тәркілеудің жалпы және арнайы түрлері кең танымал.

Жалпы тәркілеу сотталған тұлғаның барлық мүлкінен айыруды көздесе, ал арнайы тәркілеу тек мүліктің жекелеген түрлерін ғана тартып алады. Арнайы тәркілеуге негізінен қылмыстық іс-әрекетті жүзеге асыру барысында қолданылған құралдар, қылмыс жасау нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттары, еркін айналымнан тартып алынған заттар (есірткі) жатқызылады:

Кейбір мемлекеттер тәркілеудің екі түрін де қолданады. Мұндай мемлекеттер қатарына Белорусия, Болгария, Кот д’Ивуар, Куба, Лаос, Мадагаскар, Моңғолия және Суданды жатқызамыз.

Әлемнің көптеген мемлекеттері өз заңнамаларында жалпы тәркілеуді қарастырмайды. Әзірбайжан, Аргентина, Барбадос, Бахрейн, Бельгия, Греция, Кипр, Колумбия, Коста-Рика, Ливан, Малайзия, Мальдив Республикасы, Мексика, никарагуа, БАӘ, Парагвай, Румыния, Сирия, Тәжікстан, Түркия, Чили және тағы басқа елдер Конституциясы бұл тәркілеу түрін қолдануға тыйым салады.

Тек санаулы мемлекеттердің қылмыстық заңнамасында қосымша жаза ретінде жалпы тәркілеу өз орнын әлі күнге дейін жоғалтқан жоқ (Белоруссия, Болгария, Вьетнам, Дания, Казақстан, Қытай, Конго, Кот д’Ивуар, Куба, Лаос, Латвия, Мавритания, Мадагаскар, Монголия, Судан, Тәжікстан, Того, Украина, Франция, Эфиопия). Қырғызстан мен Өзбекстан бұл тәркілеуді 2001 жылы, ал Ресей Федерациясы 2003 жылы алып тастаған болатын. Грузияда жалпы тәркілеудің қолданылуы Конституциялық Сотпен белгіленгенімен, Грузия Конституциясына сай келмейді. Ал арнайы тәркілеу болса әлемнің барлық дерлік мемлекетінде қолдау тауып, қазіргі таңда кең ауқымды қолданысқа ие [3].

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша мүлікті тәркілеу дегеніміз – сотталған адамның меншігіндегі, заңсыз жолмен табылған не заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлікті мәжбүрлеп өтеусіз алып қою және мемлекеттің меншігіне айналдыру. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 48-ші бабына сәйкес, мүлікті тәркілеу пайдақорлық ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді және ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.

Осыған байланысты кінәлінің істеген қылмысын саралайтын бапта мүлікті тәркілеу қосымша жаза ретінде көрсетілмесе, сот онда  оған бұл жаза түрін қолдана алмайды. Кейбір жағдайларда қылмыстық заң мүлікті тәркілеуді міндетті түрде қолдануды талап етеді. Мысалы, аса ауырлататын жағдайда жасалған ұрлық (жаңа ҚК бойынша 188-баптың 3-бөлігі); тонау (191-баптың 3-бөлігі); қарақшылық (192-баптың 3-бөлігі); қорқытып алғаны (194-баптың 3-бөлігі); ауырлататын жағдайда ерекше құнды заттарды жымқырғаны (193-баптың 2-бөлігі); жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату (231-баптың 3-бөлігі), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (232-баптың 2-бөлігі), т.б. Мұндай реттерде сот мүлікті тәркілеуді тағайындау міндетті. Мұндай жағдайда сотқа оны қолданбау тек қана ерекше мән-жайға байланысты жеңіл жаза тағайындалғанда ғана құқық береді [4].

Көріп отырғанымыздай, ҚР ҚК-і қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарын тәркілеуді бөлек қарастырмай, жалпы мүлікті тәркілеу ретінде қарастырады. Сондықтан да мақала жазу барысында мүлікті тәркілеу ұғымына тереңірек тоқталуға тура келді.

2014 жылдың 3 және 4 шілдесінде Қазақстан Республикасының Президентімен Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне қол қойылғандығы баршамызға белгілі. Жаңа Қылмыстық кодекс, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 45-бапты (қамаққа алу), 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 48-бапты (мүлікті тәркілеу) қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген болатын [5].

Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі өзгерістерге «in rem» тәркілеуінің енгізілуін жатқызуымызға болады. Негізі заң ғылымы тәркілеудің екі түрін бөліп көрсетеді: қылмыстық тәртіптегі тәркілеу (in personam) және қылмыстық тәртіптен тыс тәркілеу  (in  rem).  Қылмыстық  тәртіптегі тәркілеу бұл in personam шешімі, яғни ол белгілі бір тұлғаға қатысты (мысалы, мемлекеттің Джон Смитке қарсылығы). Бұндай тәркілеу түрі қылмыстық сот ісін жүргізуді және айыптау үкімін шығаруды талап етеді.  Қылмыстық  тәртіпте-  гі айыптау талабы мемлекеттің  бірінші кезекте айыпталушының кінәлілігін дәлелдеу керек екендігін көздейді. Қылмыстық тәртіптегі тәркілеу заттық (яғни, айыптаушы даулы активтердің қылмыстан түскен пайда екендігін дәлелдеу керек), сонымен қатар, құндық-бағытталған болуы мүмкін. Яғни, қылмыстан түскен пайдаға парапар болатын айыпталушы мүлкі тәркіленеді және айыпталушы қылмыстық жолмен табылған пайда мен сол мүліктің арасында байланыс жоқ екендігін дәлелдеуге құқығы жоқ.

Ал қылмыстық тәртіптен тыс тәркілеуді кейде азаматтық тәркілеу, «in rem» тәркілеуі, заттық тәркілеу деп атайды. Ол – тұлғаны емес, мүлікті соттық қудалау (мысалы, «мемлекеттің 100 мың долларға қарсы» ісі). Ол басқа қылмыстық сот істерінен бөлек өз алдына үдеріс ретінде қарастырылады. Ол бойынша мүлікті немесе ақша қаражаттарын тәркілеуде олардың қылмыстық іске ешқандай қатысы жоқ екендігін дәлелдеуі керек. Бұл тәркілеу институты мемлекет қызметін жеңілдетіп, тәркілеуге дәлелдемелер жеткіліксіз болған күннің өзінде көп жағдайда тәркілене береді. Сот қудалауы нақты бір тұлғаға емес, белгілі бір мүлікке қарсы қозғалатындықтан, бұл мүліктің қожайыны болып табылатын үшінші жақ өз меншігін қорғауға құқылы [1].

Тәркілеудің бұл екі түрі мүлікті тәркілеу тәртібімен ерекшеленеді. Қазіргі қолданыстағы тәркілеуге қарағанда, «in rem» тәркілеуі заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеуді көздейді.

«Іn rem» термині және жалпы «in rem» тәркілеу жүйесі 1956 жылы Италия елінде алғаш енгізілген болатын, нақтырақ айтқанда мафиямен байланысты тұлғаларды қылмыстық тәртіптен тыс соттап, активтерін тәркілеген болатын. Ел бюджетіне қомақты қаржы түсірген сәтті жүйе Ұлыбритания, одан әрі АҚШ-та жалғасын тапты. Ал конвенциялар деңгейінде қарастырар болсақ, аталған термин алғаш 1988 жылғы БҰҰ-ң «Есірткі құралдары мен ақыл-есті адастыратын заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы» Конвенциясында айтылған болатын.

Тәркілеуді сотқа дейін шығарылған үкіммен жүзеге асыру үшін, яғни «in rem» тәркілеуін қолдану үшін келесі үш негіз белгіленуі шарт:

  • күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздестіру жарияланғанда;
  • оған қатысты қылмыстық қудалау осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 11-тармақтары негізінде тоқтатылған жағдайларда (қайтыс болған адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылады);
  • басқа да негіздерге байланысты қылмыстық қудалау мүмкін болмайтын жағдайларда.

Заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі туралы 71-тарау жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексінде көрініс тапқанымен, ол күшіне 2018 жылы енеді. Қазіргі таңда үкім шығарылғанға дейінгі тәркілеуге қатысты көптеген даулар туындауда. Оған себеп, бұл тәркілеу түрінің Конституцияға (77-бап), қылмыстық заң нормаларына (ҚК-ң 39-бабы), қылмыстық іс жүргізу кодексіне сай келмейтіндігі. Қылмыс жасағандығы дәлелденбей жатып тұлға мүлкін тәркілеу кінәсіздік презумпциясына қайшы келеді [6].

Қазақстан ратификациялаған БҰҰ-ның Жемқорлыққа қарсы конвенциясының 54-бабында қарастырылған бұл норманы енгізу қажеттігі туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель де сөз қозғаған болатын. Оның айтуынша мұндай тәркілеу кеңінен қолданылмайды, бұл тек Қазақстан аумағын тастап кеткен тұлғаларға қатысты, яғни оларды бірқатар объективтік себептермен кері қайтарып алу мүмкін емес жағдайда ғана қолданылады. Бұл шара тек тергеу барысында осы мүліктер қандай да қылмыс арқылы заңсыз табылғаны нақты дәлелденген жағдайда ғана қолданылады. Ал «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашев мүлікті сот үкімінсіз тәркілеу туралы нормаға қарсы. Ол өз кезегінде мүлікті тәркілеу қылмыскер жазасын мойындамай тұрып іске асқандығы меншікті қорғау құқығымен сәйкес келмейтіндігін атап өтті [7].

Қазіргі заман ағымы әлемнің көптеген мемлекеттерінің заңдары негізінде өз қылмыстық заңдарын жасап, заман талабына сай жетілдіруді қажет етеді. Сол себепті Ұлыбритания, АҚШ сияқты алдыңғы қатарлы елдердегі қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттары мен мүліктерді тәркілеу тәртібін анықтап,  өз заңнамамызға оның тиімді тұстарын енгізу қажет. Ұлыбритания заңнамасында тәркілеу қылмыстық жаза жүйесіне жатпайды және заңдағы бап санкцияларымен белгіленген жазалар тізіміне кірмейді. Ағылшын заңында ақша қаражаттары және мүлікті тәркілеу қосымша сипаттағы қылмыстық іс жүргізу шарасына жатқызылады, яғни айыпталушы аса ауыр қылмыс жасаған кезде ғана қолданылады. Ондай қылмыстарға есірткінің заңсыз айналымы, соның нәтижесінде пайда болған ақша қаражаттарын заңдастыру кіреді.

Ақша қаражаттарын тәркілеу АҚШ заңнамасы бойынша екіге бөліп қарастырылады. Оның біріншісі азаматтық, яғни civil forfeiture (АҚШ заңдар жинағының 18 титулының § 9812, АҚШ заңдар жинағының 21 титулының § 8813) және қылмыстық criminal forfeiture (АҚШ заңдар жинағының 18 титулының § 9824, АҚШ заңдар жинағының 21 титулының § 8535). АҚШ заңнамасында сонымен қатар жоғарыда аталып кеткен «in rem» және «in personam» жүйесі орын алған. АҚШ-та «in rem» тәркілеуі сонымен қатар қылмыстық іс бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ұйымдастырылған қылмыстық іс-әрекет, есірткінің заңсыз айналымы, заңсыз жолмен табылған ақша қаражаттарының заңдастырылуы және т.б. осы сипаттағы 60 қылмыс жатады, сонымен қатар сотта үлгі боларлық жағдай орнағанда да тәркіленеді [8].

Соңғы кездері тәркілеу, активтерді бөлу, құқықтық көмек және зардап шеккендерге өтемақы мәселелері бойынша мемлекеттерді бір-бірімен ынтымақтасуға міндеттейтін халықаралық келісімшарттардың саны күн санап артуда. Мүлікті тәркілеу бойынша ережелер БҰҰ бірнеше конвенцияларында және әртүрлі көпжақты халықаралық келісімшарттарда белгіленген:

  • БҰҰ-ң «Есірткі құралдары мен ақыл-есті адастыратын заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы» Конвенция (Вена, 1988 жыл 20 желтоқсан);
  • БҰҰ-ң «Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы  күрес  туралы  Конвенциясы  (UUNN-TOC; Палермо, 2000 жыл 12 желтоқсан);
  • БҰҰ-ң «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Конвенциясы (UNCAC; Нью-Йорк, 2003 жыл 31 қазан);
  • Қылмыс нәтижесінде түскен табысты жымқыру, анықтау, алу және тәркілеу туралы конвенция (Страсбург, 1990 жыл 8 қараша);
  • Терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы конвенция (Нью-Йорк, 2000  жыл  10 қаңтар);
  • Жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенция (Страсбург, 1999 жыл 27 қаңтар);
  • Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі конвенциясы (1997 жылғы 21 қараша);
  • Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы Конвенция (1999 жылғы 4 қараша);
  • Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес туралы Африка одағының Конвенциясы (2003 жылғы 12 шілде);
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Америкааралық конвенция (1996 жылы 29 наурыз) [1].

Соның ішінде Страсбург конвенциясын ерекше атап өткен жөн. 1990 жылғы 8 қарашада Страсбург қаласында Еуропа Кеңесіне мүше елдер және басқа да бірқатар мемлекеттер үсті-үстіне халықаралық сипат алып бара жатқан қылмыстылықтың қауіпті нысандарына қарсы күрес жүргізу үшін, соның ішінде қылмыскер-  ді қылмыстық жолмен табылған табыстарынан айыруға бағытталған халықаралық ынтымақтастықтың тиімді жүйесін құру керек деген мақсатпен «Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жымқыру, анықтау, алу және тәркілеу туралы» конвенцияға қол қойды. Бүгінгі күні бұл конвенцияға 48-ден астам мемлекеттер қосылды. Қазақстан Республикасы Конвенцияны 2011 жылғы 2 мамырдағы № 431-IV Заңымен ратификациялады. 2014 жылдың 19 маусымында Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қылмыстық әрекеттен түскен табыстарды жымқыру, анықтау, алып қою және тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заңына өзгеріс енгізу туралы ҚР Заңы қабылданып, 30 маусымда мемлекет басшысы қол қойды [9]. Сонымен қатар, кезінде заңсыз жолмен шетелге шығарылған орасан зор қомақты қаржыны елдің экономикасына қайтару мәселесі – бүгінгі күні тек Қазақстан үшін ғана емес, тұтастай халықаралық қауымдастық үшін де шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселе. Оның нақты көлемі қанша екенін айту қиын, дегенмен де соңғы 20 жыл ішінде дүниежүзілік нарықта сатылған шикізат құнына негіздей отырып есептейтін болсақ, шамамен бірнеше жүз миллиард доллардың көлемінде деп айтуға болады. Бұл – тек қана бюджеттен ұрланған, салық төлеуден жалтару және пара алудан түскен қаржы көлемі. Осындай үлкен мөлшердегі ұрланған қаржы дегенде Рахат Әлиев, Мұхтар Әблязов, Әкежан Қажігелдин есімдері бірден еске түседі. Соның біреуіне тоқталып өтсем...

Рахат Әлиевтің қылмыстық әрекетін бір мақалада айтып тауысу мүмкін емес екендігі анық.

Сонда да қысқаша тоқталып өтуді жөн көрдім. Рахат Әлиев жасаған жан түршігерлік үш қылмыс бар. Соның бірі – Рахат Әлиевке қарасты «Нұрбанктің» топ-менеджерлері Жолдас Темір Әлиев пен Айбар Хасеновтың өлтірілуі. Одан бөлек тағы бір қылмыстық істі 2010 жылы Австрия полициясы қозғаған. Қылмыстық іс материалдары бойынша, 2004 жылы Р. Әлиев Бейрут қаласында өзінің көңілдесі Анастасия Новикованы өлтірген. Сонымен қатар, Қазақстан Бас прокуратурасы АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросымен бірлесіп жасаған тергеу-тексеру жұмыстарының нәтижесінде саясаткер Алтынбек Сәрсенбаев пен оның серіктерін өлтіруге Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевтың тапсырыс бергендігі анықталған болатын [10].

2008 жылы Австрия соты Әлиевті қамауға алып, кейін 1 миллион евро кепілдікпен үй қамауына алады. Осындай қылмыстарына байланысты Р. Әлиевті Қазақстан сырттай 40 жылға бас бостандығынан айырған, бірақ 2015 жылдың 24 ақпанында Австрия түрмесінде қамауда отырған Рахат Шораз-Әлиевтің өлі денесі табылды [11].

Қазақстан құқық қорғау органдарымен тәркіленген Рахат Әлиетің мүлкі мен ақша қаражаттары қанша болды деген сұрақ әркімді қызықтырмай қоймасы анық. Мемлекет меншігіне сотталушының келесідей меншіктері өткен: Республика алаңындағы «Хабар» телеорталығының ғимараты; Орталық жүзу бассейні; Алматы облысы, Қарасай ауданы, Рахат және Көлді кенттеріндегі спорт кешендері; Көлді кентіндегі «Агротекс» ЖШС. Қаржы министрлігінің мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитетіне тиесілі «Тиера» ЖШС-ң жер учаскесі, «Шамалған» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі беріледі. Р. Әлиевтің Атыраудан да табылған әуежай ғимараты, әуежайға жақын жерде орналасқан авиатехниканың жөндеу жұмысымен айналысатын ұшақжай, ТУ-134 маркалы төрт ұшақ, ТУ-154 маркалы бір ұшақ, МИ-8 маркалы үш тікұшақ сияқты мүліктері уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылды. Ал тәркіленген ақша қаражаты 57 млн теңге мен 30 мың  еуроны құраған.

Бас Прокуратура әлі күнге дейін Р. Әлиевтің бұрынғы әйелімен бірге тұрған тұрғын үйі және Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиылған 16 конспирациялы пәтерлер мен коттедждер туралы тіс жармайды. Әрине кезінде өзінің рейдерлік таланттарымен елге танылған тұлға меншігінде тек жүзу бассейні мен ескі бірнеше ұшақтардың болуы күмән тудырар жайт. Одан да қызығы елдің  басты  бақылау  органының сотталушыдан тартып алынған ақша қаражаттары мен мүлкі туралы ақпаратты жасырын ұстауында [12].

2013 жылдың маусым айында Мальта  соты Рахат Әлиевтің мүлкін тұтқындап, есепшоттарын қамауға алған еді. Бұған Германиядан Әлиевке қатысты ақша жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізу туралы арыздың түсуі себеп болды. Рахат Әлиев 2010 жылы Германияны тастап, Мальтаға қоныс аударған болатын, Германияда ол аталған дерек бойынша жиі тергелген еді. Содан кейін Рахат Әлиев Мальта аралдарынан Грекияға көшіп кетеді. Грекия Р. Әлиевтің әйелі Эльнар Шоразованың 200 млн еуро соммасындағы мүлкі және шоттарын қамауға алды. Бұдан аталған мемлекеттің барлығы Р. Әлиев мүлкі сол мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен тұтқындалғандығын көруімізге болады.

Ал Австрия соты Р. Әлиевті Қазақстанға беру туралы қарсылығын Р. Әлиев өліміне дейін де білдіріп келді. Оған себеп ретінде Қазақстан соты оны әділетті және тәуелсіз соттамайтындығын айтқан. Қазіргі таңда сот отырысы 2015 жылдың 19 маусымына дейін болатындығы айтылған, бірақ бұл сот үкімінің сол уақытқа дейін шығып қоятындығына кепіл бере алмайды [13].

Қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттары мен мүлікті тәркілеудің қазіргі таңда жаһандық сипат алуы оның әлемдегі өзекті мәселелердің бірі болып қала беретіндігінің айқын көрінісі деп білеміз. Қазақстан Республикасында тәркіленген мүлік туралы нақты ақпараттар алу қиындықтар туындатады. Оның мөлшерінің нақты болмауына қазіргі таңдағы парақорлық, сыбайлас жемқорлық сияқты мәселелер өз әсерін тигізеді. Десе де, ҚР Бас Прокуратурасының прокуроры Ерғали Берлібаевтің айтуынша, 2014 жылғы мемлекет соттарымен ел пайдасына 637 миллион теңге соммасында ақша қаражаты тәркіленді, ал нақты мемлекет қазынасына түскені 325 миллион теңге. Оның аз болу себебі тәркіленген мүліктердің сақталуына және құқық қорғау органдарының қызметіне кететін шығынның көп болуы. Ал егер құқық қорғау органдарына шетелдік заңсыз табылған мүлік пен ақша қаражаттары бойынша істер көптеп түссе, бұл сомма тіпті аз болады [14].

Ақшаны жылыстатумен күрес бойынша қаржылық шараларды әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынысы бойынша ақша қаражаттарымен байланысты операциялар қатаң түрде қадағалануы тиіс. Осы ұстанымды барлық мемлекеттер тиісті деңгейде бақыласа, қылмыстық жолмен табылған ақша қаражаттарын азайту мүмкін болар еді деп ойлаймын.

Сонымен қатар, Қазақстан қылмыстық жолмен ақша табу үдерісін азайтудағы әлемдік елдер тәжірибесіне көңіл бөліп, оны өз заңнамасына енгізсе оның көлемін біршама төмендетер едік. Мысалға Қытайда парақорлыққа деген жазаның ең қатал жүйесі орнаған. 2000 жылдан бері 10 мың шенеунік ату жазасына кесілген болатын, ол орташа есеппен күніне үш шенеуніктен болады. Сонымен қатар, Қытай елінде аталған жазаның жеңілдетілген түрі қылмыскерлердің қолдарын шауып тастау жазасы да орнаған. Мысалға, 2014 жылдың мамыр айында парақорлықпен ұсталған азық-түлік және дәрі бойынша бақылау жүргізу басқармасының бұрынғы басшысы Чжэн Сяоюй ату жазасына кесілген болатын. Ол дәрілік препараттарды клиникалық тексерістен өткізбей лицензиялар бергені үшін ұсталып, осының арқасында 6 млн. юань (800 мың доллар) соммасындағы қаражатты қалтасына басқан. Қытай және қылмыстық жолмен табылған ақшалармен күресуде алдыңғы қатарлы елдер тәжірибесінің дұрыс деген тұстарын ала отырып, біз оның өсу қарқынын айтарлықтай төмендетеміз [15].

«In rem» тәркілеуі Италия елінде 1956 жылы алғаш  енгізіліп,  сәтті  әлемдік  тәжірибенің бірі болғанын жоғарыда айтып өттік. Аталған тәркілеудің енгізілуі екі жылдың ішінде мемлекет бюджетіне 6 млрд. еуро соммасындағы қаржыны қайтаруға мүмкіндік берді. Одан бөлек, инвестиция көлемі 100 млрд. еуроға өсті. Сонымен қатар, Италия елі 2010 жылы мафиялыққ топтардың мүлкін қадағалау бойынша Агенттік құрып, қазіргі уақытқа дейін Агенттікпен 12 мың жылжымайтын мүлік объектісі тәркіленген болатын. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, полиция Вито никастри атты бизнесменді тұтқындап, оның 1,3 млрд. еуро саммасындағы заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын тәркілеген екен [15].

ҚР Парламент Мәжілісінің вице-спикері Дариға Назарбаева Қазақстанның шетелге заңсыз түрде асқан байлығын елге қайтару ісімен шұғылданатын арнайы комиссия парламент тарапынан құрылатын болса, нұр үстіне нұр болатындығын айтқан болатын. Меніңше бұл дұрыс ұсыныс. Осындай қылмыстылық құлашын кең жайған заманда мемлекет тарапынан қарсы күрес жолдары қарастырылып, қарсы қатаң шаралар қолданбаса, ақша қаражаттары мемлекет қазынасынан ұрлануы тоқтамайтыны анық [7].

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Возврат похищенных активов: Руководство по конфискации активов вне уголовного производства / Теодор Гринберг, Линда Сэмюэль, Вингейт Грант, Ларисса Грей ; Пер. с англ. – М.: Альпина Паблишерз, 2010. 
  2. ransparency International ұйымы сайты – https://www.transparency.org/cpi2014/results
  3. Михайлов В.И. Конфискация имущества: глава IV // Энциклопедия уголовного права. Т. – СПб., 2008.
  4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (2014 жылғы 3 шілдедегі №226-VҚР Заңымен қабылданған; 2014 жылғы 7 қарашадағы №248-V Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларымен). – Алматы: ЮРИСТ, – 24 б.
  5. Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстері қабылданды. – 2014, тамыз// ttp://kst.prokuror.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-respublikasynyn-zhana-kylmystyk-zhne-kylmystyk-procestik-kodeksteri
  6. Аджибаев К.Б. Об институте «конфискация «in rem» в проекте Уголовно-процессуального Кодекса Республики Казахстан. – 2015, қаңтар // http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31410904
  7. Арестованное имущество беглых олигархов в Казахстане исчесляется триллионами тенге. – 2014, февраль // http:// tengrinews.kz/kazakhstan_news/arestovannoe-imuschestvo-beglyih-oligarhov-kazahstane-249983/
  8. Толков Д.В. Конфискация имущества по законодательству стран ближнего зарубежья // Проблемы юридической пауки в условиях современного социально-экономического развития России: материалы межрегион. науч.-практ. конф. студентов, молодых ученых, аспирантов, преподавателей. – Ростов н/Д: Рост. гос. эконом. ун-т. «РИНХ», – – 0,2 п. л.
  9. Парламент Казахстана ратифицировал конвенцию о выявлении и конфискации преступных доходов. – 2014, июнь // http://pravo.zakon.kz/4633297-parlament-kazakhstana-ratificiroval.html
  10. Рахат Әлиевтің     өмірінен     алты     эпизод.  –  2015,  қаңтар //http://serke.org/news/rakhat-elievt%D1%96n-%D3%A9m%D1%96r%D1%96nen-alty-epizod
  11. Акежан Кажегельдин: жизнь и смерть Алиева должны послужить уроком. – 2015, февраль // http://dat.org.kz/akezhankazhegeldin-zhizn-i-smert-alieva-dolzhnyi-posluzhit-urokom/
  12. Час расплаты. Судоисполнители при участии Генпрокуратуры приступили к конфискации имущества Р. Алиева. – 2008, май // http://m.zakon.kz/111269-chas-rasplaty.-sudoispolniteli-pri.html
  13. Суд над подельниками бывшего зятя президента Казахстана начался в Вене. – 2015, апрель //http://m.ria.ru/ world/20150414/1058570108.html
  14. Конфискат не картошка. Назрела необходимость создания долгового центра. – 2015, апрель // Сайт «Kazakhstanoday» – http://82.200.130.64/print/1114661320
  15. Коррупция в мире. Как борются со злом в Китае, Гонконге и Сингапуре. – 2014, мамыр // «abiyev.kz» ақпараттық құқықтық порталы – http://abiyev.kz/10320-korrupciya-v-mire-kak-boryutsya-so-zlom-v-kitae-gonkonge-i-singapure-chast-1-ya.html

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.