Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Энергияның экологиялық құқықтық реттеуде алатын орны мен мәні

Соңғы жылдары әлемдік қауымдастық лидерлері адамзат алдында тұрған энергетикалық және соған байланысты өзге күрделі мәселелерді шешу әдістерінің интеграциясының қажеттігін түсіне бастады. Ол энергияның қоғамдағы маңыздылығының көрінісі [1, 56 б.].

Энергияны құқықтық тұрғыдан зерттеу ең алдымен энергия ұғымының қоғамдағы әлеуметтік рөлінен бастаған жөн. Адамзат қоғамының қарқынды дамуы мен өркениеттің орнауы, инновациялық технологияның қоғам өміріне енуі кезінде энергиясыз ешқандай қоғамды елестету мүмкін емес. Осы уақыт аралығында энергияны ғылыми тұрғыдан зерттеу және пайдалану тетіктерін жетілдіру жөнінде әртүрлі сала бойынша дүниежүзі ғалымдарының еңбектері де арналған. Осыдан энергетика заманауи өркениеттің негізін құрайтынына күмән келтірмейміз. Оның мыңдаған жылдардан тұратын тарихы  бар. Адамзат қоғамы дамуының әрбір тарихи сатысында адам өмірі сапасын жақсарту ниетіне энергияның жетіспеушілігі кедергі болып отырды. Орын алған қиындықтарды жеңіп отыруы үшін энергияның жаңаша көздерін үнемі ойлап табу табиғи қажеттілік болып отырды. Қазірдің өзінде ол өзектілігін күн санап арттырып келеді. Энергия бүгінгі таңда су мен ауа секілді адамның өмір сүруінің аса маңызды қажеттіліктеріне айналып отыр. Сондықтан да, мемлекетте өзінің табиғи ресурстары негізінде халықты энергиямен қамту стратегиялық басым мақсат болуы тиіс. Энергия мен энергетикалық ресурс мәселелері әлемнің барлық мемлекеттерін қызықтыратын жаhандық ауқымды мәселе болып табылады. Себебі, энергетика жеткіліксіздігі мемлекеттің белгілі бір мөлшерде сыртқы күштерге тәуелді болуына әкеп соғады. Осыдан, мемлекеттің болашағы сол мемлекетте энергияны қалай ұйымдастыратынына тікелей байланысты болатыны көреміз. Энергия кез келген мемлекеттің орнықты дамуының элементі саналатынын ескере отырып, мемлекеттердің барлығы оны пайдалану мен үнемдеуде сапалы адам өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету және қоршаған орта мен адам денсаулығына минималды ықпал етуді мақсат етуі керек. Энергияның адамның сапалы өмір сүруі үшін аса маңыздылығын ескере отырып, оны қолдану мен үнемдеуде әртүрлі ғылым саласының зерттеу пәні болуы тиіс. Әлбетте, бастапқы кезде энергия ұғымы тек жаратылыстану немесе техникалық ғылымдардың зерттеуінде ғана болуы тиіс деген қате пікір орнауы мүмкін. Ақиқатында олай да емес, біздің пікірімізше энергия қоғамдық пайдалануға ие болғандықтан ол ең алдымен әлеуметтік ғылымдардың да (заң ғылымы, саясаттану, экономика немесе әлеуметтану және т.б.) зерттеуінде болуы тиіс. Құқықтық тұрғыдан энергияға көзқарас оны қолдану мен үнемдеу немесе сақтауда орын алатын құқықтық қатынастарға нормативтік құқықтық ықпал ету ерекшеліктеріне байланысты болады. Энергияның экологиялық құқықтық реттеудегі орны мен мәнін қарастыру үшін біздің пікірімізше, келесі жайттар: энергия, энергетика, энергетизм, энергетикалық ресурс ұғымдарының мәнін, құқық объектілерінің түсінігі, мәні, ерекшеліктері, экологиялық құқық объектілерінің түсінігі, белгілері және оларға қойылатын талаптарды, энергияның құқықтық режимін, энергияны реттейтін нормативтік құқықтық актілердің сипатын және энергияны экологиялық құқықтың объектілері ретінде қарастыру мәселелерін анықтап алғанымыз дұрыс.

Осы аталған мәселелерге ғылыми тұрғыдан келетін болсақ, энергияның экологиялық құқықтық мәселелерін анықтап, ұтымды ғылыми тұжырымдар жасауға болады.

Энергияны экологиялық құқықтық тұрғыдан зерттеу үшін келесі ұғымдарды анықтап алғанымыз дұрыс. Энергия (гр. energeіa – әсер,  әрекет) материя қозғалысының әртүрлі формасының жалпы өлшеуіші. Материя қозғалысының әртүрлі формалары бір-біріне айналып (түрленіп) отырады. 19 ғасырдың орта шенінде осы қозғалыстың барлық формалары бір-біріне белгілі бір сандық мөлшерде ғана айтылатындығы анықталды; осы жағдай «энергия» ұғымын енгізуге, яғни қозғалыстың әртүрлі физикалық формаларын бірыңғай өлшеуішпен өлшеуге мүмкіндік берді. «Энергия» ұғымы сақталу заңына бағынады. Энергия туралы түсінік мәңгілік қозғалтқыш жасаудың мүмкін еместігін дәлелдеуге байланысты пайда болды. Жұмыстың қоршаған ортадағы немесе жүйедегі белгілі бір өзгерістің (отынның жануы, судың құлауы, т.б.) нәтижесінде ғана орындалатындығы анықталды; дененің бір күйден басқа бір күйге ауысуы кезіндегі белгілі бір жұмыс істеу қабілеті оның энергиясы деп аталды. Энергетика – шаруашылықтың энергетикалық қорды және әртүрлі энергияны өндіру, түрлендіру, жеткізу, пайдалану мәселелерін қамтитын саласы; Энергетизм – ХІХ ғ.-дың аяқ кезінде жаратылыстану зерттеушілерінің белгілі бір топтарының арасында тараған философиялық тұжырым.

Ғылыми әлемге энергия терминін Аристотель енгізген болатын. Грек философтарының пайымдауынша өмір ол әрекет (энергия). XVIII ғасырда М.В. Ломоносов энергияны сақтаудың фундаменталды заңын ашты. Ал XIX ғасырдың ортасында бұл заңды философиялық тұрғыдан энергия еш нәрседен пайда болып жоғалып кетеді деп келтірген. Ол тек бір нысаннан екінші нысанға ауыса алады деп көрсеткен. Нәтижесінде энергияның пайда болуы мен пайдалануы табиғи құбылыстармен байланыстыра отырып көрсетілді. Сонымен энергия жұмысты орындау мүмкіндігіне ие материя қозғалысының сандық өлшемі ретінде түсіндірілді. Осыдан энергияның тек жаратылыстану техникалық ғылымдары үшін ғана емес, сонымен қатар философиялық мәнге ие категория болатынына көзіміз жетті. З.ғ.д., П.Г. Лахно энергияның құқықтық режиміне байланысты М.М. Аграков, С.М. Корнеевтің пікірін қолдай келе, энергия құқық, зат емес. Ол дербес құқықтық реттеу объектісі. Энергия жалпы жинақталатын абстрактілі ұғым. Энергия тек өзі орын алуы мүмкін емес. Сол секілді, энергия оның қайнар көздерінсіз немесе тасымалдаушысыз да орын алуы мүмкін емес. Энергия бірнеше нысанда көрініс табуы мүмкін: механикалық, жылу, электрлік, физикалық, химиялық және т.б. Энергияны тек азаматтық құқық тұрғысынан қарастыру жеткіліксіз. Энергия зат болып табылмағанымен ол материалдық құбылыс (игілік) [2]. Кез келген энергия қоршаған ортаға ықпал ететіні сөзсіз. Энергетикалық кешеннің дамуы нәтижесінде орын алатын құқықтық қатынастарды реттеу энергетикалық, қала құрылысы, экологиялық құқық, жер құқығы, қоршаған ортаны қорғау құқығы қағидаларын унификациялау негізінде реттелінуі тиіс. Ерекше назар энергетикалық және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне арналуы тиіс. Яғни, тұтынушыларға энергияны қажет көлемде үздіксіз жеткізіліп, энергияны тасымалдауды ұйымдастыру барысында қоршаған ортаға антропогенді ықпал етудің деңгейінің төмен болуы тиіс [3].

Энергия құқықтық тұрғыдан маңызды категория болғандықтан, оны ғылыми тұрғыдан тану үрдісі бірнеше тарихи сатыдан тұрады:

  1. Энергияны анықтаудың бірінші сатысында энергияның жалпы теориялық рөлін анықталуы тиіс. Яғни, энергияның мәні оның қоршаған ортадағы рөлі, оның адамзат өміріне ықпалы философиялық ғылымдарының құзыретіндегі мәселе.
  1. Энергияны ғылыми анықтаудың екінші сатысы энергияның қоршаған ортаға физикалық ықпалы анықталады. Яғни, оның қоршаған ортадағы заттық қасиеті зерттеледі. Ол физика, механика немесе жаратылыстану ғылымдарының зерттеу мәселесі.
  2. Энергияның әлеуметтік мәселелерін зерттеумен тығыз байланысты. Яғни, құқықтық немесе әлеуметтік құралдар қолдану арқылы энергияның әлеуметтік қатынастардағы орны анықталады [4, 8 б.].

Энергияны философиялық бағытта анықтауда дәстүрлі онтологиялық және гносеологиялық тұрғыдан анықтау қиын. Энергияның объективтілігіне қарамастан ол заттардың кеңістіктегі шектеулі материалдық зат ретінде классикалық түсінуге сәйкес келмейді. Себебі, энергияны қандай да бір материя ретінде қабылдау мүмкін болмағандықтан құқықтық тұрғыдан онымен байланысты туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу проблемалық мәселе болады.

Энергия жұмыстарды орындау қасиетіне ие бола тұра белгілі бір нысандарда көрініс табады. Соның ішінде біз үшін маңыздылары: электрлік, механикалық, химиялық, жылу, ядролық энергия. Энергияның әрбір нысаны тек өздеріне ғана тән болатын ерекшеліктерге ие. Сондықтан да оларды құқықтық тұрғыдан да реттеу ерекшеленеді [5, 7 б.].

Отандық және шетелдік заңгер ғалымдар арасында энергияны зат ретінде немесе меншік құқығының объектісі ретінде қарастыру жөнінде бірнеше пікірлер бар. ҚР азаматтық кодексінің 115 б. 1 т. сәйкес, азаматтық құқықтың объектілері ретінде мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құндылықтар бола алады. Сәйкесінше, энергия материалдық қасиеттерге ие болғандықтан мүліктік құндылықтарға жатқызылады.

ҚР азаматтық кодексінің 115  б.  2  т.  сәйкес, мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. Аталған нормада заң шығарушы мүлiктiк игiлiктер мен құқықтардың тізімін ұсына отырып энергияны азаматтық құқықтың объектісі ретінде тізімге коспаған. Менің пікірімше, энергияны басқа да мүлiкке жатқызғанымыз жөн [6].

Сонымен қатар, энергияның құқықтық табиғатына  байланысты  «денесіз  зат» тұжырымдамасы бар. Денесіз зат тұжырымдамасы (res incorporales) идеясы рим құқығынан бастау алады. Мәселен: «В Институциях Гая указано, что

«бестелесные – это те вещи, которые не могут быть осязаемы; к таковым принадлежат те, которые заключаются в праве... право наследования, право узуфрукта, обязательственное право считаются res incorporales, т. е. бестелесными вещами» деп келтіріледі [7].

Осылайша, азаматтық құқықтың объектісі ретінде энергия бірқатар ерекшеліктерге ие:

  1. Энергияны жинақтау және белгілі бір мөлшерде сақтау мүмкін емес;
  2. Энергияны қабылдау біруақытта жүргізіледі, сәйкесінше оны қайтарып беру мүмкін емес;
  3. Энергия өндірісі үздіксіз;
  4. Энергияны тек арнайы жалғанған құралдар арқылы ғана беруге болады.

Көріп отырғанымыздай, энергия құқықтық реттелу объектісі ретінде материалдық әлемнің өзге құбылыстарынан өзгешеленетін бірегей ерекшеліктер мен белгілерге ие. Осындай ерекшеліктер энергетикалық қатынастардың құқықтық реттелінуі қажеттігін білдіреді. Бірақ Ресей заңгері П.Г. Лахно өзінің еңбегінде аталған мәселеге қатысты Ресей және шетелдік заң ғылымында бірнеше пікірлер бар екенін айта келіп, энергияның құқықтық реттелінуіне үш түрлі тұжырымдаманы келтіреді.

Біріншіден, «мүліктік» тұжырымдама басқаша оны «дәстүрлі тұжырымдама» деп те атайды. Бұл тұжырымдаманың негізгі мазмұны, мүліктік қатынастардың негізі ретінде материалдық объектілерге меншік құқығын айтады, мүліктің өзі заттармен теңестіріледі. Осылай бола тұра, экономика мен өндірістің дамуы мүлік тұжырымдамасын жаңартылуына  әкелді.  Меншіктің объектісі ретінде мүліктің құрамына электр энергиясын және табиғи газ, мүлікті дәстүрлі түсіндіру құрамына кірмейтін энергия мен шикізаттың өзге де түрлері енді;

Екіншіден, «денесіз мүлік тұжырымдамасы», аталған тұжырымдама негізінде мүліктің құрамына бағалы қағаздардан өзге энергия мен газды да жатқызады;

Үшінші тұжырымдама, мүліктік емес тұжырымдама деп аталады. Тұжырымдаманың негіздеуі бойынша, электр энергиясы құқыққа да, затқа да жатпайды. Мысалы, электр энергиясымен қамтамасыз ету шарты бойынша энергиямен қамтамасыз етуші ұйым, тұтынушыға электр энергиясын жеткізуге байланысты жұмысты орындауға  міндеттенеді.  Сәйкесінше,  энергиямен қамтамасыз ету шарты мердігерлік шартының бір түрі ретінде танылуы тиіс.

Осылайша П.Г. Лахно, энергияның құқықтық табиғатына қатысты М.М. Аграков, С.М. Корневтің пікірлерін қолдай отырып, энергия құқық немесе зат емес, ол құқықтың реттелу объектісі деген тұжырымға келеді [8, 246 б].

Біздің пікірімізше, аталған ұстаным ғылыми жағынан мазмұнды. Себебі, энергияның жанжақты кешенді түрде реттелінуін қамтамасыз ету үшің ең алдымен оны біз құқықтың объектісі ретінде қарастыруымыз керек. Сондай-ақ, энергия құқықтың объектісіне жатқызылуына қажет белгілердің барлығын қамтиды.

Энергияның құқықтық табиғатын ашу үшін аса маңызды тағы бір мәселе «энергетикалық ресурс» болып табылады. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV заңында энергетикалық ресурсқа қатысты мынандай анықтама берілген: энергетикалық ресурстар – запастағы энергиясы қазіргі уақытта шаруашылық және өзге де қызмет түрлеріне пайдаланылатын немесе перспективада пайдаланылуы мүмкін табиғи және өндірілген энергия көздерінің жиынтығы, сондай-ақ энергия түрлері (атом, электр, химия, электрлі-магнитті, жылу және энергияның басқа түрлері) [9].

Теориялық тұрғыдан қарастырғанда энергияны кез келген денеден алуға болады, бірақ энергия құқықтық тұрғыдан реттелуді қажет ететін белгілі бір көздерден алынады. Белгілі бір механизмдердің жұмыс жасауына қажет энергия көздері (электрлік жарық, газ плитасы, интернет т.б.) нақты минералдық табиғи ресурстардан және жаңартылатын көздерден алынады. Басты мәселе, энергетикалық қатынастарды құқықтық реттеу, оның сапалық сипаттамасы мен ерекшеліктері энергия көздері мен энергоресурстарды іздеу, зертеу, алу, қарым-қатынастарын құқықтық реттеуге тәуелді [10].

О.А. Городовтың пікірімен келісуге болады. Оның   пікірінше,   «Энергетикалық  ресурстар» «табиғи ресурстар» ұғымдарымен теңестіріледі. Автордың пікірін жалғастыратын болсақ, энергетикалық ресурстар табиғи объектілерден алынады. Осыны ескерсек, табиғи объектілер экологиялық құқықтың объектісі болып табылады [11, 68 б].

Осыған байланысты отандық ғалымдардың пікірімен де келісуге болады, энергетикалық саланың дамуына экологиялық заңнама да тікелей әсер етеді. Біріншіден, экологиялық құқықтың ықпалымен экономиканың энергетикалық секторына қойылатын экологиялық талаптар нақтыланады. Себебі, кез келген энергетика қоршаған ортаға әсер ететіні белгілі. Екіншіден, энергетикалық технологияға экологиялық қатаң талаптар қойылады. Ол энергетикаға инновациялық үрдістің нәтижесінде жаңа, таза технология енгізуге себеп болады. Үшіншіден, энергетикалық сектордың экологиялық талаптарын орындау реттеудің нарықтық тетіктерін қолдануға негіз болады [12].

Энергетика ұғымы дегеніміз адамзат қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында алынатын әртүрлі энергия алу және пайдалану әдістерінің жүйесі. Жаһандану жағдайында ғылыми техникалық прогрестің үрдісі мен өндіріс тікелей энергетика жағдайына тәуелді болып отыр. Энергетика атмосфералық ауаның, жер қойнауының, жер қабатының, судың ластану көзі бола тұра қоршаған ортаға тікелей әсерін тигізуде [13].

Сонымен, энергияны экологиялық құқық тұрғысынан зерттеу үшін ең алдымен, құқық объектісінің мәніне тоқталған жөн.

Құқық объектісі – құқықтық қатынасты туғызатын, құқық нормаларымен реттелетін нақтылы қоғамдық қарым-қатынас.

Құқықтың объектісі деген құқықтық қатынастар субьектілерінің субьектіивтік құқықтары мен құқықтық міндеттерінің неге бағытталғаны. Заң ғылымында құқықтық қатынастардың объектісін монистік және плюралистік көзқарас негізінде бағалау бар. Монистік көзқарас бойынша тек адам әрекеттері ғана құқықтық қатынастардың объектісі бола алады. Плюралистік көзқарас бойынша құқықтың объектілеріне әртүрлі объектілерді жатқызады. Мысалы, заттар, жер, рухани шығармашылықтың нәтижесі, адам өмірі, денсаулығы және т.б. игіліктердің түрлері. Осы игіліктердің қатарына энергияны да жатқызғанымыз жөн [14, 158 б.].

Құқық объектісі, құқықтық қатынас объектісі, құқықтық реттеу объектісін ғылыми тұрғыдан анықтауда бірыңғай нақты пікір жоқ. Белгілі ғалым, з.ғ.д., проф., Елюбаев Ж.С. жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану құқығының объектілерін анықтауда алдыңғы қатарлы заңгер ғалымдардың құқықтың объектісін қолдану мәнерін ғылыми талдай келе, назар аударуға тұрарлық қорытындылар жасайды. Ғалымның пікірінше, құқықтың объектісі ол құқықтық реттеу пәні болатын қоғамдық қатынастар, ал құқықтық қатынас объектісі құқық объектісімен салыстырып қарағанда тар мағынаны білдіреді. Себебі, құқықтық қатынас объектісі субьективтік құқықтар мен заңи міндеттердің бағыты. Осылай  талдай келе, автор құқықтық қатынастар объектісіне жаңаша көзқарас болу керектігін ескере отырып, келесі әлеуметтік құбылыстар мен игіліктер құқықтық қатынастардың объектісі болуы тиіс деп келтіреді:

  1. Материалдық әлемнің құралдары – заттар. Заң тұрғысынан алғанда заттар ретінде тікелей табиғаттан берілген немесе антропогендік ықпал етудің нәтижесінде алынған туындылар танылады. Заттарға өндіріс құралдары, тұтыну құралдары, ақша, бағалы қағаздар жатқызылады. Біздің пікірімізше, автордың осы ұсынысын материалдық игіліктер деп толықтырып, оған энергияны да жатқызғанымыз жөн.
  2. Рухани шығармашылық нәтижелері;
  3. Жеке мүліктік емес игіліктері;
  4. Құқықтық қатынас қатысушыларының жүріс-тұрыстары;
  5. Құқықтық қатынас қатысушылары әрекеттерінің нәтижелері [15, 56 б.].

Құқықтың объектісін анықтап алдық. Энергия экологиялық құқықтың объектісі болып табылмайды. Себебі, планетамызда адамның қалыпты өмір сүруі үшін қажет табиғат (қоршаған табиғи орта) болып табылады. Ғылыми оқулықтарда экологиялық құқықтың объектілері бірқатар белгілерге жауап берулері тиіс деп мынадай белгілерді келтіреді:

  1. Табиғи жолмен пайда болуы. Бұл объектілердің адам әрекетінен тыс, табиғаттың күшімен пайда болуы керектігін білдіреді. Бірақ, бұл талап, егер адам қоршаған ортаны қалпына келтіру, қоршаған ортаны жақсарту үшін бағытталған адам әрекеттерінің (адам өндірген және бостандыққа жіберілген жануарлар, адам өсірген ормандар және т.б.) нәтижесіне таралмайды. Менің пікірімше, энергияны да адам өмір сүруінің сапасын жақсарту үшін өндіргенімізден, ал адам табиғаттың бөлшегі болғандықтан осы белгіге жауап береді деп есептейміз.
  2. Объектінің табиғи орта мен экологиялық өзара байланыста болуы. Ол объектіні табиғи ортаның құрамында болуы керектігін білдіреді. Сол кезде ғана ол экологиялық құқықтың объектісі болады. Ал кесіліп қойылған ағаш, ыдыстағы су және т.б. экологиялық құқықтың объектісі бола алмайды.
  3. Объектінің әлеуметтік экономикалық құндылығы. Ол объектілердің белгілі бір пайдалы әлеуметтік қызметтерді (экологиялық, экономикалық, сауықтыру және т.б.) жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болуынан көрініс табады [16, 88 б.]. Қорытынды. Аталғандарға сүйене отырып, энергияны тікелей экологиялық  құқықтың объектісі ретінде тану туралы бірыңғай пікірдің болмауына көзіміз жетеді. Бірақ, біздің пікірімізше, энергия тікелей табиғи объект болып табылмағанымен ол табиғи объектіден (мұнай, көмір, су, күн, жануарлар әлемі, өсімдіктерден) алынатын игілік. Осы ретте, экологиялық құқықтық қатынастың объектісі не деген сұраққа бұл экологиялық құқықтық қатынас субьектілер әрекетінің бағыты деп қарастыратын болсақ энергия экологиялық құқықтық қатынас объектісі бола алады деп қорытынды жасаймыз.

Уикипедиялық анықтамаға сүйенетін болсақ,  «Табиғи ресурстар – адамзаттың өмір сүруіне қажет және шаруашылықта қолданылатын ресурс» деп анықтама беріледі де табиғи ресурстарды төмендегідей нысанда топтастырады: табиғи ресурстар сарқылатын және сарқылмайтын болуы мүмкін. Алынатын қайнар көздеріне қарай: 1. Табиғи компонент ресурстары (минералды, климатикалы, топырақтық, жануарлар әлемі ресурсы); 2. Табиғи аумақтық кешендер ресурсы (тау өндірістік ресурстар, су шаруашылық ресурстар, орман шаруашылық ресурстар); 3. Шаруашылық қолдану саласына қарай (шаруашылық өндірістік ресурстар, энергетикалық ресурстар (отын энергетикалық кешен, пайдалы қазбалар, гидроэнергоресурстар, биоотын, ядролық ресурстар) болып бөлінеді.

Уикипедиялық анықтамаға сенсек, энергетикалық ресурс ол табиғи ресурстардың бір түрі болып есептелінеді.

Сәйкесінше, табиғи ресурстар экологиялық құқықтық қатынастың объектісі болып есептелінеді. Табиғи ресурстарды құқықтық реттеуге арналған экологиялық кодексте 16 норма кездеседі. Соның біреуін ғана келтірсек, ҚР ЭК 6-бабы: «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеудің және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгi ережелерi».

Аталаған зерттеулерге сүйене отырып энергетикалық ресурстардың экологиялық құқықта елеулі орын алатынын көреміз. Кейбір шетелдік ғалымдар экологиялық және экологиялық құқық ұғымдарын интеграциялау мақсатында экологиялық құқыққа табиғи энергетикалық ресурс ұғымын енгізуді ұсынады. З.ғ.д., М.И. О10Васильеваның пікірінше табиғи энергетикалық ресуарстарды рационализациялауды құқықтық қамтамасыз етудің екі түрлі бағытын ұсынады: біріншіден, жер қойнауын пайдалануда сарқылмайтындай экологиялық негізді пайдалануды құқытық қамтамасыз ету, энергетикалық ресурстарды пайдалану кезінде шығындарды азайтып,қоршаған ортаға теріс әсерін минималды етуді құқықтық қамтамасыз ету. Табиғи энергоресустарды рационализациалау кезінде жаңартылатын энегрия көздерін пайдалануға басымдық берілуі тиіс. Осы жерде энергияның өзге көздерін пайдалануда аса маңызды мәселе, қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуды құқықтық қамтамасы етілуі керек. Сонымен, қазіргі уақытта табиғи ресурстық (экологиялық) және және энергетикалық заңнаманы интеграциялау мақсатында қолданысқа энергетикалық және табиғи ресурстық құқықтық реттеу үрдістерін бейнелейтін және осы салалардың терминологиясын унификациялайтын «табиғи энергетикалық ресурстар» ұғымы енгізілуі керек [17].

Сонымен, қорытындылай келе, энергия адамзат өмірі үшін аса қажет игілік болып табылады. Кез келген мемлекеттің болашағы сол игілікті қолдануды қалай ұйымдастыратынына тәуелді. Заңгер ғалымдар энергияны ерекше объект деп санай отырып, оны азаматтық құқықтық тұрғыдан ғана реттеуді ұсынып келді. Соңғы уақытта энергияның өзектілігінің артуы нәтижесінде ғылымға жаңа құқық саласы – энергетикалық құқық еніп келеді. Бұл мәселе жөнінде көбіне Ресей ғалымдары қызығушылық танытып келеді. Әлбетте ол дұрыс та шығар. Себебі, мемлекет  ең бірінші өзінің тәуелсіздігін ойлауы керек, ал энергетикасы жеткіліксіз мемлекет толыққанды тәуелсіз мемлекет деп танылмайды. Осы ретте, адамзат алдында мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігі мәселесі туындайды. Бірақ, адам өмірінің сапалы болуы үшін, қолайлы қоршаған орта болуы да шарт. Ал энергияны өндірудің барлық сатысында қоршаған ортамен тығыз байланыс орнайтынын ескерсек, энергия экологиялық құқық қырынан да реттелінуі тиіс деген мәселе туындайды. Жоғарыда келтірілген зерттеулер энергияның құқықтық режимін анықтауға бағытталғанымен, біз оның игілік екенін дәлелдей алдық. Сол игілік тек, азаматтық немесе энергетикалық құқықпен ғана емес, сонымен қатар экологиялық құқық тұрғысынан да реттелінетініне дәлелдер келтірілді. Сонымен қатар, отандық және шетелдік заңгер ғалымдар да қоғамдық қатынастың дамуының жаңа сатысына өтуіне байланысты экологиялық ұғымдарды жетілдіру негізінде экологиялық энергетикалық ресурстар ұғымы енгізілуі қажет деп тоқтамға келді. Энергия ұғымын жеттілдіру нәтижесінде, ғалымдар оны тек игілік деп қабылдамай оны қоршаған ортаның бір бөлігі ретінде интепретациялау қажет. Мемлекетіміздің энергетикалық заңнамасы қазіргі уақытта жүйесіз болғандықтан энергияны қолдану қай құқық саласынын реттелуіне жатқызу керектігі анықталуы тиіс.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Назарбаев Н.А Глобальная энергоэкологическая стратегия устойчивого развития в XXI веке / Нурсултан Назарбаев.– М.: Экономика, 2011. – 194 с.
  2. Лахно П.Г. Энергетическое право – это реальность… // Специализированный ежемесячный журнал «Юрист». – 2008. – №10.
  3. Камышанский В.П., Диденко А. А., Ксиропулус С. Г. Гражданксо-правовое регулирование использования возобновляемых источников энергии // Политематический сетевой электронный научный журнал Кубанского государственного аграрного университета. – 2013. – №
  4. Свирков С.А. Основные проблемы гражданско-правового регулирования оборота энергии: монография. – М.: Статут, – 479 с
  5. Мещерякова С.В. Правовое обеспечение топливно-энергетического комплекса России: современное состояние и перспективы развития: учебное пособие / С.В. Мещерякова, Е.Е. Орлова, С.А. Фролов. – Тамбов: Изд-во ФГБОУ ВПО«ТГТУ», 2013. – 84 с.
  6. Жусупов А.А. Энергия как специфический объект гражданских прав // Журнал «Энергетическое право». – 2007. –№ 2.
  7. Дождев Д.В. Римское частное право: учебное пособие для вузов. – М.: Издательство «Инфра-М». – 324 с.
  8. Лахно П.Г. Теория энергетического права // Энергетика и право: Выпуск 2 / под ред. П. Г. Лахно. – : Новая правовая культура, 2009. – 624 с.
  9. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV Заңы
  10. Лахно П.Г., Энергетическое право России: понятие и сущность Российская модель энергетического права (лекция в рамках учебного курса «Предпринимательское право») // Интернет сайт: http://www.predprim.ru
  11. Городов О.А. Введение в энергетическое право: учебное пособие – М.: Издательство «Проспект». – 224 с.
  12. Правовое обеспечение рационального использования и охраны земельных, водных и других природных ресурсов припроведений операции по недропользованию в Республике Казахстан: монография / под. ред. д.ю.н. Л.К. Еркинбаевой. – Талдыкорган: ЖГУ им. И. Жансугурова, 2014. – 198 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.