Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінің себептері мен өзекті мәселелері

Соңғы жылдары бүкіл әлем елдерінде табиғи-минералды шикізат ресурстарымен қатар, азық-түліктің де жетіспеушілігі сезіле түсті. Бұл дүниежүзіндегі адам санының өсу қарқынына әлемде өнірілетін азық-түлік өнімдері көлемінің сай келмеуімен түсіндіріледі. Мұндай жағдай бірінші кезекте, қолайсыз географиялық аймақта орналасқан даму деңгейі жөнінен артта қалған елдерге ауыр тиіп отыр. Жаһандық проблемалардың құрылымы және олардың иерархиялық тізбегі туралы пікірлер әрқилы, дегенмен ресейлік және отандық экономикалық әдебиетте келесі бес жаһандық проблемалар жиірек аталады: 1) ядролық соғысты болдырмау және қарусыздану; 2) қоршаған ортаны қорғау немесе экологиялық мәселе; 3) демографиялық жағдай; 4) шикізаттық немесе энергетикалық; 5) азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі. Өз кезегінде, Қазақстан да әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде мұндай мәселелерден қалыс қала алмайды. Өмірлік маңызы бар азық-түлік тауарларының жетіспеушілігі мен олардың бағасының тым жоғары болуы халықтың әлеуметтік топтар мен таптарға жіктелуі, заңсыз көші-қон секілді жаһандық маңызы бар проблемаларды туындатады.

Азық-түлік қауіпсізігін қамтамасыз ету әлемнің кез  келген мемлекеті үшін маңызды мәселеге айналды. Ол бүгін ғана емес, адамзат қоғамының кез келген даму үрдісінің негізі ретінде қашан да маңызды болды және оның жетіспеушілігін еңсеру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету көптеген экономистердің, соның ішінде экономикалық теория классиктерінің де зерттеу тақырыбына арқау болған. Мәселен, физиократтар мектебінің өкілдері ауыл шаруашылығы саласын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыздандырудың, сондай-ақ одан  басқа  да қажеттіліктердің негізі ретінде қарастырған. «Тек қана орнықты ауыл шаруашылығының ұдайы өндірісі барлық мамандықтардың негізі болып табылады. Ол сауданы, халықтың әлауқатын гүлдендіреді, өндірісті қозғалысқа келтіреді, ұлттың өсуін қолдайды» деген байламы соның дәлелі [1]. Ал К. Маркс «Ең өркениетті халықтар да және дамымай қалған жабайылар да басқа нәрсені ойламас бұрын, ең алдымен өздерін тамақпен қамтамасыз етуі тиіс» деген болатын [2].

Біріккен Ұлттар Ұйымы таратқан мәліметке сүйенсек, 2025 жылы Жер шарын мекендеген халық саны 8 млрд-тан асып жығылмақ [3]. Демек, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін қазірден қарастырмасақ, жағдай одан ары шиеленісе беретіні сөзсіз. Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіріп-өндіретін елдер ең алдымен, ішкі рынокты азықтүлік тауарларымен қамтамасыз етуге мүдделі. Егер, ауыл шаруашылығы саласының қашанда табиғи-климаттық факторларға тәуелді екенін ескерсек, бұл мақсаттың сол елдер үшін маңыздылығын бағалау қиынға түспейді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін астық, күріш, какао, шай, кофе, жүгері, қант т.б азық-түлік өнімдерін өндірушілер жыл сайын аталған өнімдер экспортына шектеу енгізуде.

Қазіргі таңда, Жер бетіндегі 7 млрд-тан астам халықтың 1,5 млрд-ы азық-түліктің жетіспеушілігін сезініп отыр. Олардың көпшілігі ауыл шаруашылығы өнімін өсіруге қолайлы елдерде тұрады. Орталық Азиядағы елдердің барлығы дерлік дәнді-дақыл өсіруге қолайлы Қазақстанның астығына тәуелді. Егер көрші елдерде ұзақ уақыт бойы аштық салдарынан әлеуметтік тұрақсыздық орын алса, көп кешікпей оның зардаптары Қазақстанға да келіп жетеді. Егер еске түсіретін болсақ, 2007 жылы әлемдік қаржы дағдарысымен бірге азық-түлік дағдарысы да орын алды. Алайда, шет мемлекеттерге көп көлемде астық экспорттағанымызен, кейбір азық-түлік өнімдерін сырттан импорттауға мәжбүрміз.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігі тұтыну тауарларының 80% өндірген жағдайда немесе сыртқы сауда балансында оң сальдо әкелетін өнім өндірісіне маманданған жағдайда ғана толық қамтамасыз етіледі. Елдің азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз етуде агроөнркәсіптік кешен салаларын тұрақты әрі болашақты бағдарлау негізінде дамыту маңызды саналады. Осы орайда, Қазақстан Президенті өз Жолдауында «АӨК туралы айрықша айтқым келеді, өнің дамуы арқасын-  да біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсізідігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз», – деп ерекше атап көрсетті [4]. Бүгінгі таңда Қазақстан бірқатар азық-түлік өнімдерін алыс, жақын шет елдерге экспорттайды, алайда сонымен бір уақытта көптеген азық-түлік тауарларын импорттайды. Оның себептері әртүрлі, ол азық-түлік өнімі елде мүлде өндірілмейді немесе өте аз мөлшерде өндіріліп, ішкі нарықты толық қамтамасыз ете алмайды. Сонымен бірге, «... аштық пен тамақ жетіспеушілігі үлестік салмағы бойынша (5%-дан төмен) халықаралық ресми статистикаға сәйкес Қазақстан ең әл-ауқатты елдер қатарында, соның ішінде жер ресурстарының егістікке жарамды алқаптары бойынша мейлінше қамтамасыздардырылған ел болып табылады» [5].

Жалпы алғанда, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талдау үшін келесідей көрсеткіштер қолданылады:

  • жан басына шаққанда азық-түліктің өндірісі;
  • жан басына шаққанда азық түліктің тұтынылуы;
  • азық-түлік импортының құрылымы;
  • жан басына шаққанда импорттық азық-түліктің тұтынылуы;
  • жылына бір адамға есептегенде республика тұрғындарының негізгі азық-түлікпен өзін-өзі қамтамасыз етуінің деңгейі.

Ал азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы сарапшыларының пікірі бойынша халықаралық азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштері келесі астық өнімін жинауға дейін сақталатын астықтың осы жылға өту қорларының көлемі және жан басына шаққандағы астық өндірісінің деңгейі болып табылады.

Азық-түлік проблемасы бүкіл әлемнің мемлекет жетекшілерінің, экономистерінің, экологтары мен кәсіпкерлерінің назарын өзіне аударуда. Азық-түлік тауарларының жетіспеушілігі ең біріншіден, оның бағасын көтереді. Бұл заңды экономикалық құбылыс. Тапшы нәрсенің әрқашан да құны жоғары болады. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіләлемдік Банк, Халықаралық Валюта Қоры, Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы және Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы 2008 жылы әлемдік қауымдастықты азық-түлік дағдарысы күтіп тұрғанынан хабардар етті. 2008 жылдың өзінде астықтың әлемдік бағасы 181%, ал басқа азық-түлік өнімдерінің бағасы – 83%-ға артқан. Сарапшылардың пікірінше, ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімдеріне баға әлі де жоғары деңгейде қала бермек. ЮНЕСКО-ның мәліметіне сүйенсек, азық-түліктің жеке түрлері бойынша мысалы, соя – 87%, астық – 130%, күріш – 20%-ға қымбаттаған. Бұл құбылыс, тек қана күріш өндірісінің өсу қарқынынан, оны тұтыну қарқынының артуымен емес, Қытай, Үндістан, Вьетнам, Индонезия және Египет секілді ірі өндірушілердің ішкі тұтыну көлемінің өсуі мен күріш экспортын шектеу шараларымен байланысты. Азық-түлікке бағаның өсуі ғаламшардағы ашыққандар санын 75-100 млн. адамға арттырды. Барынша ауыр жағдай Солтүстік Кореяда қалыптасып отыр, мұнда халықаралық азық-түліктік көмекке 6,5 млн адам мұқтаж болды. Азық-түлік проблемасы Оңтүстік Азия мен Африканың дамушы едерінің ғана дамуын қиындатқан жоқ, сонымен бірге дамыған елдерге де теріс әсер етті.

Жан-жақты зерттеулер нәтижесінде әлемдік азық-түлік дағдарысының себептерін төрт топқа бөліп қарастыруға болады: жүйелі экономикалық; технократ-прагматиктердің техника мен технологияның бүкіл мүмкіндіктерін абслютизациялау эгоцентризмі; нақты-экономикалық; климаттық-экологиялық.

Жүйелі экономикалық себептер. Астыққа, күрішке және басқа да азық-түлік тауарларына бағаның өсуін қадағаламау және соның салдарынан  болған  азық-түлік  дағдарысының себебі

  • нарықтық экономиканың құндық (ақшалық) неоклассикалық парадигмасы, яғни әлемдік нарықтық экономика өндірілген материалдық игіліктердегі материалдық-заттық номенклатураны есепке алмай тек құндық көрсеткіштерге бағдарланған. Бұл парадигманың негізінде келесідей төрт байлам жасауға болады:
  • ақша бәрін шешеді;
  • қарымды экономиканың мотивациясы ақша болып табылады;
  • өндіріссіз пайда табу, яғни қызмет көрсету сферасын жасанды құндық толтыру арқылы;
  • ақша болған жағдайда қажетті азық-түлік тауарларын сатып алуға болады.

Осы орайда, Батыс экономистері құндық (монетарлық) позицияда берік тұр, яғни азықтүлік өндірісімен байланысты экономикалық категориялардан, тұтас АӨК мен ауыл шаруашылығының агроэкологиясынан бас тартып, ақша, табыс, пайыз, дивиденд, акция секілді жасанды экономикалық категорияларға тұрақтаған. Бұлардың барлығы көптеген кәсіпкерлерде, халықтың әртүрлі топтарында, әсіресе жастарда нарықтық экономиканың заманауи үлгісін басқаша қабылдауды қалыптастырады. Олар үшін барлығын сатып алуға болатын ақша экономиканың басты факторы болып табылады.

Технократ­прагматиктердің техника мен технологияның бүкіл мүмкіндіктерін абслюти­ зациялау эгоцентризмі. Технократтардың бұл тобы ХХ ғасырдың соңғы ширегінде ғылымитехникалық революцияның өркендеу кезеңінде өндірістің технологиялық әдістерінің «мінезқұлық» ережесін анықтады. Олардың барлық идеялары мен әзірлемелері ЮНЕСКО-ның және БҰҰ-ның басқа да ұйымдары тарапынан асыра мақтауға ие болып, әлемдік қаржылық құрылымдар – Халықаралық Валюта Қоры мен Бүкіләлемдік Банк тарапынан қолдау тапты. Техниканың индустриалды-машина өндірісіндегі айтарлықтай  жетістіктері,  авиағарыштық  және теңіз техникасының қарқынды дамуы техниканың барлық мүмкіндіктерге ие екеніне технократтарды сендірді және олар техника табиғатты оның заңдарына қарамастан бағындыра алады деп ойлады. Бұл кейіннен қоршаған ортаның деградациясына әкелген биология ғылымының және агроэкологиялық-шаруашылық тәжірибесінің маргинализациялануының басы еді.

Азық­түлік бағасы өсуінің нақты­экономика­ лық себептері. Қытай мен Үндістанда және әлемнің басқа да елдеріндегі азық-түлікке сұраныстың кенеттен өсуі, әлемдік астық қорының соңғы 30 жылда өте төмен деңгейге түсуі, әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуі салдарынан энергоресурстарды сатып алуға мемлекет табыстарының бір бөлігін жұмсау, протекционизм саясатының негізінде «көршіні бағындыру» қағидасы  бойынша «күріш белдеуі» елдерінің азық-түліктік соғысы, бірқатар елдердің бидай, күріш, картоп, соя, қант құрағы мен пальма майын биоотын өндіру үшін қолдануы және т.б. өрескел әлеуметтік-экономикалық қателіктер болып табылады.

Климаттық­экологиялық  себептер.  Соңғы 50 жылда адамзаттың антропогендік-техногендік іс-әрекетінің нәтижесінде ғаламшардағы экологиялық тепе-теңдік бұзылды. Дәл осының салдарынан соңғы уақытта ғаламшарда көптеген теріс климаттық өзгерістер, шөлдену, ғаламдық жылыну, дауылдар, су тасқынына әкелетін жауын-шашындар көптеп байқалуда. Дәл осы себептен 2007 жылы Қытай, Вьетнам, Бангладеш, Индонезия, Филиппин және басқа да ОңтүстікШығыс Азия елдерінде күріштің және басқа да дақылдардың шығынға ұшырауы байқалды.

Соңғы 50 жылда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі айтарлықтай өсті, алайда агробизнесті жүргізу әдістері ұсақ өндірушілерге, қоршаған орта мен тұтас экологиялық тепе-теңдікке өте ауыр соққы әкелді. Ауыл шаруашылығындағы өнімділік проблемасын шешу мүмкін болды, бірақ мұнымен байланысты экономикалық және әлеуметтік проблемалар мен қоршаған ортаның салдарлары үдей түсті. Ауыл шаруашылығындағы бұдан арғы жетістіктер келесідей үш мәселеге тәуелді: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Демографиялық болжамдар мәліметіне сүйенсек, 2050 жылы Азияда 5 млрд. 222 млн, Африкада – 1 млрд 803 млн, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка мен Австралияда 2 млрд 286 млн адам өмір сүреді. Мұнымен байланысты әлемнің көптеген елдері азық-түлік проблемасының оңтайлы шешімін іздестіруде.

Азық-түлік саясатын әзiрлеу жөнiндегi Халықаралық институттың деректерi бойынша, 2020 жылы әлемдегi фермерлер 1999 жылмен салыстырғанда дәндi-дақылдарды 40%-ға артық өндiрулерi тиiс. Әрi, бұрын айтылғандай, өндiрiс көлемдерiнiң өсуi жаңа жерлердi игеруге емес, ал анағұрлым жоғары егiн шығымдылығына негiзделуi керек [6]. Бүгінде Халықаралық Валюта Қоры, Бүкіләлемдік Банк және Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының сарапшылары Азия мен Африканың дамушы елдеріндегі азық-түлік жетіспеушілігінің басты себебі ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмен деңгейі деп санайды. Расында еңбек өнімділігі бүгін ғана емес, қашан да маңызды болған. Ал еңбек өнімділігі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің біліктілігі мен олардың жалпы және кәсіби білім деңгейіне тәуелді. Еңбек өнімділігі жөнінде В.И. Ленин «Еңбек өнімділігін арттырудың басқаша шарты халықтың білімділігі мен мәдени деңгейін көтеру болып табылады», – деген [7].

Ағымдағы кезеңде әлемдік азық-түлік проблемасы Қазақстанға да өз әсерін тигізіп отыр. Қазақстанның кейбір азық-түлік түрлері бойынша импортқа тәуелді екенін Президент те  қадап айтып келеді. Ол өзінің 2009 жылғы халыққа Жолдауында «....біз қазір консервіленген жемісжидек өнімдерінің 80 пайызын, ет өнімдерінің жартысын, құрғақ сүттің 53 пайызын сырттан әкеліп жүрміз», – деген болатын [4]. Азық-түлік қауіпсіздігін орнықтыру мәселесінің негізгі қиыншылықтары оларды шешуге аса зор қосымша шығындар қажеттілігімен байланысты болып отыр. Ал, мұның өзі рыноктық қатынастар жағдайындағы бәсекелестік шығындарды кеміту арқылы максималды пайда алу заңдарымен үйлеспейді. Олай болса, шаруашылық жүргізудің барлық деңгейлеріндегі экономикалық және әлеуметтік мүдделер қайшылықтарын шешу жаһандық проблемаларды еңсерудің мән-мазмұнын құрайды.

Адамзат қоғамы үшін азық-түлік проблемасы оның өмір сүруінің негізі ретінде өзінің өзектілігін әрдайым сақтайды. Сондықтан, адам еңбегінің алғашқы нысаны ретінде танылған ауыл шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыздандыруда өз басымдықтарын арттыра түсетіні сөзсіз.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Шеденов Ө.Қ, Ядгаров Я.С, Досқалиев С.Ә. Экономика ілімдерінің тарихы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – 313 б.
  2. Маркс К., Энгельс Ф. Сочинение. – М.: Политические литературы. – Т.9. – 320 с.
  3. В 2025 году в мире будет проживать 8 миллиардов человек // www.unmultimedia.org/radio/russian/archives/162807/#. VYr4KEbk--c
  4. «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» ҚР Президентінің 2009 жылғы халыққа Жолдауы. // Жетісу. – 2009. – №29 (17155). – 7 наурыз.
  5. Елемесов Р., Оңдаш А.О. Введение в экономическую глобалистику: продовольственная проблема // Вестник КазНУ, Серия Международные отношения и международное право. – №1 (69). – 2015. – С. 198-205.
  6. Мамыров Н.Қ, Акчура Ф. Қазақстандағы адам дамуы: оқулық. – Алматы: aimas Printhouse, – 412 б.
  7. Ленин В.И. Полный сборник сочинений. – М.: Политические литературы, 1967. – Т.36. – 741 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.