Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Human security контекстіндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының аймақтық қауіпсіздік саясатының кеңеюі

ХХІ ғасырдың ІІ жартысында аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығына сыртқы ортаның әртүрлі факторлары ықпал етіп, жекелеген мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың қызметіне әсерін тигізуде. Аймақтық қауіпсіздіктің классикалық әскери қауіп-қатерінен бастап жаңа дәстүрлі емес қауіп-қатерлерді қамтитын аймақтық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мен кеңейту қажеттілігі анық көрініп отыр. Сонымен бірге, мұндай жүйенің негізі басым бағыттары саяси тұрақтылықтың, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың кепілі болуы керек.

ШЫҰ аймағының сыртқы ортасының факторлары аймақтың дамуына тікелей немесе жанама түрде әсер ететін әртүрлі салалардағы мәселелер болып саналады. Бұларды екі категорияға – әлеуметтік – гуманитарлық қауіпсіздік және экологиялық қауіпсіздік мәселеліріне бөлуге болады.

Бірінші категорияға адамдардың өмір сүруіне және адам өмірінің сапасына тікелей әсер ететін мәселелерді жатқызуға болады. Екінші категорияға адамның өмір тіршілігімен байланысы бар экология мен ресурстар мәселесін кіргізуге болады.

ШЫҰ аймағына тән бірінші категориядағы ең өзекті мәселелердің қатарына: босқындар, заңсыз миграция, адам сату және инфекциялық аурулардың таралу мәселесін жатқызуға болады. Екінші топта экология мәселелері өзекті болып отыр.

Қауіпсіздіктің жоғарыда аталған мәселелерінің ықпалымен ШЫҰ-да аймақтық қауіпсіздік концепциясын өзгерту қажеттілігі туындады. 2006 ж. бастап ШЫҰ қауіпсіздік күн тәртібінің кеңеюі байқалады. Ынтымақтастықтың қалыптасқан бағыттарымен қатар гуманитарлық саладағы ынтымақтастық белсенді түрде дами бастады. Ынтымақтастықтың гуманитарлық векторы ШЫҰ Хартиясында ертеректе қарастырылған болатын, бірақ бұл бағыт осы кезеңнен бастап тұжырымдамалық және тәжірибелік даму сипатына ие болды.

Босқындар мәселесі ШЫҰ аймағына тән болып  саналады. Бұл мәселенің аймақтағы үш ірі көлемдегі эскалациясын атап өтуге болады. Біріншіден, Өзбекстандағы 2005 ж. Әндижан оқиғасын атауға болады. Бұл оқиғадан соң босқындардың үлкен ағымы көрші мемлекеттерге, соның ішінде үлкен бөлі-  гі Қырғызстанға (Ош, Жалалабат облыстар) ағылды. Олардың саны шамамен 200000 адамды құрады. Үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтеріне сәйкес, босқындардың жағдайы ауыр, әртүрлі қысым жасау оқиғалары байқалған [1].

Адамдардың мұндай жағдайға түсуінің негізгі себептерінің бірі Қырғызстан өзінің экономикалық мәселелеріне байланысты, босқындардың мәселесін реттеудің өзіндік іс-шараларымен қамтамасыз ете алмады.

Босқындарды өмір салтын қамтамасыз етудің екінші бір киындығы бұл аймақтағы әртүрлі халықаралық құрылымдардың тиімсіздігі болып саналады. Орталық Азия аймағында БҰҰ-ң арнайы органы – босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссариат жұмыс жасауда және бұл органның өкілдіктері Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда бар, ал Өзбекстанда 2004 ж. жабылды. Бірақ бұл орган әртүрлі әкімшілік тарапынан кедергілерге кездесіп, шектелген ресурстарға ие. Басқа үкіметтік емес ұйымдардың қызметтерінің тиімсіздігі қаржы ресурастарының жеткіліксіздігімен байланысты.

Сонымен, екінші мысал ретінде Қазақстандағы босқындар мәселесін айтуға болады. Сарапшылардың есеп мәліметтеріне сәйкес, 2002 ж. Қазақстанда босқындар саны немесе бұл мәртебені иеленуді күтіп отырғандардың саны 20 000 адам (Ауғаныстаннан шыққан босқындар 2350 адам, Шешенстаннан 12000 адам, Тәжікстаннан 4000 адам, сонымен қатар Қытайдан ұйғыр ұлттарының өкілдері) болған. Қазақстандағы босқындар мәселесінің ішіндегі ең маңыздысы – босқындардың келуі мен өмір сүруін реттейтін заңдардың жетілдірілмеуі, яғни аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық базаның қалыптасуына қарамастан, кейбір мәселелері бар [2].

Қазақстанда Қытайдан келген босқындардың жағдайы өте күрделі және мұның екі негізгі жағдайын атауға болады. Біріншісі, Қытай азаматтары ұйғырлар үшін мәртебе анықтау рәсімінің қолжетімсіздігі. Мысал ретінде, 1998 ж. Қазақстан мен Қытай шекарасында үш ұйғыр тұтқындалып, Қазақстанда пана тапты. Олар Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 8 айға жабылып, соңынан Қытайға жер аударылып, сонда өлім жазасына кесілген [3]. Қытайдан келетін босқындардың кездестіретін екінші бір жағдайы Қазақстандағы босқындар жөніндегі заңды орындамауымен байланысты. Бұл заң 2009 ж. қабылданды, бірақ бұл заңды қадағаламағаны үшін босқындар құқық қорғау органдарының тарапынан қиянатқа ұшырауда. АҚШ мемлекеттік департаментінің адам құқықтары жөніндегі жыл сайын берілетін есебінің Қазақстан бөлімінде 2009 ж. ұйғырларды заңсыз түрде Қытайға депортациялау мәлімделген.

Үшіншіден, ШЫҰ аймағындағы босқындар мәселесіне қатысты Қырғызстандағы болған оқиғаны атап өткен жөн. Мұндағы этносаралық қақтығыстардың нәтижесінде Қырғызстаннан көрші мемлекеттерге тараған босқындардың жаппай ағымы орын алды. Сарапшылардың мәліметтері бойынша, босқындардың саны шамамен 100 000 адамды құрады. Олардың көп бөлігі Өзбекстанның Әндижан облысында шоғарланды. Аймақ гуманитарлық апатқа ұшырау жағдайында тұрды: азық-түліктің, медикаменттер мен алғашқы тұтыну тауарларының жетіспеуі байқалды. БҰҰ босқындар ісі жөніндегі комитеті және т.б. үкіметтік емес ұйымдардың тарабынан ұйымдастырылған гуманитарлық көмектің арқасында жағдайды тұрақтандырды [4].

2010 ж. Қырғызстандағы оқиға босқындардың саны жағынан ең көлемдісі болғанын және бұл оқиғаның аймақ елдері арасындағы түсініспеушілікті тудырғанын айту керек. Аймақ елдерінің бұл кезде жүргізген саясаты ұлттық сипатқа ие болды.

Бәрінен бұрын, аймақ мемлекеттері шекарадағы бақылау-жіберу жүйесін реттей алмады: көрші мемлекеттер босқындарға шекара арқылы өтуге мүмкіндік бермеді, әрине мұның өзі жағдайды одан әрі қиындата түсті.  Мысалы,«Достық-Достулик» қырғыз-өзбек шекарасында 50 000 өзбек босқындары жиналып қалған. Өзбекстанның ресми билік басқарушылары босықындардың мұндай ағымын бақылай алмай, әлемдік қауымдастықтан көмек сұраған болатын [5].

Қазақстан да Қырғызстанмен шекараны жауып тастады. Кейбір сарапшылар мұның себебін Астананың «түсті революциядан» қауіптенуімен түсіндіреді. Мұндай көзқарас біздің ойымызша шындыққа жанаспайды, бірақ мұндай ақпараттын баспасөз беттерінде жариялануы Қазақстанның халықаралық беделіне кері әсерін тигізер еді [6].

Көріп отырғанымыздай, босқындар мәселесі тұрақты аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін құрудың тізімінде өзекті болып саналады. Бұл мәселенің ықпал етуі ішкі деңгейдеде байқалады: бұл әсіресе есірткі заттары мен адам сату саласы бойынша аймақтағы ортақ қылмыстық деңгейдің өсуімен сипатталады. Сонымен қатар, босқындар мәселесіне ұқсайтын, адам сату мәселесі өзекті саналады. Бірақта, ШЫҰ аймағындағы бұл мәселеге тоқталмас бұрын, біз алдымен кейбір қажетті түсініктерді анықтап аламыз.

Адам сату дегеніміз «жалдау, тасмалдау, жасырушылық мақсатында қанау немесе күш көрсету, ұрлау, алдау, параға сатып алу жолдары арқылы жеке тұлғаға ие болу. Қанау – шамамен жеке тұлғаны жезөкшелікке,  мәжбүрлі  еңбек етуден тұрады. Мәжбүрлі еңбек ету – кез келген жеке тұлғаны кез келген бопсалау арқылы жұмысқа немесе қызмет көрсетуге тартудан тұрады. Сондықтан да құлдық мәжбүрлі еңбек етудің түрінен тұрады және мәжбүрлі еңбек етудің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады: үйде жұмыс жасау, коммерциялық жезөкшелік, астарлы сектор, неке т.б.

ШЫҰ аймағындағы және әлемдегі адам сату мәселесін қарастыра отырып, бұл мәселе бойынша жәбірленгендердің нақты санын айту өте күрделі, себебі адам сату мәселесі тұрақсыз емес және билік тарапынан бақылауға алынбайды. Бірақ, әлемдік қауымдастық аталған мәселеге мониторинг жасаудың кейбір тәжірибесіне ие, соның ішінде мәжбүрлі еңбек етумен күресудегі Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) арнайы бағдарламаларын айтуға болады.

ХЕҰ бағдарламаларының мәліметтеріне сәйкес, Азия мен Тынық мұхиты елдеріне әлемдік адам сатудың 60% сәйкес келеді. Сонымен қатар, мұнда Орталық Азия аймағы және көрші мемлекеттердің ерекшеліктері атап көрсетіледі: Орталық және Шығыс Азияның миграциялық ағымы құрылыс секторына және Ресейге бағытталған. Мұнан басқа Орталық және Шығыс Азия адам сатудың маңызды транзиті саналады.

Қытайда, мемлекеттің ішіндегі ауылдан қалаға бағытталған үлкен миграциялық ағымның нәтижесінде әйел адамдар ауыр жұмыс пен сексиндустрияның құрбанына айналуда. Қытай мигранттары да Еуропа мен Солтүстік Америкада белгілі бір қызмет атқара отырып, контрабанда мен адам сатудың құрбаны болуы мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда 2013 ж. қорытындысы бойынша заңсыз еңбек мигранттарының саны 300 000 адамды құраған. Бұл, әсіресе, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттерінің азаматтары болып табылады. Сонымен, 2013 ж. үшін Қазақстанда шетел азаматтарының өмір сүру ережелерін бұзған 99298 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бұл көрсеткіш 2012 ж. салыстырғанда 11,7% өскен [7, 53 б.].

Сонымен бірге, мысал ретінде АҚШ мемлекеттік департаментінің 2009 ж. адам сату жөніндегі баяндаманы келтіруге болады. Бұл баяндамада адам сату саласы кеңінен тараған мемлекеттердің тізімі жасалған. Тізімге ШЫҰна мүше-мемлекеттердің барлығы енді.

Соның ішінде Қазақстан Республикасы Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан Ресейге шығатын жеке тұлғалардың транзиті болып саналады. Мәжбүрлі еңбек ету саласы бойынша Қырғызстан да Өзбекстаннан, Тәжікстаннан және  Түркменстаннан  Оңтүстік  Азияға шығатын жеке тұлғалардың транзиті болып отыр. Тәжікстан жеке тұлғалардың Қырғызстан мен Ресей арқылы Біріккен Араб Әмірлігіне өту транзитіне айналды. Тәжікстан азаматтары Ресей, Түркия, Иран мен Үндістанның сауда объектілеріне айналуда. Ер азаматтар құрылыс және ауылшаруашылығында қызмет үшін Қазақстанға, Ресейге әкелінеді. Өзбекстаннан шыққан әйел адамдар Біріккен Араб Әмірлігіне, Үндістанға, Қазақстанға, Түркияға, Тайландқа, Малайзияға, Оңтүстік Кореяға коммерциялық мақсатта сатылуда. Ер адамдар заңсыз түрде Қазақстан мен Ресейге құрылыста және темекі өндірісінде мәжбүрлі еңбек ету үшін әкелінеді.

Сонымен, ШЫҰ аймағындағы адам саудасының дамуының негізгі себебі халықтың аймақтық миграция жүйесінің әлсіз дамуы болып саналады. Сондықтан, мәселені реттеу үшін аймақтық мемлекетаралық кооперация деңейінде келісілген іс-әрекеттердің өңделуін талап етеді және аймақ мемлекеттері тарапынан қатаң бақылауға алынатын миграцияның аймақтық жүйесі қажет.

ШЫҰ шеңберінде жоғарыда аталған мәселеге қатысты дайындық іс-шараларының бірқатары іске асты. 2006 ж. бастап ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің Жоғары сот өкілдерінің отырысын өткізу ұйымдастырылды. 2008 ж. Жоғары сот өкілдерінің 3-ші отырысы өтті, оның нәтижесінде ұлттық және халықаралық деңгейде экологиялық және миграциялық заңнаманы қолдану мәселесі жөніндегі ынтымақтастықты нығайтудың мәлімдемесіне қол қойды. 2009 ж. заңсыз миграцияға қарсы тұру мәселесі бойынша ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің ортақ көзқарастарын өңдеу және миграция мәселесі бойынша сәйкес келетін көпжақты келісімдерді дайындау туралы ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің сарапшылары деңгейінде кездесу өтті.

Сонымен қатар, ШЫҰ тарапынан миграциялық ынтымақтастық саласындағы халықаралық байланыстарды орнату талпынысы жасалды. 2008 ж. наурызда ШЫҰ бас хатшысы Б. Нұрғалиевтің миграция мәселесі бойынша Халықаралық ұйымның бас директоры Барансон МакКинлимен кездесуі өтті. Кездесудің барысында миграциялық үрдістерді бақылау саласындағы мәселелер талқыға салынды. Халық миграциясы мәселесі бойынша екі ұйымның арасында байланыс орнату, екі құрылымның тәжірибелік жұмысы туралы ақпарат алмасуға деген қызығушылықтары білдірілді.

Бірақ, ШЫҰ шеңберінде аймақтық миграция тақырыбы сегіз жылдан бері қарастырылып келгеніне қарамастан, бұл мәселе ШЫҰ-ның негізгі құжаттарында  орын  алған  жоқ.  Сондықтан,  бұл мәселеге қатысты сарапшылар тобының жұмысын белсенділігін арттыру мәселесі өзекті болып саналады. ШЫҰ аймағындағы еңбек мигранттары мен жұмыс миграциясы саласындағы біріңғай құқықтық акт қабылдану керек және бұл құжат келесі аспектілерді қамту қажет: еңбек етушілердің құқығы, заңды миграция механизмін құру, миграция мониторинг жүйесін құру, мигранттарды тасымалдаудың несиелік жүйесін жасау, еңбекке тартушы жекеменшік ұйымдардың қызметін бақылау және аккредитациялау механизмін құру т.б.

Құқықтық базамен жұмыс жасаумен қатар, жұмыспен қамту агенттіктері сияқты жұмыс жасайтын ШЫҰ-ның миграциялық орталықтарын құру қажет. Бұл механизмнің шеңберінде төмендегідей бағыттар бойынша жұмыс жасау керек:

  • аймақтық және халықаралық нарықты меңгеру – аймақ елдері мен шетелдердегі еңбек етушілерге сұранысты зерттеу, сонымен бірге еңбек нарығына өз аймағынан шыққан тұлғаларды тарту;
  • жұмысшылар күшінің жалғасуына бақылау орнату – қуатты еңбек етуші мигранттардың базасын жасау;
  • қолдау қызметтерін құру (мысалы, тіл т.б. курстары).

Сонымен, босқындар мәселесін ШЫҰ шеңберінде қарастырмауға болмайды. Жеке тұлғаның босқынға айналуының саяси-экономикалық, әлеуметтік-экологиялық себептеріне қарамастан, ШЫҰ аймағында мұндай жағдайдағы жеке тұлғаға қолдау көрсетудің инфрақұрылымы жоқ. Көріп отырғандай, аталған мәселе ШЫҰ аймағында қиындап жатыр, ұлттық және аймақтық қауіпсіздіктің қуатты қауіп-қатеріне айналып отыр. Аймақтағы босқындардың пайда болуы – әлеуметтік және халықаралық шиеленісті нығайтатын факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан, босқындар мәселесінің ерекшелігіне назар аудара отырып, бұл саланың ең басым бағыттарын анықтау қажет. Аталған мәселе бойынша пікір алмасудың халықаралық алаңын жасау және аймақтық концептуалдық  көзқарасты қалыптастырған жөн.

Сонымен бірге, ШЫҰ аймағының мемлекеттері инфекциялық аурулардың, соның ішінде СПИД және туберкулез ауруларымен байланысты қауіп-қатерлермен кездесуде. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, СПИД ауруының мемлекет пен оның азаматтарына үлкен қатері бар екенін көруге болады. Бұл аурудың түрі «жеке тұлға» қауіпсіздік концепциясының негізінде адам өміріне және өмір сапасына тікелей қауіп төндіреді. Орталық Азияның орталық геосаяси орналасуы, ұлттың ұлттық-діни құрамы, есірткі заттарының өсуі, адам саудасы, халықтың қажетті медикаменттерге қол жетімсіздігі, денсаулық сақтау жүйесінің қиын жағдайы сияқты факторлардың үйлесуі СПИД ауруын аймақ үшін өзекті мәселеге айналдырып отыр. ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің көбісі аталған мәселенің бар екенін мойындайды, бірақ бұл қатердің таралуына көп назар аудармайды.

СПИД ауруынан басқа ШЫҰ мүше-мемлекеттерінде туберкулез ауруына қатысты қауіпқатер орын алған. Егер статистикалық мәліметтерге сүйенсек, аймақта Қазақстан туберкулез ауруына шалдыққандардың саны жағынан бірінші орында тұр, мысалы жылына 25000 адам тіркелсе, Қырғызстанда жылына 6000 адам туберкулез ауыруына шалдығады. Сонымен қатар, ШЫҰ аймағында аймақтың халықтарына қатер төндіретін басқа да аса қауіпті ауру түрлері бар. Мысалы, 2008 ж. Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстанда сібір язвасының таралуы тіркелген [8]. 2010 ж. Ресейде Тәжікстаннан келген мигранттарда полиомилит ауруы байқалған [9].

Сонымен, аймақтық қарқынды даму және миграциялық ағымның белсендеуі жағдайында маңызды мәселелердің спектріне инфекциялық аурулардың таралуы енуде. Аталған аурулар мәселесі қандай да бір мемлекеттік шекараға бағынбайтын болғандықтан ШЫҰ мүше-мемлекеттеріне және көрші елдер үшін аса қауіп-қатер төндіреді.

Сондықтан, соңғы жылдары адам қауіпсіздігінің жоғарыда аталған мәселелеріне қатысты ШЫҰ шеңберінде аймақтық ынтымақтастықтың әлеуметтік бағыты даму үстінде. 2009 ж. бастап денсаулық сақтау саласындағы аймақтық кооперацияның теориялық-құқықтық негізі дамып жатыр. Дәл осы жылы санитарлық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз ету мәселесіне байланысты қызмет басшыларының отырысы өтті. Екі іс-шара – «ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің инфекциялық аурулар қауіпіне қарсы тұруы жөніндегі  ынтымақтастықтың  болашағы» және «ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің тұрақты әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастығына әсер ету» атты конференциялар өтті.

Бірінші конференцияның қорытындысы бойынша ШЫҰ аймағында инфекциялық аурулармен күресу мәселесінің өзектілігі көрсетілген резолюция қабылданды. Бұл құжатта жаһандық биологиялық қауіп-қатерге қарсы тұру мақсатында аймақтық ынтымақтастықтың тәжірибелік механизмдерін жетілдірудің негізгі нүктелері көрсетіледі. Олардың ішінде, біріншісі халықты эпидемиядан сақтауды реттейтін ұлттық және халықаралық құқықтық-нормаларды қамтитын заң аспектісі болды.

Екінші аспект, ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің және бақылаушы-мемлекеттердің сарапшыларынан құралған, аса қауіпті инфекцияға қарсы күресетін Координациялық кеңес құруды көздейтін институционалдық аспектіден тұрды. Бұл бағыт бойынша ШЫҰ-ның институттарын дамыту ШЫҰ мүше-мемлекеттеріндегі инфекциялық аурулардың мониторинг механизмін жоғарлатуға мүмкіндік береді.

Аталған резолюция адам қауіпсіздігі саласындағы ШЫҰ дамуының жаңа векторының қалыптасуының бірінші қадамы болды. Сарапшылар қауымдастығының деңгейінде мұндай жаңа бағыттың артықшылықтары мен шекарасы нақты анықталды.

Ал, ШЫҰ-ның жоғарыда аталған екінші конференциясы Н.И. Пирогов атындағы Ресей мемлекеттік медицина университетінде өтті. Бұл конференцияның нәтижесінде ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің медициналық білім беру құрылымдарының интеграциясына бағытталған резолюция қабылданды.

2009 ж. ШЫҰ шеңберіндегі медицина саласындағы ынтымақтастықтың дамуы нәтижесінде ШЫҰ аймағындағы инфекциялық аурулармен күресу жөніндегі мәлімдемеге қол қойылды. Аталған келісім инфекциялық аурулармен күресудің және ШЫҰ аймағы халықтарының санитарлық-эпидемиологиялық саулықты қамтамасыз етудің бірыңғай аймақтық жүйесін құрудың алғашқы қадамы саналады.

Сонымен қатар, 2008 ж. Ресей бастамасы бойынша, ШЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастықтың спектрында білім саласы пайда болады, ШЫҰ Университетін құру идеясы туындайды. 2010 ж. ШЫҰ Университеті жобасы тәжірибе жүзінде іске асады. Жобаның басты мақсаты бірыңғай еуразиялық білім кеңістігін құру болып саналады.

ШЫҰ Университетінің концепциясы жобаны іске асырудың үш кезеңінен тұрды:

  1. 20082009 жж. қысқа мерзім, ШЫҰ Университетінің жобасын құру кезеңі, толықтай іске асты.
  2. 2009-2010 жж. қамтыды, ШЫҰ Университетін құру жөніндегі шешімге қол қойылды, ШЫҰ Университетінде білім алу жөніндегі құжаттарды берудің нормативтік базасы келісілді.
  3. 2010-2012 жж. «бакалавр+магистр» жүйесі бойынша мамандарды дайындау жүйесін іске қосу, ақпараттық қамтамасыз етілу желісін және қашықтықтан білім беру жүйесін құру т.б.

Сонымен, Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеті (ШЫҰУ) – мүше мемлекеттер мен бақылаушы елдер (Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан)   университеттерінің жүйесі  ретінде жұмыс жасауда. ШЫҰ университеті аясында жоғарғы кәсіби мамандарды дайындау мәдениет, ғылым – білім беру және экономикалық ынтымақтас қатысушы-мемлекеттер ұйымының тиімді салаларында (энергетика, экология, машина жасау, металлургия, материалтану, құрылыс, транспорт, тарих, лингвистика, ІТ-технология, аймақтану) жүзеге асып жатыр [10, 11, 12].

Біздің ойымызша, Орталық Азиядағы жоғары білімді дамыту жөніндегі ШЫҰ-ның бастамасын аймақтағы адам қауіпсіздігін дамытудың бірден-бір бағыты деп қарастыруға болады. Бұл жоба мәдениетаралық коммуникацияның деңгейін жоғарылатып, Орталық Азия, Ресей мен Қытай арасындағы аймақтық интеграциялық жүйенің маңызды элементін құрады.

Сонымен берге, қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастар жүйесіндегі нөмірі бірінші мәселе бұл экология мәселесі болып отырғандығы белгілі. Себебі өркениеттің дамуы мен табиғат арасындағы қарама-қайшылық шарықтау деңгейіне жетті деп айтуға болады. Экожүйенің ластануы мен азуы, табиғи кешендер тепе-теңдігінің бұзылуы, биологиялық әртүрліліктің жойылуы өмір сүру үшін қажетті биосфераны бұзуда.

ШЫҰ аймағында экологиямен байланысы бар мәселелердің кешені қалыптасты. Солардың ішінде Арал теңізінің мәселесі өзекті болып саналады. Өкінішке орай, аталған мәселе экологиялық мәселеден экологиялық апат категориясына өтті. Бүгінгі таңда Арал – бұл теңіздің көлемі азайып, оның нәтижесінде теңіздің тұздылығы артып кеткен экологиялық апат аймағы болып табылады. Экологиялық тоқыраудың кері салдары бәрінен бұрын Аралдың айналасындағы территорияның әлеуметтік-экономикалық құрылысына ықпал етті. Балық шаруашылығының толықтай күйреуі және ауылшаруашылығының жойылуы аймақтағы жұмыссыздықтың өсуіне алып келді. Сонымен бірге, халықтың денсаулығының нашарлауы белгіленген: өңеш, көмей қылтамағы ауруларының таралуы жиелеп кетті. ХХ ғ. 90 ж. басында Арал аймағындағы мемлекеттер Арал теңізінің айналасындағы жағдай апатқа ұшырағанын, ал бүлдіргішті экологиялық үрдістер адам өмірінің тікелей қауіп-қатеріне айналғандығын мойындады. Осындай тенденциялардың қысымының арқасында, 1993 ж. Қазақстан, Түркменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерінің арасында Арал теңізінің мәселесін шешу және Арал аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету туралы Бірлескен іс-әрекеттер жөніндегі келісімге қол қойылды [13, 22 б.].

ШЫҰ аймағының келесі бір экологиялық мәселесі  Амур  өзені  бассейні  болып  саналады. Амурдың су жынағыш бассейні Ресей, Қытай және Моңғолия территориясының 1,8 млн шаршы шақырымын құрайды. Амур  фарватері бойынша Ресей мен Қытайдың мемлекеттік шекарасының 3000 шақырымы өтеді. Бұл жерде шамамен 30 этникалық топтардың өкілдері өмір сүреді. Қазіргі уақытта Амур Ресейдің ең ластанған өзендерінің бірі болып саналады. Экологиялық бейімделмеген табиғатты пайдалану Амур өзені бассейнінің ресейлік және қытайлық бөлігіндегі экожүйесінің бұзылуына алып келді. Амур өзенінің ең ластанған бөлігі Төменгі Аргун, Сунгарин және Комсомол аумағы саналады. Амур бассейнінің су ағысына жыл сайын Ресей тарабынан 800 млн куб, ал Қытай тарабынан 15 млрд куб тазартылмаған өнеркәсіптік және коммуналдық қоқыс тасталады [14].

Өзен бассейніндегі экологиялық мәселесі соңғы кездері Қытайдың тарабынан Амур өзеніне антропогендік ықпалдың өсуіне байланысты пайда болуда. Амур өзенінің суын негізгі ластаушы Сунгари өзені болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, Амур бассейнінің ластануы халық өмірінің сапасына кері әсерін тигізуде. Өзен суы микробиологиялық және вирусологиялық көрсеткіштердің талаптарына сай келмейді. Сонымен қатар, соңғы жылдары сумен байланысы бар аурулардың ұлғаюы байқалып жатыр. Ауыз суының бактериологиялық және вирустық ластануы ішек инфекцияларының және «А» вирусты сары ауыруының жоғары деңгейде болуына алып келуде.

Экологиялық тұрақтылыққа қауіп төндіретін келесі бір мәселесі өнеркәсіптік ластау мен қалдықтары болып саналады. Кеңес Одағы кезеңінде Орталық Азия мемлекеттерінің территориясына ауылшаруашылығы және суландыру жүйесінің дамуымен қатар ауыр өнеркәсіп объектілерінің құрылысы енгізілді. Орталық Азияны өнеркәсіптік игеру қоршаған орта мен адам денсаулығына ықпал ететін факторлардың ескерілмеуі арқылы іске асты. Мұның нәтижесінде қоршаған ортаның қазіргі замандағы мүшкіл жағдайда қалыптасты. Сонымен бірге, аталған мәселенің трансшекаралық сипатын атап өткен жөн. Аймақ мемлекеттері радиоактивті қалдықтарды жерлеу мәселесін шешуге халықаралық қауымдастықтың назарын аударуға ұмтылуда. Сонымен, экология және экологиялық қауіпсіздікті қаматамсыз ету – бұл әлемдік қауымдастықты алаңдататын, пікірталас туғызатын, бірақ тек қана экспертті ұсыныстармен шектелетін сала. ШЫҰ да экологиялық қауіпсіздік мәселесін тек қана мүше-мемлекеттердің жыл сайын өтетін, ел басыларының саммитінің нәтижесінде қол қойылған құжаттарда еске алынды, ал одан кейін оған көп мән берілмеді. Бірақ, 2008-2009 ж. бастап ШЫҰ іскерлік Кеңесі экологиялық саладағы қызметін экологиялық сақтандыру жобасын енгізу арқылы жандандырғысы  кел-  ді. Бұл арқылы экологиялық және трансшекаралық қауіп-қатерлерге деген жауапкершілікті бизнеске берудің механизмін құру талпынысы жасалды. Сынақ ретінде Амур өзенінің территориясымен шектелетін, экологиялық қатерді сақтандырудың жоспары өңделді. Бұл оқиғаны ШЫҰ шеңберіндегі  экологиялық  қауіпсіздік-  ті қалыптастырудың басты қадамы деп атауға болады. Бұл жобаны іске асыру шеңберінде екі іс-шара өткізілді: 2008 ж. «ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастығын сақтандыруды қамтамасыз ету» атты Халықаралық конференция және 2009 ж. «ШЫҰ қайта сақтандыру нарығының жағдайы мен болашағы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Осылайша, сақтандыру құралының көмегі арқылы трансшекаралық және трансшекаралық территория мәселелерін шешудің сақтандыру қызмет нарығын дамытудың бірінші қадамын іске қосуға талпыныс жасалды. Бірақ, аталған жоба жақын арада теория ретінде қалып отыр. Бұл жобаны іске асыру үшін алдымен көптеген мәселелерді шешу керек. Соның ішінде, ШЫҰ мүше-мемлекеттердің сақтандыру заңнамасы мен нормативті-құқықтың базаның үйлестіру негізгі мәселелердің бірі болып саналады.

Сонымен, қазіргі уақытта ШЫҰ гуманитарлық векторындағы төтенше жағдай саласындағы ынтымақтастық дамыған бағыттардың бірі болып табылады. Аталған бағыт бойынша ынтымақтастықтың құқықтық базасы жасалған, мониторинг механизмі және сәйкес келетін ведомствалар арасындағы ақпараттандыру, гуманитарлық көмек көрсету механизмдері өңделді.

Жоғарыда қарастырылған мәселелердің негізінде экология мен ресурстары, босқындар, заңсыз миграция, адам сату және инфекциялық аурулардың таралу қауіптері аталған мәселелердің трансұлттық сипатының қарама-қайшылығын және оларға деген реакцияның ұлттық сипатын көрсетіп отыр деген қорытынды жасауға болады. Бұл қауіп-қатерлер адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мәселені қозғайды. Аталған мәселелер айқасқан мәселелер алаңын құра отырып, қауіп-қатерлердің қосымша аспектілері  болып  табылады. Бұл мәселелердің «қауіп-қатерлік сыйымдылығы» жоғары бағаланбауы мүмкін, бірақ олар аймақтық ішкі жүйенің  жағдайымен  тікелей  арақатынасқа ие.

«Шанхай үрдісінің» қауіпсіздік саясаты human security концепциясына жақындасып келеді,  бірақ бұл бір текті емес және іріктеу сипатына ие. Босқында, заңсыз миграция, адам сату, экология мәселелері ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің күн тәртібінде өткір болып тұр, бірақ қазіргі уақытта бұл мәселелер ШЫҰ мүше-мемлекеттердің қауіпсіздік саясатынан тыс қалып отыр.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Стенограмма дискуссии на радио «голос Америки». Кто защищает беженцев в Центральной Азии // <<http://www. ru/news>> [13.05.2010].
  2. Интервью главы представительства Верховного комиссара по делам беженцев ООН в Казахстане А.К. Гуля //<<http://www.news.gazeta.kz>> [20.06.2002].
  3. Столповский О.А. Проблема уйгурского сепаратизма в китайско-центральноазиатских отношениях или о необходимости постановки новых задач для ШОС // <<http://www.easttime.ru/reganalitic/1/184.html>> [25.03.2007].
  4. Султанов Р. Киргизские беженцы на узбекской границе // <<http:www.rus.ruvr.ru>> [12.06.2011].
  5. Раимов А. Страна беженцев // Новые известия. 06.2010.
  6. Казахстан закрыл границу с Кыргызстаном из-за опасения «цветной революции» и потока беженцев // <<http:// www.ru.trend.news.politics>> [18.12.2010].
  7. Сұлтанов Қ., Әбішев Т. Қазақстан Республикасындағы мигранттар құқықтарының ахуалы туралы. – Астана,– 160 б.
  8. Власти центральной Азии борются со вспышками сибирской язвы и тифа // <<http://www.asiaplus/news>> [06.04.2008].
  9. Онишенко Г.Г. Вспышка полиомиелита в Таджикистане // <<http:www.aif.ru>> [11.06.2010].
  10. Борисов Д.А. Университет ШОС: становление единого образовательного пространства // Германия – Россия – Китай: Образование, наука, инновации. Международная науч.-практич. конф. (г.Томск, 24-26 февраля 2010 г.) – Томск, – С. 189-194.
  11. Макашева К. Н., Конуспаева С. Б. Шанхайская организация сотрудничества и вопросы интеграции в области образования // Қазақ өркениетi=Казахская цивилизация. – 2011. – № 3. – С. 56-61.
  12. Макашева К. Н. Регионоведение одно из приоритетных направлений УШОС, // Регион – концепт: содержание, методы и технологии. Алматы, КазГУМОиМЯ им. Абылай-хана, 2012. – С.18-24
  13. Борисов Д.А. Экологическое сотрудничество в рамках Шанхайской организации сотрудничества // История и культура дальневосточной России и стран АТР. XII Всерос. науч. конф. молодых ученых (г. Томск, 19–21 апреля 2010 г.) – Томск, 2010. – С. 22-27.
  14. Лоторев А.М. Международные механизмы страхования международных рисков в рамках ШОС // <<http://www. ru/publication>> [25.09.2011].

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.