Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Энергетикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілері

Энергетика халықаралық қатынастарға әсер етуші маңызды элементтердің бірі болып табылады. Энергетикалық құраушының маңыздылығы мемлекеттердің саясатына әсер етіп қана қоймай, мемлекеттердің арасындағы бәсекелестікті де күшейтеді. Халықаралық қатынастардағы өзара тәуелділік бұны ғаламдық мәселеге айналдыра отырып, энергетикалық қауіпсіздік мәселесінің маңыздылығын арттырады.

Энергетикалық қауіпсіздік тұжырымдамасын өңдеуші халықаралық қатынастар теориясында реализм мен неореализм, либерализм мен неолиберализм ерекше бөлінеді.

Ал энергетикалық нарық және қауіпсіздік мәселелерін зерттеумен айналысатын Эстонияның Тарту университетінің бас маманы А.В. Белый өз еңбегінде халықаралық қатынастар тұжырымдамасын шолуда энергетикалық қауіпсіздікке қатысты өз 4 тәсілдемесін бөліп көрсетеді: реалистік, институционалистік, жаңа энергетикалық экономика және критикалық (либералды емес) тәсілдеме [1, 2 б.]. А. Торкунов та реалистік, либералды және неомарксистік парадигмаларды ерекше бөлумен қатар, институционализм, конструктивизм сияқты бағыттардың да кең етек жайғанын пайымдайды [2, 8 б.]. Мәселен, А. Белый институционализмді халықаралық саяси және экономикалық қатынастардың ең жаңашыл тұжырымдамаларының бірі ретінде көрсетеді. Оның басты идеясы – нормалар мен жүйелі әдістерден туатын институттар экономикалық қатынастардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізін құрады. Халықаралық қатынастардың заңдастырылу үрдісі заңгерлік идеологиядан бастауын алған: заңды құрметтеу қауіпсіздікке әкеледі. Бұл тұжырымдамаға өз үлесін сарапшы Д. Норд қосты. Оның пайымдауынша, институттар дегеніміз – қоғамдағы ойын ережелері немесе адамдардың өзара әрекеттестігін қалыптастыратын адамдар шығарған шектеулер [1, 35 б.].

Жоғарыда аталған төрт негізгі халықаралық теорияға қайтып келетін болсақ, соның ішінде реализм халықаралық қатынастардағы энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін қозғайтын үстем теория болып табылады екен. Ол халықаралық қатынастар табиғатын анархиялық деп қарастырып, халықаралық қатынастарға қатысушылардың басты мақсатын өз ұлттық мүдделерін қорғау мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету  деп таниды. Бұл мақсатқа жетудің тәсілдері болып күш қолдану, халықаралық қақтығыстар сияқты халықаралық үдерістер болып табылады. Реализмнің негізгі қағидалары:

  • халықаралық қатынастардың негізгі қатысушылары – мемлекеттер. Олар басқа мемлекеттерге қатысты саясатты жүргізетін саяси организм ретінде анықталады. Мұндағы негізі қағида
  • мықтылар қолдан келгенін істейді, ал әлсіздер оларға мықтылар рұқсат бергенді істейді;
  • халықаралық қатынастар жүйенің анархиялығымен ерекшеленіп, әр тарап өз мүддесін ғана көздейді. Халықаралық қатынастардың әрбір қатысушысы «өзіңе өзің көмектес» қағидасын ұстанады;
  • халықаралық қатынастарға қатысушылардың мүдделері амалсыз түйісетіндіктен халықаралық қақтығыстар мен соғыстар орын алып тұрады;
  • халықаралық қатынастар табиғаты анархиялық сипатқа ие болғандықтан, әр мемлекеттің негізгі мақсаты болып қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Еш мемлекет өзін толық қауіпсіздікте сезіне алмай, әрдайым күшін өсіріп тұруға мәжбүр. Осылайша қауіпсіздіктің негізгі көзіне әскери және экономикалық қуат айналады [3, 20 б.]. Реализмнің негізін салушы Г. Моргентау халықаралық саясаттың, шын мәнінде, билік үшін күрес екендігін көрсетеді [4]. Басты материалды мақсаттары болып шикізат көздеріне, теңіз және құрлықтағы қатынас жолдарына бақылау жүргізу болып табылады;
  • күш халықаралық аренадағы өкімет пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі факторы болып табылады [5, 109-112 бб.].

Неореализм – классикалық реализмнің жалғасы, оның басты өкілдері К. Уолц, Р. Гилпин, Б. Бузан болып табылады. Неореалистер халықаралық қатынастарды сараптауда реалистердің қағидаларын ұстанады. Алайда классикалық реализмге қарағанда, неореализм саяси саланы халықаралық қатынастардың басқа салаларынан бөліп қарастырады.

К. Уолц ұсынған тұжырымдамаға сәйкес, мемлекеттер «бүкіләлемдік» өкіметтің жоқтығымен сипатталатын халықаралық жүйе шеңберінде аман қалу үшін күреседі [6]. Ол өзінің «Адам, мемлекет, соғыс» еңбегінде халықаралық саясатты халықаралық қағидаларға сәйкес қызмет ететін біртұтас жүйе ретінде қарастырады [7]. Сол себептен халықаралық қатынастар сипаты халықаралық жүйе құрылымымен анықталады. Халықаралық жүйенің құрылымдық қасиеттері алып державалардың арасындағы өзара әрекеттестіктің нәтижесі болып табылады. Басқа зерттеуші Б. Бузан халықаралық және мемлекеттік жүйелердің арасындағы аралық жүйе болып табылатын аймақтық жүйеге қатысты К. Уолц идеяларын дамытып, бір мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің басқа мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігімен өзара тығыз байланысын айтып өтеді [8, 98 б.].

Қауіпсіздіктің энергетикалық аспектісін жиі реализм мен неореализм негізінде сараптайды. Оған сәйкес:

  • табиғи ресурстарға, әсіресе, энергетикалық ресурстарға бақылау жүргізу ұлттық қуат пен ұлттық мүдденің басты факторы болып табылады. Энергетика сондай-ақ экономикамен тығыз байланысты. Негізгі энергетикалық ресурстардың жеткізіліміндегі олқылықтар экономикалық даму қарқынының төмендеуіне, инфляцияның ұлғаюына соқтырады және импорттаушы-мемлекеттің әлеуметтік-саяси тұрақтылығына қауіп төндіреді;
  • энергетикалық ресурстар біркелкі таралмаған және жиі конфликтілігі жоғары аймақтарда шоғырланады. Адамзат тарихында болған соғыстардың барлығы дерлік энергетикалық ресурстар, соның ішінде мұнай, көмір және газ үшін орын алды. Яғни мемлекет қаншалықты көп энергетикалық ресурстарға ие болса, соғұрлым көп назарды өзіне аударады;
  • жоғарыда аталған факторларға дәлел ретінде бүгінгі таңда энергетикалық ресурстарға бақылау жүргізу үшін бәсекелестік ұлғаюда.

Энергетикалық қауіпсіздікке деген реалистік көзқарас толыққанды американдық сарапшы М. Клэр еңбектерінде ашылды. Оның тұжырымдамасына сәйкес:

  • КСРО идеологиялық тұрғыдан социалистік бағыттағы мемлекеттерге мұнай мен табиғи газды төмен бағамен жеткізіп тұрды. Ал биполярлы жүйенің күйреуінен кейін сыртқы саясаттағы идеологиялық фактордың да рөлі төмендей түсті. Экономикалық дамудың жеделдеуі мен негізгі энергетикалық ресурстарды тұтыну деңгейі ұлғайғаннан кейін халықаралық қатынастарда табиғи ресурстарға бақылау орнату мәселесіне көбірек назар аударылып, бұл күштер балансындағы түрлі өзгерістерді анықтайтын болды. Энергетикалық ресурстарға және оларды тасымалдау жолдарына бақылау орнату АҚШ, Ресей, ҚХР, Жапония, ЕО сияқты жаһандық орталықтар арасындағы қақтығыстың басты көзіне айналды;
  • азиялық мемлекеттердегі экономикалық даму қарқынының өсуі мен ресурстарды тұтынудың ұлғаюы кесірінен энергетикалық ресурстар, әсіресе, мұнай қорлары сарқылуда;
  • әлемдік мұнай қорларының басым  бөлігі және Африкадағы жаңа мұнай көздері үлкен инвестициялық қауіптер бар аймақтарда шоғырланған. Ондай қауіптерге ішкі саяси тұрақсыздық, мемлекетаралық қақтығыстар, жемқорлық пен экстремизмді жатқызуға болады. Мұнай халықаралық қатынастардың сипатына қарама-қайшы әсерлерді тигізеді. Бір жағынан, экспорттаушы-мемлекеттер табысының ұлғаюына ықпал етсе, екінші жағынан, тұрақсыздықтың да себебі болып табылады;
  • мұнай мен басқа да табиғи ресурстар үшін халықаралық қақтығыстар жиіленуде [9, 221 б.]. Реалистер әскери және энергетикалық қауіпсіздіктерді бір-бірімен жиі байланыстырады. Мәселен, Малакка бұғазындағы теңіз жолдарын оқшауландырудан туатын қауіптер ҚХР-ның әскери-теңіз флотының дамуын ынталандырады. Яғни алып державалар өздерінің әскери доктриналарын энергетикалық қауіпсіздікке сәйкес қалыптастырады. АҚШ пен Ресейдің Таяу Шығыс, Орта Шығыс және Орталық Азиядағы белсенділігі мен әскери жоспарлары энергетикалық ресурстар мен оларды тасымалдау жолдарына бақылау орнату үшін күрестерімен тікелей байланысты [3, 22 б.].

Неореалистердің энергетикалық қауіпсіздікке қатысты көзқарасының реалистерден біршама айырмашылығы бар:

  • реалистер энергетикалық қауіпсіздіктің әскери құраушысына назар аударса, неореалистер экономикалық факторларға көбірек назар аударады [10, 38 б.]. Ал неореализмнің басқа өкілі С. Стрейндж энергетикалық қауіпсіздіктің төрт фактормен айқындалатынын пайымдаған еді, олар: әскери құраушы, өндіріс, қаржы және идеология [11, 45 б.];
  • реалистер мемлекеттерді әлемдік саясаттың басты акторлары ретінде қарастырады, ал неореалистер тәуелсіз акторлар қатарына сондай-ақ мұнай компанияларын, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарды қосады;
  • неореалистер реалистердің энергетикалық қауіпсіздікке деген тәсілдемесін шектен тыс детерминдендірілген деп санайды. Олар реалистердің мұнай қорларының сарқылуымен қатар оларды иелену үшін күрестің де өсетіні жайлы ойымен келіссе де, оның мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың нығаюына да септігін тигізетініне сенімді. Мәселен, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үдерісін реттеумен айналысатын ОПЕК пен ЕО сияқты аймақтық және халықаралық ұйымдардың рөлі өсуде. Мемлекеттер арасындағы өзара тәуелділік ұлғайып, бұл ынтымақтастықтың бәсекелестікке қарағанда тиімдірек екендігін көрсетеді. Реалистердің халықаралық қатынастардың табиғаты анархиялық деген ойын неореалистер «анархия тәртіпке ауысады» деп тұжырымдайды.

Либерализм мен неолиберализмге келетін болсақ, либерализмнің негізгі қағидалары төмендегідей:

  • халықаралық қатынастардың қатысушылары тек мемлекеттер ғана емес, сондай-ақ үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен топтар, ТҰК, жеке тұлғалар және т.б. болуы мүмкін;
  • әлемде анархияны шектейтін халықаралық ұйымдардың рөлі күшеюде;
  • халықаралық үдерістер әр қилы және тек бейбітшілік немесе тек соғыс жағдайы деп сипаттала алмайды. Мемлекеттер арасындағы өзара тәуелділік ұлғаюда, сол себептен қақтығыстарға қарағанда халықаралық ынтымақтастық қолдаушы бірыңғай әлемдік қауымдастықтың қалыптасуына алып келеді;
  • халықаралық факторлардың плюрализмі олардың мақсаттарының да алуантүрлілігін және жалпыадамзаттық құндылықтардың жеке мемлекеттердің құндылықтарынан артық екендігін білдіреді;
  • әлемдік қауымдастық қақтығыстарды қоғамдық пікір қолдауымен келіссөздер арқылы шеше алады. Халықаралық ынтымақтастықтың күшеюіне болысатын халықаралық ұйымдардың саны өсіп келеді. Мұндағы либералдардың басымдылығы болып ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құру табылады;
  • халықаралық үдерістердің нәтижесінде анархияны жеңу және бірыңғай жалпыәлемдік қауымдастықтың пайда болуы мүмкін болады [5, 106-108 бб.].

Неолиберализм  идеялары  Р.  Кохэн   мен  Х. Милнер еңбектерінде көрінісін табады. Неолибералдар қауіпсіздік және экономикалық мәселелерге, халықаралық саясатта реттеуші рөлін атқаратын адамгершілік нормаларына назар аударып, кей аспектілерінде неореалистермен келіседі. Биполяры жүйенің күйреуінен кейін халықаралық саясатта идеология үстем рөлінен айырылған кезеңде экономикалық факторлардың рөлі күшейді. Экономиканың белсенді өсуі, жаһандану, өзара тәуелділіктің ұлғаюы дәстүрлі мәдени құндылықтардың жоғалуы мен халықтың басым бөлігінің маргинализациясына соқтырып,  нәтижесінде  ішкі  саяси  тұрақтылыққа қауіп төніп, мемлекетаралық қақтығыстар орын алады. Осылайша, бір жағынан, анархия күшейсе, екінші жағынан, халықаралық ынтымақтастық, соның ішінде экономикалық саладағы ынтымақтастық нығайып отыр [5, 132-135 бб.].

Энергетикалық қауіпсіздікке қатысты либералдар мен неолибералдардың пікірлері келесідей:

  • энергетикалық ресурстарға бай мемлекеттерде экономикалық дамудың баяу қарқыны, жемқорлық, ішкі саяси тұрақсыздық пен инфляцияның ұлғаюы «ресурсты қарғыс» «голланд ауруымен» – экономиканың басқа салаларына зақым келтіретін тау-кен өндірісінің біржақты дамуымен байланыстырылады;
  • жалдаушы-мемлекеттерге, негізінен, мұнай-газ компаниялары арқылы ресурстарды өндіретін мемлекеттер, яғни ресурстарға ие емес, сол ресурстардан пайда алатын мемлекеттер жатады. Көмірсутектерді өндіру үшін ТҰК рента түрінде өтемақы төлейді. «Жалдаушы-мемлекеттердің» көмірсутектерді өндіру мен экспорттауға мемлекеттердің қатысуын арттырып, мемлекеттің мұнай-газ саласының арқасында табысын ұлғайту әрекеттері авторитарлы тәртіптердің нығаюына әкеледі және азаматтық қоғамның дамуы мен демократияның таралуын тежейді;
  • «ресурстар үшін соғыстар» белгілі бір әлеуметтік топтар немесе ұлттардың дистрибутивті немесе үлестіруші саясатына деген наразылығынан туады. Мемлекет табысының негізгі көзі болып табылатын мұнай мен газ өндірілетін аудандар бюджеттік шығындарды үлестіруде шетте қалады: Нигериядағы Биафра, Пәкістандағы Белуджистан, Мьянмадағы Аракан аудандары, шын мәнінде, сол мемлекеттердегі ең артта қалған және кедей аудандар болып табылады. Бұл ішкі саяси тұрақсыздыққа, азаматтық соғыстарға, аудандарда сепаратизм мен экстремизмнің өсуіне алып келеді. Халықаралық аренада «ресурстар үшін соғыстар» мемлекетаралық қақтығыстар мен территориялық даулар сипатында орын алады (ирак-кувейт, иран-ирак, ағылшынаргентин қақтығыстары және т.б.).

Жоғарыда аталған қақтығыстардың алдын алу үшін неолибералдар келесі ұсыныстарды жасайды:

  • мемлекеттік басқару жүйесін, әсіресе, жалдаушы-мемлекеттерде жақсарту. Атап айтқанда, үкіметтік емес ұйымдар арқылы менеджмент, мемлекеттік басқару, тұрақтандырушы мұнай қорларының жүйесінде, жаңа технологияларды енгізу жөнінде түрлі бастамаларды алға бастыру, демократиялық құндылықтардың, азаматтық қоғамның дамуына жағдайлар жасау;
  • халықаралық және аймақтық энергетикалық тәртіптерді дамыту. Неолибералдардың пайымдауынша, ХЭА, Энергетикалық хартия сияқты либералды халықаралық энергетикалық ұйымдарда және ОПЕК сияқты либералды емес ұйымдарға қатысуды кеңейту халықаралық ынтымақтастықтың дамуына септігін тигізеді. Соның ішінде Қытайды ХЭА-ке қосу мен Ресейдің Энергетикалық хартияға кіруі жөніндегі келісімге қол қою ниет етіледі. Сонымен қатар олар Оңтүстік Азия мен Қиыр Шығыстағы аймақтық бастамалардың дамуы аймақтық интеграцияны ынталандырады деп ойлайды;
  • энергетикалық нарықтардың либерализациясын ілгері бастыру. Өндіруші-мемлекеттердің энергетикалық нарықтарының либерализациясы мен тұтынушы-мемлекеттерге ашықтығы өзара тәуелділіктің кеңеюіне, инвестициялық ахуал мен ынтымақтастықтың жақсаруына септігін тигізеді.

Экономиканың өсуі энергетикалық ресурстарды тұтынудың ұлғаюна әкеледі. Энергетикалық ресурстардың үздіксіз жеткізілуіне мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі тәуелді. Мұндағы экономикалық қауіпсіздік – тұлға, қоғам және мемлекеттің азаматтардың өмір деңгейін қолдау мен көтерілуіне, қажетті қорғаныс мүмкіндігін қамтамасыз етуге алғышарттар жасайтын маңызды экономикалық мүдделерінің қорғаныста болу жағдайы, экономиканың кеңейтілген ұдайы өндіріс жағдайында тұрақты және тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету. Ал энергетикалық қауіпсіздік, өз кезегінде, азаматтардың, қоғам, мемлекет, экономиканың олардың энергияға қажеттіліктерін өтеудегі тапшылығынан лайықты сападағы экономикалық қолжетімді энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету арқылы жеткізілудегі үзілістер қаупінен қорғану жағдайы.

Осылайша ресейлік зерттеуші Н. И. Воропай жеткізілудегі үзілістерге келесі факторлардың әсер ететінін пайымдайды:

  • экономикалық (отын-энергетикалық кешендегі инвестициялық ресурстардың жеткіліксіздігі, энергетикалық ресурстар бағасының шектен тыс қымбат болуы);
  • әлеуметтік-саяси (еңбек қақтығыстары және отын-энергетикалық кешенінің кәсіпорындарындағы ереуілдер, отын-энергетикалық кешеннің объектілеріне қарсы бағытталған қоғамдық қозғалыстардың экстремистік әрекеттері);
  • сыртқы экономикалық және сыртқы саяси (отын-энергетикалық кешенінің энергетикалық өнімнің импортынан тәуелділігі, шет мемлекеттерінің нарықтардағы отын-энергетикалық  кешеннің субъектілеріне қатысты дискриминациялық шаралары);
  • техногендік (энергетикалық объектілердегі апаттар, жарылыстар, өрт);
  • табиғи (табиғи апаттар, Су электр станцияларындағы электр энергиясының өндірісі мен оның қуатының төмендеуіне әкелетін ГЭС бар өзендердегі ұзақ таяздық);
  • басқарушылық-құқықтық (энергетикалық кәсіпорындар, компаниялар, бірлестіктердегі шаруашылық басқару деңгейінің төмен болуы, мемлекеттің салық, тарифтік және монополияға қарсы механизмдерінің қызмет етуі мен құқықтық қамтамасыз ету деңгейінің төмендігі) [3, 26 б.].

Американдық зерттеуші К. Лэн энергетикалық қауіпсіздікті өндіріс, тұтыну және баға мәнмәтінінде қарастырды. Экспорттаушымемлекеттер үшін энергетикалық қауіпсіздік энергетикалық шикізатты болжамды бағамен сатылуы үшін нарықты  іздестірумен  байланыстырылса, импорттаушы-мемлекеттер энергетикалық қауіпсіздікті энергетикалық шикізатты  қажет-  ті көлемде және қолжетімді бағамен импорттау деп түсінеді [12, 168 б.].

Басқа    американдық  зерттеуші  Ширли Э. Джексон энергетикалық қауіпсіздікті энергетикалық шикізатты азаматтар, сауда кәсіпорындарының және көпшіліктің қажеттіліктеріне немесе қоғам мен экономиканың қалыпты қызмет етуіне жеткілікті көлемде жеткізілуі деп түсіндіреді. Ол сонымен қатар мемлекеттің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясының үлгісін жасауға тырысып, келесі қорытындыларға келді:

  • бір сыртқы энергетикалық шикізат көзінен шектен тыс тәуелділік жеткізілудің үзілуіне әкелуі мүмкін, сол себептен өндірушімемлекеттердегі ішкі саяси не геосаяси күйзелістер мен бағалардың құбылмалығы жағдайында энергетикалық шикізат импортының көздерін әртараптандыру қажет;
  • энергетикалық нарықтардың қалыпты қызмет етуін ұйымдастыру қажет, оған энергетикалық шикізатты өндірушілерге тиімді шаралар, инвестицияларды қорғау механизмдерін жасау кіреді;
  • энергетикалық ресурстарды өндіру, тасымалдау және үлестірудің лайықты инфрақұрылымын жасау, ол мұнай өңдеу зауыттарын, электр станцияларын, құбырлар мен т.б. салуды білдіреді;
  • қоршаған ортаны қорғау мақсатымен экологиялық таза технологияларды енгізу қажет.

Азия-Тынық мұхиттық аймақтың энергетикасын зерттейтін орталық 2007 ж. «ХХІ ғ.  энергетикалық қауіпсіздіктің оңтайлы нұсқасын іздестіру» атты баяндаманы жариялайды. Орталық сарапшылары энергетикалық қауіпсіздікті экономиканың энергетикалық ресурстарды қолайлы бағамен уақытылы жеткізуге кепіл болу мүмкіндігі деп қарастырады. Осылайша, энергетикалық қауіпсіздік деңгейі келесі факторларға тәуелді: ішкі нарықта да, сыртқы көздерден де ресурс қорларының жеткілікті көлемде болуы; экономиканың энергетикалық ресурстарға деген өсіп келе жатқан сұранысты  қанағаттандыру-  ға қабілеті; энергетикалық ресурстарды өндіру мен сыртқы жеткізіліп тұруын әртараптандыру деңгейі; энергетикалық  шикізатты  жеткізуде-  гі сенімділік (лайықты көлік инфрақұрылымын жасау); энергетикалық шикізаттың жеткізілуіне әсерін тигізетін геосаяси факторлар [3, 28 б.].

Қауіпсіздік қорғаныстық (қауіпке жауап ретінде) немесе шабуылдық (басқа акторлармен қатынастардан пайда алуды оңтайландыру)  сипатында болуы мүмкін. Уолцтың анықтамасына сәйкес қауіпсіздік, негізінен, қорғаныстық сипатта. Ал энергетикалық қауіпсіздік шабуылдық сипатқа ие: мысалы, бұл Батыс елдерінің жалғыз дерлік осал жері бола отырып, олар энергетикалық салада басқыншылық стратегиясын ұстанады [1, 3 б.].

Қауіпсіздіктің тұжырымдамасы Б. Бузанмен қайта қарастырылды. 1990-жылдары ол Қауіпсіздікті зерттеудің Копенгаген Мектебіне қосылады. Мектептің авторлары тек қана кез келген қауіп пен мәселе емес, нақты қауіпсіздіктің тұжырымдамасын құру қажеттілігін көрсетті [13]. Осылайша бұған қатысты «секюритизация» ұғымы пайда болады. Бұл тұжырымдама шеңберінде халықаралық қауіпсіздік саласындағы мәселелер классикалық реализм негізінде қарастырылады. Ұғымды алғаш рет Оле Вейвер 1995 қолданды. Халықаралық қатынастардағы реалистік идеяларды жалғастыра отырып, Копенгаген Мектебі анархияны мемлекеттердің қауіпсіздікке деген қатынасын түсіндіретін халықаралық құрылымның басты ерекшелігі ретінде қарастырады. Оған сәйкес қауіпсіздік ұғымы бес жеке секторды қамтиды: саяси – мемлекеттің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қосады; әскери – қорғаныс және шабуылдық мүмкіндіктерін қамтиды; әлеуметтік – мәдени (ұлттық не діни) бірегейлікті білдіреді; экономикалық – ресурстар мен нарықтарға қол жеткізу; экологиялық – қоршаған ортаны қорғау [8, 109 б.].

Алайда Копенгаген Мектебі энергетикалық қауіпсіздікті басқа салалардан бөліп көрсетпейді. Біріншіден, саяси қауіпсіздікке халықаралық анархия кесірінен бір мемлекеттердің басқа мемлекеттермен қатынастары кіреді: мемлекеттер энергетикалық тәуелсіздікті қалайды. Екіншіден, энергетикалық мүмкіншіліктер әскери мүмкіншіліктерге септігін тигізеді [8, 105-108 б.]. Үшіншіден, экологиялық қауіпсіздік жедел экономикалық даму мен табиғи ресурстарды қорғаудағы үйлесімсіздікті қамтиды. 1970 ж. бұл мәселе қазбалы отынның, әсіресе, мұнайдың аяқталуымен байланысты болса, 1990 жж. экологиялық қауіпсіздік мәселесі өсіп келе жатқан энергияны пайдаланудың есесінен климаттық өзгерістер қаупімен байланыстырылды. Осылайша Копенгаген Мектебі халықаралық анархияның саяси құрылымына көңіл бөліп, басқа құрылымдарды (өндіріс, қаржы және технология) ескермейді, яғни бұл теорияның кем жері болып табылады.

Мектеп халықаралық саясатқа деген көпдеңгейлі тәсілдемені сипаттап, 4 негізгі деңгейді бөледі: халықаралық, аймақтық, ұлттық және ішкі. Соның ішінде қауіпсіздікті зерттеудегі негізгі деңгей болып аймақтық деңгей табылады. Яғни географиялық байланысы бар мемлекеттер тобын қауіпсіздік мәселелері біріктіріп, олардың ұлттық  қауіпсіздіктерін  бірінен-бірін  бөліп қарастыру қиынға соғады. Олар бүкіл тарих бойында дамып, геосаяси және тарихи тамырларын сақтап қалды: мысалы, Таяу Шығыс, Оңтүстік Азия, Еуропа және т.б.

Бузан мен Уэверге сәйкес энергетикалық тәуелділіктен пайда болған қауіптер географиялық тұрғыдан жақын мемлекеттерде қарқындырақ болады. Екінші жағынан, мыңдаған километрлерге созылған экспорттық газ және мұнай құбырлары географиялық тұрғыдан алыс мемлекеттерді энергетикалық тәуелділіктің бір тізбегіне біріктіре алады.

Осылайша энергетикалық қауіпсіздік халықаралық сауда, жеткізілім және бағамен байланысты бірқатар күрделі факторлардан шығады. Сол себептен энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мәселенің шешу жолдарын іздестіруде оны жан-жақты, соның ішінде теориялық зерттеу маңызды қадамдардың бірі болып отыр. Бүгінгі таңда мемлекеттер бір-бірімен тығыз байланыста болғандықтан, энергетикалық фактор бүкіл әлемге бірдей әсер етеді. Сондықтан энергетикалық қауіпсіздік мәселесі қазіргі заманғы халықаралық қатынастарда ерекше назарды қажет етуде.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Belyi V. Energy security in International Relations theories (Reader) / Higher School of Economics, Cathedra on political issues of international energy, 2007.
  2. Современные международные отношения : учебник / под ред. А.В. Торкунова ; МГИМО(У) МИД РФ. – М. : РОССПЭН, 2000. – 584 с.
  3. Габдуллин К. Центральноазиатский фактор в энергетической политике Индии. Диссертация на соискание ученой степени доктора философии, КазНУ, Алматы, 2012, С. 20-28.
  4. Цеханов С.А. Современные тенденции регулирования мирового энергетического рынка. Диссертация на соискание ученой степени кандидата экономических наук. Москва, 2002. 164 с.
  5. Ганс Моргентау. Политические отношения между нациями: борьба за власть и мир/Цыганков П.А. Теория международных отношений. Хрестоматия. М., С. 69-89. 6.Цыганков П. Теория международных отношений. – М.: Гардарики, 2004. С. 106135.
  6. Waltz Theory of International Politics, ed. Random house, New York, 1979. Р. 117.
  7. Уолц К. Человек, государство и война: теоретический анализ/Теория международных отношений: Хрестоматия / Сост.., науч.ред. и коммент. П.А. Цыганкова. –М.:Гардарики, – 400 с. С.93-110.
  8. Бузан Б. Уровни анализа в международных отношениях / Теория международных отношений на рубеже столетий/ Под ред. К.Буса и С.Смита: Пер. С анг./ Общ.ред и предисл. П.А.Цыганкова. – М.: Гардарики, 2002. –362 с. С.208-225.
  9. M. For Oil and Empire? Rethinking War with Iraq // Current History. –2008. -Vol. 13, No 8. –P. 129-135.
  10. Gilpin R. The Political Economy of International Relations. -Prinston: Prinston University Press, 1987. –P.
  11. Стрендж С. Политическая экономия и международные отношения/ Теория международных отношений на рубеже столетий/ Под ред. К.Буса и С.Смита: Пер. С анг./ Общ.ред и предисл. П.А.Цыганкова. – М.: Гардарики, 2002. –362 с. – С.163-184.
  12. Strange S. States and Markets. London: Printer, 1991. –P.
  13. Len Energy Security Cooperation in Asia: An ASEAN-SCO Energy Partnership? // Energy Perspective in Singapore and the Region/ Ed. by Mark Hong and Teo Kah Reng. – Singapore: Institute of South-East Asia Studies, 2005 – P. 156-175.
  14. Buzan B., Waever , De Wilde J. Security: a new framework for analysis. London, 1998, P. 7.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.