Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Әлемдік экономиканың ғаламдануы мен дағдарыстың жаңа үрдістері және «ресурсы мол» елдердегі экономикалық даму мәселелері

ХХ ғасырдың екінші жартысында дамыған экономикалардың және Қытай, Үндістан, Бразилия мен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің «жас» экономикаларының жылдам экономикалық өсуі ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында ең алдымен, ұлттық экономикаларға өнеркәсіп өндірісінің даму қарқынын өсіру үшін шикізат (табиғи) ресурстардың айтарлықтай көлемін тартумен байланысты. Экономикалық өсу стратегияларындағы (әсіресе дамушы елдердің) негізінен шикізат үрдістерінің басым болуы нәтижесінде табиғи ресурстар қорлары біршама қысқарды. Көптеген экономикалар үшін (1-кестені қараңыз) негізгі ресурстардың шектелуі (тапшылығы) және олар үшін бәсекелі күрестің шиеленісі әрекет етудің экономикалық ережелері мен ғаламдық бәсекелестіктің өзгеруіне алып келеді.

 1-кесте – Экономикалық жүйелер үшін негізгі табиғи ресурстардың көлемі, 2012 ж.     

 1-кестенің жалғасы

Бұл ғасырдағы ғаламдық бәсекелестік – бұл, ең алдымен шектеулі ресурстарға, ең алдымен табиғи ресурстарға билік ету үшін елдер мен топтар арасындағы күрес. Ғаламдық бәсекелестіктің өсуі, ресурстық шығындардың өсуі, айтарлықтай бағалық белгісіздік жағдайында еңбектің тиімділігі мен өнімділігінің тұрақты өсімін іздестірудегі елдер мен компаниялардың ресурспен қамтамасыз етілуін дамыту стратегиялары туралы мәселе туындайды. Әлемде энергетикалық және материалдық ресурстар саласында барынша айқын байқалатын экономикалық белсенділіктің қайта құрылуы байқалады. Табиғи ресурстарға (мұнай, болат немесе мыс секілді) сұраныстың өсуі дамыған елдерден дамушы (негізінен Азия) елдерге қарай ауысуда. Сарапшылардың болжамы бойынша 2005 – 2020 жылдар кезеңінде Қытай мен Үндістан тарапынан мұнайға сұраныс екі еселеніп, күніне 15,4 барға жететін болады [1], яғни қазіргі уақытта осы ресурсты барынша көп тұтынатын АҚШ-тың деңгейіне жетеді.

Төменгі еңбек шығындарымен қатар Азия елдері тарапынан энергия мен базалық материалдарға өсіп жатқан сұраныс бұл өңір металлдар, химикаттар, қағаз бен басқа да материалдық ресурстардың алдыңғы қатарлы өндірушісіне айналып жатқанын білдіреді. Мысалы, Қытай бүгінде болат пен алюминийдің жетекші әлемдік өндірушісі болап табылады; бұл елдің осы маңызды металдардың әлемдік өндірісіндегі үлесі 40% [2, 10-30 бб.] асады және сарапшылардың болжамы бойынша 2015 жылға дейін осы көрсеткіштен асып түседі.

Келесі он жылдықта ресурстардың негізгі түрлерін шығару мен өндіру бұрынғыдай оны тұтыну орындарынан айтарлықтай алшақ орналасқан өңірлерде шоғырланатын болады. Күрделі макроэкономикалық ілгерілеулер өңірлердің ішінде де болып жатыр. Орталық Шығыстың мұнай мен газға бай елдері химия өнеркәсібі немесе металлургия секілді өздері үшін жаңа салаларға экспансияны жүзеге асыруда. Дубай арзан энергия көздерін пайдалану (әсіресе табиғи газдың) және Еуропа мен Азия нарықтарына жақын орналасуы нәтижесінде алюминий өндірушіге айналды. Катар табиғи газ нарығындағы алдыңғы қатарлы ойыншы рөліне газдың негізінде сапасы жоғары дизель отынының өндірісін қосты және 2014 ж. осы өнімдердің өндірісінде әлемдік көшбасшыға айналуға үміттенеді. ЖІӨ өсуін жылдамдатудан басқа осы өндірістерді дамыту осы өңірлердегі жұмысшылар санының жылдам өсуіне байланысты жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз етеді.

Шикізат пен материалдарға деген сұранысты қанағаттандыру қажет болуына байланысты жаһандық өзара тәуелділіктің артып келе жатқан деңгейі едәуір өтімді нарықтар мен жаһандық баға қалыптасу түрінде жағымды экономикалық әсері болады. Сонымен бірге, осы тауарларды жеткізудің едәуір күрделі және ұзақ тізбегі геосаяси мәселелермен қатар, жабдықтауды қиындатуға және бағаның құбылмалығына алып келуге қабілетті.

Жылдам қарқынмен дамып келе жатқан елдердегі экономикалық өсімнің жылдамдауына қарай табиғи ресурстарды тұтыну артады. Мысалы, Қытайда 1995 -2004 жылдар кезеңінде мұнайды тұтыну екі еселенген, ал алюминий, никель мен болатқа деген сұраныс үш есе өскен.

Қытай, Үндістан, Орталық Шығыс елдері мен жартылай Ресей энергияға деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін жылдамдатылған қарқынмен шоғырлаушы қуаттар мен энергетикалық желілерді жасауға ұмтылуда. Оның үстіне, табиғи ресурстарға бай елдер (Орталық Шығыс елдері, Ресей, Венесуэла) табиғи рентаны өзіне алу үшін оларға мемлекеттік бақылауды күннен күнге кеңейтуге тырысуда.

Бір қарағанда табиғи ресурстардың қорларының болуы ғаламдық бәсекеге қабілеттіліктің  сөзсіз  факторы  болып  табылады.   Алайда, шын мәнісінде бұл тезис барлық елдер үшін даусыз емес. Атап өтілгендей көптеген елдерде табиғи ресурстардың көп мөлшері экономикалық өсудің қарқынымен және өмірлік стандарттармен жағымсыз байланысады және бір уақытта кірістердің тепе-теңсіздігімен жағымды байланысады.

Табиғи ресурстарға бай елдердің экономикаларының ұлттық алуантүрлілігі кезінде автордың пікірінше «ресурсы мол» елдердегі экономикалық өсуді бақылауға мүмкіндік беретін кейбір өзіндік белгілер бар.

«Ресурсы мол» елдердегі экономикалық көрсеткіштер   әдетте, қанағаттандырылмаған және тұрақты түрде қайталанатын екі кемшіліктен – жинақтаулардың төменгі деңгейінен және кенеттен болатын жоғарылаулар мен құлдыраулар айналымынан зардап шегеді. Табиғи ресурстардан түсімдердің серпілістері жиынтық жинақтардың артуымен және инвестицияларды шамалы ғана артуымен байланысты болғанына қарамастан, бұл ілгерілеулер әдетте жекеменшік сектордың қызметімен байланысты болады. 1980-2011 жж. кезеңінде табиғи ресурстарға бай емес елдерге қарағанда «ресурсы мол» елдерде мемлекеттік инвестициялардың едәуір төменгі нормалары байқалған (1-сурет).

1-сурет – «Ресурсы мол» және табиғи ресурстарға бай емес елдердегі мемлекеттік инвестициялар

 Кенеттен болатын көтерілулер мен құлдыраулар айналымдары қарапайым тәжірибе болып табылады – кейде түсімдердің жағымды серпілісінен кейінгі белсенді ілгерілеу және жағымсыз күйзелістерден кейінгі шығындардың қатты құлдырауы. Бұл «ресурсы мол» елдердегі салықтық-бюджет саясаты барынша проциклды болумен келісіледі. Маңызды міндет табиғи ресурстардан түсімдердің тұрақсыздығын басқаруды жетілдіру екендігі айқын: барынша жоғары макроэкономикалық тұрақсыздық «табиғи ресустар қарғысының» өсуге жағымсыз әсер етуінің негізгі арнасы, ал өзгермелі мемлекеттік шығындардың әсері мен өнімділігі төмен болып табылады. 1990-жылдары «ресурс мол» елдердегі даму қарқыны табиғи байлықтың молшылығына қарамастан табиғи ресурстарға арқа сүйемейтін елдерге қарағанда төмен болды (2-сурет).

2-сурет – «Ресурсы мол» елдер мен табиғи ресурстарға бай емес елдердегі  адам басына шаққандағы нақты ЖІӨ-нің өсуі (1980 – 2011 жылдардағы орташа, медиана мен тоқсан аралық диапазон, %-бен)

«Ресурсы мол» елдердің экономикалық мәселелерін шешуге табиғи ресурстардан түсімдерді оңтайлы басқарудың екі негізгі сипаттамасы ықпал етуі мүмкін. Біріншіден, табиғи ресурстардан түсімдердің біршама бөлігі жинақтаулар мен ішкі инвестицияларға бағытталуы тиіс. Екіншіден, «ресурсы мол» елдерге тұтынуды кейбір теңестірулер немесе ағымдағы шығындар есебінен кенеттен болатын жоғарылаулар мен құлдырауларды болдырмау, және атап айтқанда, олардың табиғи ресурстардан түсімдердің динамикасымен байланысын жоюы керек. Мақсаты ағымдағы шығындарды ұзақ мерзімді жоспарда тұрақты түрде арттыру, бұл ретте қолда бар әлеуетке салынатын шектеулерді ескере отырып, өз бетімен инвестицияларды арттыру арқылы мемлекеттік капиталдың қалыптасатын біршама көлемін ұстап отыру.

«Ресурсы мол» елдер нашар ұзақ мерзімді макроэкономикалық көрсеткіштерге ие. Табиғи ресурстарға баға жоғары болған кезде үкімет өздерінің  экономикасы  игере  алатын мөлшерден артық жұмсады, айырбастау бағамдары жоғарылап, ресурстармен байланысты емес салаларды өсімді тоқтатты. Ал табиғи ресурстарға баға төмендей бастаған кезде ресурстармен байланысты емес салалар дамымайды.

Соңғы жылдардағы табиғи ресурстарға жоғары баға сөзсіз «ресурсы мол» елдердің экономикаларының даму қарқынының артуына ықпал етті, бірақ бұл жалған белгі болуы да мүмкін; бұл елдердің даму қарқыны табиғи ресурстардың бағасы арзандай бастаған кезде қайтадан төмендеуі мүмкін.

«Ресурсқа бай» елдердің арасында жақсы даму келешегі байқалған, кенеттен болатын жоғарылаулар мен құлдыраулар айналымдарының болдырмау үшін берік экономикалық институттар құрған елдерде болуы тиіс. нигерияны мысалға алайық. 2004 жылы мұнайы серпілісі басталғаннан кейін оның экономикалық көрсеткіштері мұнаймен байланысты емес өсуді немесе инфляция қарқынын есептеуге қарамастан 1974–1978, 1979–1983 және 1990–1994 жылдары болған бұрынғы серпілістер кезіндегі көрсеткіштерден біршама жақсы болды (3-сурет).

3-сурет – Нигериядағы серпіліс мәселесін шешу

  Осындай жақсы көрсеткіштердің маңызды шарты экономиканың мұнайдан түсетін артушы кірісті ішкі сұраныс үшін жұмсау салдарын жеңе білу қабілетін ескере отырып, бюджеттік саясаттың бағытын анықтау болып табылады. Мұнайдан түсетін кірісті экономиканың сыйымдылығына сәйкес жұмсауға және осы кірістерді бюджетте белгіленген бағадан жоғары сақтауға мүмкіндік беретін мұнай бағасының негізінде бюджеттік ережені қолдану іс жүзінде бұрын серпілістер мен құлдырауларға алып келген мұнайдың күннен күнге өсуші бағасы мен бюджеттік шығыстар арасындағы байланысты бұзды. Егер бұл бюджеттік норманы сақтауға болатын болса, онда өсудің әрі қарай жалғасу болашағына сенім артуға болады.

Жалпы 2004–2008 жж. кезеңінде шикізатты экспорттаушы елдердің көпшілігінде өсуші профицит болғанына қарамастан осы уақыт кезеңіндегі табиғи ресурстарды есептеместенбюджеттік сальдо орта есеппен 10 пайыздық тармаққа (пт) нашарлаған. Ресурстарды есептеместен дефицит – бұл ресурстарды сатудан кірістер болмаған жағдай болатын дефицит. Табиғи ресурстардың қорлары анықтамасы бойынша шектеулі болып табылады, демек оларды сатудан түсетін кірістерді ұзақ мерзімді тұрақты дамуды бағалау кезінде ескермеген жөн. Табиғи ресурстарға тәуелділіктің көптеп артуын Ливия (–48 пт), Әзірбайжан (–34 пт), Чад  (–26  пт),  Алжир  (–17 пт) және Тринидад және Тобаго (–17 пт) көрсетті (2-кесте).

   2-кесте – 20042008 жж. Кезеңіндегі «ресурсы мол» елдердегі макроэкономикалық көрсеткіштер

  Сонымен бірге керісінше осы кезең ішінде табиғи ресурстарды есептеместен өзінің дефицитін сақтап қалған және жақсартқан бірнеше ел ғана бар: Ботсвана, Сирия және Оман, шикізат тауарлары өндірісінің азаюына қарай, және Катар, бұл елде осы уақыт кезеңінде ЖІӨ-нің жылдық өсуі мұнайды есептеместен 10% кем емес мөлшерді   құрады. Алдыңғыға қарағанда осы серпіліс кезінде «ресурсы мол» елдерде инфляцияның біршама мөлшері белгіленбеді. 2004 ж. бастап 2008 жылға дейінгі инфляция 4-тен 12% дейінгі аралықта болды – серпіліс кезіндегі шикізатты экспорттаушылар үшін тарихи ең төменгі мөлшер. 2008 жылдың бірінші жартысында мұнай бағасының күрт көтерілуі мен қаржылық дағдарыс табиғи  ресурстарға  бай  кейбір елдерде баға деңгейінің күрт өсуіне алып келсе де; осы уақытқа дейін Экваторлық Гвинеяда, Венесуэлада, Иран мен Әзірбайжанда ғана инфляция 20% жақындады. Серпіліс кезінде елдердің көпшілігі тұрақтандыру мәселесін табиғи ресурсқа базалық бағаны белгілеу жолымен шешті. Осы бағадан төмен табыс тікелей бюджетке барады, ал осы бағадан жоғары алынған табыс жинақталады. Әдетте, мұндай жүйенің негізгі мақсаты – бюджет пен экономиканы шикізаттың ағымдағы бағасынан босату.

Сонымен бірге Ресей мен Қазақстанда баға нормалар қысымға төтеп беріп, экономиканы тұрақтандыруға көмектесті. Өзінің баға ережелерін сақтай отырып, Ресей мен Қазақстан бақылау арқылы мұнайды есептеместен дефицитті ұстап қала алды (Ресейде мұнайды есептеместен ЖІӨ-нің 5-6%, Қазақстанда – 7,5% мөлшерінде). Бұл орайда Қазақстан серпілістің соңына қарай 28 млрд АҚШ долларын жинақтады, бұл елдің ЖІӨ-нің 20%-дан астам бөлігін құрайды.

 

  

Әдебиеттер

 

  1. Мировая экономика: прогноз до 2020 года / под ред. А.А. Дынкина // ИМЭМО РАН. – М.: Магистр, 2008. – 429 c.
  2. Минерально-сырьевые ресурсы и экономическое развитие // Сборник научных трудов. / отв.ред.: В.Б. Кондратьев.– М.: ИМЭМО РАН, 2010 – 211 с.
  3. Основы макроэкономической политики для богатых природными ресурсами развивающихся стран. – Международный валютный фонд, 2012.– С. 8
  4. Неллор Д. «Пограничные» рынкистранАфрикинаподъеме // Финансы и развитие. – сентябрь, 2008. – № 3. – Т.45.C.30-33.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.