Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Аймақтық соттар мен ДСҰ-ның дауларды шешу тетігі: қайталама іс жүргізу мәселелері

Қазіргі уақытта әлемде жаһандану мен аймақтандыру процестері қатар дамып, мемлекеттер халықаралық және аймақтық ұйымдар нысандарында өзара ынтымақтастықтарын дамытуда. Өз кезегінде, халықаралық экономикалық қатынастардағы мемлекеттердің бірлескен әрекеттерін ұйымдастырушы бірденбір ұйым – ДСҰ. ДСҰ-ның құзыреті әлемдік сауданың 95 %-н қамтып [1], халқының ортақ саны 5-млрд-тан астам адамды құрайтын 160 мемлекеттің бірлескен мүддесін біріктіреді [2]. ДСҰ құжаттық негізде ұйымның аясындағы мемлекеттердің сауда қатынастарындағы аймақтық бірлестіктерін құру мүмкіндігін бекіткен. Өз кезегінде, көптеген аймақтық бірлестіктердің өзіндік толықтай нормативтік-құқықтық негіздері мен институционалдық жүйелері қалыптасқан және осы нормативтік-құқықтық негіздерге сәйкес бірлестік аясында пайда болатын ішкі даулар арнайы құрылған аймақтық бірлестіктің сот органдарымен реттеледі [3]. ДСҰ-ның аясында, өз кезегінде, қатысушы мемлекеттердің халықаралық сауда дауларын реттеуді жүзеге асыратын Дауларды шешу жөніндегі орган (ДШО) құрылған болатын. ДСҰ-ны құрушы Марракеш Келісімдерінің жүйесі қатысушы мемлекеттердің халықаралық сауда қатынастарының көптеген салаларын реттейтіндіктен және аймақтық интеграциялық бірлестіктерді құрушы Келісімдер ДСҰ ережелеріне сәйкес болу міндеттілігінен, кей жағдайларда, қатысушы мемлекеттер арасында пайда болатын дауды реттеуге ДСҰ-ның да, аймақтық бірлестіктің де сот органдары құзыретті болады. Дауды аймақтық та халықаралық та (ДШО) соттық орган қарастырса, бір дау бойынша қайталама сот ісін жүргізу туындайды. Мақала барысында, осы қайталама сот ісін жүргізудің салдарлары мен мүмкін шешімдері талқыланып, нақты тәжірибелік мысалдар қарастырылады. Сонымен қатар, Қ.Р. жақын арада ДСҰ-ның тең мүшесі болады және ұйымның аясындағы соттық тетіктерді қолдану мүмкіндігін иеленеді. Сондықтан, мақала барысында қарастырылатын мәселенің Қ.Р. үшін де тәжірибелік маңызы зор.

Негізгі бөлім

 Жалпы, ДСҰ-ның қызметі аясында негізгі екі қағида әрекет етеді, олар: ұлттық тәртіп қағидасы және ең қолайлы тәртіп қағидасы. Қағидалардың түпкі мақсаты – халықаралық саудадағы кемсітушіліктердің алдын алу. Өз кезегінде, тәжірибеде, мемлекеттер арасында ең қолайлы тәртіп қағидасын ұсыну – олардың арасында қағиданың өзара ұсынылуы талабын қамтуы мүмкін немесе мұндай талап қажет болмауы мүмкін. ДСҰ-ның аясындағы ең қолайлы тәртіп қағидасы өзара ұсынылу талабына негізделмеген және автоматты сипатта әрекет етеді. Алайда, ДСҰ келісімдерінде бұл тәртіптен аймақтық интеграцияға қатысты преференциалды сауда шарттары бойынша алыну қарастырылған [4].

Өз кезегінде, ДСҰ-ны құрушы Келісімдер жүйесінің көптеген ережелері аймақтық экономикалық интеграция мәселелерін реттейді. Атап айтатын болсақ, ДСҰ-ны құрушы Келісімнің ХІІ-бабында кедендік аумақтың ДСҰ қатысушысы болу мүмкіндігі көрсетілген [5]. Аймақтық интеграциялық бірлестіктердің қызметіне белгілі бір деңгейде бақылау қызметтерін жүзеге асыру туралы ережелер ГАТТ ХХІҮ-бабында және ГАТС Ү бабында көрініс табады. Жалпы бұл баптарға сәйкес, ДСҰ-ның аясында аймақтық интеграциялық бірлестіктердің екі түрі, кедендік одақтар және еркін сауда аймақтары әрекет етеді. ГАТТ ХХІҮ бабына сәйкес, «кедендік аумақ – ретінде, аумақтың басқа аумақтармен саудасының маңызды бөлігіне қатысты бөлек тарифтер мен сауданы реттеу шаралары қолданылатын аумақ түсініледі» [6].

Негізінен, ГАТТ ХХІҮ бабына сәйкес, кедендік одақ пен еркін сауда аймағын құрудың басты мақсаты – мұндай аумақты құратын мемлекеттердің өзара саудасына ықпалдасу және бұл аумақтардың басқа ДСҰ қатысушыларымен арасында қосымша сауда кедергілерін туындатпау қажет [6].

Жалпы, кедендік одақтар ДСҰ-ға екі тәртіппен қатысушы бола алады. Біріншіден, ұжымдық мүше ретінде ДСҰ-ның құрамына кіру туралы ниетін білдіреді және мұндай кедендік одақтарды құрушы келісімдер ГАТТ ХХІҮ бабының ережелеріне сәйкестігіне тексеріледі. Тексеруді Аймақтық интеграция бойынша комитет жүргізеді. Алайда, А.С. Смбатянның айтуы бойынша Комитеттің жарты ғасырлық қызмет ету тарихы оның қорытындыларының қажетсіз екендігін көрсетеді және іс жүзінде ДСҰ тарапынан қадағалау жүргізудің басты мәні – ДСҰ-ның ДШО аясында істі қарастыру. Яғни өз құқықтарының бұзылғандығы жөніндегі үшінші мемлекеттердің талап арызы ДСҰ-ның ДШО-да қарастырылады. ДШО аясында ұтымды шешімге қол жеткізілмесе, талапкер мемлекет интеграциялық бірлестік қатысушыларына қатысты өз міндеттемелерінен бас тартуы мүмкін. Сонымен бірге, ГАТТ ХХҮІІІ бабының ережелеріне сәйкес, бірлестік тарапынан мұндай мемлекетке компенсация шаралары көрсетілуі де ықтимал [3].

Екіншіден, ДСҰ-ның қатысушылары кедендік одақ не еркін сауда аймағын құру туралы ниет білдіріп, осындай бірлестік құру туралы уақытша келісімді ДСҰ-ның Тауарлар сауда-  сы жөніндегі кеңесінің қарастыруына ұсынады. Уақытша келісім, ақылға қонымды мерзім ішінде бірлестікті құрудың жоспары мен кестесін қамтуы қажет. Кеңес уақытша келісімнің ГАТТ ХХІҮ ережелеріне сәйкестігін тексеріп, ұсыныстар жасайды және мұндай ұсыныстар орындалғанға дейін уақытша келісім күшіне енбейді [6]. Уақытша келісімде көрсетілген ақылға қонымды мерзім 10 жылға дейінгі мерзімді қамтиды, айрықша жағдайларда бұл мерзімнен аса алады [7]. Қызметтер саудасына байланысты аймақтық интеграция құрудың осыған ұқсас ережелері өз кезегінде ГАТС Ү бабында көрініс табады.

Жоғарыда, ДСҰ тарапынан аймақтық интеграциялық бірлестіктердің жұмысына бақылау орнатудың ережелері сараланды. Жалпы, 2015 жылғы көрсеткішке сәйкес, ДСҰ-ның аясында 446 аумақтық сауда келісімдері туралы хабарламалар жасалған және олардың 259-ы күшке ие [8]. Ендігі кезекте, осы аймақтық бірлестік келісімдері мен ДСҰ құқығы арақатынасын қарастырсақ.

Зерттеушілердің бірі Николас Лавраностың айтуы бойынша, қазіргі уақытта ДСҰ мен аймақтық интеграция арақатынасында екі бағыт пайда болды. Оның біріншісі – монистік бағыт, яғни, аймақтық бірлестіктер туралы келісімдер ДСҰ құқығына толықтай сәйкес келуі қажет және оның ішкі саласы ретінде әрекет етеді. Екінші бір бағыт – дуалистік бағыт, оған сәйкес ДСҰ құқығы мен интеграциялық бірлестік ережелері бір-бірінен тәуелсіз, және өзара бірін-бірі толықтырады, кейде бәсекеге түседі [9].

Бұл жерде, монистік бағыт бойынша, ДСҰның құқығының бірлестік келісімінен басымдылығын мойындасақ, ДШО-ның қажет болған жағдайда аймақтық бірлестік соттарының қызметін реттеуі, тіпті мойындамауы бойынша құқығын растаймыз. Алайда, ДСҰ ережелерінде бұл  тұжырымды  растайтын  норма кездеспейді және ДШО-ның қос инстанциясы айқын жазылған ДСҰ ережелерінен артық өкілеттіктерді пайдаланбауы қажет. Екінші бір жағынан, аймақтық бірлестік келісімдері ДСҰ ережелеріне сәйкес болуы қажет және кейде бір-бірін қайталайды. Егер даудың мәні болып табылатын негіз осы аталғандардың екеуінде де кездессе, дуалистік бағыт бойынша, бір дауды қарастыруға аймақтық та халықаралық та сот органы (ДШО) құзыретті болуы мүмкін. Осылайша қайталама сот ісін жүргізу жағдайы туындайды.

Келесі Уругвай Бразилияға қарсы мысалы осы қайталама сот ісін жүргізудің айқын мысалы болады [10].

Бразилия алғашында өз халқының денсаулық қауіпсіздігі жағдайларына байланысты, 1991 жылы «Қолданылған дөңгелектерді импорттауға қарсы» заң қабылдап, 2000 жылы оның ережелерін толықтыратын (қалпына келтірілген дөңгелектерді де қосып) өзінің екінші заңын қабылдады. Сол кездердегі қалпына келтірілген дөңгелектердің ерекше түрі, қайта жасалған дөңгелектердің ірі экспорттаушысы – Уругвай, осы екеуі де қатысушысы болып табылатын МЕРКОСУР ережелерінің бұзылғандығы туралы айтып, өзінің талап арызын осы ұйымның дауларды шешу жөніндегі органының қарастыруына берді. Алайда Бразилия өзінің әрекеттерін «2000 жылғы жаңа заң тек 1991 жылғы заңды нақтылайтындығын және қолданылған дөңгелектердің ерекше түрі, қалпына келтірілген дөңгелектерді  айқындап  қана  қойғанын»  айтты.  Бразилия «дөңгелектер жаңа немесе ескі» болады және қолданылған дөңгелектер болсын, қалпына келтірілген дөңгелектер болсын ескі дөңгелектер санатына жатады деп өз пікірін айтты. Алайда, уақытша құрылған МЕРКОСУР ad hoc трибуналы Бразилияның әрекеттерінің дұрыс еместігін көрсетті және МЕРКОСУР ережелеріне сәйкестендіріп қалпына келтіруін міндеттеді. Бразилия 2002 жылы жаңа заң қабылдады жә-  не МЕРКОСУР қатысушы-мемлекеттерінен келетін қайта жасалған дөңгелектерге импорттық тыйым салуды алып тастады. Бразилия мәселені тек МЕРКОСУР аясында шешті. Алайда, Бразилия мүшесі болып табылатын ДСҰ мемлекеттері тарапынан дауды қарастыруды бастау ұзаққа созылмады. 2002 жылы Еуропалық Одақ Бразилияның импорттық тыйым салуына қарсы дауды қарастыруды ДСҰ ДШО-да бастап, дау қос инстанцияда да қарастырылды. ДШО-ның Аралық тобының аясында дауды қарастыру барысында, ЕО «Бразилия ең кем дегенде, МЕРКОСУР аясындағы өзінің жеңілген дауы бойынша ішінара жауапты болды, себебі ол, МЕРКОСУР аясындағы Монтевидео Шартының 50 (d) бабында көрініс тапқан, ГАТТ ХХ (b) бабындағыға ұқсас алыну ережесін қолданған жоқ» деген тұжырым айтқан болатын. Бұл ережеге сәйкес, Бразилия өзінің әрекеттерін Монтевидео шартына сәйкес,«адамның, жануарлар мен  өсімдіктердің  өмі-  рі мен денсаулығын қорғау мақсатымен жасалғандығымен» түсіндіре алатын еді [11]. Алайда, Бразилия жоғарғы аталған МЕРКОСУР талқылауында басқа ережелерге сүйенген болатын.

Аралық топ ЕО айтқан тұжырымнан бас тартты және «МЕРКОСУР аясындағы талқылаудағы Бразилияның таңдаған сот стратегиясын егжейтегжейлі қарастырудың немесе Бразилия басқа сот стратегиясын қолданғанда істің нәтижесі қандай болатындығын болжаудың жөнсіз екендігі туралы айтты». Апелляциялық орган өз кезегінде, Бразилия жоғарыда аталған алынуды қолдану мүмкіндігін иеленсе де, оны қолданбауды өзі шешті» деп көрсеткен болатын [10].

Николас Лавранос Апелляциялық органның аймақтық сот әрекетін талқылауы өзін саудадағы ең жоғарғы сатыдағы сот ретінде көрсететіндігін білдіреді деп айтады. Сонымен қатар, ДШО шешімі Бразилияның түпкі мақсаты-денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінен сауда мүдделерін жоғары қойды деген сыни баға берді [9].

А.С. Смбатянның айтуынша, ДШО инстанциялары өз қарастыруындағы істі талқылау барысында, істің мәніне қатысты кез келген тұжырым бере алады. Және бұл Апелляциялық органның өзін ең жоғарғы инстанция ретінде көрсетуі болып саналмайды деген көзқарасты ұстанады [3].

Берілген қайталама іс жүргізу мысалынан  біз тәжірибеде істің қалай  шешілетіндігін және ДШО инстанцияларының қажет болған жағдайда аймақтық бірлестік соты әрекеттеріне байланысты пікір айту мүмкіндігін көреміз.

Тақырыпқа байланысты қызығушылық тудыратын тағы бір дау – АҚШ пен Мексика арасындағы дауды айтсақ болады. Мексика, сахарозадан басқа, қант алмастырғыштары қосылған алкогольсіз сусындарды импорттауға қатысты 20-пайыздық салық және басқа да шектеу шараларын енгізген болатын. Нәтижесінде, АҚШ-тың мүдделеріне нұқсан келтірілді, себебі аталған американдық тауарлар, оның ішінде «Кока-кола» корпорациясының өнімдерінің ірі экспорттаушысы АҚШ болатын. Ол, ДСҰ-ның қатысушыларына берілетін ұлттық тәртіп қағидасына сүйене отырып, оның бұзылғандығы туралы негізбен ДШО аясында дауды қарастыруды бастады. Талқылау барысында, Мексиканың айтуынша, ДШО бұл дауды қарастырудан бас тартуы қажет еді, себебі бұл даудың бастапқы мәселесі – АҚШ аумағына Мексикадан шыққан сахарозаның баруындағы АҚШ тарапымен жасалған кедергілерге тікелей байланысты болып табылады. Сондықтан ДШО дауды қарастыру барысында өзінің сот табиғатынан туындайтын ажырамас құқықтарын пайдаланып, дауды қарастыруды тараптар мүшесі болып табылатын НАФТА ұйымының аясында құрылатын төрелік сот қарастыруына беруі қажет деп табуы дұрыс болар еді. Істі қарастыру барысында, Аралық топ Мексиканың талабынан бас тартып, оның ДСҰ-ның аясында ұсынылатын ұлттық тәртіп қағидасы ережелерін бұзғандығын анықтады. Апелляциялық орган, осы істі қарастыру барысында, Мексиканың айтқан талаптарына қайта тоқталды. Оның айтуынша, өзінің қарастыруына берілген мәселелер бойынша кез келген халықаралық соттың оған қатысты құзыретінің болуы мәселелерін шешуі танымал ереже болып табылады. Алайда, Дауларды шешу жөніндегі Уағдаластықтың ешқандай ережесі Апелляциялық органның не Аралық топтың, олардың қарастыруына берілген мәселелерден бас тартуы туралы ережелерді қамтымайды. Аралық топтың өзінің жұмыс ережелерін еркін анықтауына құқығы болғанымен, Уағдаластықтың анық айтылған ережелерін өзгертуіне құқығы жоқ, демек Аралық топ өзінің қарастыруына берілген даудан бас тарта алмайды деп шешкен болатын. Екінші жағынан, Апелляциялық органның айтуынша, істі мәні бойынша кеңірек қарастыратын соттық талқылау НАФТА сотының органында басталған жоқ болатын. Демек, Аралық топтың істі мәні бойынша қарастыруына ешқандай кедергілер кездеспейді. Сонымен қатар, Апелляциялық орган өз ойын келесідей қорытындылаған болатын: «аталған дауда Аралық топпен істі қарастыруға ешқандай кедергі болмағанымен, мұндай кедергілердің болашақта туындауы мүмкін» [12].

Апелляциялық орган осы бір пікірді айта отырып, түпкілікті болмай, белгілі бір таңдау еркіндігін қалдырып отыр.

Жоғарғы  аталған  тәжірибелер   қайталама іс жүргізу мысалдары болып табылады және олардың сипатына байланысты іс жүзінде келесідей салдарлар туындауы мүмкін: 1) ДСҰ-ның ДШО мен аймақтық бірлестіктердің сот органдарының дауды қарастыру нәтижесі өзара ұқсамайтын, қарама-қайшы болуы мүмкін. Тараптардың ол шешімдердің бірін орындауы, екінші ұйым шешімінен бас тартуына алып келеді. Өз кезегінде, ұйым аясында шығарылған міндетті шешімдерді оның қатысушыларының орындамауы – жалпы тұрғыдан, ұйымның беделін түсіреді. 2) Қайталама сот ісін жүргізу  кезінде, сот органдарының әрқайсысы өзіндік нормативтік-құқықтық актілер мен дауларды шешу рәсімдеріне негізделіп, бір мәселеге қатысты даудың себептері мен жағдайларын түрлі талқылай алады. Нәтижесінде, қатысушы мемлекетке қатысты даудың түпкі себептері мен мүдделері қарастырылмай, сот органы шешкен мүдделер басым болуы мүмкін. Мысалы, жоғарыда аталған, Бразилияның мысалы осы ойды дәлелдейді. 3) Дауды шешу барысында басым рөлді ДСҰ-ның ДШО құзыретіне бағындыру – қатысушы мемлекеттердің өз мүдделеріне жауап беретін, істі қарастыруға қабілеттірек сотты таңдау құқығына нұқсан келтіреді, яғни мемлекет егемендігі қағидасы бұзылады. 4) ДСҰ ДШО-ның істі мәні бойынша қайта қарастыруы және аймақтық бірлестік сот органының аясындағы әрекеттерді талқылауы – ДСҰ-ның ДШО-ның «жалған» басымдылығын құрады. Және бұл жердегі ДШО қос инстанциясы соттарының, өздерінің «ажырамас құқықтарын» пайдаланып, Келісімдер жүйесінде көрініс тапқан ережелерден артық құқықтарды қолдануы «заң әрпінен» ауытқуға алып келеді. Мұндай іс-әрекеттер ДСҰ ДШО-ның қауіпсіз және болжамды әділсоттылығына  нұқсан келтіреді.

Қайталама сот ісін жүргізудің осындай салдарларын жоюдың келесідей шешімдері ұсынылады және оларды шартты түрде бірнеше топтарға бөліп қарастыруға болады: біріншісі – муниципалдық құқықтық жүйелердің кейбір қағидаларын қолданудың мүмкіндігі. Муниципалдық құқықтық жүйелерде бір дауға байланысты бірнеше сот органында құзыреттер қақтығысы пайда болатын болса, әдетте «res judicata» жә-  не «lis pendens» қағидалары қақтығысты шешу мақсатында қолданылады. Бұл қағидалар халықаралық құқықтағы түрлі халықаралық соттар тәжірибесінде қолданылғанымен, ДСҰ-ның аясында қолданылуы қиындық тудырады. Себебі, аталған қағидалар ДСҰ-ның Келісімдер жүйесімен бекітілген ережелерінің құрамына енбейді. Сондықтан белгілі зерттеуші Сон Тан Нгиеннің айтуы бойынша, мұндай нормалардың іс жүзінде ДСҰ ДШО-ның тәжірибесінде қолданылуы – Аралық топ пен Апелляциялық органды құрайтын соттардың «ажырамас құқықтарының» табиғатынан туындайтын, әділсоттылық жүргізу мақсатында өздерінің осы құқықтарын пайдалануымен түсіндіріледі. Зерттеуші өзінің еңбегінде, бұл қағидалардың іс жүзінде ДСҰның аясында қолданылуы үшін келесідей талаптарға сәйкес болуы қажет деп біледі: 1) олардың заңдық мәртебесі, яғни олар Халықаралық Сот Статутының 38 (с) бабында көрсетілгендей, құқықтың жалпы қағидаларының құрамына кіруі тиіс; 2) қағиданың анықтылығы, яғни тараптарға мәнінің қолжетімді түсінілуі мен нақты әсер ету мүмкіндігі; 3) ДСҰ-ның Дауларды шешу тәжірибесінде қолданылу мүмкіндігі; 4) ДСҰның құқығымен сәйкестігі. Осылайша Сон Тан Нгиен «res judicata» және «lis pendens» қағидаларын ДСҰ-ның ДШО тәжірибесінде қолданудың талаптарына тоқталып өтіп, оларға толықтай сәйкес қағиданы анықтай алмаған [13]. Алайда, зерттеушінің бұл айтқаны мұндай қағидалардың қолданылуына толықтай тыйым салу емес және олардың қолданылу сұрағын талқылау соттық органдардың қарарына қалдырылады.

Қайталама іс жүргізу мәселесін шешудің екінші бір жолы – «forum exclusion clause» яғни,«құзыреттіліктен алыну ескертпесін» аймақтық интеграциялық ұйымның келісімдер ережелеріне қосудың қажеттілігі. Өз кезегінде, А.С. Смбатян қайталама іс жүргізу мәселесін шешудің тағы бір жолы ретінде, ДСҰ немесе аймақтық бірлестіктің сот органдарының аясында істі кешенді қарастыру мүмкіндігін ұсынады [3] яғни, дауды өз қарастыруына алған аймақтық сот не ДСҰ-ның ДШО, дауды екі соттың да тұрғысынан қарастырады. Осы аталған амалдарды жүзеге асыру үшін, сәйкес аймақтық бірлестіктер мен ДСҰ ережелеріне өзгерістер енгізу қажет, ал бұл техникалық және материалдық қиындықтар туғызатыны сөзсіз. Істі кешенді қарастырудың шешімі шығарылса, оны нақты аймақтық бірлестік не ДСҰ аясында орындату мүмкіншілігі де күмән тудырады.

Сонымен қатар, жалпы халықаралық және жергілікті  соттар  тәжірибесінде қолданылатын «соттық құрмет қағидасы» және осы қағидамен байланысты «сот тиімділігі қағидасы» мәселені шешуге қолданылуы мүмкін. Алайда, мұндай қайталама сот ісін жүргізудің мәселелерін шешудің түрлі әдістері мен амалдарын қолдану, немесе олардың мағынасын ашып, олардың тәжірибеде қолданылу мәнін түсіндіру мен өзгерту біріншіден, ДШО-ның қос инстанциясы, екіншіден, аймақтық бірлестік соттарының қарарына қалады.

 Қорытынды

 Мақаланы қорыта келе айтатынымыз, жылдан жылға аймақтық интеграциялық бірлестіктердің саны артып, сәйкесінше олардың әрқайсысының құрамында мәселелердің кең шеңберін қарастыруға құзыретті дауларды шешу жөніндегі тетіктер қалыптасуда. Мақала барысындағы, өмірдегі тәжірибеден берілген мысалдар, осындай аймақтық бірлестіктердің соттық органдары мен ДСҰ-ның ДШО-сы арасындағы қайталама іс жүргізуі көптеген салдарлар мен кедергілерге алып келетінін растайды. Ал жалпы, кез келген соттық органның басты мақсаты әділсоттылыққа қол жеткізу деп білсек, мемлекеттердің ДСҰның ДШО-ға немесе аймақтық бірлестіктің дауларды шешу жөніндегі тетігіне жүгінуі – пайда болған даудың әділ шешімін тауып, мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастардағы келісімге негізделген, тепе-теңдікті қалыптастыру мақсатына бағытталады. Сондықтан, егер де екі соттық органда қайталама іс жүргізу  құбылысы осы әділсоттылыққа қол жеткізудің қауіпсіздігі мен болжамдылығына күмән тудыратын болса, бұл мәселе тереңірек зерттеулер жүргізуді жалғастыруды талап етеді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Смбатян А.С. Всемирная торговая организация: мифы и реальность // Корпоративный юрист. – – № 1. – С. 7-9.
  2. Members and observers, WTO home page, URL:<http://www.wto.org/english/thewto_e/whatis_e/tif_e/org6_e. htm>,[01.02.2015].
  3. Смбатян А.С. ВТО и региональные объединения: соотношение «правовых сил» в урегулировании торговых споров // Российский внешнеэкономический вестник. – 2011. – № 8. –С.74-83.
  4. Айдарбаев С.Ж. Всемирная торговая организация и региональная экономическая интеграция, URL:<http://agifcal. edu.cn/s/113/t/104/68/6e/info26734.htm>, [12.02.2015].
  5. Agreement Establishing the World Trade Organization, WTO home page, URL: <http://www.wto.org/english/docs_e/ legal_e/legal_e.htm>, [12.02.2015].
  6. The General Agreement on Tariffs and Trade 1947, WTO home page, URL: <http://www.wto.org/english/docs_e/legal_e/htm>, [12.02.2015].
  7. Understanding on the interpretation of article XXIV of The General Agreement on Tariffs and Trade 1994, WTO home page, URL: <http://www.wto.org/english/docs_e/legal_e/legal_e.htm>, [12.02.2015].

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.