Шетел мемлекеттеріндегі ислам банктері қызметін құқықтық реттеу тәжірибесі

Бізге мәлім, дәстүрлі қаржы үлгісін ұйымдастыру тарихының дамуы мыңжылдықтарды қамтыса, ислам қаржы үлгісі – соңғы он жылдықтың құбылысы. Ол экономикалық қызметке қатысты шариаттың талаптарын орындауға негізделген. Қазіргі кезде ислам банктері және қаржы институттарының саны өсуде. Жаңа ислам банктері үлкен капитал негізінде қызмет етуде. Дәстүрлі жүйедегі банктер ислам банк операцияларын жүргізу үшін ислам терезелері немесе қаржы филиалдарын ашады. Тіпті, мұсылмандық емес қаржы ұйымдары осы аймаққа кіреді және мүмкін болғанша мұсылман клиенттерін тарту үшін бір-бірімен бәсекелесуге тырысуда. Ислам банкингінің көлемі алдағы оң жылдықта өсетін сияқты, ислам банктерінің қызметі әлем қаржы операцияларының үлкен аумағын қамтиды деп күтілуде [1,133 б.]. Бірақ ислам қаржы ұйымдары өз нарығын кеңейпес бұрын, алдыңғы он жылдық ішіндегі жұмысына баға беруі керек, себебі әрбір жаңа жүйе өткенгі тәжірибеге сүйеніп, қызметіндегі кемшіліктерді жоюына мүмкіндік болады.

Халықаралық экономикада банктер ең маңызды қаржы институттары саналады. Соңғы он жылдықта «исламдық банк» түсінігі көптеген дамыған елдердің қаржыгерлердің лесикасында мықтап бекітілді. Мұсылмандық елдерде қызмет ететін бұл қаржы институттары біртіндеп дәстүрлі қаржылық жүйелерде үлкен рөл ала бастады [2,141 б.]. Сол себепті қазіргі халықаралық экономикада ислам банктерінің тәжірибесі өзекті тақырыптардың бірі болып отыр.

Алғашқы ислам қаржы ұйымы 1960 жылдары Мысырда пайда болды. 1963 жылы ашылған жинақтаушы Митр Гамр банк, жеке тұлғалардың қаражатын тарту үшін және жинақталған ресурстар бойынша инвестициялау операцияларын жүргізе бастады. Қызметіндегі қағида бойынша ол коммерциялық банк емес, жинақтаушы мекемеге ұқсас болытын. Ислам қағидалары бойынша қызмет ететін, алғашқы коммерциялық банк ретінде 1971 жылы Мысырда құрылған Nasser Social Bank мойындалады [3,31 б.].

1970 және 80-жылдары мұнай дағдарысына байланысты, ислам банк жүйесі қарқынды дами бастады. Осы кездері ислам банктерінің басты мақсаты қаржы өнімдерін стандарттау болды. Ислам банкингі ең алдымен мұсылмандық мемлекеттер: Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия және Африкада сұранысқа ие, себебі осы аймақтарда банктердің мүмкін клиенттерінің көпшілік үлесі шоғырланған. Алайда ислам банктерін аталған аймақтардан басқа АҚШ және Еуропада кездестіруімізге болады [4, 13 б.].

ХХ ғасырдың 70-80 жылдары мұсылман мемлекеттерінде Dubai Islamic bank, Faisal Islamic bank of Egypt, Faisal Islamic bank of Sudan сияқты алғашқы үлкен ислам банктері пайда болды. Сонымен қатар, мұсылман елдеріндегі ең үлкен ислам банктері қатарына Abu Dhabi Islamic bank, Al Rajhi Banking & Investment Group, Shamil Bank Of Bahrain кіреді. Мұсылман елдерінде инвестициялық жергілікті және исламға сәйкес қызмет көрсететін («ислам терезелері» ) халықаралық банктер: HSBC, UBS бар. Оған қоса көптеген басқа халықаралық банктер ислам банк ұйымдарымен өзара ынтымақтастықта [5, 282 б.].

Халықаралық Валюталық Қордың мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылдың соңында 75 мемлекетте 300-ден астам шариат қағидалары бойынша қызмет ететін қаржы ұйымдары есептелген. Есептеу бойынша, ислам қаржы институттарының активтері 15% өсіп, ал сол жылдың көрсеткіші бойынша көлемі – 800 млрд АҚШ долларын құраған еді. Ислам банктері тек мұсылман елдері территориясымен шектелмей, мұсылмандық емес мемлекеттерде берік орынға ие. Ислам банкингі дамыған елдердің ішінде, Германия және Францияда аса әйгілі емес болса, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттарында танымал деуге болады. Әлемге әйгілі HSBC, DeutscheBank, Calyon, Citibank, ING bank, BNP Paribas және т.б. банктер құрылымында ислам елдері клиенттерін қаржыландыру ғана емес, сонымен қатар АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Францияда жеке бөлімшелер ашуда [6, 72 б.]. Батыстағы алғашқы ислам банкі Іslamic Banking System (қазір Іslamic Finance House) 1978 жылы Люксембургте пайда болды. Швейцарияда «Дарль-Малаль-Ислами» 1981 жылы құрылды, кейін, Франция және Германияда көптеген халықаралық және ұлттық банктер ислам бөлімдерін ашты. Жоғарыда аталып кеткен банктердің көбінде ислам мудараба операциясы,сукук сияқты облигацияларын шығаруда.

Дамыған елдердегі ислам банктерінің қызметінің дамуы елдегі тұратын мұсылмандар санымен шартталады. Мысалы, АҚШ-тың мұсылман тұрғындары үлесі көп аймақтар Чикаго, Мичиган, Солтүстік Вирджиния, Миннеаполис, Оңтүстік Калифорния және Нью-Йоркте ислам қаржы институттары көптеп шоғырланған. Ислам банккингі аясын тек қана қаржы институттары ғана емес, сонымен қатар оқу мекемелері көрсетеді. АҚШ-та 20-дан астам депозиттік, қаржыландыру және қорларды басқару сияқты қызметтерді ұсынатын ислам қаржы институттары бар. Ислам қаржы қызметтерін ұсынатын қаржы институты ретінде HSBC, Lariba Finance House, Devon bank of Chicago т.б. атауға болады. Сонымен қатар, АҚШ-та ислам қаржы өнімдерін ұсынатын банктік емес ипотекалық және қаржы компаниялары бар. Ислам қаржыландыруы бойынша семинарлар және курстар өтуге мүмкіндік беретін оқу орындары ашылған. Мысалы, Гарвард университеті ислам қаржыландыруы бойынша жыл сайын форум өткізеді. 1987 жылы құрылған Лариба қаржы үйі ең заманауй ислам қаржы институты ретінде АҚШ-тың 35 штатында қызмет етеді. Лариба үй несиесі, шағын бизнесті қаржыландыру және сауда қаржыландыруы бойынша қызмет көрсетеді [7, 18 б.].

Батыс мемлекеттеріндегі мұсылмандардың саны аз болғанына қарамастан, заңнама арқылы ислам банктері қызметі үшін жағымды жағдайлар жасауға тырысуда. Дегенмен, соңғы он жылдықтағы ислам банктері қызметінің тәжірибесіне қарасақ, ислам банктері әкімшілік-басқарушылық, операциялық, сонымен қатар, құқықтық сипаттағы қиындықтарға тап болғанын байқауға болады. Ұзақ уақыт бойы құқықтық сипаттағы қиындықтың бірі ортақ стандарттардың болмауы, ол бизнес жүргізуді қиындатады және банк операциясының шариатқа сәйкестігі сияқты мәселелерды қамтиды. Батыс елдерде ортақ қаржы институтының болмауы сияқты, мұсылман елдерінде шариатқа қандай келісімдер сәйкес, қандай сәйкес емес екендігін анықтайтын ортақ шариаттық кеңес жоқ [8, 28 б.].

Бүгін күннің өзінде ислам банктерінің тәжірибесі және бірқатар операцияларымен байланысты мәселелерге қатысты қайшылықтар кездеседі, бірақ 2002 жылы Ислам қаржы қызметтері бойынша Малазиялық кеңестің құрылуымен жағдай біршама жақсы болды. Бұл халықаралық ұйымның құрылуы бірқатар мұсылман елдердің орталық банктерінің лауазымды тұлғалары және төрағаларының бастамашылығы, сонымен қатар, Ислам Даму банкі, Халықаралық валюталық қор және ислам қаржы институттарындағы бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ұйымның қолдауымен болған.

Ислам қаржы қызметтері бойынша Кеңестің штаб-пәтері орналасқан Малазияда 2002 жылы арнайы заң қабылданған. Бұл заң, Кеңеске халықаралық ұйымдар және дипломатиялық  өкілдіктер ие болатын, арнайы иммунитеттер және артықшылықтарды береді. Кеңес қызметі шеңберінде, жүзеге асырылып жатқан, сондай-ақ жаңа банктік құралдар және ислам қаржы институттары қатарына кіретін, ислам банктері және ислам сақтандыру компаниялары шариатқа сәйкес, басшылыққа алатын қаржы есебі стандарттарды жасайды. Бұл жағдайда, Кеңес қаржылық бақылауды жүзеге асыратын Базельдік комитет, Бағалы қағаздар бойынша Халықаралық комиссия, сақтандыру қызметі бойынша қадағалауды жүзеге асыратын халықаралық органдар ассоциациясы қызметін толықтырады. Бірақ бұл кенестің қызметі мұсылман елдерде әрекет етеді [9, 15 б.].

Әлемде барлық ислам банктері екі түрлі заңға бағынуы керек, нақты айтқанда ислам шариаты және ыңғайлы құқыққа. Исламдағы мұсылмандарға не істеу керек және не істуге тыйым салынған сияқты мәселе банктерге де қатысты. Ислам ілімімен ұсынылғанды орындамау ислам банктері олардан талап етілгенді әлі толық түсінбегенін білдіреді. Ислам банктері қызметі ислам шариаты құқығы бойынша жүзеге асырылыды, ал қолайлы құқық деп айтылған ол ислам банкі қызметін жүзеге асыратын мемлекеттің үкіметімен бекітілген заң. Қазір әлемдегі барлық ислам банктері қызметінде ұстанатын нақты бір заң жоқ. Көптеген ислам мемлекеттерінде ислам банктерін ашпас бұрын арнайы заңдар қабылданған болатын. Бұл заңдар ислам қағидалары негізінде банк қызметіне қатысқысы келетін мекемелер ұстануы керек жағдайлар және нормаларды анықтайды [10,142 б.].

Негізінен, мұсылмандық емес мемлекеттерде ислам банктері қызметін реттейтін арнайы заң қабылданған жоқ. Бұл елдерде шариат құқығы аясында білімнің жеткіліксіз болуы және ислам банк секторын шетел компанияларының басқаруына бермей, оны жеке қадағалауда ұстау мүддесінің болуы, қаржылық реттеу және қадағалау бойынша Басқарманың ислам банктері қызметін өз бақылауында ұстауын қарастырады. Ал, біздің елімізде «Исламдық банктер мен олардың қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның заңы әзірленіп, 2009 жылы қабылданды. Бұл заң елімізде ислам қаржы институттарының ашылуы және олардың өнімдерін, қаржы құралдарын енгізуде үлкен үлесін тигізді. Ислам банктерінің құқықтық табиғатының ерекшелігіне байланысты, оның қызметін реттеуде бірқатар  талаптар  орындалуы  қажет.  Ең алдымен, банктің барлық операцияларын шариатқа сәйкестігін анықтайтын, шариаттық бақылау кеңесінің болуы. Екіншіден, ислам банктері қызметі операцияларында пайыз алынбайтындығын белгілеу және сауда операцияларында табыстарды және шығыстарды тұтынушыларымен бірге бөлуі анықталуы қажет. Ислам банктері дәстүрлі коммерциялық банктерге қарағанда, олар инвестициялық-жинақтаушы компаниялар немесе несиелік ұйымдар сияқты қызмет ететіндігін аңғаруға болады. Осыдан ислам банктері мәртебесі және қызметін реттеу ерекшелігі туындап отыр. Қазір әлем бойынша ислам банктерінің қызметін реттеудің бірнеше тәсілдері бар. Бірінші тәсіл (монистік) Иран, Пәкістан, Судан сияқты мемлекеттерде қолданылады. Бұл мемлекеттерде әртүрлі уақытта банктік секторды исламдық бағытқа қою мүмкіндіктері жасалған. Екінші тәсіл (дуалистік) дәстүрлі банктердің қызметі дәстүрлі заңнама шеңберінде, ал исламдық банктер қызметі арнайы 1993 жылы қабылданған Ислам банк ісі туралы заңымен реттелетін Малазияда елінде қолданылады.Үшінші тәсіл ислам банктері қызмет ететін көптеген мемлекеттерде қолданылады, мұнда банктердің мәртебесі және қызметі дәстүрлі банктік заңнамамен реттеледі  [11,25 б.].

Ұлыбританияда ислам қаржы мекемесінің құрылуына алғашарттар бұрыннан бар еді. 1980 жылы Лондонда «Ал-Барака» деген ислам банкінің қызметіне тек қана мұсылмандар емес, сонымен қатар басқа дінді ұстанушыларда жүгінген. Оның тұтынушылар нарығы географиялық жағынан Лондонмен ғана шектелді, банктің басқа ірі қалаларда өкілдіктері ашылған. Ал-Барака банкі қызметі Англияның 1979 жылғы жалпы банктік заңнамасына сәйкес жүзеге асырылған. Басқа ислам банктеріне қарағанда, Ал-Барака өз қызметінде ислам қаржы қағидалары және мудараба, мушарака және мурабаха келісімдерін қолданған. Қызметін бақылау үшін шариат кеңесі, банктің барлық операцияларының шариатқа сәйкестігін тексеруді жүзеге асыратын. Алайда, 1990 жылдары Англия Банкінің талаптары және стандарттарының қатаң бола бастауына байланысты, басшылық банк қызметіне берілген лицензияны қайтып алды. 1993 жылы Ал-Барака банкі банктік қызметтер көрсетуін тоқтатып, ислам инвестициялық компаниясы ретінде қызметін жалғастырды [12, 6 б.].

Кейін, Ұлыбританияда және басқа трансұлттық банктер де ислам қаржыландыруы аясында қызметтерді ұсынған. Барлық ислам қызметтерін  ұсынатын  банктердің  қызметі,   дәстүрлі банктік заңнама шеңберінде жүзеге асырылатын. Әрине, мұсылмандық емес мемлекеттерде ислам банктерін құру үшін заңнамалық база қажет. Бұл мәселеде, Ұлыбританияның құқықтық негізі аса қолайлы саналады. Осылайша, 2004 жылы Ұлыбританияның Ислам банкі қызметі банктік заңнама негізінде реттеледі. Лондонда 2004 жылы Еуропа бойынша алғашқы толығымен исламдық банк өз қызметін бастаған. Банк өз қызметін толығымен шариатқа сәйкес, сонымен қатар Ұлыбританияда әрекет ететін банктік заңнама негізінде жүзеге асырады. Қазір Ұлыбританияда ислам қаржы институттарының саны өсуде және олардың тұрақтылығын байқауымызға болады.

Ислам банктері қызметін құқықтық реттеуде Ұлыбританияның тәжірибесі сөзсіз сәтті екенін айтуға болады. Бұл ислам банктерін құқықтық реттеуде арнайы заңнаманың қажет еместігін көрсетеді, алайда, қаржы құқығы аясындағы қызметінде заңнамада ерекше тәсілді талап етеді [13, 18 б.].

Соңғы он жыл ішінде, ислам банкингі тек қана мұсылман елдерінде емес, сонымен қатар әлемнің көптеген мемлекеттерінде қарқынды дамып жатқан экономиканың бір саласы. Қазақстанда ислам қаржыландыруының дамуы экономиканы көтеруге, мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Исламның тарихи қалыптасқан жағдайларына байланысты, Қазақстан халқының басым бөлі-  гі мұсылмандар болуы және ислам банкингінің Еуропа мемлекеттерінде әйгілі болуы және тәжірибесін ескеріп, ислам қаржы институттарының өнімдері сұранысқа ие болатының сеніммен айтуға болады.

Қорыта келгенде, ислам қаржы институттарының әлемнің көптеген елдерінде ашылуы, ислам қаржы құралдарының тиімділігін көрсетеді. Ол тиімділік ең алдымен ислам этикасы және табысқа жетудің жаңа жолдарын қолдануға байланысты. Ислам банктері аз ғана уақыт ішінде жетістіктерге жетіп қана қоймай, қоғамның дамуына үлес қосуда. Шариат талаптарына негізделген, ислам банктерінің қызметі тиімді ұйымдастырылуын көрсетеді. Қазір, осы исламдық қаржы институттарын құқықтық реттеу тәжірибесі сөзсіз өзекті мәселе.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Муфти Мухаммад Таки Усмани. Введение в исламские финансы. Деятельность исламских банков. – М.: Исламская книга, 2013. – 133 с.
  2. Кошаев.А Қазақстанда исламдық банк жүйесінің таралу мәселелері // Материалы Республиканской дистанционной конференции обучающихся «Актуальные вопросы современной юридической и экономической науки». – Алматы: Вестник Академии финансовой полиций, 2012. – №2 (18) – С.141.
  3. Павлов В.В Исламские банки в исламском финансовом праве / Отв. Ред. Фитуни Л.Л // – М: Анкил, – С.31
  4. Yahia K. Abdul-Rahman and Abdullah S. Tug // Introduction Towards a LARIBA (Islamic) Mortgage Financing in the United States Providing an Alternative to Traditional Mortgages. Presented at the Harvard University School of Law. 1998. – P.13
  5. Судин Харон, Ван Нурсофиза Ван Азми «Исламская финансовая и банковская система : Философия, прниципы и практика» Казань: – Линова-Медиа, 2012. – 282-284 с.
  6. Hasan Zubair // Profit Theory: the Islamic viewpoint,» MPRA Paper 3012, University Library of Munich, Germany.
  7. – P.18
  8. Журавлев А.Ю. Концептуальные начала исламской экономики// исламские финансы в современном мире : экономические и правовые аспекты/ под ред. Р.И. Беккина. – М., 2004. – С.
  9. Антипова О.Н. регулироование и пруденцияльный надзор за деятельностью банков за рубежом // Банковское дело.
  10. – М., 1997. – №6. – С. 28.
  11. Бирюков Е. Новые тенденций в деятельности исламских банков (на примере аравийских монархий) // Журнал «Мировая экономика и международные отношения», 2008. – №77 – С.
  12. Гибадуллин М.З., Вахитова Т.М. Основы исламской экономики: теория и практика хозяйствования: учебное пособие. – Казань, 2009. – С.142
  13. Трунин П.М., Каменских М., Муфтяхетдинова М. Исламская финансовая система: современное состояние и перспективы развития// Научные труды № 122 Р. – М.: Институт экономики переходного периода. – С.25.
  14. Прудникова Ю. Проблемы правового регулирования деятельности исламских банков в немусульманских странах// Проблемы современной экономики, 2005. – №3С.6.
  15. Грищенко С.В. Осуществление контроля в исламских банках, Ближний Восток и современность. – М., 1998. Выпуск 5. – С.18.
Жыл: 2015
Қала: Алматы