Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің саяси құқықтарына байланысты халықаралық құқықтық нормалар талаптарының сақталу мәселелері

Жеке тұлға мен мемлекеттің арасындағы байланысты айқындаушы санат ретінде азаматтықты танысақ, мемлекет өз кезегінде өз азаматтарының табиғи құқықтарын танып, қорғаумен ғана шектелмей, оларға өз тарапынан саяси құқықтарды  да береді. Адамның саяси құқықтары ретінде оның мемлекетті басқару ісіне араласуын және әртүрлі саяси ұйымдарға бірігу арқылы мемлекет саясатының бағытын айқындауға мүмкіндік алуын, сонымен қатар, мемлекеттегі саясатқа қатысты ашық пікір білдіру құқығын атап өтуге болады. Адамның саяси құқықтары көне замандардан бері тек сол елдің азаматтарына беріліп келеді. Ежелгі Афина мемлекетінде тек жиырмаға толған, екі жыл әскери міндетін өтеген азаматтар Халық жиналысына қатысып, ел үшін маңызы бар істерді талқылауға мүмкіндік алды [1, 9 б.]. Осы мысал арқылы ежелгі Афина мемлекетінің өз азаматтарына ғана саяси құқықтарды бергенін көреміз. Антикалық философияда адам құқықтары жайлы мәселелер қозғалып, ол кейіннен ортағасырлық христиандық философияға негіз болған кезеңдерде де адамның саяси құқықтары жайлы тұжырымдамалар толыққанды сипатқа ие бола қойған жоқ. Тек «адам құқықтарының бірінші кезеңі» ретінде танылған уақыттан бері адамның азаматтық және саяси құқықтары мемлекеттермен таныла бастады [2, 37 б.]. Қазіргі кезде адамның саяси құқықтары көбінесе мемлекеттің конституциясында нақтыланады. Әр мемлекеттің саяси режимінің сипатына қарай адамдарға берілетін саяси құқықтардың түрлері өзгеріп отырады. Қазақстан Республикасының Конституциясының «Адам және азамат» деп аталатын екінші бөлімінде саяси құқықтар айқындалған. Оларға адамдардың бірлесу бостандығына, бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқығы, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы жатқызылады. Сонымен қатар, Конституцияның 33-бабының 4-тармағына сай республика азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте болған кезеңінде оларға қатысты заңмен бекітілген шектеулер мен тыйымдардың болуы да заңдылық. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңының 10-бабына сәйкес мемлекеттiк қызметшiнiң: 1) өкiлдi органдардың депутаты болуға; 2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы қызметпен айналысуға; 3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне кiрмейтiн болса,  егер

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға; 4) үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынышты немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға; 5) өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға; 6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға; 7) лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ [3]. Менің ойымша, бұл шектеулердің тек біреуі ғана, яғни, «өкiлдi органдардың депутаты болуға мүмкіндігін болдырмаудың» мемлекеттік қызметшінің саяси құқықтарын шектейтіндігін көре аламыз. Тіпті, бұл нормаға сай, мемлекеттік қызметшінің мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiрмейтiн болса (мысалы, демалыс күндері, еңбек демалысы кезінде және т.б.) бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға құқығын жүзеге асыру мүмкіндігінің бар екендігін айта аламыз.

Осы шектеулерден өзге мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі бойынша бірталай міндеттер де жүктеледі. Кодекстің 2 бөлімі Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлқының жалпы қағидалары деп аталады. Осы норманың 5-тармағы бойынша, мемлекеттік  қызметшілер:

1)  заңдылық  қағидатын,  Қазақстан   Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға; 2) Қазақстан Республика-  сы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіретіндей іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге және т.б. көптеген талаптарды орындауы тиіс [4].

Заңдылық қағидасы мемлекеттің ең басты қағидасы болғандықтан, барлық мемлекеттік қызметші осы қағиданы басшылыққа алса онда мемлекеттік қызметте ешқандай да ақау болмасы анық. Бірақ, мемлекеттік аппаратының базистік, ал биліктің қондырмалық сипатын ескерсек, сол аппараттың негізін құраушы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға байланысты міндет жүктеудің артықтығын айта кеткіміз келеді. Себебі, мемлекеттегі билік демократия талаптарына сай ауыспалы сипатта болады, сәйкесінше, мемлекеттік қызметшілер билік басына келген топтың саяси бағытымен келіспесе де мемлекеттік қызмет бойынша өзінің күнделікті міндеттерін заң талаптары бойынша орындауы тиіс. Ал, бұл өз кезегінде әкімшілік мемлекеттік қызметшілер корпусының билік ауысқан сайын ауыспайтын, тұрақты сипатын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы заңда саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге нақты анықтама берілген. Соған сәйкес, мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi – Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қызметін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi. Ал, мемлекеттiк саяси қызметшi – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын  жә-  не саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты болатын мемлекеттiк қызметшi. Сәйкесінше, Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға байланысты міндет тек саяси мемлекеттік қызметшілерге жүктелгені көңілге қонымды болар еді. Ал, күнделікті жұмысында өзіне заң және лауазымдық нұсқаулық арқылы өкілеттіктері нақтыланған мемлекеттік әкімшілік қызметшінің заңдылық және кәсібилілік қағидаларын басшылыққа алып өз міндеттерін орындауы жеткілікті деп есептейміз және оның өз дербес саяси көзқарасы мен ұстанымының болуы оның атқаратын міндеттеріне байланыссыз болары сөзсіз.

2014 жылдың соңында әлеуметтік желілерде ең көп талқыланған тақырыптардың бірі Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушы Ж. Қасымбек 17 қазан 2014 жылы қол қойған «Интернет желісінде, оның ішінде әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қатысуы бар мекемелердің қызметкерлері үшін жадынама» болды [5, 1 б.]. Жадынама екі бөлімнен және сегіз тармақтан тұрады. Алғашқы бөлім Жалпы ережелер деп аталады, онда құжаттың қабылдану мақсатынан, негізге алынған нормативтік құқықтық актілерден және осы мәселеге қатысты дефинитивтік нормалардан тұрады. Жадынаманың 5 тармағының мәтінінде Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерінде көзделген шектеулерді қатаң ұстану міндеттелінеді.

Бір қызығы жадынамада оның Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Арнамыс кодексiне және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №453 Мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес әзірленгендігі айтылған. Бұл өз кезегінде жадынаманың еліміздің Конституциясының және еліміз ратификациялаған халықаралық құжаттардың адамның саяси құқықтары бойынша басты қағидаттарын басшылыққа алмағандығын көрсетеді. Олай дейтін себебеміз, осы жадынаманың 6-тармағына сәйкес Интернет желісінде, оның ішінде әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда жұмыс істеу барысында мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қатысуы бар мекемелердің қызметкерлері өзінің парағында жалпы мемлекеттің атына, сондай-ақ басқа мемлекеттік органның және мекеменің қызметкерлеріне бағытталған сыни фото, бейне, аудио және мәтіндік материалдарды жарияламауға және репосттамауға міндетті. Біздің түсінуімізше, бұл норма талабына сәйкес, кез келген мемлекеттік қызметші мемлекетте, мемлекеттік органдарда өзі куә болған және дұрыс деп санамайтын жағдайдың орын алғанына көз жұма қарап, оған қатысты өзіндік азаматтық ұстанымын білдіруіне және ол туралы өзгелермен бөлісуіне болмайды. Яғни, ол Қазақстан Республикасының азаматы ретінде өзіндік саяси ұстанымы мен көзқарастарын, қағидаларын ешкімге білдірмей, жасыруы қажет. Мұндай талап қою арқылы мемлекеттік қызметшінің ешқандай өзіндік ұстанымы жоқ, принципсіз, мылқау орындаушыға айналуына жол ашылады. Ал, мемлекеттік қызметшілерді осындай талаптар  арқылы  шектеу,  олардың арасындағы білікті мамандардың жаппай мемлекеттік қызметтен кетуіне, кейбіреулерінің депрессияға бой алдыруына, кейбіреулерінің мемлекетке деген қарсылықтарының артуына алып келері сөзсіз. Бұл норма талабы тікелей мемлекеттік қызметшілердің саяси құқықтарын шектеуге бағытталған, бірақ еліміздің Конституциясы да, халықаралық құжаттар да мемлекеттік қызметшілердің ақпарат алу немесе таратуға байланысты құқықтарын шектемейді. Керісінше, Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-бабының 1-тармағына сәйкес, сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі, цензураға тыйым салынады. Сонымен қатар, осы баптың екінші тармағы бойынша әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Ал, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі арнайы заңмен белгіленеді. Аталмыш норма талабы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда №217 Ақабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 19-бабына да кереғар келеді. Оған сәйкес, әр адам наным-сенім бостандығына және өз көзқарасын еркін білдіруіне құқығы бар; бұл құқық өз наным-сенімін кедергісіз ұстану еркіндігін және мемлекеттік шекаралар тәртібіне тәуелді болып қалмай, ақпараттар мен идеяларды еркін іздеп, кез келген құралдар арқылы тарату бостандығын  да  қамтыйды  [6, 1 б.]. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 28 қарашадағы №91 Заңымен Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификацияланған болатын. Осы пактінің 19-бабының 1-тармағы бойынша, әрбiр адам өз ой-пiкiрiн еш кедергiсiз ұстануға құқылы. Ал екінші тармағы әрбiр адам өз пiкiрiн еркiн бiлдiруге құқылы екендігін айқындайды. Бұл құқық мемлекеттiк шекараларға қарамастан кез келген ақпараттар мен идеяларды еркiн iздеу, тауып алу және оларды өз қалауынша таңдап алған құралдар арқылы ауызша, жазбаша немесе баспасөз арқылы немесе көркемдiк бейнелеу формалары түрiнде тарату бостандығын да қамтиды [7, 1 б.]. Халықаралық нормалардың ұлттық нормаларға қарағанда басымдығын ескерсек, ратификацияланған осы пактінің нормасының аталмыш жадынаманың кейбір нормалары арқылы өрескел бұзылып отырғанын алға тарта аламыз.

Аталған жадынаманың 7-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының саясатын және жүргізіп жатқан саясатын сынға алатын, мемлекеттік құрылымды өзгертуге, сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға шақыратын топтарға және бірлестіктер қатарына кірмеуге, Қазақстан Республикасының саясатын және жүргізіп жатқан саясатын сынға алатын, мемлекеттік құрылымды өзгертуге, сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға шақыратын пайдаланушыларды достарға қоспау ұсынылады. Мемлекеттік құрылымды өзгертуге, сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға шақыратын  адамдар  немесе топтар Қазақстан Республикасының 3 шілде 2014 жылы қабылданған қылмыстық кодексінің 179, 180 баптары бойынша қылмыстық қудалануға жататынын ескерсек, олардың әлеуметтік желілерде жұмыс істеуі мүмкін де емес. Бұл норма ең алдымен еліміздің билігін сынға алатын, өзгеше ойлайтын, оппозициялық бағыттағы адамдармен, топтармен мемлекеттік қызметшінің мүлдем байланыс жасамауын талап етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясының 39-бабының 1-тармағы бойынша адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін. Осы баптың 3-тармағына сәйкес, саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Яғни, мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының саясатын және жүргізіп жатқан саясатын сынға алуға және өз ойымен осындай бағытта құрылған топтар мен бірлестіктерге кіруге құқығын шектеу адамдардың Конституциялық құқығын саяси себептер бойынша шектеудің айқын көрінісі болып табылады.

Қазақстандық қоғам қайраткерлері, парламент депутаттары бұл нормаға қатысты өзіндік пікірлерін білдірген болатын.  Солардың  бірі  Ә. Қосанов өз ойын келесідей білдіреді: «Жадынамада Қазақстан Республикасының саясатын және жүргізіп жатқан саясатын сынға алатын, мемлекеттік құрылымды өзгертуге, сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға шақыратын пайдаланушыларды достарға қоспау» деген нақты талап бар. Өте даулы пункт! Біріншіден, шенеуніктерге билікті сынаушылармен ашық пікірталас пен диалогқа түсу артық болмас еді. Түптің түбінде өз пікірің мен ойыңды қорғап, дәлелдеп шығу қажет емес пе! Екіншіден, интернет желісінде «мемлекеттік құрылымды өзгертуге, сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға шақыратындар» болмауы тиіс! Жаңа жылдан бері бұл үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Егер қатардағы шенеуніктердің орнында болсам мен ашуланар едім. Мен азаматпын және өз елімнің патриотымын, ересек адам ретінде мен өзімді әлеуметтік желілерде қалай ұстау қажет екендігін білемін. Конституция мен заңдар бар, мен оларды бұзуға ниетті емеспін!» [8, 1 б.]. Мәжіліс депутаты РК Азат Перуашев та бұл нормаға қатысты өз сынын: «жеке қалауға байланысты нәрселерге келер болсақ, бұл ең алдымен мемлекеттік қызметшінің жеке өміріне қолсұғушылық болып табылады. Егер ол жұмыс уақытында интернетте отырса бір сәрі, ал, жұмыстан бос уақытында интернетке немесе фейсбукке кіріп өз достарының жазғандарына лайк басқаны үшін... Ол оның экстремистік топтың мүшесі екендігін қайдан білсін. Біздің түптеп келгенде кінәсіздік презумпциясына жүгінуімізге болады, ешбір адам оның кінәсі сотпен дәлелденгенше кінәлі болып табылмайды, – деп білдіреді. «Мүмкін қазіргі орын алып жатқан нақты алаңдаушылықтар осындай жадынама жасауға итермелеп жатқан болар, бірақ, либералдық, демократиялық ұстанымдар тұрғысынан алып қарағанда бұл жақсы емес, – деп өз ойын қорытындылайды [9, 1 б.].

Жалпы алғанда  мемлекеттік  қызметшілердің ең алдымен адам екендігін ескерсек, жоғарыда айтылған нормалар талаптары адамның саяси құқықтарын шектеуге бағытталғанын атап өтуге болады және осындай жадынама жасап, оның талаптарын орындауды талап етудің өзі құқықтық мемлекет қағидаларына қайшы келеді. Мемлекеттік қызметшілердің саяси құқықтарына қатысты кейбір шектеулер енгізудің еліміздің Конституциясына, еліміз ратификациялаған халықаралық құжаттардың талаптарына да сәйкес еместігін ескерткіміз келеді. Демократиялық қоғамда мемлекеттік қызметшілерге интернет желісінде, оның ішінде әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда жұмыс істеу бойынша шектеулер қою олардың жеке құқықтарын шектейтіндігін ескерсек, мұндай жадынаманы қабылдаудың өзінің артық екендігін айта аламыз. Сол себепті, біріншіден, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс  кодексінің  2  бөлімі 5 тармағының 2 тармақшасы бойынша, тек мемлекеттік саяси қызметшілерге ғана «Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын  жақтау-  ға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіретіндей іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге және т.б. тиіс» деген талапты қою қажеттілігін ұсынамыз. Екіншіден, интернет желісінде, оның ішінде әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда  жұмыс  істейтін  мемлекеттік  органдардың және мемлекеттік қатысуы бар мекемелердің қызметкерлері үшін жадынаманың «Интернет желісінде, оның ішінде әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда жұмыс істеу барасындан мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қатысуы бар мекемелердің қызметкерлері өзінің парағында жалпы мемлекеттің атына, сондай-ақ басқа мемлекеттік органның және мекеменің қызметкерлеріне бағытталған сыни фото, бейне, аудио және мәтіндік материалдарды жарияламауға және  репосттамауға  міндетті».  Сонымен  қатар, «Қазақстан Республикасының саясатын және жүргізіп жатқан саясатын сынға алатын, мемлекеттік құрылымды өзгертуге, сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға шақыратын топтарға және бірлестіктер қатарына кірмеуге, Қазақстан Республикасының саясатын және жүргізіп жатқан саясатын сынға алатын, мемлекеттік құрылымды өзгертуге, сепаратизмге немесе егемендіктен бас тартуға шақыратын пайдаланушыларды достарға қоспау ұсынылады», – деген нормаларын алып тастауды ұсынамыз.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Розахунова Н.Р. и другие. Теория прав человека. Учебное пособие. – Бишкек: КНУ им. Ж.Баласагына, – 288 с.
  2. Бусурманов Ж.Д. Евразийская концепция прав человека. – Алматы: КазГЮУ, 2006. – 481 с.
  3. Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №453 Заңы // «Әділет» Қ. Р. нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі: URL:www.adilet.zan.kz, Accessed: 02.2015.
  4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілер  қызмет  этикасының  қағидалары) // «Әділет» Қ. Р. нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі: URL:www.adilet.zan.kz, Accessed: 25.02.2015.
  5. Интернет желісінде, оның ішінде әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың және мемлекеттік қатысуы бар мекемелердің қызметкерлері үшін жадынама //сайт РГП на ПХВ «Республиканская Ветеринарная Лаборатория» КВКиН при МСХ РК: 30.10.2014 – URL: www.rvl.kz/index.php/ru-RU/zakony/.../392-2014-10-30-09-50-37, Accessed: 02.2015.
  6. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. 10 желтоқсан 1948 ж. // «Әділет» Қ. Р. нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі: URL:www.adilet.zan.kz, Accessed: 25.02.2015.
  7. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт. – Нью-Йорк.
  8. 16 желтоқсан 1966 жыл.// «Әділет» Қ. Р. нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі: URL:www. kz›view/61482/, Accessed: 25.02.2015.
  9. Косанов А., Преддверие взрыва? // Новая газета: 15.01.2015 – URL:www.novgaz.com/index.php/2-news/1279, Accessed:15.01.2015.
  10. Депутаты не согласились с некоторыми пунктами памятки госслужащим // Dixinews: 14 января 2015 – URL: www. kz›articles/1170/, Accessed: 25.02.2015.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.