Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Медицина қызметкерлерінің арасында орын алған абайсыздықтағы қылмыстылықтың алдын алудың негізгі бағыттары

Медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы қылмыстары абайсызда жасалатын қылмыстарға жатады. Абайсызда жасалынатын қылмыстар жалпы қылмыстылықтың бір бөлігі болып танылады. Қылмыстық құқықтық әдебиетте абайсыз қылмыстылық, қылмысты абайсыздық, абайсыз қылмыстар терминдері кеңінен қолданылады. Жеке, ерекше және жалпы өзара қатынасы диалектикасын ескере отырып, аталған терминдерді қолдану барысында, заң абайсызда жасалған қылмыс ұғымын басымдықтардың қатарына жатқызады.

«Абайсыз қылмыстылық» ұғымының мазмұны қылмыстық заңның жай-күйінен, онда көзделген абайсыз қылмыстар және оларды сипаттайтын белгілеріне байланысты.

Қылмыстық абайсыздықта белгілі бір кезеңде қоғамда (аймақта) орын алған абайсызда жасалған барлық қылмыстардың жиынтығын құрайды.

Қылмыстылық қоғамның өзгермелі, жағымсыз, объективті және әлеуметтік құбылысы ретінде сипатталады. Осыған байланысты қылмыстылықтың да ұғымы өзгеріп отырады. Я. Гилинскийдің пікірінше, ресейлік әдебиетте қылмыстылық ұғымы белгілі бір кезеңде, белгілі бір аумақта жасалған барлық қылмыстардың жиынтығын білдіретін таптық қоғамның тарихи өтпелі әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде ұзақ уақыт бойы үстемдік құрып келді. Соңғы жылдары қылмыстылықтың неғұрлым тура анықтамалары пайда бола бастады. Сонымен қылмыстылық – өзінің заңдылықтары, саны және сапалық белгілері бар, қоғам және адамдар үшін кері салдарларға алып келетін және оларды бақылау үшін өзіне тән мемлекеттік және қоғамдық шараларды талап ететін адамзат қоғамында өмір сүретін жағымсыз әлеуметтік-құқықтық құбылыс [1, 28 б.].

Абайсызда жасалынған қылмыстардың генезисінде әрқашанда субъектінің ұқыпсыздығы немесе қателігінің нәтижесінде қылмыстық құқықпен қорғалған қоғам, тұлға мүддесіне зиян келтіріледі, кейбір жағдайларда зиянды зардаптардың туындауының нақты қаупі келтіріледі.

Кеңірек алғанда абайсызда жасалынған қылмыстар субъекті (тұлға, оның мақсаттары, пиғылы, мінез-құлқы) мен объективті (жағдай, қару немесе құрал) мән-жайлардың арасындағы қарама-қайшылықпен байланысты. Осы жерде егер  абайсызда жасалған қылмыстардың нақты себебі болып жеке тұлғаның қауіпті ситуациямен және құралдармен өзара әрекеті танылса, онда тұлғаның кемшіліктері, қылмыстық абайсыздыққа алып келген жағдайдың, құралдың қауіпті ерекшеліктері, терең әлеуметтік себептерде және жағдайларда жатыр.

Қылмысты абайсызда жасау мәселесі жалпы қылмыстылық ішінде екінші орынға ысырылып, оған онша мән берілмеу нәтижесінде қоғамға зардаптар әкелуде.

Абайсызда жасалынатын қылмыс механизмі субъективті және объективті өзара әрекетті құрайды. Абайсызда зиян келтіру тұлғаға қойылатын объективті талап жағдайлары және осы жағдайды тұлғаның субъективті қабылдауының адекватты емес арасындағы қарама-қайшылығының нәтижесінде жатыр. Жеке тұлға көбінесе жағдайдың талаптарына қатысты дәрменсіз боп қалады.

Медицина қызметі саласындағы абайсыздық қылмыстылығымен күресудің басымдықты бағыттарының бірі болып, емдеу мекемелерінің қызметіндегі осы жағымсыз құбылысты жасамау үшін ұтымды әсер етуді әзірлеу және себептерін анықтау мен бейтараптандыру. Ақ халатты тұлғаларға мемлекет тарапынан сазайын тарттыру арқылы әсер етудің шектеулі мүмкінідіктерін ескере отырып, қылмыстылықтың деңгейін азайтуға және оның дамуының негізгі тенденцияларын анықтауға мүмкіндік беретіндігін анықтауға талпыныс жасадық. Медицина қызметкерлерімен жасалатын кәсіби қылмыстардың алдын алудың пара пар шараларын анықтаудың күрделілігі бірқатар мәселелермен байланысты: біріншіден, «медициналық қателік», «ятрогения», «медициналық көмек көрсетудің ақауы» ұғымдарына түсінік берілмеген. Екіншіден, ҚР Жоғары Сотының «Медицина қызметкерлерімен жасалатын қылмыстар» туралы кәсіби түсіндірулері жоқ. Криминологиялық әдебиетте қылмыстардың алдын алу қызметін нақтылау үшін бірнеше терминдер «алдын алу», «сақтандыру»,

«тойтару», «бұлтартпау», «превенция» және басқалары қолданылады. Бірқатар жағдайларда бұл ұғымдар олардың ерекше мазмұнын бөліп көрсете отырып айырады, басқасында – ұқсас термин ретінде қолданылады. О. Старковтың пікірінше, бұл ұғымдар белгілі бір дәрежеде бірін-бірі толықтыра отырып, келесідей мазмұнды білдіреді:–қылмыстылықтың және қылмыстың алдын алу, яғни бұл ұғымдарды жалпы әлеуметтік деңгейде қылмыстылыққа және оның типтеріне жол бермеуіне қатысты қолдануға болады. [2; 55 б].

Қылмыстардың алдын алу – құқықпен қорғалатын құндылықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әлеуметтік басқарудың ерекше түрі жә-  не қылмыстардың себептерін, оны жасауға әсер ететін жағдайларды алдын алуға және жоюға мақсатты бағытталған шаралар жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ мінез-құлқы құқыққа қайшы іс-әрекетті жасауға бейім адамдарға ескерту [3; 27 б.]. Криминологиялық еңбектерде қылмыстардың алдын алудың (превенция) дәрежесі және түрлері мәселелеріне байланысты негізінен екі түрлі көзқарас кездеседі. Алғашқылардың пікірлерінше, екі деңгей бар: жалпы әлеуметтік және қоғамдық. Сондай-ақ қылмыстардың себептеріне және жағдайларына тікелей бағытталған – арнаулы криминологиялық. Олар өз кезегінде екі түрге бөлінеді:

  • жалпы алдын алу, негізінен қылмыстық мінез-құлықтың шағын ортасына бағытталған, яғни жеке басқа ешкімге тікелей бағытталмаған;
  • жеке-қылмыс жасауы мүмкін адамның тұлғасы.

Қылмыстылықтың алдын алу иерархиялық жағынан өзара байланысты міндеттерден тұрады. Олардың біріншісі – толықтай алғанда қылмыстылықтың динамикасына,  құрылымына және себептеріне профилактикалық әсер ету (әлеуметтік профилактика). Екіншіден – қылмыстылық мінез-құлықтың түрлерін және нысандарын ескерту, қоғамдық өмірдің белгілі бір салаларын сақтандыру, жекелеген әлеуметтік топтардағы адамдардың қылмыстарының алдын алу (криминологиялық профилактика). Үшінші міндеті ретінде жекелеген адамдардың жасаған қылмысын ескерту (жеке криминологиялық профилактика).

Екінші позицияны ұстанатындар үш деңгейді бөліп көрсетеді:

  • жалпы әлеуметтік, яғни, бүкіл қоғамның шегінде жүзеге асырылады;
  • топтық, тұрмыстық топтарға, еңбек ұжымдарына, формалды емес бірлестіктерге бағытталған, мысалы «жиындар» және формалды бірлестіктер;
  • әлеуметтік.Сондықтан, жалпы профилактикалық шаралар жүйесіне әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық, құқықтық, әлеуметтік-мәдени, техникалық және басқалары кіреді. Жалпы алдын алу жүйесінде құқықтық шаралар маңызды орын алады. Олар: құқықтық тәрбиелеу, денсаулық сақтау саласындағы құқықтық білімді насихаттау. Бұл бағыттағы мақсатты жұмыстар – нормативті актілерді әзірлейтін барлық мемлекеттік органдарға,  министрліктерге және ведомстволарға жүктеледі. Қылмыстылықтың жалпы алдын алуда қоғам өмірін экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани салаларын сауықтыруға байланысты шаралар жатқызылады. Субъектілері ретінде әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар, азаматтық қоғамның институттары танылады.

Қылмыстылықтың арнаулы алдын алуда қылмыстылықты жасауға әсер ететін себептер және жағдайларды жоюға байланысты шаралар, сондай-ақ қылмыстарды бұлтартпау, тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын жүзеге асыру, осы немесе басқа да адамның мінез-құлқын ұжымда талқылау, соттардың, прокурорлардың, тергеушілердің, полиция қызметкерлерінің жаппай-түсіндіру жұмыстары жатқызылады [4, 27 б.]. Жеке тұлғаға қатысты жүзеге асырылатын жеке алдын алу шаралары осы тұлғаның және оның мінез-құлқының ішкі жағымсыз белгілерін бейтараптандыратын немесе жоятын әлеуметтік құрал. Қылмыстылықпен күресу – келесідей үш жүйенің бірлігінен, яғни күресуді жалпы ұйымдастыру, қылмыстылықтың алдын алу және құқық қорғау қызметін көрсететін күрделі жүйелік қызметтен тұрады [5, 380 б.]. Қылмыстылықпен күресу – көп жақты маңызға ие ұғым және тәжірибелік жағынан түсінікті ұғым. Қылмыстылықпен күресу ұғымы ғылыми ортада да, тәжірибелік қызметкерлердің арасында да кеңінен тараған және ешқандай елеулі түсініспеушіліктер туындатпайды [6, 36 б.]. Денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды, концепцияларды әзірлеу барысында мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, парламент депутаттарының, денсаулық сақтау жүйесінің білікті мамандарының, заңгерлердің, экономистердің іс-әрекеттерін үйлестіре отырып жұмыс жүргізілсе, осы тұрғыдағы қылмыстылықтың алдын алуда оңтайлы жол болар еді. Криминологияда қылмыстылықтың алдын алудың субъектілеріне кең тұрғыдан барлық мемлекеттік және қоғамдық институттар, өзінің қызметімен қылмыстылықтың алдын алуға ықпал ете алатын азаматтардың бірлестігі жатады. Осы субъектілер аталған мақсаттар үшін арнайы құрылған өздерінің құзыреттері және өкілеттіктері арқылы криминологиялық алдын алу шараларын жүзеге асырады.Көрсетілген субъектілер әртүрлі негіздер бойынша топтастырылады. Біріншісі – тікелей қылмыстың жеке профилактикасын жүргізетін субъектілер. Екінші топқа – өздерінің бақылау және құқық қорғау құзыреттерін атқару барысында алдын алу шараларын жүзеге асыратын субьектілер. Үшінші топты қылмыстардың алдын алуға байланысты іс-әрекетке басшылық жасайтын немесе үйлестіретін субъектілер [7, 109 б.]. Қылмыстардың жеке алдын ала ескертудің объектісі және оның өмір сүруінің криминалды сипаттамасын беретін тұлғаның мінез-құлқының субъективтік негізін (себептерін және жағдайларын) жою мақсатына жетуге бағытталады [8, 8 б.]. Тікелей қылмыстың жеке профилактикасын жүргізетін субъектілерге отбасы, еңбек және оқу ұжымдары, азаматтар немесе қоғамдық өзін-өзі басқаратын органдардың бірлестіктері, сондай-ақ құқық қорғау органдары шеңберінде қылмыстылықтың алдын алуға байланысты құрылатын ұйымдық құрылымдар жатады. Бұл субъектілер адамның өмір сүру жағдайларына және тәрбиесіне тікелей ықпал ете отырып, криминогенді жағдайды төмендетеді, қоғамға қарсы әрекеттердің қоғамға қауіпті іс-әрекетке айналып кетпеуінің алдын алады, олардың себептерін және шарттарын анықтайды және жояды, қылмыстардың қайталануының болуына жол бермейді.Қылмыс жасауға әсер ететін мән-жайлар дәлелдеудің қылмыстық-іс жүргізу құралдарының көмегімен анықталады, профилактикалық шараларды шешу және жүргізу соттың жеке ұйғарымдарын шығару жолымен ресімделеді. Қазіргі таңда қолданыстағы қылмыстық заңнама науқастың денсаулығына ауыр зиян туындаған кезде немесе өлімге алып келген ғана кезде медицина қызметкерлерін жауаптылыққа тарта алады. Адамның өміріне және денсаулығына қарсы медицина қызметкерлерінің біліксіздікпен сараланған іс-әрекеттері қылмыстық құқықтың реттейтін саласынан тыс қалуда. Тиісінше, медицина қызметкерлерінің құқыққа қайшы іс-әрекеттерін қылмыстық құқықтық бағалау аталған іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесіне сай келмейді.

Біздің пікірімізше, медицина қызметкерлерінің науқастардың денсаулығына абайсызда зиян келтіруі немесе өлімге алып келуі медицина қызметкерлерінің жұмысы қателіксіз жүзеге асырылмайтындығы белгілі болғандықтан қылмыстық құқықтық осыған сай құрылуы тиіс. Сол себепті, дәрігерлердің қателікпен жасалынған іс-әрекеттерін саралау медициналық қызметті құқықтық реттеумен байланысты. Қазіргі таңда осы тұрғыдағы қылмыстардың алдын алу оның әлеуметтік жағынын мұқият, жан-жақты зерттеу және талдау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Медицина қызметкерлерінің арасындағы абайсызда жасалынған қылмыстылық әртүрлі сипаттағы әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық және жеке-психологиялық ерекшелікпен байланысты. Осы келеңсіз құбылыспен күресу кешенді сипатты иелене отырып, жалпы және арнайы сақтандырудан тұруы қажет. Жалпы алдын алу шаралары әлеуметтік себептермен өзара байланыста бола отырып келесідей шараларды қамтуы тиіс: денсаулық сақтау саласындағы реформаларды құқықтық қамтамасыз етуді күшейту, денсаулық сақтау саласындағы нормативті құқықтық актілерді кешенді бағалау, заңдардың бір біріне деген қарама қайшылығын анықтау, медицина саласындағы қылмыстарға қарсы тұруда құқық қорғау органдарының жұмысының тиімділігін арттыру, медицина қызметкерлері тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтардың есептілігі мен статистикалық тіркелуінің нысанын жетілдіру, аталған санаттағы істер бойынша құқық қолдану және сот тәжірибесін үздіксіз мониторингтеу біріңғай мемлекеттік жүйесін құру.

Медицина қызметкерлері арасында абайсызда жасалатын қылмыстардың арнайы алдын алу шараларына: медициналық істер бойынша сот-медицналық сараптамасына динамикалық талдауды жүргізу; халықты ұдайы медицинаның күрделілігі, азаматтардың денсаулық сақтау саласындағы құқықтары мен міндеттері туралы виктимологиялық ақпарат әзірлеу және жүргізу; құқықтық және медициналық маңызына байланысты (соның ішінде науқастың электронды тарихы) медициналық құжат жүргізуді жақсарту. Заң бағытындағы жоғары оқу орындарында «Медициналық құқық» пәнін енгізу қажет.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Гилинский.Я Понятие преступности в современной криминологий // Предупреждение преступности. – 2005. – №1.– С. 28-34.
  2. Старков О. Основы теории профилактики в криминологии // Предупреждение преступности, 2006. – №4. – 55 с.
  3. Алауханов. Е.О. Зарипов.З. Профилактика преступлений: Учебник. – Алматы: Заң әдебиеті, 2008. – 375 с.
  4. Кудрявцев В.Н. Советская криминология наука о предупреждении преступлении. – М.: Изд-во Знание, – 32 с.
  5. Гельфер М.А., Гришаев П.И., Здравомыслов Б.В. Советская криминология. – М.: Изд-во Всесозный юридический заочный институт, 1967. – 120 с.
  6. Криминология: Учебник для вузов 3-е издание / под общ ред д.ю.н. проф. А.Н. Долговой. – М.: Изд-во Норма,– 900 с.
  7. Миндагулов А.Х. Борьба с преступностью как управленческий процесс // Предупреждение преступности. – – С.36-42.
  8. Бурлаков В.Н., Орехов В.В. Индивидуальное предупреждение преступлений вопросы теорий и практики. – Л.: Издво ЛГУ, 1988. – 86 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.