Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жару арқылы жасалған терроризм актісіне қарау жүргізуге маманның қатысуы

Терроризмге әлем бойынша барлық мамандардың қызығушылықтары артуда, алайда соңғы кезде бұл салада ғылыми зерттеулердің рөлі ерекше зор, әлемде болып жатқан жағдайлар оның дамуындағы жаңа бағытты куәландырады [1].

Жарылғыш заттарды пайдалану арқылы терроризм жасау, біздің ойымызша, ең қауіпті терроризм түріне жатады, өйткені мұндай әрекеттердің салдарынан қылмыстық әрекеттің құрбандарының саны артқан, мүліктің шығын көлемі де өскен және ғимараттар және тіршілікті қамтамасыз ететін басқа да объектілер қираған үйінділерге айналады, көлік құралдары (әуе, және теңіз кемелері, темір жол объектілері) және басқа да құндылықтарға зиян келеді.

Қазіргі техникалық құралдар мен ақпараттың қол жетімді кезеңінде, жарылғыш заттарды дайындау мол қаражат пен материалдық шығынды талап етпейді. Қашықтан басқаратын және сағат механизмі бар жарылғыш құрылғыларды пайдалану мүмкіндігі терроризмнің қауіптілігін арттырады. Мұнымен қатар, болған жарылыстарды бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен жариялайды, ол террористердің өз мақсаттарына қол жеткізуіне ықпал етеді.

Террактіні жасаудың қарастырылып отырған тәсілі дүниежүзінде және Қазақстан Республикасында да кеңінен таралғанын атап өткен жөн. Жарылғыш заттар (әрі қарай-ЖЗ) мен жарылғыш құрылғылардың (әрі қарай-ЖҚ) көптүрлілігі және өзіндік ерекшеліктері, іздері және жарылыстың салдары арнайы танымды кеңінен қолдану қажеттілігін негіздейді [2]. Терроризммен байланысты қылмыстарды тиімді ашу мен тергеу арнайы білімдерді қолдануға тікелей байланысты. Мұндай тұжырым тәжірибенің қажеттілігінен туындап және тергеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Терроризмді тергеуде арнайы білімдерді қолдану – тергеу әрекеттерінің тиімділігін көтеріп, оларды толық және мақсатқы сай  ете түседі.

Қазіргі уақытта терроризмнің түрлеріне қарай оның көптеген анықтамасы кездеседі: мемлекеттік, халықаралық, ішкі (саяси, қылмыстық, биологиялық ақпараттық, идеологиялық, сепаратистік, этникалық және діни) және т.б. Терроризмнің жекеленген түрлерінің ерекшеліктері олардың дара,  бір-біріне бағынбай жүзеге асырылатындығында, алайда олар өзара жиі ұштасып жатады.

Терроризмнің мәселесіне мамандығы мен құзыретіне сай көптеген ғалымдардың және практикалық қызметкерлердің еңбектері бағытталған.

Жарылғыш құрылғылар мен жарылғыш заттар қорқытудың құралына айналды. Жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды қолданумен жасалған террроризм актілерін ашу мен тергеуде олардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты қиыншылықтар кездеседі. Мұндағы ерекше қыйыншылық тергеудің бастапқы сатысында және тиісті сараптаманы анықтау мен тағайындау процесінде туындайды. Бұл мақалада терроризм актілерін тергеу процесіне қажетті мамандарды тарту және де оқиға орнына қарау жүргізу мәселелеріне нақтырақ тоқталуға тырысайық.

Оқиға орнын тексеру – бұл оқиға орнынан тікелей қабылдайтын, қалыптасқан жағдайын зерттеуге, бекітуге және анықтауға бағытталған, қылмыс пен қылмыскердің іздерін және өзге де фактілік мәліметтерді, басқа дәлелдемелердің бірлесу негізінде тергеліп жатқан оқиғаның өзге де жағдайлары мен оқиғаның механизмі туралы қорытынды жасайтын бастапқы тергеу әрекеті [3].

Уақытылы және сапалы жүргізілген оқиға орнын тексеру, дәлелдеу затына кіретін барлық жағдайға қатысты маңызды фактілік мәліметтерді алу мүмкіндігін уақытылы және сапалы жүргізілген оқиға орнын тексеру береді.

Оқиға орнын қараудың кейінге қалдырылмайтындығы, бұл тек дәлелдемелердің жоғалуымен ғана емес, оны жүргізу барысында алынған ақпараттың негізделген тергеу версиясын ұсынуға қажетті ерекше мәнімен, оларды тексерудің мақсатты жолдарын анықтаумен, іздеуге жататын қылмыскерді немесе қылмыскерлерді анықтаумен, қылмыстың «ізін суытпай» ашуды ұйымдастырумен байланысты [4].

ЖҚ және ЖЗ қолданумен жасалған терроризм актісі оқиғасының орнын тексерудің негізгі міндеттері:

  • оқиға орнын анықтау және белгілеу;
  • жарылыстың техникалық себептерін және онымен байланысты қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау, іздерді табу және алу;
  • қылмысты жасауға итеремлеген себептер мен жағдайларды анықтау.

Оқиға орнын тексеруді бірнеше кезеңге бөлуге болады: оқиға орнына баруды ұйымдастыру бойынша даярлық шараларынан және тікелей оқиға  орнын  тексеруге  дайындықтан  тұратын тексеруге даярлық, тікелей тексеру және тексеру нәтижелерін және қылмыс материалдарының ізін алуды қамтитын қорытындылау кезеңі.

Қазіргі ғылым мен тәжірибелік қызмет терроризммен күресуде техника-криминалистикалық құралдарды пайдалануға ерекше назар аударуда. ЖҚ және ЖЗ пайдаланып терроризм актісі жасалған орынды тексеруде алынған ақпараттың тергеу үшін маңызы зор. ЖҚ және ЖЗ пайдаланудың ізін дұрыс алу және бекіту, жарылыс болған жерде алдын ала тексеруге және зертхана жағдайында әрі қарай тексеруге қажетті барлық криминалистикалық ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Одан басқа, криминалист маманның жүргізетін барлық әрекеттері Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілерінің талаптарына сай болуы тиіс. Маман ретінде Қазақстан Республикасы ІІО маман – криминалистері және басқа да мамандар (жарылыс технигі, физик, химик т.б) қатыстырылады.

Жарылыс орнынан алынған барлық объектілерді бүлдірмей қораптармен жеке құрғақ және қараңғы бөлмеге жеткізіледі және одан соң қорапты ашпай тексеруге жібереді. Жарылыс орнынан іздер мен заттарды алу кезінде бұрын ол жерде болмаған заттың барлығы жиналуын қарастыратын ережені негізге алу керек [5].

Терроризм акісі бойынша оқиға болған жерді қарау хаттамасы оқиға орнынан табылған іздер мен заттардың, құжаттардың ерекшеліктері туралы нақты түсінігін және сипаттамасын беруі тиіс. Олардың әрқайсысына қатысты заттай айғақтың жеке белгілері, нақты орны, жағдайы көрсетілуі тиіс.

Хаттамаға көрнекі құралдар ретінде белгіленген тексеру объектілерінің арақашықтықтары, жалпы топографиялық белгілер мен криминалистикалық объектілердің шартты белгілерін пайдалана отырып жасалған сызбалар қоса тігіледі.

ІІО қызметкерлері мен криминалист мамандарға арналған бірқатар жадынамалар әзірленген. Практикалық материалдар мен ғылыми еңбектерді оқып зерттей келе, тексеру барысында келесі шаралар жүргізілуі қажет деп санаймыз. Олар:

  • түйіндік және тетіктік суретке түсіру, өйткені жарылыс техникалық зерттеуде заттар мен олардың арасындағы арақашықтығы мен өзара орналасуының маңызы зор. Тетіктік суретке түсіру кезінде заттың қасына және оның бетіне бір жазықтыққа қоя отырып, масштабты сызғышты пайдаланған дұрыс. Зат кадрдың жоғары бетін алуы тиіс. Адамның мәйіті мен киіміндегі дақтарды және жарылыс күлін түсіру үшін түрлітүсті сурет материалдарын пайдаланған жөн;
  • мәйіттің қалпы, ЖҚ қалдығы және оқиға орнындағы өзгерістер жарылыс ошағына қатысты түсірілуі тиіс (панорамалық түсіру әдісі);
  • бейне және видеожазбаны жарылыс салдарын жою (зардап шеккендерге алғашқы көмек, өрт сөндіру, мәйітті мәйітханаға жеткізу) нәтижесінде пайда болған өзгерістерді және жарықшақтарды, сынамаларды және үлгілерді алу т.б суретке түсіру құралдары ретінде пайдалану;
  • аяқ киім, көлік құралының іздері бар полимер материалдан, гипстен көшірме бедер жасау, саусақ іздерін дактопленкаға түсіру т.б. ЖҚ және басқа да жарылысқа қатысы бар заттардан саусақ іздерін алу кезінде, мүмкнідгінше, алдын ала корпустың, орауыштың, камуфляждың және басқа да жарықшағын, әрбір сектордан табылған заттарды бөлек іріктеп алған дұрыс. Мыналар жетіспейтін заттарды анықтауға және оларды іздеуді қайта бастауға мүмкіндік береді:
  • жарылыс іздерін белгілеу және орау кезінде олардың бүтіндігін бүлдірмеу, қылмыскердің саусақ іздерін жоғалтпау үшін, майда бөліктердегі ЖЗ бөлшектерін бүлдірмеу және жоғалтпау үшін ұқыптылықты қамтамасыз ету;
  • әр затты немесе топтастырылған заттарды бөлек бір қорапқа салу.

Оқиға орнынан табылған заттар қағаз, мақта, поролон немесе басқа материалдармен оралуы тиіс. Объектілерді ылғалдан, шаңнан қорғау үшін орауды мықтап бітеу қажет.

Физика-химиялық зерттеуге қажетті объектілерді іріктеуді жарылыс орнын тексерудің бастапқы кезеңі біткен кезде бастау қажет. Жарылыс орнындағы бүлінген жерлерді, жарылыс іздерін сырттай тексеру нәтижелері бойынша, ЖЗ типін (бризантты ЖЗ, оқ-дәрі, пиротехникалық қоспа екенін) және ЖҚ конструкиясындағы мықты корпусының бар-жоғын анықтаудың маңызы зор.

ЖЗ типі туралы алдын ала қорытындылардың және корпустың болуы негізінде физикахимиялық зерттеуге қажетті ақпараттық объектілер таңдалды.

Зерттеу объектілерін алу және орауды, таза аспаптарды, ерітінділер мен орауыш материалды пайдалана отырып, резеңке қолғап киіп орындау қажет. Объектілерді тексеру, іріктеу және орау аймағында бөгде ЖЗ (салыстыру үлгілері) немесе ЖЗ қамтитын заттардың болмауы тиіс.

ЖҚ конструкциясына (корпус, қорек элементтері, сағат механизмі, камуфляж құралдары т.б.)  тікелей  кіретін  материалдардан  жасалған заттар, бөлшек үгінділері мен жарықшақтардың физикалық-химиялық зерттеу үшін маңызы зор. Оларға жоғары ақпараттылық тән, өйткені олар жарылыс салдарынан пайда болған іздерді және ЖҚ жасау кезінде, әсіресе ұнтақ тәрізді немесе түйіршікті ЖЗ пайдалану кезіндегі қалдырған қылмыскердің ізін қамтуы мүмкін.

Аталған объектілер бетін шаң тозаңнан тазартпай резеңке қолғаппен полиэтилен пакеттерге немесе қағаз конверттерге салынады. Егер объектілерде ылғал ізі болса (қар, жаңбыр,т.б) тоттанудан қорғау үшін ораудан бұрын оларды кептірген дұрыс.

Оқиға орнынан ЖҚ заряды деп танылған бір грамм көлеміндегі затты табу жағдайында жарылыс техник маманы бұл заттың үлгісін зертханалық зерттеу үшін алады. Әртүрлі жерден заттың екі сынамасы алынады, және сынамаларда бөгде кірінділер болмауы тиіс. Үлгілерді арнайы шыны ыдысқа немесе полиэтилен пакеттерге салады.

Жарылмаған ЖҚ бөлшектерін (алюминий бөлшегі, аммиак селитрасының түйіршігі т.б), жарылмаған оқтың элементтерін табу кезінде, бұл объектілерді алып, шыны ыдысқа немесе полиэтилен пакетке салып, зертханаға зерттеуге жіберу қажет. Түтінді оқ-дәрінің немесе пиротехникалық құрамның жануынан пайда болған өнім болып табылатын шлак түріндегі затты оқиға орнынан табу жағдайында осы тәсілді пайдаланған дұрыс. Жарылыс орталығынан және жуық жерлерден ЖҚ іздерінің көлемін анықтау бойынша физика-химиялық зертханалық зерттеу жүргізу үшін топырақ, шаң, өсімдік, майдаланған асфальт, бетонның т.б. үлгілері алынады. Топырақ,  майдаланған  асфальт,  бетон  және т.б. үлгілер тікелей шұңқыр немесе шеңбер шетінен алынады. Шаң-тозаң, өсімдік үлгілері шұңқырдың шетінен және оған жуық аймақтан алынады. Ұқсас материалдардың үлгілері жарылыс ортасынан қашықтау жерден алынады.

Жарылыс орнынан және жуық аймақтан алынған заттардан, зат объектілерінен қырынды мен шайынды алынады. Егер жағдай мүмкіндік берсе, жарылыс іздері бар заттар мен оның бөліктерінен зертханадан қырынды мен шайынды алған дұрыс. Бұл жағдайда сапасы бойынша ұқсас матералдардың сынама үлгілері алынуы тиіс. Жарылыс іздері бар объектілерді алу мүмкін болмайтын жағдайда, (құрылыс конструкцияларының элементтері, көпірлер, жолдар) сынама алу оқиға орнында жүргізіледі. Жарылыс орны мен оған жақын жерлерден заттарды алу жағдайында жарылстан кейін пайда болған күйе, күл, шлактар анықталған жағдайда, бұл жерлерден шпатель немесе скальпель арқылы қырынды алынады. Алынған затты шыны ыдысқа немесе полиэтилен пакетке салады.

Шайындыны метонолмен суланған мақта немесе марлы тампондарымен алады. Метанолда органикалық ЖЗ із көлемдері де және өнеркәсіптік ЖЗ бейорганикалық компоненттері де жақсы ериді. Метанол болмаған жағдайда екі сынама алады: ацетонды (органикалық заттар) және су (бейорганикалық заттар). Ацетон және су шайынды үлгілерін жарылыс орнынан бірдей қашықтықта және ауданы бойынша тең етіп жасайды. Су шайынды үлгісін жасауда тазартылмаған суды пайдаланады. Метанол немесе ацетон шайындыны жасау кезінде үлгіге басқа органикалық затты: биологиялық объектілер, май, бояу т.б. араластырмау қажет. Шайынды үлгісі бар барлық алынған тампондар полиэтилен пакеттерге салынады және оларды пайдаланбас бұрын кептіру қажет.

Тәулік мерзіміне және ауданына қарамастан террорлық акт орын алған аумаққа күзет қойылуы тиіс. Қажет болған жағдайда қайта тексеру жүргізіледі.

Осылайша, аталмыш санаттағы қылмыстық істер бойынша оқиға орнын қарау үшін мамандарды қатыстырудың қажеттілігі дер кезінде жарылыстың материалды және идеалды іздерін табуға және зерттеуге, қолданылған жарылғыш құрылғы туралы ақпарат алуға, яғни оның жекеленген сипаттамасын, жару тәсілін, қолданылған жарылғыш заттың түрін және оның тротилді эквивалентін, жарылу кезіндегі жарылғыш заттың орнын, қылмыскерде кәсіби дағдының болуын және т.б. анықтауға бағытталған.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Дильбарханова Ж.Р., Теория и практика использования специальных знаний при расследовании отдельных видов транснациональных преступлений. – Алматы.
  2. Моторный И.Д. Tеоретико-прикладные основы применения средств и методов криминалистической взрывотехники в борьбе с терроризмом. – М., 1999. – 199 с.
  3. Белкин Р.С. Тактика следственного осмотра и освидетельствования // Тактика следственных действий. – М.,– С.32-62.
  4. Вязов С.Н. Методика расследования вандализма: Дис.... канд. юрид. наук. – СПб.: СПб. ун-та МВД России, 2002. – 219 с.
  5. Дильдин Ю.М., Мартынов В.В., Семенов А.Ю. Место взрыва как объект криминалистического исследования. – М.: Юрид. лит., 1995. – 142 с. 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.