Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ортақ білім кеңістігін құру мәселелері: еуразиялық өлшемі

Ұлттық мемлекеттердің өзара байланысының және мемлекетаралық ынтымақтастықтың тереңдеуінің өсуі ХХІ ғасырдағы халықаралық қатынастардың сипатты белгілері болып табылады. Ынтымақтастықтың білім саласындағы аспектісі де басты құрамдас бөлік болып отыр. Жоғары білім саласындағы интернационализация және халықаралық ынтымақтастықтың үдерісі серпінді дами отырып және кері айналмайтын үрдіс бола отырып, жоғары білімнің ұлттық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың, олардың әлемдік білім жүйесіне интеграциялануының ең тиімді жолы ретінде қарастырылады.

Жаһандану үдерісі мемлекеттерді әртүрлі салаларда ынтымақтасуға және өзара әрекеттесуге итермеледі. Кейбір мемлекеттер білім жүйелерін максималды түрде үйлестіре отырып, жоғары білім саласында жалпы даму бағытын құрып, білім саласындағы ынтымақтастықты мемлекетаралық интеграциялық саясаттың құрамдас бөлігі етті. Ортақ білім саласындағы интеграция тарихи тұрғыдан біршама жуырда пайда болды, ал экономикалық интеграция осы үдерістің кадрлік бөлігімен қамтамасыз етуінің интеграциясын білдіреді.

Интеграцияның аспектісі ретінде ортақ білім кеңістігін құру мәселесі біздің аймақ үшін де өзекті болып отыр. Алайда, әлемнің басқа аймақтарындағы ортақ білім кеңістігін құру және дамыту үдерісіне қарағанда, еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің өзіндік ерекшелігі бар.

1991 жылы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ыдырауы нәтижесінде барлық республикаларға ортақ құқықтық-нормативтік негізі бар, қарым-қатынас және білім беру тілі ортақ бірыңғай білім жүйесі құлдырады. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері кеңестік білім беру жүйесіне немесе батыстық білім беру нормалары мен ережелеріне бағдарлана отырып, жеке ұлттық білім беру жүйелерін құра бастады.

Посткеңестік елдердің барлығына ортақ айқын сипатты белгілердің бірі – білім беру жүйесінде реформалардың және модернизацияның өте жоғары қарқынмен жүзеге асырылуы болды. Сонымен қатар ортақ тарих, халықаралық қарым-қатынастар үшін орыс тілін пайдалану, мемлекеттік емес коммерциялық жоғары оқу орындарының пайда болуы, үш деңгейлік жүйеге (бакалаврмагистр-доктор)  өтумен  байланысты  мәселелер,  білім берудің дифференциясын заңнамалы түрде қамтамасыз ету, ескі жүйе (кандидаттық және докторлық) мен жаңа жүйенің (магистрлік және PhD докторлық) үйлесуі, халықаралық және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық түрлерін дамыту және жетілдіру сияқты ортақ сипаттағы мәселелерді ерекше атап өтуге болады.

Ортақ білім кеңістігін құру мәселесі экономикалық, ақпараттық, технологиялық және басқа да кеңістікті игерудегі күштерді жұмылдыруға бағытталған қазіргі әлемдегі объективті үдерістермен шартталған. Бірыңғай білім кеңістігінің болуы мәдени байланыстардың нығаюына, ақпараттық салаларды кеңейтуге және ортақ мәні бар мәселелерді шешуде адамдарды біріктіру үшін қажетті негізін дамытуды қамтамасыз ете алады. Қазіргі таңда еуразиялық кеңістік аясында білім беру саласындағы жемісті жобалар арасында ТМД Желі Университтері және ШЫҰ Желі Университеттері, Славян университтері. Олардың қызметі посткеңестік кеңістікте ортақ білім кеңістігін құруға, академиялық ұтқырлықты дамытуға, мамандар дайындау саласында ТМД елдері арасында ынтымақтастықты нығайтуға, жас зерттеушілермен алмасуға әрекеттесуге бағытталған.

ТМД елдерінің барлығы іш жүзінде Болон үдерісіне қатысуына ынталарын білдірген, ол арқылы өздерінің жоғары білім жүйелерін әлемдік стандарттарға жақындастыруға мүмкіндік. Еуропалық білім жүйесіне бағдар ұстануға және өтуге қатысты ғылыми-педагогикалық қауымдастықтың кейбір өкілдері айтарлықтай күмәнмен қарап, бұл құбылыс барлық посткеңестік кеңістікте тұрақты тенденцияға айналды.

Болон үдерісіне қатысудың өзіндік жағымды жақтары бар, егер оны дұрыс пайдалана білсе ТМД территориясында ортақ білім кеңстігін дамытуда жағымды рөл ойнайтыны күмәнсіз.

Алайда қанша дегенімен ортақ білім кеңістігін құруда нақты проблемалар бар. Егер Қазақстаннан Ресейге оқу көші-қоны мысалында мәселеге қарайтын болсақ, жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде қазақстандық абитуриенттер Ресей Федерациясында оқудың орнына, балама ретінде студенттер көбінде Ұлыбритания, АҚШ, Чехия, Туркия және Жапонияны таңдайды. Бұл мемлекеттерді таңдауының себебі ондағы жоғары оқу орындарының жоғары дәрежесі.

Қазіргі таңда қазақстандықтарға ұсынылып отрыған халықаралық білім нарығында Ресейдің пайызы мамандықтарды ұсыну шамасында да, білім беру орындарының саны бойынша да айтарлықтай төмен [1].

Ресей Федерациясында оқығысы келетіндердің арасында сонда қалғысы келетіндердің саны көп, ал басқа мемлекеттерде оқығысы келетіндердің арасында сонда тек уақытша қалғысы келетіндер көп. Екі топта да мұндай көзқарастардың себебі – оқып жатқан елде жұмысқа орналасу мүмкіндігі, ал Ресейде емес, басқа мемлекеттерде оқығысы келетін топтағылар үшін жақсы өмір сүру жағдайлары да тартымды себеп болып отыр. Ресей Федерациясында оқығысы келетіндердердің арасында бұл фактор маңыздылығы бойынша үшінші орында тұр, ал екінші орында – РФ-нда туыстары мен жақындарының тұруы маңызды себеп болып қала береді.

Басқа мемлекеттерде, әсіресе Еуропа елдерінде оқығысы келетіндердің шамамен 90 %-ы қазақтар, ал Ресей Федерациясында оқығысы келетіндердің 35%-ы қазақтар, ал жартысынан көбі – 53% -орыстар [2].

РФ-сына оқуға баратын студенттер аз талапшыл, өздерінің ата-аналарының пікірлеріне сеніп қалған, білім алудың мүмкіндіктері туралы аз хабардар болып келеді. Олар үшін жайлы жағдайлар айтарлықтай маңызды емес және оқу жоспарында нақтылықты талап ететіндер, олардың арасында сондағы оқуды РФ-нда тұрақты мекендеуге – тарихи отанына оралуға баспалдақ ретінде қарастыратындар көп.

Жалпы алатын болсақ мұндай жағдайдың Қазақстан Республикасы үшін жағымды жақтарының арасында, республика кеңес  кезеңінде болсын, КСРО ыдырағаннан кейін де өзінің экономикасына Ресей спецификасын түсінетін білікті мамандарды алғандығы бар. Егер РФ-нда қазақ диаспорасының нығаюы туралы мәселеге тоқталсақ, онда оқу көші-қоны және Ресейде тұрақты мекен етуге талпыныстары бұл мәселеде жағымды рөл ойнады, ресейлік және қазақстандық кәсіпкерлер арасындағы бизнес-байланыстарды тереңдетті.

Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі қазақ диаспоралары кеңестік кезеңдегі оқу-білім көші-қоны нәтижесінде қалыптасқан. АҚШ-тағы  жә-  не Канададағы қазіргі қазақ диаспораларының үлкен бөлігі КСРО ыдырағанға дейінгі кезеңде эмиграциялаған физиктер, биологтар, химиктер, суретшілер, пианистер, тарихшылар және басқа да мамандық өкілдері.

Қазақстандық сарапшылар да, ресейлік сарапшылар да Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі оқу көші-қон мәселелерімен мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ғана айналысады деп атап көрсетеді. Ал өздігімен шетелдік оқу орындарына түскен мектеп бітірушілерімен, ал олардың саны аз емес Білім және ғылым министрлігі айналыспайды.

Академикалық ұтқырлық бойынша оқығысы келетін студенттер мен магистранттар батыстық жоғары оқу орындарына ілтипат білдіреді.

Сонымен қатар, бір уақытта ресейлік және қазақстандық білім бойынша қос дипломдар алу тәжірибесі әлсіз дамуда, алайда бұндай тәжірибе орынды және тиімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аталмыш тәжірибе жүзеге  асырылуда,  қос  диплом бағдарламалары «Дубна» табиғат, қоғам және адам халықаралық университетімен («Ядролық физика» Бакалавриат / Магистратура), Томск Политехникалық Университетімен («Заттың конденсациялық жағдай физикасы»), ТМД желілік университетінің шеңберінде: Ресей халықтар достастығы университетімен, Санкт-Петербург мемлекеттік халықаралық институтымен, Новосибирск мемлекеттік университетімен, Мәскеу мемлекеттік халықаралық  қатынастар  институтымен («Экономика»,«Заң», «Филология», «Халықаралық қатынастар» мамандықтары бойынша) жүзеге асырылуда.

Қазақстандық сарапшылар мемлекет Қазақстан Республикасына ресейлік дипломмен келген бітірушілерді де, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып келгендерді де жұмыспен қамтамасыз етуге жауап бермейтіні өкінішті тенденция болып отырғанын атап өтеді. Көптеген ресейлік жоғары оқу орындарын бітіріп келген қазақстандықтар мемлекеттің қолдауына сенбей өз бетінше жұмыс іздеуге мәжбүр.

Шетелдік дипломдарды Қазақстанда нострификациялау күрделі және айтарлықтай уақытты талып ететін үдеріс болып қалып отыр.

Қазақстандық сарапшылар «Болашақ» бағдарламасынан тыс кеткен қазақстандық оқу көші-қонушыларды жұмысқа тарту бойынша мемлекеттік саясатының жоқтығынан Ресей Федерациясына зиялылардың ағылуына алаңдаушылықпен қарап отыр. Олардың пікірінше бұндай жағдай КСРО кезінде де орын алған.

Қазіргі кездегі және кеңес кезеңіндегі оқу көші-қонымен байланысты қиыншылықтардың басты себебі – тым орталықтануы, аса бюрократиялығы және аса әкімшілігі. Сонымен қатар кеңестік және ресейлік жоғары оқу орындарының автономдық құқықтарының жеткіліксіздігі, материалдық-техникалық негізінің әлсіздігі, заманауи лабораториялардың және қазақстандық азаматтардың жайлы және қауіпсіз өмір сүруіне қажетті кампустардың жоқтығы тағы қосылады [2]. Осы себептерге байланысты ресейлік білім біртіндеп элитарлық имиджінен айрылуда.

Қазақстандық студенттер үшін, әсіресе этникалық қазақтар үшін Ресейдің жоғары оқу орындарын таңдау кезінде жағымсыз факторлардың қатары жиыны қомақты, олардың қатарында: ксенофобия деңгейінің жоғарылығы, құқық қорғау органдарының дөрекі қылықтары, қоғамдық қауіпсіздік деңгейінің жалпы төмен деңгейі. Осының барлығы ресейліктердің қоғамдық санасында қалыптасқан көші-қон қорқынышының сипатын көрсетеді және мемлекет туралы жағымсыз әсер қалдырады.

Алайда қоғамдық ортада ресейлік білімнің сапасының жоғарылығы жөніндегі қалыптасқан пікір күмән тудырмайды. Ресейді таңдағанда оқу орыны ретінде қазақстандық абитуриенттер дәстүрлі түрде Мәскеу және Санкт-Петербургтің жоғарғы оқу орындарында білім алуды қалайды. Басқа қалалардың арасында, Қазақстанның шекарасына жақын орналасқан Новосибирск, Омск, Барнаул, Томск, Самара қалаларында, Поволжьенің университеттік орталықтарында оқуға барады [3]. Қазақстандық этникалық орыстар Ресей Федерациясында оқуды Қазақстан Республикасынан кету мүмкіндігі ретінде қарастырады. Қазақ ұлтты оқуға түсушілерді сонымен бірге жергілікті биліктің қазақ диаспорасымен өзара қарым-қатынасы туралы, олар оқығысы келетін қалаларда қазақ мәдени орталықтарының бар немесе жоқтығы қызықтырады. Егер осындай орталықтар болса және егер жергілікті билік қазақ диаспорасымен жақсы ынтамтастықта болса қала қазақ-абитуриенттеріне тартымды  болады,олардың осы қалаға бейімделуі оңай өтеді.

Қазіргі таңда Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы екі топпен ұсынылады. Бірінші топ – екі мемлекеттің шекараларын жағалай тұратын этникалық қазақтар. Екінші топқа Қазақстанмен шекаралас емес елді мекендерде тұратын диаспора өкілдері. Осы топтың көпшілігі КСРО кезінде оқу көші-қонынан қалыптасқан өкілдер.

Ресейдің жоғарғы оқу орнын жемісті аяқтаған қазақстандық бітірушінің оң пікірі қазақстандық абитуренттер үшін ең мықты үгіт-насихат болып табылады, Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орындарының бітірушілерінің ассоциациясының филиалдары болған орынды болар еді. Сонымен қатар біратар сарапшылардың пікірінше ҚР және РФ ағайын-жоғарғы оқу орнының тәжірибесі тиімді. Бұларды сонымен қатар қызмет көрсету орталықтарымен күшейтуге болады. Орталықтардың басшылары ретінде Ресейдің жоғары оқу орындарын бітірген (аспирантурасын,  докторантурасын  бітірген) қазақстандықтарды тартуға болады. Осындай қызмет көрсету орталықтары арқылы агенттік желіні шекараға жақын аймақтарда, Астана және Алматы қалаларында дамыту қажет.

Қазақстандық сарапшылардың пікірлерін жалпылай келгенде, қазақстандықтардың Ресей Федерациясына оқу көші-қонын дамыту үшін негізгі стратегиялық әрекет – бұл оқу көші-қон үдерісін интенсификациялауды және мамандардың Қазақстанға қайта оралуын мемлекеттік ынталандыру мәселесі болып отыр. Қазақстандықтардың Ресейді таңдауы тарихи жағынан ресейлік жоғарғы оқу орындарының жағымды имиджімен ғана емес, сонымен қатар тіл жағынан кедергінің болмауы да қосалқы себеп болып таыблады. Нақты бір қаланы таңдауы әрбір студенттің өзіндік таңдауымен негізделген, не болмаса туыстарының немесе таныстарының пікіріне негізделген. Жоғарғы оқу орнының ғаламтордағы рейтингі де айтарлықтай пікір қалыптастыруға әсерін тигізеді. Сонымен қатар нақты бір қандай жоғарғы оқу орнын таңдауы оның тұрғылықты орынмен қамтамасыз ете алу мүмкіндігіне де байланысты. Кейбір оқу орындары тұратын жерлері жөнінде ақпаратты толығымен бермейді. Студенттер үшін қиыншылық тудыратын мәселелер ішінде қосымша қызмет көрсететін мекемелердің және жоғарғы оқу орнындағы техникалық қызмет көрсетушілердің техникалық үдерісінің жетілмегендігі тағы бар. Осының барлығы көптеген келіспеушіліктерді тудырып отыр.

Бұл жағдайдан шығудың бір жолы – Қазақстанның өзінде арнайы бейімделу бағдарламалары мен курстарын ұйымдастыру. Студенттердің арасында тіпті бұндай қызметтердің ақылы болуына келісімін беретіндер де көп. Әрине бұнымен негізінен Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орындары мен Білім Министрлігі мүдделі болуы керек, және де бұл қызметтер ақысыз болуы керек. Бұндай жағдайларда көбінде «Болашақ» бағдарламасының қызметкерлері көмегін көрсетеді, олар өздерінің бағдарламасымен оқып келгендермен де, өздігімен басқа бағдарламалармен келгендермен де жұмыс істейді. Әрине студенттерге ресейлік оқу орындарының қызметкерлері де көмектескен көптеген мысалдар бар.

Көбінесе білім беру сапасы мен форматы қазақстандық студеттердің күткен үміттерін ақтайды, және баға-сапа қатынасы да көбінде көңілдерінен шығады.

Тіпті ресейлік білім сапасымен толығымен разы емес қазақстандықтардың өздері Қазақстан Республикасында   ресейлік   білімнің   жоғарғы имиджінен отанында жұмысқа орналасуға оңай болады деп ойлайды. Тек қана егер қазақстандық жоғары оғу орындарында ала алатын қазақ тілін қажетті кәсіби деңгейде білмеуі ғана айтарлықтай қиыншылық тудыруы мүмкін.

Кеңес кезеңінде ресейлік жоғары оқу орнының дипломы бар қазақстандық бітірушілерге бұл сапа белгісі мен өмірге жол деп саналатын. Ал қазіргі кезеңде оқитындардың арасында ресейлік дипломның бар болуы қосымша фактор ғана болмаса, жұмыс табуға жүз пайыздық мүмкіндік деп айтуға болмайды.

Айтылған қиыншылықтарға қарамастан, студенттердің көп бөлігі таныстарына Ресей Федерациясында оқуға кеңес береді, алайда барлығы бұлай ойламайды. Көріп отырғанымыздай Ресей жоғары оқу орындарында қиыншылықтар көп, олардың барлығы жоғары оқу орындарының өзімен шешіле алады, кейбіреуі бұл мәселелермен толығымен айналысады, ал кейбіреуі тіпті айналыспайды.

Бұндай жағдайдан шығудың жолы – шетелдіктерді оқуға тартатын барлық жоғарғы оқу орындары талаптарын стандартизациялау және үндестірулері керек.

Ұзақ мерзімді мақсаттарға толерантты  орта құру және әлеуметтік мәдени қайта құрулар сияқты жалпы мемлекеттік мақсаттарды қамтитын білім беру саясатының пирамидасын құру жатады.

Еуразия кеңістігінде оқу көші-қонды дамытуды ынталандыру үшін:

  • білім беру жүйесіндегі ғылыми-техникалық инфрақұрылымды инвестициялау;
  • Қазақстан Республикасымен халықаралық келісімдер жүйесін дамыту, яғни еуразия кеңістігіндегі дипломдардың мойындалуы;
  • ақпараттық компаниялар көші-қон қорқынышына қарсы әрекеттер арқылы еуразия кеңістігі елдерінде қазақстандық студенттер үшін толерантты өмір сүру ортасын құру және қолдау бойынша мемлекеттік шаралар;
  • талантты қазақстандық абитуриенттерді гранттық жүйе енгізу арқылы қолдау;
  • жоғары білім беру жүйесін мемлекетаралық қатынастарды нығайту тетігі ретінде және шетелдегі отандастарды қолдау үшін шетелдік қазақстандық абитуриенттерді – ресейлік отандастарды ерекше бағдарламалар құру арқылы қолдау, сонымен қатар жеке ресейлік қайырымдылық қорлардың қаражатын тарту керек;
  • Қазақстанда ресейлік білім мен ресейлік мәдениетті насихаттау үшін неміс, британ, аустралиялық, американдық  бағдарламалар сияқты мемлекеттік мәдени, білім және еңбек ауысу бағдарламаларын құру, осындай бағдарламалардың дамуына жеке тұлғаларды және ұйымдарды тарту қажет;
  • Қазақстанда жарнамалық сипаттағы шараларды дамыту (білім беру көрмелеріне қатысу және ұйымдастыру, ресейлік оқу мүмкіндіктері туралы білім  бағдарламаларымен айналысатын уйлестірушілер желісін құру және дамыту, шетелдегі отандастардың бірлестіктерімен байланыстарды дамыту) керек.

Негізінен бүгінде жалпы ортақ білім беру кеңістігін құруға айтарлықтай әлеует бар. Бұған шекаралардың жақындығы, тарихы мен мәдениетінің ортақтығы, Еуразиялық Одақтың құрылуы септігін тигізіп отыр.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Абдраимов Б.Ж. Межвузовское сотрудничество как ключевой фактор развития общего образовательного пространства: евразийское измерение // URL: <http://www.ia-centr.ru/expert/4223/> [30.03.2009]
  2. Ракишева Б.И. Полетаев Д.В. Учебная миграция из Казахстана в Россию как один из аспектов стратегического сотрудничества в рамках развития Таможенного Союза // Евразийская экономическая интеграция. №3(12) 2011. – С. 84-101.
  3. // URL: <http://www.eabr. org/general/upload/docs/publication/magazine/no3_2011/n3_2011_8.pdf>
  4. Полетаев Д. Учебная миграция в Россию и российские вузы как ресурс для адаптации учебных мигрантов. Опыт социологического исследования. – Международная экономика. – №6. – М., 2009. – С. 5.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.