Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кореяның көршілес елдермен өзара ықпалдастығының мәдени аспектілері

XVІI-XVIII ғғ. корей әдебиетінде адамның жеке өміріне, яғни оның жеке әсерлері мен ішкі күйзелістеріне деген қызығушылық күнделік прозасының ерекше дамуымен айқындалды. Онда жол жазбалары мен тағдырлары қайғылы әйелдердің күнделіктері (олар негізінен патша сарайымен байланысы бар әйелдердің тағдырлары туралы) жетекші орында болған. Касаның бұл екі бағытын жеке дара екі поэтикалық жанр ретінде белгілеуге болады. Өйткені, олар бір-бірінен көлемі бойынша да, тақырыбы бойынша да бөлек дүниелер. Корей әдебиетін-  де олар кихэн-каса және кюбан-каса деп ажыратылады [1, 166]. Кюбан-каса  –  «үйдің  әйелдер  бөлігіндегі  әуезді   шумақтар» – сүйіктісінен айырылған әйелдердің қайғы-қасіреті туралы жырласа, кихэн-касада – «алыс сапарлар туралы әуезді шумақтарда» – автор әртүрлі саяхаттарды суреттеп, сапардан алған әсерлерін баяндаған. Біз мақаламызда «алыс сапарлар туралы әуезді шумақтарға», яғни кихэн-касаға толығырақ тоқталып, ханмунмен жазылған корей поэзиясының XVIII ғ. елдің сыртқы саясатына тигізген әсері туралы сөз қозғамақпыз.

Кихэн каса көлемі жағынан үлкен, кейде тіпті мыңнан астам шумақтан тұрған. Олардың авторлары негізінен қызмет бабымен елді аралап жүретін, немесе көрші мемлекеттерге, әдетте, Жапония не Қытайға, сапарға шығып тұратын жоғары шен иелері болған. XVІI-XVIII ғғ. көптеген шенді-шекпенділер жер аударылып кеткенде немесе қызметтік сапарда жүргенде өздерінің көріп-байқағандарын каса – өлеңмен бейнелеген. Корей әдебиетін зерттеушілер «сапарлар туралы әуезді шумақтардың» жиырмадан астамы сақталған деп көрсетеді [1, 167].

Ел ішіндегі сапарларға арналған поэмалардың пайда болуы, ең алдымен, автор билеушінің қаһарына ұшырап, қуғын-сүргінге түсіп, шалғай жаққа жер аударылған кездермен, яғни ақынның тағдырындағы өзгерістермен байланысты. Мұндай поэмалар юбэ-каса «жер аударылған жақтың әуезді шумақтары» деп аталған. Юбэ-касада «көргендері мен естігендерін» сипаттау жер аударылған адамның жалпы көңіл-күйінің сарынымен берілген. Қуғынға ұшыраған адамның қайғы-мұңы мен оның тартқан жол азабы бейнеленеді. Мысал ретінде саяси қайраткер әрі неоконфуциандық философ Сон Сирёлдің (1607-1689) немересі Сон Чусок (1650-1692) жазған Пуккван кок «Солтүстік шекара бекеті» атты касаны келтіруге болады. Ол 1675 ж. жер аударылған атасымен Хамгён провинциясына барады. Өз күнделігінде ол осы сапарды мазмұндаған.

Күнделіктердің авторлары өз еріктерімен, әсіресе, Кымгансан тауларына жиі саяхаттаған. Кымгансан табиғатының сұлулығына көптеген касалар арналған. Олардың барлығы атақты Чон Чхольдің Квандон пёльгок поэмасын үлгі еткен. Мысалы, Пак Суну (1686-1759) мемлекеттік емтиханнан құлап қалғаннан кейін Кымгансан тауларына кетіп, сонда өзінің табиғат сұлулығынан алған әсерлерін Кымган пёльгок «Кымганды жырлаймын» касасында суреттейді [1, 167].

Қызмет бабымен жаңа жерлерге келген мемлекеттік қызметкерлер өздерінің табиғаттан, жергілікті                   тұрғындардың   салт-дәстүрлерінен алған әсерлерін өлеңмен жырлаған. Мысалы, патша отбасының мүшесі Ли Ён патша сағаналарының жағдайы мен сақталуын тексеру үшін Хамгён провинциясына аттанады. Сол жақта жүріп ол Ли әулетінің негізін қалаушы Сонгенің ерлік істерінің ізін табуға бел буады. Нәтижесінде Пукчон ка «Солтүстіктегі саяхат» поэмасы дүниеге келеді. Ли Ён поэмада өзінің ізденістері мен солтүстіктегі шекаралық аудандарды мекен еткен адамдардың өмірлері туралы әңгімелейді. Провинцияларда  қызметте  болған лауазымды шен иелері жазған поэмалар нақты географиялық және этнографиялық суреттеулермен ерекшеленеді. Бұл ерекшелік, ең алдымен, жоғары таптың білімді өкілдерінің өз елін тануға, соның ішінде өткен тарихына ғана емес, қазіргі шынайы өміріне деген қызығушылықтарының болуымен де байланысты. Осы кездері провинцияларды суреттейтін авторлары белгісіз «өлеңмен берілген географияның» пайда болуы жәйдан-жәй емес. Мысалы, Пхарёк ка «Сегіз облыс» касасы. Бұл шығармада солтүстіктен – Пэктусан ауданынан бастап елдегі провинциялардың барлығына жол жазбалары түріндегі өлеңмен толық сипаттама берілген.

Бөтен жерлерге жеткізген теңіз сапарлары туралы жазбалар кихэн-касаның ерекше түрі болып табылады. Олардың авторлары қызметтеріне байланысты немесе қандай да бір болмасын жағдайлармен көрші елдерде болып қайтуға мәжбүр болады. Мысалы, Чечжудо аралында қызмет еткен әскери ведомствоның лауазымды қызметкері Ли Паниктің (1757-?) Пхёхэ ка «Теңізді шарлау» поэмасы. Ол 1796 ж. шағын кемемен Чечжудо аралынан Сеулға шығады. Теңізде алай-дүлей дауыл соғып, Пескадор  аралдарына тап болады. Ол серіктерімен бірге Тайваньға, одан құрылыққа жетеді. Қытайды кесіп өтіп, Пекиннен Отанына оралады. Пхёхэ ка «Теңізді шарлау» поэмасы осы таңғажайып саяхатқа арналған [3, 212].

Шығармада ауыр толқындар мен күшті желдің мұхит бетінде қорғансыз қалған адамдарды ары-бері қаңбақша лақтырғаны, сол сәттегі адамдардың қорқыныш пен үрей сезімдері, олардың қиналыстары анық бейнеленген. Оларды толқындар ақырында «жердің шетіне» лақтырып тастайды. Жат жерге өздерінің еріктерінен тыс келуге мәжбүр болған олар «қаламның көмегімен» сол елдің адамдарымен қатынас орнатады. Осылайша, алғаш рет әдебиетте бөтен патшалық тұрғындарымен қарым-қатынас орнату әдісі пайда болған деуге болады.

Көршілес жатқан елдерге корейлер елші ретінде барған. Елшілерді негізінен Қытайға жіберетін болған. Олар өздерінің сапарларын өлеңмен суреттеп отырған. Мысалы, Пак Квон (1658-1715) Цин Қытайында болып, 1695 ж. өзінің саяхаты туралы Сочжон пёльгок «Батысқа сапарымды жырлаймын» касасын жазады.

XVIII ғ. корей поэзиясы Корея мемлекетінің көршілес мемлекеттермен дипломатиялық және сауда қатынастарының дамуымен тікелей байланысты. Ханмунмен, яғни қытай иероглифтерін пайдалана отырып корей тілінде жазылған поэзияны корейлердің ұлттық игілігі ретінде қабылдаудың маңызды бір себебі бар. Осы кезеңде Кореяда дипломатиялық және сауда-саттық саласындағы байланыстар қарқынды дамыды. Сондықтан корейліктерде сол замандағы қытай поэзиясымен, сондай-ақ, Жапония мен Вьетнамның қытай тілді поэзиясы мен ханмунмен жазылған корей поэзиясын салыстыру мүмкіндігі пайда болды. Одан бөлек, ханмунмен жазылған поэзия тілдесу құралы ретінде үлкен роль атқарды. Корейлердің Қиыр Шығыс аймағында орналасқан елдермен болған кездесулері барысында олар «қолдарына қалам мен қағаз алып» сөйлескен. Өйткені, қытай жазба дәстүрі олардың мәдениетінің маңызды бөлшегі болған. Олар, әдетте, «қалам арқылы сұраған», «қағаз бен қалам арқылы сөйлескен», яғни фонетикаға көңіл бөлмей, иероглифтің мағынасына жүгінген. Дипломатиялық кездесулер кезінде жанынан суырып салып өлең құрастырып, олармен алмасу қалыпты нәрсе болып есептелген. Әсіресе «берілген өлеңнің ұйқасымен жауап-өлең жазу» кең тараған. Ақын сұхбаттасушы келтірген өлең ұйқасын пайдалана отырып, жауап өлең жазған. Сондықтан болар елші ретінде бойында ақындық дарыны бар, әрі белгілі ғалым болып табылатын көрнекті мемлекет қайраткерлері тағайындалған. Елшіліктердің құрамына корей мемлекетін сыртқы әлемнің алдында ең жақсы жақтарынан көрсетуге қабілетті адамдар іріктелініп алынған. Мысалы, 1748 ж. Жапонияның астанасы Эдо қаласына барған үлкен елшілікке жетекшілік еткен Хон Гехи 1760 ж. Пекинге барған елшілерді де басқарған. Қытайға барған елшіліктердің құрамында Хон Дэён, Пак Чивон, Пак Чега сияқты сирхакшылар да болған, бірқатары бірнеше рет барған. Елшіліктің құрамында шетелге шығу лауазымды шен иесінің ақындық дарынымен тікелей байланысты болған.

Әсіресе Пекинге бағыт алған елшіліктердің маңызы зор болған. Олар сол замандағы  Қытай мәдениетін танып білуге және сол арқылы еуропа өркениетінің жетістіктерімен сусындауға мүмкіндік беретін болған. Дәстүр бойынша корей елшілері сол сәтте Қытайда болған бас-  қа елдердің елшіліктерімен байланыс орнатып, қарым-қатынастарын реттеп отырған. Осындай жағдайда XVII-XVIII ғғ. корей және вьетнам елшіліктері арасында достық қарым-қатынастар орнатылған болатын. Кездесулер кезінде елшілік құрамындағылар «қалам мен қағаздың көмегімен» сұхбаттар жүргізген. Өлеңдерімен алмасып, әдеби және ғылыми мәселелерді талқылаған. Мұндай сұхбаттасулар жәй ғана білімді адамдардың уақытты өздеріне ұнайтын іспен айналысып өткізуі ғана емес, сонымен қатар, Корея мен Вьетнамның парасатты, озық ойлы тұлғаларының (Хон Гехи – Ле Куй Дон) арасындағы байланыстың орнатылуы қызметін атқарды. Сол кездері Қиыр Шығысты шынайы білім мен тұлғаның атақ-даңқынан тыс құндылықтары негізінде әлеуметтік жаңартулар идеясы жаулап алған болатын. Достық әрі шығармашылық байланыстар хат жазысулармен жалғасып, ұзақ жылдар бойы сақталды [2, 608].

Корей сарайы Жапониямен байланысты қолдап, сол елге өздерінің елшіліктерін жіберіп отырған. 1763 ж. Жапонияға үлкен елшілік жөнелтіледі. Елшілердің құрамында Кореяда көркем сөз өнерінің шебері ретінде танылған Ким Ингём де (1707-1772) бар. Ол Жапонияның астанасы Эдода өткізілетін ақындар сайысына қатысып, қытай тілінде өлең жазудың шебері ретінде көзге түсуі керек болатын. Ақын бұл тапсырманы зор табыспен орындаған екен. Елшіліктің Жапонияға сапары бір жылға жалғасады.

Ким Ингём осы сапарды сипаттап кихэн-каса жазады. Ол екі мыңнан астам өлең шумақтарынан тұрады. Поэма Ильдон чаню ка «Күншығыстағы Елге саяхат» деп аталады. Ақын бұл шығармада отандастарының, елшілік мүшелерінің жүріс-тұрысынан бастап бөтен елдің табиғаты, қалалары, халқының салт-дәстүрлерінің ерекшеліктеріне дейін – ешнәрсені назарынан тыс қалдырмай әңгімелеген [3, 215].

Ким Ингёмнің поэмасынан Сирхак «Шынайы білім үшін» қозғалысы заманындағы шығармаларға тән белгілерді, яғни танымайтын бөтен әлемге қызығушылық, байқампаздық пен сыни көзқарасты байқауға болады. Жапонияның астанасын немесе тақ мұрагерінің қабылдауын суреттеген өлең жолдарында тек басқа елдің шынайы картинасын суреттеу ғана емес, сонымен қатар кінәраттау, жақтырмау, бөтеннің байлығын көре алмау да бар сияқты. Бұл түсінікті де. Хидэёси әскерінің елде ойран салғаны әлі ұмытылған жоқ. Әңгіме жәй ғана бөтен ел туралы емес, әңгіме жаулас елдер туралы болып отыр [4, 103].

XVIII ғасырдағыдай корей поэзиясы осыған дейін де, осыдан кейін де мемлекет шеңберінен тыс жерге мұншалықты кең тараған жоқ. Мысалы, билеушінің атына жазған есебінде Ким Ингём 1763-1764 жж. Жапонияда болған корей елшілігінің мүшелері бірнеше мың өлең шығарып, оларды осы елдің тұрғындарына сыйға тартқандары туралы хабарлайды. Бұл жанынан суырып салып шығарылған өлеңдер тек поэзиялық туындылар ретінде ғана емес, сонымен бірге каллиграфия өнерінің үлгісі ретінде де жоғары бағаланды. Пак Чивон өзінің шығармаларының бірінде ерте қайтыс болып кеткен дарынды ақын У Сан туралы қызықты мәліметтер туралы хабарлап, оның өлеңдерін келтіреді. У Сан өз елінде лайықты бағасын алмаған ақын. Бірақ ол аудармашы ретінде елшіліктің құрамында Жапонияда болған кезінде оның талантын жапондықтар мойындаған екен. Ол Эдоға бара жатқан жолда жергілікті тұрғындардың өтінішімен жүздеген өлеңдер жазып, қолтаңбасын қойып сыйға тартып кетеді. Ал қайтар жолда У Сан өз өлеңдерінің басылып шыққандығын, халықтың арасында кең тарап кеткендігін біледі [2, 609].

Сарайдағы елшілердің кездесулері хаттамаға тіркеліп отырған. Екі тараптың алмасқан өлеңдері де жазылып тіркеліп отырған. Олар жинақтарға біріктіріліп, ксилографиялық әдіспен таратылған. Осылайша дипломатиялық байланыстардың айғақтары әдеби құбылыстарға дейін өскен. Мысалы, XVII-XVIII ғғ. елшіліктер Жапонияға онжиырма жылда бір рет барған. Ханмунмен жазылған корей поэзиясы көршілес елдерге басқа жолдармен де жеткен. Корей ақындары жинақтарының шетелде басылып шыққандығы туралы ақпараттар да бар. Мысалы, XVI ғ. атақты корей әйел-ақыны Хо Нансорхонның өлеңдер жинағы алғаш рет Жапонияда 1692 ж., екінші рет 1711 ж. басылып шыққан [2, 610].

Қорыта келе айтарымыз, кихэн-каса – бұл шынайы нақты әлемге шығу. Мұндай поэмалардың пайда болуы әлемге танымдық көзқараспен қарау мүмкіндігінің пайда болуымен байланысты. Ұзақ сапарға шыққан адам білуге құмарлығының арқасында көргендерінің бәрін тізіп жазып отырады. Сапар барысында адам өміріне қауіп төндіретін әртүрлі қиын жағдайларға тап болады. Ал мұндай қауіп-қатерлер мен қиындықтар әдебиетте адам мен оның күйбең тіршілігі негізгі орынға көтерілген кезде алдыңғы қатарға шығады. Сондай-ақ, кихэн-касаның пайда болуы сол дәуірдегі адамдардың әлем туралы өз танымдарын кеңейтумен, яғни туған елі туралы шынайы түсінігінің пайда болуымен және көршілес елдерге шығуымен байланысты болған. Ханмунмен жазылған поэзиялық шығармалардың корей әдебиетіндегі алатын орны ерекше, әрі Корей мемлекетінің көрші елдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатуда да маңызды роль атқарғандығы сөзсіз. Сол замандағы «қағаз бен қаламның көмегімен байланыс орнату» – оған дәлел. Себебі, корей ақын-жазушылары қытай тілі мен классикалық көркемсөз шеберлігін терең меңгерген өз заманының озық ойшылдары әрі мемлекет қайраткерлері болған.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Троцевич А.Ф. История корейской традиционной литературы (до ХХ в.): учебное пособие. – СПб.: Изд-во С.-Петерб. ун-та, 2004. – 323 с.
  2. Никитина М.И., Троцевич А.Ф. Корейская литература // История всемирной литературы: в 8 томах/ АН СССР; Институт мировой литературы им. А.М.Горького. – М.: Наука, 1988. – Т.5. – 784 с.
  3. Никитина М.И. Корейская поэзия XVI-XIX вв. в жанре сичжо. – СПб.: Центр «Петербургское Востоковедение», 1994. – 312 с.
  4. Курбанов С.О. «История Кореи с древности до начала XXI века». – СПб.: Изд-во С.-Петерб. ун-та, 2009. – 680 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.