Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экологиялық мәселелерді шешуге қатысты Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы

Қоршаған ортаны сақтап қалу, адам өміріне қолайлы, жағымды экологиялық жағдайды қалыптастыру мәселелері ХХ ғасырдың аяғынан бастап үлкен маңыздылыққа ие болуда. Халықаралық қатынастар саласындағы экономика, саясат секілді маңызды орын алатын бағыттар қатарына экология да қосылды. Бүгінгі күні қоршаған ортаны қорғау мәселелері жаһандық сипат алып келеді. Экономикалық жедел даму, ғылыми-техникалық прогресс қоршаған ортаға, онда мекен етуші адамдардың денсаулығына өзінің үлкен зардабын тигізіп жатыр. Адамзат табиғатты құрбан ету арқылы дамудың салдарларына енді көңіл бөле бастады. Аталмыш мәселе бүгінгі күні көптеген ғалымдардың еңбектерінде, көптеген ғылыми басқосуларда талқыланып, шешілу жолдары іздестіріліп , экология саласында қаншама халықаралық құжаттар қабылданып қол қойылса да, әлі де шешімін таба алмай отырған мәселелер қатарында.

Табиғат адамзат өмірінің басты қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы табиғи орта адамның өмір сүруін қамтамасыз етті және кейінгі ұрпақтың тұрақты дамуына тікелей өз әсерін тигізді. Ежелден табиғи орта өз заңдылығына сай дамыған болған болса, жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысынан бастап табиғи орта кең көлемде зиянды әрекеттерге тап болуда.

Сондықтан да аталмыш экологиялық жағдай мемлекеттердің әртүрлі географиялық, климаттық және экономикалық деңгейіне қарамастан барлық елдерге қатысты және тек бір мемлекетке, аймаққа ғана емес бүкіл дүниежүзіне қауіп төндірерлік. Олардың ішінде жаһандық мәселелерге: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, Әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. жатқызуға болады.

Ал аймақтық мәселелерге келетін болсақ, адам қызметінің нәтижесінде пайда болған, атап айтқанда, шаруашылық өнеркәсіптердің жұмысы мен техникалық апаттар кесірінен судың ластануы және трансшекаралық өзендер мен суқоймаларының суын тиімсіз қолдану сияқты мәселелер бүгінгі күні өте өзекті болып отыр. Әрине экологиялық қиыншылықтарды әрбір мемлекет жеке дара шешуге қауқарсыз. Әсіресе бұл қарастырылып отырған Орталық Азия аймағына тікелей қатысты.

Кеңестер Одағы кезінде Орталық Азия мемлекеттері шикізат көзіне бағытталған өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірістерінің кешені болғаны белгілі. Нәтижесінде жылдар бойы миллиардтаған тонна, әсіресе таукен өндірісінде, қатты тастанды заттар жиналды. Сонымен қатар бұл аймақ мемлекеттерінде жүргізілген Кеңестер Одағының ядролық сынақтары да бүлінген топырақ пен уланған ауа қалдырып кетті. Әрине мұның бәрі айтарлықтай жер ресурстарының азаюына, ауаның, жерасты және жер үсті суларының ластануына әкеп соқты.

Ал бұл экологиялық мәселелерді әрбір мемлекет жеке дара өз бетінше шешуі әрине мүмкін емес, сондықтан аймақ мемлекеттерінің бірігіп келісе отырып әрекет етуі қажет.

Аймақтың өз ішінде де экологиялық бағытта ынтымақтасу байқалады. Оған мемлекеттер арасында жасалған келісімдер мен аймақтық ұйымдар (ТМД, ШЫҰ) ішіндегі қадамдар мысал бола алады. Республикалар қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңнамаларын бекіткен, бірқатары әрекет жоспарларын жасаған.

Орталық Азияның мемлекеті ретінде Қазақстан да осы экологиялық үдеріске қатысып келеді. Қазақстан 1995 жылы «Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Yлгілік конвенциясын» бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото  хаттамасына қол қойды. Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістің энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану мүмкіндігін береді.1987 жылы қабылданған озон қабатын сақтау туралы халықаралық Монреаль хаттамасына біздің ел 1998 жылы қосылды [1]. Қазіргі уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Биоәртүрлілікті сақтау үшін Қазақстан Республикасы 1994 жылы Биоәртүрлілік жөніндегі конвенцияны бекітті, биологиялық  әртүрлілікті сақтау және теңгермелі пайдалану жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-қимыл жоспарын әзірледі. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары, атап  айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын. Аталған Тұжырымдаманы қабылдаған сәттен бастап Қазақстан Республикасында қоғамдық дамуда елеулі өзгерістер болды. Мемлекет дамуының стратегиялық құжаттары әзірленді, табиғат қорғау заңнамасының негізі құрылды, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша бірқатар халықаралық конвенцияларға қол қойылды, табиғат қорғау қызметін басқару жүйесі құрылды. Мысалы, 1997 жылы «Қоршаған ортаны қорғау туралы»,

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар  туралы», «Экологиялық  сараптама  туралы»,  1998 жылы «Радиациялық қауіпсіздік туралы» Заңдар, ал 2002 жылы – «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заң қабылданды. Табиғатты ұтымды пайдалану саласында Президенттің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» (1996 жыл) және «Мұнай туралы» (1995 жыл) заң күші бар Жарлықтары, 2003 жылы – Орман, Су және Жер кодекстері және т.б. қабылданды. Заңнаманы жетілдіру мақсатында республикада оны дамыған елдердің заңнамасына жақындатуға және халықаралық стандарттарды енгізу бағыты алынды. Қазақстан Республикасы 19 Халықаралық конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жөніндегі іс-қимылды ұлттық жоспарларды әзірледі. Сонымен қатар Қазақстанның аймақтық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аймақ мемлекеттерінің шеңберінде қол қойылған «Экология және қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы әріптестік» «Табиғи және техникалық мінездегі төтенше жағдайлардың алдын алу зардаптарымен күрес саласындағы әріптестік» [2], «Экология және қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы ақпараттық әріптестік», «Жерасты байлықтарын зерттеу мен қорғау саласындағы шекарааралық ынтымақстастық»[3] келісімдері өте маңызды. Аталмыш келісімдер баршаға мәлім халықаралық құқық құжаттарына негізделіп жасалған.

2004 жылдың 22 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы үкіметі мен Ресей Федерациясы үкіметінің арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық келісіміне [4] сәйкес мемлекеттер тұрақты даму мен теңдік және өзара пайда ұстанымдарына негізделген қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен молайту саласында ынтымақтастықты жүзеге асыру міндеттемесі жүктелді.

Қазақстан Республикасы үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы үкіметі арасында 1997 жылы  10  маусымда  Алматыда қол қойылған «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық» туралы келісімінде жаһандық экологиялық тоқыраудың, экологиялық апаттардың алдын алуда, табиғи ортаның азушылығын болдырмау мен экологиялық жағымды ортаны құруда әріптестікке қол жеткізу қарастырылған. Құжатта Каспий теңізін қорғау, Каспий теңізінің әзірбайжандық және қазақстандық секторларының теңіз іші экологиясын қорғау, оның қалдықтарды көмуден ластануын болдырмау және аса қауіпті тарнсшекаралық жүк тасымалдарына мемлекеттік қадағалау орнату мәселелері ерекше атап көрсетілген.

Қазақстан Республикасы үкіметі мен Өзбекстан Республикасы үкіметі арасында «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану саласында ынтымақтастық» туралы келісіміне 1997 жылы 2 маусымда Алматыда қол қойылған болатын. Екі жақ құжатқа сәйкес қоршаған ортаны біртұтас бөлінбес деп танып, оны қорғау ортақ мүддеге негізделген. Екі мемлекет қоршаған ортаға нұқсан келтіретін жағдайларды зерттеп анықтау, алдын алу және кері әсерін мейлінше азайтуда бірігіп әрекет ететіндігін, экологиялық заңдарды сәйкестендіретіндігін және атқарылған жұмыстар туралы бір-бірін хабардар ететіндігі жайлы жариялады.

Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қырғызстан Республикасы үкіметі арасында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты тиімді пайдалану саласында ынтымақтастық туралы келісімге 1997 жылы 8 сәуірінде қол қойылды. Келісім экология саласында ынтымақтастықтың көптеген мәселелерін қамтиды [5].

Сонымен қатар 1998 жылы Орхус (Дания) қаласында өткен төртінші Жалпыеуропалық конференцияның шешімімен орталық азиялық аймақтық экологиялық орталық құрылған болатын. Бұл Орталық өз жұмысын 2001 жылдан бері атқарып келеді. Бұл Орталықтың құрылтайшылары Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан және БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы мен Еуропалық Комиссия болып табылады. Орталықтың қызметі Орталық Азиядағы ұлттық және аймақтық деңгейдегі қоршаған орта мәселесін шешуде мемлекеттер арасында бір мәмілеге келуге және ынтымақтастуға қолғабыс ету [6].

Орталық Азия аймағындағы экологиялық мәселелердің ішінде ерекше маңызды, әрі әлі де болса шешімін таба алмай отырған – су  мәселесі. 1990 жылдардың басында аймақ елдері трансшекаралық су ресурстары мәселесіне тап болды. Орталық Азия аймағының табиғи ресурстары, оның ішінде су ресурсы да трансшекаралық зонада қалып қойды. Себебі біртұтас Кеңестер Одағының аумағында болған көптеген өзендер енді екі немесе одан көп елдердің аумағынан өтеді, сондай ақ суаттарды бірнеше мемлекеттер бақылайды және жылдан жылға су тапшылығы артып келеді

Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті бүкіл әлемдік деңгейде талқыланып жүргені белгілі. Әлемде ғаламдық түрде пайдаланылатын су көлемі жылдан жылға артып келеді.

Су тапшылығына түсіп отырған елдерде ХХІ ғасырдың басында Жер беті халқының 70 пайыздан астамы тұрады. Кембридж университеті ғалымдарының болжамы бойынша 2025 жылға қарай жағдай бұдан да күшейе түсуі мүмкін, сол уақытта дүниежүзі халқының 80 пайызынан көбі су жөніндегі күйзеліске және аса қатты күйзеліске түсіп отырған елдерде тұратын болады. Бұл елдердің үштен бірі апатты күйзеліске түседі, ал өздеріндегі су ресурстарын пайдалану көрсеткіші 60 пайыздан асатын болады [7].

Бұндай көрініс Орталық Азия елдеріне де тән. Себебі соңғы жиырма жыл ішінде аймақтағы жоғары демографиялық өсу қарқынына байланысты суға деген сұраныс 40 пайызға өсері сөзсіз. БҰҰ-ның мәлімдеуінше 2025 жылға қарай Қазақстан халқының саны 16-17 млн адамды, Қырғызстан 6,5 млн адамды, Өзбекстан 34,2 млн адамды, Тәжікстан 8,1 млн адамды, Түркменстан 6,8 млн адамды құрайды. БҰҰ сарапшыларының ойынша ХХІ ғасырда су мұнай мен газға қарағанда өте маңызды стратегиялық ресурсқа айналады. Аймақ елдері суды тиімді пайдалану мәселесін шеше алмауының салдарынан бүгінгі күні экономикалық шығынға ұшырауда. БҰҰ ның Даму Бағдарламасының мәліметі бойынша Орталық Азиядағы суды бассейндік басқаруды және тиімді пайдалану мәселесін реттей алмау салдарынан олардың жылдық шығыны 1,7 млрд долларды құрайды [8].

Аймақтық-өндірістік кешендерден бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте мемлекеттің су ресурстарымен тікелей байланысты екені сөзсіз. Қазіргі кезде Орталық Азия Республикалары арасында шиеленісе түскен су мәселесі көршілермен арадағы байланысқа әсер етері белгілі.

Орталық Азия Республикаларының экономикасы үшін су ресурстары өткен ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті мәселеге айналған болатын. ТМД мемлекеттері ішінде Қазақстан өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген. Географиялық жағынан барлық трансшекаралық , Сырдария, Жайық, Іле, Шу, Талас сияқты өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар, Қазақстан үшін бұл мәселе өте маңызды және күрделі.

1992 жылдың ақпан айында Алматы қаласында Орталық Азия мемлекеттері арасында Сырдария өзенінің су қатынастары мәселелерін реттеу, трансшекаралық су ағындарының мәселелерін шешу, әсіресе, жазғы суармалы мерзім кезінде су ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын. Ал 1998 жылдың наурыз айында осы өзеннің су-энергетикалық ресурстарын келісілген шартпен іске асыру мақсатында Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы ұйымының үкіметаралық негіздемелік келісіміне қол қойылды. Алайда, аталған келісімдердің ережелерін Сырдария өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан мемлекеттер толығымен орындамай отыр. Қырғызстан қысқы мерзім аралығында Тоқтағұл су қоймасынан суды көп мөлшерде жіберіп, осы өзеннің төменгі ағысында орналасқан біздің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының елді мекендерін су басу қаупін төндіруде. Ал Өзбекстан болса кейінгі кездері жылда түзілетін Сырдария өзенінің су ресурстарын пайдалану туралы, яғни жаз айларында алынған суға қырғыздың электр қуатын қабылдап, сәйкесінше Қырғызстанға газ  беруге тиіс делінген мемлекетаралық келісімшартты мойындамай келеді. Осы шарттың орындалмауы салдарынан бар ауыртпашылықтың салмағы төменгі сағада отырған Қазақстанның мойнына ауып отыр: жазда Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының егінді аймақтарын сумен қамтамасыз ету үшін  біздің еліміз екі мемлекетке қатысты алынатын электр қуатын өтеуге мәжбүр болуда. Өзбекстан алдымен өзін сумен қамтамасыз ету жағына бет бұрып, трансшекаралық өзендерді пайдалану ережесін ескерусіз қалдырды.

Қазақстан осы мәселелерді шешу үшін Халықаралық су энергетика консорциумын құру туралы ұсыныс та жасаған болатын. Бірақ бұл консорциумға аталмыш мемлекеттер  қосылуға қызығушылық білдірмей отыр. Өйткені әр мемлекет тек өз мүддесін ғана ойлап аймақтық жағдайдың маңыздылығын әлі де болса ескермей отыр.

Орталық Азия аймағындағы судың тапшылығы, тиімсіз пайдаланылуы, тиімсіз басқарылуы болашақта үлкен қарама-қайшылықтарға әкеп соқтыруы мүмкін. Сондықтан бұл аймақтағы су ресурстарын пайдалану мәселесі қазір әлемдік қоғамдастықты да мазалап отыр.

2008 жылы Германия Федеративтiк Республикасы Федералдық Сыртқы iстер министрiнiң «Орталық Азия бойынша су бастамасы» шеңберiнде «Орталық Азиядағы су ресурстарын трансшекаралық басқару» жобасын iске асыру («Берлин процесi») жобасын көтерген болатын. Ал 2009 жылы Германияның Халықаралық Ынтымақтастық бойынша қоғамы (GIZ) «Орталық Азиядағы су ресурстарын трансшекаралық басқару» бағдарламасын қолға алды. Мұны Орталық Азия жеріндегі бес мемлекет қолдады. 2014 жылдың мамыр айында Алматы қаласында осы бағдарламаның жүзеге асуына қатысты өткен аймақтық конференцияға БҰҰ бас хатшысының орынбасары, Орталық Азиядағы арнайы уәкілі Мирослав Йинчаның өзі қатысқан болатын.

Аталмыш бағдарлама аясында су ресурстарын бассейндік басқару әдісі енгізіліп, талқыланды. Бұл дегеніміз су ресурстарын бірлесе басқару. Яғни су ресурстарын әміршілдік сипатта емес, барлық тараптардың мүддесін ескере отырып басқару. Бұл жерде ауыз су, ағын су, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп барлығы кешенді түрде қарастырылады.

Сонымен қатар аймақтағы ең маңызды трансшекаралық экологиялық мәселелердің бірі Арал теңізі болып табылады. Орталық Азиялық бес мемлекеттің бастамасымен 1993 жылы Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылған болатын. Халықаралық қордың негізгі міндеті – халықаралық қауымдастықтың қолдауымен Арал теңізі бассейнін экологиялық сауықтыру мен аймақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеру мәселелері бойынша бірлескен нақты істер мен бағдарламалық жобаларды қаржыландыру. Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен, Экологиялық бағдарламасымен, ЮНЕСКО, Бүкіләлемдік банк, Азия даму банкі, ТАСИС ұйымдарымен, сонымен қатар Германия, Дания, Израиль, Канада, Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Швеция және басқа да елдер үкіметтерімен біріге отырып, ХАҚҚ аймақтың әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған түрлі жобалар мен бағдарламалар жүргізіп келеді. Арал теңізі бассейнінде 1995-2010 жылдары екі Бағдарлама (ПБАМ-1, ПБАМ-2) іске асырылды. ҚР Үкіметінің кешенді бағдарламалары мен Арал теңізі бассейнінің Бағдарламасы аясында Арал теңізі бассейні-  нің су ресурстарын бірлесе басқару жолдарын қамтамасыз ету, экологиялық апат аймақтарын қалпына келтіру, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету, олардың денсаулығын жақсарту, кедейшілік пен жұмыссыздық деңгейін төмендету мәселелері бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Арал маңының қазақстандық бөлігінде жалпы құны 85,8 млн долларды  құрайтын «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» аса ірі ұлттық жобасы жүзеге асырылды. Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшылары – Орталық Азия елдері басшыларының 2009 жылы 28 сәуірде Алматы қаласында өткен саммиті қор қызметіне жаңа серпіліс берді. ХАҚҚ Атқарушы комитеті МҮСШК, ХТДК ұйымдарымен бірігіп, ұлттық сарапшылар мен донорларды қатыстыра отырып, Арал теңізі бассейніндегі елдерге көмек көрсетудің 2011-2015 жылдарға арналған Жаңа Бағдарламасын (ПБАМ-3) жасады. Аталмыш бағдарлама аясында Тәжікстан мен Қырғызстанда тұңғыш рет су ресурстарын бассейндік басқару жоспары жасалды. Қазақстанда Сырдария бассейнінде кіші бассейндік кеңестері құрылды. Су шаруашылығына қатысты органдардың қызметкерлері арасында суды бассейндік басқаруға қатысты көптеген тренингтер өткізілді. Бұл бастамалар Қазақстанда Су кодексінің талаптарын орындауда ерекше маңызға ие.

2010 жылдың 5 сәуірінде БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Орталық Азия елдеріне алғашқы ресми сапары барысында аймақ елдерін ең алдымен су мәселесін және экономикалық ынтымақтастықты біріге отырып шешуге шақырды. Және де Арал теңізі «Жаһандағы ең ірі экологиялық апат аймағы» деп баға берген болатын [9].

Шекаралық су ресурстарын бірігіп пайдалану мәселесі – өте күрделі әрі шешуін табу қиын мәселе. Ол үшін Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен үкіметі бірігіп өзара түсіністік жағдайында шаралар жүргізуі тиіс. Су мәселесінің дұрыс шешілуі әлемдік деңгейде тоғандар мен суқоймалар қауіпсіздігі, шекарааралық су сапасы, суды үнемдеу, ауа райы өзгеруінің Орталық Азиядағы су ресурстарына оң әсер беретін мықты жобалар арқылы жүзеге асуы керек.

Қорыта айтқанда, Орталық Азиядғы экологиялық мәселелер тек аймаққа ғана емес, бүкіл ғаламдық экологияға әсер етуі жағынан аса маңызды мәселелердің бірі. Әрине оларды шешуге аймақ мемлекеттері біріге отырып атсалысқанда және осы орайда интеграциялық үрдістің, аймақтағы ұйымдардың маңыздылығын арттыру қажет сияқты.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Экологические Конвенции, ратифицированные странами Центральной Ази http://pandia.org/text/77/389/18796.php
  2. Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және өзбекстан Республикасының арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардабын жою саласында көмек көрсету туралы келісімді бекіту туралы ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 7-II, http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z990000007_
  3. Экология және қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы ақпараттық ынтымақтастық жөніндегі келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 5 тамыз N 1104) http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P990001104_
  4. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қоршаған ортаны корғау саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 қыркүйектегі N 907 Қаулысыhttp://adilet.zan.kz/kaz/docs/P050000907_
  5. Алматыда 1997 жылғы 8 сәуірде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарт бекітілсін http://normativ.kz/
  6. Региональный экологический центр Центральной Азии (опыт для улучшения окружающей среды)// http://www. org
  7. Балапанова Ә. Қазақстанның трансшекаралық өзендері:мәселелері мен болашағы // Қоғам және дәуір. – №3(31)2011.– 8-б.
  8. Губайдуллина М.Ш. Вода как фактор межгосударственных противоречий и региональной безопасности Центральной Азии //Сборник материалов международной научно-практической конференции «Водно-энергетические проблемы Центральной Азии и перспективы их решения». – Алматы, 2013. – С.42.
  9. Пан Ги Мун призвал страны Центральной Азии уважать права человека и пообещал помощь в решении экологических проблем http://www.un.org/

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.