Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бірыңғай Орталық Азия идеясын іске асыру мүмкіндіктері мен кедергілері және Қазақстан ұстанымы

Жаһандану үдерісіне қарамастан соңғы жылдары әлемнің әр түкпіріндегі түрлі елдердің арасында аймақтық ықпалдастық үрдісі белең ала бастады. Посткеңестік аймақтағы мемлекеттер территориясындағы бұл үрдістің басты ерекшелігі ішкі бірлікті нығайту және жаңа трансұлттық қауіптерге қарсы тұру болып табылады. Қалыптасқан ерекше жағдай осы саладағы саясатты қалыптастыруда мүлдем жаңа тәсілдерді іздеуді талап етті.

Осыдан біраз уақыт бұрын Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тілі, діні, ділі жақын бес мемлекетпен: Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстанмен бірігіп, Орталық Азия одағын құру туралы ұсыныс айтқан болатын. Бұл идеяға қатысты түрлі пікірлер болды, тіпті кей мемлекет басшылары өз көзқарасын ара-тұра өзгертіп отырды. Нақтырақ айтқанда, Қазақстанның аймақтағы ресми емес жетекшілігінде басты бәсекелес саналатын Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов, өзінің Астанаға соңғы сапарынан кейін, Орталық Азия одағының құрылуына қатысты үзілді-кесілді қарсылығын білдірген еді. 2008 жылы «Әр мемлекет бұл бастамаға деген көзқарасын, мемлекетке тиімділігі тұрғысынан өзі белгілеуі тиіс. Сондықтан мен бұл бастама бізге, Өзбекстанға қолайлы емес екендігін бірден мәлімдеймін. Аталған мәселеге қатысты алыпқашпа әңгіме болмас үшін бірден мәселенің басын ашып алайық. Егер Қырғызстанға Қазақстанмен өзара одақтың қажеті болса, олар өздері екеуара шешуі тиіс» – осылай деген Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов, бұдан сәл ертеректе, 2006 жылы керісінше «қазақ, өзбек бір болса, бізді ешкім жеңе алмайтын болады», – деп айтқан еді [1]. Дегенмен Орталық Азия одағының болашақ тағдыры Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының өзара қарым-қатынасымен тығыз байланысты деген пікір сарапшылар тарапынан жиі айтылуда. Елбасы Еуразиялық одаққа байланысты өзінің берген сұхбатында былай: «Еуразиялық интеграцияның геоэкономикалық және алдағы уақытта геосаяси маңызының артуы эволюциялық және еркін жолмен дамуы тиіс. Басқа құрылымдардың пайда болуы әбден мүмкін. Мен, мысалы, Орта Азиялық одақ құруды қалайтындар жағындамын. Бұл Орталық Азиядағы барлық халықтардың жағдайын жақсартуға және аймақтағы күрделі проблемаларды шешуге мүмкіндік тудырар еді», – деп мәлімдемеген болатын [2].

Аймақтағы халықтардың бірлігі ол – басты мұрат ретінде адам мәдениетінің екі жағының тұтастығы, ол дегеніміз – іштей топтастыру, бірлік идеясы Еуразиялық идеяның қайта жандануына себеп болды. Еуразиялық идея Шығыс пен Батыс идеяларымен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бола тұра, оларға кереғарлық жасамайды, олармен бір қатарда айрықша тұрмайды. Керісінше, екі идеяны да жандандырып, мәденирухани жағынан біріктіреді, синтездейді. 1994 жылғы 29 наурыз күні Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттерімен және профессор-оқытушыларымен кездесуінде тұңғыш рет Еуразиялық одақ құру туралы идеясын ұсынды. Еуразиялық идея, еуразияшылдық, еуразиялық интеграция – қазіргідей дағдарыстың қауіп-қатерінен құтылудың, жаһандану үдерісіне әзірлікпен кірігудің бірден-бір ұтымды жолы, оның сұранысына жауап болып табылады. Қазіргі әлемдік дағдарыс планетамыздың барлық аймақтарында дерлік технологиялық интеграциялық үдерістерді жаңа кезеңге алып шықты. Сондықтан да Орталық Азия Одағын құру идеясы өмір қажеттілігінен туындаған, барлық жаққа тиімді, рухани өзегі ұмытылмаған идея болады. Сонымен қатар ол идеяның жалпы бағыты әрбір тәуелсіз мемлекеттің ұлттық идеясымен қайшы келмейтіні басты назарда болуы тиіс.

Саяси диссидент, түркменстандық экономист сарапшы және саясаттанушы Аннадурды Хаджиевтің пайымдауынша, Орталық Азия мемлекеттерінде бір одаққа бірігуге қажетті факторлар аз емес. «Біздің мемлекеттерде ту, әнұран, конституция сияқты тәуелсіз мемлекеттерге тиесілі атрибуттардан өзге, экономикалық базамыз да өте мықты. Бізде пайдалы қазбалардың шикізат қоры мен қомақты энергетикалық әрі еңбек ресурстары бар. Ал Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан сияқты мемлекеттерде мұндай базаны құра алатын қаржы ресурстары да бар. Осының барлығы аталған одақтың құрылуына жақсы негіз бола алады. Дегенмен біздің басшыларымыз әлі күнге дейін балалықтан арыла алмай жүр. Олар ылғи да бұл мәселеде солтүстіктегі көршіге жалтақтап қарайды. Басқаша айтқанда Совет одағы кезіндегі стереотиптен арыла алмай отыр. Жоғарыда келтірілген Ислам Кәрімовтың бір-біріне кереғар мәлімдемесі соның дәлелі», – дейді түркменстандық экономикалық сарапшы және саясаттанушы Аннадурды Хаджиев. Саясаттанушы сарапшылардың пікірінше мұндай одақ құрылатын болса бұл мемлекеттердің заңнамалық базасын өзгертуде ортақ мүдделерді қалыптастыру қажет [3].

Еуроодақ құрылған кезде әр мемлекетке арнайы талаптар қойылды. Яғни Еуродаққа үміткер әр мемлекет белгілі бір экономикалық дамуға, белгілі бір экономикалық көрсеткішке қол жеткізуі тиіс болатын. Италияның қанша жыл күткенін біз жақсы білеміз. Экономикалық өлшемдер алынып тасталғаннан кейін оларда қандай үлкен проблемалардың туындап жатқанын көріп отырмыз. Мұндай жағдай Орталық Азияда да қайталанып отыр. Орталық Азия одағын құру мәселесін егжей-тегжейлі талқыласақ та оның қаншалықты қиын екенін бірден аңғарамыз. Одақ болғаннан кейін қаржылық ағымдар да, еңбек ресурстары да бір елден екінші елге оңай жете алуы тиіс. Мұндай жағдайда Қазақстан Тәжікстан мен Өзбекстаннан келетін еңбек күштерінің еркін келуіне еш тосқауыл болмауы керек. Бірақ қазірдің өзінде екі миллион заңсыз мигранттардың елдің оңтүстігінде жұмыс істеп жатқанына Қазақстан жағы алаңдап, олардан тазарту керектігін айтып дабыл қағуда. Келешекте Қазақстанның мұндай кірігуге дайын болатынына экономикалық жағынан да оны жүзеге асыру мүмкіндігінде қиыншылықтар туындайтыны сөзсіз.

Жаhандық қаржылық дағдарыстың өзі басында Америка Құрама Штаттары тұрған дамыған елдердің бірлесу мен жалғыз-жарым жүрген көптеген дамушы мемлекеттердің қиындықты кімнің қалай өткеріп келе жатқанын айырып берді. «Жалғыздың үні шықпас» деген қағиданы ескерсек, мұны әлемдегі алпауыт елдер де түсініп, барынша бірлесіп, қауымдасып өмір сүрудің, бірігіп дамудың артықшылықтарын сезіне бастады. Ал енді дамушы елдерге келетін болсақ, олардың дамыған елдермен бірлесу мүмкіндігі болмаса, басқа да бірлестіктердің төңірегіне жиналуына  болады.  Мысалы  БРИК:  Бразилия Ресей – Үндістан – Қытай ұйымы сияқты. Бірақ бұл елдердің экономикасы шағын елдермен бірлесуге мүдделі екендігі толық айқындалмай тұр. Дамушы елдердің алдында қалай біріксек екен деген сауал ашық тұр. Мұндайда әрине, Орталық Азия елдері интеграциясы дамушы елдердің экономикалық қуатын кеңейтіп, бәсекелестік қабілетін арттыратын бірден-бір одақ бола алар еді. Аймақта интеграциялық қадамдарды жасауда алғашқы жылдары айтарлықтай негіздер жасалғандығы белгілі. Өкінішке қарай, өткен ғасырдың 1990 жылдары басынан бастап жүргізіліп келе жатқан келіссөздермен декларациялық шешімдердің қабылдануынан тиімді нәтиже болмады. Әрине, бұл келіссөздердің жағымды жақтарын да жоққа шығара алмайтындығымыз айқын. Бірақ Орталық Азия ауқымындағы интеграция толыққанды жүзеге аспай келеді. Келіссөздер көбіне екі мемлекет арасындағы екі тараптық негізді қалыптастыруда. Бұл үрдіс көп тараптылық механизмін қамтамасыз ете алмады. Сонда оған кедергі жасап тұрған қандай мәселелер? Міне, осы сауалға осы күнге дейін жауап іздеген сарапшылар мен экономистер, мемлекет басшылары оның түйінін тарқата алмай отыр. Біріншіден, өнеркәсіпті жоғары деңгейге жеткізіп, экономиканы әртараптандыруымыз қажет. Сауда-инвестициялық өзара қарым-қатынас та интеграциялық бірлесе ынтымақтасудың маңызды тармағының бірі болып табылуы керек. Екіншіден, экономикасы енді дамып келе жатқан елдер де бір-бірімен интеграциялана алады. Егер олардың экономикасы ашық, жариялылық түрде дамып отыратын болса, демократия нық орнаған елдер сияқты нарыққа сай, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмен және көлеңкелі экономика жоқ болатын болса, аймақтағы интеграцияландыру үрдісі қанат жайып, гүлденеді. Ал аймақта бұл жағынан жасалатын шаруа бастан асады. Американдық, батыс еуропалық, азия-тынықмұхиттық одақтардың жетекші блок екені белгілі.

Олардың өзара бәсекелестігі мен өзара қарым-қатынасы – әлемдік экономиканың тағдырын айқындайтын фактор болуда. Бұл жерде аймақтың бірігу жолы Қытай, Жапония секілді алпауыт елдермен жалғасуы тиіс деуге болады. Әрине, көп векторлы ынтымақтастықта бірлесіп жұмыс істеу Қазақстанның ұстанған бағытының ерекшелігін көрсетеді. Соның бірі – еуропалық бағыт – Еуропаға жол, екіншісі Орталық Азия елдерінің аймақтық интеграциялық одағы осы аймақтағы елдердің экономикасын дамытуға зор үлес қосатынын тағы да бір кепілі екендігін атап өткен жөн. Ынтымақтастық фактор алдымен көрші халықтар үшін қажет, ол үшін еркін сауда аймағымен қатар бірыңғай экономикалық аймақты қалыптастыру, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін қамтамасыз ететін инфрақұрылымдарды құру, интеграциялық үдерістерді жеделдетуге тікелей ықпал жасайды [4]. Ең бастысы қарапайым азаматтарға жағдай жасау кез келген интеграцияның негізі болуы тиіс. Сонымен бірге Орталық Азия кеңістігінде жоғары технология орталығын құрмай, дамыған елдер қатарына қосыла алмаймыз. Ал ресейлік белгілі сарапшы Алексей Власов Орталық Азия елдері интеграциялық одақ құруы үшін ең бірінші осы аймақта орналасқан елдердің адам капиталына ерекше маңыз беріп, оны дамыта алған күнде ғана одақ туралы ойлануына болатынын ашып айтты. Сарапшы адам капиталы бойынша әлемдік тізімде Қазақстанның 73-ші, ал өзге елдердің 100-дің арғы жағындағы орындарды алып тұрғандығын еске сала кетті. Адам капиталы дегенде, алдымен осы аймақтағы тұрғындардың білімі, денсаулығы, салауатты саяси көзқарастары, әлеуметтік жағдайларын қолға алу керек.

Егемендiгiмiз нығайған сайын ел басшылары бiрлiгiмiздi қайта қалпына келтiру керектiгiн ашық айта бастады. Екi немесе бiрнеше елдер арасында айтарлықтай келiсiмшарттар жасалды. Ал 1993 жылдан бастап мемлекетаралық деңгейде «Орталық-Азия Одағы» ұйымының негiзi қаланғанымен, ол 1998 жылы «Орталық Азия экономикалық қоғамдастығына», 2002 жылы «Орталық Азия ынтымақтастық ұйымына» айнала келе, 2006 жылы Еуразиялық экономикалық қоғамдастығына қосылып, iзi жоғалды. Бұл қадамдарға бастапқы кезде көпшiлiк үлкен үмiт артқан болатын. Ал келе-келе бұл туралы қынжыла тыңдайтын болдық. Оған себеп бір ғана мысалды келтіруге болады: 2001 жылға дейін ОАЭҚ мүшелері арасында 250-ге жуық үлкенді-кішілі құжаттарға қол қойылған екен, бірақ соның 90%-ы тек қағаз жүзінде қалып қойған. Кейбiр елдiң жаңа қоғамдық құрылысқа өту кезеңiнде өздерiнiң «айрықша» даму жолына түсемiн деп әуреленуi де терiс ықпалын тигiздi. Олар өз елдерiн оқшаулап, сөз жүзiнде бәрiн жақсы етемiз десе де, тiптi бүгiннiң өзiнде қарапайым халықтың қарым-қатынасын тежеп отыр. Оған қарапайым бір мысал Ташкенттiң түбiндегi

«Жiбек жолы» шекара өткелi арқылы тек озбырлыққа төзген адам ғана өтуi мүмкiн. Ондағы орын алып тұрған жағдай туысқан халықтардың араласуын мейлiнше саябырсытуға, араздық тудыруға жасалынған сияқты [5].

Кез келген Одақтың басты желiсi экономикалық интеграция екенi белгiлi. Бұл бiздi саяси деңгейде, ғылым мен мәдениетте, жалпы алғанда жан-жақты жақындата түсiп, қай жерде жүрсек те өзiмiздiң бiрлiгiмiз бен туысқандығымызды мекенiмiз ортақ екенiн шынайы өмiрде сезiндiре бастайды.

Астана бұл жөнiнде iскерлiк тұрғысына сай ұсыныстар жасап отыр. Атап айтқанда: «интеграцияны тереңдету, еркiн сауда аймақтарын құру арқылы экономикалық реформа саясатын үйлестiру, кедендiк одақ, тауар мен қызмет көрсету, капиталмен жұмыс күшiнiң ортақ нарығын, валюта одағын» жасауды меңзейдi. Әрине мұны Одақтың әрбiр мүшесi толыққанды түсініп атсалысқанда ғана іс жүзінде көрініс табуы мүмкiн. Болса да мұнымен экономиканың сан түрлi мәселелерi шектелмейдi. Оның басты мәселелерiне бәсекеге қабiлеттiлiгiн жатқызуға болады. Әсiресе арзан да сапалы тұтыну тауарларын өндiруде әлемдi осындай тауармен толтырған Қытайды бұл мәселеге қатысты көзге iлмеу мүмкiн емес. Бiз оның, сонымен қатар күн сайын қатары көбейiп келе жатқан өндiрiсте қолданылатын жабдықтарын да үнемi сатып алушы ретiнде қала беруiмiз керек. Немесе ол сияқты бәсекеде басым тауарлар өндiрiп, қызмет көрсетудi меңгеруiмiз қажет. Бұл біздің қытайлықтардың да экономикалық моделiне бейімделуімізге жол ашады. Оны, Одақтың аясында жаңадан ұйымдастырылған кәсiпорындарда немесе бар өндiрiс орындарында қызығарлық жағдайлар жасау арқылы жандандыруға болады.

Экономикалық ынтымақтастық саяси ынтымақтастыққа алып келедi. Бiрге жұмыс жүргiзу басталғанда, арадағы түсiнбеушiлiктер де азаяды. Бүгiнгi күндерi мәдени шараларды үзбей өткiзiп, бiрге радиотелехабарлар жасап, басылымдар шығарудың, конференциялар мен дискуссиялар өткiзудiң аса қажеттiлiгi туындап отыр. Мұндай іс-шараның бәрi халықтарымыздың түсiнiстiгiн күшейтiп, жақындасуына ықпал етеді.

Бүгiнгi күндерi ОАМ Одағын құру – замананың талабы. Бұған қажеттi барлық жағдайлар бар. Ендiгі сөз аймақтың мемлекет басшыларында. Н. Назарбаев, И. Кәрiмов бiрiгудiң жақтаушылары болса, Президент Г. Бердiмұхамедов те өзiнiң бұған қызығушылығын жасырып отырған жоқ. Мұны Душанбе де қолдап отыр. Тiлi басқа болса да, бiрiмiз болып кеткен тәжiк елi, қапсырылысқан тарихымыз бар ел бiздiң Одағымызға қосылса, одан бәрiмiз де ұтар едiк. Егер бiздiң елбасыларымыз Одақтың ортақ келiсiмшартын қабылдап, оны iс жүзiнде кейiнгiлерде айнытпай жалғастыратын мызғымас деңгейге дейiн жеткiзсе, бұл олардың елбасылар ретiндегi жеткен басты жетiстiгi болмақ. Ендiгі жерде тек саяси жiгер керек.

ОАМ Одағын құру идеясы кейінгі жылдар ішінде әдуір дами түсіп, шынайы кейіпке ие бола бастады. Мысалы өткен жылдан бері Қазақстан мен Қырғызстанды жақындастыра түсуге арналған мемлекетаралық құрылымдар жұмыс істей бастаса, Президент Э. Рахмоновтың 2008 жылдың мамыр айында Астанаға іссапары кезінде осындай құрылымдарды Қазақстан мен Тәжікстанның арасында да ұйымдастыру келісілді.

Бұдан 10 жыл бұрын ұсынылған моделдің нақ экономикалық құрамдастығы нақты тұрғыда жұмыс істеуге қабілетті болып шықты. Мемлекеттер ескі саяси құрылымдар емес, бұрынғы КСРО-ны қалпына келтіру емес, қайта ұлттық мемлекеттердің экономикасы интеграцияның базасы бола алады дегенді негізге алдық. Нақты тәжірибе өткен саяси тарихта мәдениеттер мен тілдердің бірлігі де, түрлі елдерді байланыстыратын қуатты этностық диаспоралардың болуы да интеграциялық процестер үшін жеткілікті негіз бола алмайтынын көрсетіп берді. Интеграцияның нақты себебі экономикалық мүдде бола алады. Бірақ бұл мүдде іс-жүзінде іс-әрекетке айналуы үшін экономикалық институттар мен заңнамалық базаның біртұтастығы қажет [6].

Интеграцияны бір ғана фактормен қарауға болмайды. Осынау жылдарда Қазақстан сан алуан интеграциялық бірлестіктердің құрамындаҰҚШҰ сияқты әскери, ЕурАзЭҚ секілді экономикалық бірлестіктерден бастап, ШЫҰ сынды жалпы саяси бірлестіктердің шеңберінде әрекет жасап көрді. Әр интеграциялық деңгей өз міндетін атқарады. Бұл идеяның басқа жәйті-түрлі жеделдіктегі интеграция. Ол кезде бұл туралы ойлап жатқандар аз еді. Интеграция бола ма әлде болмай ма деген сұрақтың алдында тұрғандай көрінген. Бірақ нақты сұрақ туғызатын жәйт басқада еді. Ол түрлі елдердің интеграцияға әзірлігі немесе әзір еместігі деңгейіне байланысты болатын. Осы онжылдық көрсеткеніндей, шынында да елдердің интеграцияға әзірлігі түрлі деңгейде болып шықты. Бұл ғана емес, интеграция арналарын түсіну де әрқилы болып шықты. Бұл заңды да, өйткені уақыт өте келе экономикалық және мәдени ұмтылыс аймақтары қатты өзгеріске түседі. Бұдан қайғылы тұжырымдар жасаудың қажеті жоқ. Бұл ұлттық мүдделер қисыны ұсынатын табиғи үдеріс. Сондықтан да, Еуразияның ұлан-байтақ кеңістігіндегі базалық үлгісіне алдын ала ескерілген интеграциялық үдерістердің түрлі жеделдігі саясатшылардың қаскөй немесе жағымды ерік-жігерінің нәтижесі емес.

Үшінші арна – өңірлік қауіпсіздік. Ол кезде халықаралық лаңкестік осындайлық құлаш жаяды деп ойлау қиын еді. Алайда өңірдің дәстүрлі саяси құрылымында жүйеден тыс жаңа күштердің жандануына байланысты кейбір алаңдаушылық белгілер сол кезде-ақ байқала бастаған. Есірткі тасымалы, трансұлттық қылмыс мәселелерін өңірдегі бір елдің күшімен шешу мүмкін еместігін түсінікті болды. Сонымен бірге сол кезеңде өзіндік бір «жанармай қоймасы» болып отырған ауған  түйіні алаңдатпай қоймаған.

Осының бәрі өңірлік қауіпсіздіктің жаңа формуласы қажеттігін алға тартты. Біртұтас ядролық қалқанның ендігі жерде жоқ екенін, жекелеген ұлттық мемлекеттердің ӘҚҚ(ПВО) жүйесі мен шекаралық инфрақұрылымы жаңадан қалыптасып жатқанын және мұның өзі түрлі экстремистік күштер үшін өңірдің «тартымдылығын» күрт арттырғанын түсіне білдік. Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы, Азиядағы сенім шаралары және қауіпсіздік жөніндегі Кеңес іспетті, сондай-ақ, Орталық Азия аясындағы құрылымдарды дамыту жөнінде көп жұмыс атқарылды. Көп ретте осының, сондай-ақ, лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі халықаралық коалиция қызметінің арқасында орта мерзімді болашақта өңірдегі ахуал әлдеқайда тұрлаулы және болжамды өрбіді. Алайда аймақ жағдайдағы интеграцияның негізгі бір айқындамасы ретінде өңірлік қауіпсіздікті айқын белгілеу нақ осы Еуразиялық Одақ жобасында жария етіліп, ол көп ретте нақты іс-әрекеттердің бастауына айналды. Қазақстанның әуел бастан-ақ интеграцияның еріктілігінін жақтағанын бірден атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев [7]. Бұл басты қағида. Мәжбүрлі интеграцияның әрқилы сценарийлері алғашқы кезде жақсы көрінді. Оның үстіне әр халық үшін формасы емес, мәні бойынша ұлттық тәуелсіздік абсолютті басымдық болып табылатын қарапайым қағиданы түсіне білу керек. Мәселе мынада, ол осы заманғы жағдайлардағы интеграция түсінігінің өзіне сәйкес келмейді. Егер бұрын өңірлік бірлестіктер шынында да «темір перде», экономикалық автаркизм қисынына негізделіп құрылса, бүгінде жаһандану мұндай кедергілерді оп-оңай бұзып өтеді.

Идеяның болжамдық әлеуеті жаман болмағаны сөзсіз. Алайда уақыттың өзі мағынаны өзгертеді, сондықтан да бүгін бұл модель іс жүзінде жаһандану әлеміне жайлап кіруге деген өңірлік бейімделудің әрекеті болды деп айта аламыз. Жаһанданудан тек қана жақсылықты көруге болмайды. Ол өзімен бірге сондайлық қауырт өзгерістерді ала келеді, содан да әлемнің көптеген өңірлері шешілмес мәселелерімен бетпе-бет келді. Өткен ғасыр үшін дұрыс деп саналған көзқарастар жаңа ғасырда табалдырық сыртында қалды. Ұзақ жылдар бойы дамыған елдер әлемдік шикізатты шеткері аймақтардан қанап отыр деген идея танымал болған еді. Бүгінде мәселе басқаша қойылып отыр. Әлемнің кейбір аймақтары «ұмытылған аймақта» қалып қойды. Жаһандық нарықтарда бәсекеге қабілеттілік сөзі шешуші мәнге ие болуда. Өңірдің көптеген елдерінің ондаған жылдар бойы технологиялық артта қалушы жайттарының қордалануы, бұрынғы мемлекеттілік жүйенің әлсіреуі, орасан экономикалық дағдарыс салдарынан жаһандық экономикаға жалғыз шығу өте қиын. Жаһандық нарықтарға жайлап бейімделуге өңірлік интеграция аясында әзірлену – бұл ең бір орайлы да экономикалық ақталатын жол. Еуропадағы нақ осы өңірлік интеграция әлеуеті біздің елімізден әлдеқайда төмен еуропалық көптеген шағын елдердің бүгінде жаһандануға ойдағыдай бейімделуіне мүмкіндік беріп отырғанын ешкім жоққа шығара қоймас. Уақыт еуразиялық модельдің өңірлік интеграция арқылы жаһандық нарықтарға өтуінің қосымша өлшемін ашып берді. Жаһандық нарықтарға кірудің басқа да қуатты тетіктері болуынан көп нәрсені атқарудың мүмкін болмағаны басқа мәселе. Бірақ өңірлік интеграцияның әлеуеттік мүмкіндіктерін бүгінде ұмытуға болмайды. Қандай да бір модельге баға беру кезінде болашақтан немесе қазіргі кезеңнен жасалған көзқарас маңызды емес, өткенмен салыстыра отырып жасалған сараптама дұрыс болатыны белгілі. Екінші жағынан, ұлттық тәуелсіздікке ие болу жолында өз мемлекеттілігі туралы ғасырлық арман интеграция идеясын қандай да бір қоғамдық қолдаудан айыратындай көрінетін. Көптеген елдердегі мемлекеттік элиталар мәселенің қойылысының өзіне күмәнмен қарағандығы белгілі. Бұл әбден объективті және түсінікті жағдай еді.

Қорыта айтқанда, Орта Азиялық одақ идеясының Қазақстанның бастамасы бойынша келесі үш ұйым ауқымында трансформацияланып іске асырылғандығы осыған дәлел – олар ЕурАзЭҚ, АӨСШК және ШЫҰ. Бұл – бір жайтпен айтып жеткізгісіз Орталық Азия елдерінің іс жүзінде біртұтас аталмыш идея ауқымында қалыптасып дамуының үш түрлі көрінісі.

Алайда, ХХІ ғасырға аяқ басып халықаралық қатынастар үдерісінің жаңа архитектурасының қалыптасуына, ал мұның өзі құрлықтағы жаһандық және аймақтық қауіпсіздіктің жаңа мәселелерінің туындауына әкелді. Сондықтан  да Орталық Азия қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтауда бұрынғы теориялық ұстанымдар мен қағидалар, нақтылы әдістер мен құралдар жаңа дәуірдің халықаралық қатынастарына қолдануға сай келе бермейтіндігін көрсетті. ХХІ ғасырда Орта Азиялық идеяның кең де терең мәнге ие болуы аймақтағы мемлекеттер арасындағы күрделі қайшылықтарды шешудің бірден-бір үйлесімді формасы, сонымен қатар көп деңгейлі интеграциялық үдерістердің қайнар көзі, ендеше, аймақтық  қауіпсіздік  пен  бейбітшілікті  қамтамасыз етудің бірден-бір құралы болып табылмақ. Қорыта айтқанда, Орталық Азия халықтары үшін бірлігімізді қалпына қайта келтіруден басқа жол жоқ. Осы орайда, Орталық Азиядағы интеграциялық үдерістер үшін маңызды болып табылатын төрт ұстанымды басшылыққа алу керек.

Біріншіден, интеграция, ең алдымен, экономикалық қажеттілікке негізделген прагматикалық сипатта ғана бола алады десек, екіншіден, көп деңгейлі және   түрлі   жеделдіктегі интеграция идеясы. Үшіншіден, қауіпсіздікті бір ғана елдің күш-жігерімен қамтамасыз ету мүмкін емес, өңірлік қауіпсіздік тетіктерін іздестіру қажеттілігі. Төртіншіден, интеграцияның еріктілігі. Аймақтық ынтымақтастық Орталық Азия кеңістігіндегі мемлекеттердің өзара интеграциялық қауымдастығы олардың әрқайсысының ұлттық егеменділігі мен тәуелсіздігін, тұрақтылығы мен қауіпсіздігін одан әрі қамтамасыз ету үшін өте қажет.

 

  

Әдебиеттер

 

  1. Аубакирова Ж.Я. Центральная Азия: проблемы региональной интеграциии//Саясат. – – №11. – C. 70.
  2. www.nomad.su/?a=3-200502280032 «Президент Кыргызстана поддерживает инициативу Нурсултана Назарбаева о создании Союза Центрально-азиатских государств» 02.2005.
  3. Лидеры Центральной Азии уже почти 20 лет говорят об интеграции, которой нет // Материалы круглого стола радио
  4. «Азаттық» от 22.01.2010.
  5. Назарбаев Н. предлагает создать Союз государств Центральной Азии // Всесоюзное значение. – 2008 г. – С
  6. Проекты сотрудничества и интеграции для Центральной Азии: сравнительный анализ, возможности и перспективы
  7. // Худжанд, 26-28 июня 2007 г.  – С. 13.
  8. Развитие интеграционных процессов в странах Центральной Азии // РГГУ 2007 г. – С.
  9. http://www.centrasia.ru/newsA.php?st=1142717880 «ҚР Президенті Н.ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 19-20 наурызындағы Өзбекстанға мемлекеттік сапарының материалдары». 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.