Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі: проблемалары және шешу жолдары

Әлемдік экономиканың қазіргі дамуы және әлемдік шаруашылықтың жаһандану үдерістері, экономикалардың өзара тәуелділіктерінің өсуі, жаһандық тауарлар мен қаржылық нарықтардың қалыптасуы осы үдерістерге түскен елдердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін көтеру проблемасына қызығушылықтың артуына әкелді. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік деңгейін анықтау және оны көтеру шараларын дайындау проблемасы әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыс әлемдік экономиканың дамуына және әлемдік экономиканың дамуына әсер ететін ірі елдердің экономикалық дамуына түбегейлі өзгерістер енгізгеннен кейін күшейе түсті [1].

Болашақта қандай экономикалар бәсекеге қабілеттілік рейтингінде жоғары орындарды алады және ұлттық экономика үшін бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдарын табу қазіргі уақытта әлемнің көптеген елдері үшін маңызды проблема болып отыр. Осыған байланысты, кез келген мемлекет әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыстан кейін әлемдік даму болашақта қандай бағытпен жүретіндігі туралы ортақ пікірдің болмауы кезінде осы белгісіз болашақта ұлттық бәсекеге қабілеттілікті көтеру стратегиясын дайындауы қажет. Бұл мәселені дағдарыстан кейінгі уақытқа қалдыруға болмайды, себебі бәсекеге қабілеттілікті арттыру проблемасы кез келген елдің дамуы үшін ең маңызды мәселенің бірі – тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуымен, халық өмір сүруінің жоғары деңгейімен тығыз байланысты. Қазіргі уақытта бәсекеге қабілеттілік мәселесімен көптеген танымал экономистер және 100-ден астам әлем елдерінің ұлттық институттары көмектесетін ірі халықаралық институттар айналысады.

Елдер арасындағы бәсекелестік күрестің өршуі әлемдік экономикаға көптеген өзгерістер әкелді. Жыл өткен сайын әлемдік шаруашылық қатынастар бірыңғай геоэкономикалық жүйе ретінде көптеп қарастырылуда. Бұл жағдайларда кез келген елдің күші мен қуаты оның өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігімен анықталады. Ұлттық нарықта неғұрлым бәсекелестік күшті және оның формалары алуан болса, соғұрлым әлемдік нарықта елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейі жоғары болмақ.

Бәсекеге қабілеттілік мәселесі экономикалық ғылымдар арасында аз зерттелген салалардың бірі болып табылады. Адам Смит «Табиғат және халықтар байлығының себептері туралы зерттеу» атты еңбегінде көрінбейтін қол әлемді басқарады, сондықтан нарықтық экономика құламайды, ал бәсекелестік бәрін өз орнына қояды, өзінің жеке мүдделерін қанағаттандыруға ұмтылған адамдар ақыр соңында қоғам үшін жұмыс істейді деп айтқан болатын [2]. Дегенмен, 1970 ж. басында, бәсекелестік тақырыбына көп назар аударылғанымен, оны дайындауда инновациялық идеялар аз енгізілді. Бәсекеге қабілеттілік түсінігінің заманауи көрінісін негізінен американдық ғалым М. Портердің әзірлемелері айқындады. Ол елдің бәсекеге қабілеттілігі түсінігін өндіріспен байланыстырды. Осыған ұқсас ойды әйгілі американдық ғалымдар Д. Доллар және Э. Вульф ұстанады, олардың тұжырымы бойынша, жоғары технологиялар негізінде халықаралық саудада табыстылықты, еңбекақыны және табыс жоғары өндірісті үйлестірген ел бәсекеге қабілетті болып саналады.

Бәсекеге қабілеттілік – бірнеше деңгейде қарастыруға болатын көп қырлы экономикалық категория. Бұл – мемлекеттің, тауардың, тауар өндірушілердің, салалардың бәсекеге қабілеттілігі. Осы деңгейлердің арасында тығыз байланыс бар: елдік және салалық бәсекеге қабілеттілік ақыр соңында белгілі бір өндірушілердің бәсекеге қабілетті тауарларды өндіре алу қабілетіне байланысты.

М. Портер бәсекеге қабілеттілікке келесідей анықтама береді: «Бәсекеге қабілеттілік – бұл техникалық-функционалдық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа сипаттамаларға сәйкес келу деңгейін сипаттайтын нарықтың белгілі бір үлесін алатын объект». Тұтынушы талаптарының деңгейі осы объектіге жататын нарықтың үлесін анықтайды және басқа объектілердің пайдасына осы нарықтың бөлінуіне кедергі болады [3].

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету әлемдік нарықта елдің жағдайын анықтайтын және жеткілікті деңгейде оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды проблема болып табылады.

Елдің бәсекеге қабілеттілігі:

  • Елдің әлемдік нарықта бәсекелестеріне қарағанда көп материалдық құндылықтарды өндіру қабілеті.
  • Елдің еркін және әділ нарық  жағдайында тауарлар мен қызметтерді өндіру қабілетінің деңгейі.
  • Алынған қаражаттарды өтеудің экономикалық қабілеті.
  • Елдің әлемдік нарық талаптарына жауап беретін тауарлар мен қызметтерді өндіру және ЖІӨ өсуінің тұрақты қарқынын, әлемдік деңгейде халықтың өмір сүру сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жылдамдықта мемлекеттік ресурстарды ұлғайту шарттарын құру қабілеті.

Елдің бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын факторлар:

  • Экономикалық даму қарқыны, ұлттық валюта жағдайы сияқты көрсеткіштермен бағаланатын экономика динамизмі.
  • Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігі.
  • Тауар сапасы деңгейінің, жан басына шаққандағы тұтынушылық шығындар көлемінің көрсеткіштері бойынша бағаланатын нарық динамизмі.
  • Коммерциялық банктер, бағалы қағаздар нарығы қызметімен бағаланатын елдің қаржылық жүйесінің жағдайы мен дамуы.
  • Халық саны мен өсу қарқыны, жұмыссыздық деңгейі, еңбек ресурстарының біліктілік деңгейі негізінде анықталатын адами ресурстар.
  • Елдің салық салу деңгейін, ұлттық табысындағы мемлекеттік сектордың үлесін зерттеу негізінде экономикадағы мемлекеттік реттеудің әсер ету дәрежесімен анықталатын мемлекеттің рөлі.
  • Елдің әлеуметтік-саяси жағдайы – оны сипаттайтын көрсеткіштер: табыс және оны бөлу көлемі, өнеркәсіптегі еңбектік қатынастар және т.б.

Әрбір елдің бәсекеге қабілеттілік құрылымы бір-бірінен ерекшеленеді, өйткені бір мемлекет өзінің географиялық жағдайына, өнеркәсіп деңгейіне, ресурстардың көлемі мен қолжетімділігіне байланысты бір немесе бірнеше салаға маманданады және сол салаларда бәсекеге қабілетті болады. Бұл халықаралық еңбек бөлінісіне әкеледі.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалау

Көп жылдар барысында әлемнің түрлі елдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалаумен Дүниежүзілік экономикалық форум (WIF/ДЭФ), Менеджментті дамытудың халықаралық институты (IMD), Дүниежүзілік банк айналыса-  ды. Әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің жетекші әлемдік рейтингі болып ДЭФ-тің жыл сайынғы «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» (GCI/ЖБҚИ) баяндамасы саналады. 1979 ж. бастап бәсекеге қабілеттіліктің жыл сайынғы жаһанды баяндамаларында ұлттық экономикаларға тұрақты экономикалық өсуге және ұзақ мерзімді ауқаттылыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін факторлар зерттеледі. Басқа сөзбен айтқанда, баяндамалардағы мәліметтер белгілі бір елдің даму деңгейінің көрінісі болып келеді.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын 113 айнымалы көрсеткіш бар, солардың негізгі құраушы бөлігі 12 пункттен тұрады. Атап айтқанда:

  1. Институттар сапасы.
  2. Инфрақұрылым.
  3. Макроэкономикалық тұрақтылық.
  4. Денсаулық және орта білім.
  5. Жоғары білім және кәсіби дайындық.
  6. Тауар және қызмет нарығының көрсеткіші.
  7. Еңбек нарығының көрсеткіші.
  8. Қаржы нарығының деңгейі.
  9. Технологиялық даму деңгейі.
  10. Ішкі нарық деңгейі.
  1. Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі.
  2. Инновациялық потенциал.

2014 ж. қыркүйекте (2013 ж. қорытындысы бойынша) шыққан, ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есеп нәтижесі бойынша Қазақстан, 2012 жылмен салыстырғанда 1 тармаққа (51 орын) жақсартып, орташа 4,42 балмен 50-ші орынды иеленген [4]. Бұл ретте, Қазақстан даму деңгейі едәуір жоғары елдер қатарына өтті, бұл елдердің дамуында тиімділік пен инновациялық даму факторлары маңызды рөл атқарады.

Дүниежүзілік   банктің   бағалауы   бойынша «Doing Business» (бизнесті жүргізу жеңілділігі) көрсеткіштері бойынша Қазақстан 2013 ж. ең дамыған 50 ел деңгейінен өтті. 2013 ж. есептеу әдістемесіне сәйкес Қазақстан 2012 ж. 53-шы орында болған.

Kесте – 2014-2015 Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі Қазақстанның позициялары [4]

   Посткеңестік елдер арасында іскерлік ортаның жайлылығы бойынша Қазақстан көшбасшылардың бестігіне кірді. Ең жоғары позицияны, алдыңғы жылы секілді, 16-шы орыннан 9-шы орынға көтерілген Грузия алды. Одан кейін Эстония (21-шы орын), Латвия (25-ші орын), Армения (32-ші орын) және Қазақстан (49-шы орын) орналасқан.

Менеджментті дамытудың Халықаралық институтының   әлемдік   бәсекеге   қабілеттілік туралы жыл сайынғы баяндамасының бағалауы бойынша Қазақстан барынша дамыған 30 ел қатарына кіруге жақын. 2013 жылғы IMD рейтингінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы 34 орынға ие. Қазақстан Чех Республикасы (35 орын), Үндістан (40 орын), Түркия (37 орын), Италия (44 орын) және Португалия (46 орын) секілді елдердің алдында орналасқан. ТМД елдері арасында Қазақстан Ресейді 8 тармақ бойынша (42 орын) және Украинаны 15 тармақ бойынша (49 орын) озып көшбасшы  позицияны алды.

Қазіргі уақытта, Қазақстан экономиканың көптеген секторларында тұрақты позицияларға қол жеткізді. Мұндағы басты мәселе экономиканы модернизациялауға, ұлттық шаруашылықтың жаһандану үдерісіне және әлеуметтік бағытталған қоғамды дамытуға негізделген сапалы бәсекеге қабілеттілікті арттыру болып отыр.

2012 ж. қаңтар айында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2050 ж. қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бойынша жаңа стратегиялық мақсат қойылған болатын [5].

Осында айта кететін жайт, 2015 ж. 1 қаңтарында Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелікке кірмекші. Бұл одақты құру идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1994 ж. ММУ-де берген лекциясында айтқан болатын. Содан бері, міне, 20 жыл өткеннен кейін, бұл идея іске асырылып, 2014 ж. үш мемлекет: Қазақстан Республикасы, Беларусь   Республикасы,   Ресей   Федерациясы

«Еуразиялық одақты құру жөніндегі» Келісімшартқа қол қойды. Бұл ел экономикасының бәсекеге қабілеттігін нығайтудың тағы бір жолы ретінде қарастыруға әбден болады. Себебі, қазір заман талаптарына сәйкес, мемлекеттер белгілі бір интеграцияға ұшырамай тұрақты, әрі қарқынды экономикалық өсуге жетуі мүмкін емес.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің халқына Жолдауында: «Біздің экономиканың бәсекеге қабілеттілігі энергиялық шығындарды төмендетуді қамтамасыз ететін тиімді технологияларға негізделуі керек» деп атап көрсеткен еді. Жаңа индустрияның үдемелі өсуі бойынша шаралар жүйесінде көрнекі орынды Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2007 жылдың 28 желтоқсанында «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» №1332 Қаулысы қабылданды. Қаулыда Қазақстан үшін түрлі халықаралық рейтингтерде жақсы позицияларға жету ғана емес, экономикамыз бен қоғамымыздың тұрмыс жағдайының тұрақты өсуін қамтамасыз ету де маңызды екендігі атап көрсетілген [6].

Қазақстанның бәсекелік артықшылығы еңбек нарығы және макроэкономикалық ортанының тиімділігі болып табылады [7].

Сонымен қатар, Қазақстан денсаулық сақтау мен бастауыш білім, қаржылық нарық дамуы, компаниялар мен инновациялардың бәсекеге қабілеттілігі сияқты факторларда әлсіз позицияларды иеленіп отыр.

Орташа деңгейінде Қазақстан бәсекеге қабілеттілігі институттар, инфрақұрылым, жоғарғы білім мен кәсіби дайындық, тауарлар нарығының тиімділігі, технологиялық дайындығы мен нарық көлемі позициялары бойынша тұр.

Қазақстан өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілік деңгейіне негізгі техникалық қорлардың, әсіресе ауылшаруашылығындағы қорлардың, моральды және физикалық тозуы теріс әсер етіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасындағы негізгі технологиялық құрал-жабдықтардың жасы 25 жылдан асады. Өндірістік қорлардың тозуы 70%-ға, яғни өндірістік қуаттың физикалық құлдырауы басталатын нормаға жетіп отыр. Жоғары деңгейлі технологияларды қолдану деңгейі бойынша Қазақстан әлемдегі дамыған елдерден 10 есеге артта қалуда. Бұдан басқа, Қазақстанның экономикалық өсуін шектейтін негізгі факторларға – әлсіз банктік жүйе, корпоративтік басқару саласындағы кемшіліктер, шикізаттық тауарларға деген бағаның өзгермелілігі және нашар менеджмент жатады. Жалпы экономиканың дамуын тежейтін факторлар ретінде келесілерді атап өтуге болады:

  • Негізгі өндірістік қорлардың физикалық және моральды тозуының жоғарғы деңгейі.
  • Қалыптасқан өндірістік қуатты жеткілікті деңгейде қолданбау.
  • Өнеркәсіпте шикізаттық салалардың басым болуы.
  • Өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің төмендігі.
  • Арта қалған қалалар мен аудандардың көп болуы.
  • Өңдеуші салалардың инвестициялық тартымдылығының төмендігі.
  • Жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейі және халықтың көп бөлігінің өмір сүру жағдайының төмендігі.
  • Кадрлық және ғылыми-техникалық қуаттың әлсіздігі.
  • Ғылыми-техникалық прогрестің баяу дамуы. Қазіргі жаһандану жағдайында экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп тұрған бірқатар проблемалар бар. Оларды жалпылама атап өтетін болсақ: өндірісте әлі де болса шикізат бағыттылығының басымдығы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі, Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің халықаралық сапалық стандартқа сай келмеуі, тауар өндіру мен қызмет көрсетуге кеткен шығындардың көп мөлшерде болуы.

Дегенмен де, әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономикасы бар ел ретінде мойындады. «Қазақстан-2030» – ұзақ мерзімді экономикалық қайта құрудың қазіргі заманғы стратегиясын жасау арқылы республика аумақтық лидер атанды, халықаралық еңбек бөлінісінде айтарлықтай рөл ойнады, энергетикалық, минералды-шикізаттық, тау-металлургиялық, азықтүліктік әлемдік және жергілікті нарықтарда нық позицияларды иеленді [8].

Әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттілік деңгейі бойынша Қазақстан экономикасының негізгі салаларын келесідей 4 категорияға ажыратуға болады:

  • Өте мықты бәсекелестік позиция – түрлітүсті металлургия, байланыс және телекоммуникация, атом өнеркәсібі.
  • Мықты бәсекелестік позиция – қара металлургия.
  • Орташа бәсекелестік позиция – химия, қорғаныс.
  • Әлсіз бәсекелестік позиция – авиациялық (азаматтық), электрондық, тоқыма, аграрлық.

Бұдан басқа, әзірше бәсекеге қабілетті ретінде отын-шикізаттық кешенді және газ бен мұнай өндіруші салаларды атауға болады.

Әлемдік нарықтың жеке сегменттерінде жоғары сұранысқа қара және түрлі-түсті металлургия алып отыр.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық қатынастардың және қаржылық-банктік жүйенің дамуы ішкі нарықта фирмалардың бәсекеге қабілеттілігін көтеруге жәрдемдеседі. Бұл, ең алдымен, Қазақстан территориясында кең желісін жасай алған тамақ өнімдерін өндіруші-фирмаларға әсер етеді. Бағалық және сапалық параметрлер бойынша олардың өнімі шетелдік тауарлармен салыстырғанда анағұрлым бәсекеге қабілетті, бірақ өндіріс көлемі әлі де болса төмен. Сондықтан, тамақ өнімдерін шетелден әкелу жоғары деңгейде тұр.

Бәсекеге қабілетті өнімді жасау немесе елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру – тек қиын ғана емес, ұзақ мерзімді міндет болып табылады. Дегенмен, оларды нарықтық экономика жағдайында шешуге әбден болады. Бұл үшін өндіріс шығындарын қысқартып, өнімділікті,  еңбек өнімділігін және материалды өндіріс тиімділігін арттыру қажет. Елдің экономикалық қуаты әлемдік экономикаға интеграцияланусыз, елдің ғылыми-техникалық әл-ауқатын сақтамай және дамытпай пайда бола алмайды. Сондықтан кез келген мемлекет осы шарттарды орындауға талпынған, талпынады және талпына бермек.

Елдердің бәсекеге қабілеттілікке жету әдістері бір-бірінен ерекшеленіп келеді. Біреулер табиғи ресурстар, арзан жұмыс күші сияқты базалық факторлар арқылы қамтамасыз етеді. Мұндай елдерге әлемдік нарықта мұнай, газ, көмір, металдар, бидай және т.б. сияқты шикізаттық тауарлардың шектелген түрлері бойынша артықшылыққа ие Қазақстан жатады. Осындай стратегияны ұзақ уақыт қолдану бәсекеге қабілеттілікті шектейді және әлемдік нарықта елдің позициясын жақсартуға ғана, тіпті, сақтап қалуға да мүмкіндік бермейді. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілеттік күресте жетекші елдер ретінде ғылыми және білім потенциалы, жоғарғы білікті жұмыс күші, дамыған инфрақұрылым сияқты жоғары деңгейлі факторларды қолданған елдер саналады. Бұл елдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру негізінде барлық салаларда инновацияны кеңінен қолдану жатыр.

Зерттеулер көрсеткендей, қазір әлемде білімді, адам капиталын және инновацияларды маңызды ресурстар ретінде қолдану негізінде құрылатын экономикалық өсудің жаңа түрі қалыптасты. Дамыған елдердің ұлттық байлығының 5% ғана табиғи ресурстар, 18% өндірістік капитал, ал көп бөлікті 77% білім алып отыр. Дамыған елдер экономикасының негізінде зияткерлік потенциал жатыр [9]. Сондықтан, Қазақстан осыған ұмтылуы қажет.

Қазіргі кезде Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылған мемлекет, ол жаңа экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Осы уақытқа дейінгі сыртқы сауданың статистикасына жүгінетін болсақ, экспорт пен импорттың, жалпы тауар айналымының бірте-бірте ақырындап өсіп отырғандығын байқаймыз. Осы жағдайда негізгі экспортталатын тауарлар болып мұнай, газ конденсаты, қара және түсті металл, ауылшаруашылығы өнімдері қалып отыр. Яғни еліміздің экспорты шикізаттық бағытта болып отыр. Жалпы шикізат пен алғашқы өңдеуден өткен өнімдердің үлесіне тұтас экспорттың 80%-ы тиеді [10]. Мұндай жағдайды тек қана отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігінің төмендігімен ғана емес, сонымен қатар экспортты тиімді ынталандыру саясатының қолға алынбауы арқылы түсіндіруге де болады.

Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру өте маңызды және уақытында ел назарына ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені, әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен тыс ешбір мемлекет болмайды. Соның ішінде ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақстан одан шеткері қалмайды. Демек,  әлемдік   экономикада   алатын орнымыз, экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жоғарғы әлеуметтік стандарттарға жеткізу мүмкіндігі де осыған байланысты. Қорыта келгенде, ұлттық дамудың келешектегі басты мақсаты да, міндеті де бәсекеге қабілеттілік болып табылады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Коршунова Г.В. Проблемы формирования конкурентоспособности национальной экономики // Финансы и кредит. №6. С. 74-78
  2. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. – М.: ЭКСМО,
  3. Портер М. Международная конкуренция. М.: Международные отношения,
  4. 2014-2015 ж.ж. Жаһандық экономикалық форумның әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингі баяндамасы. http://gt-ru/news/2014/09/03/6873
  5. http://prokuror.gov.kz/kaz/memleket/prezident-aktileri/zhana-onzhyldyk-zhana -ekonomikalyk-orleu-kazakstannyn-zhana
  6. «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1332 Қаулысы.
  7. Әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елі қатарынан үміткер мемлекеттердің экономикалық индикаторларын бағалау // әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің хабаршысы (экономика сериясы). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – № 6 (70). – Б.16-22.
  8. http://www.arem.gov.kz/kaz/menu2/zakon/prav_akty/obshiye_prik/
  9. Модернизация и рост конкурентоспособности экономики Казахстана. Под ред. О.Сабдена. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,
  10. Касенова А.С. «Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттырудың басым бағыттары» //ҚазМемҚызПУ Хабаршы, Алматы, 2012. – № 3 (39).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.