Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстандағы сөз бостандығы мәселелері

Тәуелсіз Қазақстан қазіргі таңда демократияға бағыт ұстанған мемлекет. Халықаралық қауымдастық шеңберінде қабылданған мемлекетаралық екіжақты, көпжақты халықаралық-құқықтық келісімдердің қатысушысы болып келеді. Сонымен қатар, қоғамның сан-саласын халықаралық деңгейде дамыту мақсатында халықаралық ұйымдармен тығыз байланыс құруда. 1992 жылдан бері мүшесі болып табылатын Қазақстан үшін ЕҚЫҰ принциптерін ұстану ерекше маңызды. Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етті, саммит нәтижесінде Астана Декларациясы қабылданды. Декларацияда: «Біз адам құқықтары мен бостандықтары бір-бірінен ажырамайтынын, оларды қорғау және қолдау біздің басты міндетіміз екенін қайта растаймыз. Біз адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын, демократияны, әділ сайлауды, заңның ұлықтылығын қамтамасыз етуге ықпал ететін азаматтық қоғам мен тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары атқаратын маңызды рөлді бағалаймыз» [1] деп бекітілген.

Өкінішке орай, ЕҚЫҰ-да төрағалық Қазақстанды сөз бостандығын нығайтуға ынталандырмаған сияқты. Freedom House құқық қорғаушы ұйымы 2014 жылдың 23 қаңтарында әлемнің 195 мемлекеті мен 14 даулы аумақтардағы сөз бостандығы ахуалына байланысты жыл сайынғы баяндамасын жариялады. Әрбір мемлекет пен аумаққа саяси құқықтар мен азаматтық бостандықтар сияқты екі категорияда 1 (ең жақсы) мен 7 (ең нашар) арасындағы рейтинг беріледі. Бұл категориялар 25 нақты көрсеткіштерді қамтиды, нәтижесінде мемлекет тәуелсіз бе, ішінара тәуелсіз немесе тәуелсіз емес деген бағалар беріледі. Жалпы алғанда 54 мемлекетте саяси құқықтар мен азаматтық бостандықтар саласында жағдай нашар екендігі анықталды, ал 40 мемлекет өз деңгейін жақсартқандығын көрсетті. Аталған ұйымның соңғы зерттеулері бойынша сөз бостандығының әлемдік жағдайы сегіз жыл қатарынан төмен көрсеткішті көрсетуде. Бұның бір себебін ұйым президенті Дэвид Крамер былай түсіндіреді: «Қытай мен Ресейді қоса алғанда, өктемшіл мемлекеттер көрші мемлекеттеріне үстемдік көрсетеді және өз ішінде репрессияларды күшейтуде» [1, С, 2]. Ұйым құқыққорғаушыларының пікірінше, «Еуразиялық субаймақтың» мемлекеттеріне қосарланған стандарттар қағидасы маңызды, ол дегеніңіз, халықаралық қатынастардың деңгейі мемлекеттің энергоресурстық байлықтарымен байланысты болуы. Баяндамада жыл бойында күрт төмендеген – Ресей, Әзірбайжан және Қазақстан –үш мемлекет, сөз бостандығын шектейтіні, бірақ табиғи газ және мұнай қорлары демократиялық үкіметтер тарапынан сынға ұшыраудан құтқарып келетіні баса айтылған [2]. Ал саяси құқықтар бойынша ең төмен көрсеткішті көрсетіп, репрессив-  ті құрылыстағы мемлекеттер қатарына Беларусь, Түркіменстан мен Өзбекстан кірді.

Қазақстан саяси құқықтар бойынша – 6, азаматтық бостандықтар бойынша – 5 деген көрсеткішпен, тәуелсіз емес мемлекет атанды. Көршілес Ресей де дәл осындай көрсеткіштерге ие болды. Қазақстанның соншалықты мұндай төмен сатыға түсуін зерттеушілер 2011 жылғы діни қызмет туралы заңның шамадан тыс қолданылуымен байланыстырады. Жалпы алғанда, демократияның құлдырауы баспасөз еркіндігін, азаматтық қоғам құқықтарын, заңның үстемдігін шектеуді күшейтумен байланысты.

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғайтын халықаралық қоры Қазақстан аумағындағы сөз бостандығы саласын бақылаушы, сынаушы әрі қорғаушы ұйым. «Әділ сөздің» 15 жылдық бақылауы Қазақстандағы пікір еркіндігі мен сөз бостандығын шектейтін мәселелерді анықтады:

  • Заңнаманың репрессивті сипаты.
  • Субъективті құқыққолдану тәжірибесі.
  • Журналистердің бекітілген құқықтарын негізсіз шектеу.
  • Журналистерді қорқыту тәжірибесі.
  • Мемлекеттік билік органдарына ресми және биресми тәуелді болу. Астыртын цензура.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұқаралық ақпарат құралдарының плюрализмі басым болды, ал қазіргі таңда баспасөз бетіндегі пікір алуандылығы алыстағы арманмен тең. 90-жылдардың басы тәуелсіз М. Тотем, Отбасылық арналарының,  «Социал-демократ»,  «Время  по Гринвичу»,«451 градус по Фаренгейту», «Жәрмеңке», «Доживем до понедельника» сияқты газеттердің дәуірі болды. Ал тәуелсіздіктің үшінші онжылдығы – бұл тәуелсіз телеарналардың мүлдем болмауы, бүкіл интернет-ресурстардың бұқаралық ақпарат құралдары санатына енгізілуі, түрлі басылымдарды біртұтас БАҚ-қа заңсыз біріктіру, басылымдардың сот сараптамасы негізінде қисынсыз жабылуы.

Соңғы  он  жыл  ішінде   кәсіби   қызметі үшін«Алма-Ата инфо» газетінің бас редакторы Рамазан Есергепов, «Заң және әділ сот» газетінің бас редакторы Тоқберген Әбиевтер 3 жылдан, жазушы Алпамыс Бектұрғанов бір жыл колонияда отырып шықты. Әрине, сотталған тілшілер мен жабылып, дәрменсіз қалған ақпарат құралдары тізімін жалғастыра беруге болады, бірақ бұл сөз бостандығының құқықтық жағдайын жақсартпайды.

Сөз еркіндігі, пікір еркіндігі үшін кәсіби қызметі барысында журналистерге жасалған қиянаттар саны артпаса, кеми түсер емес. «Әділ сөз» қоры дайындаған БАҚ және журналистер құқығы бұзылуының статистикасы бойынша, 2012 жылы бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерге қатысты 17 қылмыстық және 100-ден астам азаматтық сот процестері болып өтті. Моральдық зиян келтіргені үшін БАҚ пен журналистерге 4,5 миллиард теңге төлетті. Осы жылдың өзінде негізсіз 44 бұқаралық ақпарат құралы жабылды [3].

«Әділ сөз» қорының 2013 жылы БАҚ және журналистер құқығы бұзылуының статистикасы бойынша осы жылы Мәдениет және ақпарат министрлігі сот шешімінсіз әкімшілік тәртіпте «Молодежная газета» басылымын жапты, «Правдивая газетаның» шығуына тосқауыл қойды, танымал интернет-ресурстарын жапты, журналист А. Харламов қамауға алынып, оған мәжбүрлі түрде психиатриялық сараптама жүргізілді. Осы жылы бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерге қатысты 26 қылмыстық және 90 азаматтық сот процестері болды, 12 ақпарат құралдары негізсіз жабылды. Әлеуметтік маңыздылығы бар ақпараттарды беруден бас тарту және ақпарат алуды шектеу жағдайлары да көптеп кездеседі. 2013 ж. Өзінде мұндай сорақылық 215 рет тіркеліпті, 2012 жылы 252 болса, ал үстіміздегі жылдың қаңтар және наурыз айлары аралығында ақпарат беруден бас тарту жағдайы 60 рет тіркелген екен. Ақпаратты еркін алу, оны тарату құқықтарын негізсіз шектеуі Қазақстанның қол қойған халықаралық құжаттардағы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы халықаралық стандарттарға, сонымен қатар, Ата Заң-Конституцияның баптарына сәйкес емес.

Өкінішке орай, ҚР Конституциясы пікір еркіндігі және оны еркін тарату құқығын жариялап отырғанда, жоғарыда көрсетілгендей, бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистер баспа бетінде ой-пікір, көзқарас білдіру нәтижесінде қудалауға ұшырап жатады.

«Әділ сөз» қорының заңгерлері журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты қабылданған сот шешімдерін зерттей келе, тәжірибеде ешбір сот шешімдерінде сөз бостандығының конституциялық кепілдігіне сілтеме жасалмайды деген уәжді алға тартады. Аталған халықаралық қор бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистерге қатысты сот шешімдерінің қорын құрды. Сонымен қатар, қордың ұсынысымен «Журналист сот барьерінде» атты сериялы жинақтар шығарылды. «Әділ сөз» әлеуметтік қордың заң бөлімінің жетекшісі Илиодор Кальсиннің айтуы бойынша, жинақта келтірілген сот шешімдерінде Конституцияға сілтеме бірлі жарым болса, халықаралық құқық нормаларына сілтемелер тіпті жоқ.

2004 жылғы БАҚ мәселелері бойынша Душанбе конференциясында келесідей ұсыныстар қабылданды:

  • Мемлекеттік шенеуніктер мен саясаткерлердің (қоғам қайраткерлерінің) журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарына айып төлету мүмкіндігін шектеу қажет.
  • Диффамация туралы нақты азаматтық заңдар қажет. Мемлекет басшыларының ар-намысын, абыройын қорлағаны үшін журналистерді үшінші тұлғалар атынан қылмыстық және азаматтық қудалауды көздейтін заңдар жойылуы керек [4].

Аталған ұсыныстарға Қазақстан сол кезде де, қазірдің өзінде де келіспеушілік танытқан жоқ.

2012 жылы Қазақстан БҰҰ Адам құқығы Комитетіне мүше болды. Ал БҰҰ БА №59(1) Қарары былай дейді: «Ақпарат еркіндігі адамның ең негізгі құқығы және қалған бостандықтарының өлшемі болып табылады» [5]. Әрине, бұл ретте де Қазақстан тарапынан келіспеушіліктер байқалмады. Қылмыстық кодекстің жаңа жобасында сөз бостандығының рөлі мен жемқорлықпен күрес қоғамдық пайдалы әрекеттер деп танылған:

«Сөз бостандығы, жемқорлықпен күрес және басқа да қоғамдық пайдалы әрекеттер азаматтардың жеке өміріне, ар-намысына заңсыз қол сұғу құралы болмауы тиіс». Аталған тұжырымдамаға сәйкес, халықаралық стандарттар мен Қазақстанның міндеттемелеріне қарамастан Қылмыстық кодекстің жаңа жобасы қазақстандықтардың пікір еркіндігі, кедергісіз ақпарат алу, оны тарату құқықтарын шектейді. ЕҚЫҰ-ның мүшесі ретінде Қазақстан аталған ұйымның Хельсинкіде қол қойылған Қорытынды актісі, Париж хартиясы т.б. сияқты адам құқығы мен бостандықтарын, сөз бостандығын қорғайтын түрлі құжаттарын ұстануы міндет. ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі мәселелері жөніндегі өкілі Д. Миятович Қазақстан үкіметін ақпарат құралдарына қатысты  реформаларды әрі қарай жалғастыруға және журналистер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға жасалып жатқан шабуылдарға ерекше назар аударуға, ол оқиғаларды мұқият тергеуге шақырып келеді.

Д. Миятовичтің айтуы бойынша Қазақстанның қылмыстық және азаматтық кодекстеріндегі «жала жабу» туралы ұғымды жою қажет, оған қатысты журналистерден талап етілетін моральдық шығынның көлемін де азайту керек. Қазақстан үкіметіне берген кеңесінде ЕҚЫҰ өкілі ақпаратты еркін алуға мүмкіндік беретін заң қабылдау қажеттігі туындап тұрғанын, сандық телеарна саласындағы реформалардың плюрализмге жол ашуы тиіс екенін айтады [6].

Қазақстан ЕҚЫҰ принциптеріне адалдығын сөзімен ғана емес, ісімен де дәлелдеуі үшін Азаматтық кодекстің, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Телехабар тарату туралы», интернет туралы Заңдарының нормаларына өзгеріс енгізуі керек.

Әрине, тәуелсіз Қазақстанның ұлттық заңнамасына елеулі өзгерістер әлі де енгізілуі керек. Бірақ мемлекетіміз көштің соңында еместігі көңіл көншітеді. Дегенмен, саяси құқықтар және азаматтық бостандықтардың түбегейлі сақталмауы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына, тұтынушыға шынайы ақпарат таратуына, ақпараттық кеңістікте бәсекеге қабілетті болуына кері әсер ететіні анық. Сондықтан, арнайы құзыретті органдар «Әділ сөз» халықаралық қоры, «20бап» мемлекеттік емес ұйымдарының коалициясы, журналистер қауымы, БАҚ өкілдері көтеріп жатқан бұқаралық ақпарат құралдары саласының мәселелеріне бей-жай қарамайды және Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығын заң жүзінде қамтамасыз етеді деген сенім жоқ  емес.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Астанинская Декларация саммита ОБСЕ(3.12.2010 г.). osce.org/ru/cio/74990?download=true
  2. Карсыбеков Е.Freedomhouse: свобода в Казахстане становится меньше. azattyq.org 23.01.2014 г.
  3. «Әділ сөз» қорының БАҚ және журналистер құқығының бұзылуы туралы статистикасы. adilsoz.kz
  4. Душанбинская Декларация о клевете и свободе информации (24 сентября 2004 г.).
  5. Резолюция №59 (1) ГА ООН.http://www.un.org/ru/ga/sixth/59/sixth_res.shtml
  6. Рекнагель Ч. Сөз бостандығы жоқ қоғам қауіпті. azattyq.org 22.02.2013 ж.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.