Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік-­мәдени ортаны жетілдіру әдістемесі

Бүгінгі күрделі заманда студенттік орта қалай тәрбиеленуде деген сұрақ қоғамды мазаландыратын маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені жастар уақыт талабын қажетті деңгейде толыққанды сезініп қабылдай қоймайды, оның басты себебі олар өмірге толық бейімделінбеген. Оның сыры ата-ананың қамқорлығынан шыға алмауы, соның нәтижесінде жауапкершілік пен өзіндік дербестігінің шектеліп қалуында десе болады.

Олай болса, жоғары оқу орындарында студентті тәрбиелеу білім беру мақсатына жетудегі арнайы ұйымдастырылған қызмет іспеттес. Өйткені, жеке тұлға – объективті және субъективті, табиғи және қоғамдық, ішкі және сыртқы, адамның еркіне тәуелді және тәуелді емес көптеген себептердің нәтижесінде қалыптасады және дамиды.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында білім беру жүйесінің негізгі міндеттері тұжырымдалынған:

  • ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту;
  • азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
  • белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
  • білім беру ұйымдарының еріктілігін, дербестігін кеңейту, білім беру ісін басқаруды демократияландыру [1, 11 бап]. Бұл мәселе Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға  арналған  мемлекеттік бағдарламасында да назардан тыс қалмаған. Ол құжат бойынша жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру белгіленген [2].

Сол себепті, жоғары оқу орындарында мамандарды даярлаудың жаңа әдіс-тәсілдерін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Жаңа әдістәсілдердің өзегі кәсіби біліктілікпен қоса мәдениеттілікке және тұлғалық қасиеттерді дамытуға бағытталған. Түпкі мақсат – жүріс-тұрыс өлшемдерін жетілдіру арқылы нақтылы тәжірибе барысында, яғни студентке дербестік беру барысында жауапкершілікті сезіндіре алатын тәжірибелердің негізінде тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Сол ретте, университеттер жастарды тәрбиелеудің және дамытудың негізгі әлеуметтік мәдени тірегі болып табылады.

Мәдениеттіліктің рухани-өнегелік ұстанымы мейірімділік пен аяушылық, шыдамдылық пен сүйіспеншілік, ымырашылдыққа ұмтылумен және әділеттілікпен айқындалатын қағидаттары әр тұлғаның санасы мен жүрегіне жеткен болса, адамзатқа жат мәдениетсіздіктің ұстанымдарын біртіндеп ығыстыру арқылы өмірдің барлық саласында адамдар  арасындағы  қатынастар-  ды айқындаушы сипатқа ие болады [3, 135 б.]. Олай болса, жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік-мәдени ортаны жетілдіруге ерекше назар аударылуы қажет. Білім беру мекемесіндегі әлеуметтік-мәдени орта студенттердің негізгі мәдениетін, оқытушылардың педагогикалық мәдениетін дамыту үдерісін қамтамасыз ететін әртүрлі жағдайды құруға мақсатты түрде бағытталған жиынтық ретінде қарастырылады.

Бұл бір жағынан, студенттің жеке ерекшеліктері мен қызығушылығына сай айқындалатын әлеуметтік-мәдени кеңістік. Дегенмен екінші жағынан, бұл – педагогикалық ықпал ету аясы, яғни студенттің тұлғалық қасиеттерін дамыта түсетін педагогикалық жағдайды жасау.

Білім беру мекемесіндегі орта – Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру үлгісінің талаптарына сай болашақ мамандарды оқыту және тәрбиелеуге қажетті жағдайларды қамтыған әлеуметтік макрокеңістіктің бір бөлігі.

Жоғары оқу орындарындағы қазіргі әлеуметтік-мәдени орта білім беру кеңістігіндегі қатысушылардың қызметін жүзеге асыруға бейімделінген жағдайдың жиынтығы ретінде келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • тұлғалық мүмкіндіктердің ашылуына жағдай жасау;
  • тұлғалық қызығушылықтарды, қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік туғызу;
  • әлеуметтік өзгерістерге бейімделу үшін жағдай жасау;
  • мінез-құлық үлгілері мен құндылықтарды қалыптастырушы құрал ретінде болу;
  • мекеменің даму болашағын айқындау. Әрине, студентті  таңдаған  болашақ мамандығына икемдеу басты орында тұрғаны абзал. Ал, тәрбие мәселесі студенттің мамандығымен үйлесіп дамыса, олар тек бір-бірін толықтыра түседі. Соның негізінде «көзі ашық көкірегі ояу» азамат тәрбиелеуге ұмтылу қажет.

Студенттердің білікті маман болып қалыптасуына қатысты белгілі дипломат Қ. Исағалиев өзінің «Өмір шуақтары» атты еңбегінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің халықаралық қатынастар факультетінде кезінде Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, яғни белгілі дипломат Қ. Тоқаев бастаған бірқатар дипломаттардың дәріс беріп, өздерінің дипломатия саласындағы мол тәжірибелерімен бөліскендігі жөнінде жазады [4, 363 б.]. Бұл студенттердің білімін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан ұштастыруы, сонымен бірге дипломаттардың біліктілігі мен мәдениеттілігі әр студентке тәрбиелік жағынан оң әсер қалдырады.

Жалпы, жоғары оқу орындарындағы әлеуметтік-мәдени ортаны жетілдіру – түлектердің жалпы мәдени және кәсіби құзіреттілігін инновациялық қызмет ретінде қамтамасыз етуге бейімдеу арқылы жүзеге асырған жөн. Қоғамның, мәдениеттің және білім берудің қазіргі даму барысында педагогикалық қызметтердің инновациялық бағыттарының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.

Біріншіден, жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жаңарулар әртүрлі білім мекемелерінде білім беру жүйесін, әдістемелер мен оқутәрбие үдерісін ұйымдастыру технологияларын түбірлі түрлендіру қажеттілігіне әкелді. Оқытушылардың қызметіндегі инновациялық бағыттары – педагогикалық жаңа әдістерді ойластыру, меңгеру және пайдалануды қамти отырып, білім беру саясатын жетілдірудің құралы болып табылады.

Екіншіден, білім беру мазмұнының гуманитаризациялануын арттыру, оқу пәндерінің көлемін, құрамын үздіксіз өзгерту, жаңа пәндерді, жаңа оқыту технологиялары мен  ұйымдасты-  ру түрлерін енгізу тұрақты түрдегі ізденістерді қажет етеді. Бұл оқытушылар ортасындағы педагогикалық білімнің рөлі мен беделінің елеулі өсуіне әкеледі.

Үшіншіден, оқытушылардың өздерінің педагогикалық жаңаруларды игеру мен қолдануға қатысты ойлары өзгеріске түседі.

Ал студенттік жылдар – бұл келешек мамандарды кәсіби дайындау мерзімі ғана емес сондай-ақ, олардың жеке тұлға болып қалыптасу кезеңі. Жоғары оқу орындарының оқытушылары студенттер өмірінің осы кезеңінде олардың маман ретінде, азамат ретінде қалыптасуына, тәрбие алуында үлкен рөл атқаратындығын өте жауапты сезінуі қажет.

Жоғары оқу орындарындағы тәрбие – бұл студенттерге саяси сауаттылықты, өнегелілікті, әсемдікті, салауаттылықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылатын әрқилы әрекеттер, олардың қабілеттілігі мен рухани күшін дамытуға, қоршаған ортамен және азаматтармен қатынасын қалыптастыруға нақтылы бағытталған, арнайы ұйымдастырылған оқытушы мен студент арасындағы педагогикалық үрдіс. Сол себепті тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға қолғабыс ететін жалпы тұжырымдамалық қағидаларға тоқталып өтейік.

  1. Аудиториядан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары оқу үрдісімен байланысты дербес санат ретінде қабылдануға тиіс. Тәрбие мен оқу ортақ мақсатқа ие – келешек маманды «тұлға» ретінде қалыптастыру. Тәрбие ісі бұл оқу үрдісінің жалғасы емес, сондықтан қосымша сабақ ретінде өткізуге болмайды. Ол тек оқумен ортақ мақсатқа сүйенеді және студенттердің рухани, салауатты дамуына көмектесуде, жеке тұлғалық және әлеуметтік мәнді қасиеттерінің қалыптасуына өзіндік мазмұнымен, әдістемесімен және ұйымдастырылу түрімен өз мақсатын жүзеге асырады. Тәрбие азаматтық қалыптасуына жәрдемдеседі.
  2. Жоғары оқу орындарындағы тәрбие дербес санат ретінде өз мақсатын – келешек маман тұлғасын жан-жақты дамытуды жетекшілікке алады. Жарым-жартылай бұл мақсат оқу барысында да жүзеге асырылады, тек жартылай ғана, өйткені оқу үрдісінің өз мақсаты өз алдына, ол оқу бағдарламаларымен, ұйымдастыру ерекшелігімен шектеледі. Ал тәрбиелеу жұмысы осы мақсатты жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланады. Оның жүзеге асуы студент тұлғасының дамуына жан-жақты ықпал етуге тиіс.
  3. Студенттерді тәрбиелеу өнімділігі осы үрдістің жүйелі болуына тікелей қатысты. Яғни, оқу үрдісі, аудиториядан тыс тәрбие жұмысы, қоғамдық ұйымдар мен студенттердің қалауына сай ұйымдардың жұмысы, жоғары оқу орнындағы ішкі жағдай жүйенің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Жоғары оқу орнындағы кіре берістен бастап аудиторияға дейінгі барлық дүниенің тәрбиелік мәні өте зор болуға тиіс. Егер тәрбие мәселесі жоғары оқу орнының барлық әлеуметтік құрылымының қызметі болатын болса, онда үйлестірілген тәрбие жүйесінің құрылғандығы жөнінде айтуға болады.
  1. Оқытушы жетекшілігін ескере отырып, басынан бастап бұл үрдіске студенттердің өздерінің күш-жігерін, белсенділігін қоса білу қажет.
  2. Студенттерді тәрбиелеу үрдісіне келесі функциялар тән: тәрбиелік, дамытушылық, білім алушылық-танымдық, жан-жақтылық, ұйымдастырушылық, кәсіби. Тәрбие беру нәтижесінде барлық функциялардың толық деңгейде жүзеге асуы міндетті емес. Функцияларды білу мен түсіну тәрбие ісін ұйымдастырушыларға тәрбие ісін жоспарлауда, жаңартуда, ұйымдастыруда, педагогикалық сараптауда оның мүмкіндіктерін толық пайдалануға көмектеседі.
  3. Жоғары мектептің заңды негізде бекітілген кәсіптік мамандарды даярлау қызметі студенттің жеке басының қалыптасуына шектеулі көлемде біржақты тәсілдің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Тек нақтылы өмірде адам кәсіби қызметпен ғана айналысып қоймайды ғой. Осыған сәйкес студенттерді тәрбиелеуде жүйелік рөл тәсілі әлдеқайда өзін-өзі ақтайды.

Жоғары мектеп әрине кез келген студентке барлық әлеуметтік рөлдерді игеруіне көмектеседі, ал әрбір студент болса жас ерекшелігіне және әлеуметтендірілу жағдайына қарай оны игеруге қабілетті. Әлеуметтану саласының ғалымдарының пікірі бойынша: «Қоғамның әлеуметтікмәдени және экономикалық қажеттіліктерінің шиеленісуі тәрбие беру институттарының саналуандылығын арттыруы керек, солар арқылы қоғам мен мемлекет әр адамның өз мүмкіндіктерін іске асыруға, қабілеттері мен мүдделерін дамытуына жағдайлар жасап отырады», – деп тұжырымдайды [5, 51 б.].

Ал әлеуметтік рөлдер жүйесі шындығында жас адамдарды өмірге, қоғамға және еңбекке баулиды. Атап айтқанда бүгінгі күні ең өзекті мәселелердің бірі болып әсіресе маманның кәсіптік өнегелілігі, ал педагогтық өнегелілік негізгі, тұжырымдамалық ілімнің бір мәртебесіне ие болып, жоғары оқу орындарының тәрбиелік қызметінің жиынтығында өз орнын иеленуі тиіс. Педагогтық өнегелілік – рухани-құлықтық пен құндылықтар жүйесі негізінде қалыптасады. Сондықтан да білім беруде оқытушылардың бойында болуға тиісті келесі басты элементтерді де атап өткен жөн:

  • кәсіптік абырой мен қадір-қасиет;
  • студенттердің жеке басын қадірлеу;
  • студенттерге қатысты бірыңғай тілектестік қарым-қатынастар;
  • студенттердің іс-әрекеттеріне әділ қарау;
  • педагогтық ізеттілік;
  • кәсіптік қызметтегі қиыншылықтарды жеңуге әрқашан әзір болу.

Өнегелік құндылықтар мен қадір-қасиет өзара тығыз байланысты. Сондықтан да осылардың негізінде оқытушыларға қарап студенттерде  де  жеке  жауапкершілік  қасиеті  қалыптасады. Сол ретте студенттердің жоғары оқу орындарында оқып жүрген кезінде өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігі мен ынтасын қалыптастыру өте маңызды болып табылады. Университетте білім беру технологиясы арқылы студент дербестік, жауапкершілік, талаптану мен өз бойындағы кәсіби, зияткерлік, рухани, адами және шынығу  деңгейін  тұрақты  түрде жетілдіру сияқты маңызды құзіреттіліктер мен сапаны қалыптастыру жағдайымен қамтамасыз етілуі, жас ұрпақты тәрбиелеудің басты шарты болып қала бермек.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының білім туралы заңы (2015.13.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен // http:// online.zakon.kz/Document/?doc_id=30119920, (15.01.2015).
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы// http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1000001118 , (21.01.2015).
  3. Алексеев И.С. Искусство дипломатии: не победить, а убедить. –М.,2006. -284 с.
  4. Исағалиев Қ. Өмір шуақтары / Жауап. ред. С.Сұлтанғалиев.-Алматы, 2009. -470б.
  5. Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы: оқу құралы. –Алматы, 2012. – 224 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.