Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанда исламдық банкинг жүйесін жүзеге асыру және оны құқықтық реттеу

Исламдық банкинг – әлдеқашан жарты ғасыр ішінде табысты дамып жатқан әлемдік қаржыдағы бағыт. Бастапқыда ислам банктері мұсылман елдерінде пайда болып, кейіннен әлем бойынша алға басты. Біршама уақыт аралығында, исламдық банкинг Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне де енді.

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын жоғары сатыға көтеру оның әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануына және оның жағымды жақтарын қабылдауына байланысты. Бүгінгі күннің өзекті әлемдік феномендерінің бірі – исламдық банкинг өнеркәсібі және оның альтернативті қаржыландыру моделі ретінде қалыптасуы болып табылады. Ислам қаржылары әлемдік қаржы нарығының ажырамас бөлігіне айналды. Осыған қатысты, қаржыландырудың исламдық моделі Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жаңа даму кезеңі болуы мүмкін және мұсылмандарға да, мұсылман емес халыққа да альтернативті қаржылық өнімді қолдануға мүмкіндік бере алады.

Қазақстан Республикасында исламдық банкингті енгізу және дамыту себептері, дәлірек айтқанда қаржыландырудың бір қайнар көзіне тәуелділікті төмендету қажеттілігі, яғни инвестициялық ағындарды әртараптандыру; өнеркәсіптік даму жоспарларын жүзеге асыру үшін сыртқы ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту, сонымен қатар мемлекет экономикасына исламдық банкинг құралдарының көлемі жайлы бейхабар тұрғындардың қаржы ресурстарын қатыстыру – тек қана үлкен мүмкіндік емес, мемлекеттегі исламдық банкинг жүйесін дамытудың бірден-бір қадамы.

Қазақстандағы исламдық банкинг жүйесінінің дамуы бірінші кезекте шетел мемлекеттерімен, яғни Ислам ынтымақтасу ұйымы мүшелерімен экономикалық қатынастарды дамытуға мүмкіндік туғызады. Қазақстанның ислам ынтымақтасу Ұйымына мүше мемлекеттерімен достық қарым-қатынастары жаңа нарықтарға жол ашады, ал бұл жаңа инвестицияларға қосымша мүмкіндіктер береді және  халықаралық аренада Қазақстанның беделін жоғары көтереді. Саяси тұрғыда Қазақстанның мұсылман мемлекеттерімен қатынастарын әрі қарай жандандыру біздің мемлекетіміздің стратегиялық мүдделеріне жауап береді және Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігін, территориялық тұтастығын нығайтудың қосымша факторы болып табылады. Мұндай саясат сыртқы саясаттың теңгерімділігін қолдауға және қазақстандық дипломатияның азиялық, таяу шығыстық, мұсылмандық, сонымен қатар «мұнайлық» және оның басқа да векторларының стратегиялық бағыттарының бірқатарының күшеюіне мүмкіндік туғызады. Экономикалық тұрғыда Қазақстан мұсылман мемлекеттері тарапынан исламдық банкинг жүйесінің дамуының арқасында тек қана тікелей қаржыландыру жолымен инвестициялап қоймай, сонымен қатар серіктестікте портфельдік инвестицияларды жүзеге асыра алатын инвесторларды әлдеқашан тартуда. Бұдан басқа, Таяу Шығыс мемлекеттері тарапынан инвестициялар құйылымы Қазақстан экономикасына қысқа мерзімді келешекте өтімділік кемшіліктерімен күресуге көмектеседі және ұзақ мерзімде экономиканың дамуына мүмкіндік береді.

Қазіргі заманғы Қазақстан аумағында өткен заманда тайпа араларында ұқсас тәртіп нормалары болғандығы белгілі. Егер тарихқа үңіле қарайтын болсақ, қазақ тайпаларының арасында исламның таралуы әлдеқайда ертерек басталған, шамамен VIII ғасырда [1]. Сол уақыттан бері діннің әсері тек қана тұрмыстық емес, сонымен қатар қоғамдық-саяси өмірде де байқала бастады.

Оған исламды Қазақстан аумағында ең бірінші болып қабылдаған, IX ғасырда қалыптасқан Қарахан хандығы мысал бола алады. Бірақ негізгі дәлел – сол заманның хандарымен қабылданған заңдар жинағы болып табылады [2].

Бүгінгі таңда әлемдік жаһандану және отандық экономика мен қаржы жүйесін жетілдіру жағдайында біз қаржыландыру аясында ислам құқығымен байланысқан қоғамдық қатынастардың селбесуіне дайын болуымыз  қажет.  Ескі әдет-ғұрыптың заманауи исламдық банкинг институтына айналатынын ешкім білмеген.

Исламдық банкинг жүйесінің дамуының заманауи кезеңінде Қазақстанда ислам құқығы нормаларымен реттелетін бірінші институттар әлдеқашан пайда болуда. Дегенмен қазіргі кезде Қазақстанда ислам қағидаларына негізделген қаржы қатынастарын құқықтық реттеуді жүзеге асыратын арнайы нормативтік актілер жоқ [3].

Қазақстан Республикасы үкіметінің ислам әлемімен ынтымақтастығы бойынша бірінші бастамасы – 1995 жылы Ислам конференциясы ұйымына енуі. 1997 жылдың тамыз айында Алматы қаласында Орта Азия аймағына орталық болып табылатын Ислам даму банкі өкілеттігі ашылды. Ислам даму банкі демеуімен техникалық және ақпараттық тәжірибе алмасу бойынша техникалық ынтымақтастық бағдарламалар, исламдық қаржыларды тарту бойынша семинарлар және т.б. жүзеге асырылды. Дегенмен бастапқы кезеңдерде исламдық қаржылық өнімдерге қызығушылық тек Қазақстан Республикасы үкіметінің тарапынан емес, сонымен қатар жеке банк секторының бөлек өкілдерінен де байқалды.

2003 жылдарда Ислам даму банкімен ынтымақтасуды бастаған отандық қаржы институттарының бірі «Тұран Әлем Банкі» болып табылады [4]. Жетекші ислам қаржы институттарымен ынтымақтастық ислам қаржы нарығының мәні, оның ерекшеліктері, оны реттеудің заңи, экономикалық механизмі, сонымен қатар оның алдағы даму және ену келешегі түсінігін қалыптастырды.

Ислам банкинг жүйесі бұрыннан әлемдік қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және ұлттық құқықтық жүйе шеңберінде оның бөлек құраушы бөліктерін имплементациялау құқықтың кешенді біріктірілген саласы ретіндегі қаржыландыру құқығы институтының дамуына әсерін тигізеді [5]. Осыған байланысты, қазақстандық қаржы жүйесі үшін ислам әлемінде қызмет істейтін қаржыландыру жүйесінің жағымды жақтарын қабылдау өзекті болып табылады. Бұл ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевпен оның халыққа жолдауында бірнеше рет көрсетілген, Қазақстан Орта Азиядағы ислам қаржысының орталығы болуы тиіс екендігіне көңіл аударылған [6].

Алғашқы қадамдар ең қиын болып табылады, соның ішінде ислам банкинг жүйесінің қаржыландыру сияқты жеке элементтерін ендіру. Мұнда тек саяси жігер ғана емес, сонымен қатар   Қазақстан   Республикасында   баламалы қаржыландыру жүйесінің дамуына негіз бола алатын жаңа заң актілерін әзірлеу және қабылдау қажет. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Парламентімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды. Заңда алғаш рет «ислам банкі» институтына анықтама берілді. Бұдан басқа, заңнамаға ислам банктерінің, ислам инвестициялық қорлардың ашылуына және ислам құнды қағаздарын шығаруға жол беретін көптеген тузетулер енгізілді [7]. 2011 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасының Парламентімен алдыңғы заңның кемшіліктерін жойған және ислам қаржы өнімдерін тиімді реттеуге өз үлесін қосқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тағы бір заң қабылданды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қабылданған коммерциялық қаржыландыру нысаны халықтың барлық талаптары мен қажеттіліктеріне сай емес. Осылайша дәстүрлі қаржыландыру элементтері шариат қағидаларына қарама-қайшы болып келеді, ал бұл өз кезегінде мемлекеттегі мұсылман халқы арасында қаржыландыру кеңінен таралуын қиындатады.

Қазақстан нарығында қалыптасқан жағдайға, сонымен қатар әлемдегі ислами қаржыландырудың кеңінен таралуына, әлемдік қаржы дағдарысына байланысты Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыру ендіру мәселесі бойынша зерттеу жүргізу өзекті болып табылады.

Ислам қаржы секторының даму келешегі мен мүмкіндігі шынайы, дегенмен нәтижесінде аталған сектордың өсуіне кедергілер келтіруі мүмкін бірқатар қатерлер бар. Қазақстандағы исламдық банкинг жүйесінің дамуының айтарлықтай қатерлерінің бірі болып исламдық банкинг жүйесінің Қазақстан Республикасы заңнамалық қағидаларына сәйкес бейімделуінің қиындығы. Себебі, исламдық банкинг – бұл пайыздық мөлшерлемесі жоқ, исламмен рұқсат етілмеген қызмет түрлеріне инвестициялауға тыйым салатын жай ғана жүйе емес. Бұл, бірінші кезекте шариат нормалары негізінде құрылған әлеуметтік жауапты инвестициялау [8]. Бұдан басқа, ислам қаржысы аясындағы қаржы құралдары мен әдістерінің көбісі шариат нормалары бойынша біркелкі емес, ислам ғалымдары арасында осы нормалар мен ережелерді түсіндіруде қайшылықтар бар. Ислам ұйымдарының өнімдер мен қызметтерді мақұлдауы қолданыстағы модельге байланысты және мемлекеттен мемлекетке ерекшеленеді, ал бұл исламдық қаржыландыруды реттеуді қиындата түседі [9]. Жоғары аталған қатерлерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2012 жылдың қараша айында Исламдық қаржы қызметін көрсету бойынша Кеңеске қауымдастырылған мүше ретінде кірді. Сонымен қатар ҚР ҰБ исламдық қаржы операцияларын исламдық қаржы институттарын есептеу және тексеру Ұйымының стандарттары негізінде бухгалтерлік есептеу бойынша заңнамалық базасын дайындады. ҚР ҰБ құрылымында арнайы бөлімше пайда болды – Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығын және исламдық банкинг жүйесін дамыту бойынша департаменті, оның қызметі – исламдық қаржыландыру бойынша ҚР ҰБ саясатын қалыптастыру болып табылады.

Сонымен қоса, Қазақстандағы исламдық банкинг жүйесінің даму келешегі бүгінгі күні исламдық қаржыландыруды қателесіп тегін, яғни пайызсыз кредитпен ұқсатып жүрген потенциалды клиенттердің білімі жоқтығы салдарынан айтарлықтай бұрмалануы мүмкін. Осыған байланысты Қазақстанда тұрғындардың қаржылық сауаттылығын көтеру бойынша, сонымен қатар исламдық қаржы институты бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады. Осылайша, fingramota.kz оқыту веб-порталында «Исламдық банкинг» атты арнайы бөлім жасалған, мұнда ислам қаржысы жайлы жан-жақты ақпарат берілген. Үнемі сұхбат өткізіліп, мақалалар жарияланып және талдамалық материалдар бойынша жұмыс жүргізіледі.

Қазақстан Республикасында ислам қаржылық қызметі аясында құқыққатынастардың дамуына қарай Шариаттық бақылау кеңесі, исламдық қаржылық дауларды қарастыру бойынша мамандандырылған арбитраж сияқты құраушы элементтерді бір мезгілде сіңіру керек. Жоғарыда айтылып кеткендей, 2009 және 2011 жылдары ислам банктері мен исламдық қаржыландыру ұйымдарының шешімдері бойынша Қазақстан Республикасының   кейбір   заңнамалық  актілерін өзгерту және толықтыру бойынша заңдар қабылданған. Ислам банк құқық қатынастарын реттеу механизмі заңнамамен бекітілген және іс жүзінде ҚР нарығында жұмыс істейді. Осыған байланысты, шариат қағидаларына негізделген қаржыландыру ұйымдарының қалыпты тіршілік етуін және жұмыс істеуін нормативті қамтамасыз ету қажет. Қазақстан Республикасында исламдық қаржылық өнеркәсіптің дамуына байланысты осы нарықты тиімдірек реттеу мақсатында кейбір жеке элементтерді енгізу қажеттілігі пайда болады.

Қаржы және қаржы үрдістерін басқару ұйымы ислам қаржы жүйесінің функционалды, қызмет көрсетуші және қамтамасыз етуші жүйе бөліктері арасындағы өзара  байланысты анықтайды. Экономиканың шынайы секторында қолдану келешегіне келетін болсақ, ислам  банктерін  көбінесе агросеріктестіктер, күрделі холдингтер мен кіші және орта ауылшаруашылық кәсіпорындары қызықтырады. Ауылшаруашылығынан басқа, инвесторларды қазақстандық мұнайгаз кешені, мұнайхимия және туризм қызықтырады [10]. Қазақстандағы исламдық банкинг жүйесінің әрі қарай  дамуы  келесі  мәселелерді  шешу-  ді қажет етеді: ислам қаржы институттарын құру және дамыту бойынша алдағы жұмыс; тұрғындардың қаржылық сауаттылығын жоғарылату, іскерлерге исламдық қаржы технологиясын оқыту; Қазақстандағы исламдық қаржының даму концепциясын дайындау; шынайы өндірістерді ислам қаржы ресурстарын қолданумен дамыту бойынша ұйымдастырушылық-экономикалық шараларды әзірлеу; исламдық қаржыландыру құралдарын тарту мен стандарттарды дайындауда ислам мемлекеттерімен  ынтымақтастықты дамыту.

Жоғарыда айтылғандарға сүйене келе, исламдық банкинг жүйесін құру, оны ұлттық заңнамаға, күнделікті қаржы қызметіне және сот тәжірибесіне ендіру – Қазақстанға әлемдік экономикалық кеңістіктің жаһандық жүйесіне тереңірек енуіне жол береді. Бұл қадамдар отандық нарықтың қаржылық, инвестициялық және сақтандыру секторын табыстырақ дамыту мен жаңарту мақсатында қабылданады. Сонымен қатар, бұл қаржыландыру нарығын реттеуші ұлттық заңнаманы одан әрі дамыту және жетілдіру үшін қажет.

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Банковское право Республики Казахстан. Общая часть. – Алматы: Жеті жарғы. – С. 17.
  2. Кенжегузина М. Исламские финансы: внедрение единых стандартов // Юридическая газета.– 01.2010.– №11. – С. 11.
  3. Исламский банкинг в Казахстане: долгий путь становления. Жанкелди Естенбаев // Юридическая Газета.15 декабря 2009. – №215. – C. 19.
  4. Ходжаназаров А. Исламские финансы не пострадали от кризиса // Рынок ценных бумаг Казахстана: Аналитический журнал.– – №1. – С. 23–25.
  5. Айткожин К. Исламское финансирование в республике Казахстан // Журнал Юрист. – Июнь № – 2011. – C. 16.
  6. Шелгунов Р.В. Исламские финансовые институты в мировой экономике //Мировое и национальное хозяйство.МГИМО. – №3.2010.С.7-15.
  7. Беккин Р.И. Исламская экономическая модель и современность. — М.: Изд. Дом Марджани – Институт Африки РАН, -340с.
  8. Баймуратов У. Исламская финансовая модель: особенности и преимущества // Банки Казахстана. – 2007. – №12. – C. 13-17.
  9. Трунин П.В. Исламская финансовая система: современное состояние и перспективы развития / П. Трунин, М. Каменских, М. Муфтяхетдинова. – М.: ИЭПП, 2009. – 88 с.
  10. Нурымов А., Раимбеков Ж. Актуальные проблемы развития и управления исламской финансовой индустрией в Казахстане // Исламское финансирование: проблемы, тенденции, перспективы развития в РК//Матер. межд. науч.-прак. конф. КазУЭФМТ. –Астана, 2011. – С. 14-19.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.