Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мәмілешарттың түсінігі

ҚР Азаматтық кодексі келісімшарт ұғымын азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы екі не бірнеше тұлғаның келісімі ретінде қарастырады (ҚР Азаматтық кодексінің 147-бабы). Бұл дефиницияда мәмілешарт туралы айтылғаны анық (басынан бастап айтып кетейік «мәмілешарт» деп біз орыс тілінде «договор-сделка» деп аталатын ұғымды түсінеміз). Сондықтан да болар, аталған норманың жалғасы мәмілелерге былайша сілтеме жасайды: «Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн» (ҚР АК 148-баптың 1-тармағы) [1].

Мәміле ретінде қарастырылған кездегі келісімшарттардың мазмұны да болмайды және олардың басқа заңи фактілерден де айырмашылығы жоқ. Мұндай мазмұнға мәмілешарттан туындаған келісімшарттық құқықтық қатынас ғана ие бола алады. Және де кез келген басқа құқықтық қатынастағыдай келісімшарттың мазмұнын тараптардың өзара құқықтары мен міндеттері құрайды.

ҚР Азаматтық кодексі келісімшарт ұғымының мазмұнын, кем дегенде, екі рет ашып көрсетуге талпынған. Ең алдымен, мұндай талпыныс мәмілелерге арналған тарауда жасалған және бұл тарау бойынша келісімшарт дегеніміз екі не көпжақты мәміле болып табылады. Сонымен қатар, бұл тарауда келісімшарттың жасалуы үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) немесе үш әлде одан да көп тараптардың (көп жақты мәміле) еріктері білдірілуі тиіс делінген.

Көріп отырғанымыздай, келітірілген екі норма да келісімшарт мәнін анықтай алмайды.

Осыған орай, айта кетелік, «шарт» пен «келісім» ұғымдарының көлемі барлық жағдайда бірдей бола бермейді. Егер «шарт» деп біз барлық жағдайда «келісімді» танысақ, кез келген «келісім» шарт бола бермейді.

Әдебиеттерде құқықтық қатынастардың пайда  болу  негізі  ретіндегі  келісім түсінігінің мәселесі бойынша бір-біріне сәйкес келе бермейтін көзқарастар білдірілген болатын. Мысалы, И.Б. Новицкийдің көзқарасы бойынша, «тараптардың әрқайсысының білдірілетін еркі бір біріне сәйкес келеді және осының нәтижесінде мәміле арқылы тараптардың келісімге келтірілген еркі білдіріледі». Содан кейін, ғалым былай дейді: «Шарт – екі не бірнеше тұлғаның (азаматтардың әлде заңды тұлғалардың) орнату, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі» [2, 95-б.].

Басқа ғалымдардың еңбектерінде «шарт – оның тараптарының ортақ ерікті актісі» екендігіне көңіл бөлінеді [3, 13-б.].

Тағы бір ғалымдардың пікірінше, «шарт – білдірілген кері ерікті де, ұқсастықты да қамтиды» және сонымен қатар, шарт ортақ ерікті акті де болып табылады [4, 85-б.].

Төртінші  топқа  жататын ғалымдар шартты «құқықтары мен міндеттері азаматтық құқық субъектілері болып табылатын бір не бірнеше тұлғаның келісімге келтірілген өзара байланысты әрекеттерінен пайда болатын екі жақты не көп жақты мәміле» деп таныған [5, 90-б.].

Мысал ретінде жоғарыда келтірілген анықтамалар көп болғандығына қарамастан екі нұсқаға тірелетіндігін байқауға болады:

  • бірінші көзқарас бойынша келісімнің мәніне (яғни, тараптардың еріктерінің бірдей болуына) көңіл аударылады;
  • екінші көзқарас бойынша келісімнің қабылдайтын сыртқы нысанына (яғни, ең алдымен бірыңғай ерікті актіге) назар аударылады.

Екі нұсқадағы элементтер де қарастырылып отырған ұғымға тән болғандықтан, бұл көзқарастарды бір-біріне қарсы қоюдың мәні жоқ.

Өз заманында орыстың белгілі заңгер-ғалымы Г.Ф. Шершеневич мына жағдайға көңіл бөлген екен: «шарттың мазмұны немесе біздің заңымыздың қате атайтындай шарттың пәні ... екі не бірнеше тұлғаның келісімге келтірілген еріктерінің бағытталған заңи нәтижесі болып  табылады.

Бұл мақсатқа қол жеткізу ең алдымен шарттың жарамдылығын талап етеді, яғни мемлекеттік билік тарапынан келісімнің заңи қамтамасыз етілуі үшін талап етілетін мән-жайлардың болуын. Шарттың жарамдылығы оның мазмұнына байланысты» [6, 74-б.]. Осыған орай бұл ғалым шарт мазмұнының іс жүзіндегі мүмкіндігі, заңи рұқсат етілуі және моральдық қолжетімділігі сияқты міндетті элементтерін белгілеген еді.

Аталған мәселелер бойынша ғалымдар арасында осы күнге дейін ортақ көзқарас қалыптасқан емес.

ҚР Азаматтық кодексіндегі шарттың анықтамаларында келісімге келтірумен қатар шартты мәміле ретінде дәрежелеуге мүмкіндік беретін басқа да белгіге көңіл бөлінеді: яғни, шарттың өзара құқықтар мен міндеттердің (құқықтық қатынастың) пайда болуына бағытталуы. Егер аталған белгі болмаса, келісімді шартқа ұқсастырудың ешқандай негізі де болмас еді.

Кейбір жағдайларда ҚР Азаматтық кодекс нормалары «тараптардың келісімі» деп қана көрсете салады және мұндай келісімді шарт деп атамайды. Мысалы, мұндай жағдай Кодексте көптеп кездеседі: затты тауып алған тұлға мен оны қабылдауға құқылы тұлға арасындағы келісім; жоғалып келген жануарды (малды) тауып алған тұлға мен оның иесі арасындағы жануарды (малды) қайтарып беру мән-жайлары туралы келісім; ортақ меншікке қатысты көптеген нормалар; тараптар арасындағы бастапқы міндеттемені басқа міндеттемеге ауыстыру туралы келісім; мемлекеттік орган актісін жарамсыз деп танудың салдары туралы келісім; үшінші тұлғаның міндеттемесінің пайда болуы туралы келісім және т.с.с.

ҚР Азаматтық кодексінің қай тарауында орналасуына қарамастан, «келісім» ұғымы мәміле нысанын қабылдай отырып, барлық жағдайларда құқықтық қатынастың пайда болуының, өзгеруінің немесе тоқтатылуының негізі болып табылады.

Осыған орай көрнекті ресейлік заңгер-ғалымдар М.И. Брагинский мен В.В. Витрянский АҚШ Бірыңғай сауда кодексінің  1-201-бабы-  на көңіл аударады, өйткені  бұл  Кодекс басқа да қолданылатын ұғымдар арасынан «келісім» ұғымына ерекше мән береді. Келісім болса, осы Кодекске сай, тараптардың іс жүзінде жүзеге асырылған мәмілесі болып табылады және бұл «мәміленің болуы тараптардың мәлімдемелерінен немесе басқа да міндеттемелерінен туындайды.  Келісімнің  құқықтық  салдарды туындатуы Кодекс ережелерімен немесе шарттық құқықтың өзге де нормаларымен айқындалады». Және мәміле ретіндегі келісім (agreement) шарт ұғымына (contract) қарсы қойылады. Соңғы ұғым болса АҚШ Бірыңғай кодексінің келтірілген бабында Кодекске және қолданылуға тиіс құқық нормаларына сәйкес тараптардың келісімінен туындайтын жалпылама құқықтық міндеттеме ретінде қарастырылады [7, 149-б.].

«Келісім» ұғымының мәнін айқындау үшін ҚР Азаматтық кодексінде мәмілелер екі түрге бөлінетінін ескеру керек: олар не бір жақты не екі әлде көп жақты болуы мүмкін, соңғы жағдайда олар шарт нысанын қабылдайды. Демек, келісім түрінде жасалған мәміле тек қана шарт нысанында әрекет етеді.

Бұл жағдайға бірқатар маңызды салдардың байланысы бар: олардың ішінде, келісім мәмілелердің жарамдылығы туралы талаптарға, оферта мен акцепт жөніндегі ережелерге, келісімге қол жеткізілді деп танылатын сәт туралы және т.с.с. талаптарға сәйкес болуға тиіс.

Мұндай жағдайлардың барлығында  негіз-  гі құқықтық қатынастың кейбір мән-жайларын орнату, өзгерту немесе тоқтату туралы айтылатынын көрсете кетейік. Бұл болса, жоғарыда келтірілген нормалардағы келісімнің арнайы мағынадағы мәніне қарамастан өз алдына орын алуы мүмкін.

Аталған жайттың тәжірибелік мағынасы бар екенін ұмытпайық. Себебі ҚР Азаматтық кодексі тараптар арасындағы шарттың жасалуын (немесе, басқа сөзбен айтқанда, шартты жасау туралы тараптардың келісіміне қол жеткізу тәртібін) тек диспозитивтік ғана емес, императивтік нормалар арқылы да егжей-тегжейлі реттейтінін есте ұстайық. Ал құқықтық қатынас мәнін тек өзгерте алатын (толықтыра алатын, шектей алатын), бірақ жаңа құқықтық қатынасты туындата алмайтын жоғарыда келтірілген нормаларда болса аталған жағдай орын алмаған.

Алайда ҚР Азаматтық кодексінде «келісім» ұғымы бірқатар жағдайларда шарттың және белгілі бір мәселе бойынша  шартты  дамыту-  ға байланысты бірдей уақытта қол жеткізілген уағдаласудың синонимі ретінде қолданылады. Ұғымның осындай ауқымдырақ мағынасы ҚР Азаматтық кодексінің шарттарға арналған бөлімінде орын алған. Ең алдымен, ол сатып алусату шарты туралы тараудың жекелеген баптарында көрініс тауып отыр.

Келісімдердің де, шарттардың да арасында ұйымдық  келісімдер  (шарттар)  ерекше маңыздылыққа ие. Мұндай ұйымдық шарттар ретінде тараптардың өздерінің арасында даярланған локалды нормаларды қамтитын келісімдер (мәмілелер) танылады. Мысалы, ҚР Азаматтық кодексінің жүктерді, жолаушыларды және багажды көліктің жекелеген түрлерімен тасымалдауы мен тараптардың жауапкершілігінің мән-жайлары жөніндегі мәселелері бойынша осы тараптардың арасындағы келісімдерге сілтейді. Мұндай келісімдер болса, ҚР Азаматтық кодексінің не шарт анықтамасы туралы, не мәміле анықтамасы туралы нормаларына сәйкес келмейді. Ол келісімдер ұйымдық келісімдер (шарттар) болып табылатынын тағы да қайталап өтейік.

Жоғарыда келтірілген көптеген ерекше жағдайларға қарамастан, келісімнің басты конститутивті белгісі яғни, тараптар еріктерінің бірдей болуы – өз маңыздылығын сақтап қалады. Мұндай еріктердің бірдей болуы келісімге екі тарап қатысса да, одан да көп субъектілер қатысса да міндетті түрде талап етіледі. Мұндай жағдайдың мысалы ретінде үш не одан да көп қатысушылары бар ортақ меншік жағдайында пайда болуы мүмкін. Егер осындай жағдай орын алса, заңда арнайы көрсетілуіне, не тараптардың келісімге келуі талап етілуіне қарамастан барлық қатысушылардың бірауыздылығы міндетті болып табылады.

ҚР Азаматтық кодексінде «шарт» және «келісім» ұғымдарымен қатар тағы бір ұғым кеңінен қолданылады – ол, «келісім беру» ұғымы.

«Келісім беру» «келісім» ұғымына қарағанда заңи фактілерге тән салдарды туындатпайды, яғни құқықтар мен міндеттердің пайда болуын, өзгеруін не тоқтатылуын. «Келісім берудің» рөлі ҚР Азаматтық кодексінде, өзге де заңда немесе құқықтық актіде әлде шартта тікелей сілтеме болған жағдайда ғана ұлғаяды. Осындай жағдайларда «келісім берудің» мәні мынада болады: тұлғаның еркін білдіруі (бір тарап үшін) немесе басқа тұлғалардың бірдей болып келетін еріктерінің кері білдірілуі (шарттар үшін) құқықтық қатынасты туындату қабілетіне ие болса.

«Келісім берудің» аталған мағынасы ҚР Азаматтық кодексінің келесі нормасында өте айқын көрініс тапқан (ҚР Азаматтық кодексінің 148бабы): «Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптың ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле деп есептеледi» (2-тармақ). «Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет» (3-тармақ).

Келтірілген нормадан мәмілені біреу жасайды да, екіншісі (басқа тұлғалар) келісім беретіні байқалады. Демек, үшінші тараптың келісімі – заңнама бойынша белгілі бір тұлғаға мәміле жасауға (келісімшарт жасасуға) мүмкіндік беретін заңи факт түріндегі шарт. Келісімге (келісімшартқа) қарағанда келісім беру барлық жағдайларда біржақты іс-әрекет ретінде қарастырылады.

Мәмілені жасауға (келісімшарт жасасуға) келісім беру бір жағдайларда азаматтық-құқықтық, ал екінші жағдайларда әкімшілік-құқықтық негізге ие болуы мүмкін. Яғни, мұндай  келісім беретін тұлғаның белгіленген шекте тиісті субъективтік құқығы (мысалы, ортақ меншіктегі үлесін сату кезіндегідей), арнайы азаматтық құқық қабілеттілігі немесе әкімшілік құзыреті болуы тиіс. Соңғы жағдайда жай ғана келісім беру емес, «рұқсат беру» туралы айтуға тура келеді. Мысал ретінде құзыретті органмен белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуға лицензия беруін және алынған лицензия шеңберінде тиісті келісімшарттардың жасалуын келтіруге болады. Мәміле немесе әкімшілік акт болып табылатын келісім беру қажеттігі туралы кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттігі, заңды тұлғаны тарату, коммерциялық өкіл ету, ортақ меншікке билік ету, міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы  және  т.с.с.  жөніндегі  нормаларда (ҚР

Азаматтық кодексінің баптарында) айтылған.

Қорытындылап  айтатын  болсақ,  келісімге қарағанда «келісім беру» заңи құрамның тек элементі ғана бола алады.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  • Новицкий И.Б., Лунц Л.А. Общее учение об обязательстве. – М.: Госюриздат, 1954. – 416 с.
  • Гавзе Ф.И. Социалистический гражданско-правовой договор. – М.: Госюриздат, 1972. – 116 с.
  • Яковлев В.Ф. Гражданско-правовое регулирование имущественных отношений. – Изд. 2-е.Свердловск: Статут, 1972. – 240 c.
  • Шершеневич Г.Ф. Курс русского гражданского права. – Т.2. – М.: Фирма «СПАРК», 1995. – 556 с.
  • Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга первая: Общие положения. – Изд. 2-е. – М.: Статут, 2003. – 848 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.