Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Еуропа елдерінің сот жүйесі

Халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде, әлемдік интеграцияға ұмтылып отырған Республикамыз үшін құқықтық мемлекет құру, тәуелсіз сот жүйесін қалыптастыру жолында озық тәжірибелерді және құрылымдарды игеріп, пайдалану маңызды болып отыр. Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртып, жетілдіру елімізді демократиялық дамыту басымдықтарының бірі ретінде танылып отыр. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру – Қазақстан дамуының басты бағыты» 2012 жылғы Жолдауында сот жүйесін жаңғыртуда, басқа елдердің тәжірибесін зерттеп, пайдала-  ну қажет деп атап өткен. Осы орайда дамыған Еуропа елдерінің сот жүйесіндегі судьялар корпусының қызметінің негізгі тетіктерін, қызметтерін қарастырып, талдау жасау және құқықтықсот жүйесін реформалау мәселелері бойынша тәжірибелерін пайдалану өзекті мәселе болып табылады және сот жүйесі мамандарын дайындау ісінде кең тұрғыда шетел тәжірибесін пайдалануға мүмкіндіктер береді.

Еуропа елдерінің сот жүйесін қарастырмастан бұрын, оның қалыптасуының алғышарттарын, судьялар корпусының үдерісінің мәніне үңіліп, қарастырудың маңызы өте зор. Францияның судьялар корпусының, сот жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру барысында біз, ғылыми әдебиеттер талдауынан осы мәселенің ғасырлар бойы өзгерістерге ұшырап, реформалаларды басынан өткізгенін байқаймыз. Наполеон Бонапарт кезеңінде Франция сот жүйесі түбегейлі өзгертіліп, бұрынғы жүйе толығымен жойылған болатын. Э. Берже пікірінше, 1791-1795 ж. Ұлы Француз буржуазиялық революциясының нәтижесінде заңнамалық және атқарушы би-  лік жүйелерімен қатар, сот билігінің тәуелсіз жүйесі құрылған [1, 125]. Францияның бұрынғы корольдік билік кезеңіндегі сот жүйесі толығымен жойылып, жаңа сот құрылымы шеңберінде кассациялық соттар пайда болып, алқабилер институты құрылған. Француз сот жүйесі бірінші деңгейдегі азаматтық соттардан, аппеляциялық палатадан және кассациялық палатадан құрылды. Францияның қазіргі сот жүйесінің негізі Бесінші Республика кезеңінде 1985 жылы қаланған. Ол бойынша француз сот төрелігі бірқатар принциптерге негізделеді: алқалық, кәсібилік, тәуелсіздік.

1790 жылы сот функциялары және әкімшілік функциялар арасындағы аражігі белгіленіп, судьяларға әкімшілік корпустың қызметіне араласуға, яғни әкімшілік органдардың іс-әрекеттері мен шешімдеріне деген шағымдарды қарастыруға тиым салынды. Дегенмен, осы кезеңде әкімшілік сот ретінде қарастыруға болатын префектуралар және Мемлекеттік Кеңес құрылды. Мемлекеттік Кеңес бастапқыда үкіметке кеңес беріп, заң жобаларын дайындаумен қатар сот функцияларын да қоса атқарған. Нәтижесінде 1849 жылы Мемлекеттік Кеңес ресми түрде сот органы ретінде танылды.

Франциядағы сот жүйесі 1958 жылы генерал де Голль бастаған реформалардың аясында жаңғыртылды. 1958 ж. 23 желтоқсанда жеті ордонанс және 18 декрет жарияланып, осы маңызды құжаттар реформаның негізін қалаған.

С.В. Боботов пікірінше, Францияның сот жүйесінің реформасы тиімділік мүддесінен туындайды және оның негізі мақсаты формализмді жойып, сот төрелігін жеделдетуге бағытталған [2, 104-б.]. Осы кезеңдегі сот реформасы бірнеше актілерге негізделген, оның ішінде негізгі: «Магистратура мәртебесі туралы»  және

«Магистратураның жоғарғы кеңесі туралы» органикалық заңдар және 1958 жылғы 22 желтоқсандағы «Сот ұйымы туралы» ордонанс ерекшеленеді [3, 30-б.]. Осы ордонансқа сәйкес, барлық апелляциялық соттардың юрисдикциясы шегінде барлық соттар төмендегідей екі санатқа бөлінді:

  1. Әрбір 100 мың тұрғынға сәйкес құрылған, сот төрелігін алқалы түрде жүзеге асыратын, бұрынғы бірінші сатыдағы соттарды алмастырған трибуналдар.
  2. Әрбір округте құрылған, кантоналды және бітімгершілік соттарды алмастырған кіші сатыдағы трибуналдар.

Қазіргі таңда Францияның жалпы соттар жүйесін Кассациялық сот, апелляциялық соттар және бірінші сатыдағы түрлі санаттағы істер-   ді қарастыратын соттар құрайды. Кассациялық сот – ежелден келе жатқан Францияның жоғарғы сот сатысы болып табылады. Қазіргі таңдағы Кассациялық соттың азаматтық істер бойынша бес палатасы және қылмыстық істер бойынша бір палатасы бар. Өз кезегінде «азаматтық» палаталар, азаматтық істер бойынша бірінші, екінші, үшінші палаталарға, сонымен қатар, сауда және қаржы істері бойынша палатаға, әлеуметтік істер бойынша палатаға бөлінеді.

1982-1983 ж. декретке сәйкес, Кассациялық сот: бірінші төрағадан, 6 палата төрағаларынан, 84 сот мүшелерінен, 36 түрлі санаттағы кеңесші-баяндамашылардан,   Кассациялық   сот  жанындағы прокурордан, бірінші бас адвокаттан және 19 бас адвокаттардан құралады [3, 38-б.].

Францияның апелляциялық соттарының юрисдикциясы бірнеше департаменттердің аумақтарына таралған. Апелляциялық сотты бірінші төраға басқарады. Апелляцияық соттарды да азаматтық және қылмыстық істер бойынша палаталар және кейбір жағдайларда сауда және әлеуметтік істер бойынша палаталар құрайды [2, 105-б.].

Францияда судья қызметіне ден қойған кәсіби маман, қажетті емтихандарды тапсырғаннан кейін, мемлекеттік қызметке қабылданады. Бастапқы заң білімдерін меңгергеннен кейін, мемлекеттік комиссияның алдында емтихан тапсырады, ал ол өз кезегінде 1958 жылы құрылған Бордодағы магистратураның Ұлттық мектебінде (Ecole Nationale de Magistrature) оқуға мүмкіндік береді. Жыл сайын аталған мектепке 4 мың үміткер құжаттарын тапсырып, олардың 250-і ғана қабылданады [4, 25-б.]. Екі жыл шеңберінде тыңдаушылар білімдерін шыңдап, түрлі соттарда тағылымалардан өтеді. Қорытынды емтихан тапсырғаннан кейін олар, судьялардың мемлекеттік қызметіне кіріседі [4, 27-б.]. Францияда, судьялар мемлекеттік қызметкерлер болып танылады, сондықтан да тек қана Франция мемлекетінің азаматтары ғана судьялық қызметке тағайындалады. Франциядағы соттардың жағдайы роман-герман үлгісіне тән.

Германияның сот жүйесіне келетін болсақ, 1877 жылы заң бойынша ординарлық юстиция соттарының қалыптасуының және қызметінің сот құрылымы бекітілген [5, 2]. Ординарлық соттардың құрамына, жергілікті соттар, ландгерихтер, обер-ланд-герихтер және империялық сот кірген.

ГФР Конституциясына сәйкес, юстицияның негізгі бес саласы ерекшеленеді (жалпы, еңбек, әлеуметтік, қаржы және әкімшілік). Оcыған байланысты, әрқайсысының жоғарғы сот органымен басқарылатын тиісті бес соттар жүйесі бар. Жалпы соттар, әкімшілік юстиция және басқа да мамандандырылған соттардың құзыретіне кірмейтін барлық азаматтық және қылмыстық істерді қарастыра береді. Жалпы соттардың қызметі сот құрылымы туралы Заңмен реттеледі. Жоғарғы федералдық сот жалпы соттар жүйесін басқарады. Ол, Карлсруэ қаласында орналасқан және сот төрағасынан, төрағалардан, сот мүшелерінен құралады.

Судьялар мәртебесі ГФР Негізгі заңымен реттеледі. Негізгі заңның 101-бабына сәйкес, юстиция органдарының әкімшілік шаралары ешқандай судьяны заңды мәртебесінен айыра алмайды [6, 186-б.]. Германияда сот қызметін атқарғысы келген тұлғалардың білім алу үдерісін бірнеше кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:

  1. Заңмен белгіленген мерзім ішінде, университеттің құқық факультеттерінде білім алу. Бұл кезең үшін заңнамамен белгіленген міндетті пәндер оқытылады және олардың құрамына азаматтық істер негізі, қылмыстық құқық, бұл пәндердің іс жүргізу бөлімдері, сонымен қатар бірқатар жалпы білім беру сипатындағы гуманитарлық пәндер оқытылады. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін бірінші мемлекеттік емтихан тапсырылып, онда білім алған жылдардың нәтижесі бағаланады.
  2. Бірінші мемлекеттік емтиханды тапсырғаннан кейін, екі жылға созылатын дайындық курсын (тәжірибе) өту қажет. Дайындық қызметін үміткер, әкімшілік мекемелер, жалпы юрисдикциядағы соттар, қаржылық соттар, еңбек даулары бойынша соттар, әлеуметтік даулар бойынша соттар, прокуратура, нотариалдық кеңселер, кәсіподақтар, кәсіпкерлер бірлестіктері сияқты түрлі мемлекеттік органдарда атқара алады. Қарастырылған мерзім біткеннен кейін, мамандыққа тікелей бағытталған екінші емтихан тапсырылады. Осы сынақтан өткен тұлғалар, сот міндеттерін жүзеге асыруға лайықты деп саналады.

Үміткер, Судьялар туралы Заңның § 9 сәйкес қойылатын кәсіби талаптарға лайық болумен қатар, ГФР Негізгі заңының 116-бабында қарастырылғандай неміс ұлтынан сайланады [6, 118-б.]. Осы талаптардың барлығына сай келетін тұлғалар судьялық қызметке тағайындала алады.

Британдық мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғаларының ішінен ағылшын судьялары ерекше орын алады. Жабық тұрғыдағы заңгерлер корпорациясының ағылшын құқығының пайда болуы мен дамуындағы рөлі ерекше [7, 23-б.].

Қазіргі таңдағы ағылшын сот төрелігі жүйесінің негізі ІІ Генрих (1154-1189 ж.) кезінде, жер меншігіне байланысты туындаған дауларды реттеумен айналысатын 12 жергілікті рыцарьлардан тұратын сот жүйесі түрінде қаланған болатын. Сонымен қатар, ІІ Генрих тұсында 18 судья әр түрлі дауларды реттеумен айналысқан [7, 28-б.]. Судьялар Англияның барлық аумақтарында Лондоннан барып келіп сот төрелігін жүргізген, осыған байланысты елде бірегей құқықтық жүйенің (commonlaw – «ортақ құқық» яғни, барлығы үшін ортақ құқық – common for all-law) негізі қаланған [7, 33-б.].

Қазіргі таңдағы ағылшын сот жүйесінің негізі ХХ ғасырдың 60-жылдарында салынған. Парламент шығарған маңызды құжаттардың ішінен: 1966 ж. «қылмыстық істер бойынша аппелляциялар туралы» Акт, 1968 ж. «Соттар туралы» Акт, 1973 ж. «қылмыстық соттар өкілеттілігі туралы» Акт, 1967,1972,1982 ж. «қылмыстық сот төрелігі туралы» Акт, 1980 ж «Магистерлік соттар туралы» Акт, 1981 ж. «Сот төрелігінің Жоғарғы соты туралы» Акт, 1984 ж. «Графтықтардың соттары туралы» Акт сияқты заңдарды ерекшелеуге болады.

Англия және Уэльс  сот  жүйесінің  негі-  зін: Англия және Уэльс Апелляциялық соты (England and Wales Court of Appeal), Англия және Уэльстік Жоғарғы соты (England and Wales High Court), Тәж Соты (Crown Court), Графтықтар соты (County Court) құрайды. Ал төменгі сатыдағы сот жүйесіне азаматтық, қылмыстық және жанұялық дауларды тыңдайтын бітімгершілік соттар (Magistrates’ Court), тек қана азаматтық істерді қарастыратын трибуналдар (Tribunals) кіреді.

Дәстүр бойынша сот сатысының басында, Апелляциялық және Жоғарғы соттың шешімдері мен үкімдеріне шағымды, Шотландияның Сот Палатасының (азаматтық істер бойынша) шешіміне шағымды, Солтүстік Ирландияның Апелляциялық сот шешіміне шағымды (құқық қолдану мәселелері бойынша ғана) қарастыратын лордтар Палатасының Апелляциялық комитеті (Appellate Committee of the House of Lords) тұрады.

2009 жылдың 1 қазанынан бастап  Лорд-  тар Палатасының Апелляциялық комитетінің функциялары, 2005 ж. конституциялық реформа туралы Заңға (Constitutional Reform Act 2005) сәйкес, Жоғарғы сотқа берілген (Supreme Court of the United Kingdom).

Роман – герман үлгісінен ерекшеленетін Ұлыбританияның заң саласы элитасының негізін, тәжірибесі мол заңгер мамандар солиситор, барристерлер және судьялар ғана атқарады. Солиситор – заң мәселелері бойынша кеңес беретін дербес қорғаушы. Ол сот процесі басында ғана қажетті шараларды қабылдауға құқылы болғанымен, істі қарастыруда олар тек магистраттық соттар және графтықтар соттарына ғана қатыса алады.

Жоғары сатыдағы соттарда тек барристерлер  ғана  қызмет  атқарады.  Олар  ғасырлардан жалғасқан дәстүрлер негізінде монополистер болып табылады. Барристерлердің элиталық тобына корольдік адвокаттар жатады, ал олардың ішінен Жоғарғы соттың және графтықтардың судьялары таңдалады.

Барристерлердің кәсіби ұйымы ретінде төрт гильдия: Линкольдік гильдия, Ішкі Темп, Орта Темп, Грей гильдиясы саналады. Осы мектепгильдиялар болашақ судьяларды дайындайтын орталықтар болып табылады.

1990 жылғы соттар және құқықтық қамтамасыз ету туралы Заң бойынша, судьяларды іріктеудің жаңа межесі белгіленген. Осы Заңға сәйкес, жоғарыда көрсетілген корпорациялардың мүшелері, сонымен қатар басқа да құқықтық ұйымдардың өкілдерінің ішінен жаңа қоғам «адвокатура» құрылған. Ол ұйымға, кәсіби органдарының ұйымдарымен ұсынылған тұлғалар еніп, сотта адвокат болуға мүмкіндік алады [8, 115-б.].

Ағылшын университеттерінде студенттер, үш жыл оқудан кейін құқық бакалавры деген дәреже алады. Дегенмен, заң дәрежесін алу кәсіби заңгер ретінде қызмет атқаруға мүмкіндік бермейді. Ол дәреже тек қана, бітірушіні гильдиямектептерде бірқатар құқықтық пәндерді тапсырудан ғана босатады.

Университет қабырғасында заң білімдерін меңгерген тұлғалар, осындай гильдия-мектептердің біріне түсіп, бір жыл мерзім ішінде оқудан өтеді. Бітіру емтихандарын тапсырғаннан кейін бітіруші бір немесе бірнеше барристерлік мекемелерде оқушы болып қабылданады. Жалпы, ағылшын заң білімі болашақ қорғаушыларды дайындауға бейімделген. Сондықтан да Англияда судья қызметіне тек қана, тәжірибесі мол, танымал қорғаушы ғана тағайындала алады [8, 229-б.]. Англияның сот корпусы екі негізгі функция атқарады: сот төрелігін жүргізу және әкімшілік функциялар.

Англия және Уэльс аумақтарында магистраттар – қоғамдық негізгі судьялар болып саналады. Қазіргі таңда 30 мың магистраттық соттар ақысыз негізде қызметтерін атқарады, себебі олар заңгер болып табылмайды. Дегенмен олар, соттардағы 700 отырыстарға қатысып, жылына 2 млн. істерді қарастырады.

Италияның сот құрылымы оның Конституциясымен және 1941 жылғы «Сот құрылымы» туралы Заңмен реттеледі. Италияда конституциялық, жалпы және арнайы  юрисдикцияда-  ғы соттар қызмет атқарады. Конституциялық юрисдикцияны Конституциялық сот (Corte costituzionale) атқарады. Конституцияның 134137 баптарына сәйкес, мемлекеттің заңды күші бар актілерінің және заңдардың конституцияға сәйкестігі туралы шағымдары, облыстар арасында, мемлекет және облыстар арасындағы түрлі билік өкілдерінің құзыреті туралы дауларды, Республика Президентіне қарсы бағытталған айыптауларды қарастырады [6, 423-б.].

Конституциялық сот, республика президентімен, парламентпен тағайындалатын 15 соттан тұрады. Конституциялық соттың судьялары жалпы және әкімшілік соттардың магистраттары, университеттің ординарлық профессорлары және 20 жылдық еңбек өтілі бар қорғаушылар санатынан тағайындалады. Судьялар тоғыз жыл мерзімге тағайындалып, мерзім өткеннен кейін қайтадан тағайындала алады.

Соттардың жалпы юрисдикциясы: қылмыстық, азаматтық болып бөлінеді және олар, жария билік органдары мен жеке субъектілер арасындағы заңдылықты қамтамасыз етеді.

Жалпы юрисдикциядағы сот төрелігін, кәсіби соттар және құрметті судьялар жүргізеді. 1998 жылға дейін Италияның бірінші сатыдағы соттары ретінде кішігірім істермен айналысатын бір судьядан тұратын Претура (Pretura) және үш мүшеден құралған күрделі істерді қарастырумен айналысатын Трибунал (the Tribunale) саналған. 1998 жылы Претура таратылып, оның функциялары  Трибуналға  берілген.1998 жылы азаматтық және қылмыстық істер бойынша бірінші сатыдағы соттар институты құрылған. Осы соттың судьялары емтихан тапсырмайды, кәсіби қызмет көрсеткенімен, Әділет министрліктеріне жұмысқа қабылданбайды және жалақы алмайды. Оларға тек қана, сот мәжілістеріне қатысқаны үшін төлем төленеді [10, 145-б.]. Италияда бітімгершілік судьяларының институты 1991 жылы 21 қарашада № 374 заңмен құрылған.

Бірінші сатыдағы соттар  жүйесінің  негіз-  гі буынын трибуналдар құрайды. Олардың құзыретіне – барлық азаматтық және қылмыстық даулар кіреді.

Италиядағы ювенальдық соттар (Tribunale per i minorenni) – бұл азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты сот функцияларын атқаратын арнайы институт. Олар аппелляциялық соттар негізінде құрылады. Апелляциялық соттар (Corte di appello) екінші сатыны құрайды. Олардың юрисдикциясына шетел соттары және арбитрлері шығарған шешімдерді атқару кіреді [10, 225].

Италия судьяларын әділет министрлігінің ұсынысымен Республика Президенті, заң саласында жоғары білім бар, сот магистратурасын бітірген тұлғалардың ішінен тағайындайды. Конкурстық іріктеуден өткен үміткерлер тағылымдамадан өтуші қызметіне алынады. Италияда судьяларды іріктеуді жетілдіру мақсатында 1997 жылдан бастап бірқатар реформалар жүргізілген.

Жалпы, еуропа елдерінің сот жүйесінің төрт түрін анықтаймыз: негізгілері: 1) романдық (Франция, Италия, Испания, Португалия, Бельгия); 2) германдық (ГФР, Австрия), 3) ағылшын (Англия және Уэльс); 4) аралас үлгілер – (Дания, Норвегия, Швеция, Финляндия, Шотландия, Ирландия, Швейцария). Біз өз мақаламызда осы келтірілген сот жүйелерінің ішіндегі жетекші елдер: Франция, Германия, Англия, Италия мемлекеттерінің сот жүйесінің негізінде талдау жасадық. Сонымен, жоғарыда келтірілген пікірлерді тұжырымдай келе, еуропа елдерінің сот жүйесінде судьялар корпусын қалыптастыру мәселесі ғасырлар бойы өзіндік дәстүрге ие, судьялар корпусының кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға ден қойған күрделі жүйе екендігін байқаймыз. Бұл елдерде, болашақ судьяларға қажетті кәсіби талаптармен, жеке басқа қойылатын адамгершілік-әдеп нормалары арнайы межелер мен стандарттарда белгіленген. Мақалада жүргізілген талдаудан біз, еуропалық сот жүйесі бұл соттардың жиынтығы (жалпы юрисдикциядағы және мамандандырылған), квазисоттық органдар және сот билігінің арнайы органдары екендігін байқаймыз. Олар, мақсатты түрде сот төрелігін жүргізіп, белгілі бір сатыда өз қызметтерін жүргізеді.

Жалпы, мақалада берілген елдердің сот жүйесінің ерекшеліктерін салыстыра отыра, әкімшілік әділетті ұйымдастыру нысандары, соттан тыс ұйымдарды пайдалану, унитарлық белгісі және сот жүйесінің көптігі, жүйелердің деңгейінің алуандығы, жалпы юрисдикциядағы соттардың құрылымы арқылы ерекшеліктенетінін айқындадық. Сонымен қатар, аталмыш елдердің барлығының сот жүйелеріне тән: конституциялық және әкімшілік соттардың болуы, сот жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы органның болуы (Франциядақақтығыстар бойынша Трибунал, ГФР – Жалпы Сенат) сияқты жалпы ұқсастықтар да тән. Мақаланы тұжырымдай келе, еуропа елдерінің сот жүйесі – бұл жалпы юрисдикциядағы және мамандандырылған   соттардың   жиынтығы, олар мақсатты түрде сот  төрелігін  жүргізеді  және  іс жүргізу нысаны, басқа да негіздер бойынша ажыратылады, белгілі бір саты жүйесінде қызмет атқарады деп топшылаймыз. Ал судьяларды дайындау ісі, ғасырлар бойынша аса маңыз беріп келе жатқан күрделі сала екендігі көрінеді.

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Берже Э.: Модель либеральной судебной системы подвергается испытанию: директория (исполнительная власть) осуществляет надзор за судьями// Правовые исследования во Франции: Сборник научных трудов. – М.: Изд-во ИНИОН РАН. 2007. – С. 125-128.
  2. Боботов С.В. Правосудие во Франции. – М.: ЕАВ, 1994. – 198 с.
  3. Правовые системы стран мира / под ред. А.Я. Сухарева. – М.: Инфра-М-НОРМА, 2001. – 840 с.
  4. Лужина А.Н. Они хотят стать судьями // Международно-правовоые стандарты в конституционном праве: Сборник научных трудов. – М.: ИНИОН РАН, 2006, Ч. 1. – С. 364-366.
  5. Учреждение судебных установлений для Германской империи с законом о введении его в действие / пер. Ив. Соболева. – СПб.: Типография А. Траншеля, 1878. – 136 с.
  6. Конституции государств Европейского союза: Сборник. / Под редакцией Л.А. Окунькова – М.: Издательская группа ИНФРА М–НОРМА, 1997. – 804 с.
  7. Апарова Т.В. Суды и судебный процесс Великобритании: Англия, Уэльс, Шотландия. – М.: Институт международного права и экономики. «Триада Лтд», 1996. – 157с
  8. Slapper, G. The English Legal System / G.Slapper, D.Kelly. – 8th – Oxon : Routledge Cavendish, 2006 – 738 p.
  9. Давид Р., Жоффре-Спинози К. Основные правовые системы современности / пер. с фр. В.А. Туманова. – М.: Междунар. отношения, 1999. – 400 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.